Энергетика саласындағы жоспарлау мәселелері


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Энергетика саласындағы жоспарлау мәселелері

Қазақстан Республикасы Еуропалық одақтың мойындауы бойынша нарықтық экономикалық мемлекет мәртебесін иеленді. Жаһандану жағдайында бұл елімізге үлкен жауапкершілік пен экономиканың тұрақты дамуын жүктейді.

Кез-келген ел өзінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарлама әзірлеп, оның негізінде орта және қысқа мерзімді бағдарламалар қабылдауы мүмкін. Осы орайда, еліміз 1997 жылы «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасын қабылдап, жаңаша даму жолына түсті.

2030-страгегиясы Қазақстанның экономикалық, саяси және қоғамдық дамуының ұзақ мерзімді бағыттары мен басымдықтарын айқындайтын құжат болып табылады. Оны іске асыру мақсатында елімізде қоғамдық өмірдің түрлі салаларында қажетті бағдарламалар бекітілді.

Мемлекеттің саяси, әлеуметік және экономикалық дамуын жоспарлау- басқарудың барлық деңгейінде маңызды элемент ретінде ерекше мәнге ие. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекет саясатының тиімділігі мен нәтижелілігі, оның дұрыс таңдаған страгегиясына және ғылыми-негізделген жоспарына және сапалы, уақытылы және нәтижелі орындалуына байланысты. Осы орайда, Президенттің 2009 жылғы 18 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» №827 Жарлығы қабылданды[1] . Бұл Жарлықтың негізгі мақсаты - нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесіне қазіргі уақытта енгізілетін негізгі қағидаттарды құқықтық тұрғыдан бекіту.

Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа басқару жүйесі елдің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының тиімді және біртұтас жүйесін құруға, нақты нысаналы нәтижеге қол жеткізу үшін құжаттардың артық түрлерін тәртіпке келтіру және оңтайландыру, бағдарламалық құжаттардың тиімділік иерархиясын түзуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жоғары деңгейдегі құжаттардан (Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің Стратегиялық жоспары) төменгі дегейдегі құжаттарды (аймақтық энергетика және коммуналды шаруашылық басқармаларының Стратегиялық жоспары) әзірлеудің қажеттігі мен дұрыстығы туындайды, ал жоғары деңгейде тұрған құжаттардың іске асырылуын бақылау және бағалау төменгі деңгейдегі құжаттардың негізінде жүзеге асырылады. Сондықтан аймақтық бағдарламалар өзара байланыс тауып, біріздендіріледі және жоғары тұрған мемлекеттік органның стратегиялық бағдарламалармен үйлесімдік тауып, жүйеленеді.

Елдің бүгінгі стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының әзірлену жағдайы қандай? Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа басқару жүйесі уақыт талабына сәйкес қабылданып отыр ма? Осыны анықтау мақсатында біздің тарапымыздан ел экономикасы дамуының негізгі күре тамыры болып отырған энергетика саласының жергілікті басқармаларының стратегиялық жоспары қарастырылды.

Облыстардағы және Астана мен Алматы қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармаларының 2010-2012 жылдарға арналған Стратегиялық жоспар жобасын қарастыру мақсатында Энергетика және минералды ресурстар министрлік (ЭМРМ) жанынан арнайы жұмыс тобы құрылды. Жергілікті энергетика және коммуналды шаруашылық басқармаларының стратегиялық жоспарды әзірлеу жүйесінің табиғатын түсіну және оған өз тарапымыздан баға беру мақсатында ЭМРМ жанынан құрылған жұмыс тобының қорытындысын [2] арнайы кестеге салып талдадық. Кестеде еліміздің 14 облысымен Алматы және Астана қалаларындағы энергетика басқармаларының стратегиялық жоспарының бөлімдері, талаптары және оны әзірлеу кезінде жіберілген кемшіліктері берілді.

кесте

Бөлімдер
Стратегиялық жоспарды әзірлеу талаптары
Стратегиялық жоспарды әзірлеу кезінде аймақтық энергетика басқармалары жіберген кемшіліктер
№: 1
Бөлімдер: Миссия
Стратегиялық жоспарды әзірлеу талаптары: Стратегиялық жоспар миссиясында-саланы дамытудың ұзақ мерзімді бағыты және ортақ тұжырымы көрсетілуі тиіс
Стратегиялық жоспарды әзірлеу кезінде аймақтық энергетика басқармалары жіберген кемшіліктер:

-жоспар миссиясының орнына, кіріспе және басқарма қызметінің сипаттамасы жазылған;

-жоспар миссиясын сипаттауда басқармалардың барлық қызмет бағыттары қамтылмаған;

- жоспар миссиясын сипаттау барысында сөйлемдер қайталанып, артық, қажетсіз ақпараттар көп жазылған

№: 2
Бөлімдер: Кіріспе
Стратегиялық жоспарды әзірлеу талаптары: Кіріспеде мемлекеттік орган жетекшілік ететін саланың даму келешегі көрсетілуі тиіс
Стратегиялық жоспарды әзірлеу кезінде аймақтық энергетика басқармалары жіберген кемшіліктер: - кіріспеде басқарманың ішкі мақсаттары жазылған
№: 3
Бөлімдер: Ағымдағы ахуалды талдау
Стратегиялық жоспарды әзірлеу талаптары:

Талдау негізгі мәселелерге жасалады.

-талдау 4-ші бөліммен өзара байланысып, сабақтасуы қажет;

- ақпараттар көлемі қысқа, логикалық, жүйелі және ондағы сандық мәліметтер графикалық, диаграмма және кесте түрінде берілуі тиіс;

-мәселелер әр салаға қарай бөлінуі тиіс;

- талдау өткен жылдармен салыстырмалы түрде берілуі қажет;

Стратегиялық жоспарды әзірлеу кезінде аймақтық энергетика басқармалары жіберген кемшіліктер:

-саладағы мәселені шешуге ықпал ететін ішкі және сыртқы факторларды бағалау мүмкін емес;

- ақпараттың толық еместігі, яғни талдау барысында анықталған мәселелер басқармалардың барлық бағыттарын қамтымайды;

-әр салада қалыптасқан мәселелер нақты келтірілмеген және тұжырымдалмаған.

-мәселе жағдайына тікелей қатысы жоқ, жалпы атқарылған істер туралы ақпараттар келтірілген (артық ақпарат)

№: 4
Бөлімдер: Стратегия-лық бағыттар, мемлекет-тік орган қызметінің мақсаты мен міндет-тері
Стратегиялық жоспарды әзірлеу талаптары:

-стратегиялық бағыт 3-ші бөлімдегі мәселелерді шешуге бағытталып, мемлекеттік органның барлық қызмет салаларын қамтуы тиіс;

- талданған ағымдағы ахуал, стратегиялық бағыт, даму мақсаттары, индикаторлар, міндеттер мен көрсетілген қызмет көрсеткіштері арасында өзара байланыс болу қажет;

-әр бір міндет сандық өлшем көрсеткіштерімен белгіленуі тиіс, көрсеткіш көмегі арқылы мәселенің қандай деңгейде шешілгенін байқауға болады

Стратегиялық жоспарды әзірлеу кезінде аймақтық энергетика басқармалары жіберген кемшіліктер:

-мақсат индикаторлары мен міндет көрсеткіштерінің орнына іс-шаралар жазылған;

-мақсат индикаторлары қаржылай түрде көрсетілген;

-мақсаттарға жету индикаторларының мерзімі көрсетілмеген;

- облыстағы жағдайды жақсартуға қатысы жоқ міндет көрсеткіштері берілген;

- міндеттер мағынасы нақты жазылмаған

-міндетті орындау барысында көрсеткіштердің қаншалықты төмендейтіндігі нақты көрсетілмеген;

-міндет көрсеткіштері орнына басқарма атқаратын шаралар жазылған;

-кейбір жоспарлардың стратегиялық бағыттары көрсетілмеген;

-стратегиялық жоспарындағы мәліметтер мазмұны түсініксіз;

-ағымдағы жұмыстар басқарманың стратегиялық бағыттары ретінде берілген;

-мақсаттар мен міндеттерді тұжырымдауда басқармалардың құзырына кірмейтін шаралар мен көрсеткіштер көрсетілген;

-кейбір индикаторлар өлшемсіз және мақсатқа жету деңгейін толық көрсетпейді;

- көрсеткіш мағыналары жағдайды кеңінен сипаттамайды

№: 5
Бөлімдер: Функция-налды мүмкіндік-тер мен ықтимал қауіп-қатерлер
Стратегиялық жоспарды әзірлеу талаптары:

-мемлекеттік орган қызметтері мен көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған шаралар болу керек

-мемлекеттік орган жоспар-лаған көрсеткіштердің орын-далмау қауіпі туындаған жағдайда, нақты балама шара-лар көрсетілуі қажет

Стратегиялық жоспарды әзірлеу кезінде аймақтық энергетика басқармалары жіберген кемшіліктер:

-басқарама жұмысының сапасын арттыру шаралары аз және нақты емес;

-жоспар бөліміне қатысы жоқ ақпараттар жазылған;

- қаржының болмауын ықтимал қауіп ретінде көрсеткен

№: 6
Бөлімдер: Нормативті-құқықтық актілер
Стратегиялық жоспарды әзірлеу талаптары: ҚР-ң Әділет министрлігі белгі-леген заңдарды орналастыру ретіне сәйкес нормативті- құқықтық актілер жазылуы тиіс
Стратегиялық жоспарды әзірлеу кезінде аймақтық энергетика басқармалары жіберген кемшіліктер: -көрсетілген заңдар орналастыру ретіне сәйкес берілмеген
№: 7
Бөлімдер: Бюджеттік бағдарлама-лар
Стратегиялық жоспарды әзірлеу талаптары: Стратегиялық жоспардың бюджеттік бағдарлама көрсет-кіштері ҚР-ң
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті
Ішкі және сыртқы саясатымыздағы аса маңызды 30 серпінді бағыт
Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағат ұғымы
Стратегиялық жоспарлаудың түсінігі мен мәні
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесіндегі «электронды үкімет» туралы жалпы түсінік
Электр энергия станциясы
Басқарма қызметінің ұйымдастырылуы
Елдердің сыртқы саясаты
Жасыл экономиканы дамытудың жеті негізгі бағыттары
Қазіргі әлемдік үрдісті реттеу және жаңа әлемдік саясат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz