Орман ағаштары және оларға зиян келтіретін аурулар


Жоспары:
Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2. 1. Орман ағаштары және оларға зиян келтіретін аурулар
2. 2. Орман ағаштарының және бүршік, қылқан, тұқым зиянкестері
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Орман-тоғайлар қыста климаты суық, жазы жылы жақтарда болады. Мәңгі жасыл ағаштардың қыста да жапырақтары түспейді. Олар әлемнің солтүстік аудандарындағы ормандарда өседі. Көптеген жұмсақ климатты елдерде жапырақты ағаштар өседі. Олардың қысқа қарай жапырақтары түседі. Орманда ағаштың көпетген түрлері: қарағай, балқарағай, шырша, самырсын, қайың, тал, шетен, тобылғы, емен, үйенкі, қарағаш, тағы басқа жабайы жеміс ағаштары да кездеседі. Таңқурай, бүлдірген, орман жаңғағы, мүк, қына, саңырауқұлақ өседі. Орманның үш түрі болады: қылқан жапырақты, жапырақты және аралас. Қазақстанның солтүстігіндегі Оңтүстік Орал мен Алтайға дейінгі аймақтың жазықтарын алып жатыр. Біздің елімізде орманның үш түрін де кездестіруге болады. Қылқан жапырақты орман тауларда өседі. Тау беткейлерінде Тянь -Шань шыршалары, самырсындар биік болып көрініп тұрады. Аралас орманда шыршалар, самырсындар, көктерек, шетен, долана, тағы басқа ағаштар араласып өседі. Көкшетау, Баяндауыл, Қарқаралыда қайың, қарағай, батыс Оралда емен, терек, Оңтүстік Қазақстанда жаңғақ, ал тауларында арша өседі. Орман зиянкестері, ағаш, бұта өсімдіктерін зақымдайтын жәндіктер, кейбір кене түрлері, омыртқалы жануарлардан қоян, тышқан тұқымдас кемірушілер жатады. Қазақстанда орман зиянкестерінің ішінде жиі кездесетіні жәндіктер, қоректену түріне қарай: жапырақ жегілер (қылқан жапырақты да), дің кемірушілер, тамыр зиянкестері немесе топырақ мекендеушілер және жеміс, тұқым зиянкестері деп бөлінеді. Бұлардан көбелектер, құмырсқа, шыбындар, ткачтер тез көбейіп кететін болса, жапырақ жегілер, бізтұмсықтар, улы алагүліктер, т. б. біркелкі көбейіп, әсіресе жас ормандарда, саябақтарда, егін қорғау алқабында белгілі бір аймақта таралады. Дің зиянкестері негізінен қоңыздар (қабық қоңызы, сүген қоңыздар, зер қоңыздар, бізтұмсықтар), кейбір жарғақ қанаттылар (мүйіз құйрықтылар) және көбелектер (бұрғы көбелек, жылтыр көбелектер) . Бұл зиянкестер ағаш тінін, сүрегін кеміреді, сапасын кемітеді, ағашты қуратады. Тамыр зиянкестеріне зауза қоңыздары, қарақоңыз, тақта мұртты қоңыздардың дернәсілдері жатады.
II. Негізгі бөлім
2. 1. Орман ағаштары және оларға зиян келтіретін аурулар
Қылқан жапырақтылар орман ағаштарының көптген түрлері - сүректі ағаш және бұта түрінде өсетін ашық тұқымды өсімдіктер класы. Қазақстанда 2 тұқымдасы бар: қарағай тұқымдасы- қарағай, балқарағай, шырша, майқарағай және кипарис тұқымдасы- арша, кипарис; мәңгі жасыл (қыста қылқаны түсіп қалатын балқарағайдан басқасы) өсімдіктер. Тұқымы арқылы, кейде вегетативтік жолмен өніп-өседі. Жапырағы қылқанды, жіңішке, түкті не қабыршақты болып біткен, сағақсыз, өркендері қысқа, шоқтанып орналасқан. Мамыр-шілдеде гүлдеп, шілде-тамызда жеміс береді. Қылқан жапырақтардың сүрегінен құрылыс материалдары жасалады, қағаз жасайтын үгінді, канифоль, скипидар. Жеміс ағаштары көптеген ауруларға шалдығады. Шекілдеуікті дақылдардың аса зиянды ауруларының бірі тазқотыр. Көктемі созылмалы және ылғалы мол жылдары бұл ауру қарқынды дамиды. Аталған кеселдің дамуына және кең таралуына ауа райының ықпалы зор. Тат, әртүрлі дақтар, шіріктер және басқа да ауруларға қоздырғышқа қолайлы жылдары дамып, шоғырланып кездескенімен, өнмнің шығымы мен сапасын төмендетіп, едәуір зиян келтіреді. Жеміс шірігі. Кесел барлық аймақтарда кең таралған. Залалданған жеміс бетінде қоңыр дақ пайда болады, ұлғайып бір - бірімен қосылып, кейін жемісті түгел қамтиды. Жемістің жұмсақ ұлпалары шіріп, жеуге жарамай, кейін олар қарайып, мумияланады. Ауру қоздырғышы - Monіlіa fructіgenа. саңырауқұлағы ( 1 - сурет) . Ауру қоздырғыш шекілдеуікті жеміс дақылдарын залалдайды. Өсімдік дақылдарын залалдайды. Өсімдіктң алғашқы және қайта залалдануы конидиялар арқылы жүреді. Саңырауқұлақтың конидиялалы көпшікшелерінің түсі қоңыр, олар шеңберленіп орналасады. Көпшікшелерде тығыз орналасқан жіпшелердің ұшынан конидия тасушылар дамиды. Онда пішіні жқмыртқа немесе эллипс тәрізді. Жетілген кезде тізбектен үзіліп желмен, жаңбырмен, бунақденелермен таралып, өсімдікті залалдайды. Инфекция жеміске бунақденелердің зақымданған жарақаттары, әртүлі жарықтар арқылы және ауру мен саулары жанасқанда енеді. Саңырауқұлақ 24 - 28 С температура мен 75 - 80 % ауа ылғалдылығында жақсы дамиды. Бұл ауру қоймада да кездеседі. Саңырауқұлақ споралары 2 С жылылықта түзіле бастап, ал температура одан жоғары көтерілген жағдайда жеміс шіриді. Инфекция қоры - мумияланған жеміс. Алма мозаикасы. Тәжірбиеде 19 тұқымдасқа жататын 65 өсімдік түрлеріне, соның ішінде алма мен раушан гүліне, сүйекті жеміс ағаштарына жұққан. Бұл вирусқа алмұрттың берік екені анықталған. 2 - сурет. Аурудың алғашқы белгілері жапырақта ақшыл сары, кейіннен бозғылт және ақшыл тартатын жолақтар, дөңгелек дақтар немесе торланған сақиналар, жүйкелерінде сақиналы дақтар ретінде байқалады.
1 - сурет. Алма мозаикасы.
Инфекцияны тасымалдаушысы белгісіз, ауру көшеттер және вегетативті көбейту материалдары арқылы таралады. Ақ ұнтақ. Ауру республикада кең таралған, әсіресе оңтүстік аймақтарда зияндылығы мол. Кеселге өсімдіктің жапырағы, өркені, гүлі, кейде жемісі шалдығады. Алма ағашында ақ ұнтақ ауруы бүршіктер ашыла бастағанда және алғашқы жапырақтары түзілгенде пайда болады. Жаңа ашылған жас жапырақта, оның сағағында ақ - сұр, кейде сарылау өңез түзіліп, залалданған жапырақтар жетілмей, негізгі жүйке бойымен ширатылады. Гүл шоғыры да ақ өңезбен жабылады . Өркен бетіндегі өңез алғаш ақ түсті, кейін сұрланып, соңынан біртіндеп қоңырланып, оның бетінде қара нүкте тәрізді клейстотецийлер түзіледі де, тез түсіп қалады. Түйін түзіле бастағанда кесел ақ ұнтақ түрінде білініп, қысқа мерзімде жойылады да, жеміс бетінде сарғыш тор тәрізді белгі қалады.
3 - сурет. Ақ ұнтақ
Ауру қоздырғышы - Podosphaera leucotricha Salm. саңырауқұлағы. Саңырауқұлақ жіпшумағы ұлпа бетінде дамып, аппрессориийлары арқылы тіркеліп, одан гаусторийлар тарап ішке енеді. Жіпшумақ бетінде конидиялы спора тасушыларда бір клеткалы, түссіз, эллипс тәрізді, көлемі 21, 7 - 37, 9 - 17 мкм конидиялар тізбектеліп түзіледі де, жаңа өсіміктерді залалдайды. Саңырауқұлақтың инкубациялық кезеңі ие өсімдіктің жағдайына және температураға байланысты 4 - 10 күнге созылып, жаз бойы қоздырғыш бірнеше ұрпақ береді. Клейстотециийлер көбінесе жас өркендер мен жапырақ сағағында түзіледі. Олардың пішіні шар тәрізді, түсі қара - қоңыр, қосымшалары екі түрлі: біріншісі қысқа, иректелген, ашық қоңыр түсті, қарапайым аздаған қосымшалары клейстотецийдің астыңғы бөлігінде түзіледі; басқасы ұзынша, ашық қоңыр түсті, жоғарғы бөлігі түссіз қосымшалар 3 - 7 ден шоқтанып, клейтотецийдің үстіңгі бөлігінде орналасады. Клейстотеций ішінде 8 споралы, пішіні дөңгелек немесе сопақша бір қалта түзеді. Саңырауқұлақ жіпшесі өсімдіктің бүршіктерінде сақталады, сондықтан көктемде жаңа ашыла бастаған жапырақтар мен гүлдер ақ ұнтақ ауруымен залалданады. Өсімдіктің жапырағы мен жас өркендеріне түскен споралар жіпшеге еніп, өрбіп, бүршіктерге еніп қыстайды да, ауруға шалдыққан өркендерде кесел үнемі дамып отырады. Шық пен ыстық ауа райы және өсімдікті уақытылы суармау аурудың дамуына қолайлы жағдай жасайды. Көшеттіктерде залалданған өркендер қисайып, өспей қурайды. Өркендердің жойылуы тікелей саңырауқұлақ әсерінен немесе паразиттен залалданған өркендердің әлсіреп, суыққа төзімділігі төмендеп, соның нәтижесінде көшеттердің негізгі өркендерінің саны кемиді. Аурудың саларынан өсімдіктің фотосинтезі төмендеп, жапырақтары мен жемістері майдаланып, өркендері қысқы суыққа төзімсіз келеді. Залалданған гүл шоғыры түсіп, түйін байламайды.
Жеміс дақылдарын аурулардан қорғау жүйесі агротехникалық, санитарлық, профилактикалық және химиялық шаралардан тұрады. Өсімдіктің қарқынды дамып және ауруға төзмдлігін арттыруға бағытталған агротехникалық шаралар:
- жеміс ағаштарының тиімді схемамен отырғызу, сорттарды дұрыс таңдау.
- Ағаштарды мерзімінде баптау.
- Тыңайтқыштарды мөлшерімен, ал калийді үстеме бер, азот мөлшерін қадағлап, көбеюіне жол бермеу.
- Уақытылы суару.
Аурудың дамуы мен инфекция қорының жинақталуын тежеудегі санитарлық, профилактикалық шаралар:
- Жеміс бақтары мен көшеттіктерді орналастыратын учаскелерді жеміс ағаштары бұрын өсірілмеген жерден таңдап, басқа бақтардан арақашықтықты сақтау.
- Көшеттерді отырғызу алдында мұқият тексеріп, тамыры ауруға шалдыққан жарамсыз ағаштарды іріктеп жою, тамырындағы ісіктерді жойып, өсімдіктің тамыр жүйесін 3% мыс купоросы ерітіндісінде өңдеп, сумен шаю.
- Вирустарды анықтаушы тест өсімдіктерді және серологиялық әдісті қолданып, вируссыз көшеттерді іріктеу.
- Телінгіштерді сау өсімдіктерден даярлау.
- Қураған және ауруға шалдыққан бұтақтарды бүршіктенуге дейін кесіп, ауруға шалдыққан қабықтың кеселденген бөлігін кесіп, тазалап, бөліктерді Қураған және ауруға шалдыққан бұтақтарды бүршіктенуге дейін кесіп, ауруға шалдыққан қабықтың кеселденген бөлігін кесіп, тазалап, бөліктерді 3%мыс купорасы немесе 5% темір купорасымен өңдеп, үстіне бақ ұннын жағу.
- Цитоспороз кеселіне шалдыққан қабықты сүрегіне дейін тазалап, инфекция қорын жою үшін ауру бөлікпен шектелген сау ұлпаны 1 - 2 см атық кесу.
2. 2. Орман ағаштарының және бүршік, қылқан, тұқым зиянкестері
Орман зиянкестері, ағаш, бұта өсімдіктерін зақымдайтын жәндіктер, кейбір кене түрлері, омыртқалы жануарлардан қоян, тышқан тұқымдас кемірушілер жатады. Қазақстанда орман зиянкестерінің ішінде жиі кездесетіні жәндіктер, қоректену түріне қарай: жапырақ жегілер (қылқан жапырақты да), дің кемірушілер, тамыр зиянкестері немесе топырақ мекендеушілер және жеміс, тұқым зиянкестері деп бөлінеді. Бұлардан көбелектер, құмырсқа, шыбындар, ткачтер тез көбейіп кететін болса, жапырақ жегілер, бізтұмсықтар, улы алагүліктер, т. б. біркелкі көбейіп, әсіресе жас ормандарда, саябақтарда, егін қорғау алқабында белгілі бір аймақта таралады. Дің зиянкестері негізінен қоңыздар (қабық қоңызы, сүген қоңыздар, зер қоңыздар, бізтұмсықтар), кейбір жарғақ қанаттылар (мүйіз құйрықтылар) және көбелектер (бұрғы көбелек, жылтыр көбелектер) . Бұл зиянкестер ағаш тінін, сүрегін кеміреді, сапасын кемітеді, ағашты қуратады. Тамыр зиянкестеріне зауза қоңыздары, қарақоңыз, тақта мұртты қоңыздардың дернәсілдері жатады. Тамыр зиянкестерінің көпшілігі жұмыртқасын топырақ арасына салады және барлық даму сатылары сонда өтеді. Жеміс, тұқым зиянкестерінің түрі өте көп. Бұлар ағаштың генеративтік органдарын зақымдайды, орман шаруашылығына едәуір зиян келтіреді. Орман зиянкестеріне қарсы олардың көбею, таралуының алдын алатын және жойып жіберетін химиялық, биологиялық шаралар (зиян келтіретін жәндіктерді жеп құртатын жәндіктер, жәндік қоректі құстар, биологиялық препараттар) қолданылады. Жапырақ жегілерге қарсы негізінен химиялық әдіс қолданылады. Үлкен аймақтарға ұшақпен пестицидтер себіледі. Дің зиянкестері таралмау үшін орманда өсетін ағаштар құрамы жақсартылады, зиянкестерге төзімді ағаш түрлері егіледі, орман кесу ережелері, орманды тазалау, т. б. шараларды дұрыс іске асыру қадағаланады. Тамыр жеміс, тұқым зиянкестеріне қарсы әр түрлі химилық заттар пайдаланылады. Қабық жегілер (лат. Scolytinae ) - бұрын бөлек тұқымдасы лат. Scolytidae ретінде айқындалған, қазір Ұзынмұрындылар тұқымдасының тармағы ретінде қаралады. Барлық қабық жегілердің өзіне тән ерекшеліктері бар: денелерінің артқы ұштарын терең тісшелер қаптаған, оны энтомологтар арба деп атайды. Мұның жәрдемімен қоңыздар жаңқаларды жолынан сыпырып тастап отырады. Қабық жегілер-бойы 1 см болатын қоңыздар, ұзынмұрындылардың жақын туыстары (олардың түтікбастары болмағанымен, осы тұқымдасқа жатқызады) . Қабық жегілердің өмірін ағаштан ажыратып ала алмайсыз. Олардың әдеттегі өкілі - Шырша қабық жегі.
Жолдары Pityogenes chalcographus. Ол әлі қурап кетпесе де әлсіреген немесе жаңадан шабылған талды зақымдайды. Баспашының аналығы қабық астына жұмыртқа салатын орын әзірлейді. Жұмыртқадан шыға сала дернәсілдер өз жолдарымен кетеді, соның бойында қуыршаққа айналады. Нәтижесінде қабық астында суреті баспа матрицасын еске салатын (қоңыздың да атауы осыдан келіп шыққан) бұралаң жолдар пайда болады. Қуыршақтан түлеген ересек дарақтар қабыққа саңылау салып, ағашты тастап шығады, ал қабығына зиян келген шырша кешікпей қурап қалады. Жыл сайын жаппай көбейген кезде қабық жегілер орман шаруашылығына елеулі шығын келтіреді. Олар бүлдірген шыршалар сырттай қарағанда бүтін сияқты болып көрінеді, бірақ тәжірбиелі орманшылар қабықтан шағын тесіктерді және олардың астынан майда ағаш қиқымын байқайды. Демек, бұл талдың басы бос емес деген сөз. Бірінші жылдары отырғызылғаннан кейін питомниктермен мен орман дақылдары осы жерде ертеректе немесе қоршауға тараған, сонымен қатар арамшөптердегі көпулы зиянкестердің жабылуына килігеді. Орманның массивтерінің ішінде немесе жанында орналасқан питомниктермен мен орман дақылдарын орман өсімімен байланысты жәндіктері зиян келтіруі мүмкін. Бұрын ауылшаруышылық қолданысындағы немесе ауыл шаруашылығының жанында өскен питомниктер мен орман дақылдарын далалық, көкөкністік, бақшалық, бақ дақылдарының зиянкестері шабуыл жасауы мүмкін. Бұл құбылыс, көбінесе қоршаған питомниктер мен дақыл территориясындағы зиянкестердің тез арада көбею жылдарында көптеп кездеседі. Өсімдіктердің тамырын, сонымен қатар жаңа отырғызылған дәндер мен өскіншектерді бұзатын жәндіктерге шартылдақ қоңыз дернәсілдері мен басқа да тақташамұртты қоңыздар, шыртылдақтар дернәсілдері (сымқұрттар), қараденелілер мен тозаңжеушілерді (жалған сымқұрттар), бұзаубастар, ұзынсирақмасалар, кейбір ұзынтұмсықтар және т. б. Көп жылдық ағаштар мен жидектер көптеген аурулар мен зиянкестермен жиі залалданады. Соңғы жылдардағы ағаш қорғау шараларының күрт азаюы зиянкестер мен аурулардың сан мөлшері мен зияндылығының өсуіне әкеліп соқтыруда. Ағаш өнімділігі жақсы болуы үшін оларды аурулар мен зиянкестерден қорғай білу қажет. Көптеген зиянкестердің ішінде аса қауіптісі шығыс жеміс жемірі де бар. Мүр Көбелек(Geometrіdae) - қабыршақ қанаттылар тұқымдасына жатады. Жер шарында кең тараған, негізінен тропиктік және жалпақ жапырақты ормандарда кездесетін 15 мыңдай түрі белгілі. Қанатын жайғанда ұзындығы 13 - 50, кейде 80 мм-ге дейін жетеді; қанаттары жалпақ, қоңыр сұр, сарғыш түсті, ірілі-ұсақты жолақтармен көмкерілген, кейбіреулері өте ашық ала-құла түстерге боялған. Кейбір түрінің тұмсығы болмайды. Мүр көбелектерде жыныстық диформизм анық байқалады: жылдың салқын кезінде пайда болған көбелектердің аналықтары қанатсыз немесе жетілмеген қанаты болады. Бұлар негізінен кешқұрым, не түнде белсенді тіршілік етеді. Қуыршаққа айналарда топыраққа, қураған ескі жапырақ арасына жасырынады немесе пілләға оранып, ағаш діңіне бекінеді. Көбінесе қуыршақтары, кейде жұлдызқұрттары мен жұмыртқалары қыстап шығып, көктемде ұша бастайды. Мүр көбелектердің көпшілік түрі - орман және жеміс ағаштарына зақым келтіреді. Мүр көбелекке қарсы ағаштарға инсектицидтер бүркіп, көктемде және күзде ағаш түбін қопсытады. Қазақстанда шығыс аймақтарда Мүр көбелек жиі кездеседі. Беде қоңыр көбелегі, зығыр қоңыр көбелегі (Chlorіdea dіpsacea) - қоңыр көбелектер тұқымдасына жататын ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкесі. Далалы және орманды-далалы белдемдерінде кездеседі. Қанатының жайғандағы ұзындығы 30 - 35 см-дей. Көбелек 600 - 700, кейде 1500 жұмыртқа салады. Оны жарып шыққан жұлдызқұрт жасыл не қызғылт сұр түсті (ұзындығы 21 - 40 мм) . Беде, зығыр, соя, мақта, кендір, арахис, күнбағыс, темекі, көксағыз, т. б. дақылдардың жапырағын, тұқым бүрін, тұқымын жеп қоректенеді, топырақ арасында (2 - 5 см тереңдікте) қуыршаққа айналады. Одан шыққан көбелек мамыр айының басында (оңт. аудандарында) не аяғында (солт-те) ұша бастайды. Жылына 2 - 3 рет ұрпақ береді. Негізгі күрес шаралары: Б. қ. к. қуыршаққа айнала бастаған кезде егістікті қопсыту, оның шөбі алынғаннан кейін сүдігер жырту, тех. дақылдар мен бұршақты өсімдіктер себілген жерлерге инсектицид (хлорофос, метафос, т. б. ) шашу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz