Энтомофагтар



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Орман зиянкестері
2.2 Энтомофагтардың морфологиялық ерекшеліктері
2.3 Энтомофактармен күресу шаралары
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Орман — жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір-біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен. Құрамы мен өсуіне қарай мәңгі жасыл, қылқанды, ақшыл қылқанды, күңгірт қылқанды, жапырақты, ұсақ жапырақты, жалпақ жапырақты, тропиктік, муссондық, мангрлық және т.б. ормандар деп бөледі. Орманның құрылымы ортаның физикалық-географиялық жағдайларына, өсімдіктердің түрлік құрамы мен биологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады. Ол топырақ түзілуіне, климатқа, ылғал айналу процесіне және т.б. әсері көп, тропосферамен өзара белсенді әрекетте болады да, оттек пен көміртектің алмасу деңгейін анықтайды (ең ірі орманды аймақтар атмосферадағы оттектің шамамен 50%-ын "өндейді"). Құрлықтың 27%-ынан астамын алып жатқан орман — географиялық ландшафт элементі. Орманда ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктер, мүк, қына, т.б. өседі.
Орман зоналары - құрлықтың коңыржай, субтропиктік, тропиктік және субэкваторлық белдеулері мен табиғи ландшафтыларда ағашты-бұталы өсімдіктері басым экваторлық белдеудің табиғи зоналары. Негізінен, ылғалы жеткілікті немесе тым ылғалды солтүстік жарты шар аумағында тараған. Қоңыржай белдеуде (тайга зонасы, аралас және жалпақ жапырақты орман зоналары) күлгін, шымды-күлгін, кұба және орманның сұр топырақтарында өсетін қылқанды және түспе жапырақты ормандар кездеседі. Субтропиктік және тропиктік белдеулердің орман зоналарының климаты өсімдіктің жыл бойы өсіп-өнуіне қолайлы. Үнемі артық ылғалды болатын сары және қызыл топырақтарда сан алуан өсімдік түрлері өсетін мәңгі жасыл немесе (жоғарырақ ендіктерде) жазда жасыл ормандар қалыптасады. Муссонды атыраптарда мәңгі жасыл ормандармен бірге жапырақтарын жылдың құрғақ кезінде тастайтын түспе жапырақты ормандар өседі. Жерортатеңіздік климатты атыраптарда қоңыр топырақтарда өсетін қатқыл жапырақты ормандар мен бұталар тараған — маквис, гарига, бүрген (шибляк), фригана. Экваторлық және субэкваторлық белдеудің өте ылғалды аудандарында ыстық климат жағдайында қызыл және қызыл сары ферралитті топырақтарда түр құрамы бай, көп жікқабатты ормандар өседі.
Орман географиялық фактор. Орман топырақтың құрылысына, су алмасуына, онда органикалық және минералдық заттардың жиналуына әсер етеді. Орман топырағында ылғал жеткілікті, сондықтан оның құрамында шірінді көп. Орманды жердің топырағы қышқыл, мұндай топырақта өсімдік тамыры терең бойлап, минерал заттарды мол алады, суды көп буландырып, ондағы жануарлар мен өсімдіктерге қолайлы микроклимат жасайды. Орман ағаштары, оның ішінде ‘’мәңгі жасыл, қылқан жапырақты ағаштар’’ өз жапырақтары арқылы өздері өскен қоршаған ортаға зиянды ‘’’ауру қоздырғыш бактерияларды’’’өлтіретін, хош иісті заттар (фитонцид) шығарады. Сондықтан да, қылқан жапырақты орманды аймақтарда көпшілік демалып, тынығатын ‘’’курорт-санаторийлер’’’ орналастырылады.
І. Тілменбаев Ә.Т, Жармұхамедова Ғ.А. Энтомология.Алматы: Қайнар 1994, 333б.
ІІ. Google интернет желісі .
ІІІ. Защита растений от вредителей. Под ред . В.В.Исаичева, Москва «Колес», 2003, 472с.
ІV. Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтердің(улы химикаттардың), 2013-2023 жылдарға арналған тізімі. 2013жыл.
ІV. Ашикбаев Н.Ж., Агибаев А.Ж., Прокофьев О.Н. Энтомофаги вредных насекомых и гербифаги сорных растений.-Алматы:Агроуниверситет, 1996.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ауыл Шаруашылық Министрлігі
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Кафедра:

Реферат
Тақырыбы: Энтомофагтар

Орындаған:_________________________
Қабылдаған: _____________________

Алматы 2016ж
Жоспары
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Орман зиянкестері
2.2 Энтомофагтардың морфологиялық ерекшеліктері
2.3 Энтомофактармен күресу шаралары
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Орман -- жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір-біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен. Құрамы мен өсуіне қарай мәңгі жасыл, қылқанды, ақшыл қылқанды, күңгірт қылқанды, жапырақты, ұсақ жапырақты, жалпақ жапырақты, тропиктік, муссондық, мангрлық және т.б. ормандар деп бөледі. Орманның құрылымы ортаның физикалық-географиялық жағдайларына, өсімдіктердің түрлік құрамы мен биологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады. Ол топырақ түзілуіне, климатқа, ылғал айналу процесіне және т.б. әсері көп, тропосферамен өзара белсенді әрекетте болады да, оттек пен көміртектің алмасу деңгейін анықтайды (ең ірі орманды аймақтар атмосферадағы оттектің шамамен 50%-ын "өндейді"). Құрлықтың 27%-ынан астамын алып жатқан орман -- географиялық ландшафт элементі. Орманда ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктер, мүк, қына, т.б. өседі.
Орман зоналары - құрлықтың коңыржай, субтропиктік, тропиктік және субэкваторлық белдеулері мен табиғи ландшафтыларда ағашты-бұталы өсімдіктері басым экваторлық белдеудің табиғи зоналары. Негізінен, ылғалы жеткілікті немесе тым ылғалды солтүстік жарты шар аумағында тараған. Қоңыржай белдеуде (тайга зонасы, аралас және жалпақ жапырақты орман зоналары) күлгін, шымды-күлгін, кұба және орманның сұр топырақтарында өсетін қылқанды және түспе жапырақты ормандар кездеседі. Субтропиктік және тропиктік белдеулердің орман зоналарының климаты өсімдіктің жыл бойы өсіп-өнуіне қолайлы. Үнемі артық ылғалды болатын сары және қызыл топырақтарда сан алуан өсімдік түрлері өсетін мәңгі жасыл немесе (жоғарырақ ендіктерде) жазда жасыл ормандар қалыптасады. Муссонды атыраптарда мәңгі жасыл ормандармен бірге жапырақтарын жылдың құрғақ кезінде тастайтын түспе жапырақты ормандар өседі. Жерортатеңіздік климатты атыраптарда қоңыр топырақтарда өсетін қатқыл жапырақты ормандар мен бұталар тараған -- маквис, гарига, бүрген (шибляк), фригана. Экваторлық және субэкваторлық белдеудің өте ылғалды аудандарында ыстық климат жағдайында қызыл және қызыл сары ферралитті топырақтарда түр құрамы бай, көп жікқабатты ормандар өседі.
Орман географиялық фактор. Орман топырақтың құрылысына, су алмасуына, онда органикалық және минералдық заттардың жиналуына әсер етеді. Орман топырағында ылғал жеткілікті, сондықтан оның құрамында шірінді көп. Орманды жердің топырағы қышқыл, мұндай топырақта өсімдік тамыры терең бойлап, минерал заттарды мол алады, суды көп буландырып, ондағы жануарлар мен өсімдіктерге қолайлы микроклимат жасайды. Орман ағаштары, оның ішінде `'мәңгі жасыл, қылқан жапырақты ағаштар'' өз жапырақтары арқылы өздері өскен қоршаған ортаға зиянды `''ауру қоздырғыш бактерияларды'''өлтіретін, хош иісті заттар (фитонцид) шығарады. Сондықтан да, қылқан жапырақты орманды аймақтарда көпшілік демалып, тынығатын `''курорт-санаторийлер''' орналастырылады.

2.1 Орман зиянкестері
Зиянкестер - адам мен жануарлар организмінде әр түрлі ауру қоздырғышын таратып, өсімдіктерді зақымдайтын жәндіктер мен жануарлар тобы. Зиянкестер адамға, малға, орман және ауыл шаруашылықтарына үлкен зиян келтіреді. Адам мен жануарлар зиянкестеріне, негізінен, паразиттер, түрлі жәндіктер (улы жыландар, улы өрмекшілер, қансорғыш жәндіктер, т.б.) жатады. Ауыл шаруашылығы зиянкестері - егістік пен табиғи өсімдіктерді зақымдап, түрлі аурулар таратады. Бұларға негізінен кемірушілер, бауыраяқты ұлулар, жұмыр құрттар (нематодтар), т.б. жатады. Мысалы, қырыққабатты - қырыққабат ақ көбелегі мен қырыққабат қара күйесі, асқабақты - ұсақ шыбындар, қызылшаны - қызылша бүргесі, баялды (баклажан) мен картопты - колорадо қоңызы зақымдайды.
Орман зиянкестері - орман ағаштары мен бұталарын зақымдайтын жануарлар. Бұларға негізінен кенелер, көпаяқтылар, бауыраяқты ұлулар (шырыш), жәндікқоректі сүтқоректілер (кірпі, көртышқан, жертесер, т.б.), тышқандар, жұпаяқтылар (қабан, бұғы, бұлан, т.б.), жыртқыштар (түлкі, қоңыр аю) және құстар(тоқылдақ, қайшыауыз) жатады. Зиянкестер ағаштың жапырағын, бұтағын, гүлін, жемісі мен тұқымын жеп, діңін тесіп, тамырларынан шырынын сорады. Зақымданған ағаштар өсуін тоқтатып жеміс салмайды. Олар бірте-бірте өз тіршілігін жояды.
Орман зиянкестері, ағаш, бұта өсімдіктерін зақымдайтын жәндіктер, кейбір кене түрлері, омыртқалы жануарлардан қоян, тышқан тұқымдас кемірушілер жатады. Қазақстанда орман зиянкестерінің ішінде жиі кездесетіні жәндіктер, қоректену түріне қарай: жапырақ жегілер (қылқан жапырақты да), дің кемірушілер, тамыр зиянкестері немесе топырақ мекендеушілер және жеміс, тұқым зиянкестері деп бөлінеді. Бұлардан көбелектер, құмырсқа, шыбындар, ткачтер тез көбейіп кететін болса, жапырақ жегілер, бізтұмсықтар, улы алагүліктер, т.б. біркелкі көбейіп, әсіресе жас ормандарда, саябақтарда, егін қорғау алқабында белгілі бір аймақта таралады.Дің зиянкестері негізінен қоңыздар (қабық қоңызы, сүген қоңыздар, зер қоңыздар, бізтұмсықтар), кейбір жарғақ қанаттылар (мүйіз құйрықтылар) және көбелектер (бұрғы көбелек, жылтыр көбелектер). Бұл зиянкестер ағаш тінін, сүрегін кеміреді, сапасын кемітеді, ағашты қуратады. Тамыр зиянкестеріне зауза қоңыздары, қарақоңыз, тақта мұртты қоңыздардың дернәсілдері жатады. Тамыр зиянкестерінің көпшілігі жұмыртқасын топырақ арасына салады және барлық даму сатылары сонда өтеді. Жеміс, тұқым зиянкестерінің түрі өте көп. Бұлар ағаштың генеративтік органдарынзақымдайды, орман шаруашылығына едәуір зиян келтіреді.Орман зиянкестеріне қарсы олардың көбею, таралуының алдын алатын және жойып жіберетін химиялық, биологиялық шаралар (зиян келтіретін жәндіктерді жеп құртатын жәндіктер, жәндік қоректі құстар, биологиялық препараттар) қолданылады. Жапырақ жегілерге қарсы негізінен химиялық әдіс қолданылады. Үлкен аймақтарға ұшақпен пестицидтер себіледі. Дің зиянкестері таралмау үшін орманда өсетін ағаштар құрамы жақсартылады, зиянкестерге төзімді ағаш түрлері егіледі, орман кесу ережелері, орманды тазалау, т.б. шараларды дұрыс іске асыру қадағаланады. Тамыр жеміс, тұқым зиянкестеріне қарсы әр түрлі химилық заттар пайдаланылады.

2.2 Энтомофагтардың морфологиялық ерекшеліктері
Энтомофаг - бөжектермен қоректенетін жыртқыш немесе бөжекер есебінен дамитын тоғышар (паразитоид). Өсімдіктерді биологиялық қорғау үшін жарғаққанаттылар, қаттықанттылар, жартылай қатты қанаттылар, қос қанаттылар, торқанаттылар отрядтарына жататын бөжектердің практикалық мәні зор.
Энтомофагтарды жаппай өсіру - жасанды жағдайда оларды көп мөлшерде өсіру. Жаппай өсіру деп (зертханалық өсіруден айырмасы) бунақденелілердің өсімдікті биологиялық қорғау үшін бір аналықтың ұрпақ тарату кезінде өсіретін түрінің құн және таза табыс көлеміндегі қабылдауға боларлық10 мыңнан 1 млн есеге дейін асып түсетін қатынасын айтады. Жаппай өсіру мақсаты - қысқа уақытта ең аз алаңда еңбек шығыны мен қаржыны өте аз жұмсай отырып, өсімтал аналықтардың ең мүмкін деген көп сан мөлшерін өсіру. Оған бір-бірімен тығыз байланысты және бірдей маңызды үш үдеріс қосылады: өсімдік-иені көбейту немесе энтомофаг дамитын бунақдене-иені ұстау үшін жасанды қоректік орта дайындау; бунақдене-иенің және энтомофагтің, зиянды түрлерден бос (аналық дақылдар) тиісті қорын жасап, сақтау; белгіленген биологиялық қорғау бағдарламасы үшін керекті мөлшердегі пайдалы түрді үздіксіз көбейту.
Меруерт реңді алтынкөз. Алматы облысында негізінен жабайы өсетін ағаш-бұталарда көбірек кездеседі. Ересектері көкшіл түсті, қанаттарының көлденең жүйкелері қара, ал бой жүйкелері жасыл. Кәдімгі алтынкөзге қарағанда ірілеу, қанаттарының өрісі 28-33 мм 3-сурет. Жылына екі ұрпақ беріп көбейеді. Бұл түрдің қуыршағы пілләға оранған күйінде жерге түскен жапырақтардың астында, топырақ арасында, кейде ағаш қабығының астында қыстап шығады. Ересектерінің ұшып шығуы мамырдың үшінші онкүндігінде, ал жаппай ұшуы маусымның басында байқалады. Бұл түрдің ересектері негізінен өсімдік бітелерімен қоректенеді, өте қомағай болады. Олардың бір жұбы 10 күн ішінде орта есеппен жеміс бітелерінің 785 особын жеп құртатыны анықталды. Біраз күн қоректеніп алған соң (5-6 күн) аналықтары жұмыртқалауға кіріседі. Олар жұмыртқаларын жеміс бітелерінің арасына жекелеп орналастырады. Маусымның бірінші онкүндігінде дернәсілдер шыға бастайды. Басқа алтынкөздердің дернәсілдері сияқты оларда жылдам қозғалады және өте қомағай келеді. Әрбір дернәсіл өзінің даму кезеңінде жеміс бітелерінің 955 особын жеп құртады.

1-сурет. Меруерт реңді алтынкөз
Кәдімгі алтынкөз басқаларына қарағанда өте кең таралған, сондықтан ол жиі кездеседі. Ересек алтынкөздердің түсі ақшыл-жасыл, кеудесі мен құрсақ жағының арқа жағында сары жолағы бар, басында қара дақтары жоқ. Қанаттарының өрісі 24-26 мм 4-сурет. Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде ол жылына екі ұрпақ беріп өсіп-өнеді. Өзбекстанда олар сарай мен тұрғын үйлердің саңылауларында, ал Молдавияда от жағылмайтын ағаштан жасалған әртүрлі құрылыстардың жарық-сызаттарында, ағаш қабықтарының астында қыстайды.
Алтынкөздер 50-60 болып топтанып, қабықтардың ең астына діңгектің жылтыр бетіне бауырлай жабысып, ағаштың өн бойын өрлей (3-4м биіктікке дейін) ұйқыға кетеді. Бірақ алтынкөздердің түстері өзгермей жап-жасыл күйінде сақталады. Ал миграция жасамай егіншілік аймағында әртүрлі ағаштардың ескі қабықтарының астында, сарай, қора және басқа адам тұратын және тұрмайтын үйлердің қабырғаларының жарықтарына, басқа да паналарға еніп қыстап шығатын алтынкөздердің түстері жаздың аяғында қызғылттанып қоңырқай тартады.

2-сурет. Кәдімгі алтынкөз
Алтынкөздердің қысқы ұйқыдан оянуы және төмен жазыққа қарай миграция жасауы олардың орналасқан қысқы мекендерінің биіктігі мен ауа райы жағдайына байланысы әртүрлі мерзімде басталады. Ауа райы қалыпты жылдары олар сәуірдің соңғы күндерінде оянады да, мамырдың бас кезінде жаппай ұша бастайды. Жоғарыда көрсетілген биіктіктегі тау беткейлері қардан түгел босаған кезде алтынөздердің миграциясы да аяқталады. Қыстап шыққан алтынкөздер біраз қоректеніп алған соң (негізінен гүл шырындарымен қоректенеді), мамырдың бірінші жартысында жұмыртқа салуға кіріседі. Кәдімгі алтынкөз жұмыртқаларын бір-бірлеп ағаш, бұта және шөптесін өсімдіктердің әртүрлі мүшелеріне салады. Мәселен, жүргізілген зерттеулерде, алма ағашынан жиналған сегіз мыңға жуық жұмыртқалардың 67 пайыз жапырақтың үстіңгі бетіне, 28,2 пайыз астыңғы бетіне, 2 пайыз жапырақтың жиегіне, 1,1 пайыз жапырақ сағағына, 1,3 пайыз алма жемісіне, 0,1 ағаштың бұтағына орналасқан екен. Жұмыртқалаудың дамуы үш күннен 21 күнге дейін созылады. Жұмыртқа салу кезеңі өте шұбалаңқы. Қыстап шыққан ұрпақтың особьтарын ерте көктемнен бастап, жаздың ортасына дейін кездестіруге болады. Олардың өсімталдығы да әртүрлі жағдайларға байланысты өзгеріп тұрады. Тәжірибе бойынша әр аналық особьтың өсімталдығы орта есеппен 800 жұмыртқаға тең. Алматы жеміс аймағында кәдімгі алтынкөздің дернәсілдері мамырдың екінші онкүндігінде шыға бастайды. Бірақ олардың табиғатта көп мөлшерде кездесуі маусымның бірінші онкүндігінде байқалады. Дернәсілдер үш рет түлейді. Жұмыртқадан ең алғаш шыққан дернәсілдің жалпы түсі қоңыр болады. Олар өте жылдам, тез қозғалады. Жұмыртқадан шыға салысымен тамақ іздеуге кіріседі. Егер қоректік заттар жоқ болса, онда қасындағы ішінде дернәсілі бар басқа жұмыртқаны сорып қояды. Кәдімгі алтынкөз дернәсілдерінің негізгі қорегі-өсімдік биттері. Дернәсілдердің қоректік заттарды талдау қабілеттілігі жақсы жетілгендігін көрсетті. Тәжірибеде алтынкөздің дернәсілдеріне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Энтомофагтарды пайдалану және пәрменділігін арттыру жолдары
Қос қанаттылар отрядының негізгі топтарын анықтау және олардың сипаттамасымен танысу
Зиянды бақашық энтомофагтары
Ауыл шаруашылық дақылдарының негізгі организмдер тобы – энтомофагтар; гербифагтар
Өсімдікті интегралды қорғау жүйесінде шаруашылықты ұйымдастыру
Бунақденелердің және кеміргіштердің бактериялды аурулары
Қырыққабаттың дақылының қорғау шаралары
Көкөніс дақылдарын аурулар мен зиянкестерден қорғау шаралары
Өсімдіктердің мүшелерін зақымдау белгілері
Жеміс шірігі
Пәндер