Адвентизмнің негізінің қалыптасуы



Жоспары

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4

І. Адвентизмнің негізінің қалыптасуы
1.1. Қазіргі дәстүрден тыс діни ағымдардың пайда болуы мен ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.9
1.2. У.Миллер және адвентизм ағымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10.11

ІІ. Адвентизмнің пайда болуы мен негізгі ерекшеліктері
2.1. Адвентизмнің пайда болуы мен негізінің қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12.14
2.2. Адвентизм ағымының негізгі ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... .15.26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Дәстүрлі емес діни қозғалыстар Батыс қоғамында пайда болған және пайда болуда. Бұлардың шығуының өзі күрделі әрі басты екі факторға байланысты: бірінші материялдық, екіншісі рухани. Біздің елімізде бұған материалдық, рухани және бірге діни (ақпараттық) факторлар әсер етуде.
Қазіргі таңда біздің еліміз үшін өзекті болған тақырыптардың бірі- дәстүрлі емес діни қозғалыстар. Олардың ерекшеліктері, түпкі мақсаттары, қоғамға зияны және миссионерлік іс-әрекеттері жұмысымыздың арқауы болып отыр. Солардың бірі адвентизм ағымы. Мен қазіргі қоғамдағы кең жайылып отқан адвентизм ағымын курстық жұмысыма тақырып етіп алдым.
Адвентизм ағымы елімізге тәуелсіздік алғаннан кейін келген. Ал, жаппай миссионерлік әрекеттерін 1994-1996 жылдардан басталады. Содан бері соңғы статистикалық мәліметтерге қарағанда осы діни секталарға жарты миллионнан аса Отандасымыз кіріп кеткен. Адвентизмнің Қазақстандағы миссионерлік әрекеттері күннен-күнге күшейуде. Бұған басты себеп біздің «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер» туралы заңы және елімідегі дәстүрлі діндердің қорғансыздықтары мен селқостықтары.
Қазіргі таңдағы маңызды болған мәселенің бірі бұл- адвентизмнің қызметтерін заңды түрде ретке келтіру керек. Себебі олардың әрекеттері қоғамда негативті пікірлер мен көзқарастар туғызып, миссионерлік әрекеттерін белсенді түрде жүргізіп, халқымыздың болашағына қауіпті болып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Адвентизм біздің елімізге келудегі мақсаттарын салыстырмалы түрде анықтау және мемлекетпен арақатынастарын ашып көрсету. Қоғамдағы басқа діндерге деген көзқарасы мен қатынастарын жан- жақты түсіндіріп беру. Мен курсық жұмысымның мазмұнын ашу мақсатында өз алдыма мынандай міндеттер қойдым:
1. Жалпы дәстүрлі емес діни қозғалыстар мен ғибадаттардың пайда болуы мен Қазақстанға келуі.
2. Адвентизм ағымының пайда болуы мен сенім негіздерінің ерекшеліктері.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе бөлімінен, негізгі бөлімді құрайтын екі тараудан, қорытынды бөлімі мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, жалпы көлемі 27 беттен құралған.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. «Бастау» кітабы, 25-30-тараулар
2. www.egemen.kz. Н. Байтенова. Қазақстандағы қазіргі діни жағдай
3. Талғат Ғалымжан, Самсаған секталар мен сансыраған саналар…
4. Құралай Рахымбай, Бүлінген Батыстың бүлдіргісі де қауіпті…
5. К.В. Кислюк, О.Н. Кучер. Религиоведение. Харьков 2003
6. Я.Ф. Иванов, В.А. Трафимов. Христианство в Казахстане. Караганда 2006
7. www.wikipedia.org
8. www.sektoved.ru А. Хвыля- Олинтер. Тоталитарные секты деструктивные культы
9. Бангерский А.Франция обьявила войну сектам/ НГ- религия.28. 06. 2000
10. В.А. Иванов. Вознкновение и становление нетрадиционных религии в Казахстане. Журнал Религия и право. №4. 2004
11. Жас Алаш газеті. №50. 27.04.2004
12. Как общаться с адвентистами - Томас Гандоу
13. Ержан Ағыбайұлы, Секталардан сақ болыңыз
14. www.azattyq.org
15. Опыт разговора с адвентистом - Вадим Шаров

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4

І. Адвентизмнің негізінің қалыптасуы
1.1. Қазіргі дәстүрден тыс діни ағымдардың пайда болуы мен
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-9
1.2. У.Миллер және адвентизм
ағымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..10-11

ІІ. Адвентизмнің пайда болуы мен негізгі ерекшеліктері
2.1. Адвентизмнің пайда болуы мен негізінің
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12-14
2.2. Адвентизм ағымының негізгі
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ...15-26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Дәстүрлі емес діни қозғалыстар Батыс
қоғамында пайда болған және пайда болуда. Бұлардың шығуының өзі күрделі
әрі басты екі факторға байланысты: бірінші материялдық, екіншісі рухани.
