Жарақаттар туралы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
1 Жарақаттар
1. 1 Жарақаттар туралы түсінік
1. 2 Жарақаттық шок
1. 3 Ұлпалардың ұзақ жаншылу синдромы
1. 4. Жара. жаралардың түрлері
1. 5 Жара инфекциясы. Асептика және антисептика
1. 6 Қан кету. Қан құю туралы түсінік
1. 7 Бастың, кеуденің және іштің зақымдануы
1. 7. 1 Бас пен мидың жарақаты
1. 7. 2 Омыртқа жарақаты
1. 7. 3 Кеуде жарақаты
1. 7. 4 Іш жарақаты
1. 8 Аяқ-қолдың зақымдануы (буынның таюы, сіңірдің созылуы және т. б. )
1. 9 Сүйектің сынуы
2 Бақытсыз оқиғалар кезіндегі алғашқы медициналық көмек
2. 1 Күйік
2. 2 Үсік
2. 3 Суға бату
2. 4 Электр жарақаты
2. 5 Күн өту, ыстық тию
2. 6 Тұншығу
3 Реанимация туралы түсінік
4 Жұқпалы аурулар және эпидемиялық процесс
4. 1 Оба
4. 2 Тырысқақ
4. 3 Сібір түйнемесі
4. 4 Туляремия
4. 5 Ботулизм
4. 6 Құс тұмауы
4. 7 Жұқпалы аурулардың алдын ала шаралары
5 Қазақстандағы әлеуметтік маңызды аурулалар
5. 1 Туберкулез
5. 2 Бруцеллез
5. 3 Қышыма, биттеу
6. Жүрек-тамыр аурулары
6. 1 Стенокардия
6. 2 Миокард инфарктісі
6. 3 Гипертония, гипотония
6. 4 Талықсу, коллапс
7. Әдебиеттер
1 Жарақаттар
1. 1 Жарақаттар туралы түсінік
Жарақат дегеніміз ұлпаның немесе мүшенің анатомиялық бүтіндігінің бүлінуі және оған тиісті қызметінің бұзылуы.
Жарақаттың себебі:
1. Экзогендік факторлар - сырттан келген факторлардың әсерінен болады.
2. Эндогендік факторлар - іштен келген факторлардың әсерінен болады.
Экзогендік факторларға жатады:
1. механикалық факторлар (соғылу, ауыр салмақты плитаның астында қалу, биіктен құлау) .
2. химикалық факторлар (қышқылдардың, улағыш заттардың әсері) .
3. физикалық факторлар (ыстық, суық, қысым, электр тоғының, рентген, иондаушы сәулелердің әсері) .
4. биологиялық факторлар (бактериялардың, вирустардың, басқа макро және микроорганизмдердің әсері)
5. психикалық факторлар (қорқу, ренжу, абыржу салдарынан) .
Жарақаттардың түрлері:
1. Терінің бүтіндігінің бұзулуы бойынша жарақаттар бөлінеді: ашық және жабық жарақаттар. Ашық жарақатқа ұлпа мен ағзалардың анатомиялық тұтастығының бұзылуы жатады: жара, сынық, күйік, буынның таюы. Жабық жарақатқа - терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, бұлшық еттің жаншылуы, аяқ - қолдың буыннан шығуы, сүйектің жабық сынуы.
2. Жедел және созылмалы жарақаттар. Жедел дегеніміз ағза ұлпасында бір сәтте қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану. Созылмалы дегеніміз аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған зақымдану.
3. Тікелей және тікелей емес жарақаттар. Тікелей жарақаттар соққы тіген жерде пайда болады. Тікелей емес ағзаның басқа жерінде пайда болған жарақақаттар.
4. Қайтымды және қайтымсыз жарақаттар.
Жарақаттардың белгілері:
Жергілікті белгілер: дененің зақымданған бөлігінің ауырсынуы, бозаруы, ісінуі, қан кетуі, қызметінің бұзылуы. Жалпы белгілер: ес-түсінен айырылуы, ыстығы көтерілуі, тамырдың нашар соғуы, артериалық қысымның төмендеуі, тыныс алудың, зат алмасуының бұзылуы және т. б.
Жарақаттардың асқынуы: жарақаттық шок, талықсу; қансырау, қан кету; жара инфекциясы; өмірге маңызды мүшелердің қызметінің (жүрек, бүйрек, өкпе) бұзылуы.
Уақыттың шектеулі үзігі аралығында халықтың белгілі бір тобындағы жарақаттардың жиыны жарақаттанушылықдеп аталады.
Жарақаттанушылықтың түрлері: 1) транспорттық (автокөліктік, темір, әуе, су жөл көліктік), 2) өндірістік (өнеркәсіптік, ауылшаруашылық), 3) балалық, 4) тұрмыстық, 5) спорттық, 6) көшелік, 7) әскерлік, 8) жасандық (суицидтік) жарақаттанушылық.
1. 2 Жарақаттық шок
Шок дегеніміз күшті ауру, сырт тітіркендіргіштерге ағзаның жалпы реакциясы. Ол адам тәнінің аса маңызды жүйелерінің қызметінің ойсырап бұзылуын білдіреді. Бұл қатты жарақаттың, күюдің, қансыраудың, денеде су жетіспеушілігінің, аса мықты аллергиялық реакцияның (ағза қабылдамайтын дәрі-дәрмектің, сыворотка, қан, плазманың әсерінен), басқадай қатерлі дертің, қатты қорқу кезіде болатын адам өміріне қауіпті құбылыс. Шок ағзаның қорғаныс реакциясы деп саналады (ағза өзі айтылған дерттермен күреседі) . Ағзада эндоморфин, адреналин, серотонин, гистамин сияқты заттар бөлінеді. Егер жедел медициналық көмек көрсетілмесе шок өліммен аяқталуы мүмкін.
Шоктың кезеңдері:
1. Қозу кезеңі (эректилдік) . Бұл кезеңде ұстамсыздық байқалады, сырқат бір орында тұрмайды, айқайлайды, артериялық қысымы көтеріледі, денесі қызарады. Бұл кезең көпке созылмайды.
2. Тежелу кезеңі (торпидтіқ) . Бұл кезеңде орталық жүйке жүйесінің қызметі төмендейді, сырқат ес-түсінен айырылады, әлсірейді, салқын тер денені басады, дене көкшіл тартып мұздайды, тамыр соғуйы нашарлайды, қан қысымы күрт төмендейді, ақыл есі ауысады, алмасу процесс бүзылады.
Шоктың тежелу кезеңі 4 сатыға бөлінеді:
1-шы сатысы (жеңіл) : есі сақталады, сырқат сұрақтарға дұрыс жауап береді, денесі бөзарады, тамырдың соғуы бір қалыпты жиілігі минутына 100-110 соққы, артериялық қысым сынап бағанасы бойынша 110/65 мм, тыныс алуы өзгермейді, тері мен көрінетін шырышты қабықтар бозарады, дене температурасы қалыпты немесе сәл төмендейді.
2-ші сатысы (орташа) : қатты естен тану, жағдайы ауыр, тері сүрғылт, дене температурасы төмендейді, аяқ-қол үстағанда салқын, тамыр соққысы жиі 120-140 минутына, артериялық қысым сынап бағанасы бойынша 70/40 мм, тыныс алуы жиі.
3-ші сатысы (ауыр) : жағдайы өте нашар, есінен айырылады, денесі бозарады, суық тер басады, тамыр соғуы нашар және жиі 160 соққы минутына, артериялық қысым өте төмен, демі үстіртін.
4-ші сатысы (өте ауыр) : жарақаттанушы ес-түссіз, денесі суық, тамырының соғуы әлсіз, қылдай жінішке немесе анықталмайды, артериялық қысым өте төмен, тыныс алу бір қалыпты емес.
Алғашқы медициналық көмек:
1. Қан ағуын тоқтату.
2. Ауырғаның басатын дәрі-дәрмек беру (промедол, анальгин, морфин) .
3. Егер тамыр соғуы мен демі анықталмаса онда жасанды түрде қолдан тыныс алдыру, жүрекке жабық массаж жасау.
4. Жара болған жағдайда оған залалсыздандырылған таңғыш салу.
5. Сынық болса шина, тақтайша салу, яғни иммобилизациялау.
6. Денені жылыту үшін грелка, ыстық су қүйылған қағанақ басу, ыстық шай, кофе жұтқызу.
7. Емханаға аса сақтықпен, басқа жерлерін ауыртып алмай, ыңғайлы көлікпен жеткізу.
1. 3 Ұлпалардың ұзақ жаншылу синдромы
Ұлпалардың және бұлшық еттің ұзақ қысылуы зілзала апаттардың, жер сілкіну, үй мен нысандардың қирауы нәтижесінде болады. Аяқ қолдың бұлшық еттері ауыр бетон плитаның астында қалғанда, тамырлар қысылған кезде, ұлпалар алмасуының ыдырауының және бұзылуының жете тотықтанбаған өнімдерінің токсиндердің көп мөлшерде ағзада жиналады, зардап шегушінің жағдайы нашарлайды және бүкіл ағзалардың қызметі күрт бұзылады.
Аурудың белгілері: ес-түссіз, тамыр соғуы өте нашар, күре тамыр қысымы айтарлықтай төмендейді. Аяқ-қолды босатқан кезде 2-3 литр дейінгі плазма мұнда ұмтылады, соның салдарынан зақымданған аяқ-қолдың көлемі күрт үлкейеді. Бұлшық еттің кескіні жоғалады, домбығудың тығыздығы ағаштай тығыз.
Улы ыдырау өнімдері мен миоглобин зақымдану аймағынан тамырға түседі де бүкіл ағзаға тарайды, бұның салдарынан басқа мүшелердің қызметі бұзылады, жүрек соғуы нашарлайды, миоглобиннің үлкен молекулалары міндетті түрде бүйрек қақпақшыларын зақымдайды. Бүйректің жұмысы нашарлайды, несептің түрі қызғылт (гематурия), оның бөлінуі азаяды немесе толығымен тоқталады (анурия) . Осы асқынулар зардап шегушінің мерт болуына әкеп соқтырады.
Алғашқы медициналық көмек. Зардап шеккен адамды құтқару ретінде қысылып, көміліп қалған жерден шығарып алу. Алдымен жаншылған аяқ-қолды төменнен жоғары жаққа дейін кешіктірмей залалсыздандырылған танғышпен қатты таңып тастау қажет. Егер аяқ-қол көп уақыт жаншылып қалса, онда ширатпа қойылады. Аурғаның басатын дәрі-дәрмектер беріледі. Аяқ-қолдың жан жағына таяныш (көлік шиналар) қойылады. Зардап шеккен жерге мұз басып көп сусын беріледі. Тез арада емханаға жеткізіп, ертеден «жасанды бүйрек» аппаратын қолдану істің сәтті аяқталыуна үміттендіреді.
Сонғы жылдары ұзақ жаншылу салдары кезіндегі тірі қалу айтарлықтай артты. Медициналық апат қызметтері құтқарудың жаңа әдістерін меңгерді.
Сөйтіп, кедергіні бірден жоюдың қажеттігі жоқ болып шықты, бірден плазмаларды айырбастайтын ерітіндерді тамырдың ішіне еңгізіледі, егер ол жоқ болса 1, 5-2 литр сұйықты тамшылай жібереді және сусынды көп ішкен жөн.
1. 4 Жара. Жаралардың түрлері
Жара - терінің немесе шырышты қабықтардың тұтастығының бұзылуы. Жаралар механикалық факторлардан пайда болады. Жаралар жеңіл және ауыр түріне бөлінеді. Ауыр жарақаттану кезінде терінің астындағы ұлпалар ғана емес сондай-ақ бұлшық ет, сүйек, жүйке талшықтары, сіңір байламы, ірі қан тамырлары зақымдалады.
Жаралардың белгілері: сыздау, түйілу; қан ағу; жараның үңіреуі.
- Жаралардың түрлері:
- Кесілген жаралар. Бұл жаралардың шеті тегіс болады, әдетте үңірейіп көрінеді, қан көп ағады, инфекцияларға аз ұшырайды.
- Түйрелген жаралар - түйрегіш, біз, ине, шеге, қарулы найза әсерінен болады. Бұл жаралар ұлпаларға терең кіреді, сыртқы саңылауы шағын нүкте және үтір тәріздес болады. Түйрелген жаралар қауіпті болады, ішкі мүшелердің зақымдануы мұмкін, оны тезарада анықтауы қиындыққа соғады.
- Соғылған жаралар ауыр нәрсенің салдарынан болады, қан сіңген шеті тегіс емес, ойқы-шойқы болып келетіндігімен сипатталады, оларда жара инфекцияның өрбүі үшін аса қолайлы жағдайлар қалыптасады.
- Жыртылған жаралар қатты механикалық әсерден пайда болады, оған қоса терісі жалбырап қиылып қатпарланады сіңірлер, бұшық еттер, жүйке, қан тамырлары бүлінеді.
- Тілінген жаралар ауыр өткір заттың тиюінен болады: балта, қылыш. Бұл жаралардың тереңдігі бірдей болмайды зақымдану аймағы үлкенірек кейде сүйектің зақымдануына әкеп соқтырады, жараның шеті қанталаған, мыжылған болады.
- Сыдырылған жаралар ауыр жалпақ заттың соққысымен жасалынады жараның шеті тегіс емес, еті ісінеді, инфекцияларға тез ұшырайды.
- Тістелген жаралар әрдайым жануарлардың: ит, қасқыр, түлкі, аю тістегеннің салдарынан болады, егер жануарлар құтырған болса онда олардың сілекейі жараға түсіп, адамдарда құтыру ауырын тудыру мүмкін.
- Оқ тиген жаралар оқтан және жарықшақтан жаралану кезінде пайда болады. Оқ тесіп өтеді және оның кіретін және шығатын саңылауы болады. Атыс қаруынан болған жаралар сан алуан және күрделі болып келеді. Күрделі жаралар кезінде оқ бір қатар ағзалар мен қуыстарды тесіп өтеді де, бірнеше мүшелерді зақымдайды.
Жарақаттанған адамға алғашқы медициналық көмек:
1) Қан ағуын уақытша тоқтату, жоғарыда айтып кеткен әдістермен;
2) Жараның айналасын спирт тұнбасымен өңдеу;
3) Сырқатты басу үшін анальгин, промедол еңгізу;
4) Жараның ішін антисептиктермен жуып бөгде заттан тазарту;
5) Барлық жараға тазартылған таңғыш салу. Таңғыш материал гигроскопиялық жақсы сіңіргіш болуы тиіс: жарадан ылғалды, қанды, іріңді жақсы соратын;
6) Сіреспеге қарсы егу. Жануарлар тістеген адамдарды құтұру ауруға қарсы егу.
Тану материалы, таңу пакеті және оны пайдалану тәртібі:
Жарақатқа таңғыш қанның ағуын тоқтату, ауруды басу, қосымша зақымданудан және оған микроб түсуінен ескерту үшін қойылады. Тану материалы ретінде дәке, бинт, салфетка, мақта, лигнин, кіші және үлкен медициналық таңғыш, жеке таңғыш пакеті мен орамал пайданылады. Жорық жағдайында зардап шеккенге көмек көрсету үшін жеке таңғыш пакетті (ЖТП) қолданылады. ЖТП (1-сур. ) екі мақта жастықшасынан және бинттен тұрады. Бір жастықша бинттің ұшына тігілген, ал екіншісі жылжымалы болады.
1-сур. Жеке таңғыш пакеті
ЖТП қолдану ережесі: резиналы жамылғының шетін тігілуі бойынша ашады; бүгілген жерден түйреуішті алып пакетті ашады; жастықшаның ішкі жағына яғни жараға тиген бетіне қол тигізбей таңғышты қояды; егер жараның кірген және шыққан саңылауы болса онда бір жастықшаны кірген аузына, ал екінші жастықшаны астынғы саңлауға басады, одан кейін екі жастықщаны бинтпен орап, дәкенің шетін түйреуйішпен түйрейді.
Бинттік таңғыштардың түрлері:
- шеңберлік таңғыш бинттің айналмалы орамынан тұрады (маңдайға, тізенің төменгі жағына, білекке
салынады) ;
- сегіздік тәріздес таңғыш (желке, өкшеге, сирақ-табан буынының төңірегіне қояды) ;
- спиральды таңғыш (кудеге, аяқ-қолға қойылады) (2-сур. ) ;
- крест тәріздес таңғыш (басқа, кеудеге қойылады) (3-сур. ) ;
- масақ тәріздес таңғыш (иық, жанбас-сан буынына салынады) ;
- тасбақалық таңғыш (шынтақ және тізе буындарына салынады) ;
- тақия, сақпан тәріздес (басқа оралады) (4-сур. ) .
2-сур. Шынтақ буынды спиральдап таңу 3-сур. Көкіректі крестеп таңу 4-сур. Бастың шашты бөлігін тақиялап таңу
Таңғыш қою ережесі:
- таңғышты қоюшы бинттің жұмыр басын оң қолымен, ал оралатын жағын сол қолымен ұстап, зардап
шегушінің алдында тұруға тиіс;
- таңғыш, солдан оңға қарай салынады;
- таңғышты алдымен 2-3 орап, бекітіп алады;
- таңғышты дененің төмен жағынан жоғары жағына қояды;
- таңғышты жараның керсінші жағына бекітеді.
1. 5 Жара инфекциясы. Асептика және антисептика
Жараға шаң-тозаңмен, медициналық құрал-жабдықтармен түскен микробтың өсіп-өнуінен пайда болатын аурудыжара инфекциясы деп атайды.
Жара инфекциясы іріңді, анаэробты, аэробты инфекциясына бөлінеді. Іріңді инфекцияның қоздырғышы стафилококк, стрептококк, диплококк таяқшалары. Олар түскен жер қызарады, ісінеді, кейіннен іріңдейді. Мұндай адамның ыстығы көтеріледі, жара сыздайды, тамаққа тәбеті болмайды, ұйқысы қашады. Жараның жазылуы ұзаққа созылады.
Іріңді жара инфекциясы жергілікті және жалпы болып бөлінеді. Жергілікті ірінді инфекцияға абцесс, флегмона, тілме қабынуы және т. б. жатады. Жалпы іріңді инфекция кезінде қоздырғыштар қанға түседі де бүкіл ағзаға тарайды, оны сепсис деп атайды. Бұл жағдайда сырқаттың жағдайы нашарлайды - ыстығы 39-40 градусқа дейін қөтеріледі, жүрегінің жұмысы мен демі бұзылады, қанның құрамы өзгереді, тері қанағыш келеді, бауыр және көкбауыр қабынады, емдемесе сырқат өліп кетуі мұмкін. Емдеуі: антибиотиктер, сульфаниламидтер, жылу басу, физиотерапия, ауыр жағдайда - қан, плазма құю. Ірің түзелген кезде хирургиялық жолмен емдеу.
Сіреспе
Бұл анаэробты инфекцияға жатады. Қоздырғышы - сіреспенің таяқшасы, ол жараға жарақаттаушы заттармен, топырақпен түседі. Жарада ауа жоқ жерде өсіп өнеді де, тетаноспазмин және тетанолизин токсиндер бөледі, олар орталық жүйке жүйесінін зақымдайды.
Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан бір айға дейін созылады. Аурудың белгісі жарақат маңындағы бұлшық еттің тартылуы, ауызды ашу және шайнаудың қиындауы. Сырқат жарықтан қорқады, ұйқысы қашады, дененің ыстығы көтеріледі, қатты терлегіш, беттің тамақ шайнайтын және мимикалық бұлшық еттерінің дірілдеуі пайда болады, арқа мен мойын бұлшық еттерінің басты артқа шалқайта қатты тартуы (опистотонус), дем алудың да тоқтап қалуы мүмкін.
Алдын алу шаралары: сіреспеге қарсы егу. Барлық зардап шеккендердің терілердің астына сіреспеге қарсы сыворотка және анатоксин жіберілуге тиіс. Емі емханаларда жүргізіледі.
Газ гангренасы
Бұл да анаэробты жара инфекциясына жатады. Жараға жарақаттанушы заттармен, ластанған киіммен, шаң-тозанмен түседі. Соңымен қоса, ауыр жарақаттанғанда, алғашқы хирургиялық көмекті дер кезінде жасамағанда, бұрауды аяқ-қолға көп уақыт қойғанда, дұрыс зардап шегушіні тасымалдамағанда газ гангренаның қоздырғышы қатпарланған жараға түсуі мүмкін. Бұған аурудың ауыр жағдайы да себеп болады: көп қан кету, жарақаттық шок, сәуле ауруы, ауыр жарақаттар.
Қоздырғыштар жараға түсіп, өсіп-өнеді де некротоксин бөледі, бұл токсиндер өте ұлы келеді. Ауру 3-6 күннен кейін басталады. Жара сыздап қатты аурады, жараның шеті ыдырайып шығады. Жара өте құрғақ, түсі сұрғылт, кейіннен ісінеді. Сырқаттың ыстығы 38-39 градусқа дейін көтеріледі, ұйқысы бұзылады, тамыры жиі соғады, артериялық қысым төмендейді. Жағдайы нашарлайды, жараның маңындағы бұлшық ет жансызданады, қараяды, емдемесе ол ұлғая береді, тер астына газ жиналады, зақымдалған жер ісіп үлкейіп кетеді. Токсиннен бүкіл ағза ұланады да сырқат өліп кетуі мүмкін. Емдеуі: гангренаға қарсы сыворотка егу, жараны қайтадан хирургиялық тазарту арқылы өңдеу, антибиотиктер (пенициллин, стрептомицин) беру, қан және басқа ерітінділер (реополиглюкин, гемодез и т. б. ) құю. Егер емі болыспаса онда ампутация жүргізу.
Асептика және антисептика
Асептика - жараны микробтардың зақымдануынан қөрғау шаралары. Олар алдын ала жасалынады. Микробтар жараға ауа, кір қол, жарамен түйісетін заттармен түседі, сондықтан ауаны тазарту, еденді хлор қосылған сумен жуу, ауаны үльтра күлгін сәулемен заласыздандыру, бөлмені жиі желдету, қолды жақсы жуып спиртпен тазарту, тырнақтың шетін йодпен өңдеу, шприцті, бинтті, мақтаны, дәкені, инструментті залалсыздандыру шаралары жатады.
Антисептика - бұл жараға түскен таяқшаларды, микробтарды өлтіру немесе олардың тіршілігін әлсірету. Антисептика механикалық, химиялық, биологиялық және физикалық тәсілдермен жүргізіледі.
Механикалық тәсіл - жараны жуу, тазарту, жарқаттанушы заттарды, ластанған киымді алып тастау жене алғашқы хирургиялық өңдеуден өткізу.
Физикалық тәсіл - бұл жарадағы микробтарға қолайсыз жағдай жасау: жараны құрғату, іріңін, сары суын сыртқа шығару. Микробтарды күн сәулесі мен жасанды үльтра күлгін сәулесімен өлтіру шаралары жатады.
Биологиялық тәсілге микробтарға қарсы дәрі - дәрмектер антибиотиктер, сульфаниламидтер, бактериофагтар, витаминдер жатады.
Химиялық тәсілге микробтарға қарсы қолданылатын, жараны өңдейтін, тазартатын дәрі - дәрмектер жатады: йод тұнбасы, этил спирті, хлорамин, риванол, калий перманганаты, фурациллин сияқты антисептиктер.
1. 6 Қан кету. Қан құю туралы түсінік
Жаралудың барлық түрінде де қан тамырларына зақым түседі. Соның салдарынан көбіне денеден қан шығатының байқаймыз. Жарақат кезіндегі зақымданған тамырлардаң қанның ағуы қан кету деп аталады. Оның болымсыз және күшті өмірге қатерлі болуы мұмкін. Қан денеден орташа кеткенде ағзаның ішкі бірнеше толықтырушы қасиеттері: жүрек қызметінің, тыныс алудың күшеюі, шеткі қан тамырларының жиырлуы іске қосылып өзі тоқтата алады. Ал денеден қан көп кеткенде жүрек қан тамырларының қызметі мүлде нашарлап, адамның өліп кетуі де ықтимал.
Қан кетудің түрлері: Зақымданған тамырдың сипатына қарай қанның ағуы артериялық (күре тамырлық), веналық (көктамырлық), капиллярлық (қылтамырлық) және паренхиматоздық болып бөлінеді. Артериялық қан кету жүректен ағза мен ұлпаларға қан баратын ең ірі тамырлардан аққан қанды айтамыз, ірі күре тамырлардан аққан қан жараланған жерден атқылап немесе фонтанша ағады, түсі ашық қызыл, өздігінен тоқтамайды, зақымданған адамның өміріне елеулі қауіп төнеді. Көктамыр деп жүрекке қайта баражатқан қан айналымын айтады, оның түсі қара қошқыл болады, ол үздіксіз, баяу ағады. Қылтамырлық қан кету ұсақ тамырлардан ағады, ол тамшылап ағады, өздігінен тоқтайды.
Алғашқы медициналық көмек: Уақытша қолда бар құралдармен қан ағуын тоқтату.
Қан ағуын тоқтату тәсілдері:
1) Аяғың жоғары көтеру, бұл жағдайда қан миды көріктендіреді;
2) Қанды артериядан жоғарырақ саусақпен қысып тоқтату қажет. Мұны бірнеше әдіспен атқаруға болады. Егер білек жараланса - онда қанды тоқтату үшін артерияны иық сүйегіне, қолтық жағынан қатты қысып басады. Артериялық қан сирақтан ақса - тізе шұнқырындағы күре тамырды қысады. Самай күре тамырын бас бармақпен, құлақтың алдынан, самай сүйегіне басады. Ұйқы күре тамырын зақымданған жерден мойын омыртқасына қысады. Одан кейін жараға тазартылған танғышты қаттырақ байлайды, оның үстіне бинттің, мақтаның қалың нығыз кесіндісін салып орайды. Бұғана асты тамырды - бұғананың астындағы шұнқырда, бірінші қабырғаға қысады. Кәрі жіліктің күре тамырын - бас бармақтың білезігінің жанындағы сүйекке басады. Шаптың төңірегіндегі санның күре тамырын түйілген жұдырықпен сан сүйегіне қысады (5-сур. ) ;
3) Қан тамырын саусақпен басу едәуір күш жігерді қажет етеді және саусақ тез талады, сондықтан мүмкін болатын болса бұрау немесе ширатпа жылдам қою дұрыс болады. Қан тоқтататын ширатпа жалпақ иілмелі резина кесіндісі, оның бір шетінде ілгек екінщі шетінде ілмегі бар жүзікше бекітілген (6-сур. ) .
Ширатпа немесе бұраудың қою әдістері:
- Киымын төсейді немесе бинтті бірнеше қабаттап орайды.
- Ширатпаны салар алдында созады да тартуды әлсіретпей аяқ қолға салады, бұл жағдайда ширақ қабатының әрбір орамын алдын ала салады. Қысудың жеткіліктілігін бақылау: күре тамырдың сезімтал жерлерінде тамыр соғуының жоғалуы және қанның тоқтауы болып табылады. Әлсіз қойылған ширатпа қан ағуын күшейтуі мүмкін ал, қатты тартылған ширатпа жүйкені зақымдауы мұмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz