Қант қызылшасы егісінде кездесетін зиянкестер және олармен күрес шаралары


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Агробиология » факультеті
«Агрономия» кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Қант қызылшасы егісінде кездесетін зиянкестер және олармен күрес шаралары
Орындаған: Пернебек Руслан.
Агрономия мамандығының 4-курс студенті
Қабылдаған: Жұматаев М.
Алматы-2016 ж
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Қант қызылшасының өсіру технологиясы
- Қант қызылшасы егісінде кездесетін зиянкестер
- Күрес шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазіргі кезде ауылшаруашылық жағдайын жақсарту үшін Қазақстанның түпкір - түпкіріндегі егістік алқаптарда ауылшаруашылық дақылдардың өнімін жақсарту үшін әртүрлі белсенді іс-шаралар жүзеге асуда. Соның ішінде ең қатерлісі ауылшаруашылық және өзге де көкөніс дақылдарының аурулары болып отыр. Кез келген өсімдіктің морфологиясына, орналасқан жеріне, ауруға төзімділігіне қарамастан, өсімдіктердің барлықтай дерлік түрі ауруға бейім келеді. Өсімдіктің жалпы 350 мың түрі болса, соның ішінде Қазақстанда 7000 ға жуығы бар. Қазіргі таңда вирустық, бактериялық, саңырауқұлақтық ауруларға қарсы күрес шаралары жасалып жатыр. Агротехникалық шара, ауруға төзімді сорттар ойлап табу. Қант қызылшасына көп қоректілер және маманданған зиянкестердің көптеген түрлері зиян келтіреді. Қазіргі уақытта қызылшаны зақымдайтын зиянкестердің 300 түрі белгілі. Солардың ішінде 130-дан астамы қатты қанаттыларға, 60 түрі қабыршақ қанаттыларға, 40-50түрі тең қанаттылар мен жартылай қанаттылар отрядтарына жатады. Бунақденелілерден басқа организмдерден қызылшаны кәдімгі өрмекші кене мен қызылша нематодасы зақымдайды. Көпқоректі зиянкестерден аса қауіптілері кеміргіш көбелектердің (күздік және жабайы көбелектер) жұлдызқұрттары мен шыртылдақ және тақтамұртты қоңыздардың дернәсілдері. Маманданған зиянкестердің де түр құрамы көп: қызылшаның жапырақ бітесі мен тамыр бітесі, қызылша қандаласы, бізтұмсық қоңыздар мен бүрге қоңыздардың бірнеше түрлері және т. б.
- Қант қызылшасының өсіру технологиясы
Қант қызылшасы - алабота туысына жататын екі жылдық өсімдік. Алғашқы жылы ол қантқа юай жуандаған тамыр және 50-70 кг-ға жететін жапырақ дегелегін шығарады. Екінші жылы отырғызылған аналық тамырлардан гүл шығаратын өркендер жамиды да, жеміс шоғырын құрайды, мұны агрономиялық тілде тұқым дейді. Кәдімгі көп дәнекті қызылшаның әрбір түйнегінде 2-3-тен тұқым болуы мүмкін. Өсімдіктің тамыр жүйесі 3 метрге дейінгі тереңдікте бойлап, көлденеңінен 70-100 см-ге дейін жайылып өседі. Тамырдың жақсы бойлап өсуі топырақтағы қоректік заттарға және ылғалға байланысты. Тұқымның жер бетіне ерте көктеп шығуы үшін оның ірі әрі салмақты болғаны жөн, ол топырақтың беткі қабатының жылылығы 5-6 0 С жеткенде көктейді. Қызылшаның жақсы өсіп жетілуі үшін ең қолайлы температура 20-25 0 С жылылық. Жергілікті жағдайларға байланысты қант қызылшасы жаз бойы 50-70 жапырақ салады, ал кейбіреулері 90 және одан да көп жапырақ шығарады. Жапырақтар ауадан көмір қышқыл газдарын алып, алғаш рет қант құрайды.
Қант қызылшасы бағалы техникалық дақыл. Республикада қантты негізінен қант қызылшасынан алады, өйткені оның тамыржемісі көмірсуларға бай, құрамында 13-20% сахароза болады, сондықтан ол қант өнеркәсібінде шикізат болып саналады. Қант қызылшасын өнеркәсіптік өңдеудегі қосымша өнімдер- жапырақтар, сығынды және сірнелердің құндылығы жоғары. Қант қызылшасының жапырақтары, тамыр салмағының үштен бірінен- жартысына дейінгі бөлігін құрайды және малазықтық құндылығы бойынша екпе шөптер көк балаусасынан кем түспейді: 5 кг ақуызбен жақсы қамтамасыз етілген (110г) жапырақтары бір малазықтық өлшемге тең. Қант қызылшасының 1 гектардағы 250-300 ц/га жемісі тамыр өнімінде, оның тек жапырақтары шамамен 2000 малазықтық өлшем береді.
Қант қызылшасын зауытта өңдеуден алынатын сығынды мен сірненің малазықтық маңызы зор. Қантсызданған қызылша жаңқасы болатын сығындыда 15% құрғақ заттар, оның ішінде 1, 3% шикі протеин және 10% жуық көмірсулар болады; 1ц шикі сығындының малазықтық құндылығы 8 азықтық өлшемге тең; сығынды шығымы тамыр массасының 80% құрайды.
Қант қызылшасы-жоғары өнімді дақыл. Әр гектарға бір тонна тамыр жеміс және соған сәйкес пәлек түзу үшін қант қызылшасы орта есеппен топырақтан 6кг азот, 2кг фосфор және 6, 7кг калий сіңіреді. Осыған орай органикалық және минералдық тыңайтқыштарды қолданудың маңызы зор. Тыңайтқыштар күзде жерді негізгі өңдеумен бірге, тұқым себумен қатар және үстеме қоректендіру түрінде беріледі. Қант қызылшасын тыңайтудың үшінші кезеңі-оны үстеп қоректену. Республиканың суармалы жерлерінде қант қызылшасын өсу кезені бойына екі үш рет үстеп қоректендіреді.
Топырақ өңдеу . Танаптағы аңыздарды топыраққа сіңіру және арам шөптерді жою үшін алғы дақылды жинап алғаннан кейін аңызды 6-8см тереңдікте ЛДГ-10 және БДТ-7 құрылдарымен сыдыра жыртады. Жер жырту алдында ДДА -100М жаңбырлатқышымен немесе қолдан жүйектерге әр гектарға 500-800 текше мерт су сіңіріледі. Жер жыртылып болғаннан кейін ПН-4А құралымен тегістейді, содан соң сүдігерді КГС-4, 8культиваторымен терең қопсытады. Қант қызылшасын интенсивтік технологиямен өсіргенде гербицидтерді жұрыс қолдана білудің маңызы зор.
Тұқымды себу мөлшері. Бұл танаптың арам шөптерден тазалығы мен тұқымның өнгіштігіне байланысты. Бір жылдық арам шөпетрмен ластанған танаптарда лабораториялық өнгіштігі 80 проценттен кем емес тұқымды пайдаланғанда оның себу мөлшері әр текше метрге 32-35 данада дән болуы шарт. Ал тұқымның лабораториялық өнгіштігі 85-90 процент, танапта арам шөптер шамалы және арам шөптерді құртуға тиімді гербицидтер жеткілікті болған жағдайда әрбір текше метрге 18-25 дана тұқым себу керек.
Егістікті күтіп баптау. Қант қызылшасы егісін күтіп баптауға байланысты агротехникалық шаралардың бәрі қызылшанын өсуі мен дамуына ең қолайлы жағдай жасауға бағытталуы керек. Осы тұрғыдан алып қарағанда бірінші агротехникалық шара себумен бір мезгілде, немесе егіс себіліп бітісімен іле- шала топырақты ЗККН-2, 8, ЗЗКШ-6 катоктарымен нығыздау. Ондағы мақсат- топырақтың төменгі қабатындағы ылғалды жоғары көтеріп, себілген тұқымның тез бөртіп, біркелкі көктеп шығуына көмектеседі. Көктөп шыққан қызылшаны тырмалау-жауапты агротехникалық шаралардың бірі. Бұл жұмыстың мақсаты-ауаның топыраққа таралуын жақсарту, қызылшаны сирету, арам шөптерді жою. Көктеп шыққан қызылшаны тырмалауды өсімдік толық қос құлақтанғаннан бірінші - екінші қос жапырақ пайда болғанға дейін ЗБП-0, 6, ЗОР-0, 7, УСМК-5, 4А, Б құралдарының бірімен см тереңдікте жүргізеді. Осы жүргізілген агротехникалық шара 45-70 процент арам шөптерді жояды, ал қызылша 20-40 процент сирейді.
Жинау- оның өсіру технологиясындағы ең қиын процесс. Қызылшаны дәл уақытында жинау ысырапқа жол бермей, оның өнімділігін арттыруға септігін тигізеді. Ғылыми-зерттеу мемемелерінің және озық шаруашылықтардың тәжірибелеріне қарағанда қызылшаны қысқа мерзімде жинау өте тиімді. Жинауды шапшаң қарқынды жүргізуге прогрестік технологияны қолдану және оның барлық процесін механикаландыру арқылы женуге болады. Қант қызылшасын жинаудың үш әдісі бар: тасқынды, жартылай тасқынды және үймелі. Тасқынды әдіспен жинағанда қызылша комбайнмен қазылып, жапырағы қырқылып, тамыры тазаланбай ақ машинаға тиеліи, заводқа жіберіледі.
- Қант қызылшасы егісінде кездесетін зиянкестер
Қызылша бүргесі: оңтүстік (Chaetocnema breviuscula Fald. ) кәдімгі немесе қарақұмық (Chaetocnema concinna Marsch. ) (Coleoptera отряды, Chrysomelidae тұқымдасы) . Қант және асханалық қызылшаны, рауғашты, қымыздықты, шпинатты, т. б. дақылдарды зақымдайды. Бүргенің денесінің ұзындығы 1, 4-2, 3 мм, денесінің түсі қара металды реңі бар. Қанаттың үстіңгі жағы кең, аралықтары жаншылған. Кәдімгі қызылша бізтұмсығының дене пішіні домалақ, ал оңтүстік бүргесінің денесі жұмыртқа тәрізді болып келген. Дернәсілдерінің денесінің түсі ақшыл сары реңді, басы қоңыр, ұзындығы - 1, 5-2, 2 мм. Қоңыздар топырақтың беткі қабатында немесе өсімдік қалдықтарының астында қыстайды. Егістіктен орман алқаптарына, арамшөпті жерлерге ұшуы мүмкін. Ерте көктемде ауаның температурасы 8-9°С болған кезде қыстап шыққан бүргелер шыға бастайды. Күресу шараларын ұйымдастыру барысында міндетті түрде мына мәселені ескерген жөн: көктемнің бұлтты күндерінде бүргелер нашар қоректенеді және айтарлықтай зиян келтіре қоймайды, ал ауа-райының ыстық, құрғақ күндерінде зияндылығы бірнеше есеге көбейеді. 1-1, 5 ай қосымша қоректену жалғасқаннан кейін аналықтары жұмыртқаларын тереңдігі 3-6 см топырақ астына салады. Эмбрионалдық даму 10-14 күнге жалғасады. Дернәсілдер 30-80 күн шамасындай қарашірікпен, қызылшаның ұсақ қабықшаларымен қоректенеді, сонан соң топырақ қабатының 10-15 см тереңдігінде қуыршақтанады. Қоңыздардың жаңа ұрпағы шілде айының соңы мен тамыз айының басында пайда болады. Олар аса қауіпті зиян келтірмей арамшөп және қызылша жапырақтарымен 1-2 апта қоректенеді де, кейін қыстауға кетеді жылына 1 ұрпақ береді.
1-сурет. Кәдімгі қызылша бізтұмсығы-Bothynoderes punctiventris т Germ
Күресу шаралары. Жақсы дайындалған жерге кеш егілген егіс бүргелерден аз шығынға ұшырайды. Вегетация кезеңінде қызылша бүргесі қоректеніп, дамитын арамшөптерді міндетті түрде жою қажет (әсіресе алабұталар мен қарақұмықтар тұқымдасы) . Көктеу кезеңінде - 3 жұп жапырақ болған жағдайда 8-12 үлгіден 20 см қатар өсімдікті бақылайды. Егер кәдімгі себілген егісте 1 өсімдіктен 1 қоңыз және дәл себілген егісте 1-2 қоңыз табылса, онда инсектицидпен өңдеу қажет болады. Қоңыздар қоныстануды егістің шетінен бастайды, осыған байланысты қызылша өскінін қоңыздардан қорғау үшін өңдеу жұмыстарын егістің шетінде жүргізу қажет.
Қызылша бізтұмсықтары: кәдімгі (Bothynoderes punctiventris Germ. ), жолақты (Chromoderus fasciatus Mull. ), ақшыл (Chromoderus declivis Ol. ), шығыс (Bothynoderes foveicollis Gebl. ) және сұр (Tanymecus palliatus F. ) (Coleoptera отряды, Curculionidae тұқымдасы) . Соңғы екеуі Қазақстанда көп тараған. Кәдімгі қызылша бізтұмсығы қара түсті, денесі сұр қабыршақпен және түктермен жабылған. Қанатының үстінде екі қара қисық дақтары және де екі ақ дөңесі бар. Бастүтігі қысқа. Дене тұрқы 10-15 мм. Жолақты қызылша бізтұмсығы түсі қара, денесін сұр-қара қабыршақтар және түктер жапқан. Қанаттың үстінде көмескі бұлдыр қара дақтары бар. Дене тұрқы 7-11 мм. Ақшыл қызылша бізтұмсығының түсі қара, денесін ақшыл-сұр, ақ дерлік түктермен жабылған. Бүйірінде иректі жіңішке сызығы бар. Дене тұрқы 8-10 мм. Шығыс қызылша бізтұмсығының түсі қара, қанаттың үсті сұр-қара қабыршақпен жабылған және де көмексі бұлдыр қара дақтары бар. Дене тұрқы 9-10 мм. Ақшыл қызылша бізтұмсығының денесі түгелімен сұр қабыршақтармен жабылған. Дене тұрқы 7-10 мм. Бізтұмсық дернәсілі - денесінің түсі ақ, басы қоңыр, аяғы жоқ. Кәдімгі қызылша бізтұмсығы дернәсілінің дене тұрқы 27-30 мм, ал қалғандарынікі - 20-25 мм. Қоңыздар топырақта қыстайды, ал егер күз суық жаңбырлы болса, онда дернәсілдер мен қуыршақтар да қыстауға кетуі мүмкін. Алайда Солтүстік Қазақстанның ауа-райы жағдайына байланысты, дернәсілдер мен қуыршақтар қыс мезгілінде өліп қалады. Көктемде топырақ қабаты 8-10°С қызған кезде қоңыздар пайда болады. Бұл уақытта қоңыздар топырақ бетінде жорғалайды. Температура 20-25°С жеткен жағдайда ұша бастайды. Қызылша бізтұмсығы арамшөптердің алабұталар тұқымдасымен қоректенеді де, кейін қант қызылшасының өскініне ауысады. Қоңыздар жапырақтарды жеп, қызылша сабақтарын кеміреді. Температура +8 °С төмен болса, қоңыздар қоректенбейді, ал 8-12°С әлсіз мөлшерде зақымдайды. Есейген дараларында қосымша қоректену 35-40 күнге созылады. Аналықтары жұмыртқаларын өсімдік тамырының маңайына, тереңдігі 3-10 см топыраққа салады. 7-11 күннен соң дернәсілдер туады, кейін олар ұсақ қабықшаларды және қызылшаның орталық тамырын тереңдетіп жеп, тамырдың кем-тарлығын тудырады, ал күшті залалданған кезде өсімдіктің жойылуына әкеледі. Сұр қызылша бізтұмсығының дернәсілі арамшөптерде (қалуен, дала шырмауығы, ошаған) дамуына байланысты, қызылша өсімдігін зақымдамайды. Дернәсілдер 45-90 күннің ішінде төрт жас шағын өткізеді және топырақта қуыршақтанады. 15-20 күннен кейін жаңа қоңыз пайда болады да, сонан соң ол топырақта қыстауға қалады. Жолақты қызылша бізтұмсығының қоңызы жұмыртқаны қызылша тамырының мойнына салады, ал дернәсілі тамыржемістің ішіне еніп, камералар мен жолдар жасайды да, тамыр мойнының ісінуін тудырады. Мұндай зақымдалу өсімдіктің жойылуына әкелуі мүмкін. Тамыржемістің ішінде дернәсілдер қуыршақтанады. Жылына 1 ұрпақ береді.
Күресу шаралары. Ауыспалы егісті қатаң сақтау, жоғары сапалы тұқыммен қолайлы мерзімде себу, топырақты сапалы өңдеу, минералды және органикалық тыңайтқыштарды енгізу, егінді сепкеннен кейін топырақты тығыздаса, зиянкестердің санының азаюына және өсімдіктің өсу тұрақтылығын реттеуге мүмкіндік туғызады. Топырақты қатараралық қопсытса, жыртқыш зиянкестердің әрекетін күшейтеді. Арамшөптермен міндетті түрде күресу керек. Сәуір айының аяғынан бастап көлемі 1 м 2 20 үлгі алаңқайда зиянкестерге көзбен шолу есебін жүргізеді. Көктеу кезеңінде кәдімгі қызылша бізтұмсығы қоңызының 0, 2-0, 3, басқа түрлердің 0, 3-0, 5 данасы 1 м2 жерде, ал 2-4 жұп жапырақ шыққан кезеңде 0, 5-0, 6 дана/м2 кездессе, онда инсектицидпен өңдейді.
Қызылша сауытты қоңызы - Cassida nebulosa L. (Coleoptera отряды, Chrysomelidae тұқымдасы) . Бунақденелілер қант және асханалық қызылшада, көбінесе көкпекте, алабұта тұқымдасы арамшөптерінде дамиды. Сауытты қоңыз жапырақтарды кеміреді де, оның негізгі жүйкесін қалдырады. Қоңыздардың денесінің түсі қоңыр-сары немесе жасыл ұсақ қара дақтармен, дене тұрқы 6-7 мм. Қанат үсті және алдыңғы арқа денеге қарағанда кең болып келген және қоңызды басымен бірге сауыт жапқан. Аяқтары қоңыр, жамбасы қаралау. Қанаттың үстінде түзу қатарлы нүктелері бар. Қанат үстінің бүйір қырларының орта бөлімі жуан болып келген. Дернәсілі сары-жасыл жалпақтау, дененің бүйірінде айтарлықтай ірі тісшелі өсінділер бар, осы өсінділердің артқы екеуі едәұір ұзын болып келген. Дернәсіл құрсағының ұшы жоғары қарай иілген. Бунақденелілер ерте көктемде шыға бастайды. Сәуір айында аналықтары жұмыртқаларын үймелеп, арамшөптердің, алабұталылар тұқымдасының жапырағына салады да, жұмыртқалардың үстін өзінен бөлініп шығарылған жартылай мөлдір шажырқаймен жабады. Бір аналықтың орташа өсімталдығы 200 жұмыртқа. Эмбрионалдық даму 10-12 күнге созылады. Дернәсілдер 2-3 апта ішінде дамиды, содан соң жапырақтардың арасында сары жалпақ тікенекті қуыршаққа айналады. Қоңыздардың бірінші ұрпағы шілде айында, ал екінші ұрпағы тамыз айының аяғында пайда болады. Қоңыздардың екінші ұрпағы қыстауға қалады.
Күресу шаралары. Алабұталылар тұқымдасына жататын арамшөптерді жою қажет. Қолмен отау кезінде арамшөптерді егістіктен алып тастау керек. Сауытты қоңыздар мен олардың дернәсілдеріне қарсы инсектицидті тізім бойынша пайдаланған дұрыс. Қызылша сауытты қоңызының ЭЗШ саны өскін кезеңінде 0, 7-1 дана/м2, ал 4-5 жұп кәдімгі жапырақ кезеңінде 1 өсімдікте 10-нан артық дернәсіл болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz