Төлеген Тәжібаевтың қоғамдық - саяси қызметі және ғылыми мұрасы



Мазмұны

I Кіріспе

1.1 Мәселенің өзектілігі
1.2 Мәселәнің зерттелу деңгейі
1.3 Зерттеу жұмысының мақсаты
мен міндеттері
1.4 Зерттеу жұмысының деректік негізі
1.5 Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы
1.6 Зерттеу жұмысының методологиялық негізі

II тарау
2.1 Т.Тәжібаевтың ғалым және мемлекет қайраткері ретінде
қалыптасуы
2.2 Қазақстандағы ғылыми.педагогикалық саланың және
сыртқы саясат ісінің дамуына қосқан үлесі
2.3 Т.Тәжібаевтың халық ағарту тарихына арналған мұрасы
2.4 Ұлы тұлға ұмытылмайды

III тарау Қорытынды

IV тарау Пайдаланылған деректер
Мәселенің өзектілігі.
Қазақстанның әлем қауымдастығы қатарынан егемен ел ретінде өз орнын тауып, тәуелсіздік туын тіккен осы бір өзгерістер заманында еліміздің кешегі тарихына деген көзқарас та мүлдем жаңа сипатқа ие болды. Оның бір көрінісі осы уақытқа дейін бұрмаланып, ақиқаты айтылмаған немесе бір жақты қаралған тарихи құбылыстарды ой елегінен өткізіп, оларға объективті баға беруге деген талпыныс. Еліміздің дамуында тарих ғылымының алдында зор міндеттер тұрғаны жайында Республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаев «Тарих толқынында» атты еңбегінде былай деп жазғанды: «Қазақтың сана-сезімі өткендегі, қазіргі және болашақтағы — тарихтың толқынында өзінің ұлттық «Мен» дегізерлік қасиетін түсінуге тұнғыш рет енді ғана мүмкіндік алып отыр. Бірақ бұл мүмкіндік қана, ол шыңдықка, тек казақтардың ғана емес, барлық қазақстаңдықтардың жаппай санасына орныққан фактіге айналуы қажет. Ал осы міндет біздің алдымызға тек қана, бір ғана ұлы мүмкіндік түрінде емес, қатал қажеттілік түрінде де қойылып отыр. Оны шешсек, біз тарихтың өзімізге шақталған мезгіліне сәйкес боламыз, тарихи болымсыздықтың бос қуысында босқа қарманып жүрмейміз» [1].
«Қазақстан Республикасында тарихи сана калыптасуының тұжырымдамасында» отандық тарих ғылымы алдында тарихи білімнің үзіктілігі мен біржақтылығынан мүмкіндігінше арыла отырып, өткен тарихымыздың шынайы бейнесін жасау қажеттігі баса айтылған [2]. Осыған орай тарих сахнасында өзіндік із қалдырған, өз мүддесін ұлт мүддесімен ұштастыруымен ерекшеленген қайраткердің, ұлт зиялыларының, ғалымдардың өмір жолын шынайы тұрғыда зерттеуге де мән беруіміз керек. Бұл жөнінде елімізде көрнекті тарихшы-ғалым ретінде танылған академик М.Қозыбаев отандық тарих ғылымында ең зәрулі проблема — оны тарихи қайраткерлермен тұлғалау екенін баса көрсете отырып: «Күні кешеге дейін жеке адам мен халықтың қатынасы толық ашылмай келді. «Қайраткерлер» ұғымы қызметкерлер, мансап иесі дәрежесіне төмендетілді. Қайраткер — жасампаз адам, жоқтан бар жасаушы, өз мүддесін халық мүддесімен қабыстырып, өз халқын өркениет көгінде жарастырушы болса керек. Ендеше, Отан тарихынан кейбір кездейсоқ адамдарды аластап, тарихи тұлғаларды өз тұғырьна қондыру керек», [3] — деп жазған еді.
Кеңестік дәуірде қазақ зиялыларынан шыққан ел қайраткерлері мен ғалымдарының атқарған қоғамдық — саяси қызметі аракідік зерттелді. Көбіне ондай зерттеулер Қазан төңкерісіне, революцияларға атсалысқандарға арналды. Басқаша айтқанда, жалпы зиялылардың, оның ішінде қазақ зиялыларының тарихын зерттеуге негізгі бөгет болған кедергі коммунистік идеологияға негізделген методологиялық ұстаным екендігі бұл күні айқындалуда.
Маркстік-лениндік методология ұстанымдарының нәтижесінде ұлт зиялыларының рөлі жасаңды түрде төмендетіліп кейінгі орынға ығыстырылып отырды. Көптеген талантты ғалымдар, мәдениет және қоғам қайраткерлері кеңестік жүйе тарапынан қысымшылық көрді. Кезінде кеңестік билік қазақ ұлтының бетіне шыққан оқығандарын, зиялыларын, қаламгерлері мен санаткерлерін сылып алып тастап, бірнеше буынның төбесіне қорқыныш пен үрейді төндірді де тұрды. Бұл ұлт ой-санасының жетілуі мен дәстүр сабақтастығына өз зиянын тигізбей қоймады. Ұлт дамуының күретамыры - рухани салада «ақтаңдақ» беттер көбейді. Осы қиянат ұзақ жылдарға созылып, 80-жылдардың соңына қарай ғана тарихтағы өздеріне тиесілі бағасын ала бастады. Мұндай қарқын еліміз егемендік алғаннан кейін күрт арта түскендігіне бүгінгі таңда куә болып отырмыз.
Қазақстанның аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, академик Төлеген Тәжібайүлы Тәжібаевтың (1910-1964 жж.) тұлғасына көзқарас осындай күрделі мәселелердің қиылысында тұрған тақырып болып табылады. Кеңестік Қазақстанда 1940-1950 жылдары Т.Тәжібаевтың Халық ағарту комиссариатының басшысы ретінде атқарған қызметі, қазақ жоғары оку орындарының қара шаңырағы болып табылатын - қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің (Бүрынғы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті) ректоры қызметінде жоғары білімді дамытуға қоскан үлесі және Қазақ ССР Сыртқы істер Халық комиссариатының (Министрлігінің) алғашқы халық комиссары-министрі болып тағайындалып, бұл саланың аяғынан нық түруы жолында сіңірген еңбегі, соңдай-ақ XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанда педагогикалық ой-пікірдің дамуы мен халық ағарту ісі тарихына арналған еңбектері отандық тарих ғылымында арнайы зерттеу объектісі ретінде қарастырыла қойған жоқ.
Халық ағарту ісінің тарихына қатысты тың зерттеулер жүргізіп, тұжырымдар жасауда Т.Тәжібаев еңбектерінің орны зор. Қазақстан тарихындагы халық ағарту ісі мәселелерін талдап, саралап, мәні мен маңызын көпшілік қауымға жеткізе білуде көп еңбек сіңірген ғалымның мемлекеттік, ғылыми-ұйымдастырушылық қызметіне талдау жасап, баға беру, құнды жақтарын көрсету тақырыптың маңыздылығын арпыра түседі. Төлеген Тәжібайұлы тек Қазақстанның ғана емес, бұрынғы одақтас республикалардың да тарихнамасында халық ағарту ісі тарихын зерттеу ісіне тың ойлар айтып, талдаулар жасады, мәдениеттің кейінгі дамуын ілгеріден келе жатқан үрдістерімен, тарихымен байланыстыра, сабақтастыра қарауды дұрыс деп санады.
Көрнекті ғалым, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, педагогика ғалымдарының докторы, профессор Төлеген Тәжібайұлы Тәжібаевтың мемлекеттік, қоғамдық-саяси қызметіне және халық ағарту ісі тарихына арналған мол мұрасына объективті ғылыми баға беру қайраткер өмір сүрген дәуірдің кыр-сырын терең түсінуге өз септігін тигізері сөзсіз. Сонымен қатар мұндай бағыттағы зерттеу жүмысының нәтижелерін көпшілік қауымга ұсына отырып, өскелең жас ұрпакгы
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
1. Назарбаев Н. Тарих толқынында. — Алматы: Атамұра, 1999. — 296 б. /293 б./
2. Қазақстан Республикасында тарихи сана калыптасуының тұжырымдамасы. — Алматы: Қазақстан, 1995. - 32 б.
3. Қозыбаев М.К, Өркениет және ұлт. - Алматы: Сөздік - Словарь, 2001 - 369 б. /366 б./.
4. Балакаев М. Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері Алматы, 1965. - 60 б.; Бержанов Қ. Қадірменді азамат // Қазақстан мектебі. 1964. № 8. 21-26 б.; Жарықбаев Қ.Б. Бағалы еңбек // Қазақ әдебиеті. 1965. 1 октябрь: Жарықбаев Қ.Б. Дарынды ғалым // Оңтүстік Қазақстан. 1996. 12 октябрь; Бержанов К.Б. Русско -казахское содружество в развитии просвещения (старино-педа-гогическое исследование) - Алма-Ата: Казахстан, 1965. С.13,124, 333; Будилова Е.А. Борьба материализма и идеализма в русской психологической науке (вторая половина XIX - начало XX в.). -М. : Изд. Ан СССР, 1960. С. 279; Колмаков А.Т. Высшее педагогическое образование в Казахстане (1926-1957). Автореф. Дис.канд.пед. наук. М. : 1958. С.16; Баишев С. Слово о Тажибаеве // Тажибаев Т.Т. Развитие педагогической мысли в Казахстане во второй половине XIX века. Алма-Ата: Казахстан, 1965. С.3-5; Жарыкбаев К.Б. Развитие психологической мысли в Казахстане (со второй половины XIX века до наших дней). — Алма-Ата: Казахстан, 1968. С.Ң, 60, 125, 144.
5. Жарыкбаев К.Б. Ученый, дипломат, деятель (о профессоре Т.Тажибаеве) // Южный Казахстан. 1967. 1 августа.
6. Лемберг Р.Г. К истории педагогической науки в Казахстане // Развитие народного образования и педагогическая наука в Казахстане за 40 лет. Алма-Ата, - 1962. - 107 с.
7. Мырзахметов М. Об исследовании литературного наследия Абая Кунанбаева. Автореф. дисс. канд. филол. наук. — Алма-Ата, 1964.
- 28 с. /с.12/.
8. Жарикбаев К.Б., Шабелъников В.К. Развитие психологической науки в Казахской ССР // Вопросы психологии. 1967. - № 4. С.6.; Монтаев К.М., Айгабылов Н.А Косеубаев А.Т. Книга о психоло-гической мысли казахского народа // Вопросы психологии. 1970.
- № 4. С.149-157; Муканов Н.М., Развитие психологической науки в союзных реслубликах // Вопросы психологии. 1972. № 5. С.47-55.
9. Рахимбеков К.Р. Психологияеская концепция К.Д.Ушинского в оценке профессора Т.Тажибаева // Проблемы истории психологии в Казахстане. — Алма-Ата, 1986. - С. 87-93.
10. Уманов Г.А. История создания и тенденции развития профессионалъно-технического образования в Казахстане. Автореф. ... докт. пед. наук. - Алма-Ата, 1970. - 46 с; Сегизбаев О.А. Традиции свободомыслия и атеизма в духовной культуре казахского народа. - Алма-Ата; Наука, 1972 - 107 с. /С.ЮЗ/.; Уразбеков А. Этические воззрения Ибрая Алтынсарина. — Алма-Ата: Наука, 1974. — 128с. /с.4/.; Илъясова А.Н. История становления и развития педагогической науки Казахстана (1917-1988). — Авто-реф... канд. пед. наук. — Алма-Ата, 1989. - 24с. /С.4/.; Шаимерденова К. Педагогические взгляды Абая Кунанбаева. Автореф. канд. пед. наук. — Алма-Ата, 1987. — 22с. /С.4/. 11. Жарикбаев К.Б. Проблемы обучения и воспитания в произведениях казахских просветителей. - Алма-Ата; С.3,9,14.
12. Храпченков Г.М. Научно- педагогаческие вопросы народного образования в Казахстане. — Алма-Ата: Мектеп, 1976. С.3,73.; Храпченков Г.М. Становление и развитие русско-национальных школ Средней Азии и Казахстана в конце 19 ~ начале 20 вв. Автореф... докт.пед. наук. М., 1989. — С.6.
13. Дулатова Д.И. Историграфия дореволюционного Казахстана (1861-1917 гг.) .- Алма-Ата: Наука, 1984-272с. /с.215/.
14. Дулатова Д.И. Изучение социально-экономической, политической и культурной истории дореволюционного Казахстана (сере-дина 30-50-х гг.) // Историческая наука Советского Казахстана (1917-1960 гг.) Очерки становления и развития — Алма-Ата: Ғылым, 1990. - 272 с. /С.152/.
15. Сағынтаев Ы. Абзал азамат // Казақстан мұғалімі. 1985. 22 февраль.; Қүлымбетов Е., Ысқақов Ж. Көрнекті ғалым, педагог қайраткер // Оңтүстік Казақстан. 1985 21 февраль.; Сүйіншәлиев X. Есімі ел есінде // Өркен. 1990. 17 наурыз; Рысбеков Қ. Ғалым, дипломат, ірі мемлекет қайраткері // Оңтүстік Қазақстан. 1990. Бердібай Р., Уманов Г., Серікбаев М. Ұлағатты есім ұмытылмауға тиіс // Қазақ. 1997. 19 қыркүйек;
16. Бердібай Р. Ғалымның хаты өлмейді // Егемен Қазақстан. 1997. 6 қыркүйек; Түрікпенұлы Ж. Ғибратты ғалым, көрнекгі қайраткер // Қазақстан жоғары мектебі. 1996. N2 3. 86-90 б.; Калиев С. Т.Тәжібаев және халық педагогикасы // Ұлт тағлымы. 2000. № 2. 19-20 б.; Тетеева Г. Т.Тәжібаевтың халық ағарту хақындағы зерттеулері // Қазақстан мектебі. 1999. № 9. 76-78 б.
17. Түрікпенұлы Ж. Академик Төлеген Төжібайұлы. - қазақтың көрнекті психолог-педагогы. — Алматы: КР Білім министрлігінің Баспа кабинеті, 1993. 88 б.; Академик Төлеген Тәжібайұлы // Ұлағат. 1995. Х« 2. 62-64 б.; Көрнекті ғалым, педагог, мемлекет қайраткері // Ұлт тағлымы. 2000. №2. 14-18 б.; Педагогика тарихы және академик Т.Тәжібаев // Ұлағат. 1997. № 1-2.
18. Түрікпенүлы Ж. Академик Т.Тәжібаев . — Алматы: Қазақ университеті, 2002. - 377 б.
19. Ахметова М.К. Педагогическое наследие Т.Т.Тажибаева (1910-1964). Автореф. дисс. ... канд. пед. наук. - Тараз, 1999. - 35с; Кулжабаева М.Ж. Историко-педагогическое наследие Тулегена Тажибаева и его использование в воспитании молодежи. Авто-реф. дисс. канд. пед. наук. — Алматы, 2002. — 29 с.
20. Гаипов З.С. Личность в командного-административной системе:
Т.Т.Тажибаев - педагог, ученый, политик. Автореф. дисс.... каңд. полит. наук. — Алматы, 2000. — 28с.
21. Ильясова А.Н. Проблемы развития педагогической теории Казахстана (1900-1960). Автореф. дисс. ... докт. пед. наук. — Алматы, 1997; Халитова И.Р. Абай Құнанбаев мұрасын оқу-тәрбие процесіне енгізу тарихы (1960-1995 жж.) Пед. ғылымд. док. ... дисс. авторефераты. — Алматы, 1998. - 48 б.
22. Жолеейтова М.Ә. Қазақстандағы халық ағарту ісінің қалыптасуы мен дамуы (Тарихи аспект. XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басы. Жетісу мәліметгері бойынша). Тарих ғылымдарының канд. ... дисс. авторефераты. — Алматы, 1999. — 286.; Амерханова Ж.Б. Политика царизма в области народного образования в Казахстане (вторая половина XIX — начале XX вв.). Автореф. ...канд.ист.наук. — Алматы, 1995. - 23 б.; Мырзалиева Э.Қ. Қазақстандағы мұсылман ағартушылығының мәселелері (XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басы. Сырдария облысы қазақ уездерінің мәліметтері бойынша. Тарих аспект). Тарих ғыл. канд.... авторефераты. - Алматы, 2001. -29 6.
23. Омарбеков Т. XX ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері. — Алматы: Қазақпарат, 2001. 404 б. Козыбаев И.М. Историография Казахстана: уроки истории. - Алма-Ата: Рауан, 1990. - 36 с.
25. Гуревич Л.Я. Тоталитаризм против ингеллегенции (Из истории политики тоталитарного государства в отношении ингелигенции Казахстана). — Алма-Ата: Караван, 1992 — 145 с.
26. Кунаев Д. О моем времени. - Алма-Ата: Дәуір — Ынтымақ, 1992. - 312 с. /с.258/.
27. Қозыбаев М. Жұлдызым менің. — Алматы: "Арыс" баспасы, 2001. - 240 б. /95 б:/.
28. Исиналиев М. Он был первым и единственным Наркомом иностранных дел Казахстана (Т.Тажибаев — первый казахстанский дилломат) // Казахстанская правда. 1998. 22 января.; Записки дипломата. — Алматы, Атамұра, 1998. — 220 с.
29. Ыдырысов Ә. Төлеген Тәжібаев рухына тағзым // Ақиқат. 2002. 39-44 б.; Кыдырбекулы Д. Исторические истоки нашей дипломатии. // Мысль. 1996. - № 1. С.13-17.
30. Ахметова Л. Патриотизм в ракурсе истории. - Алматы: Санат,
1996, - 224 с.
31. Актуальные вопросы педагогики и психологии. Сборник статей.
- Алматы. Қазақ университеті, 1990. 4.1-3. 132 с.
32. Казақстан Республикасы орталық мемлкеттік мұрағаты (ҚРОММ).
1137-қ., 6-т., 803-іс, 193-п.
33. ҚРОММ. 1137-қ., 6-т., 803-іс, 193-п.
34. ҚРОММ. 1692-қ., 1-т., 206-іс, 152-п.
35. Т. Тәжібаев «Жалпы психология» Алматы 1993 ж. 7 - б
36. Қазақстан Республикасы Президентінің мүрағаты (ҚРПМ). 708-қ., 14-т., 1640-іс, 14-15 пп.
37. ҚРОММ. 1352-қ., 2-т., 337-іс, 71-73 іш.
38. ҚРПМ. 708-қ., 15-т., 220-іс, 23-п.
39. Правда. 1952. 22 ноября.
40. Ыдырысов Е. Өмірі өнегелі дипломат // Егемен Қазақстан. 2000, 23 ақпан.
41 Т. Тәжібаев «Жалпы психология» Алматы 1993 жыл 7-8 б
42 Қазақстан мектебі 1999 ж №9 76 –б
43 Қ. Жарықбаев «Қазақ псхологиясының тарихы» Алматы Қазақстан 1996 ж 135б
44 Т. Тәжібаев «Жалпы психология» Алматы 1993 ж 9-б

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
Төлеген Тәжібаевтың қоғамдық – саяси қызметі және
ғылыми мұрасы

Мазмұны

I Кіріспе
1.1 Мәселенің өзектілігі
1.2 Мәселәнің зерттелу деңгейі
1.3 Зерттеу жұмысының мақсаты
мен міндеттері
4. Зерттеу жұмысының деректік негізі
5. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы
6. Зерттеу жұмысының методологиялық негізі

II тарау
2.1 Т.Тәжібаевтың ғалым және мемлекет қайраткері ретінде
қалыптасуы
2.2 Қазақстандағы ғылыми-педагогикалық саланың және
сыртқы саясат ісінің дамуына қосқан үлесі
2.3 Т.Тәжібаевтың халық ағарту тарихына арналған мұрасы
2.4 Ұлы тұлға ұмытылмайды

III тарау Қорытынды

IV тарау Пайдаланылған деректер

Мәселенің өзектілігі.
Қазақстанның әлем қауымдастығы қатарынан егемен ел ретінде өз орнын
тауып, тәуелсіздік туын тіккен осы бір өзгерістер заманында еліміздің
кешегі тарихына деген көзқарас та мүлдем жаңа сипатқа ие болды. Оның бір
көрінісі осы уақытқа дейін бұрмаланып, ақиқаты айтылмаған немесе бір жақты
қаралған тарихи құбылыстарды ой елегінен өткізіп, оларға объективті баға
беруге деген талпыныс. Еліміздің дамуында тарих ғылымының алдында зор
міндеттер тұрғаны жайында Республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаев Тарих
толқынында атты еңбегінде былай деп жазғанды: Қазақтың сана-сезімі
өткендегі, қазіргі және болашақтағы — тарихтың толқынында өзінің ұлттық
Мен дегізерлік қасиетін түсінуге тұнғыш рет енді ғана мүмкіндік алып
отыр. Бірақ бұл мүмкіндік қана, ол шыңдықка, тек казақтардың ғана емес,
барлық қазақстаңдықтардың жаппай санасына орныққан фактіге айналуы қажет.
Ал осы міндет біздің алдымызға тек қана, бір ғана ұлы мүмкіндік түрінде
емес, қатал қажеттілік түрінде де қойылып отыр. Оны шешсек, біз тарихтың
өзімізге шақталған мезгіліне сәйкес боламыз, тарихи болымсыздықтың бос
қуысында босқа қарманып жүрмейміз [1].
Қазақстан Республикасында тарихи сана калыптасуының тұжырымдамасында
отандық тарих ғылымы алдында тарихи білімнің үзіктілігі мен біржақтылығынан
мүмкіндігінше арыла отырып, өткен тарихымыздың шынайы бейнесін жасау
қажеттігі баса айтылған [2]. Осыған орай тарих сахнасында өзіндік із
қалдырған, өз мүддесін ұлт мүддесімен ұштастыруымен ерекшеленген
қайраткердің, ұлт зиялыларының, ғалымдардың өмір жолын шынайы тұрғыда
зерттеуге де мән беруіміз керек. Бұл жөнінде елімізде көрнекті тарихшы-
ғалым ретінде танылған академик М.Қозыбаев отандық тарих ғылымында ең
зәрулі проблема — оны тарихи қайраткерлермен тұлғалау екенін баса көрсете
отырып: Күні кешеге дейін жеке адам мен халықтың қатынасы толық ашылмай
келді. Қайраткерлер ұғымы қызметкерлер, мансап иесі дәрежесіне
төмендетілді. Қайраткер — жасампаз адам, жоқтан бар жасаушы, өз мүддесін
халық мүддесімен қабыстырып, өз халқын өркениет көгінде жарастырушы болса
керек. Ендеше, Отан тарихынан кейбір кездейсоқ адамдарды аластап, тарихи
тұлғаларды өз тұғырьна қондыру керек, [3] — деп жазған еді.
Кеңестік дәуірде қазақ зиялыларынан шыққан ел қайраткерлері мен
ғалымдарының атқарған қоғамдық — саяси қызметі аракідік зерттелді. Көбіне
ондай зерттеулер Қазан төңкерісіне, революцияларға атсалысқандарға арналды.
Басқаша айтқанда, жалпы зиялылардың, оның ішінде қазақ зиялыларының тарихын
зерттеуге негізгі бөгет болған кедергі коммунистік идеологияға негізделген
методологиялық ұстаным екендігі бұл күні айқындалуда.
Маркстік-лениндік методология ұстанымдарының нәтижесінде ұлт
зиялыларының рөлі жасаңды түрде төмендетіліп кейінгі орынға ығыстырылып
отырды. Көптеген талантты ғалымдар, мәдениет және қоғам қайраткерлері
кеңестік жүйе тарапынан қысымшылық көрді. Кезінде кеңестік билік қазақ
ұлтының бетіне шыққан оқығандарын, зиялыларын, қаламгерлері мен
санаткерлерін сылып алып тастап, бірнеше буынның төбесіне қорқыныш пен
үрейді төндірді де тұрды. Бұл ұлт ой-санасының жетілуі мен дәстүр
сабақтастығына өз зиянын тигізбей қоймады. Ұлт дамуының күретамыры - рухани
салада ақтаңдақ беттер көбейді. Осы қиянат ұзақ жылдарға созылып, 80-
жылдардың соңына қарай ғана тарихтағы өздеріне тиесілі бағасын ала бастады.
Мұндай қарқын еліміз егемендік алғаннан кейін күрт арта түскендігіне
бүгінгі таңда куә болып отырмыз.
Қазақстанның аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым,
академик Төлеген Тәжібайүлы Тәжібаевтың (1910-1964 жж.) тұлғасына көзқарас
осындай күрделі мәселелердің қиылысында тұрған тақырып болып табылады.
Кеңестік Қазақстанда 1940-1950 жылдары Т.Тәжібаевтың Халық ағарту
комиссариатының басшысы ретінде атқарған қызметі, қазақ жоғары оку
орындарының қара шаңырағы болып табылатын - қазіргі әл-Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық университетінің (Бүрынғы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік
университеті) ректоры қызметінде жоғары білімді дамытуға қоскан үлесі және
Қазақ ССР Сыртқы істер Халық комиссариатының (Министрлігінің) алғашқы халық
комиссары-министрі болып тағайындалып, бұл саланың аяғынан нық түруы
жолында сіңірген еңбегі, соңдай-ақ XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX
ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанда педагогикалық ой-пікірдің дамуы мен
халық ағарту ісі тарихына арналған еңбектері отандық тарих ғылымында арнайы
зерттеу объектісі ретінде қарастырыла қойған жоқ.
Халық ағарту ісінің тарихына қатысты тың зерттеулер жүргізіп,
тұжырымдар жасауда Т.Тәжібаев еңбектерінің орны зор. Қазақстан тарихындагы
халық ағарту ісі мәселелерін талдап, саралап, мәні мен маңызын көпшілік
қауымға жеткізе білуде көп еңбек сіңірген ғалымның мемлекеттік, ғылыми-
ұйымдастырушылық қызметіне талдау жасап, баға беру, құнды жақтарын көрсету
тақырыптың маңыздылығын арпыра түседі. Төлеген Тәжібайұлы тек Қазақстанның
ғана емес, бұрынғы одақтас республикалардың да тарихнамасында халық ағарту
ісі тарихын зерттеу ісіне тың ойлар айтып, талдаулар жасады, мәдениеттің
кейінгі дамуын ілгеріден келе жатқан үрдістерімен, тарихымен байланыстыра,
сабақтастыра қарауды дұрыс деп санады.
Көрнекті ғалым, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, педагогика
ғалымдарының докторы, профессор Төлеген Тәжібайұлы Тәжібаевтың мемлекеттік,
қоғамдық-саяси қызметіне және халық ағарту ісі тарихына арналған мол
мұрасына объективті ғылыми баға беру қайраткер өмір сүрген дәуірдің кыр-
сырын терең түсінуге өз септігін тигізері сөзсіз. Сонымен қатар мұндай
бағыттағы зерттеу жүмысының нәтижелерін көпшілік қауымга ұсына отырып,
өскелең жас ұрпакгы отаншылдық рухта тәрбиелеуге игі ықпал жасай аламыз.
Сондықтан біз қарастырып отырған тақырып ғылыми және практикалық
сұраныстарға ие мәселеге арналған деп нық сеніммен айтуға болады.

Мәселенің зерттелу деңгейі. Т.Тәжібаевтың өмір жолы, қоғамдық-саяси,
мемлекеттік қызметі және оның ғылыми еңбектері жайлы ғылыми пікірлер XX
ғасырдың екінші жартысынан бастау алады. Олардың алғашқылары қатарына
Т.Тәжібаевтың ғылыми еңбектеріне қатысты М.Балакдев, Қ.Бержанов,
Қ.Б.Жарықбаев, Е.А.Будилова, А.Т. Колмаков және С.Баишев секілді белгілі
зерттеуші - ғалымдар тарапынан білдірілген пікірлерді [4] жатқызуға болады.
Бұл аталған ғалымдардың ғылыми пікірлерінде Т.Тәжібаевтың еңбектеріне
жоғары ғылыми баға беріліп, оның Қазақстанда педагогикалық ой-пiкiрдің даму
тарихын зерттеуге қосқан үлесі ерекше аталып көрсетілген. Сонымен қатар бұл
пікірлерде Т.Тәжібаевтың халық ағарту ісі тарихына қатысты жасаған
тұжырымдары осы салада зерттеу жұмыстарын терең зерттеу жасауға жол аша
түсетіндігі де айтылған болатын.
Т.Тәжібаевтың ғылым саласында ғана емес, дипломатиялық қызметте де
атқарған ісіне қатысты алғаш пікір білдіруші К,Б.Жарықбаев болды. Оның 1967
жылы Южный Казахстан газетінде жарияланған мақаласында [5] Т.Тәжібаев
ғылымды дипломатиялық қызметпен қатар алып жүрген қайраткер ретінде
көрсетілген.
Қазақстанда педагогикалық ғылымның дамуына байланысты Р.Г.Лембергтің
1962 жылы жариялаған мақаласында [6] бұл салада Т.Тәжібаевтың сіңірген
еңбегіне жан-жақты талдау жасалынған. Онда Р.Г.Лемберг сол дәуірдегі өзге
де авторлар секілді Т.Тәжібаевтың еңбектерін кеңестік педагогика
талаптарына сай бағалаған болатын. Дегенмен кеңестік идеология талаптарына
қарамастан зерттеушілер Т.Тәжібаевтың еңбектері қазақ халқының мәдени,
рухани мұраларын зерттеуге өзіндік игі ықпалын тигізетіндiгiн атап көрсетіп
жатты. Мәселен, белгілі филолог — ғалым М.Мырзахметов Абай Қүнанбаевтың
әдеби мұраларын зерттеу мөселесі бойынша қорғаған кандидаттық
диссертациясында [7] Т.Төжібаевтың абайтану саласына қосқан үлесі казақ
халқының рухани қазынасын жаңа қырынан қарауға итермелейді деген тұжырым
жасаған. Мұндай түжырымның астарынан қазақ халқының рухани мәдениетін
ұлттық мүдде тұрғысынан зерттеу қажеттігі жатқан еді деген пікір туындайды.
Қазақстанда психология ғылымының дамуы мәселесіне арналған
К,Б.Жарықбаев, В.К.Шабельников, М.Н.Мукдинов, К.М.Монтаев, Н.А.
Айғабылов, А.Т.Көсеубаев секілді зерттеушілердің 1960-1970 жылдары жарық
көрген макалаларында [8] Т.Тәжібаев есімі бұл ғылым саласымен тығыз
байланыстырылған. Бұл авторларлар Ш.Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин,
А.Құнанбаев секілді қазақ ағартушыларының философиялық, психологиялық және
педагогакалық көзқарастарын зерттеуге алғашқы із салушы ғалым ретінде
Т.Тәжібаевты көрсетеді. К.Р. Рахымбековтің мақаласында [9] белгілі
орыс педагогы К.Д. Ушинскийдің психологиялық концепциясының
Т.Тәжібаев еңбектерінде талдануы қарастырылып, ғалымның бұл мәселені
таңдауындағы әдісі айқындалған. К.Р.Рахымбековтің көрсетуінше Т.Тәжібаев
К.Д.Ушинскийдің педагогикалық көзқарасының қазақ ағартушыларының
көзқарасымен үйлесім тапқан тұстарына алғаш назар аударған.
Халық ағарту ісі мен педагогакалық ой-пікірдің дамуы мәселесіне
қатысты 1970-1980 жылдары қазақстандық зерттеушілердің қаламынан бірқатар
еңбектер [10] жарық көрді. Олардың барлығында дерлік Т.Тәжібаевтың бүл
салаға қосқан үлесі зерттеушілер тарапынан аталынып өтілді. Қ.Б.
Жарықбаев қазақ ағартушыларының педагогикалық ой-әрлерін зерттеуде
Т.Төжібаев еңбектерін айналып өтуге әсте болмайтындығына арнайы тоқталған
[11]. Г.М.Храпченковтың халық ағарту ісі тарихына байланысты жазылған
еңбектерінде [12] Т.Тәжі-баевтың бұл саладағы зерттеу жұмыстарына жоғары
баға береді. Автор Т.Тәжібаевтың XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX
ғасырдьщ бас кезіндегі Қазақстандағы халық ағарту ісі тарихын зерттеуде
көптеген мұрағат құжаттарын ғылыми айналымға тартқанын, сөйтіл отарлық
дәуірдегі халық ағарту ісінің ерекшеліктерін жан-жақты ашып көрсетуге
алғашқы қадам жасағанын айтқан.
Т.Тәжібаевтың ғылыми мүралары отандық тарих ғылымында 1980 жылдың орта
тұсынан бастап саралана бастады. Бұл ретте Д.И.Дулатованың есімін ерекше
атап көрсетуге болады. Оның революцияга дейінгі Казақстан тарихнамасына
арналған еңбегінде [13] Т.Тәжібаевтың XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас
кезіндегі қазақ ағартушыларының педагогикалық ой-пікірлері мен халық ағарту
ісі тарихын зерттеуге қосқан үлесі тарихнамалық талдауга түскен. Автордың
пікірінше Т.Тәжібаев Қазақстанда педагогикалық ой-пікірдің дамуын
Ш.Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин және А. Құнанбаев есімдерімен байланыстыра
отырып, халық ағарту ісіне байланысты патша өкімеі ұстанған реакциялық
саясаттың зардаптарын дәл ашып көрсеткен. Мұндай пікірді Д.ИДулатованың
1990 жылы жарық көрген мақаласынан да [14] кездестіруге болады.
Академик Т.Тәжібаевтың мемлекеттік қызметте және педагог-ғалымдарды
тәрбиелеп қалыптастыруда атқарған өнегелі істері жайында кеңестік дәуірде
бірқатар мақалалар жарық көрді. Ғалымның мерейтойларына орай жазылған
Ы.Сағынтаев, Е.Құлымбетов, Қ.Рысбеков, Х.Сүйіншәлиев, Қ.Қаражігітова,
Ж.Түрікпенов секілді авторлардың мақалаларында [15] біз қарастырып отырған
мәселеге қатысты пікірлер білдірілген. Бұл мақалаларда Т.Тәжібаевтың қазақ
ғалымдарына көрсеткен қамқорлықтары жайында мәліметтер берілген.
Дегенмен, кеңестік дәуірдегі ғылыми еңбектерде және көпшілікке
арналған басылымдарда Т.Тәжібаевқа кеңестік жүйе тарапынан жасалған
қысымшылықтар жайлы ешқандай да пiкiр білдірілмеді. Бұл негізінен сол
дәуірдің идеологиясының әсеріне байланысты еді. Алайда Т.Тәжібаевтың өмірі
мен қызметіне қатысты мұндай мәліметтер еліміз егемендік алғаннан кейінгі
кезеңде біршама болса да жариялана бастады. Мұндай мәліметтерді Р.Бердібай,
Г.Уманов, М.Серікбаев, Ж.Түрікпенұлы, С.Қалиев, Г.Тетеева секілді автордың
мақалаларынан [16] кездестіруге болады.
Осы аталған авторлардың ішінде Ж.Түрікпенұлының Т.Тәжібаевтың өмір
жолын, қызметін және ғылыми мұраларын зерттеуде елеулі іс атқарып келе
жатқанын ерекше атап өтуге болады. Профессор Ж.Түрікпенұлы Т.Тәжібаев
туралы соңғы он жыл көлемінде көптеген ғылыми мақалалар мен еңбектер [17]
жариялап, қайраткердің қоғамдық-саяси кызметіне және ғылыми мұраларына
қатысты көптеген мәліметтерді көпшілік қауым назарына ұсынды. Оның 2002
жылы Академик Т.Т.Тәжібаев атты еңбегі [18] жарық көрді. Бұл еңбегінде
Т.Тәжібаевтың өмір жолы мен ұстаздық қызметіне шолу жасалынып, қайраткер-
ұстаз жайлы естеліктер берілген.
Бүгінгі таңда Т.Тәжібаевтың ғылыми мұралары педагогика ғылымы
саласында диссертациялық деңгейде зерттеліне бастады. Бүған М.К.Ахметованың
және М.Ж.Құлжабаеваның диссертациялық жұмыстары [19] дәлел бола алады. Бұл
диссертациялық жұмыстарда Т.Тәжібаевтың ғылыми мұралары педагогика
ғылымының талаптарына сай талданып, оны практикаға енгізудің тиімді жолдары
қарастырылған. Соңдықтан аталған автордың зерттеу жұмысында Т.Тәжібаевтың
атқарған қызметінің астарлары каралмай қалған.
Казақстандық саясаттану ғылымы саласында да Т.Тәжібаев диссертациялық
деңгейде зерттеу объектісіне алынған. З.С.Гаиповтың саясаттану ғылымдарының
кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациялык жұмысында
[20] Т.Тәжібаевтың әміршіл-әкімшілік жүйедегі тұлғалық ерекшелігі
сараланған. Саясаттану ғылымдарының талабына сәйкес аталмыш жұмыста
Т.Тәжібаев өмір сүрген тарихи кезеңге сәйкес келетін және кайраткердің
қоғамдық-саяси қызметіне қатысты барынша мол деректі қамту мақсат
етілмеген.
Т.Тәжібаевтың ғылыми мұраларының еліміздің гуманитарлық ғылымдарының
дамуындағы орны мен рөліне баға беру бүгінгі таңда да өз жалғасын табуда.
Педагогика ғылымы саласы бойьшша жазылған А.Н.Ілиясованың және
И.Р.Халитованың докторлық жұмыстарында [21] Т.Тәжiбаевтың еңбектерінің
педагогикалық зерттеулердегі рөлі аталынып өтілген.
Отандық тарих ғылымы саласы бойынша қорғалып жатқан диссертациялық
жұмыстарда да Т.Тәжібаев еңбектеріне тарихнамалық талдау жасалуда. Ондай
талдаулар көп жағдайда XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезінде халық
ағарту ісі тарихының мәселелеріне қатысты жазылған еңбектерде көрініс
тапқан. Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған
М.Ә.Жолсейітованың, Ж.Б.Әмірханованың және Э.К,Мырзалиеваның диссертациялық
жұмыстарында [22] Т.Тәжібаевтың еңбектері тарих ғылымының қазіргі кездегі
жетістігі тұрғысынан талданған. Осы авторлардың ішінде М.Ә.Жолсейітова
Т.Тәжібаев еңбектерін тереңірек, өзге авторлардың еңбектерімен салыстыра
қарастырумен ерекшеленеді. М.Ә.Жолсейітова Қазақстандағы халық ағарту ісі
тарихын жазған Н.П.Остроумов секілді т.б. орыс зерттеушілерінің тарихи
шындықты бұрмалағанын ашық мәлімдеген бірден-бір ғалым Т.Тәжібаев болғанын
баса көрсетеді. Бұған дейін Н.П.Остроумов Түркістан өлкесіне білім таратқан
ғалым ретінде дәріптеліп, оның миссионерлік әрекеті айтылмай келген еді.
Т.Тәжібаевқа кеңестік билік тарапынан жасалған қысымшылықтардың бірі 1951
жылы Е. Бекмаханов, Б.Сүлейменов және К,Бекхожин секілді қазақ ғалымдарының
ісіне байланысты жүргізілгенді. Отандық тарих ғылымында бұл мәселе
көрнекті қазақ тарихшысы Т.Омарбеков еңбегінде [23] нақтылы көрініс тапқан.
Сондай-ақ сол тарихи кезеңдегі қазақ ғалымдарының бастан кешкен ахуалын
түсінуге И.М.Қозыбаевтың еңбегі де [24] белгілі дәрежеде өз септігін
тигізеді. Л.Я.Гуревичтің еңбегінде [25] Т.Тәжібаевтың тоталитарлық режим
жағдайында атқарған қоғамдық — саяси қызметінiң кейбір астарлы тұстары
ашылып көрсетілген. Автор Т.Тәжібаевтың қазақ зиялыларына көрсеткен
қамқорлықтарына да тоқталған.
Көрнекті мемлекет қайраткері Д.А.Қонаевтың естелік кітабында да
Т.Тәжібаевқа қатысты оң пікір білдірілгенін осы жерде айта кеткен жөн. Ол
өзінің бұл естелігінде Т.Тәжібаев туралы былай деп жазған: Тәжібаевпен мен
ол халық ағарту халкомы болып қызмет етіп жүрген кезде таныстым. Кейіннен
бізді тағдыр тоғыстырып, бірге Халық комиссариаты кеңесі төрағасының
орынбасарлары болып қызмет еттік. Бұл Ұлы Отан соғысы жылдары еді. Тәжібаев
республиканың тұңғыш Сыртқы істер министрі болды, біраз уақыт Қазақ
мемлекеттік университетінің ректоры болып қызмет етті. 1954 жылы Мен Ғылым
Академиясында жұмыс істегенімде ол республика Ғылым Академиясының толық
мүшесі болып сайланды. Ол республика ғылымы мен мәдениетінің дамуына және
білікті мамандар даярлау ісіне елеулі үлес қосты [26]. Д.А. Қонаевтың
Т.Тәжібаев туралы айтқан бұл пікірінің өзі шынайы екендігі еш күмән
тудырмайды. Т.Тәжібаев туралы мұндай жылы лебізді академик М. Қозыбаевтың
Жұлдызым менің атты естелігінен де [27] кездестіруге болады. Ол өзінің
университетте білім алу барысында Т.Тәжібаевтан дәріс алғанын үлкен
мақганыш сезіммен жеткізеді.
Қазақ КСР-нің 1981-1989 жылдар аралығында Сыртқы істер министрі болған
М.Исиналиевтің еңбегінде және жарияланған мақаласында [28] Т.Тәжібаев
жайында, әсіресе оның дипломатиялық қызметіне қатысты тың ой-пікірлер
білдірілген. М.Исиналиев Т.Тәжібаевтьщ дипломатиялық қызметіне шолу жасай
отырып, оны Қазақстанның сыртқы байланыстарының негізін қалаушы ретінде
орынды бағалайды. Т.Тәжібаевтың дипломатиялық қызметіне баға беру
Ә.Ыдырысовтың және Д.Қыдырбекұлының мақалаларында [29] орын алған. Бұл
авторлардың Т.Тәжібаевтың дипломатиялық қызметі жайында айтқан пікірлері
М.Исиналиевтің пікірімен үндестік тапқан.
Л.Ахметовтың еңбегінде [30] Т.Тәжібаевтың қызметіне қатысты мысалдар
келтірілген. Онда автор Т.Тәжібаевтың қазақ интеллегенциясы өкілдеріне
танытқан қамқорлығын отаншылдық рухтың кеңестік дәуір кезеңінде бой
көрсетуінің белгісі ретінде бағалайды.
Еліміздің зиялы қауымы Т.Тәжібаевтың мемлекеттік және ғылыми қызметі
өзіндік маңызға ие екендігін атап көрсетуде. Бұған Т.Тәжібаевтың 2000 жылы
мерейтойына орай әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде
Педагогика мен психологияның өзекті мәселелері атты ғылыми конференцияның
өткізілуі дәлел бола алады. Бұл конференцияда академик М.Қ.Қозыбаев және
Қ.Жарыкбаев секілді т.б. ғалымдар Т.Тәжібаевтың елімізде жоғарғы оқу
орыңдарының дамуына қосқан үлесіне және республикамызда сыртқы істер
ведомствосының қалыптасуына сіңірген еңбегіне жоғары баға берді. Сондай-ақ
ғалымдар қатарында Т.Тәжібаевтың патша өкіметінің отаршылдық саясаты
дәуірінде елімізде халық ағарту ісінің даму ерекшеліктерін ашып көрсетуге
қосқан үлесін тарих ғылымының бүгінгі таңдағы жетістігі тұрғысынан
саралағандар да болды [31]. Осы аталмыш конференцияны Т.Тәжібаевтың
мемлекеттік және ғылыми қызметін онан әрі терең зерттеле түсуге өзіндік
серпін береді деп те ұйғаруға болады.
Т.Тәжібаевтың мемлекеттік, қоғамдық-саяси және ғылыми қызметінің
ғылыми және ғылыми-көпшілік еңбектерде баяндалу тарихына шолу жасау арқылы
бұл мәселенің әлі де зерттеле түсуі кажеттігіне көз жеткізе аламыз. Әсіресе
Т.Тәжібаевтың өскен, білім алған ортасына және атқарған қызметіне қатысты
мол дерек көздерін жинастырып, Қазақстандағы ағарту ісінің тарихына
арналған ғылыми мұрасын саралай отырып, тарихи зерттеу жұмысын жүргізу өте
қажет.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.
Жұмыстың басты мақсаты — түрлі деректер мен ғылыми айналымға алғаш рет
енгізіліп отырған мұрағат материалдарын сараптай келе Т.Тәжібаевтың өмірі
мен қоғамдық-саяси қызметін, тарихи шығармашылық мұрасын ашып көрсету. Сол
арқылы оның мемлекеттік тұлғасы мен ғалымдық келбетін айқындау зерттеу
жұмысының басты өзегі болып табылады. Зерттеу жұмысында Т.Тәжібаевтың халық
алдындағы еңбегіне және ғылыми мұрасына сүйене отырып, оның өмір жолын
барынша ашып көрсетуді мақсат еттік. Осыған орай зерттеу жұмысының алдына
мынадай нақтылы міндеттер қойылды:
Т.Тәжібаевтың өскен және білім алған ортасын айқындап, оның қайраткер,
көрнекті ғалым ретінде қалыптасуына тигізген әсерін көрсету;
Кеңестік дәуірде қайраткерлік дәрежедегі ірі тұлға деңгейіне
көтерілген Т.Тәжібаевтың Халық ағарту комиссариатының жетекшісі ретінде
атқарған ауқымды еңбегін қоршаған саяси-әлеуметтік құбылыстармен
байланыстыра зерттеу;
- Т.Т.Тәжібаевтың республикада жоғары білім беру саласына қосқан
үлесін оның қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде ректор
болып атқарған қызметін саралау арқылы баяндау;
- Казақ КСР Халком төрағасының орынбасары ретінде және Сыртқы істер
комиссариатының алғашқы басшысы болып қызмет еткендегі Т.Тәжібаевтың
атқарған қажырлы еңбегіне тиесілі ғылыми баға беру;
- әкімшіл-әміршілдік жүйе тарапынан Т.Тәжібаевқа жасалған
қысымшылықтар кеңес өкіметінің ұлт саясатымен ұштасып жатқандығын дәлелді
деректік мәліметтермен негіздеу;
- Т.Т.Тәжібаевтың Қазақстандағы қоғамдық, педагогикалық ой-пікірдің
даму тарихын зерттеуге қосқан үлесін тарих ғылымының бүгінгі таңдағы
жетістігі тұрғысынан саралау;
- Қазақстандағы халық ағарту ісінің тарихын зерттеуде Т.Т.Тәжібаевтың
соңына қалдырған ғылыми мұраларының маңыздылығын айқындау.

Зерттеу жұмысының деректік негізі.
Жұмыстың дерек көзі ретінде түрлі мұрағат құжаттары, мерзімді баспасөз
материалдары, ғылыми еңбектердің мәліметтері сұрыпталып пайдаланылды.
Зерттеу жұмысы барысында Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік
мұрағатының және Казақстан Республикасының Президенті мұрағатының
қорларынан алынған кұжаттар ғылыми айналымға кеңінен тартылды. Ол
қүжаттардың елеулі бөлігі алғаш рет осы зерттеу жұмысында қолданыс
тапқандығын ерекше атап көрсетуге болады.
Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұрағатынан мына
қорлардың құжаттары қолданыс тапты: Р-1352 (Еңбек Қызыл Ту орденді
С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті), Р-1955 (ҚазақКСР Сыртқы
істер министрлігі), Р-1692 (ҚазақКСР Халық ағарту министрлігі), Р-
1137 (Қазақ КСР Халық комиссарлары кеңесі), Р-7888 (Абай атындағы
Қазақ мемлекеттік педагогикалық институты), Р-2070 (Ы. Алтынсарин атындағы
педагогика ғылымдарының ғылыми зерттеу институты).
Осы аталған қорларда Т.Тәжібаевтың атқарған қызметтеріне қатысты
көптеген құжаттар жинақталған. Ондай кұжаттардың басым көпшілігі
Т.Тәжібаевтың кезінде атқарған мемлекеттік қызметтеріне байланысты десек те
болады. Мәселен, Р-1955 қорда Т.Тәжібаев негізін қалаған Қазақ ССР Сыртқы
істер министрлігінің бастапқы қызметін қайраткер есімімен байланыста
көрсететін құжаттар молынан кездеседі. Бұл қордағы алғашқы құжаттардың
барлығы дерлік Т.Тәжібаевтың қолынан шыққан десек артық айтпаған боламыз.
Сондай-ақ бұл қорда Т.Тәжібаевтың Сыртқы істер министрі болып тұрғандағы
кезіне қатысты ғана емес, елшілік кызметіне де байланысты құжаттар
жинақталған.
Т.Тәжібаевтың қазіргі Қазақ Ұлттық университетіне ректор болып тұрған
кезіндегі қызметіне қатысты кұжаттар Р-1352 қордан алынды. Бұл қорда
Т.Тәжібаевтың басшылығымен өткен университеттік іс-шараларға қатысты
құжатгар көптеп ұшырасады. Олардың ішінде университетте оқу ісі мен ғылыми
жұмысты жетілдіру, студенттер арасында тәрбие жұмысын жүргізу секілді
істерге Т.Тәжібаевтың жіті көңіл бөлгендігі жайында сыр шертетін
құжаттардың жеткілікті екендігін айта кеткен жөн.
Қайраткердің Қазақ КСР Халық ағарту комиссариатын басқарған кезіндегі
кызметіне қатысты құжаттар Р-1692 қордан алынды. Ол құжаттар Т.Тәжібаевтың
республикадағы халық ағарту саласына жетекшілік еткен кезде, халық мүддесін
жоғары койғандығына және ұлттык білім беру ошақтарының қорғанышы
болғандығына көз жеткізеді.
Мемлекеттік қызметтен өзге ғылым және педагогика саласында
Т.Тәжібаевтың атқарған еңбегіне қатысты мөліметтер Р-2070, Р-1137, Р-7888
қорларында молынан ұшырасады. Ол кұжаттардың қатарында Т.Т.Тәжібаевтың
әкімшіл-әміршіл жүйе тарапынан қысымшылық көргені жайында мәліметтер де бой
көрсетеді. Мұндай мәліметтерді Қазақстан Республикасының Президенті
мұрағатының 708-қорының құжаттары да нақтылай түседі.
Қазақстан Республикасының Президенті мұрағатында XX ғасырдың 50
жылдары тоталитарлық жүйе тарапынан қазақ интеллегенциясы өкілдеріне
жасалған қысымшылықтар жайында көптеген құжаттар барлығы көпшілік ғылыми
қауымға аян. Сондай кұжаттардың бір шеті Т.Тәжібаевқа да қатысты.
Т.Тәжібаев Қазақ ұлттық университетінде ректор қызметін атқара жүріп, қазақ
ғалымдарына көп камқорлық жасады. Оның қамқорлығын көргендер қатарында
М.Әуезов, Е.Бекмаханов және т.б. болды. Оның мұндай қамқорлығын
тоталитарлық жүйе ұлтшылдық көрінісі ретінде бағалап, түрлі қысымшылық
көрсетті. Бұл жайлы құжаттар Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатында
соңғы он жылдықта ғана ашыла бастады.
Т.Т.Тәжібаевтың өмір жолына, атқарған қызметіне қатысты мәліметтер
мерзімді басылымдарда да жетерлік. Мәселен, қазіргі Қазақ ұлттық
университетінің 1940- жылдардағы баспа органы болған За отличную учебу
деп аталатын газет беттерінде университеттің күнделікті өмір-тынысына
қатысты материалдар жарияланған. Ондай материалдардың ішінде Т.Тәжібаевтың
атқарған қызметіне қатысты мәліметтер де бар.
Правда, Социалистік Қазақстан, Казахстанская правда газеттерінде
және Большевик Казахстана, Педагогика и психология, Вестник Академии
Наук Казахской ССР атты журналдарда да Т.Тәжібаевтың сол тұстағы қызметіне
қатысты материалдар жарияланған. Ол материалдарда Т.Тәжібаевтің ғылыми
қызметіне қатысты баға берілген. Сондай-ақ баспасөз материалдарында
Т.Тәжібаевты ұлтшыл ретінде айыптаулар да кездесіп қалады. Соңдықтан да
баспасөз мәліметтері мұрағат құжаттарымен және соңғы жылдары жарық көрген
ғылыми еңбектерде білдірілген пікірлермен салыстырыла отырып пайдаланылды.
Қолданыс тапқан дерек көздерін мұқият талдауға, ғылыми құндылығын
ашуға ерекше мән бердік. Деректерді сұрыптау барысында салыстырмалы әдіс
кеңінен қолданылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Жұмыста көрнекті мемлекет, қоғам
қайраткері және белгілі ғалым, академик Т.Тәжібаевтың өмір жолы мен
қызметі, халыққа сіңірген еңбегі тарих ғылымы тұрғысынан тұңғыш рет ашылып
көрсетіліп, оның өз соңында қалдырған ғылыми мұраларына бүгінгі заман
талабына сай талдау жасалды. Зерттеу жұмысында нақтылай айтсақ мынандай
жаңалықтар бар:
- Т.Т.Тәжібаевтың көрнекті ғалым, мемлекет қайраткері ретінде
қалылтасуына әсер еткен факторлар алғаш рет көрсетілген;
- Республикалық халық ағарту саласына Т.Т.Тәжібаев жетекшілік еткен
кезде ұлттық мүддені биік ұстауға талпынғаны айқындалған;
Еліміздегі жоғары оқу орындарының қара шаңырағы саналатын қазіргі Әл-
Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің дамуына Т.Т.Тәжібаевтың елеулі
үлес қосқандығы баяндалған;
Қазақстанның болашағы өскелең жас ұрпақтың отаншыл рухта
тәрбиеленуімен тығыз байланысты екендігін ескерген Т.Т.Тәжібаевтың ғылыми-
педагогикалық кадрларды қалыптастыруға ерекше мән бергендігі нақтылы
мәліметтермен негізделген;
Республикамызда Сыртқы істер министрлігінің қалыптасуы мен оның
алғашқы қадамы Т.Т.Тәжібаев есімімен тығыз байланысты екендігі дәлелденген;
Тоталитарлық жүйе жағдайында Т.Т.Тәжібаевтың қысымшылықка алынуының
астары әшкерленген;

Т.Т.Тәжібаевтың Қазақстанда ағарту ісі тарихы жөніндегі ғылыми
мұралары отандық қоғамдық ғылымдардың, сондай-ақ тарих ғылымының бүгінгі
таңдағы жетістігі тұрғысынан сараланып, оның ғылыми еңбектерінің құнды
тұстары айқындалған.

Зерттеу жұмысының методологиялық негізі. Зерттеу жұмысы тарихилық,
жүйелілік, объективтілік және тағы басқа методологиялық принциптерге
негізделген, тарихи салыстырмалық, диалектикалық және басқа әдістер
қолданыс тапты. Жұмыс тұлғатану саласында әлемде қалыптасқан өркениеттік
ұстанымға басты назар аударылды. Кез келген жеке тұлғаға баға беруде оның
өркениетке қосқан үлесі бірінші кезекке қойылуы және оның өмірі мен қызметі
сол кездегі тарихи кезең аясында қарастырылу керектігі ескерілді. Сонымен
қатар зерттеу жұмысында жасалған тұжырымдар мен айтылған пікірлердің өзара
логикалық үйлесімділікте болуына да ерекше мән берілді.

ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
Жұмыстың кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі, мәселенің зерттелу
деңгейі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, деректік негізі, ғылыми
жаңалығы,методологиялық негізі, беріледі.

Т.Тәжібаевтың ғалым және мемлекет қайраткері ретінде калыптасуы деп
аталатын бірінші тарауда Т.Тәжібаевтың өскен, білім алған ортасы және Қазақ
КСР Халық ағарту комиссариатының халық комиссары ретіндегі қызметі
қарастырылады.
Өткен XX ғасырда еліміздің қамын жеген көптеген қайраткерлер тарих
сахнасына көтерілді. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Шоқай секілді Алаш
қозғалысының көшбасшыларының аңсаған мұрат-мақсаттары кейінгі толқындағы
ұлт зиялыларының да басты нысанасына айналды. Кеңестік дәуірде халық
мүддесін жоғары қоюмен ерекшеленген, өз соңында мол ғылыми мұра қалдырған
қайраткерлердің бірі Төлеген Тәжібайұлы Тәжібаев болды.
Төлеген Тәжібаев 1910 жылы 23 ақпанда Түркістан генерал-
губернаторлығына қарасты Сырдария облысының Черняев уезінің Қарааспан
болыстығындағы № 9 ауылда (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыс
қаласының маңы) дүниеге келді. Оның жастық шағы қазақ қоғамы үшін күрделі
кезеңмен тұспа-тұс келді. Ол тарихи кезеңде Түркістан өлкесін өз отарына
айналдырған патшалық Ресей империясы ұлттық езгіні және орыстандыру
саясатын пәрменді түрде жүргізіп, қазақ елінің болашағына үлкен қауіп
төнген еді. Қалыптасқан осындай жағдайда отарлық қанауға деген наразылық,
ұлттық еркіндік жолындағы күрес қазақ қоғамы арасында өрістей түскен-ді.
1916 жылғы көтеріліс пен оны басып-жаншу кезінде қисапсыз көп зардап шеккен
көшпелі малшы қауымдары өздерінің аса қатты бүлінген шаруашылықтарын
калпына келтіруге мұршасы болмай, 1917 жылы басталған сұрапыл ашаршылыққа
алғашқылардың бірі болып ілікті. Сыр өңірін сұрапыл аштық жайлады. Күн
көрудің барлық көзінен айырылған халық баудай түсе бастады. Ашаршылық
салдарынан, Т.Тәжібаев жастайынан ата-анасынан айырылып, жетімдік
тақсіретін ерте тартты. Осылайша Төлеген Арыс теміржол станциясының
жұмысшысы И.Ф.Кабановтың отбасында тәрбиеленді.
Т.Тәжібаев мектеп табалдырығын 1918 жылы аттады. И.Ф.Кабановтың
ұйғарымымен Арыстағы балалар үйіне беріліп, сондағы бастауыш орыс
мектебінен білім алды. Арыстағы балалар үйі қазіргі кезде де өз жұмысын
жалғастыруда. Бүгінде ол үй Т.Тәжібаев есімімен аталады. Балалар үйі
жанындағы орыс мектебі көп ұзамай қазақ-орыс мектебі деп аталып, Төлеген
қазақ тілінде де білім алуға қол жеткізді.
1922 жылы Төлеген Арыстағы жеті жылдық мектепті үздік бітірді. Оның
мектепті бітіру туралы куәлігінде барлық пәндерден үздік деген бағалар
көрсетілген. Мұндай жақсы үлгерім Төлегеннің болашағынан зор үміт
күттіретіндігін аңғарған И.Ф. Кабанов оны Сырдария облысының орталығы
Шымкент қаласына аттандырады. Сол тұста Шымкенттегі ең беделді деген оқу
орны педагогикалық техникум болатын. Негізінен кеңестік мектептерге
мүғалімдер даярлаумен шұғылданатын бұл оқу орнының негізі 1920 жылы
қаланған еді.
Педагогикалық техникумда оқу Т.Тәжібаевтың ғұмырындағы маңызды кезең
болды деп те бағалауға болады. Ол мұнда өзінің халық ағарту саласында
атқарылуы тиіс ауқымды жұмысқа күш-жігерін бағыттау керек екендігін терең
сезіне білді. 1927 жылы педагогикалық техникумды Т.Тәжібаев үздік бітіріп,
осы оку орнында оқытушылық қызметке қалдырылды.
Т.Тәжібаевтың дарындылығы сол тұста техникум директоры болған қазақ
халқының көрнекті қайраткері, жазушы, драматург, публицист Жүсіпбек
Аймауытовтың назарынан тыс қалмағандығы айқын анғарылады. Жүсіпбек
Аймауытов кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі кезеңде де бұрынғы, Алаш
қозғалысы қайраткерлерімен астыртын байланыста бола отырып, 1919-1924
жылдары Қазак. тілі газетінің редакторы, 1924-1926 жылдары әйгілі Ақжол
газетінің редакторы қызметін атқарып, 1926 жылы Шымкенттегі педагогикалық
техникумға директор болып тағайындалған еді. Ол бұл қызметін 1929 жылдың
соңына дейін атқарды. Директорлық қызметті одан әрі атқаруына Ж.Аймауытовқа
кеңестік қуғын-сүргін саясаты жол бермеді. 1929 жылы желтоқсанда
Ж.Аймауытов ұлтшылдықпен айыпталып, абақтыға жабылды.
Тәжібаев өз естеліктерінде менің ұлы оқытушым, тәлімгерім деген
сөздерді жиі қолданады. Бірақ онда оқытушысы, тәлімгерінің есімін атамайды.
Оның өзіндік себебі бар екендігі белгілі. Кеңестік идеология үстемдік құрып
тұрған шақта ЖАймауытов есімін ашық айту мүмкін еместін.
ЖАймауытов абақтыға жабылғаннан кейін Т.Тәжібаев педагогикалық
техникумда екі жылдай мұғалім болып қызмет етті. Ол онда география пәнінен
дәріс берді. Т.Тәжібаев өз дәрістері барысында ЖАймауытовтың педагогикалық
шығармаларының педагогика ғылымы саласының бастауында тұрғанын насихаттады.
Сондай-ақ ол Ж.Аймауытов еңбектерінде жасалған тұжырымдардың негізділігін
дәлелдей түсуді өз борышы санады. Төлеген Тәжібаев өлкелік Лениндік жастар
одағының ұйғаруы бойынша 1931 жылы тамызда Мәскеу қаласындағы Н.К.Крупская
атындағы Коммунистік тәрбие академиясына оқуға жіберілді.
Т.Тәжібаев Коммунистік тәрбие академиясының қабырғасында білімнің
тұңғиығына тереңдеп бой ұрды. Оның білім мен ғылымға деген құмарлығы бірден
оқытушы ұстаздарының көзіне түсті. Ол оқумен қатар қоғамдық жұмыстарды да
белсенді түрде жүргізіп отырды. Академияның комсомол комитеті құрамына
еніп, белсенді қызметімен көзге түскен ол көп ұзамай комитеттің бірінші
хатшысы болып сайланды. Сол кездегі әкімшіл-әміршіл жүйенің орныға түсуіне
байланысты оппозициялық топтардың әрекеті Академия комсомол комитетінде
қызу талқыға түсетін. Осылайша Академия студенттері елдегі идеологиялық
күреске барынша тартыльш, саяси өмірдің барысынан хабардар болып отырды.
Коммунистік тәрбие академиясы қабырғасында студенттердің ғылыми
үйірмелерге қатысуына да ерекше көңіл бөлінді. Т.Тәжібаев Академиядағы
көрнекті психолог-профессорлар А.В. Веденов, М.Н.Шордаков, доцент
В.Д.Эльконин жетекшілік ететін психология үйірмесінің жұмысына катысып,
өздігімен білімін арттыра түсті.
Т.Тәжібаевтың табиғи дарыны, ғылыми жұмысқа деген құмарлығы мен
еңбекқорлығы оның сол Академияда психология саласында білімін арттыруына
жол ашты. 1935 жылы оқуын ойдағыдай бітірген Т.Тәжібаев Академияның
аспирантурасына қалдырылды. Ол психология кафедрасының аспиранты болды.
1939 жылы А.М.Герцен атындағы педагогикалық институттың ғылыми кеңесінде
Т.Тәжібаев К.Д.Ушинский Ресейдегі педагогикалық психологияның негізін
қалаушы деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.
Т.Тәжібаевтың Қазақстанға оралған соң алған білімін жастарға
жеткізу, оларды қоғамның адал перзенті болуға және адамгершілік рухта
тәрбиелеу, ғылым шыңына шығару жолындағы ұстаздық жұмысы, ғылыми-
педагогикалық қызметі еліміздің тұңғыш жоғары оқу орны, республикамыздағы
педагогикалық ғылымдардың орталығы болған Абай атындағы педагогикалық
институттан басталды.
Т.Тәжібаевтың мемлекеттік қызметке кірісуі 1940 жылдан бастау алады.
Осы жылы 30 жасқа енді ғана толған Т.Тәжібаев Қазақ КСР Халық ағарту
комиссариатына халық комиссарының бірінші орынбасары қызметіне
тағайындалып, мемлекеттік қызметіне кірісіп кетті. Ол көп ұзамай, 1941
жылдан Қазақ КСР Халық ағарту комиссары қызметінде болды.
Халық ағарту комиссариатындағы қызметі барысында Т.Тәжібаев аса көңіл
бөлген мәселенің бірі республикадағы балалар үйінің жай-күйі болды. 1940
жылы республикадағы балалар үйінің жалпы саны 126 еді. Онда 15713 жетім
балалар тәрбиеленді. Балалар үйінде тәрбиеленушілердің тамағы, киім-кешегі,
білім алу жайы республикада ақсап жатқандығынан Т.Тәжібаев хабардар
болатын. 126 балалар үйінің жартысынан астамы 1940-1941 жылғы оқу жылында
қысқа даярлықсыз күйде болатын. Сонымен қатар ондағы балаларды еңбекке
баулу ісі, яғни ер жеткенде өз беттерінше күн көретіндей қабілетке ие болуы
жайы қолға алынбай жатқандығы да бар еді. Осыған орай Т.Тәжібаев балалар
үйінің жұмысын тексеру жөнінде арнайы комиссия құруды қолға алды. Бұл іске
Мемлекеттік бақылау комиссияриатын да тартты. Сондай комиссиялардың бірін
өзі баскарды.
Балалар үйіне деп бөлінетін қаржының дұрыс жұмсалмауы, тіпті оның
жымқырылуы салдарынан ондағы тәлім-тәрбие жұмысы ақсап жататындығын жақсы
түсінген Т.Тәжібаев шұғыл түрде барлық балалар үйлеріне толық тексеру
жұмыстарын жүргізу керек деген шешім кабылдады. Ол балалар үйлерінің толық
жылумен қамтамасыз етілмейтіндігін, олардың антисанитарлық жағдайда болуын,
тәрбиеленушілердің сабақ үлгерімінің төмен болуын және еңбекке баулынбай
жатуының себебі балалар үйі басшыларының салғырттығымен және
жауапкершіліксіздігімен байланыстырды. Соған орай балалар үйінің қаржысын
жымқырып қалған басшылардың ісін сотқа тапсыруды жөн санады. Балалар үйінің
басшылары мен қызметкерлері білімді және өнегелі болуын талап етті. Олардың
арнайы педагогикалық білімі болуы керектігін ескере отырып, балалар үйі
басшыларын сырттай педагогикалық жоғары оқу орындардан білім алуын
ұйымдастыруды ұсынды [32].
Халық ағарту комиссариаты 1940 жылдан бастап қазақ әліпбиінің
кириллицаға көшуіне байланысты қазақ халқы арасында жаңа әліпбиді үйрету
ісіне ерекше мән берген еді. Бұл істі комиссариатта тікелей қадағалау
Т.Тәжібаевқа жүктелді. Соған орай Т.Тәжібаев қазақ әліпбиінің жиі ауысуына
байланысты өзінің наразылығын сыртка шығармай, жаңа әліпбиді қазақтардың
тез меңгеріп кетуіне қолайлы жағдай жасауды қолға алды.
Қазақ әліпбиінің латыншадан кириллицаға көшірілуі мен оны меңгеруі
ісі қазақтар арасында ауыр қиыншылықтармен жүрді. Қарағанды, Қостанай,
Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына қазақтардың жаңа әліпбиге көшу
жағдайын тексеруге 1941 жылы мамырда жіберілген Халық ағарту
комиссариатының комиссиясы бұл іс-шараның жүзеге асырылуы сын
көтермейтіндігін айқындаған-ды. Осы комиссия түсірген мәлімдемедегі
айтылғандарға қарағанда, аталған облыстарда бірде-бір мемлекеттік мекеме
жаңа қазақ әліпбимен іс-қағаздарын жүргізбеген, соның салдарынан қазақтар
арасында жаңа әліпбиді қолдана отырып, билік орындарына өз арыз-шағымдарын
түсіру тіптен доғарылып қалған болатын. Тіпті, аталған облыстарда жаңа
қазақ әліпбиіндегі жазу машинкалары бола тұра, олармен бірде-бір бет қағаз
басылмай тұрған.
Жаңа әліпбиге көшумен бірге қазақтарға өз ана тілінен айырылып қалу
қаупі төніп келе жатқанын Т.Тәжібаев жақсы түсінді. Т.Тәжібаев осындай
сәтте республика басшылығына, Қазақ КСР Халық комиссарлары кеңесі төрағасы
Н.Оңдасыновқа және Орталық партия комитеті хатшысы М.Әбдіхалықовқа мұндай
келеңсіз жайтқа тосқауыл қою керектігі жөнінде мәлімдемелер түсірді [33].
Қазақ халқының жаңа әліпбиге көшуімен бірге өзінің ана тілінен
айырылып қалу қаупі төнген кезде Т.Тәжібаев туған халқының шын жанашыры
ретінде көріне білді. Ол жаңа әліпбидің тезірек меңгерілуі қазақ тілінің
сақталып қалуына игі ықпалын тигізеді деп санады. Оның мұндай тұжырымы сол
дәуірде өзінің дұрыстығын дәлелдеп те берді. Кеңестер Одағында ұлттарды
ұлттық тегі мен рухани қазыналарынан айырып, оларды біртұтас кеңес
халқына айналдыру саясаты өріс алған шақта, қазақтардың жаңа әліпбиге
көшуі қатерлі қадам еді. Кеңестік билік қазақтардың жаңа әліпбиге көшуі
қандай ауыршылықтармен өтетіндігін ескермеді деп айту қиын. Жаңа әліпбиді
республикадағы қазақтардың меңгермей қалу қаупі де болмай қалған жоқ. Оның
меңгерілмей қалуы қазақтарды орыстанған біртұтас кеңес халқының қатарына
қосылуын тездете түсетін. Сондықтан да сол тұста Халық ағарту комиссариаты
басшылығында Т.Тәжібаевтай ұлтжанды азаматтың болуы қазақ халқының орыстана
түсуіне белгілі дәрежеде тосқауыл жасады, халықтың өз ана тілінен
айырылмай, өзіндік ұлттық болмысын сақтап қалуына игі ыкпалын тигізді деп
айтуға болады.
Жаңа қазақ әліпбиін қазақтардың тез игеріп кетуі ұлттық тілдің
өркендеуіне әсер ететіндігін ескерген Т.Тәжібаев республикадағы жоғары оқу
орындарының басшыларына қазақ студент жастарының міндетті түрде жаңа
әліпбиді меңгеріп шығуы жөнінде талап қойды. Жаңа әліпбиді меңгере
алмағандар оқуын аяқтағаннан кейін дипломдары бола тұрса да, қосымша оқу
курстарын аяқтаулары тиіс болды [34]. Т.Тәжібаев жаңа әліпбиді меңгерген
жоғары білімді жас қазақ маманы ұлттық мәдениеттің, дәстүрдің қорғаушысына
айналады деп санады. Былайша айтқанда, ұлттың тағдырын Т.Тәжібаев жаңа
әліпбидің меңгерілуімен байланыстырды. Оның мұндай пікірде болуы негізсіз
емес еді. Ол жаңа әліпбиді қазақтар меңгермесе, онда тез арада орыс тілінде
жазып, сол тілде сөйлеп кетудің қарсаңында тұрғанын, бұған орыс тілді
басшылардың мүдделі екендігін сезе біліп, содан сақтанудың жолын
қарастырды.
Ұлы Отан соғысы жылдары Т.Тәжібаев жетекшілік еткен Халық ағарту
комиссариаты оқушыларды интернационалдық, отаншылдық рухта, еңбек сүйгіш
етіп тәрбиелеу жолында қомақты жұмыстар атқарғандығы жұмыста жан-жақты
баяндалған. Т.Тәжібаев соғыстың қиын жағдайында мектеп жасындағы балалардың
оқудан тыс калмауына баса назар аударды.

Қазақстандағы ғылыми-педагогикалық саланың және сыртқы саясат ісінің
дамуына Т.Тәжібаевтың қосқан үлесі деп аталатын екінші тарауда
кайраткердің ҚазМУ-да ректор, Сыртқы істер министрлігінде министр, Қазақ
КСР Министрлер Кеңесінің мүшесі ретіндегі атқарған қызметтері және
Үндістандағы елшілікте аткарған жұмыстары талданған.
Соғыстан кейінгі Қазақстанда білікті мамандарға деген тапшылық айқын
сезіліп тұрды. Бұл проблеманы шешуде ҚазМУ жоғары білікті маман кадрларды
даярлау орталығына айналған университетке ерекше мән берілді. Бұл мәселені
шешу үшін алдымен бірқатар кафедралардағы оқытушылар тапшылығын,
кафедраларды лабораториялармен жабдықтауды, кітапханаларды оқу құралдарымен
толықтыруды шешіп алуы керек еді. 1946-1947 жылғы оқу жылында
университеттің профессорлық — оқытушылар құрамы 147 адамды құрайтын,
олардың 63-і оқытушылық қызметін ғылыми мекемелердегі ғылыми жұмыспен қатар
алып жүретін. Осы оқу жылында барлық факультеттердегі студенттердің саны
861 адам болса, дайындық бөлімінде 116 болашақ студенттер білім алып жатты.
Материалдық-техникалық базаның әлсіздігі университет ғалымдары мен
оқытушыларының оқытудағы және ғылыми, ізденістегі мүмкіндіктеріне кедергі
келтірмей қоймайтын. Сабақ өткізетін дәрісханалардың аумағы екі кезекте
студенттерді оқытуды көтере алмай жатты. Ғылыми ізденістер мен зерттеулер
жүргізуге арналған лабораторияларда құрал-саймандардың жетіспеушілігі
ғалымдарға қол байлау болды. Жатақханалардағы орынның тапшылығы салдарынан
студенттердің біраз бөлігі жататын орынмен қамтамасыз етілмейтін. Осындай
жағдайда университеттегі ғылыми ізденістер мен оқу процесін жандандыруға
білікті басшылық кажеттілігі айқын сезілген еді. Мұндай басшы ретінде
Т.Тәжібаевтың кандидатурасы республикалық басшылық тарапынан ұсынылды. Оның
кандидатурасы КСРО Жоғары білім министрлігі тарапынан да қолдауға ие болды.
1948-1954 жылдар арасында Қазақ Мемлекеттік Университетінің болып істейді
[35].
Т.Тәжібаев ҚазМУ-дың ректоры болып тағайындалысымен университеттің
материалдық-техникалық базасын жетілдіріп, профессор-оқытушылар құрамының
нәтижелі жұмыс жасауларына жағдай жасауды және студенттердің тұрмыстық
ахуалына назар аударуды бірінші кезекті мәселе ретінде қойды. Т.Тәжібаев
ректорлық қызметі барысында студенттердің терең білім алуына толық жағдай
жасауды және ұстаз-ғалымдарды ғылыми ізденістер жасауына қолдау көрсетуді
жадында берік ұстады. Осы принциптің арқасында ұстаздар мен студенттер
қауымы арасында Т.Тәжібаев үлкен құрметке ие болды.
Т.Тәжібаевтың ректорлығы қызметінің алғашқы жылынан кейін-ақ
университеттің профессор —оқытушылар құрамында елеулі өзгерістер жүрді.
Университетте қызмет ететін 285 адамның қатарында 18 ғылым докторлары, 58
ғылым кандидаттары болды. Оқытушылардың ғылыми дәрежесін арттыруға барлық
жағдайлар жасалды. Оған университет аспирантурасында оқитындар санының
артуы дәлел. 1950 жылы аспирантурада 49 адам болып, оның 12-сі кандидаттық
диссертация қорғады. Университеттің 30 оқытушысы кандидаттык, емтихандар
тапсырьш, қорғауға әзірлік үстінде тұрды. Университеттің 10 доценті мен
оқытушысы Мәскеу, Киев, Ленинград, Томск қалаларындағы жоғары оқу
орындарының доктарантурасы мен аспирантурасына жолдама алды.
Қазақстан КП(б) Орталық комитетінің нұсқауларын орындау сол тарихи
кезеңде қалыпты жағдайға айналған-ды. 1948 жылы партия комитеті
республикада жоғары білім берудің сапасын арттыруды бақылауға алу жөніңде
шешім қабылдап, жоғары оқу орындарының жұмысын тексеруді жиілете түсті.
Сондай тексеру барысында ҚазМУ-да қоғамдық ғылымдар талапқа сай
жүргізілмеуде деген шағым түсіп, ол шағым СОКП Орталық комитетіне жеткен
болатын. Көп ұзамай, КСРО Жоғары білім министрлігі университетке арнайы
тексеру комиссиясын жіберіп, кемшіліктердің орын алып жатқандығын растады.
Әкімшілдік-әміршілдік жүйе жағдайында қоғамдық ғылымдардың маңызды
идеологиялық қаруға айналғанын ескерсек, ҚазМУ басшылығы үшін қоғамдық
ғылымдарға жеткілікті көңіл бөлмеу ауыр қылмыс жасаумен бірдей еді. 1949
жылы 28 ақпанда КСРО Жоғары білім беру министрі С.Кафтанов С.М.Киров
атыңдағы Казақ мемлекеттік университеті Қоғамдық ғылымдар кафедрасының
жұмысындағы өрескел кемшіліктер және оны жоюдың шаралары туралы деген
қаулыға қол қойды. Онда табылған кемшіліктер тізіліп көрсетіліп,
кемшіліктер қатарына мыналар жатқызылған: кейбір оқытушылар коғамдық
ғылымдағы партиялық принципті ескермейді, семинарлар мен лекцияларда
оқытушылар субъективизмге жол береді, Ресейдің қазақ халқына тигізген
прогрессивті ықпалын бәсеңсітіп көрсету етек алған, марксизм-ленинизм
кафедрасындағы он оқытушьшың бірде-бірінде ғылыми дәреже жоқ, студенттер
арасында идеялық-саяси тәрбие жүргізу ісі төменгі деңгейде.
КСРО Жоғары білім министрлігі қоғамдық ғылымдарды оқытуда
университетте жіберілген кемшіліктер үшін Т.Тәжібаевқа сөгіс жариялай
отырып, ол кемшіліктерді жоюдың жолдарын ұсынды. Министрлікітің ұсынысы
бойынша қоғамдық пәндерді оқытатын кафедраларда, атап айтканда, Марксизм-
ленинизм, КСРО тарихы және Қазақстан тарихы кафедраларында партиялық сынды
күшейте отырып, формализмге және схоластикаға жол бермеу керек болды.
Сондай-ақ онда Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Е.Бекмаханов
лекцияларында Ресейдің қазақ халқына тигізген прогрессивті ықпалы
мәселесі көбірек айтылуы керектігі де аталып көрсетілді. Е.Бекмаханов
әзірлеген Казақ КСР тарихы бағдарламасы талапқа сай емес деп бағаланып, оны
қайта әзірлеу керектігі министр бұйрығында орын алды [36].
Тоталитарлық идеология қысымы Т.Тәжібаевты университетте кемшілік
жіберген ұстаздар тобын жазалауға итермелей алмады. Одақтық Жоғары білім
министрлігі осындай сыннан кейін Т.Тәжібаев университетте тазарту
жұмыстарын жүргізеді деген үмітте болды. Бұл жайды министр С.Кафтановтың
Н.Ондасынов атына жолдаған хатында білдірген-ді. Ол бұл хатында Т.Тәжібаев
сыннан сабақ алып, өзінің партия алдындағы адалдығын көрсету үшін алдымен
университетте саяси субъективизмге бой алдырғандарды қайта тәрбиелеуі
тиіс, немесе олардан университетті бір жолата тазарту керек екендігін
айткан болатын.
Т.Тәжібаев ешкандай тазарту жұмыстарын жүргізбестен, бұрын жіберілді
деп танылған кемшіліктерді жоюдың басқаша жолын қарастырды. Ондай жол
ретінде сабақтың, яғни оқылатын лекциялар мен өткізілетін семинар
сабақгарының сапасын арттыру жолын таңдап алды. 1949 жылдың күзінен бастап
қоғамдық ғылымдар кафедраларында лекциялар мен семинар сабақтарына
профессорлар мен оқытушылардың өзара қатысып, олардың сапасын талкылау
мәселесі күшейтіле түсті. Осы оқу жылында қоғамдық ғылымдар кафедраларында
30-дан астам лекция профессорлар мен оқытушылар талқылауына түсті. Қоғамдық
ғылымдар кафедралары тарапынан 38 ғылыми мақала, 12 брошюра шығарылды.
Кемшілікгі жою бағытындағы бұл қадам республикалық үкімет тарапынан белгілі
дәрежеде қолдаушылық тапты. Н.Оңдасынов университетте жіберілген
кемшіліктерді жоюда Т.Тәжібаев атқарып жатқан іс-шараларды дұрыс деп
бағалады.
Т.Тәжібаев университеттің білікті ғалымдары мен ұстаздарын
космополитизммен және ұлтшылдықпен айыптаушыларға шама-шарқы жеткенше қарсы
тұруға тырысып бақгы. Мәселен, космополитизммен айыпталған жалпы әдебиет
кафедрасының ұстаздарын қорғаштауда да табандылық таныта білді. Олардың
мәселесі университеттің партия ұйымы жиналысында қаралғанда, партия ұйымы
орталықтың нүскауымен профессор Фридманды, доцент Блюменфельдті және
оқытушылар Рубинова мен Жовтисті Отанға қарсы әрекет етуші космополиттік
пиғылдағылар ретінде көрсетуге тырысқанын Т.Тәжібаев өз көзімен көрді.
Т.Тәжібаев оларға тағылып отырған кінәнің батыс әдебиетін жетік білулерінен
туындап отырғанын жақсы түсінді. Батыс әдебиеті үлгілерін студенттерге
жеткеруде ұстаздарды бұлайша сынға алу өзіңдік кері әсерін тигізбей
қоймайтындығын да сезді. Сондықтан жалпы әдебиет кафедрасының ұстаздары
мәселесін университеттің Ғылыми кеңесіңде тағы да қарап, оларда одан әрі
қуғындалудан сақтап қалудың тиімді жолы ретінде сөгіс жариялаумен шектелу
керек деп есептеді. Ғылыми кеңестің шешіміне сәйкес жалпы әдебиет
кафедрасының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Т.ТӘЖІБАЕВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ
Ж.Аймауытовтың психологиялық еңбектерінің мәні
Төлеген Тәжібаевтың еңбектері
Т.Тәжібаевтың ғалым және мемлекет қайраткері
Психология тарихының әдістері
Пихология гылымының қалыптасуы мен дамуы
Қазақ хандығы тұсындағы ақын - жыраулардың психологиялық тағылымдары
ХХ. ғ. Басындағы қазақ этнопедагогикасының негізін салушылар
Психология тарихы
Ұлы Отан соғысы кезіндегі мәдениет пен ғылым
Пәндер