Жамбыл облысы Меркі ауданы жағдайында қант қызылшасының негізгі зиянкестері мен ауруларының фитосанитарлық мониторингі және оған қысқа мерзімділік болжауы мен фенологиялық болжауын жасау
КІРІСПЕ
1 Таңдаған тақырып бойынша әдебиеттерге шолу
2 Жамбыл облысы Меркі ауданының топырақ.климаттық
жағдайына қысқаша сипаттама
3 АРНАЙЫ БӨЛІМ
3.1 Жамбыл облысы Меркі ауданы жағдайында қант қызылшаны өсіру технологиясы
3.2 Зерттеу әдістері мен материалы
4
4. Жамбыл облысы Меркі ауданы жағдайында қант қызылша егісінде кездесетін зиянкестердің түр құрамы
4.1 Cұр қант қызылша бізтұмсығына жасалған фитосанитарлық мониторинг
4.2 Кәдімгі қант қызылша бүргесіне жасалған фитосанитарлық мониторинг
4.3 Қызылшаның тамыр бітесіне жасалған фитосанитарлық мониторинг
4.4 Қант қызылшаның ақ ұнтақ ауруына жасалған фитосанитарлық мониторинг

Қант қызылшасы (Beta vulgaris L. V. Saccharifea) – алабұталар тұқымдасы (Chenopodiaceae), қызылша туысының (Beta L.) малазықтық (v. Crassa), жапырақты (v. Cicla ) және асханалық (v. Escultnta) түр тармақтары кіретін түрдің - екі жылдық, жылу сүйгіш, бағалы техникалық дақыл. Ол халық шаруашылығында ерекше орын алады. Тамақ өнеркәсібінде қант алу үшін пайдаланылады, өйткені оның тамыр жемісінде орташа есеппен алғанда 16-20% қант болады. Қант заводтарында өндегеннен кейінгі қалдығы сірне, сығынды мал азығына пайдалынады. Қант қызылшасы сірнесінде 15% азотсыз заттар, 60% қант қалдығы, 8-9% күл, ал сығындыда 15% құрғақ заттар, оның ішінде 10% азотсыз заттар, 3% клетчатка, 0,7% күл, 0,1% май және 1,2% протеин болады. 100 кг сығындыда – 80 мал азық өлшемі, 3,6 кг қорытылатын белок болғандықтан, ірі қараға бағалы азық.
Қант қызылшасы әр гектардан 300 ц тамыр өнімін берсе 240 ц сығынды алынады. Қант қызылшасы өндірісінің қалдығы құрамында 40-50% әк, 15% органикалық заттар, 0,2-1,7% азот, 0,2-0,9% фосфор және 0,5-0,9% калий болғандықтан жақсы тыңайтқыш болып есептеледі.
Қант қызылшасы – өте бағалы мал азықтық дақыл. Әр гектардан алынатын түбірінің өнімі 300 ц, жапырақтары 15 ц болғанда, 10500 мал азық өлшемін береді. Жақсы алғы дақыл ретінде өзінен кейін егілген дақылдардың өнімін молайтады.
Өткен ғасырдың 80-шы жылдары Қазақстанда қант қызылшасы 78,8 мың гектар жерде, оның ішінде Алматы (5,6 мың гектар), Жамбыл (38,7 мың гектар) және Талды-Қорған (34,5 мың гектар) облыстарында егілді [1].
Одан кейін экономикалық өзгеріс жылдары (1990-2000) қант қызылша егістің көлемі тым азайып кетті (11-15 мың га), сонымен қатар дақылдың өнімділігіде төмендеп кетті, бір гектардан 150-180 ц тамыр жемісі алынып жүрді. Бүгінгі таңда негізгі қант қызылша өнімді (63,2%) фермерлік және жеке шаруа қожалықтары өсіреді. Соңғы жылдары қант қызылша өндірісіне үлкен көңіл бөлініп келе жатыр: дақылды өсіруде жаңа технологиялар,техникалар, сорттар мен өсімдік қорғау құралдары пайдалануда. Соның нәтижесінде қант қызылша өнімі 53,6% өсіп, 2013 ж. орташа дақылдың өнімі 267,7 ц/га жетті.
Қазақстан Республикасында ғылыми-зерттеу мекемелер ұсынған интенсивті технологиясы бойынша қант қызылшасы өндірісте өндіріледі. Дақылды өндіргенде көптеген технологиялық әдістер механизация жолына қойылған, оның нәтижесінде алынатын өнім көлемі және қанттылығы өседі, ал қолмен істейтін жұмыстар 2-3 есе азаяды.

1 Аубекеров Т.А., Жұмағұлов Ж.Ж. Өсімдік шаруашылығы және селекция. // Қайнар. Алматы, 1988. – Б. 144-152.
2. Исмухамбетов Ж.Д. Вредители сахарной свеклы в Казахстане и защита посевов от них. //Казахская академия сельскохозяйственных наук. Алматы, 1993. – 188с.
3 Попова И.В. Болезни сахарной свеклы. // Россельхозиздат, М., 1968. -80с.
4 Дьяконов А.М. Определитель вредителей свекловицы в Средней Азии и Казахстане. Алма- Ата. 1944. –С 7- 108.
5 Бруннер Ю.Н. Формирование энтомомплексов вредителей сахарной свеклы в орошаемых районах Средней Азии и Южного Казахстана и биологическое обоснование к системе борьбы с ними. Автореферат дис. На соискание докт биол. наук. Харьков, 1966.

Қазақстан Республикасы Білім Және Ғылым Министрлігі
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Жамбыл облысы Меркі ауданы жағдайында қант қызылшасының негізгі зиянкестері мен ауруларының фитосанитарлық мониторингі және оған қысқа мерзімділік болжауы мен фенологиялық болжауын жасау.
Алматы 2017 ж
КІРІСПЕ
1
Таңдаған тақырып бойынша әдебиеттерге шолу
2
Жамбыл облысы Меркі ауданының топырақ-климаттық
жағдайына қысқаша сипаттама
3
АРНАЙЫ БӨЛІМ
3.1
Жамбыл облысы Меркі ауданы жағдайында қант қызылшаны өсіру технологиясы
3.2
Зерттеу әдістері мен материалы
4
4.
Жамбыл облысы Меркі ауданы жағдайында қант қызылша егісінде кездесетін зиянкестердің түр құрамы
4.1
Cұр қант қызылша бізтұмсығына жасалған фитосанитарлық мониторинг
4.2
Кәдімгі қант қызылша бүргесіне жасалған фитосанитарлық мониторинг
4.3
Қызылшаның тамыр бітесіне жасалған фитосанитарлық мониторинг
4.4
Қант қызылшаның ақ ұнтақ ауруына жасалған фитосанитарлық мониторинг
КІРІСПЕ
Қант қызылшасы (Beta vulgaris L. V. Saccharifea) - алабұталар тұқымдасы (Chenopodiaceae), қызылша туысының (Beta L.) малазықтық (v. Crassa), жапырақты (v. Cicla ) және асханалық (v. Escultnta) түр тармақтары кіретін түрдің - екі жылдық, жылу сүйгіш, бағалы техникалық дақыл. Ол халық шаруашылығында ерекше орын алады. Тамақ өнеркәсібінде қант алу үшін пайдаланылады, өйткені оның тамыр жемісінде орташа есеппен алғанда 16-20% қант болады. Қант заводтарында өндегеннен кейінгі қалдығы сірне, сығынды мал азығына пайдалынады. Қант қызылшасы сірнесінде 15% азотсыз заттар, 60% қант қалдығы, 8-9% күл, ал сығындыда 15% құрғақ заттар, оның ішінде 10% азотсыз заттар, 3% клетчатка, 0,7% күл, 0,1% май және 1,2% протеин болады. 100 кг сығындыда - 80 мал азық өлшемі, 3,6 кг қорытылатын белок болғандықтан, ірі қараға бағалы азық.
Қант қызылшасы әр гектардан 300 ц тамыр өнімін берсе 240 ц сығынды алынады. Қант қызылшасы өндірісінің қалдығы құрамында 40-50% әк, 15% органикалық заттар, 0,2-1,7% азот, 0,2-0,9% фосфор және 0,5-0,9% калий болғандықтан жақсы тыңайтқыш болып есептеледі.
Қант қызылшасы - өте бағалы мал азықтық дақыл. Әр гектардан алынатын түбірінің өнімі 300 ц, жапырақтары 15 ц болғанда, 10500 мал азық өлшемін береді. Жақсы алғы дақыл ретінде өзінен кейін егілген дақылдардың өнімін молайтады.
Өткен ғасырдың 80-шы жылдары Қазақстанда қант қызылшасы 78,8 мың гектар жерде, оның ішінде Алматы (5,6 мың гектар), Жамбыл (38,7 мың гектар) және Талды-Қорған (34,5 мың гектар) облыстарында егілді [1].
Одан кейін экономикалық өзгеріс жылдары (1990-2000) қант қызылша егістің көлемі тым азайып кетті (11-15 мың га), сонымен қатар дақылдың өнімділігіде төмендеп кетті, бір гектардан 150-180 ц тамыр жемісі алынып жүрді. Бүгінгі таңда негізгі қант қызылша өнімді (63,2%) фермерлік және жеке шаруа қожалықтары өсіреді. Соңғы жылдары қант қызылша өндірісіне үлкен көңіл бөлініп келе жатыр: дақылды өсіруде жаңа технологиялар,техникалар, сорттар мен өсімдік қорғау құралдары пайдалануда. Соның нәтижесінде қант қызылша өнімі 53,6% өсіп, 2013 ж. орташа дақылдың өнімі 267,7 цга жетті.
Қазақстан Республикасында ғылыми-зерттеу мекемелер ұсынған интенсивті технологиясы бойынша қант қызылшасы өндірісте өндіріледі. Дақылды өндіргенде көптеген технологиялық әдістер механизация жолына қойылған, оның нәтижесінде алынатын өнім көлемі және қанттылығы өседі, ал қолмен істейтін жұмыстар 2-3 есе азаяды.
2 Жамбыл облысы Меркі ауданының топырақ-климаттық жағдайына қысқаша сипаттама
Меркі ауданы - Жамбыл облысының 10 аудандарының бірі. Қазақстан Республикасының оңтүстік шығысында, Алатаудың бөктерінде орналасқан. Шығысында Қырғызстан Республикасының Шу облыстың Жайыл ауданымен, солтүстік-шығысында облыстың Шу, солтүстігінде Мойынқұм, оңтүстік-батысында Рысқұлов (бұрынғы Луговой) аудандарымен шектеседі.
Ауданның аумағы 7,1 мың км2. Ауданда 12 ауыл аумақтар орналасқан. Аудан орталығы - Меркі ауылы.
Ауданның оңтүстігі таулы келеді. Онда Қырғыз Алатауының Мүйіздіқара, Қараауыз, Құмбел, Қасқасу, Үңгірлі, Саңдық, Шайсандық, Молалы таулары орналасқан. Ауданның орталығы және солтүстік бөліктері жазық. Солтүстігінде Мойынқұм құмына ұласып кетеді. Жер қойнауынан құрылыс материалдары, жер асты шипалы сулары (Меркі бұлақтары) барланған.
Негізгі өзендері: Қайнар, Меркі, Ойтал, Аспара және олардың тармақтары Меңке, Қызтогансай, Тоғайтал, Қарақау т.б. Өзендердің барлығы Қырғыз Алатауының солтүстік беткейінен бастау алып ауданның орталық бөлігін кесіп ағатын Қорағаты өзеніне құяды.
Өсімдіктерден арша, жабайы жеміс ағаштары, жазық өңірлерде бұта, бетеге, жусан, жыңғыл, сексеуіл, эфемер өседі.
Ауданда негізінен қант қызылшасы мен биязды жүнді қой, оған қосымша астық, етті-сүтті мал, жылқы, көкөніс, бақшаөсіруге мамандалған.
Ауданда шаруашылыққа пайдаланатын жердің жалпы аумағы 654,2 мың га, оның ішінде жыртылған жердің аумағы 94,7 мың га, жайылымы 507,5 мың га, шабындығы 7,9 мың га.
Жамбыл облысы Меркі ауданының табиғаты температураның құбылмалылығы, жауын-шашынның әр жылы, әр территоряға, әр түрлі түсетіндігі, ауаның құрғақтығы, қатты буланғыштығы, күн шуағының молдығымен сипатталады. Климаты континенттік, қысы біршама жұмсақ, жазы ыстық. Ауданның оңтүстік таулы аймағының ауа райы жұмсақтау келеді, қысы онша қатты емес, ылғал да біршама жақсы түседі.
Мерке ауданындағы ауаның жылдық орташа температурасы 6,5-10,50С арасында ауытқып отырады. Ал солтүстік және таулы аудандарда 6,5-80С. Аудан бойынша ең суық ай - қаңтардағы ауаның орташа температурасы - - 5-90С, орташа - 7-80С суықтық аралығында (кесте - 1). Кей жылдары аяз - 42-470С-қа дейін жетеді. Ең ыстық айдағы ауаның орташа температурасы тау және тау бөктерлерінде 21-220С, жылдың жылы кезеңіндегі орташа ауа температурасы 22-250С. Аса ыстық жылдары күндізгі ауа температурасы 45-460С болады.
Көктемнің алғашқы белгілері наурыз айының екінші жартысында, ал таулы аудандарда наурыздың аяғы мен сәуірдің басында байқалды.
Қар қабаты жұқа, біркелкі болады. Ол ең қалындағанда ауданның солтүстігінде 10-нан 20-35 см-ге дейін, оңтүстігінде 15-30 см, тау бөктерлерінде 20-40 см, тау бастарында 20-40 см-ден 70 см-ге дейін жатады.
Арғатай Жамбыл облысы Меркі ауданының 2014-2015 жылдары ауа райының орташа температурасы мен жауын-шашыны көрсетілген.
2014 жылдың күз айлары: Қыркүйек айы ашық, желді болды. 1 - ші оңкүндігінде күн жылы, самал желдің бағыты оңтүстік - шығыстан, жоғарғы ауа температурасы 360С, төменгі ауа температурасы 90С құрап жатса, орташа тәуліктік ауа температурасы 21,10С болды. 2 - ші оңкүндігінде орташа тәуліктік температурасы 23,40С болды, 27 - 30 жұлдызында жел тұрып, артынша жаңбыр жауды. Желдің бағыты солтүстік - шығыстан, шамамен 3-8 мсек байқалды.
Қазанда күн ашық, желді болды. 1 - ші онкүндігінде күн жылы, самал желдің бағыты оңтүстік-шығыстан орташа тәуліктік температура 16,10С құрды, 13 - жұлдызында таң ертен себелеп жаңбыр жауды. 25 - 30 жұлдызында күн бұлттанып, күні бойы себелеп жаңбыр жауды.
Қараша айында күндер бұлттанып, салқынды самал желдің бағыты оңтүстік - шығыстан болды. 5-10 жұлдызында себелеген жаңбыр, 8 - ші жұлдызында түнде майдалап қар жауды, орташа тәуліктік температура 9,10С құрды. 2 - ші онкүндігінде күн құбылмалы болды: аспан ашылып, дала тұманданып, күн бұлттанып, оңтүстіктен соққан желдің жылдамдығы 3 - 4 мсек, 11 - ші жұлдызында майдалаған қар болды, орташа тәуліктік ауа температурасы 1,70С. 3 - ші онкүндігінде аспан ашық, желдің бағыты солтүстік - шығыстан, шамамен 3-4 мсек жылдамдықта болды, орташа тәуліктік ауа температурасы 7,40С болғаны тіркелінді.
2014-2015 жж. қыс айлары: Желтоқсанда аспан ашық болып, кей күндері күн бұлттанып, салқынды самал желдің бағыты шығыстан болды. Орташа тәуліктік ауа температурасы айдың бірінші бөлімінде -20С, ал екіншісінде - -5,40С. Айдың соңғы күндерінде майдалап қар, ал 26-шы жұлдызында себелеп жаңбыр жауды.
Қаңтарда күн бұлттанып, желдің бағыты оңтүстік - солтүстіктен 10-12 мсек жылдамдықта соқты. 2-ші жұлдызында жаңбыр себелеп,ал 3-ші жұлдызында қар жауды. Орташа тәуліктік ауа температурасы -50С. 2 - ші онкүндігінде аспан ашылды, шығыстан соққан ызғарлы желдің жылдамдығы 10-12мсек, 14-ші жұлдыз қарлы келді. Орташа тәуліктік ауа температурасы -2,40С. 3 - ші онкүндігінде күн бұлттанып, желдің бағыты солтүстік-шығыстан, шамамен 3-7 мсек жылдамдықта болды. 24-ші күні қар, ал 28-30 күндері жаңбыр жауды, орташа тәуліктік ауа температурасы - -2,10С.
Ақпан бұлтты, ызғарлы, желдің бағыты оңтүстік - шығыстан шамамен
3-4 мсек жылдамдықта болды. 1-9 жұлдызында жаңбыр, ал 3-4 күндері қар жауды. Орташа тәуліктік ауа температурасы -2,60С. 14 - ші жұлдызында қар, 16-19 күндері майдалап жаңбыр жауды, орташа тәуліктік ауа температура - -1,60С. 3 - ші онкүндікте күн бұлттанды, кейбір күндері аздап жаңбыр жауды, 22- күні жер көктайғақтанды; орташа тәуліктік температура - +0,80С құрады.
2015 ж. көктем айлары. Наурыз айында алдымен аспан ашылды, артынан бұлттанып, жел тұрып, бұршақ аралас жаңбыр жауып кетті. Жоғарғы ауа температурасы 110С, төменгі ауа температурасы -20С, орташа тәуліктік температурасы +1,90С құрды. 2 - ші оңкүндігінде күн құбылмалы болды: аспан ашылып, күн бұлттанып, 16-18 ші жұлдыздарында жаңбыр жауды; орташа тәуліктік температурасы +7,90С. 3 - ші онкүндігінде күн бұлттанып, салқын желдің бағыты батыс-солтүстіктен, 4-5мсек жылдамдықта болды. 22-жұлдызында жаңбыр жауды, орташа тәуліктік температурасы +8,60С.
Сәуір айында аспан ашылды, бірақта жауын-шашынды болды. Желдің бағыты шығыстан, жылдамдығы 4-9 мсек жетті. Жоғарғы ауа температурасы 220С, төменгісі 00С, орташа тәуліктік 10,70С құрды. 2 - ші онкүндікте күн бұлттанып, жауын жауды, орташа тәуліктік температура 0,60С құрды. 3 - ші онкүндікте 28 күні жаңбыр жауды, орташа тәуліктік температурасы 10,90С болды.
Мамырда аспан ашық болып, кей күндері бұлттанып, себелеп жаңбыр жауды. Желдің бағыты шығыстан және солтүстіктен жылдамдығы 3-7 мсек болғаны байқалды. Жоғарғы ауа температура 210С, төменгісі 40С, орташа тәуліктік температура 12,50С құрды. 2 - ші онкүндігінде күн бұлттанып, жауын жауып, оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 3 - 5 мсек, орташа тәуліктік температурасы 17,20С болды. 3 - ші онкүндігінде ауа ашық, орташа тәуліктік температура 19,80С болғаны тіркелінді.
2015ж жаз айлары. Маусымда аспан ашық болып, кей күн бұлттанып, жаңбыр жауды. Желдің бағыты оңтүстіктен болып, жылдамдығы 4-7 мсек, жоғарғы 370С, төменгі 13 0С, орташа тәуліктік температура 22,60С құрды. 12-ші жұлдызында себелеп жаңбыр жауды,ал самал желдің бағыты шығыстан соқты. 3 - ші онкүндікте ауа райы ашылып кейбір күндер бұлттанып, желдің бағыты әр жақтан болып, жылдамдығы 3-12 мсек көрсетті; орташа тәуліктік температура 29,20С болды.
Шілде айында аспан көбінесе ашық, желдің бағыты оңтүстік - шығыстан, күн құбылмалы, жаңбыр жауды. Айдың 1-ші жартысында орташа тәуліктік температура 30,10С, ал екіншісінде 33,70С құрды.
Тамыз айында күн құбылмалы болып, күн бұлттанып, нөсерлі жауын жауып, соққан желдің бағыты батыс - шығыстан , ал жылдамдығы 4-6 мсек-та құрды. Орташа тәуліктік температура әр онкүндікте
29,2 - 31,30С аралығында болды.
Топырақтың тоңазу қабаты қыста 50-100 см. Ауданның барлық дерлік аумақтарында шығыстан және солтүстік-шығыстан аңызақ соғып, тек қиыр оңтүстік пен оңтүстік-шығыс бағытта аңызақ жиі қайталанады.
Егістікті күтү. Қант қызылша егістігін күтіп-баптау тұқым өңіп шыққаннан кейінгі тырмалау, шабықтау, дақылды сирету, жиілігін қалыптастыру, тексеру, суару, қатараралықтарын қопсыту, үстеп қоректендіру, арамшөптермен және зиянды бунақденелілермен күресу жұмыстарынан тұрады.Егістікті тырмалау топырақ бетінің қабыршақтануын болдырмай, ылғалдығын сақтап, арамшөптерді құртады, өте жиі өнген қант қызылшасы сиретіледі.
Тұқым көктеп шықпастан бұрын жауын жауса, топырақ бетіндегі қабыршақ қалыңдап кетпей тұрып, егісті ЭПБ-0,6 жеңіл тырмалармен немесе ЗМВ-2,8 құралымен өңдейді. Егістікті жаппай тырмалармен немесе ЗМВ-2,8 құралымен өңдейді. Егістікті жаппай тырмалау 2-3 см тереңдікте себу бағытында көлденең бағытта жүргізіледі. Көктеп шыққан қызылшаны тырмалау оның толық қос құлақтануынан бірінші қос жапырақ сала бастаған кезге дейін созылады, бұл тырмалау қызылшаны 30-40% сиретіп, жаңа шыққан арамшөптердің 60-70% құртады.
Шабықтау немесе қызылша қатараралықтарын алғашқы рет тайыздау қатарлар сәл біліне бастағанда 4-5 см тереңдікте жүргізіледі. Қызылша жиілігін реттеу ең қиын және жауапты жұмыс. Қазақстанның қызылша егетін суармалы жерлеріндегі егінді жинау кезінде әр гектардағы қызылша тығыздығы, қатараралығы 60 см болғанда, 80-85 мың түп, 45 см қатараралығында 90-100 мың түп өсімдік болуы шарт.
Сурет 1 - Қант қызылша егісі (Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Cыпатай ЖШС, 2015ж.)
Қант қызылшаны қатар бойлай сирету үшін УСМП-5,4, ПСА-27, қатарларға кесе көлденең бағытта сирету үшін СУМК-5,4А, УСМК-5, Б КГС-4,8, КРН-4,2 және КРН-5,6 қопсытқыштарын пайдаланады. Сиретуді немен жүргізсе де қатардың әрбір м өсімдіктің саны қатараралығы 60 см болса 7 түп, 44,5 см болса - 6 түптен кемімеуі шарт.
Қызылша егістігін тексергенде қатардағы және шоқтағы жиі өсімдіктерді жұлып, арамшөптерін отап, айналасын қопсытады. Тексеруді қызылша 2-4 нағыз қос жапырақ шығарғанға дейін аяқтаған жөн.
Алғашқы қопсытуды қатараралықты бойлай 6-8 см тереңдікте, КРН-4,2 культиваторымен жүргізеді. Оны үстеп қоректендірумен және алғаш суару жүйелерін тартумен бірге де атқаруға болады.
Дақылдың вегетация кезінде Тізім ... бойынша зиянды организмдерге (зиянкестерге, ауруларға, арамшөптерге) қарсы инсектицидтерді, фунгицидтерді және гербицидтерді қолданады.
Алғаш суарғаннан кейін топырақ кеуіп кетпей тұрып, қатараралықтарды 10-12 см тереңдікте қопсытады. Бұдан кейінгі қопсытудың тереңдігін біртіндеп 16-18 см, ал ауыр топырақты жерде 20-22 см тереңдікке жеткізеді. Топырақты терен қопсыту егістікті суару, алдында КРН-4,2, УСМК-5,4 культиваторларымен және КГР-3,6, КГС-4,8 терең қопсытқыштарымен орындалады [58].
Қант қызылшасың суару. Қант қызылшаны дұрыс суарылса, егістіктің әр гектарынан 77-206 ц дейін қосымша өнім алынатыны анықталды. Танапты суару тәртібін қызылшаның өсіп-дамуының үш кезеңіне қарай шартты белгілейді.
Бірінші кезеңі оның тұқымын себуден июльге дейінгі мерзім. Өсімдік суды аса көп қажет етпейтіндіктен гектарына 600-700 м3 1-3 рет суарады. Алғашқы суару ыза суының тереңдігіне, топырақтың түріне байланысты болады. Қара және ашық қоңыр топырақтарда ол май айының аяғында, ал қайталануы 15-17 күн өткен соң жүргізіледі.
Екінші кезең шілде айынан бастап тамыздың ортасына дейін созылады. Бұл суды көп қажет ететін кезең. Сондықтан әр гектарға 800-900 м3 мөлшерінше әрбір 12-15 күн сайын 4-5 рет суарылады.
Үшінші кезеңде (тамыз айының ортасынан қызылша жиналғанғанға дейін) өсімдік суды аз талап етеді, соңдықтан әр гектарға 700-800 м3 мөлшерінше 1-2 рет суарылады. Соңғы суару қызылшаны жинауға 12-13 күн қалғанда жүргізіледі.
Бұл вегетациялық суарулардан басқа күзде жүргізілген ылғал жинау суаруы, топырақтың жыртылу сапасын жақсартып, әр гектардан 30-50 ц қосымша өнім беретіндігін де ескерген жөн.
Қант қызылшасы егістігіне суды жер бетімен ағызып, топырақ асты және жаңбырлатып суару әдістерімен береді. Егістік беті жақсы тегістелген, бірақ еңкіштігі 0,001-0,0030 дейін болатын жерлерді суарғанда қарықтардың ұзындығы 200-250 м болғаны жөн.
Егістікті иілгіш шлангалары бар ППУ-165У және екі иықты ДДА-100М жаңбырлатқыштары арқылы суарады [58, 62].
Қант қызылшасын жинау. Қант қызылшаны жинаудан 2-3 апта бурын, жинау машиналардың жұмыстарын жеңілдету және тамыржемістің топырақ лайларымен шамалы ластануы үшін, дақылдың арасын 10-12 см тереңдікке қопсыту керек.
Қант қызылшасын 15-20 қыркүйектен бастап әр түрлі машиналармен жинап алу керек. Көптеген жұргізген тәжірибілердің мәліметтері бойынша, дақылды қырқүйектің екінші жартысында жинағанда өнім орташа 250-260 цга болғанда 20-22 ц, ал қаттылық 2 цга өседі. Қай жерде болса да қызылшаны жинау күзгі аяз түскенге дейін аяқталғаны жөн. Күрделі жинау агрегаттарын пайдалану қол еңбегін азайтып, қысқа мерзімде аяқтауға мүмкіндік туғызады. Қант қызылшасын өсіретін негізгі аудандарда, оны жинау қырқүйек айының екінші жартысында басталып, 20-25 қазанда аяқталады.
Қант қызылшаны тасқынды, жартылай тасқынды және үймелі әдістермен жинайды. Тасқынды әдісте түбір қазылып, жапырағы қырқылып, тазаланбастан-ақ қант заводтарына жөнелтіледі.
Транспорт жетіспей, түбірлі топырағынан және шірінен тазалау қажет болса комбайннан шыққан қызылша арнаулы көмбеге төгіледі де, қолмен тазаланып қант заводтарына тапсырылады. Егер қызылша түбір шіру кеселімен қатты зақымданса және егістік қант заводтарынан алшақ болса үймелі жинау әдісі қолданады. Үйменің ұзындығы 3-5 м, ені төменде 2-3, жоғарына 0,3-0,4, биіктігі -1,2-1,5 м болғаны қолайлы.
Қант қызылшасын жинауға сіліккішті КСТ-3А комбайнын және комлекті алты қатарлы бөлектен жинау машиналарын пайдаланады. Бұл кешен БМ-6 пәлеккескіш және өздігінен жүретін КС-6 немесе РКС-6 түбір жинағыш машиналарынан құралады.
Үймелердегі қызылша түбірін имеу СНТ-2,1 Б және ПС-100 немесе өздігінен жүретін өнімді СП-4,2 тиегіш тазалағыштарымен жүргізіледі [62].
Қант қызылшасын тұқымға өсіру. Тұқыдыққа арналған қант қызылшасын күздіктерден кейін егіп, топырақтың ылғалдылығына байланысты әр гектарда 120-180 мың өсімдікке дейін қалдырады. Түбір сақтауға арналған шұңқыр ТКУ-0,9 А жерқазғышымен сақтауға 20-30 күн қалғанда қазылады. Шұңқырдың ені 1 м, тереңдігі 60-70 см. Аоғашқы топырақпен жабуды аяз басталғанда 30 см биіктікте, келесіде биіктігін 120-150 см және енін 120-150 см етіп жүргізеді.
Көктемде күздіктерден босап жыртылған танап топырағын екі ізді тырмалап және 14-16 см тереңдікке қопсытады да, әр гектарға 15-18 ц минералды тыңайтқыштар енгізеді. Тұқымдыққа арналған түбірлерді ерте көктемде ВПУ-4 машинасымен 70х70 см ұялап отырғызып, ылғал тоқтатуды жақсарту үшін айналасын нығыздап таптайды. Өсіп келе жатқан бүршік үсіп кетпес үшін түбір басы топырақ деңгейінен 2-3 см төмен отырғызылады. Аналық түбір отырғызылып болғаннан кейін, егістікті су құйылған катокпен нығаздап, жеңіл тырмалайды. Жапырақтары шыға бастағанда егістік ұяларын жөндейді.
Өсімдіктің өсіп-өнуі кезеңінде 3-4 рет қатараралық қопсыту жүргізеді. Баптау жұмыстарына гүлдеу алдында жүргізетін шырпу мен тұқырту және қосымша тозаңдату жататы. Шырпуды бұтақтанбаған өсімдік сүрегінің ұшын 10-12 см қысқарту арқылы, ал тұқыртуды барлық сабақтардың ұшын 2-3 см кесу арқылы жүргізеді. Тұқымның 30-40% қоңырлапғанда өсімдікті қолмен кесіп немесе жаткамен дестеге шауып, кептіруге, пісіп жетілуге қалдырады. Дестені қосымша арнаулы көтеріп жинағыштарды бар комбайндармен бастырады [63].
3.2 Зерттеу әдістері мен материалы
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты: қант қызылшанда кездесетін зиянкестер мен ауру туғызғыштарға фитосанитарлық мониторинг жасап, олардың биологиялық ерекшеліктерімен танысып, мәдени өсімдіктерге келтіретін зияндылығын біліп, олардың қауіпті түрлерімен күресу шараларын ұйымдастыруды білу.
Қант қызылша егісінің фитосанитарлық жағдайына баға беру үшін онда мекендейтін зиянды организмдердің таралуы, популяцияның тығыздығы және олардың дамуы туралы мәліметтер болуы тиіс.
Қант қызылша егістерінде зерттеу және мониторинг жұмыстары зиянды бунақденелілерге жүргізуге арнайы тәсілдерді қолдандық [64, 65].
Топырақта тіршілік ететін қант қызылша бізтұмсықтардың, қант қызылша бүргелердің және күздік көбелектің жұлдызқұрттарын есептеу үшін 50х50 см көлемдегі топырақ үлгісін алу әдісі қолданылады, тереңдігі
20х30 см. Топырақты қазып және оған анализ беру үшін оны қабаттастыра орналастырады. Жұмыс кітабына үлгінің номері жазылады және үлгіде табылған жұмыртқалар, дернәсілдер, жұлдызқұрттар, қуыршақтар және ересек бунақденелілер түрлеріне есептер жүргізіледі.
Қоңыздар эфирі бар марилкаларға жинайды, ал дернәсілдерді және жұлдызқұрттарды 2-4%-ті формалин ерітіндісінде қатырады.
Лабораториялық жағдайда түрлері бойынша бунақденелілерді бөледі, аңықтайды және олардың саның есептеп, кейін бұл санды белгілі бір ауданына ауыстырады.
Топырақтың жоғары бөлігінде жүретін пайдалы және зиянды бунақденелілерді есептегенде, топырақ тұзақтарын қолданады (0,5 немесе 0,2 л шыны банкілер) оларды топырақтың жоғарғы беткі қабатының шетімен бірдей етіп қазып, отырғызады. Банкіге түскен бунақденелілерді және басқада жәндіктерді қатыру үшін 2-4%-ті тұз ерітіндісі қолданылады.
Ерте көктемде қар ерігеннен кейін зиянкестер қыстайтын жерде топырақты 10 см тереңдікке дейн қазып көлемі 25х25 см 8-12 үлгілер аламыз. Сол жердегі бунақденелілерді санап, 1 м2 келетін санын анықтаймыз.
Өсімдіктерде өмір сүретін бунақденелілердің (ересек бізтұмсықтар, бүргелер және күздік көбелектің жұлдызқұрттары) және энтомофагтардың санын есептеу үшін 10 өсімдіктен 10 үлгі немесе 5 өсімдіктен 20 үлгі қарау керек. Сөйтіп, 100 өсімдіктегі зиянкестердің санын анықтайды. Үлгіні танапта бірдей диогональда орналастырады. Есепті жеке өсімдікте әр 10 күн сайын жүргізеді.
Ересек бізтұмсықтар мен ересек бүргелер бірінші ұрпақтағы күздік көбелек жұлдызқұрттарының шаруашылық маңызын зерттеу үшін мынадай есептерді жүргізеді: дақылдың бір жұп нағыз жапырақтар пайда болған фазада 1м2 торға 1; 2 ересек бізтұмсықтар мен ересек бүргелер және 3 жұлдызқұрттарды жіберіп, қант қызылшаның екі жұп нағыз жапырақтар пайда болған фазада 1м2 арнайы торға 0,5; 1 ересек бізтұмсықтар мен ересек бүргелер және 1,5 жұлдызқұрттар жіберіледі. Тордың бетін осы материалмен жауып ұзындығы және көлденені 1 м модельді аланшада ересек бізтұмсықтар мен бүргелердің және жұлдызқұрттардың саны әртүрлі болған жағдайда зерттеу жұмыстар жүргізіледі. Әр варианттарда мәдени өсімдік саны 25-н кем болмау тиіс. Бақылау варианттарда екі болады, әр бірінде 25 қант қызылша өсімдік. Барлық өсімдіктерге этикетка жазылады. Ересек бізтұмсық пен ересек бүргелер және күздік көбелектердің жұлдызқұрттар зияндылығы 3 баллды шкаламен есептелінеді: 1 балл - тамырдың аздаған бөлімі зақымдалған; 2 балл - жартылай зақымдалған; 3 балл - өсімдік түгелімен өлген. Осындай есептеу жұмыстарды тәжірибеде жүргізген күні, содан 3; 7; 10 күн өткенен кейін және өнім жинау алдында жүргізеді. Әр бір тәжірибе нұсқауларда модельді өсімдіктердің өнімін жинап, оның тамыр жеміс пен сабақтың салмағы және қант құрамын анықтайды.
Келесі жылға қант қызылшаның тамыр бітесіне болжау даярлау үшін келесі жылы осы дақылды себетін жерде көлемі 50х50 см 8 сынау алынады. Сараптағы топырақты жердің әр қабатынан 0-15, 16-30, 31-40, 41-50см аламыз. Көлемі 30-40 га егіске 8 сынау алынады, қосымша арғы қарай әр 10 га 4 сынау алынып тұрады. Одан кейін 1 м2 келетін зиянкестің санын анықтаймыз [66].
Көктемде бітелер қыстап шыққанан кейін олардың жағдайы мен санын білеміз. Наурыз-сәуір айларында күздегідей сынаулар алынады. Әр сынаудағы бітелердің жалпы санын және әр фазалардағысын: дернәсілдер, ересек аналықтарын және нимфаларын санап шығамыз.
Жаз мерзімде дақылдың қант қызылша тамыр бітесімен зақымдалғанын бір айда бір рет (3 онкүндігінде) жүргізеді. Зиянкестің болуын анықтау үшін қызылшаның бір шетінен тереңдігі 5 см дейін шұңқыр қазып тамыр жүйесі мен топырақты қарап шығамыз. Қант қызылшаның тамыр бітесі болған жағдайда тамырша мен топырақта ақ және сұр түсті шаң басады. Тексерілген алаңнан 100 тамыржемісі алынады, оның 50 егіс шетінен, ал 50 егітің диагоналінен (5 өсімдік 10 жерден).
Қант қызылша дақылында түркістан өрмекші кене қоңыстанып, тіршілік етеді. Бұл зиянкестің және қант қызылша бітелердің қоңыстанғаны 5 баллмен есептелінеді.
1-ші балл - түркістан өрмекші кененің қоңысының өсімдікте алып жатқан көлемі үлкен емес (жапырақ бет көлемінің 5% дейін алып жатады);
2-ші балл - түркістан өрмекші кененің қоңысының өсімдіктің бет көлемін 5 тен 25% дейін алып жатады;
3-ші балл - түркістан өрмекші кененің қоңысының өсімдіктің бет көлемін 50% дейін алып жатады;
4-ші балл - түркістан өрмекші кененің қоңысының өсімдіктің бет көлемін 75% дейін алып жатады;
5-ші балл - түркістан өрмекші кененің қоңысының өсімдіктің бет көлемін 100% дейін алып жатады.
Р. Қасымханов және басқ. [67] тәсілдері арқылы қант қызылша дақылында кездесетін қауіпті зиянкестеріне қарсы инсектицидтерді қолдағандв биологиялық тиімділіктерді анықтауда мына теңдеуді пайдаландық:
Э=1-ТaхсbТbхса *100%, ),
мұндағы:
Э- инсектицидтің биологиялық тиімділігі,%, ол зиянкестің саның төмендегені немесе оның зияндылығы азайғаны;
Tb - өңдеудің алдындағы тәжірибедегі зиянкестің саны, дана;
Ta - тәжірибедегі өңделгеннен кейінгі зиянкес саны, дана;
cb - алғашқы бақылаудағы зиянкестердің тірі саны, дана;
ca - соңғы бақылаудағы зиянкестердің тірі саны, дана;
Қант қызылшадағы ауруларды (церкоспороз, жалған ақ ұнтақ, ақ ұнтақ) және басқа ауруларды тексеру үшін 3-4 есеп алаңдарды аламыз, олар 2 қатарда орналасы, ұзындығы 5-10 м. Жапырақтар мен сабақтардың ақ ұнтақ, церкоспороз, фитофтороз залалданғаны келесі шкала арқылы есептелінеді:
0 - залалдануы жоқ;
1 балл - жапырақтар мен сабақтардың залалдануы 1% дейін;
2 балл - жапырақтар мен сабақтардың залалдануы 5-10% дейін;
3 балл - жапырақтар мен сабақтардың залалдануы 25% дейін;
4 балл - жапырақтар мен сабақтардың залалдануы 50% дейін;
5 балл - жапырақтар мен сабақтардың залалдануы 75-100% дейін.
Қант қызылшаның ауруларын есептегенде 2 көрсеткіш қажет: аурудың таралуы немесе егістіктегі залалданған өсімдіктер саны және залалдану дәрежесі мен аурудың дамуы [68]. Аурудың таралуын (Р) пайызбен есептейді және мынандай теңдеу қолданады:
Р=n х 100N, мұнда:
Р - аурудың таралуы, % ;
N- сынақтағы өсімдіктердің жалпы саны, дана;
n- залалданған өсімдік саны, дана.
Орташа аурудың таралуын (Рор.) мынандай теңдеумен есептейді:
Рор. =ƩSPS, мұнда:
Р ор. - орташа аурудың таралуы;
Ʃ SP - егіс алаң көлемі өзіне тән аурудың таралуы көбейген қосындысы; ;
S- жалпы алаң көлемі, га.
Аурудың дамуын (R) немесе өсімдіктің залалдану дәрежесі - бұл сапалы көрсеткіш. Аурудың дамуын төмендегі теңдеумен есептейді:
R=100 Ʃ abKN, мұнда
R - аурудың дамуы, %;
а - ұқсас белгілермен залалданған өсімдік саны, дана;
б - қсы белгілерге сәйкес залалдану баллы;
Ʃ ab- сандық көрсеткіштердің көбейтіндісі;
K- есептеу шкаласындағы ең жоғарғы балл;
N - сынақтағы өсімдіктердің жалпы саны, дана.
Фунгицидтерді қолданған жағдайда олардың фитотоксикологиясына және басқаларға (теңбілдер, жапырақтың немес басұа мүшелердің деформациясы) көңіл бөлінеді. Осы өзгерістерді келесі теңдеумен есептейді:
балл 0- залалданған белгілер жоқ;
0,1- залалдану шамалы байқалынады;
1- аздап залалданған, өсімдік жапырағының, сабағының және
басқа мүшелерінің залалдануы 10% дейін;
2 - өсімдік жапырағының, сабағының және басқа мүшелердің
залалдануы 11-ден 25% дейін;
3- өсімдік жапырағының, сабағының және басқа мүшелердің
залалдануы 26-дан 50% дейін;
4 - өсімдік жапырағының, сабағының және басқа мүшелердің
залалдануы 50%-дан жоғары;
Өсімдіктің залалдануы өндеуден 3, 7 және 14 күн өткен сон жүргізіледі.
Фунгицидтердің биологиялық тиімділігін анықтауда өсімдіктердің жапырақтарындағы, сабақтарындағы және басқа мүшелеріндегі аурудың дамуы немесе залалану дәрежесі көрсеткіштері арқылы білуге болады:
Б.т.=Rб. -Rт.Rб.* 100 , мүнда
Б.т. - биологиялық тиімділік, %;
Rб.- өсімдіктің бақылауда аурудың дамуы немесе залалдну дәрежесі;
Rт. - өсімдіктің тәжірибеде аурудың дамуы немесе залалдну дәрежесі. .
Жаңа инсектицидтерді немесе фунгицидтерді қант қызылшада пайдаланған танаптағы мөлтектерде дақылдың өнімділігі үшін математикалық жолмен есептеулер жүргізді [ 69].
4 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
4.1 Жамбыл облысы Меркі ауданы жағдайында қант қызылша егісінде кездесетін зиянкестердің түр құрамы
Өткен 2015 ж. Жамбыл облысы Меркі ауданында орналасқан ауыл аумақтарда орналасқан шаруа қожалықтарында әр мерзімде қант қызылша егісінде кездесетін зиянкестері есепке алынды. Қант қызылша дақылында кездесетін зиянкестердің түр құрамын анықтау үшін әр түрлі тәсілдерді қолдандық.
кесте - 4
Қант қызылша егісіндегі зиянкестердің түр құрамы (Жамбыл облысы Меркі
ауданы, 2015 ж.
№
Түрдің аты
Келтіретін зияндылық
1
2
3
Insecta - бунақденелілер класы, Ortoptera - тура қанаттылар отряды
1
Calliptamus italikus Z. - италиялық шегіртке
++
2
Dociostaurus maroccanus Thunb. - марокка шегірткесі
++
3
Oedaleus dekoris Z. - қара жолақты саяқ шегіртке
+
4
Calliptamus turanicus Tarb. - тұрандық шегіртке
+
Homoptera - тең қанаттылар отряды
5
Aphis fabae Scop. - қызылшаның жапырақ бітесі
++
6
Pemphigus fuscicornis Koch. - қызылшаның тамыр бітесі
+++
Hеmiptera - жартылай қатты қанаттылар отряды
7
Adelphoris leneolatus Ioeze. - жоңышқа қандаласы
+++
8
Poeciolosegtus cognatus Fieb. - қызылша қандаласы
+++
9
Poeciolosegtus vulneratus Panz. - сары қант қызылша қандаласы
+++
10
Ligus demelatus H.S. - жусан лигустысы
++
Coleoptera - қатты қанаттылар отряды
11
Chaetocnema breviuscula Fall. - оңтүстік қант қызылша бүргесі
++
12
Chaetocnema concinna March.- кәдімгі қант қызылша бүргесі
+++
13
Bothynoderes punctiventris Germ.- кәдімгі қант қызылша бізтұмсығы
+++
14
Tanymecus palliates F. - сұр қант қызылша бізтұмсығы
+++
15
Lixus subtilis Iturm. - қант қызылша сабақ жемірі
++
Lepidoptera - қабыршақ қанаттылар отряды
16
Discestria trifolii Hofh. - жоңышқа көбелегі
++
17
Agrotis segetum Sciff. - күздік көбелек
+++
1
2
3
18
Euxoa conspicua Hb. - жабайы көбелек
+
Diptera - қос қанаттылар отряды
Pegonima hysasuami Parzez.- қант қызылша шыбыны
++
Acariform - акриформ отряды
19
Tetranushus urticae Koch. - түркістан өрмекші кене
+++
Арнайы белгілер:
+ - сирек кездеседі және аз залалдайды;
++ - саны және келтіретін зияндылығы орташа;
+++ - жаппай таралған және қауіпті зиянкестер.
Жамбыл облысы Меркі ауданы жағдайында өсірілетін қант қызылша зиянкестердің 19 түрі кездесті. Оның ішінде ең саны көп және қауіптілері: сұр қызылша бізтұмсығы, кәдімгі қызылша бүргесі, күздік көбелек және қызылшаның тамыр бітесі.
4.2 Сұр қант қызылша бізтұмсығына жасалған фитосанитарлық мониторинг
Tanymecus palliatus F. - сұр қант қызылша бізтұмсығы Coleoptera - қатты қанаттылар отряды, Curcullionidae - бізтұмсықтар тұқымдасына жатады. Зиянкескес қант қызылша өсірілетін аудандардың барлығында кең таралған.
Морфологиясы. Қоңыздың ұзындығы 8,5-12 мм, түсі қара, үстін қоңырқай-сұр түсті қалың түк басқан, денесінің бүйір және бауыр жақтары ақшыл (сурет 2).
Сурет 2 - Tanymecus palliatus F. - сұр қант қызылша бізтұмсығы *
Жұмыртқасы сопақша, ұзындығы 0,9-1,2 мм, көлденеңі 0,5-0,7 мм, үсті тегіс, ақсары түсті болады. Дернәсілдердың ұзындығы 10-12 мм, цилиндр пішінді, аяқтары болмайды, басы және кеуде қалқаны ақшыл-сары. Қуыршағының ұзындығы 8-12 мм, түсі ақ, денесінің ең ақырғы бунағында 2 ұзын өсінді болады [70].
Бұл бізтұмсық - полифаг: қант қызылшадан басқа күнбағысты, бұршақ тұқымдас өсімдіктерді және басқа көптеген дақылдарды зақымдайды.
Өткен 2015 ж. біздің бақылаудың көрсеткіштері бойынша, жыныс мүшелері толық жетілген ересек қоңыздар және әр жастағы дернәсілдер топырақтың 20-50 см тереңдігінде қыстап шығады. Ересек қоңыздар сәуір айының аяқ кезінде шыға бастады. Алдымен олар қалақай, түйетікенмен және басқа да арам шөптермен көректенді, артынан қант қызылшасына және басқа дақылдарға көшті. Зиянкестер өсімдіктердің жас көгін кеміріп тастап, одан соң тұқым жарғағы мен жас жапырақтардың шетін кеміріп жеді. Қыстап шыққан қоңыздар 2,5-3 ай өмір сүреді.
Сұр қант қызылша бізтұмсығының жұмыртқалау кезеңі өткен жылы мамыр айының бірінші онкүндігінде басталып, маусым айының ортасына дейін созылды. Олар жұмыртқаларын топтап 20-25 данадан топырақтың үстіңгі қабатына қант қызылша түбіне таяу салды. Әр ұрғашы қоңыздың орташа өсімталдығы 300-350 жұмыртқа. 1-22 күн кейін дернәсілдер шыға бастайды. Олар қант қызылша және басқа әр түрлі өсімдіктердің тамыршаларымен қоректенеді және олардың дамуы екі вегетациялық маусымға созылады. Осы мерзім ішінде олар 9 рет түлеп шығады. Күзде дернәсілдер кейбір бөлігі топырақтың 100 см, кейде 170 см тереңдікке дейін кетеді. Дернәсілдер сол тереңдікте қыстап шығады, келесі жылдың шілде-тамыз айларында қуыршақтанады. Одан 20-25 күн өткен соң қуыршақтан жаңа ұрпақтағы жас қоңыздар шығады. Бірақта олар жер бетіне көтерілмей, сол жерде қыстайды.
кесте 5
Қант қызылша бізтұмсығымен қант қызылша егісінің қоңыстанғаны (Жамбыл облысы, Меркі ауданы, 2015 ж.)
Ауыл аймақ аттары
Егіс көлемі, га
оның ішінде,
данам2
тексерге-ні
орналас-қаны
0,2 дейін
0,2 жо-ғары
1
Андас батыр
320
298
273
25
2
Келес
130
124
106
18
3
Т. Рықұлов
80
75
75
-
4
Сарымолдаев
190
170
147
23
5
Сұрат
340
285
258
27
Барлығы:
1060
952
859
93
Қорыта келгенде сұр қант қызылша бізтұмсығының даму циклі екі жылға созылады.
2015 ж. қант қызылшаның өскінділері шыққан мерзімде қыстап шыққан сұр қант қызылша бізтұмсығына фитосанитарлық мониторинг өткіздік. Осы жүргізген есептердің мәліметтері 4-ші кестеде көрсетілген. Әр түрлі шаруашылықта қант қызылша егістің 1060 га фитосанитарлық мониторинг жүргізілді, оның 952 га сұр қант қызылша бізтұмсығы кездесті, ал олардың саны экономикалық зияндылық шектен 93 га (Андас батыр, Келес, Сарымолдаев, Сұрат ауыл аймақтарда) жоғары болды. Осы 93 га қант қызылша егісінде қыстап шыққан зиянкестің имагосына қарсы актеллик 500, э.к.. -2,0 лга, агроцип, 10% э.к. - 0,1 - 0,2 лга, алпак, 10% м.с.с.к. - 0,06-0,07 лга және алтын 50 гл, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz