Атнибиотиктерді өндіру көздері және алу тәсілдері



Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Атнибиотиктерді өндіру көздері және алу тәсілдері.
2. Химиялық құрылымы бойынша антибиотиктерді жіктеу.
3. Антибиотиктерге қойылатын талаптар.
4. Антимикробты химиотерапия кезіндегі асқынулар.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Антибиотиктер (гр. autі — қарсы және гр. bіos — тіршілік) — микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататын микробтар, өсімдіктер мен жануарлар жасушасынан алынатын органикалық зат; микроорганизмдермен жоғары өсімдіктермен және жануарлармен микроорганизмдерді және ісік жасушаларының дамуын басатын және жоятын заттар. Антибиотиктер төменгі молекуларлы қосылыс оның құрамына көміртегі-оттегі және сутегінен басқа азот (1 немесе 2 аммин тобы түрінде) және 1 немесе 2 карбоксильді топтар енеді. Антибиотиктер микробтар мен кейбір қатерлі ісікке әсер етіп, олардың дамуын тежейді немесе жойып жібереді. Антибиотиктердің пайда болуы микробтар дүниесінде кездесетін бір-біріне қарама-қарсылық әрекетіне негізделген. Антибиотиктер туралы ғылымның негізін қалап, алғаш көгерткіш саңырауқұлақтан пенициллин алған (1929) ағылшын ғалымы А.Флеминг болды. Антибиотиктердің бірнеше жүздеген түрі бар, бірақ олардың бәрі бірдей медицинада қолданыла бермейді. Антибиотиктер шығу тегі, хим. құрамы, микробтарға әсер ету механизмі т.б. қасиеттері бойынша жіктеледі. Антибиотиктерді ретсіз қолданудың әртүрлі салдары болуы мүмкін. Мыс., денеге бөртпе шығып, қышыма пайда болады, кейде естен тануға әкеп соғады. Сондықтан оларды тек қана дәрігердің айтуы бойынша қолдану қажет. Антибиотиктер медицинадан басқа а.ш-нда, тамақ өнеркәсібінде және микробиологиялық өндірісте пайдаланылады. Антибиотиктер зен саңырауқұлаңынан,актиномиоцидтік, кейбір бактериялардан алынады. Жіктелуі: синтетикалық және табиғи. Әсері: бактериостатикалық, бактериоциттік. Әсер ету механизмі: Бактерия жасуша синтезін бұзу, цитоплазмалық мембрана өткізгіштігін бұзу, жасушаішілік синтезін бұзу, РНҚ синтезін бұзу.
1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
3. Molecular Pharmacology, Vol 11, 166—173, 1975 Antibiotics as Tools for Metabolic Studies XVIII. Inhibition of Sodium- and Potassium-Dependent Adenosine Triphosphatase JOHN B. SUSA, HENRY A. LARDY
4. Антибиотики — Общая информация
5. Найдено лекарство против устойчивых к антибиотикам бактерий
6. М. Шифрин. Война с микромиром
7. О. У. Стецюк, И. В. Андреева, А. В. Колосов, Р. С. Козлов Безопасность и переносимость антибиотиков в амбулаторной практике // Клин Микробиол Антимикроб Химиотер. — 2011. — Т. 13, № 1. — С. 67-84.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Атнибиотиктерді өндіру көздері және алу тәсілдері.
2. Химиялық құрылымы бойынша антибиотиктерді жіктеу.
3. Антибиотиктерге қойылатын талаптар.
4. Антимикробты химиотерапия кезіндегі асқынулар.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Антибиотиктер (гр. autі -- қарсы және гр. bіos -- тіршілік) -- микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататын микробтар, өсімдіктер мен жануарлар жасушасынан алынатын органикалық зат; микроорганизмдермен жоғары өсімдіктермен және жануарлармен микроорганизмдерді және ісік жасушаларының дамуын басатын және жоятын заттар. Антибиотиктер төменгі молекуларлы қосылыс оның құрамына көміртегі-оттегі және сутегінен басқа азот (1 немесе 2 аммин тобы түрінде) және 1 немесе 2 карбоксильді топтар енеді. Антибиотиктер микробтар мен кейбір қатерлі ісікке әсер етіп, олардың дамуын тежейді немесе жойып жібереді. Антибиотиктердің пайда болуы микробтар дүниесінде кездесетін бір-біріне қарама-қарсылық әрекетіне негізделген. Антибиотиктер туралы ғылымның негізін қалап, алғаш көгерткіш саңырауқұлақтан пенициллин алған (1929) ағылшын ғалымы А.Флеминг болды. Антибиотиктердің бірнеше жүздеген түрі бар, бірақ олардың бәрі бірдей медицинада қолданыла бермейді. Антибиотиктер шығу тегі, хим. құрамы, микробтарға әсер ету механизмі т.б. қасиеттері бойынша жіктеледі. Антибиотиктерді ретсіз қолданудың әртүрлі салдары болуы мүмкін. Мыс., денеге бөртпе шығып, қышыма пайда болады, кейде естен тануға әкеп соғады. Сондықтан оларды тек қана дәрігердің айтуы бойынша қолдану қажет. Антибиотиктер медицинадан басқа а.ш-нда, тамақ өнеркәсібінде және микробиологиялық өндірісте пайдаланылады. Антибиотиктер зен саңырауқұлаңынан,актиномиоцидтік, кейбір бактериялардан алынады. Жіктелуі: синтетикалық және табиғи. Әсері: бактериостатикалық, бактериоциттік. Әсер ету механизмі: Бактерия жасуша синтезін бұзу, цитоплазмалық мембрана өткізгіштігін бұзу, жасушаішілік синтезін бұзу, РНҚ синтезін бұзу.

Негізгі бөлім
Антибиотиктер - микроорганизмдердің өсуін тежейтін және оларды жоятын заттар. Антибиотиктерге өсімдік, жануар және микробтық тегі бар заттар жатады. Антимикробтық препараттардың шығу тегі 1928 жылдан, А. Флеминг алғаш рет пенициллинді ашқан кезден бері басталды. Тірі табиғатта басқа микроорганизмдерден қорғану мақсатында, оны микроскопиялық саңырауқұлақтар Penicillium өндіреді. Шығу тегі бойынша антибиотиктердің жіктелуі: Табиғи ( өсімдіктер мен жануарлар тіндерінен пайда болады) Жартылай синтетикалық ( табиғи молекула модификациясы арқылы алады) Синтетикалық (жасанды түрде өндіріледі) Әсер ету бағыты бойынша антибиотиктердің жіктелуі: Антибактериальды (ішек және нейрохирургиялық инфекция, тыныс және зәр шығару жолдарының инфекциялары кезінде, эндокардит, менингит) Саңырауқұлаққа қарсы (тері инфекциялары, ауыз және жұтқыншақ инфекциялары, микоз) Ісікке қарсы ( онкологиялық аурулар мен қатесіз ісіктер үшін қолданылады) Уақыт өте микроорганизмдер антибиотиктер әсеріне тұрақты болады, оны резистенттілік деп атады. Резистенттілік туындау механизмі - генетикалық мутация. Резистенттілік себептері: Шектен тыс антибиотиктерді пайдалану Кейбір елдерде антибиотиктерді рецептсіз сату Антибиотиктерді малдың тағамына және жуғыш заттарға қосу Антибиотиктердің биологиялық әсер ету механизмі: Жасуша қабырғасының бактериальды синтезін тежеу: Пенициллин Цефалоспорин Карбопинем Монобактам Гликопептид Фосфомицин Батитрацин ДНК синтезін немесе функциясын тежеу: Сульфаниламид Триметоприм Фторхинолон Нитроимидазол Нитрофуран Анзамицин Рибосомадағы бактериальды ақуыздардың синтезін тежеу: Аминогликозид Тетрациклин Макролид Линкозамин Левомицетин Бактерия мембранасының функциясының бұзылысы: Полимиксин Градимицидин Имидазол Барлық антибактериальды препараттарды әсер ету механизмі бойынша екі үлкен топқа бөлуге болады: Бактерицидтік - микроб өлімін тудырады; Бактериостатикалық - микроорганизмдердің көбеюін тежейді. Өсіп және көбейе алмайтын бактериялар науқастың иммунды жүйесімен жойылады. Антибиотиктердің топтары Бұл препараттардың топтары көп болғанмен оларды басты бірнеше түрлерге бөлуге болады. Бұл жіктелудің негізінде химиялық структура жатыр. Пенициллин туындылары. Оларға жатады: Табиғи бензилпенициллин: метициллин, нафциллин. Синтетикалық препараттар: карбопенициллин және тикарциллин. Мециллам және азлоциллин. 2. Цефалоспориндер. Бұл топтың бірінші антибиотигі - цефазолин С, Cephalosporium саңырауқұлақтарымен өндіріледі. Бұл препараттар бактерицидті әсерге ие, яғни микроорганизмдерді жояды. Оларға: I қатар: цефазолин, цефалексин, цефрадин II қатар: цефсулодин, цефамандол, цефуроксим III қатар: цефотаксим, цефтазидим, цефодизим IV қатар: цефпиром V қатар: цефтолозан. Макролидтер - күрделі химиялық құрылымы бар препараттар, бактериостатикалық әсерге ие және микробтардың кең спектріне әсер етеді. Өкілдері: азитромицин, ровамицин, джозамицин, лейкомицин және тағы басқа. Макролидтер қауіпсіз антибактериальды препараттар тобы болып саналады, тіпті жүкті әйелдерге де қолдануға болады. Азалид және кетолид - белсенді молекулалық өзгешелігі бар, макролидтердің бір түрі. Тағы бір артықшылығы бұл топ препараттары адам ағзасындағы жасушаларға еніп, жасуша ішілік инфекцияларға эффективті әсер етеді: хламидиоз және микоплазмоз Аминогликозидтер. Өкілдері: гентамицин, амикацин, канамицин. Аэробты грамм теріс микроорганизмдерге белсенді. Бұл препараттар токсикалық болып табылады және аса қауіпті асқынуларға әкелуі мүмкін. Зәр шығару жолдары ауруларында қолданылады, фурункулез кезінде. Тетрациклиндер. Негізінен ол жартылай синтетикалық және синтетикалық препараттар тобы, оларға: тетрациклин, доксициклин, миноциклин жатады. Көптеген бактерияларға эффективті. Бұл топ препараттарының кемшілігі қарама - қайшы тұрақтылық, яғни микроорганизмдер бір препаратқа тұрақтылық көрсетсе осы топтағы басқа препараттарға да аз сезімтал болады. Фторхинолондар. Ол толықтай синтетикалық препараттар, өзіндік табиғи аналогы жоқ. Бұл топ препараттары бірінші қатар (пефлоксацин, ципрофлоксацин, норфлоксацин) және екінші қатар (левофлоксацин, моксифлоксацин) жіктеледі. Жиі ЛОР- ағзаларының емінде (отит, синусит) және тыныс жолдарының емінде (бронхит, пневмония) қолданылады. Линкозамидтер. Бұл топқа табиғи антибиотик линкомицин және оның туындысы клиндамицин жатады. Бактериостатикалық және бактерицидтік әсер көрсетеді және әсері концентрацияға байланысты. Карбапенемдер. Бұл заманауи антибиотиктердің бірі, микроорганизмдердің көп түріне әсер етеді. Бұл топ препараттары резерв антибиотиктеріне жатады, яғни күрделі жағдайларда қолданылады. Өкілдері: имипенем, меропенем, эртапенем. Полимиксиндер. Арнайы препараттар синегнойдты таяқша емі үшін қолданылады. Оларға полимиксин М және В жатады. Бұл дәрілердің кемшілігі нерв жүйесі мен бүйректерге токсикалық әсері. Туберкулезга қарсы заттар. Бұл жеке топ препараттары туберкулез таяқшасына әсер етеді.Оларға рифампицин, изониазид және ПАСК жатады. Саңырауқұлаққа қарсы заттар. Микоздарды емдеуге арналған: амфотирецин В, нистатин, флюконазол. Антибиотиктерді қолдану тәсілдері Пероральды - ауыз арқылы. Препаратты таблетка, капсула, сироп немесе ұнтақ ретінде пайдалануға болады. Қабылдау ұзақтығы антибиотик түріне байланысты, мысалы азитромицин тәулігіне бір рет қолданылады, ал тетрациклин - тәулігіне 4 рет. Әрбір антибиотик үшін ұсыныстары болады, яғни препаратты қай уақытта қолдану керектігі жазылады, тамаққа дейін немесе тамақтан соң. Соған байланысты емнің әсері және жағымсыз әсердің көріністері байқалады. Кішкентай балаларға антибиотиктерді сироп ретінде тағайындайды . Инъекциялық - бұлшықет және тамыр арқылы енгізу. Бұндай әдісте препарат инфекция ошағына тез жетеді және белсенді әсер етеді. Кемшілігі укол жасаған кездегі ауырсыну. Иньекцияны орташа ауыр және ауыр ауру ағымында қолданады. Жергілікті - инфекция ошағына мазь немесе кремдерді жағу. Жиі тері инфекциялары кезінде, сонымен қоса офтальмология саласында қолданылады. Антибиотиктерге сезімталдық Ұзақ уақыт антибиотиктерді қолданған кезде микроорганизмдер оларға қарсы төзімділік туындатады. Антибиотиктерді тағайындаған кезде қоздырғыштың сезімталдығын білу қажет. Дәрігер препаратты тағайындар алдында сезімталдыққа анализ жүргізу қажет және әсері бар препаратты тағайындауы қажет. Бірақ анализ жүргізу бірнеше күнге созылады, осы уақыт аралығында инфекция кері әсерге әкелуі мүмкін. Сондықтан инфекция кезінде анықталмаған қоздырғышы бар ауру кезінде дәрігерлер препаратты эмпериялық жолмен тағайындайды, яғни мүмкін болатын қоздырғыш және эпидемиологиялық бағдармен жүргізеді. Ол үшін кең спектрлі антибиотиктерді қолданады. Анализ жасалып болған соң, дәрігер препаратты эффективті түріне ауыстыра алады. Препаратты ауыстыру эффект болмаған кезде 3-5 тәулікте жүргізіледі. Эффективті әсер беретін әдіс антибиотиктерді этиотропты тағайындау. Бактериялогиялық зерттеу арқылы қоздырғыш түрі анықталады, кейін дәрігер осы микроб түріне резистенттілік жоқ белгілі препаратты тағайындайды. Антибиотиктер әрқашан эффективті бола ма? Антибиотиктер тек бактерия мен саңырауқұлақтарға ғана әсер етеді! Бактерия бір клеткалы микроорганизмдер болып табылады. Бактериялардың мындаған түрлері бар, олардың 20 шақты түрі адамның тоқ ішегінде өмір сүреді. Жартысы салыстырмалы - патогенді болып табылады, яғни олар белгілі жағдайларда ғана ауру шақырады, мысалы өздеріне сай емес тіршілік ортасына түскен кезде. Мысалы жиі простатитті ішек таяқшасы шақырады. Антибиотиктер жөтел мен бронхит кезінде тиімді болады, егер ол бактериямен шақырылған болса. Анықтау үшін дәрігер қан анализін және қақырық талдауын тағайындайды. Ангина кезінде антибиотиктер тиімді, себебі бұл ауру бактериальды табиғатты болып келеді және стрептококк және стафилококкпен шақырылады. Ангина емі үшін қарапайым антибиотиктер - пенициллин, эритромицин қолданылады. Ангина емінде басты мақсат препараттарды 7 күннен артық қабылдамау. Өкпе қабынуы (пневмония) бактериальді және вирусты болуы мүмкін. Бактериялар 80% жағдайда пневмонияны шақырады, сондықтан антибиотиктерді эмпириялық тағайындаған кезде жақсы әсер көрсетеді. Вирусты пневмония кезінде антибиотиктер емдік қасиет көрсетпейді, тек бактериальды флора қосылуын тежейді. Антибиотиктер және алкоголь. Кейбір препараттар алкоголь сияқты бауырда ыдырайды. Қанда антибиотик және алкогольдің болуы бауырға үлкен күштеме береді, яғни ол этил спиртін залалсыздандыра алмайды. Нәтижесінде жүрек айну, құсу, ішектік бұзылыстар дамиды. Кейбір препараттар алкогольмен әсерлесіп, препараттың емдік қасиетін төмендетеді.Оларға метронидазол, левомицетин, цефоперазон және тағы басқалар жатады. Алкогольмен бірге қолданған кезде тек емдік әсерін төмендетумен қоса, ентігу, діріл және өлімге әкелуі мүмкін. Жүктілік кезінде антибиотик қолдану Жүкті әйелдер инфекциялық аурулармен жиі ауырады, ал оларға антибиотиктерді қолдану қиын. Жүкті әйел ағзасында ұрық өсіп дамиды және ол әртүрлі химиялық заттарға сезімтал болып келеді. Кейбір антибиотиктер ұрықта даму ақауларын туындатады және орталық нерв жүйесін токсикалық зақымдайды. Алғашқы триместрде антибиотиктерді мүлде қолданбау қажет, ал екінші және үшінші триместрде қажетінше қауіпсіз түрлерін пайдалануға болады. Жүкті әйелге тағайындалған антибиотиктерден бас тартуға болмайтын жағдайлар: пневмония; ангина; пиелонефрит; инфицирленген жара; сепсис; специфиялық инфекция: бруцеллез, бореллиоз; жыныс инфекциялары: сифилис, гонорея. Жүкті әйелге тағайындауға болатын антибиотиктер: пенициллин, цефалоспорин қатарындағы препараттар: эритромицин, джозамицин. метронидазол, гентамицин және азитромицин (салыстырмалы қауіпсіз) Жүкті әйелге тағайындауға болмайтын антибиотиктер: аминогликозидтер - кереңдікке әкеледі кларитромицин, рокситромицин фторхинолон; тетрациклин - сүйек жүйесінің түзілуін талқандайды левомицетин - баланың сүйек кемігін зақымдайды.
1871-1872 ж.ж. Ресей ғалымдары В.А.Манассеин және А.Г.Полотебнов залалды жараға көгерткіш саңырауқұлақты таңу арқылы емнің тиімділігін байқаған. Л.Пастердің (1887) байқауы бойынша, микробтар әлемінде - антагонизмкең тараған көрініс екені дәлелденді, бірақ оның табиғаты түсініксіз болды. 1928-1929 ж.ж. А.Флеминг стафилококтың өсуін тежейтін химиялық зат бөлетін көгерткіш саңырауқұлағының штамы - пеницилланы (Penicillium notatum ) ашты. Бұл зат пенициллин деп аталды. 1940ж. Х. Флори мен Э.Чейн клиникада кең қолданыс тапқан , алғашқы рет тазартылған тұрақты препарат пенициллинді алды. 1945 ж. А.Флеминг,Х.Флори және Э.Чейн Нобель сыйлығына ие болды. Антибиотиктерді зерттеуде З.В. Ермольева және Г.Ф.Гаузе ұлкен үлес қосты. Антибиотик деген термин (грек тілінде anti - қарсы, bios-өмір) 1942 ж. С.Ваксман аз концентрацияда басқа бактериялардың өсуін тежейтін және микроорганизмдермен өндірілетінтабиғи заттарды белгілеуді ұсынды. Антибиотиктер - бұл биологиялық туындылы (табиғи ) химиялық қосылыстардан, с.б. олардың жартылай синтетикалық және синтетикалық аналогтарынан дайындалған химиотерапевтік препараттар, олар аз концентрацияда микроорганизмдер мен ісіктерге жоюшы немесе таңдамалы зақымдаушы әсер етеді.
1.Антибиотиктерді өндіру көздері және алу тәсілдері
Табиғи антибиотиктерді негізгі өндірушілер өзінің табиғи ортасында (негізінен топырақта) орналасып, тіршілігін сақтау үшін антибиотиктер өндіретін микроорганизмдер болып табылады. Жануарлар мен өсімдік жасушалары селективті антимикробтық әсері бар (мысалы , фитонцидтер) заттар өндіре алады, бірақ олар медицинада антибиотиктер өндіруші ретінде кең қолданылмады. Сонымен табиғи және жартылай синтетикалық антибиотиктер алу көздері болып табылады:
:: Актиномицеттер(әсіресе стрептомицеттер) - бұтақталған бактериялар. Олар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту нәтижелері мен негізгі құзыреттіліктері (компетенция)
Кадрларды іріктеу. Және олардың сипаты
Иондаушы сәулелену түрлері
ТУРИЗМДЕГІ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗДЕРІ ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Энергияның альтернативалы көздерінің классификациясы
КӘСІПКЕРЛІК ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Экономикалық талдау әдістерінің түсінігі
Радиациялық қауіпсіздік
КӘСІПКЕРЛІК ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Электр энергиясы үнемдеу
Пәндер