Кәсіпорынның қызметі


КІРІСПЕ
Практиканың мақсаты - бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен техникасы, кәсіпорынның шаруашылық қызметін экономикалық талдау және қаржылық есептілікті аудиттеу жөнінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде алғңан білімдерді мен практикалық жұмыс дағдыларды бекіту мен тереңдету болып табылады.
Практикада студенттің міндеттері:
- өндірстік практика орнына бекітілген мерзімде келу;
- практика өтетін кәсіпорынның ішкі тәртібіне бағынуы;
- практика жетекшілерінің тапсырмаларын бұджытпай орындау;
- кафедра тарапынан бекітілген жетекшінің кеңестерін ескеру;
- атқарылған жұмыстарды практика күнделігінде көрсету
- бухгалтерлік есеп пен аудитті ұйымдастыру жөніндегі инструкциялық және нормативтік материалдарды оқып үйрену.
Практика барысында кәсіпорынның ұйымдастырылуымен, оның құрылымымен, салалық ерекшеліктерімен және кәсіпорын бөлімшелерінің негізгі қызметтерімен; кәсіпорындарда бухгалтерлік есептің және ішкі бақылаудың ұйымдастырылуын зерттедім: есеп саясаттарымен, бастапқы құжаттарымен, құжат айналысын, олардың құрамы мен бекітілуінің тәртіптерімен таныстым, қаржылық талдауды жүргізіп, жетілдіру бойынша ұсыныстарымды жасадым; түгендеу және тексеру операцияларына қатысқан болатынмын.
І-ТАРАУ. ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1. 1. Кәсіпорынның шаруашылық қызметі, құрамы
2005 жылдың 27 сәуерден 31 мамырға дейін мен Алматы қаласының Бостандық ауданы бойынша өндірістік практиканы өткен болатынмын.
Комитет мемлекеттік табыстардың түсуін қамтамасыз ету сферасында мемлекеттік басқару мен бақылау қызметтерін атқаруға уәкілтті мемлекеттік мекеме болып табылады. Комитет өзінің қызмет ету барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президенттің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік табыстар Министрлігі туралы Қаулыны, сондай-ақ қазіргі қаулыларды және де басқа да нормативті актілерге басшылыққа алады.
Салық комитетінің міндеттері болып табылатындар:
- мемлекеттік бюджетке және мемлекет алдындағы қаржылық міндеттемелерді қарастыратын салық заңдары мен басқа да заң актілеріне сәйкес толық және уақытылы бюджеттің барлық деңгейлеріне салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді жинауды қамтамасыз ету;
- салықтарды, алымдарды және басқа да міндетті төлемдермен байланысты төлемеулердің, немесе табыстарды жасыру немесе кемітумен байланысты фактілерді анықтау;
- салық төлеушілерге олардың құқықтары мен міндетері, салық заңдылығының және басқа салық салу бойынша нормативтік актілердің өзгеруі жайлы хабардар ету.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік табыстар Министрмен тағайындалған Төраға комитетті басшылыққа алады. Комитет тікелей Алматы қ. бойынша Салық комитетіне бағынады және жергілікті атқарушы билік органдарына жатпайды.
Комитет төрағасының бұйрығы бойынша төрағаның орынбасарлар және барлық жұмыскерлер лауазымға алынады және босатылады.
Комитет жедел басқару құқығы бойынша оқшаландырылған мүлкі бар.
Комитеттің мүлкі мемлекеттің берілген мүліктің есебінен қалыптасады, және негізі қорлардан, айналым құралдардан, және Комитет балансында көрініс табатын басқа да мүлкі бар.
Комитет республикалық бюджет қаражаттары есебінен қаржыландырылады.
Комитеттің құрлымы:
1. Салық есеп - қисабын қабылдау және өңдеу орталығы( бөлімі) . Бұл бөлім өз кезегінде келесі бөлімшелерге бөлінеді:
- Заңды тұлғалармен жұмыс жасау бөлімі.
- Жеке тұлғалармен жұмыс жасау бөлімі.
Бұл бөлімнің атқаратын қызметі, бөлімнің жұмыс жоспарында көрсетілген талаптарға сай жүргізілуін, ондағы экономикалық бақылауды қамтамасыз етеді. Заңды тұлғалармен жұмыс жасайтын бөлімшенің міндеттерімен мақсаттарына келесілер жатады:
- Бөлімшенің экономикалық бақылау жоспарын құруға оны жүзеге асыруға өз үлесін қосады;
- 2-Н есеп беруін құрастыруға өз үлесін қосады сол бөлімше бойынша барлық мәліметтерді ұсынады;
- Заңды тұлғалардың есеп айрысуын және декларацияның уақытылы өткізілуін қамтамасыз етеді
- Өткізілген декларациялардың және есептерге камералды бақылау жүргізу;
Жеке тұлғалармен есеп айырысу бөлімінде келесі мақсаттары мен міндеттері бар :
- Бөлімшенің экономикалық бақылау жоспарын құруға оны жүзеге асыруға өз үлесін қосады;
- 2-Н есеп беруін құрастыруға өз үлесін қосады сол бөлімше бойынша барлық мәліметтерді ұсынады;
- Жеке тұлғалардың есеп айрысуын және декларацияның уақытылы өткізілуін қамтамасыз етеді
- Өткізілген декларациялардың және есептерге камералды бақылау жүргізу;
- 2. Салықтық аудит бөлімі. Заңды тұлғалардың аудиты. Бұл бөлімнің негізгі мақсаты салық комитетіне өткізілген мәліметтер мен құжаттардың сәйкестігін ондағы құжаттардағы мәліметтердің растығын тексереді.
Заңды тұлғалардың аудит бөлімінде келесідей қызметтік міндеттемелер атқарылады;
- Бөлімшенің экономикалық бақылау жоспарын құруға оны жүзеге асыруға өз үлесін қосады;
- Салық комитетіне өткізілген декларациялармен есептердің құжаттық дұрыстығын тексереді. Заңды тұлғалардың бюджетке төленетін міндетті төлемдерінің уақытылы түсуін қамтамасыз етеді;
- Заңды тұлғаларға түскен арыздар мен шағымдарды заң аумағында тексеру,
- Заңды тұлғалардың құжаттарының өтімділігіне тексеру жүргізу;
- Салық заңнамасына сүйене отырып нарыққа тексеру жүргізу;
- Салық төлеушілердің тіркелмегендерін және декларацияны өткізбей жүргендерді анықтап, өндірістік емес төлемдер бөлімінде өткізеді;
- Патент негізінде қызмет жасайтын заңды тұлғалардың патен алар негізінде көрсеткен мәліметтерінің дәлділігін тексереді;
- Салықтық тексеру негізінде анықталған заң бұзушылықтарды анықтап оларды қаржы полицииясына өткізеді;
- 2-Н есеп беруін құрастыруға өз үлесін қосады сол бөлімше бойынша барлық мәліметтерді ұсынады;
- Жоғары тұрған органдарға мысалы, Алматы қаласы бойынша салық комитетіне өзінің баяндамаларын, өтініштерін есеп берулерін өткізеді.
3. Жеке тұлғалардың аудиты бөлімшесінде келесідей қызметтік міндеттемелерді атқарады:
- Салық комитетіне өткізілген декларациялармен есептердің құжаттық дұрыстығын тексереді. Жеке тұлғалардың бюджетке төленетін міндетті төлемдерінің уақытылы түсуін қамтамасыз етеді;
- Жеке тұлғаларға түскен арыздар мен шағымдарды заң аумағында тексеру;
- Жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметпен айналысуны тоқтатқан жағдайда құжаттық тексеру;
- Жеке тұлғаларға қарсы тексеру жүргізу; ъ
- Патент негізінде қызмет жасайтын жеке тұлғалардың патен алар негізінде көрсеткен мәліметтерінің дәлділігін тексереді;
- Салықтық тексеру негізінде анықталған заң бұзушылықтарды анықтап оларды қаржы полицииясына өткізеді;
- Салық комитетіне өткізілген декларациялармен есептердің құжаттық дұрыстығын тексереді. Заңды тұлғалардың бюджетке төленетін міндетті төлемдерінің уақытылы түсуін қамтамасыз етеді;
- 2-Н есеп беруін құрастыруға өз үлесін қосады сол бөлімше бойынша барлық мәліметтерді ұсынады;
- Жоғары тұрған органдарға мысалы, Алматы қаласы бойынша салық комитетіне өзінің баяндамаларын, өтініштерін есеп берулерін өткізеді.
4. Мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімі. Бұл бөлімнің негзгі мақсаттары төмендегідей:
- Салық төлеушілердің бюджет алдындағы қарыздарына анализ жасау;
- Салық төлеушінің және оның борышкерінің шоттарын уақытылы бақылау жасау;
- Салық төлеушілердің мүліктерін тәркілеумен айналысады егер салық төлеушінің бюджет алдында қарызы болса;
- Тәркіленген мүліктерді аукционға шығаруға құжаттар дайындау;
- Аукционнан түскен түсімдердің бюджетке уақытылы түсуін қадағалау;
- Бакте шоты бар салық төлеушілерді бюджет алдындағы қарыздарын банк арқылы өніріп алу;
- 2-Н есеп беруін құрастыруға өз үлесін қосады сол бөлімше бойынша барлық мәліметтерді ұсынады;
- Жоғары тұрған органдарға мысалы, Алматы қаласы бойынша салық комитетіне өзінің баяндамаларын, өтініштерін есеп берулерін өткізеді.
5. Өндірістік емес төлемдер бөлімі. Бұл бөлімнің негізгі мақсаттары келесілер:
- Бөлімшенің экономикалық бақылау жоспарын құруға оны жүзеге асыруға өз үлесін қосады;
- 2-Н есеп беруін құрастыруға өз үлесін қосады сол бөлімше бойынша барлық мәліметтерді ұсынады;
- Жеке тұлғалардың өз уақытысында декларацияларын өткізуін салықтарды яғни мүлік салығы, көлік құралдарына салынатын салық, жер салығын төленуін қамтамасыз етеді;
- Салық төлеушілердің салық заң намасына түсінбеушіліктерді шешу;
- Өндірістік емес төлемдерге бақылау жасау және талдау жасау.
- Жоғары тұрған органдарға мысалы, Алматы қаласы бойынша салық комитетіне өзінің баяндамаларын, өтініштерін есеп берулерін өткізеді.
6. Құқықтық қамтамассыз ету бөлімі. Бұл бөлім салық заңнамаларының дұрыс орындалуын ондағы көрсетілген тәртіптің орындалуын қамтамасыз етеді. Бұл бөлімнің негзгі міндеттері:
- Бөлімшенің экономикалық бақылау жоспарын құруға оны жүзеге асыруға өз үлесін қосады;
- Салық комитетін құқықтық қамтамасыз етеді;
- Ақпараттық матириялдарды дайындаумен айналысады.
7. Ұйымдастырушы -кадрлық, құжат айналымы бөлім. Бұл бөлімнің негізгі мақсаты Салық комитетінің барлық қызметтестерінің қызметтірін ұйымдастыру мен қатар барлық құжаттарының дұрыстығын талдап зерделейді.
8. . Жиынтып талдау және есеп жүргізу бөлімі. Бұл бөлімнің негізгі қызметтік мінднттеріне келесілер жатады:
- Бюджетке түсетін міндетті төлемдерді талдау және өсу қарқынынна талдау жасау.
- Шағын бизнес жөнінде ақпарат жинау;
- Салық төлеушілердің қаржы -шаруашылық жағдайына мониторинг жүргізу және бақылау жүргізу. Жоғары тұрған органдарға мысалы, Алматы қаласы бойынша салық комитетіне өзінің баяндамаларын, өтініштерін есеп берулерін өткізеді.
9. Ақпараттық қамтамассыз ету бөлімі. Бұл бөлімнегізгі атқаратын қызметтері мен міндеттірі келесілер:
- Салық комитетінің басшылығын қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету. эБюджетке түсетін түсімдерді есептеу;
- 1-Н және 2- Н жедел түрдегі есебін жүргізу;
- Болжанған салықтық түсімдердің орындалуын қамтамасыз етеді.
10. Салық төлеушілерді тіркеу бөлімі. Бұл бөлім осы ауданға қарайтын аймақтағы барлық тұлғаларды заңды немесе жеке тұлғаларды тіркеуге қоюымен айналысады. Бұл бөлімнің атқаратын негізгі қызметі:
- Салық төлеушілерді тіркеу нөмеріне қою.
- Салық төлеушілерді салық төлеуші ретінде мемлекеттік тізімге қою.
11. Жанама салықтар бөлімі. Бұл бөлімнің негізгі қызметтік міндеттері :
- Акциз бойынша тақырыптық тексеру жүргізу;
- Бюджетке түсетін жанама салықтардың аудан бойынша уақытылы түсуін қамтамасыз етеді;
- Қосылған құн салығы бойынша тақырыптық тексеру жүргізу;
12. Жеке кәсіпкерлердің салық есептіліктерін қабылдау және өңдеу бөлімі. Бұл бөлімнің өінің ішінде бөлімшелері болады:
- Заңды тұлғалар мен қызмет жасау;
- Жеке тұлғалармен қызмет жасау;
Салық төлеушілердің өткізілген декларациялары мен есептерінің дұрыстығын қамтамасыз ету және олардың уақытылы дер кезінде түсуін қаматамасыз етумен айналысды.
Комитеттің бухгалтерлік есебі Алматы қаласы бойынша Салық комиеті жүргізеді. Бухгалтерлік есеп Комитетте жүргізілмейді.
Жеке және заңды тұлғалар бойынша аудит бөлімдері кәсіпорын жою байланысты, сол кәсіпорынның бухгалтериясын толық тексереді. Мен өндірістік практиканы өту барысында, «Азия-Инвест» ЖШС жойылу ісімен таныстым. Комиттетің бухгалтерияның жоқ болғандықтан, есебім «Азия-Инвест» ЖШС негізделеді.
- Кәсіпорынның есеп саясаты
«Жаңа өмір» ЖШС халық тұтынатын тауарларды сатумен айналысады.
Қазақстан Республикасының заңдары бойынша заңды тұлға болып табылады, және өзінің қызметін жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасының заңдарына, Жарғының шарттары мен құрылтайшылардың келісім шартына негізделеді.
Халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында, кәсіпорын қызметі сату көлемі мен ассортиментін үлкейтуге бағытталған.
- Бухгалтерлік есептің алдындағы тұрған міндеттер:Жедел басқару, сонымен қатар инвесторлар, кредиторлар, жеткізушілер, салық және басқа дақаржылық ұйымдары үшін қажетті шаруашылық процесстер қызмет нәтижелері жайлы толық және дәйекті ақпаратты қалыптастыру; Мүліктің бар болуы мен қозғалысының, материалды, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды бақылауды қамтамасыз ету; Уақытылы қаржы-шаруашылық қызметте жағымсыз құбылыстардың алдын алу, ішкі резервтерді бақылау және анықтау.
- Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру:
«Жаңа өмір» ЖШС журнал-ордерлік негізде бухгалтерлік есеп ұйымдастырылған. Талдамалы және жинақтамалы тіркелімдер жүргізу мен қаржы есеп беру үшін есеп ақпаратының автоматтандырылған әдісі қолданылады.
Жыл сайын және лауазымды тұлға ауысқан кезде директор ұйымдастыру-басқару және қаржылық-есепті құжаттарда қол қоюға құқығы бар жұмыскерлер тізімін анықтайды.
- Құжат айналымын ұйымдастыру:
1992ж 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының қаулысы бойынша есепті-бухгалтерлік ақпараттарды сақтау мен жою жүргізіледі.
Құжаттаудың кезектілігі, орындаушылардың тізімі, құжаттардың бухгалтерияға түсу, өңдеу және есеп аппараттың ішінде өту мерзімдері, және есепті мерзім ішіндегі бухгалтерлік баланс пен есептілікті құрастырғанаға дейін жұмыстарды аяқтау - есептілерге ғана емес, сонымен қатар басқа да жұмыскерлепр үшін орындау міндетті болып табылатын құжаттар айналымын білдіреді.
«Жаңа өмір» ЖШС құжаттаудың қабылданған жүйесі шаруашылық операциялардың толық көрсетілуін қамтамасыз етеді.
Құжат айналымының графигі, құэаттарды уақытында және сапалы толтыру, ондағы мәліметтердің растығы, бухгалтерлік есепте мәліметтерді көрсету үшін уақытылы құжаттарды тапсыру үшін құжаттарға қол қойған тұлғалар жауапты.
Атқарушылармен құжат айналымының графигінің сақталуын бас бухгалтер бақылайы. Бухгалтерияға мәліметтер мен құжаттарды толтыру мен тапсыру туралы бас бухгалтердің талабы компанияның барлық жұмыскерлері үшін міндетті.
Компанияда коммерциялық құпияны құрайтын бастапқы құжаттардың тізімі:
- Төлем тапсырмалары;
- Банк көшірмелері;
- Кіріс және шығыс кассалық ордерлер;
- Келісім шарттық жеткізілімдер.
Қызметкерлердің біліктілігіне байланысты, бұл ақпаратты біле алатын тұлғалар тізімін Директор анықтайды.
Заң күші бар 1996 ж. 26 желтоқандағы №2732 «Бухгалтерлік есеп туралы» Қазақстан Республикасы Презиентінің Жарғысына сәйкес есеп саясаты жүргізіледі. Оның қалыптсу үшін негіз болып табылатындар: бухгалтерлік есеп стандарттары, оларға әдістемелік ұсынылымдар, сондай-ақ ҚР бухгалтерлік есеп жүйесін реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық актілер. Есеп саясатпен есепті ұйымдастырудың, сонымен қатар ішкі бақылау мен сыртқы аудиттің негізгі ережелері анықталады.
Келесі қағидалардың негізінен қалыптасады: есептеу, үздіксіз қызмет, түсініктілік, маңыздылқ, мәнділік, дәйектілік, аяқталғандық, салыстырмалылық, кезектілік, шынайы және әділ көрсету.
1997 ж. 31 қаңтардағы №4-122 «Субъектілердің қаржы-шарууашылық қызметінің бухгалтерлік есебінің Шоттардың бас жоспарына өтудің тәртібі туралы» бухгалтерлік есеп бойынша ҚР Ұлтық комиссияның хатына сәйкес 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЖШС Шоттардың бас жоспарына көшті:
Қызметттің ерекшелігін ескере отырып Шоттардың бас жоспарының жинақтамалы шоттар шегінде компанияда бухгалтерлік есептің жұмыс жоспардың шоттары шығарылды.
Есеп саясатының қалыптастырылуы үшін «Жаңа өмір» ЖШС директоры жауапты.
Есеп саясатындағы негізгі жағдайдар:
«Жаңа өмір» ЖШС бухгалтерлік балансы 2 БЕС «Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептіліктегі негізгі ашылымдар» барлық талаптарына сәйкес. Қаржы-шаруашылық нәтижесі жайлы есеп 3 БЕС «Қаржы-шаруашлықы қызметінің нәтижесі жайлы есеп» стандартына сәкес жүргізіледі. Есепті мерзімде шеккен шығындар мен алынған табыстар есепті мерзімнің таза табысын немесе зиянын анықтауға кіреді.
ЖШС үшін есепті мерзім календарлық жыл болып табылады. Жедел ақпарат үшін қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері тоқсан айын жүргізіледі. Ақша қаражаттар 441, 451 шоттарда жүргізіледі. Ақша қаражаттардың қозғалысы жайлы есеп тікелей әдіспен ашылады. Касса қалдықтарын түгендеу жоспарлы - ай сайын, жоспарда тыс - директордың бұйрығы бойынша жүргізіледі. Кассалық барлық тәртіптері актімен рәсімделеді.
Есеп саясаты табыстарды бағалау мен тану бойынша 5 БЕС «Табыс» сәкес жүргізіледі.
Есептеу қағидасына сәйкес табыстар бухгалтерлік есепте танылады және ақша қаражаттарда алынғанда және төленгенде емесе, қаржылық есепте қашан олар алында, ал шығыстар мен шығындар - қашан шекті, сәтінде қаржылық есепте көрсетледі. Бір мәмле бойынша табыстар мен шығыстар бір уақытта танылады. Негізігі және негізгі емес қызметтен алынған табыстар жиынтық табысты құрайды.
Мәмілелер бойынша шарттар мен оларға есептеулерге міндетті тәртіпте бас бухгалтер қол қояды.
Негізгі құралдар есебі 6 БЕС «Негізгі құралдар есебі» және осы стандарттақ әдістемелік ұсынылдымдарға сәйкес жүргізіледі. Негізгі құралдар бойынша амортизацияны есептеу бір қалыпты (тура) есептен шығару әдісі бойынша қолданылады. Негізгі құралдардың есебі үшін 122 «Ғимараттар мен үйлер», 123 «Машиналар мен жабдықтар, беріліс қондырғылары», 124 «Көлік құралдары», «Басқа негізгі құралдар» шоттары қолданылады.
Сатып алынған құрал жабдықтың бастапқы құнына сатып алу бағасы, тасымалдауға, сақтандыру, монтаж шығындары кіреді. Қайта бағалаудың нәтижесіндегі негізгі құралдар ағымдағы құн (белгілі бір күнге нарықтық баға) бойынша есеп және есептілікте көрсетіледі.
Негізгі құралдардың келіп түсуі «Негізгі құралдарды қабылдау-өткізу актісімен» рәсімделеді, ол құрылған комиссиямен толытырылады, актілерге берілген объектіге техникалық құжат (паспорт) қыстырылады, келесі жазу жасалады: Дт 122-125 Кт 441. Негізгі құралдар объектілері бойынша төленген сомаларға қосылған құн салығы сомаға: Дт 331 Кт 671, ҚҚС есепке алынғанда Дт 633 Кт 331 (ғимараттар мен жеңіл автомобильдерден басқа) .
Негізгі құралдар объектілерін сату ЖШС президентінің рұқсатымен жүзеге асырылады. Объектіні сатып алушыға өткізу фактісі үш данада «Негізгі құралдарды қабылдау өткізу актісі» (№ ОС-1) рәсімделеді: алғашқы екеуі - өткізетін кәсіпорында (бірінші данасы есепке қыстырылады, екіншісі - өткізуге хабарламаға және акцепт үшін қыстырылады), үшіншісі негізгі құралдар объектісін қабылдайтын тұлғаға беріледі. Актіде объектінің қалпы, оның бастапқы құны, тозу дәрежесі көрсетіледі. Сатылған негізгі құралдар объектінің баланстық құнына келесі жазба жасалады: Дт 842 «Негізгі құралдарды шығысталуына байланысты шығындар» Кт 122-125. Сату сәтіне Жинақталған тозу сомасына Дт 131-134 Кт 122-125. Моральді тозумен байланысты негізгі құралдарды есептен шығару «Негізгі құралдарды есепттен шығару актісімен» рәсімделеді. Актіде объектінің толық қалпы, жоюдың себебі, бастапқы құны, жинақталған тозу сомасы, объектіні жөндеудің саны туралы толық сипаттама беріледі. Акт клмпания президентімен рәсімделеді. Есептен шығарылған объектінің баланстық құнына келесі жазба жасалады: Дт 842 Кт 122-125, жинақталған тозу сомасына Дт 131, 132-134 кт 122-125. Жоюдан алынған бөлек детальдар мен бөліктердің құнына Дт 205 «Қосалқы бөлшектер» Кт 722 «Негізгі қорларды сатудан алынатын табыс». Жылдың ачяғында жоюдың (негізгі құралдарды есептен шығару) нәтижелер көрсетіледі:
Зияндар сомасын есептен шығару: Дт 571 Кт 842;
Табыстар сомасын септен шығарғанда: Дт 722 Кт 571.
131 «Ғимараттар мен үйлердің тозуы», 132 «Машиналар мен жабдықтардың, беріліс қондырғылардың тозуы», 133 «Көлік құралдарының тозуы», 134 «Басқа да құралдардың тозуы» шоттарында пайдалы нормативті қызмет ету мерзімінің ішінде әр есепті мерзім үшін амортизациялық бөлулер көрсетіледі.
Қайта бағалауды өткізу күніне есептелген негізіг құралдардың тозуы негізгі құралдар құнының өзгеруіне пропорционалды өзгереді. Негізгі құралдарды қайта бағалаудың сомасы бухгалтерлік баланстың «Меншік капитал» бөлімінің 541 «Қосымша төленбеген капитал» шотында көрсетіледі. Активтерді пайдалануға байланысты қайта бағалау сомасы бһлінбеген таьбысқа апарылады, бұл тек себепке байланыссыз объект есептен шыңғарылғанда жүзеге асырылады.
Материалды активтер бағдарламалық қамтамасыз етуден тұрады, оның құны 102 шотта көрсетіледі, Амортизациясы 122 шотта есептелінеді.
7 БЕС «Тауарлы-материалдық қорлардың есебі» сәйкес дайын өнімді бағалау орташа құн әдісімен жүргізіледі. Дайын өнімді сатудың бағасы келісім шартпен анықталады. Тауарлы материалдық қорлардың есебі 20 бөлімшенің негізгі активті шоттарында жүргізіледі.
Қоймаға материалдық қорладың келіп түсуі және кірістелуі: ҚР-да ҚҚС бойынша есепте тұрған жеткізушілерден келіп түскен материалдық құндылықтардың құнына (ҚҚС-сыз) Дт 201-206, ҚР-да ҚҚС бойынша есепке тұрған жеткізушілердің салық шот фактураларна кіргізілегн ҚҚС сомалары Дт 331 Кт 671. Егер келіп түскен құныдылықтар бойынша салқытық шот-фактуралар бомаса, онда ҚҚС сомалары есепке қойылмайды.
Тауарлы материалдық қорлардың есебі орта құн өлшемі бойынша бағалау жүргізіледі. Тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысының талдамалы есебі санды-сомалық әдіс бойынша жүргізіледі. Тауарлы материалдық қорлар - келесі түрдегі активтер:
- материалдар, отын, қосалқы бөлшектер, өндірісте пайдалануға немесе қызмет көрсетуге негізделген басқа да материалдар;
- аяқталмаған өндіріс;
- компания қызметі барысында сатуға арналған тауарлар.
Сатып алынған тауарлар есебі үшін 222 «Сатып алынған тауарлар» шоты қолданылады. Тауарлы материалдық құндылықтар келіп түскенде жөнелтпе құжаттардың негізінде жиынтық тізімдеме жасалады, онда нақты өзіндік құн есептелінеді. Ондай құндылықтар қабылдау актімен рәсімделеді, оның негізінде қоймада қабылданады.
Тауарлы-материалдық құндылықтарды қабылдау кезінде жөнелтпен құжаттардағы мәліметтермен санды немесе сапалық айырмашылық анықталған жағдайда, екі данада «Толық жөнелтпеген» деген комиссиямен акт жасалады. Бір данасы бухгалтерияға тапсырылады, еіншісі жеткізушіге жіберіледі.
Тауарлы материалдық құндылықтардың жоспарлы түгендеу жылында 1 рет өткізіледі, қайта есептеу негізінде тауарлы-материалдық құндылықтардың нақты бары 1 қаңтарға көрсетіледі. Тізімдеме негізінде бухгалтер түгендеудің нәтижелерінің салыстыру тізімдемесі жасалады. Түгендеу нәтижесі оны өткізгеннен кейін үш күн кешікпей шығарылады. Құндылықтардық артық шыққандары кірсіке алынады: Дт 201, 222 Кт 727, материалдық құндылықтардың жетіспеуін материалды жауапты тұлғалардан есептен шығарылады: Дт 334 Кт 201, 222. Нақты кінәлілерді анықтағанда: Дт 333/1 Кт 201, 222. Жетіспегендерді өңдеу нарықтық бағалар бойынша жүргізіледі, бірақ нақты өзіндік құнынан төмен емес. Жоспардан тыс түгендеу материалды жауапты тұлға жұмыстан шыққанда және текерулерді жүргізуге құқығы бар салық немесе басқа органдармен тексеріледі.
Жалпы және әкімшілік шығындарға тұтынылған ТМҚ нақты өзіндік құны 201 -206 кредитінен 821 дебетіне апарылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz