Алматы облысы Үшарал ауылының кәдімгі боз топырағында өсірілген қант қызылшасының ауыспалы егіс дақылдарын тыңайту



I Кіріспе
II Шаруашылық туралы жалпы мәліметтер
Шаруашылықтың табиғи.климаттық жағдайы
III Органикалық тыңайтқыштарды жинау және оларды пайдалану
IV Тыңайту жүйесі құрылатын ауыспалы егіс дақылдарының қоректенуінің биологиялық ерекшеліктері
V Ауыспалы егістікте органикалық тыңайтқыштардың орнын және мөлшерін анықтау
VI Ауыспалы егіс дақылдарына тыңайтқышты қолдану және олардың мөлшерін анықтау жолдары
1 Тыңайтқыштарды жоспарланған өңімге арналған мөлшерін есепте
2 Ғылыми.зерттеу мекемелер ұсыныстар негізінде минералдық тыңайтқыштардың мөлшерін анықтау
VII Ауыспалы егісте тыңайтқыш қолданудың жылдық жоспары
VIII Ауыспалы егістегі қоректік заттардың балансы
IX Ауыспалы егістікте тыңайтқыш қолданудың экономиялық тиімділігі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Ауыл шаруашылығын одан әрi дамытудың кәзіргі кезеңiнде тыңайтқыштардың барлық түрлерiн тиiмдi‚ әрi дұрыс пайдаланып және жалпы егiншiлiк мәдениетiн көтеру арқылы дақылдардың шығымдылығын арттырудың маңызы зор.
Қазақ ғылыми-зерттеу егiншiлiк институтының көпжылдар бойы жұргiзген жұмыстары, Республиканың оңтүстiк аймағында минералдық және органикалық тыңайтқыштар дұрыс қолданылса суармалы боз және қоңыр топырақтың құнарлылығы жақсара-тынын‚ қант қызылшасының‚ күздiк бидайың‚ жоңышқаның түсiм-дiлiгi күрт артатынын‚ ауыспалы егiсте өсiрiлген мақтадан өнiм бiр жарым еседей көп алынатынын көрсеттi.
Қызылорда облысында тыңайтқыш қолдану арқылы шалғын-ды-батпақ топырақта өсiрiлетiн күрiштiң өнiмi едәуiр артты.
Республика жағдайында ғылыми негiзде қолданылған минералдық тыңайтқыштың қант қызылшасының түсiмiн 150-250 ц‚ мақтаның 10-12 ц‚ күрiштiң 20-25 ц‚ жүгерi дәнiнiң түсiмiн 25-30 ц арттырады.
Тыңайту жүйесi дегенiмiз дақылдардың өнiмi мен оның сапасын‚ топырақ құнарлылығын арттыру мақсатында тыңайтқыштарды тиiмдi‚ әрi жоспарлы түрде қолдану үшiн дайындалған ұйымдастырушылық‚ шаруашылық және агрономиялық шаралардың жиынтығы.
Тыңайту жүйесi шаруашылықта‚ ауыспалы егiсте және ауыспалы егiстiң жеке дақылдарына тыңайтқыш қолдану жүйесi болып ажыратылады. Тыңайтқыш қолданудың осы үш түрi бiр-бiрiмен тығыз байланысты.
Шаруашылықта тыңайтқыш қолдану жүйесi дегенiмiз ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмiн жоғарылатуға‚ оның сапасын жақсартуға және топырақ құнарлылығын ұдайы арттыруға бағытталған органикалық‚ минералдық тыңайтқыштарды тиiмдi пайдаланудың агрономиялық‚ ұйымдастырушылық-экономикалық шаралардың жиынтығы.
Бұл шараларға минералдық тыңайтқышты дұрыс сақтау‚ оны топыраққа еңгізудi ұйымдастыру‚ тасымалдау‚ органикалық тыңайтқышты жинау‚ сақтау‚ тыңайтқыштардың өсiмдiкке тигiзетiн әсерiн бақылау‚ олардың агрономиялық және экономикалық тиiмдiлiгiн анықтау жатады.
1. Елешев Р., Смағұлов Т., Балғабаев Ә. Агрохимия және
тыңайтқыш қолдану жүйесі. – Алматы, 2000
2. Елешев Р., Елюбаев С., Смағұлов Т. Топырақ химиясы.
– Алматы, 2005
3. Елешев Р.Е., Сапаров А.С., Балғабаев Ә.М., Туктуғулов Е.А. Агрохимия және тыңайтқыш қолдану. – Астана, 2010
4. Тазабеков Т.Т., Қалдыбаев С., Тазабекова Е.Т. Топырақтану.А., 2004
5. Қ. К. Әрінов, Қ. М. Мұсынов, А. Қ. Апушев, Н. А. Серекпаев. Өсімдік шаруашылығы.–Алматы, 2011.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Агробиология факультеті
Топырақтану және агрохимия кафедрасы
Тыңайтқыш қолдану жүйесі пәні

Семестрлік жұмыс

Тақырыбы: Алматы облысы Үшарал ауылының кәдімгі боз топырағында өсірілген қант қызылшасының ауыспалы егіс дақылдарын тыңайту.
Орындаған: Маулен Н АГ-401
Тексерген: Кенжебаева Г

Алматы 2016
Мазмұны

I Кіріспе
II Шаруашылық туралы жалпы мәліметтер
Шаруашылықтың табиғи-климаттық жағдайы
III Органикалық тыңайтқыштарды жинау және оларды пайдалану
IV Тыңайту жүйесі құрылатын ауыспалы егіс дақылдарының қоректенуінің биологиялық ерекшеліктері
V Ауыспалы егістікте органикалық тыңайтқыштардың орнын және мөлшерін анықтау
VI Ауыспалы егіс дақылдарына тыңайтқышты қолдану және олардың мөлшерін анықтау жолдары
1 Тыңайтқыштарды жоспарланған өңімге арналған мөлшерін есепте
2 Ғылыми-зерттеу мекемелер ұсыныстар негізінде минералдық тыңайтқыштардың мөлшерін анықтау
VII Ауыспалы егісте тыңайтқыш қолданудың жылдық жоспары
VIII Ауыспалы егістегі қоректік заттардың балансы
IX Ауыспалы егістікте тыңайтқыш қолданудың экономиялық тиімділігі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Ауыл шаруашылығын одан әрi дамытудың кәзіргі кезеңiнде тыңайтқыштардың барлық түрлерiн тиiмдi‚ әрi дұрыс пайдаланып және жалпы егiншiлiк мәдениетiн көтеру арқылы дақылдардың шығымдылығын арттырудың маңызы зор.
Қазақ ғылыми-зерттеу егiншiлiк институтының көпжылдар бойы жұргiзген жұмыстары, Республиканың оңтүстiк аймағында минералдық және органикалық тыңайтқыштар дұрыс қолданылса суармалы боз және қоңыр топырақтың құнарлылығы жақсара-тынын‚ қант қызылшасының‚ күздiк бидайың‚ жоңышқаның түсiм-дiлiгi күрт артатынын‚ ауыспалы егiсте өсiрiлген мақтадан өнiм бiр жарым еседей көп алынатынын көрсеттi.
Қызылорда облысында тыңайтқыш қолдану арқылы шалғын-ды-батпақ топырақта өсiрiлетiн күрiштiң өнiмi едәуiр артты.
Республика жағдайында ғылыми негiзде қолданылған минералдық тыңайтқыштың қант қызылшасының түсiмiн 150-250 ц‚ мақтаның 10-12 ц‚ күрiштiң 20-25 ц‚ жүгерi дәнiнiң түсiмiн 25-30 ц арттырады.
Тыңайту жүйесi дегенiмiз дақылдардың өнiмi мен оның сапасын‚ топырақ құнарлылығын арттыру мақсатында тыңайтқыштарды тиiмдi‚ әрi жоспарлы түрде қолдану үшiн дайындалған ұйымдастырушылық‚ шаруашылық және агрономиялық шаралардың жиынтығы.
Тыңайту жүйесi шаруашылықта‚ ауыспалы егiсте және ауыспалы егiстiң жеке дақылдарына тыңайтқыш қолдану жүйесi болып ажыратылады. Тыңайтқыш қолданудың осы үш түрi бiр-бiрiмен тығыз байланысты.
Шаруашылықта тыңайтқыш қолдану жүйесi дегенiмiз ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмiн жоғарылатуға‚ оның сапасын жақсартуға және топырақ құнарлылығын ұдайы арттыруға бағытталған органикалық‚ минералдық тыңайтқыштарды тиiмдi пайдаланудың агрономиялық‚ ұйымдастырушылық-экономикалық шаралардың жиынтығы.
Бұл шараларға минералдық тыңайтқышты дұрыс сақтау‚ оны топыраққа еңгізудi ұйымдастыру‚ тасымалдау‚ органикалық тыңайтқышты жинау‚ сақтау‚ тыңайтқыштардың өсiмдiкке тигiзетiн әсерiн бақылау‚ олардың агрономиялық және экономикалық тиiмдiлiгiн анықтау жатады.

II Шаруашылық туралы жалпы мәліметтер
Қарасай ауданы -- Алматы облыстың оңтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. 1928 жылы құралған, алғашында Ленин, кейіннен (1935 жылға дейін) Калинин, 1935 жылдан Қаскелең, 1998 жылы қыркүйек айынан қазіргі атымен аталады. Жерінің аумағы 2,1 мың км. Аудан аумағындағы 67 елді мекен 1 қалалық әкімшілікке және 12 ауылыдық әкімшілік округке біріктірілген. Оңтүстік, оңтүстік батыс бөлігі таулы (Іле Алатауының биік шыңды сілемдері), орталық бөлігі сай-жыралармен тілімделген жазық. Ауданның ең биік жері -- Іле Алатауы баурайынан Ақсай өзені бастау алатын Айдатау шыңы. Шыңды мәңгі мұз бен қар басқан. Таулы шың қырғыз елі шекарасы тұсыңда орналаскан. Іле Алатауының осы батыс бөлігінде биіктігі 3000 м-ден асатын бірнеше таулар мен асулар (Тікқия, Үшқоңыр, Кебеже, Айғайтас, Көкөзек, Көктөбе, Емеген, құмбел, Қаскелең, да 1000 мм-ге дейін жетеді. Аудан жерімен Қаскелең, Шамалған (Қасқасу), ұзынқарғалы, Ақсай, Үлкен Алматы өзенідері ағып өтеді. Мұнда таудың қара топырағынан бастап, қуаң даланың бозғылт қоңыр, сұр топырағына дейінгі барлық табиғи белдемге тән топырақ түрлері.
Үшқоңыр ауылы Алматы облы - сының ба - тыс бөлігінде орналас - қан Қа - расай ауданының құра - мына кі - реді. Аудан 1929 жылы құ - рылған. Оның аумағы 2,3 мың ша - қы - рым - ды алып жатыр. Ау - дан - да 12 ауылдық және бір қалалық округ бар. Аудан орталығы - Қас - келең қа - ласы. Соңғы деректер бойынша аудан аумағында 160,1 мың адам тұрады, оның 34,5 мыңы - қа - ла халқы, 125,6 мыңы - ауыл тұр - ғыны. Аудан аумағында Іле-Ала - тауы мемлекеттік ұлттық сая - ба - ғының 80,5 мың гектар бөлігі орын тепкен. Ақсай және Пер - во - май құрылыс топырағы мен қиыр - шық тас кеніші, Қаскелең әк тасы мен мәрмәрі кеніштері сияқ - ты пайдалы қаз - ба - лары бар. Атақ - ты Үшқоңыр жай - лауы да - осы өңірде.

1-кесте. Шаруашылықта пайдаланатың жерлердің құрамы
Пайдаланатың жерлердің түрлері
Көлемі, га
Шаруашылыққа бекітілген жерлер
2300
Жыртылған жерлер
1150
Шабындықтар
460
Табиғи жайылымдар
460
Тыңайған жерлер
40
Бақтар
40
Орман алқабы
35
Ауыл шаруашылығында пайдаланатын барлық жерлер
2185
Жарамсыз жерлер
115

2-кесте. Шаруашылықта егілетін дақылдардың өнімділігі
Дақылдар
Соңғы 3жылда
Тыңайту жүйесі жасалған жылда

әр гектардан алынатын өңім, ц

2014
2015
2016
2017
Арпа
21
23
25
30
Жоңышқа 3
150
180
200
250
Қант қызылшасы 3
250
300
350
450
Дәнді жүгері
50
60
70
80

2.1 Шаруашылықтың топырақ-климаттық жағдайы
Климат. Орташа суық климат, жыл бойы айтарлықтай жауын-шашынның мөлшері түседі. Тіпті құрғақ айларда жауын-шашын мөлшері жоғары. Үшқоңыр орташа жылдық температура - 7,6 ° С жылына жауын-шашынның 466 мм түседі.

Климаттық графигі. 1-сурет

Ең құрғақ ай қыркүйекте 21мм жауын шашын мөлшері. Жауын шашынның көп мөлшері мамыр айында түседі 77мм.
Жылдың ең жылы айы шілде орташа темпереатура 22 С. Қаңтар айындағы орташа температура -8С. Бұл жыл бойындағы ең төмен орташа температура.

Ең құрғақ және ең жаңбырлы айлардын арасындағы жауын шашын мөлшерінің айырмасы 56 мм. Жыл бойында орташа температура 30С өзгереді.
Климат жағдайы біршама жұмсақтығымен, жылу мен ылғалдың жақсы үйлесушілігімен ерекшеленеді, мұнын өзі тәлімі егіншілікті өркендетуге қолайлы жағдай жасайды. Шілдедегі температура әдеттегіде 22-23 С, қантардағы температура -5 - 6 С аспайды. 0 С жоғары температурадағы жылы кезеңде оң температураның қосындысы - көптеген аудандарда 2400-3400 С, шығыс аудандарда 2000-2400 С.
Аймақтың төменгі шекарасында ауаның температурасы 10 С жоғары кезең ақпанның екінші онкүндігінде басталып, қазанның бірінші онкүндігінде аяқталады. 10 С жоғары орташа тәуліктік оң температуралардың қосындысы 2000-3000 С тең. Тауға көтерілген сайын жылы кезең мен жылылықтың қосындысы күрт төмендейді. Аймақтың жоғары шекарасында оң температуралардың қосындысы 2000 С дейін, ал 10 С жоғары температура кезеңінде 1400-1500 С дейін кемиді. Аязсыз кезең төменгі шекарада 5-5,5 айға созылып, жоғары шекарада 3 айға дейін қысқарады.
Тұрақты қар жамылғысы желтоқсанның басында түсіп, 3 ай және одан да көп уақыт жатады. Қардың қалындығы батыс бөлігінде 60-70 см, шығыс бөлігінде 35-40 см.

3-кесте. Шаруашылықтағы климат жағдайлары
Көрсет-кіштер
I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
Көпжылдық орт.деректер бойынша
-11
-7,2
1
10
16,2
20,7
21
19,8
17,2
9,9
-0,5
-4,5
Ауаның температу-расы, ˚С
-8
-6,9
0,4
9,2
15,3
19,3
22
20,9
15,8
8,3
0,3
-4,9
Жауын-шашынның мөлшері,мм
23
22
44
74
77
51
31
25
21
40
35
23

Жер бетік және жер асты сулары. Қарасай ауданының барлық өзендері бастауын тау мұздықтарынан алады. Мысалы, Қаскелен өзенінің басталар жері 1000м биіктікте. Аңғар бойынша аққан су егістер мен бақтарды суарады, адамдар мен малдардың шөлін қандырады, электр станциялары турбиналарына жетеді, балықтар мен басқа жануарлар үшін су астылық және дер беттілік мекен ету ортасын қалыптьастырады.
Таулы өлке өзендері қар және жаңбыр суымен қоректенеді. Олардың суы мол кезеңі - жаз айлары, себебі тау шыңында жатқан қарлар мен мұздықтар негізінен осы айларда ериді.
Осы ауданның ірі өзендері: Қаскелен, Шамалған, Ақсай, Үлкен Алматы өзщендері, Балқаш көлінің батыс бөлігін сумен қамтамасыз ететін Іле өзенінің салалары болып табылады. Сондай-ақ бұл өзендер бастауын таудан алатын болғандықтан, оларда үнемі селдер болып тұрады. Олар тау баурайларын бұзады, жаңа арналар түзеді, көпірлер мен ғимараттарды бұзады, елді мекендер үшін қауіпті жағдайлар туғызады, халық шаруашылығына үлкен шығын алып келеді. Мысал ретінде бастауын 3000 м биіктіктен алатын Үлкен Алматы өзенінде 1977 жылы болған селді алуға болады, бұл сел жолында кездескеннің барлығын жойып отырған.
Топырақтары.Тау шыңына жақын қарай, теңіз деңгейінен 600-800 м биіктікте әдетте таулық қара қоңыр топырақ кездеседі.
Тауалды зоналары құнарлығымен ерекшеленеді. Топырақтар жергілікті жердің биіктігінің өзгеруімен байланысты ауысып отырады. Мұнда сұр топырақ, ашық сарғылт, қою сарғылт, таулы қара топырақ, тау орманды қою түсті және тау - шалғын-далалық топырақтар таралған.
Сұр топыраққа қарағанда тауға жақын орналасатын қара қоңыр топырақтар өздеріне тән белгілермен ерекшелінеді. Бұлар - келесі таулы қара топыраққа өтетін кезеңдегі таулық-далалық топырақтар түзілу процесінің белгілі сатысы. Жыл бойына жауын-шашын аз жауатын таудын төменгі қыраттары аймағында дамыған топырақ таулық ақшыл-қара қоңыр топырақ болып табылады, оның түсі ақшылдау реңді, қара шірігі аз. Таудың шыңына жақын, жауын-шашын көп аймақтағы топырақ қара-қоңыр реңді, күңгірт қара қоңыр , қара шірікке бай. Осы сипатталған топаырақтың өзіне ғана тән топырағы бар.
Күңгірт-қара қоңыр топырақ Іле Алатауында шығыстан батысқа қарай тау бөктерінің жолағы түрінде тараған. Аталған өңірдегі жалпы аудан 447 мың га құрайды. Мына түрлерге бөлінеді: сілтіленген, карбонатты және эрозияға ұшыраған.
Таулық қара-қоңыр топырақтың қыраттағы қара-қоңыр топырақтан сәл айырмашылығы бар. Олардын қуаты аздау, сортаңдығы жоқ, жоғарғы горизонтында қарашірігі көп.
Тау бөктеріндегі күңгірт - қара қоңыр топырақ массивтері егістікке қолайлы жақсы жер болып табылады, дәнді дақылдар мен мал азығы дақылдарын егу үшін атмосфералық жауын-шашынмен қамтамасыз етілген.
Аудан климатына таулар ай - рық - ша рең береді. Оның ау - ма - ғы - нан жоғары тау беткейіндегі қара то - пырақтан құрғақ далаға де - йінгі топырақты аймақтың барлық ландшафтысын кездестіруге бо - ла - ды.

4-кесте. Шаруашылық топырақтарының негізгі агрохимиялық көрсеткіштері
Топырақ түрі
Тереңдігі,см
Гранулометриялық құрамы
Қоректік заттардың жалпы түрінің мөлшері, %
1 кг топырақтағы қоректік заттардың жылжымалы түрлерінің мөлшері, мг
Топырақ реакциясы, pH
100 г топырақтың сіңіру сиымдылығы, мгэкв

Қара-
шірінді
N
P
K
NO3
P2O5
K2O

Кәдімгі боз
0-30
Орт.құмбал- шықты
1,1-1,8
0,110,13
0,12 0,15
1,9 2,2
13

орт.
27

орт.
600

өте жоғ.
7-7,4
16-18

III Органикалық тыңайтқыштарды жинау және оларды пайдалану
Ауыспалы егіс дақылдарына тыңайиу жүйесін жасауда шаруашылықтағы органикалық тыңайтқыштарды (көң, көң садырасы, құс саңғырығы т.б.) жинауға, дайындауға және егістікке беруге үлкен көңіл бөлуге тиіс. Өйткені топыраққа органикалық тыңайтқыштар мен өсімдікке қажетті қоректік элементтер енгізіледі. Олар топырақтың физикалық, химиялық қасиеттерін және су, ауа, жылу режимдерін жақсартады.
Органикалық тыңайтқыштар дұрыс пайдаланылса, топырақта көмір қышқыл газының қоры молаяды, минералдық тыңайтқыщтардың тиімділігі артады. Органикалық тыңайтқыштардың өсімдікке әсері олардың шаруашылқта дайындау жұмыстарын ұйымдастыруға байланылысты. Ол үшін шаруашылықтағы әрбір органикалық тыңайтқыштың мөлшерін білу керек. Ал көңнің, көң садырасының, құс саңғырығының мөлшерін малдын түріне, санына, оларды қолда ұстау мерзіміне байланысты анықтайды. Шаруашылықтағы малдын саның есептеп шығарамыз. Ол үшін әрбір 100 га пайдаланылатын жерге 10-15 бас ірі қара мал, 25-30 бас қой, ал әр бір 100 га жыртылған жерге 3 бас шошқа аналығы, 2-3 жылқы және 100 га астық дақылдарының егістігіне 150-200 құс жоспарлануы керек.
Шаруашылықтағы жиналатын органикалық тыңайтқыш мөлшерін түрлі әдіспен анықтауға болады.
Бірінші әдіс. Әрбір бас малдан қолда ұстау кезенінде алынатын көң мөлшерін, барлық малдың санын көбейту арқылы есептеп шығарады.

5-кесте. Шаруашылықта дайындалған органикалық тыңайтқыштардың мөлшері
Малдың түрі
Мал басының саны
Әр бас малдан жылына алынатын көң мөлшері, т
Барлық малдан жылда алынатын көң мөлшері, т
Көң садырасы, т
Органикалық тыңайтқыш-тардың жалпы мөлшері, т
Сиыр
327,75
5
1638,75
245,8
1884,5
Жылқы
34,5
4
138
20,7
158,7
Шошқа
115
1,2
138
20,7
158,7
Қой, ешкі
655,5
0,5
327,75
49,2
377
Тауық
1150
0,008
9,2
1,38
10,6
Қаз
1150
0,01
11,5
1,7
13,2
Үйрек
1150
0,012
13,8
2,07
15,9
Барлығы
4582,75
10,73
2277
341,55
2618,6

Екінші әдіс. Бұл әдіс төсенішті көң мөлшерін анықтау малазығының құрамындағы құрғақ затының шамамен жартысы көңге ауысатынына негізделген.
К=( А2 + Т) ∙ 4
К - алынатын көң мөлшері, т
А - мал азығының құрамындағы құрғақ зат мөлшері, т
Т - төсеніш құрамындағы құрғақ зат мөлшері, т
Құрғақ заттын мөлшерін, оның ірі мал азығы мен жемде 85%, шырынды азықта 15%, төсеніште 80% болатыны ескеруіміз керек. Ал малды қолда ұстау мерзімі Қазақстанның солтүстік аймағында 200-240 күн, оңтүстік аймағында 15-180 күнді құрайды.

Сиыр: К= ( 327,75*10+327075*30+327075*1,52 + 327075 ∙ 6) ∙ 4 = 35069,3 кг ≈ 35 т

Жылқы: К= ( 34,5*10+34,5*10+34,5*42 + 34,5 ∙ 5) ∙ 4 = 2346 кг ≈ 2,3 т

Шошқа: К= ( 115*1,5+115*5+115*12 + 115 ∙ 3) ∙ 4 = 3105 кг ≈ 3,1 т

Қой, ешкі: К= ( 655,5*1,5+655,5*3+655,5*0,252 + 655,5 ∙ 1) ∙ 4 = 8849 кг ≈8,8 т

Органикалық тыңайтқыштың жалпы мөлшерін анықтаған соң, оны әрбір ауыспалы егіске бөледі.
Жалпы ауыспалы егістің органикалық тыңайтқышпен қанықтырылуы мынандай мөлшерде болуы ұсынылады: астықты-парлы ауыспалы егіс 5-10 т, көкөністі ауыспалы егіс 10-15 т гектарына.

6-кесте. Ауыспалы егіс дақылдарына органикалық тыңайтқыштарды бөлу
Ауыспалы егіс дақылдары
Ауыспалы егіс көлемі, га
Қанықтырылуы, тга
Ауыспалы егіске қажетті органикалық тыңайтқыш, т
Арпа+Жоңышқа
50
5,7

Жоңышқа
50
5,7

Жоңышқа
50
5,7

Қант ұызылшасы
50
5,7

Қант қызылшасы
50
5,7

Дәнді жүгері
50
5,7
40∙50=2000т
Қант қызылшасы
50
5,7

Барлығы
350

IV Тыңайту жүйесі құрылатын ауыспалы егіс дақылдарының қоректенуінің биологиялық ерекшеліктері

ЖОҢЫШҚА. Халық шаруашылығындағы маңызы. Жоңышқа (Medіcaqo) - бұршақ тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдік. Еуропа, Азия және Африкада өсетін 100-ге жуық түрі бар. Қазақстанда 18 түрі өседі. Сабағы тарамданған, бұтақты түп құрады, биіктігі 40 - 80 см. Жапырағы үш құлақты, ұзынша келген. Гүлшоғыры - көп гүлді шашақ. Жемісі - көп тұқымды бұршақ. Жоңышқа - республикамызда көп өсірілетін мал азықтық дақыл. Малға пішен, балғын көк майса, кептіріліп ұнтақталған, сүрлем күйінде беріледі. Жоңышқада (құрғақ затқа шаққанда) 15,5% протеин, 43,9% азотсыз заттар, 29,4% клетчатка, 3,1% май болады. Кәдімгі Жоңышқаның 100 кг жасыл массасында 21,7 азық өлшемі, 4,1 кг қорытылатын протеин, ал 100 кг пішенінде 50,2 азық өлшемі және 13,7 кг қорытылатын протеин бар. Егіндік және мал азықтық ауыспалы егістікте егеді. Жоңышқаны гүлдей бастағанда орады. Шөбі орылғаннан кейін егістік үстеп тыңайтылса, Жоңышқаны екінші орған кезде мол өнім алуға болады.
Жоңышқа мал азықтық құндылығымен қатар агротехникалық ерекшелігі жағынан да бағалы өсімдік. Жоңышқаның топырақ құнарлығын қалпына келтіру қасиеті жағынан барлық дақылдар үшін өте жақсы алғы дақыл. Жонышқа қыртысы топырақты органикалық заттармен байытады да, нәтижесінде 0- 30 см қабатында жылжымалы азот, фосфор қышқылы, калий, кальций көбейеді. Топырақта қоректік заттардың қорлануы топырақ түрлеріне, агротехника деңгейіне байланысты. Орта есеппен жақсы дамыған жоңышқа егістігі әр гектарға 120-200 кг дейін азот жинаған.
Топырақтағы органикалық заттардың көбеюі оның құрылымын және ылғалды-физикалық қасиетін жақсартады. Және де жоңышқаның топыр- ақты ауру қоздыратын бактериялардан, зиянкестерден тазартатын қасиетін де атауға болады .
АРПА. Халық шаруашылығындағы маңызы. Арпа - маңызды біржылдық малазықтық, азық-түліктік және техникалық дақыл. Арпа дәнінде (астығында) орта есеппен 60% крахмал, 12-13% ақуыз (белок), 2%-дан астам май, 3%-ға таяу күл, 5-7% клетчатка, көп мөлшерде дәрумендер (витаминдер) бар. Арпа астығының химиялық құрамының өзгеруі өсіру жағдайларымен, сорттық ерекшеліктері тікелей байланысты.
Арпа астығы - тамаша құнарландырылған жемазық. Әсіресе оның құндылығы шошқаны беконды және жартылай майлы етке семірткенде арта түседі. Арпамен азықтандырғанда құстардың жұмыртқалағыштығы мен еттілігі артады. Арпаның сабаны мен мекені де жақсы ірі сабақты мал азығы, бағалығы жөнінен ол тары сабанына ғана жол береді.
Биологиялық ерекшеліктері. Арпа қысқа өсіп-жетілу кезеңді дақылдар қатарына жатады (55-тен 111 тәулікке дейін). Солтүстік Қазақстанда өсірілетін сорттарының өсіп-жетілу кезеңінің ұзақтығы - 68-80 тәулік.
Арпа жылуға аз талап қояды, оның тұқымы 1-20С жылылықта өне бастайды, алайда мұндай жағдайда көктеуі 20 тәулікке дейін созылады. 5-60С температурада көктеуі 8 тәулікке дейін қысқарады. Себу-көктеу кезең - аралығы 7-ден 12 тәулік аралығында өзгереді.
Егін көгі 7-80С бозқырауды (аязды) жеңіл көтереді, алайда жекелеген сорттары одан да төмен температураны көтере алады. Бірақ гүлдену және толысу кезеңдерінде арпа бозқырауға сезімтал. Теспература -10С-ға дейін төмендегенде оның жатыны мен тозаңдықтары жарақаттанады. Толысу және пісу кезеңдеріндегі шамалы бозқыраудың өзі (-1,50С) өсімдікке әсер етпегенмен дәннің тұқымдық сапасын күрт төмендетеді.
Арпа жоғары температураларға өте төзімді. 38-400С температураның үздіксіз әсерінен устьицелер (саңылаулар) сал ауруына тек қана 30-35 сағаттан соң ұшырайды. Оны әділ түрде ыстыққа төзімді өсімдіктер қатарына қосады. Сондықтан Қазақстанның барлық аймақтарында арпа жоғары астық өнімін береді.
Ауыспалы егістегі орны. Солтүстік Қазақстан жағдайында арпа үшін жақсы алғы дақылдарға дәнді бұршақ, күздік жіне жаздық дәнді дақылдар, біржылдық шөптер, көпжылдық шөптер қыртысы, картоп, қант қызылшасы жатады. Арпаның өзі бидай мен сұлыға қанағаттанарлық алғы дақыл деп есептеледі, өйткені ол танапты ерте босатады және өзінен кейін топырақта басқа астық дақылдарына қарағанда көбірек ылғал қорын қалдырады.
Топырақты өңдеу. Ылғал жинақтау мақсатында топырақты егістік паясын сақтай отырып өңдеудің маңызы зор. Әсіресе Солтүстік облыстарда паясы сақталған танаптарда аудара жыртылған сүдігерге қарағанда 19-22 мм қысқы ылғал артық жиналады.
Қар қабатының есебінен 60-90 мм ылғал қорын жинақтау үшін биіктігі 30-40 см егістік паясын қалдыру қажет, алайда бұл іссанада өте қиын мәселе.
Тыңайтқыш жүйесі. Арпа тыңайтқыштардың соңғы әсерін жақсы пайдаланады, сондықтан фосфор тыңайтқыштарын сүрі танабына бүкіл ауыспалы егіс айналымына есептеп енгізген дұрыс. Егер тыңайтқыштар сүрі жерге енгізілмесе немесе толық мөлшері берілмесе, онда көктемде себумен бірге 20 кгга ә.е.з. мөлшерін енгізген жөн. Сүріден кейін 4-6 дақыл ретінде өсірілетін арпаға себу алдында 30-40 кгг ә.е.з. мөлшерінде азот тыңайтқышын қолдану қажет.
ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫ. Халық шаруашылығындағы маңызы. Қант қызылшасы бағалы техникалық дақыл. Республикада қантты негізінен қант ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Малазықтық ауыспалы егіс дақылдарының тыңайту жүйесі
Мақтаарал ауданы «Кетебай» өқ топырағының агрохимиялық картограммасы және топырақ құнарлығын арттыру жолдары
Азот тыңайтқыштарының мөлшерін қолайландыру
Күздік бидай суармалы жағдайда тыңайтқыштардың жоғарғы мөлшерін беру
Қант қызылшасының маңыздылығы
Мақтаарал ауданы Арай ежелгі суармалы құмбалшықты сәл сортаңданған шалғынды сұр топырағының агрохимиялық көрсеткішінің динамикасы
Күздік бидай - әлеуеті зор дақыл
Тыңайтқыштардың мақта өнімділігіне әсері
Сүрлемдік жүгері дақылын суғару ерекшелігі
Қант қызылшасы жапырақтарының даму кезеңдері
Пәндер