Біздің елімізде бұған материалдық, рухани және бірге діни (ақпараттық)
факторлар әсер етуде.
Қазіргі таңда біздің еліміз үшін өзекті болған тақырыптардың бірі-
дәстүрлі емес діни қозғалыстар. Олардың ерекшеліктері, түпкі мақсаттары,
қоғамға зияны және миссионерлік іс-әрекеттері жұмысымыздың арқауы болып
отыр. Солардың бірі адвентизм ағымы. Мен қазіргі қоғамдағы кең жайылып
отқан адвентизм ағымын курстық жұмысыма тақырып етіп алдым.
Адвентизм ағымы елімізге тәуелсіздік алғаннан кейін келген. Ал, жаппай
миссионерлік әрекеттерін 1994-1996 жылдардан басталады. Содан бері соңғы
статистикалық мәліметтерге қарағанда осы діни секталарға жарты миллионнан
аса Отандасымыз кіріп кеткен. Адвентизмнің Қазақстандағы миссионерлік
әрекеттері күннен-күнге күшейуде. Бұған басты себеп біздің Діни сенім
бостандығы және діни бірлестіктер туралы заңы және елімідегі дәстүрлі
діндердің қорғансыздықтары мен селқостықтары.
Қазіргі таңдағы маңызды болған мәселенің бірі бұл- адвентизмнің
қызметтерін заңды түрде ретке келтіру керек. Себебі олардың әрекеттері
қоғамда негативті пікірлер мен көзқарастар туғызып, миссионерлік
әрекеттерін белсенді түрде жүргізіп, халқымыздың болашағына қауіпті болып
отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Адвентизм біздің елімізге
келудегі мақсаттарын салыстырмалы түрде анықтау және мемлекетпен
арақатынастарын ашып көрсету. Қоғамдағы басқа діндерге деген көзқарасы мен
қатынастарын жан- жақты түсіндіріп беру. Мен курсық жұмысымның мазмұнын ашу
мақсатында өз алдыма мынандай міндеттер қойдым:
1. Жалпы дәстүрлі емес діни қозғалыстар мен ғибадаттардың пайда
болуы мен Қазақстанға келуі.
2. Адвентизм ағымының пайда болуы мен сенім негіздерінің
ерекшеліктері.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе бөлімінен, негізгі
бөлімді құрайтын екі тараудан, қорытынды бөлімі мен пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен, жалпы көлемі 27 беттен құралған.

І. Адвентизмнің негізінің қалыптасуы
1.1. Қазіргі дәстүрден тыс діни ағымдардың пайда болуы мен ерекшеліктері
Қазіргі таңда біздің еліміз үшін өзекті болған тақырыптардың бірі-
дәстүрлі емес діни қозғалыстар. Бүгінгі таңда республикамызда тіркелген
1001 конфессиялар мен діни бірлестіктердің жартысынан көбін осы дәстүрлі
емес діни қозғалыстар құрайды . Дәстүрлі емес діни қозғалыстар Батыс
қоғамында пайда болған және пайда болуда. Бұлардың шығуының өзі күрделі
әрі басты екі факторға байланысты: бірінші материялдық, екіншісі рухани.
Біздің елімізде бұған материалдық, рухани және бірге діни (ақпараттық)
факторлар әсер етуде.
Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың елімізге тәуелсіздік алғаннан кейін
келген. Ал, жаппай миссионерлік әрекеттерін 1994-1996 жылдардан басталады.
Содан бері соңғы статистикалық мәліметтерге қарағанда осы діни секталарға
жарты миллионнан аса Отандасымыз кіріп кеткен. Бұл дәстүрлі емес діни
қозғалыстардың Қазақстандағы миссионерлік әрекеттері күннен-күнге күшейуде.
Бұған басты себеп біздің Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер
туралы заңы және елімідегі дәстүрлі діндердің қорғансыздықтары мен
селқостықтары.
Қазіргі таңдағы маңызды болған мәселенің бірі бұл- дәстүрлі емес
діни қозғалыстардың қызметтерін заңды түрде ретке келтіру керек. Себебі
олардың әрекеттері қоғамда негативті пікірлер мен көзқарастар туғызып,
миссионерлік әрекеттерін белсенді түрде жүргізіп, халқымыздың болашағына
қауіпті болып отыр.
Дін (араб. دﻴﻥ, лат.religio- құрметті, діншілдік, тақуалық)- адам
пайымының бүкіл әлем мен болмысқа, қоршаған дүниеге, табиғатқа, өзі өмір
сүретін ортаға және өзінің ақыл-ойы мен сана- сезімінен тысқары тылсым
дүниеге қатынасы. Адамзат танымының дүие мен жаратылысқа деген көзқарасын
айқындайтын мифология, философия және ғылымның ерекше өзіндік бір тұрпаты.
Адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени институт,
ерекше қоғамдық сана және әлеуметтік құбылыс[1].
Дәстүрлі діндерден ХІХ- ХХ ғасырларда екінші дүние жүзілік соғыстан
кейін Батыс қоғамында көптеген өз алдына дербес жаңа діни қозғалыстар
пайда бола бастады, олардың нақты санын анықтау мүмкін емес, себебі олар
күннен- күнге көбеюде. Әлемде жүз алпыс миллионнан астам адам өздерін осы
діни қозғалыстардың мүшесіміз деп санайды. Дәстүрлі емес жаңа діни
қозғалыстар туралы ғылымда қалыптасқан ортақ бір атауы жоқ, діни- танымдық
журналдарда, газеттер мен басқада бұқаралық ақпарат құралдарында және
дінтанушы ғалымдардың еңбектерінде: тоталитарлық секталар, іріткі салушы
топтар, дәстүрлі емес діни ғұрыптар, жаңа діни қозғалыстар- деген
әртүрлі тіркестермен беріліп жүр. Қазіргі қоғамда бұл құбылысты діни
секта деген жалпылама атау берілуде. Бұл зерттеуде дәстүрлі ұлттық
құндылықтар мен діни көзқарастар тұрғысында қарастырылады. Діни секта
термині дінтануда дәстүрлі емес діни қозғалыстар,- деп әлеуметтік
мағынада қолданылса, ал құқықтануда бұл термин діни ұйым, діни бірлестік,
қонфессия, деноминация ретінде қабылданады. Заңнамада секта термині
қолданылмайды. Енді біз діни сектаға қатысты әлеуметтік және құқықтық
тұрғыдағы көзқарастарға тоқталып өтейік:
Секта сөзі (лат. secta- ой жүйесі, ілім, бағыт,)- қайсібір діннің өз
ішінде оппозициялық топ. Шіркеуде болып жатқан түрлі жағдайға көңілі
толмай, әдетте ерекше деп танылған, кейде шектелуге, тұйықтыққа, негізгі
діни бағыттан қол үзушілікке бастайтын топ. Секта ежелгі гректерде де
αίςεσις- ілім, бағыт, мектеп ұғымын білдірсе, этимологиялық мағынасы
латынның sequi яғни, артынан еру, бағыну деген сөзінен шыққан. Соңғы
кезде Батыс дінтанушы ғалымдары алғашқы екі ұғымды (жалған ілім,
күпірлік) синоним ретінде қолданып жүр .Секта сөзі В.И. Дальдің
терминологиялық сөздігінде, секта- жеке қауымдастық, дәстүрлі және әлемдік
діндерден бөлініп шыққан діни ілім. Д.Н. Ушаков құрастырған сөздікте:
1.Дәстүрлі діндерден өз дербестігін алған діни ілім немесе түрлі әлеуметтік
топтардан құралған ұйым; 2.Біз және басқалар деп қоғамнан бөлектеніп,
өздерінше тұйық өмір сүрушілер. Құқықтану да секталардың қоғамдағы
әрекеттеріне қарай деструктивті немесе тоталитарлы секта деген терминдік
атау берілген. Деструктивті секта- дәстүрлі діндерден бөлінген оларды дін
ретінде мойындамайтын, жеке көзқарастарымен діни догматикаларын
қалыптастырған, мемлекеттің ішкі тұрақтылығы және қоғамдық құрылыстарға
кері әсерін тигізуші тар шеңберлі көзқарастағы адамдардан құралған топ.
Тоталитарлы секта- басшылары көбіне заңға қайшы келетін қылмыстық
әрекеттерге барып, қарапайым топ мүшелерінің саналарын түрлі
манипулияциялық амалдармен жаншып, тоталитарлық жолмен бағындыруға
тырысады[2].
Қорыта айтқанда дәстүрлі емес діни қозғалыстар мен ғибадаттар
қоғамдық, ғаламдық деңгейдегі саяси, әлеуметтік, демографиялық, діни алпы
мәдени факторлардың себебінен пайда болған және пайда болуда. Батыс
қоғамында оның адамдар арасында жаппай тарап өріс алуына тек рухани фактор
әсер етуде, себебі ондағы шіркеу заман талабына сай адамдардың рухани
сұранысына жауап бере алмай отыр.Соңғы кездерде дәстүрлі емес діни
қозғалыстарға көптеген классификациялар беріліп жүрседе, жіктелуі туралы
ғылымда ортақ жүйе қалыптаспаған, оның себебі мәселенің күрделілігінде.
Кейбір дінтанушы ғалымдар немесе зерттеушілер бір діни сектаны белгілі бір
топқа жатқызса, екінші бір зерттеушілер оны басқаша жіктейді. Дінтану
ғылымында діни секталарды генетикалық шығу тегіне, дүниетанымдық
негіздеріне қарай шартты түрде топтастыру қалыптасқан. Заманауи тәртіпке
қатысты дәстүрлі емес діни қозғалыстар үш топқа бөлінеді: дүниеге
төзімділікпен қарайтын яғни, дүниелік заңдармен саяси- әлеуметтік
қағидалардан тыс олардың үстінде тұратын кемел қоғам құру идеясын
қолдамайтын діни секталар. Бұл топқа тантралық бағыттағы діни және
дүниетанымдық ілімдер жатады. дүниені жоққа шығаратын дәстүрлі емес діни
ағымдарда негізгі мәселе дуалистік ілімдерінде немесе әлемде өзара күресуші
бітіспейтін ізгілік пен зұлымдық секілді екі күш бар, мәңгілік ізгілік
орнайды деген эсхотоллогиялық сенім. Мәселен бұған армагедон идеясына
байланысты Иегова куәгерлерін және жалған христиандық (псевдохристианство)
бағыттағы Виссарион шіркеулерін жатқызуға болады. дүниені түзетуші діни
секталар дүниені мүлдем жоққа шығармай, ондағы зұлымдық пен күресуге күш
салады. Адамның интелектуалдық қабылетін арттырудың әдіс- тәсілдерін
ұсынады. Бұл топқа Саентология шіркеуімен Бірігу шіркеулері жатады.
Генетикалық принцптері бойынша діни секталарды заманауи
дінтанушылар мен әлеуметтанушы ғалымдар: А. Баркер, Э. Бенса, Ч .Глока, М.
Йингер, В. Уильсон, М. Элида және т.б. еңбектерінде: Дәстүрлі емес діни
қозғалыстардың пайда болуы ерте замандағы өркениеттерден бастау алған.
Поленезияда, Солтүстік Америка үндістерінде, Африка құрылығымен Малайзияда
бұдан жүздеген жылдар бұрын мәдениеттердің өзара қақтығысынан, қалыптасқан
өмір сүру нормативтерінің бұзылуы және сана- сезімнің езілуі слдарының
сондай- ақ миссионерлік прозелитизм салдарынан пайда болған[3].
Осы дәстүрлі емес діни қозғалыстардың генетикалық принцптеріне қарай
классификациялануы туралы ғалымдар жан- жақты пікір ұсынады. Мысалы
психолог Маргарет Тэлор Сингер: неохристиандық діни топтар; шығыстық және
үнділік діни топтар; оккульттік, магиялық және сайтанға табынушылар тобы;
спиритуалдық топтар; шығыстық мистикалық- философиялық бағыттағы Дзендік
топтар; нәсілшілдік топтар; психологиялық немесе психотерапевтік топтар;
саяси топтар; діни- психологиялық топтар.
Дәстүрлі емес діни қозғалыстар өзіндік ерекшеліктерге ие. Оған кірген
адамдар өмірінде күрт өзгеріс орын алып, адам отбасында ата-анасы,
бауырларымен басқаша қатынас жасап, өз сенімін насихаттап дәлелдеумен
әуреге түседі, эгоизмге бой алдырып, тіпті кейбір діни секта мүшелері жеке
мүлкін сатып, ортақ қауымдық меншікке қосады, жеке өмірден бас тартып
коммуналарға (ұжымдық, қауымдық, отбасылық өмір) барып тұрады. Бұл дәстүрлі
отбасылық өмірді өзгерту. Мемлекет заңдарын сыйламау, қоғамдық әдеп
қағидалары мен ұлттық дәстүрге немқұрайлық, жеккөрушілік, жоққа шығару, өз
сенімдерін абсолютті ақиқат ретінде дәріптеу және ол ойларын жасыру,
ғылымнан тыс танымдарға жүгіну, адам санасын бақылаудың түрлі әдіс-
тәсілдерін (адамға зиянды) қолдану, қоғамнан біз және басқалар немесе
өткен өмірдің бәрі жалған күнәһарлық, бұдан кейінгі өміріміз ақиқат- деп
оқшаулану діни секталарға тән ортақ ерекшеліктер[4].
Сонымен дәстүрлі емес діни қозғалыстарға тән ортақ ерекшеліктерді
атап көрсетсек: харизматикалық көсемдік- сектаның негізін салушы жоғарғы
құдіреттен немесе тылсымнан келген күш иесі, онда құдайлық немесе ерекше
даналық бар, сондықтан оның билігіне мүлтіксіз мойынсыну керек;
сенімдерінің абсолютті ақиқатығына беріктік, басқа сенімдерге деген
төзімсіздік, ұлттық құндылықтарды ескермеу, жеккөрушілік; сыртқы
көріністік: барлық сенім және ғұрыптық ерекшеліктер ізгі мақсаттар үшін;
құпиялық- түпкі мақсаттары мен іс-әрекеттерінің салдарын жасыру, ішкі өз
мүшелеріне және сыртқа арналған екі мақсаттағы доктриналардың болуы, секта
мүшелерінің басқа ақпарат алуына мүмкіншілік бермей шектеуде ұстау;
дәстүрлі діндердің қасиетті кітаптарынының мәтінін өз сенімдеріне сәйкес
өзгеше түсіндіру; секта мүшелерінде жаңа өзіндік менталитет қалыптастыру
үшін, адам санасын бақылаудың түрлі әдіс

1.2. У.Миллер және адвентизм ағымы.

Протестантизмнің бұл конфессиясы өз бастауын XIX ғасырдың 30 жылдарынан
алады. Дәл сол кезде, дәлірек айтқанда, 1831 жылдың жазында, Хэмптон
(АҚІІІ) қаласының баптистер қауымының уағызшысы Уильям Миллер (1782-1849)
Мәсіхтің екінші келуінің айы-күні 1843 жылғы наурыздың 23-і екенін
анықтағанын паш етіп, Қасиетті Жазудың дәлелдемелері және баяндамалар
түрінде берілген Мәсіхтің 1843 жылы екінші келуі туралы тарих деген кітап
шығарды. Рас, Миллердің жолын қуушылар кейіннен Мәсіхтің екінші келуінің
нақты айы-күнін енді атамай, оның сөздерін біршама өзгертіп түсіндіретін
болды. Олар Мәсіхтің 1844 жылы аспан ғибадатханасының қасиеттілерінің
қасиеттісіне енгенін жар салып айтты.
Демек, адвентистер - бұлар Мәсіхтің екінші келуіне сенетін және
Құдайдың әлемнің жаратылған күні деп белгілеген құрметіне аптаның жетінші
күнін - Сенбіні қастерлейтін христиандар. Сөйтіп, Шіркеудің атауында екі
ұлы істің: бастапқысы - әлемнің жаратылуы және қорытындысы - Құдай Өзінің
мәңгілік патшалығын орнатқан кезде Мәсіхтің дүниеге екінші келуі
(Қазақцстандағы діндер: Хрестоматия. I бөлім. Құрастырушылар: Артемьев
А.И., Колчигин С.Ю., Цепкова И.Б. - 373-бет.).
Адвентистер атауын олар латынның асһуепіш - келу деген сөзінен
алған.
Адвентизмде әртүрлі бағыттар көп-ақ, бірақ ең көп таралғаны Жетінші Күн
адвентистері болып табылады.
Бұл қозғалыстың көріпкелі жексенбінің орнына сенбіні тойлау туралы
жаңалық ашып және санитарлық реформа - шошқаның етін жеуге, шай мен кофе
және арақ ішуге, темекі тартуға, бірқатар дәрі-дәрмектерді пайдалануға
тыйым салынатынын жариялаған Елена Уайт (1827-1915) болды [5].
Елена Уайт (Осы параграфта МАРС-тың цогамдық байланыстар және діни
еркіндік бөлімінің директоры А.Е.Синелъник мырзаның цұрметпен ұсынган
материалдары пайдаланылды.) 1827 жылғы қарашаның 26-ында АҚШ-та Горхем
қаласынан алыс емес Мән штатында дүниеге келген. Қарапайым американдық
фермерлер Роберт және Юника Гармондардың отбасында дүниеге келген Елена мен
Елизавета кенже егіздер еді. 15 жасында шомылдыру рәсімінен өтіп шоқынған
Елена әдістемелік шіркеудің мүшесі болды. 1846 жылы күйеуге шығып, ол
күйеуі Джеймс Уайтпен бірге барлық қалған өмірін Құдайға және адамдарға
қызмет етуге арнады.
Бұл протестанттық бағыттың негізгі қағидаларын әзірлеген Елена Уайттың
қалдырған мұрасы біршама көлемді. Мәсіхтің туғанына 2000 жыл толуына орай
орыс тілінде оның Патриархтар мен пайғамбарлар, Пайғамбарлар мен
патшалар, Ғасырлар тоғысы, Апостолдар ісі және ұлы күрес деген
кітаптары топтастырылған бес томдығы жарыққа шықты.
Е.Уайт еңбектерінде Киелі Үштік, күнәдан арылудың Құдай жоспары, Құдай
Ұлының жетістіктері, оның өлімі және қайта тірілуі сияқты библиялық
доктриналар көрініс тапты. Ол күрделі және өне бойы дау тудыратын заң және
ізгілік, адамның күнәларынан Мәсіхтің көмегімен құтқарылуы туралы
мәселелерге өзіндік түсініктемелерін берді. Ол Жетінші күн - Құдайдың
Сенбісі, ғибадатхана, адамның өлгеннен кейінгі күйі, мыңжылдық патшалық
туралы шындықты түсіндіруге қалам тартты.
Шығармаларында Е.Уайт адамдардың рухани өміріндегі Библия-ның алатын
орнын үздіксіз көрсетіп отырды.
Христиан Шіркеуінің бастамасында, яғни Мәсіх пен оның елшілері
(апостолдар) құрған кездегі қалпына келтіру туралы Реформация идеясын
дамыта және көп нәрсені баптизмнен үйрене отырып, Жетінші Күн адвентистері
өз қағидаттарына бірқатар жаңа ережелер енгізді, атап айтқанда: Мәсіхтің
екінші келуі туралы; адам жанының тәнмен бірге өлетіні және тірілетіні
туралы ілім т.б [6].

ІІ. Адвентизмнің пайда болуы мен негізгі ерекшеліктері
2.1. Адвентизмнің пайда болуы мен негізінің қалыптасуы
  
Жетінші күн адвентистері дегеніміз ― бұл қалыптасқан шіркеулердің
ілімдерімен келіспейтін, сондай ― ақ сенім мен өмірдің жалғыз ғана
ережесі болып табылатын Киелі Жазбаға сүйенетін шіркеу. Ол Мәсіх
Исаның екінші рет жер бетіне келетініне сенеді және Киелі Кітапта
берілген Құдайдың он заңын, оның ішінде заңның тыныштық күні ретінде
адамзатқа берілген сенбі күнін естен шығармаңдар деген бабын
мойындайды .Жетінші күн адвентистері адвентистік қозғалыстың ішіндегі
ең ірі өздігінен құрылған бірікке ұйым болып табылады. Барлық әлем
бойынша оның құрамында  16 миллион адам бар.
  Жетінші күн адвентистері Мәсіх Исаның Құдайдың рухани Ұлы екеніне
және Оның мәңгілік болғанына, сондай – ақ  бола беретіне сенеді. Оның
Мариям қыздан туғанын, жер бетінде күнәсіз өмір сүргенін және
адамзатты мәңгілік ажалдан құтқарып қалу үшін Өз өмірін қиып, қанын
төккенін мойындайды. Сонымен қоса адвентистер Мәсіхтің қайта тіріліп,
көкке көтерілгенін және аспанда Ұлы Алғашқы Діни Қызметкер ретінде Өз
қызметін атқарып жатқанын мойындайды және Оның жерге қайтып келуін
күтуде. Адвентистер Мәсіхтің мың жылдық патшалығы туылмастан бұрын
Оның екінші рет жер бетіне келуінің жеке мінездемесі барын атап
айтады. Олар ақыр заман туралы Киелі Кітаптағы аянның міне–міне
орындалатына сенеді. Мәсіх қай уақытта екені белгісіз  қайтып келіп
мың жылдық  патшалығын құрады.  Жоғарыда сөз болып отырған ақыр
заманның алдында шіркеулерде рухани сыйлар қайта қалпына келеді, оның
ішінде пайғамбарлық сый.
Жетінші күн адвентистері  адамдардың Алланың мейірімі және Мәсіх Исаға
деген сенімі арқылы ғана құтқарылатынын, ал жақсы істері мен Құдайға
мойын ұсынуы құтқарылу құралы емес, Аллаға деген сенімнің нәтижесі
екенін айтады. Олар мәңгілік өмірді Құдайдың тақуаларға беретін сыйы
деп есептейді. Адвентистер эволюция жайлы ілімнен бас тартып, Құдайдың
әлемді жоқтан бар қылып жаратқанын мойындайды.  Жетінші күн
адвентистері  адамдардың рухани өркендеулерінің қажеттігі жайлы атап
айтады және ұлкендерді суға шомылдыру рәсімінен өткізуді тәжірибе
қылған.  Олар ішімдік пен темекіден бас тартып, дені сау өмір салтына
көп көңіл бөледі және соны басқаларға уағыздайды.  Жетінші күн
адвентистері шіркеу мен мемлекеттің бөлек болу ұстанымын қолдайды және
барлық адамдардың рухани бостандықтарын талап етеді. Олардың ілімі
жайлы Жетінші күн адвентистерінің Жылнамасында толық жазылған.
Жетінші күн адвентистері барлық әлем бойынша 4000 мыңнан астам оқу
орындарын қаражатпен қамтиді, сол сияқты олар ауруханалар мен емделу
орындарында, тәрбиелеу үйлері мен кәрілер үйлерінде жұмыс жасайды және
қайырымдылық ұжымдарында киім және тамақ таратумен айналысады.
Жетінші күн адвентистері барлық жер шарында тұратын адамдарға Исаның
(Ғайсаның) Ізгі хабарын уағыздайды. Жетінші күн адвентистерінің
шіркеуі әлем бойынша 220 мемлекетте қызмет жасайды. Оның құрамына
Құдайға құлшылық жасайтын 16 миллион мүшелері мен қонақтары бар 50 000
қауым кіреді. Қазақстанда Жетінші Күн Адвентистері өткен ғасырдың
басында пайда болды. 1902 жылы алғашқы адвентистік қауымдар Өскеменде,
Семейде, Ақмола аймағының Рождественка ауылында, Қостанай аймағында
пайда болды. 2002 жылы Қазақстандағы Жетінші күн адвентистерінің
шіркеуі өзінің жүз жылдық мерей тойын атап өтті. Қазіргі уақытта
Қазақстанда 72 шіркеу, оның мүшелігінде тұрған 4000 адам және бірнеше
мыңдаған қонақтары бар [7].
  Шіркеудің әлеуметтік қызметі мейрімділіктің жаңаөсиеттік
ұстанымдарына негізделген, яғни біреудің қайғысына ортақтасу және
адамдардың мүддесіне араласу. Бұл іс рухани өмірдің және
мәсіхшілдіқтің айнымас бөлігі. Оны рухани ұстаздардың кең тұрде
жасалып жатқан іс-әрекеттерінен, атап айтқанда ауруханалардағы
кәріптерді және қарттар үйлеріндегі кәрілерді, жаны күйзеліске
ұшыраған адамдарды қамқорлыққа алғандарынан, кедей–кепшіктерді
азық–түлікпен қамтамасыз еткендерінен және бас бостандығынан айырылған
адамдарға қатынап тұрғандарынан байқауға болады. Атаулы шіркеу
темекіден, ішімдіктен және нашақорлықтан азат ететін денсаулықты
қалпына келтіру бағдарламаларын кең түрде өткізеді. Сонын нәтижесінде
жылына шамамен 1000 шақты адам осындай жаман әдеттен босап шығады. Бұл
қызметтің табысының үлкен үлесі дені сау өмір салты көрмелеріне
тиесілі.

2.2. Адвентизм ағымының негізгі ерекшеліктері.
Жетінші Күн адвентистері төмендегілерге иланады:
- сенімнің жалғыз және бұлжымайтын белгісі - Библия;
- Көне және Жаңа Өсиеттердің барлық 66 қағидаттық (канон-
дық) кітабы құдайшылдық-діншілдіктің өлшемі және христиан сені-
мінің негіздемесі болып табылады;
- бар Ғалам, яғни көрінетін және көрінбейтін әлемді ұлы және
Құдіретті Жаратушы, үштік бірлігі - Әке, ұл және Киелі Рух жаратқан;
- адам Құдай бейнесі бойынша және соған үқсап еркін және
ойлай білетін тұлға болып жаратылған, сондықтан ар-ождан және дін
мәселелерінде барлықтары да бірдей мөлшерде таңдау еркі құқын
иеленеді;
- күнәһарлық дүниеге адамзат тарихының бастамасында-ақ енген.
Күнәһарлық - Құдай мен адамдар арасындағы байланыстың үзілуі деген сөз;
күнәһарлық - Құдай заңының бұзылуы;
- Құдай Заңы - Он парыз - бұл сүйіспеншіліктің және бақытты
өмірдің мәңгі және өзгермес заңы. Ол адамдардың барлық ұрпақтгарының және
барлық замандардағы адамгершіліктің іргетасы болып
габылады;
- Иса Мәсіх - Құдай ұлы - Құдай белгілеген күні адамды
күнәһарлықтан арылту және құтқару үшін біздің ортамызға келді. Ол жер
бетінде тәні бар Адам ұлы ретінде, сонымен бірге Құдай ұлы бола о гырып
өмір сүрді. Оның Құдіретті табиғаты адам болмысына енді;
- Иса Мәсіх адамдарға көзге көрінбейтін Құдайдың сипатын ашып берді
және адамның адамға деген сүйіспеншілігінің үлгісін көрсетті;
- Мәсіх біздің күнәларымызға бола ажал тапты және біз оған сенген
жағдайда ол біздің Құтқарушымыз болып табылады. Ол Қасиетті Жазу бойынша
аптаның бірінші күні қайта тірілді және тірілгеннен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дін тарихы Республика жерінде таралған негізгі діндер
Діндер жайлы
Ақыл-ой әрекеттерін калыптастыру теориясының мәні
Діндерді дінтанулық принциптер бойынша топтастыру
Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың жалпы сипаттамасы
Білімді меңгеру кезеңдері
ҚР мемлекеттік жастар саясаты және оның нормативтік негіздері
Жаңа діни ағымдардың ерекшеліктері және классификациясы
Орта Азиядағы діни ахуал
Саентология біздің елімізге келудегі мақсаттарын салыстырмалы түрде анықтау және мемлекетпен арақатынастарын ашып көрсету
Пәндер