1905-1911 жылдардағы Иран революциясы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

1905-1911 жылдардағы Иран революциясы

  1. Революцияның алғышарттары.
  2. Ағылшын-орыс келісімі.
  3. 1908 жылғы контрреволюциялық төңкеріс.
  4. Революцияның нәтижелері, қорытындысы.

Әдебиеттер:

  1. Гуоер А. А., Ким Г. Ф., Хейфец А. П. Новая; история стран Азии и Африки. М., 1982
  2. Васкльев Л. С. История Воссока. М. . 2000.
  3. Розалиев Ю. Н. Новая я новейшая история стрaн Азии и Африки. М., 1982.

4. Очерки новой истории Ирана. М., 1978

1. 1905 жылғы орыс революциясы Азияны оятты деген тезисті нақты турде 1905- 1911 жылдары болған Иран революцияынан байқауға болады.

Жартылай отарға айнала бастаған Иранда тауар-ақша қатынастары дамыды, елде капиталистік уклад пайда бола бастады. XX ғасырдың басында Иранда мата, сіріңке, қағаз шығаратын фабрикалары жұмыс істеді. Капиталистік укладтың дамуына байланысты Ұлттық буржуазия қалыптаса бастады. Бірақ Иранда капитализмның дамуы Үндістанмен, Қытаймен салыстырғанда баяу еді, көптеген кәсіпорындар шетел өнеркәсіп орындарымен бәсекелестік күрес жүргізе алмай, жабылып отырды. Шетелдік бәсеке Иранның капиталистік жолға түсуін тежеді.

Иранда капиталистік даму барлық аудандарында біртекті жүрмеді. Иранның оңтүстігінде феодалдық тәртіп қатты сақталынды, ал солтүстігіне капиталистік өндіріс дамыды (Ресеймен байланыс жақсы еді) .

XX ғасырдың басында Иран үкіметі Англия мен патшалық Ресей жаңа кіріптарлық қарыз туралы келісім жасасты. Ол бойынша орыс және ағылшын тауарларына пошлина салығы қатты төмендетілді. XX ғасырдың басында Англия мен Россия Иранды бөліп алды. Ендігі кезекте жартылай отар елді толық отар елге айналдыру қаупі төнді. Сонымен бірге Иранға гермаи империалистері де көз салды. Иранның қалаларында неміс сауда фирмалары ашыла бастады. Сондай-ақ сол кезде Иранда билік жүргізген феодалдық-абсолюттік монархия Хаджар әулеті де елдің дамуына тежеу жасады.

1905 жылғы орыс революциясы Иранда революциялық дүмпуды тездетті. Орыс патшалығы Иранда өте мықты экономикалық және саяси позициясын ұстанды. Екі ел арасында тығыз экономикалық және мәдени қарым-қатынас жүргізілді. Он мыңдаған Иран шаруалары табыс табу үшін Закавказъеде жұмыс істеді. Бакуда бірнеше мың Иран жұмысшылары арасында большевиктік ұйым "Гуметті" (Энергия) құруға ат салысты. Ресейде білім алған инжинер Хайдар Амуоглы Тегеранда социал-демократтардың саяси ұйымын құрды.

2. Мәскеудегі 1905 жылғы желтоқсан көтерілісінен кейін тез арада Иранда да революция басталды. Иранның ірі қалаларында - Тегеранда, Керманда, Тебризде демонстрациялар өтті. 1905 жылы 12 желтоқсада Тегеранда бірнеше көпестер сол кездегі тәртіпке қарсылығын білдіргені үшін тепкіге ұшырап, қамауға алынды, Сондай-ақ Керман қаласының губернаторы жергілікті халыққа зорлық көрсеткендігін естіген халық қатты наразы болды. Сөйтіп қаладағы мешіттердің бірінде митингіге жиналған халық губернаторды орнынан алып тастауын талап етті. Үкімет митингіні таратып жіберді, бірақ үкіметке қарсы толқулар жалғаса берді. Келесі күні жоғарғы діни адамдардың бір тобы астанадан кетіп, қаланың бір шетіндегі мешітке бағытталды. Олардың кетуін жергілікті халық үкіметке қарсы демонстрация деп түсінді. Олардың арттарынан көпестер де, қол өнершілер де ерді. Сөйтіп 2 мыңға жуық жиналған халық үкіметке қарсы протест ретінде бест жариялады (бест дегеніміз- ескі дәсіүр бойынша Иранда қол сұғылмайтын қасиетті орын (мешіт, елшілік), үкімет ол жерде орналасқан адамдарға күш көрсете алмайтын) . Мұндай бесттер және демонстрациялар Иранның басқа да қалаларында тарала бастады. Олар премьер-министрдің биліктен кетуін, халықтың шағымдарын қарастыратын "Әділеттілік үйін " ашуды талап етті.

Халық қозғалысынан корыққан Мозаффер-эд-дин-шах шегінуге мәжбүр болды. Ол Тегеран және Керман қалаларының губернаторларын қызметтен босатты, "Әділеттілік үйін" ашуға кірісті. 1906 жылы қаңтарда бест жариялағандар Тегеранға қайтып оралды. Шах өзінің уәделерін орындауын соза берді. Халық наразылығын күшейтті.

1906 жылы жазда революциялық жаңа өрлеу басталды. Базарларда, алаңдарда, мешіт маңына халық митингішілері жиналды. 10 шілдеде Тегерандағы белгілі революциялық насихаттаушы Мохаммед шейхті тұтқынға түсіргенде халық оны босатып алды. Солдаттар қарумен шықты. Бірнеше демонстранттар жараланды. Келесі күні барлық базарлар, шеберханалар жабылды. 15 шілде күні жоғарғы дінбасылардың 200 өкілі Тегераннан қасиетті Кум қаласына кетіп қалды (Кум қаласында пайғамбардың Фатима деген қызы жерленген болатын) . 16 шілдеде Тегеран көпестері ағылшын миссиясының бауында бест жариялады. Бірнеше күннің ішінде бест жариялағанардың саны 13 мыңға жетті. Олар шахқа төмендегідей талап қойды:

1. конституция қабылдау

2. мәжіліс ашу

Дінбасылар егер талапты орындамаса, онда елден кетеміз деген мәлімдеме жасады. Шах тапаттарды орындауға мәжбүр болды.

1906 жылы 5 тамызда елге конституциялық режим енгізу және мәжіліс шақыру туралы жарлық шықты. Мәжіліске сайлау жоғарғы мүліктік ценз бойынша журді. Сөйтіп жұмысшылар, кедейлер дауыс беруге қатыса алмады.

1906 жылы қазанда ашылған мәжілісте ірі байлар көп болды. Мәжіліс бірқатар маңызды заңдар қабылдады:

1. Азық-түлікке баға төмендетілді.

2. Ұлттық банк құру мәселесі көтерілді.

3. Шет ел банкілеріне қарсы күрес жүргізу.

1906 жылы желтоқсанда Мозаффер эд-дин конституцияны
бекітті. Ол бойынша шахтың билігі мәжілісімен шектелді.

1907 жылы күзде оған азаматтардың құқықтары және еркіндіктері туралы қосымшалар енгізілді. Билік заң шығарушы, атқарушы және сот болып бөлінді. Мемлекеттік дін шииттық ислам болып қала берді. Шах атқарушы биліктің басшысы болды.

1906 жылы Тебризде алғаш рет энджумен (революциялық комитет) құрылды, оған көпестер, дінбасылар, помещиктер кірді. Иран социал -демократтары моджахидтер (дұрыс іс үшін күресушілер) ұйымы құрылды. 1907 жылы тамызда Тегеранда 40 энджумен ұйымы болды.

3. Ирандағы оқиғалар Англия мен Ресейді мазалатты. Олар революция- ны басып тастауға тырысты.

1907 жылы 31 тамызда ағылшын-орыс келісімі жасалынды. Ол келісім Иран, Афганистан және Тибетті ықпал ету аймақтарына бөлу мәселесіне байланысты еді. Келісім бойынша Солтүстік Иран патшлық Ресейге қарасты болды, Оңтүстік-шығыс Иран ағылшын ықпал ету сферасына өтті. Екеуінің арасында бейтараптық зона болды. Ағылшын-орыс келісімі Антанта одағының негізін қалауын аяқтады (Англия, Франция, Ресей) . Сондай-ақ бұл келісім Иран революциясына қарсы бағытталған еді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХғ. Азия және Африка елдерінің әлеуметтік жағдайына сипаттама
Дүние жүзі тарихы
ХХғсоңындағы азия және африка елдерінің әлеуметтік жағдайына сипаттама туралы ақпарат
ХХғасырдағы Иран мемлекеті
Күрдістан және күрдтер мәселесі (хіх ғ. 90 ж.– 1917)
Иран - діни мемлекет
Иран конституциясы
Синьхай революциясы
Қытайдағы 1905-1911 жылдардағы революциялық қозғалыстар
1905-1917 жж. қазақ интеллегенциясының әлеуметтік қозғалысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz