XX ғасырдағы Қазақстандағы археологиялық ескерткіштердің зерттелуі мен қазба жұмыстары


Мазмұны
Кіріспе 3
I - ТАРАУ. Археологиялық барлау және зерттелу жолдары 8
1. 1. Археологиялық ескерткіштердің зерттелу жолдары 8
1. 2. Археологиялық барлау мен қазба әдістері 13
IІ -ТАРАУ. XX ғасырдағы Қазақстандағы археологиялық ескерткіштердің зерттелуі мен қазба жұмыстары 22
2. 1. Оңтүстік Қазақстан территориясындағы Отырар, Шірік - Рабат, Сауран қала жұрты мен қорымдарының археологиялық зерттеулер мен қазба жұмыстары 22
2. 2. Батыс Қазақстандағы археологиялық қазба жұмыстары және оның нәтижелері 48
2. 3. Жетісу облысындағы орналасқан Есік, Шілікті қорымдары мен кешендеріндегі археологиялық зерттеулер 55
Қорытынды 58
Пайдаланылған әдебиеттер 60
Кіріспе
Зерттелу жұмысының өзектілігі. Еліміздегі көне тарихи ескерткіштерді зерттеулердің алатын орны ерекше болып саналады.
Өткен күнді тірілтпей көп ұлтты Отанымыз - Қазақстанның бүгінгісін, оның егемендікке қол жеткізуін тану мүмкін емес. Сондықтан да халық тағдырын баян етер тарих пен мәдениетті оқып-үйрену әр адамды отан сүйгіштікке, өз елінің азаматы болуға баулиды.
Алайда тарихымыздың кейбір парақтары әлі күнге дейін ашылмай сан құпияны бауырына басып жатса, кейбірі ашылғанмен де өткенімізбен толық таныса алмайды.
Отанымыздың ұлан ғайыр аумағында әлі де зерттелмеген ескерткіштер- адамзаттың құнсыз ақпарат қоры, оның жоғалмас байлығы болып саналады.
Еліміздегі көне тарихи ескерткіштерді зерттеулердің алатын орыны ерекше болып саналады. Археологиялық ескерткіштер еліміздің тарихындағы бірнеше өзекті мәселелердің басын ашуға, сондай-ақ ежелгі және ортағасырлық кезеңдердегі халқымыздың байлығы мен өркениеті, мәдени мұраларымен толықтырып отырады. Елімізде көне қала мен қоныс орындары, суару жүйелері мен зират кешендері сынды ескерткіштер көптеп кездеседі. Олар топографиялық, хронологиялық және этникалық сипаттары бойынша біркелкі емес, бірақ нақ осы жай олардың зерттелуінің маңыздылығын арттырып отыр. Алуан түрлі әрі бай мәдени мұра өркениеті қоғамның түпқазық белгісі ұлттық және мемлекеттік сана сезімінің ықпалдастырушы құрама бөлігі болып табылады. Археологиялық мәдени мұра осы жәдігерлердің маңызды бөлігін құрайды. Мәдени мұраның заттай бөлігі халықтың материалдық түйсігі. Археологиялық мәдени мұра осының негізі бөлігін құрайды. Ол қорған-қамалдардың қиындылары, жайылып кеткен обалар, көне тұрақтар, қалалар орыны, зәулім ғимараттар мен ғибадатханалар сынды археологиялық ескерткіштерді қамтиды. Елімізде қаншама кәсіпқойлар қазып, зерттеп және мұражайландырылған көне ескерткіштер жиынтығынан өткен ғасырлар мен халықтардың тұрмысы мен тіршілігі жайлы толық мағлұмат алуға мүмкіндік беріп отыр.
Бәрімізге мәлім болып отырған өткеннің ескерткіштерін сақтаумен қатар тарихшының аса маңызды міндеті мен борыштарының бірі - жаңа археологиялық объектілерді табу, қажет болған жағдайда сақтап қалу жұмыстарын жүргізіп, арнаулы экспедиция келгенше ескерткіштерді қорғау болып табылады.
Археологиялық ескерткіштердің ғылыми құндылығы олардың сақталу дәрежесіне, сондай-ақ бұлардың табылу жағдайлары қаншама толық еске алынып, қалайша тіркеліп жазылғандығына байланысты. Қазу жұмысы аяқталғаннан кейін олардың документациясы тарихи түп дерекке айналады да, оның ақиқаттығы көп жағынан археологтың ұқыптылығымен ыждағаттығына байланысты болады. Сақтауға немесе музей экспозициясына түсуден бұрын табылып алынған материал тиісінше өңделуге: шифрлануға, реставрациялануға, тиіс. Археологиялық ескерткіштердің сан алуан түрлерінің ішінен ең жиі ұшырайтыны және ерекше бір түрлері ретінде мекен-жай, жерлеу, әулиелік орындарды бөліп қарауға болады.
Археологиялық материалдар туралы жазылған ғылыми еңбектер мен қазіргі таңдағы соңғы археологиялық зерттеулерді салыстыру, жаңа мәліметтерді толықтыру. Алған мағұлматтарды толық талдау жасау.
Зерттеу жұмысының тарихнамасы.
Зерттеу жұмысының тарихнамасына тоқталатын болсақ, көптеген ғалымдар ХХ ғасырдың басында археология ғылымына өз үлестерін қосты. К. М. Байпақов, Д. А. Воякин, Б. А. Железняковтардың «Археологиялық зерттеулер жайлы есеп» деген еңбегінде Жайық қала жұртындағы қазба жұмыстары жайлы қай жерде орналасқанын, қорған қабырғасының биіктіктерін қөрсеткен [ 1] .
К. А. Акишев, К. М. Байпақов, II - Вестник ДН Каз ССР-де Сауран шаһарындағы кәріздерді үнділік құлдар салғаны, құдықтағы судың деңгейі 150 кез болғандығын, 1969 ж Сауран қаласының үстінен ұшақпен түсіріліп, нәтижесінде қаланың солтүстік батыс шетінен солтүстік шығысқа қарай созылып жатқандығын 1600 м биіктікте байқалғанды жөнінде мол мәліметтер алуға болады [ 2] .
Қаланың алғаш рет тарихи деректерде кездесуі Х ғасыр тұсына тура келеді. Сол кезде өмір сүрген әйгілі араб жағрабшысы Макдиси қала туралы мынадай мағлұмат береді: «Сауран (Савран, Сабран) - бірінен кейін бірі бой көтерген жеті дуалмен қоршалған үлкен қала, онда рабат бар. Бас мешіт ұаланың ішінде орналасқан. Ол оғыздармен және қыпшақтармен шекаралас аймақта орналасқан қамал»
К. М. Байпақов пен Н. О. Алдабергеновтың «Отырар алқабы. Археология, өнер, қолөнер ескерткіштері» атты монографиясында құнды материалдар бар [ 3] . Онда есімі ғасырлар қойнауынан жеткен Отырар қаласының орны Арыс өзенінің Сырдарияға құятын жерінің маңында жатыр. Ежелгі Отырар қаласына Темір стансасынан батысқа қарай 10 км жерде орын тепкен Отырартөбе археологиялық ескерткіші сәйкес келеді.
Ә. Х. Марғұланды қола дәуірі мен орта ғасырлық археологияның, Қазақстан жерінде мекендеген көне халықтар тарихының, қазақ халқының мәдениет және өнер тарихының, этнографиясы мен археологиясының негізін салушы.
Ә. Х. Марғұланның Қазақстан археология зерттеулері «Марғұлан оқулары - 14» еңбегінде Отырар қаласы жөнінде тың деректер бар [ 4] . Отырарды біріншіден керуен сарайға, ал екіншіден жартылай қала түріндегі тұрақтарға жаткызады. Ол Орта Азия мен Қазакстан жеріндегі орта ғасырлардағы елдімекендер мен қоғамдық ғимараттарды билеушілер сарайы, саудагерлер мен қолөнершілер мекені, әскери бекіністер, керуен сарайлар, егінші шаруалардың мекені, ақсүйектердің мекені деп көптеген түрлерге бөледі.
ХХ ғасырдың 40 жылдарының аяғында осы арада зерттеу жұмысын жүргізген Ә. Х. Марғұлан үйінділердің өзен бойымен бір жарым шақырымға созылып жатқанын атап көрсеткен. Ол кезден бері жағдай өзгерді. Жыл сайын Жайық өзенінің оң жағасын шайып, қала бөліктерін жарқабақтармен бірге суға алып кетуде. Сөйтіп бір кездері Қазан, Қажы-Тарқан сияқты қалалармен тең тұрған аса үлкен қаланың қазір тек жұрнағы қалды.
ХVІ ғ. Сауранды Рузбихан әспеттей суреттеп, ол туралы: «Көркіне көз сүйсінетін қала, ашық және жазық далада салынған. Ол керемет жарқын, көңілді, адам парасатына қуаныш пен қуат беретін жұмсақ, сергек ауасы бар қала, бүкіл аумағында көз тартатын әртүрлі әсем ағаштар өсіп тұр. Қаланың өзі биік қамал дуалмен қоршалған, ал оның сыртынан ор қазылған», - деп жазады.
1999 ж. А. Н. Подушкин «Б. д. д. IV ғ. - б. д. VI ғ. Оңтүстік Қазақстандағы Арыс мәдениеті тақырыбында докторлық жұмысын қорғады [ 5] . Аталмыш жұмыс зерттеушінің ұзақ жылдары бойы жүргізген зерттеулерінің қорытындысы ескерткіштердің таралу аймағын қарастырып, археологиялық картография мен типологиялық жіктелу жасап, заттай деректерді зерттей отыра автор Арыс мәдениетін бөліп көрсетеді. Зерттеуші Арыс мәдениетінің (АМ) эталондық сипатына керамиканы, жерлеу ғұрыпы мен ескерткіштерді негіз етіп алу керек» деп есептейді.
Зерттелу жұмысының мақсаты:
ХХ ғасырда Қазақстанда археологиялық қазба жұмысының даму барысы жайында, оның нәтижесінде жарияланған тарих ғылымын дамытудағы археологиялық материалдарды, деректерді салыстырып, жаңа мәліметтермен жұмыс жасау.
Еңбектер нәтижесінде, қазақ тарихы мен мәдениетін дамытуға қосқан зор үлесін айқындау мен табылған тарихи-мәдени ескерткіштер түрлеріне тоқталу жұмыстың басты мақсаты болып табылады.
Жұмыстың мақсатына қарай төмендегі міндеттер алға қойылады:
- ХХ ғасырдағы археологияны дамытудағы ғалымдардың үлесін атап көрсету.
- Зерттеген ғалымдардың жұмыстарына талдау жасау.
- Археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде жарияланған бұқаралық ақпараттар құралдарының жаңа материалдарына тоқталу.
- Ежелгі қалалардың қалыптасуын ашып көрсету.
- Археологиялық ескерткіштердің барлау мен қазба әдістерінің зерттелу жолдарына тоқталу.
- Археологиялық зерттеулер нәтижелерін тарихымыздың терең қойнауын ақтарып, ежелгі дүниені танып, білу.
Жұмыстың зерттелу шеңбері. XX ғ басынан басталып 2005 жыл аралығын қамтиды.
Аталмыш мақсатқа сай қазақ археологтарының археология ғылымын дамытудағы еңбектерінің нәтижесінде атқарылған жұмыстарға тоқтала кетіп тың деректерді қамту.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімінен тұрады.
І. Археологиялық барлау және зерттелу жолдары.
1. 1. Археологиялық ескерткіштердің зерттелу жолдары.
Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетінің қаулысымен 1991 ж. 28 тамыз № 496 және ҚазССР Ғылыми Академиясының Президумының қаулысымен 1991 жыл 6 қыркүйек № 73 ҚазССР Ғылыми Академиясында, тарих-археология, этнография институтының археологиялық орталық базасының негізінде Архелогия институты ашылды. Оған қажырлы ғылым қайраткері-археолог, тарихшы, этнограф, шығыстанушы, әдебиетші, академик А. Х. Марғұлан аты берілді. Бұл жас институтты т. ғ. д. К. Байпақов басқарды. Институт құрылысына 6 бөлім берілді: алғашқы археология, ортағасырлық археология, жаңа құрылатын экспедиция, археология ескерткіштерін мәлімет, археологиялық технология және археология музейі.
Бұл инситутта соңғы 10 жылда 6 докторлық, 20-дан астам кандидаттың диссертациялары қорғалған. [6] .
Диссертациялық темаларды жолдауда Қазақстан археологиясын зерттеу бағытына үлкен көңіл бөлінуде. Типология және палиолиттік ескерткіштерді кезеңге бөлуде мәліметтер кеңейтілуде, Орталық, Оңтүстік Қазақстан мустьер комплекстері өңделуде.
Қазақстан территориясын жаппай зерттеуде және кең масштабты саладағы қазба жұмыстарын жүргізуде - ірі археологиялық экспедициялар ұйымдастырудың үлкен маңызы бар. Кейбір қиыншылықтарға қарамастан, Орталық Қазақстан архоелогиялық экспедициясы өз жұмыстарын жалғастыруда (1946 ж) - жетекшісі т. ғ. к. Ж. К. Кұрманкұлов, Батыс Қазақстан археологиялық экспедиция (1953 ж. ) - жетекшісі т. ғ. к. З. С. Смашев Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (1971 ж. бастап) жетекшісі т. ғ. д К. М. Байпақов, Жетісу комплексті археологиялық экспедициясы (1954 ж. бастап) - жетекшісі т. ғ. д. К. А. Ақышев Түркістан археологиялық экспедициясының жетекшісі - Е. А. Смагулов, Солтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы - жетекшісі т. ғ. к. М. К. Хабдуллин.
115 ескерткіштерге археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген палеолиттік дәуірге қатысты Кошкурган І, ІІ, ІІІ; Шоқтас, Қызыл- тау; Соркөл;
Табиғи - климаттық факторлар әсерінен, және техногендік және антропогендік әсерден археологиялық ескерткіштердің бұзылуы және жоғалып кетуі болады. Осыған байланысты сақтау және тарихи-мәдени мұраны рационалды қолдануға жалпы мемлекеттік үлкен мән беріліп отыр. Жалпы бақылау жүргізу Қазақстан территориясында археологиялық ескерткіштерді есепке алу үшін - 1960 жылы, «Қазақстанның Археологиялық картасы» жарық көрді. 1981 жылдан бастап Қазақстанда 10 томдық «Свода памятников истории и культуры» құрастыруға үлкен жұмыс жүргізілуде. Осы уақыт ішінде 1994 жылы «Свод памятников Южно-казахстанской области» құрастырылып шығарылды. Сондай-ақ «Свода памятников по Жамбылской области», құрастырылды. Бұл свод археология, тарих, мәдениетті зерттеудің теориялық және фундаменттік дамуы деректемесі ғана емес, республика территориясында ірі стационарлық жұмыстарды жоспарлауға, ғылымға өте қажетті объектілерді зерттеуге мүмкіндік береді. Ол сонымен қатар қорғау, қайта өңдеу жұмыстарымен бірге, ескерткіштерді, объектілерді халықаралық, республикалық, жергілікті мәнді сапаны қорытындылап пайдалануға көмектеседі. Ескерткіштерді тарихи-мәдени мұра ретінде пайдалану және қорғау бағытына арналған археологиялық ғылым саласының енгізген әдістері көпшілігінде, жаңа құрылыс экспедициясының бөлімінің ашылуына ықпалын тигізді. (СССР мемлекеттік комитетінің ғылыми және техника жөніндегі қаулысы № 216. 06. 07 1988; АН Каз ССР Президиум қабылдауы № 424 04. 08. 1988 жыл)
Бөлім қызметкерлері жаңа форма табу жолында археологиялық жұмысты кеңейтуде үлкен қызмет атқарды. Ескерткіштерді сақтау жөнінде көптеген инструкциялар талқыланды, қабылданды. Құлағалы тұрған зоналарда археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді.
Тарихи-мәдени мұраларды пайдалану және қорғау заңын бұзушы фактілер бойынша мамандар тез арада жіберіліп отырды. Алдын-ала келісілген жерлерге мамандар жіберілді. Сонымен қатар, археологиялық ескерткіштердің техникалық жағдайын анықтау үшін, инспекторлар табиғи жағдайда немесе адамдардың бұзуының нәтижесінде құлаған жерлерге жіберіліп отырды.
Мемлекеттік ескерткіштерді қорғау органдарына мемлекеттік тізімнен шығарылуы туралы қираған ескерткіштер туралы хабарлар беріледі. Сондықтан, көптеген жағдайда қорғау зонасын тексеру, тарихи-мәдени мұра екенін тану туралы немесе осындай статустан айыруы туралы ұсыныстар қарастырылады.
Тарихи мұра ескерткіш Ордабасы туралы көпжылдық жұмыстар жүргізілді, оның жалпы көлемі анықталды және қорғау зонасы қалыптастырылды, оның тарихи-мәдени ландшафты зонасына қорғауға алынды. Бұрынды қорымына жағалаудан және желменен эрозия болмасын деп, алдыменен инженерлік жоспар қаралды. Ыссық қорған, Ұлытау тарихи-мәдени қорығына мұражайландыру жоспары енгізілді. Әрине, ескерткіштер адамдар қауымына енуіне мүмкін жағдайда болу керек. Бұл тарихи-мәдени және тарихи- ландшафт мұражай қорықтары туризм дамуы үшін емес, халықтың, ұлттың дәстүрінің дамуының негізі үшін. Бұл территорияларда ұлттық дәстүрі салтанатты, әр түрлі спорттық бағдарламасы, ежелгі қазақ дәстүрлерімен байланысты: көкпар шабу, ұлттық күрес, аңшылық т. б. Өкінішке орай жаңа экспедиция бөлімінің жабылуына байланысты (1994 жыл) қорғау ескерткішінің жұмысы, археологиялық ескерткіштерді пайдалану және оларды тізімге алу тоқтатылды.
Қазіргі зерттеу жұмыстары жөнінде барлық бағыт бойынша көп жылдарғы еңбек көмектесе алады.
Қазақстан археологиясының басында қажырлы тарихшылар мен шығыстанушылар тұрады: В. В. Бартольд, В. В. Радлов, П. И. Лерх, Ш. Уалиханов.
Одақ кезінде олардың жұмысын жалғастырушылар С. П. Толстов, А. Н. Бернштам, М. Л. Грязнов, О. А. Крывцова-Кракова, Л. Р. Кызласов, Л. П. Левина 1946 жылы Қазақстанда ғылым академиясы ашылып оның археология бөлімін керемет ұлы ғалым Ә. Х. Марғұлан басқарды. Әлкей Марғұлан Қазақстан археологиясының атасы және қазақ археологиялық мектебінің негізін қалаушы. Ол 1938 жылдан бастап Қазақ ССР ғылым академиясына қатысты тарих, археология және этнография институтында қызмет жасап, көптеген археологиялық және этнографиялық экспидицияларды басқарды. Ол өз зерттеулерінде көп жаңалықтар ашып көптеген кітаптар жазды. Ә. Х. Марғұланның археология саласындағы еңбектерінің ең бастысы «Орталық Қазақстандағы Беғазы -Дәндібай мәдениеті» атты монографиясы [ 7] . Мұнда Ә. Хақанұлы 1947 жылдан бастап барлық экспедициядан жинақталған ауқымды археологиялық материалдарды талдаған. Әлкей Хақанұлы 1957-1972 жылдары Шоқанның 5 томдық ең үлкен жинағын өз басшылығымен шығарды. Ол Шоқан мұрасын терең зерттеп көлемі 100 баспа табақтан асатын еңбектер жазды. Ә. Х. Марғұланның басшылығымен ғылыми тұрғыдағы көп орта ғасырлық ертедегі көшпенділер, сондай-ақ қыпшақ даласындағы маңызды қазба жұмыстары зерттелді [8] .
Орталық Қазақстан экспедициясын Ә. Х. Марғұлан ұйымдастырылуымен орта ғасырлық қалалар мен далалы аймақтарды көзбен көріп, оны зерттеп білу қызықтырды, яғни Шу, Сарысу, Солтүстік және Оңтүстік Қаратау жоталары. Ә. Х. Марғұланды үнемі қызықтырған қалалар: Отырар, Тараз, Сауран, Құлан, Мерке, Сайрам, Сарайшық. Ол осы қалалар бойынша жаңа материалдар мен қолжазбаларды қосып, өз тұжырымында Қазақстанның және қала мәдениеті жайлы картаға енгізіп оның өркениетін ұсынды.
Археология тарихына аты алтын әріптермен жазылған ірі шығыстанушы археолог, ғұлама ғалым есімі Қазақстан Республикасының археологиялық зерттеу институтына берілді.
Бірінші археологиялық қазба жұмыстарын Орталық Қазақстанда Марғұлан басқарды. Бұл жұмыс осы күнге дейін жалғасуда, 1955-1989 жылдар аралығында бөлімді К. А. Ақишев басқарды. Ең негізгі бір айтатын мәселе осы кезеңде қазақтың өзінің маман археологтарының мектебі қалыптасты. Бұл мәселе саласында мыңдаған ескерткіштер зерттеліп ғылымға айналды, олар Қазақстанда қоғам дамуының негізгі этаптарын анықтауға мүмкіндік береді.
1998 жылы Ұлттың бірлігі, Ұлттың тарихы жылы болып жарияланды. (ҚР президентінің бұйрығы № 3790 10. 12. 1997 ж. ) 1998 жылы Президент бұйрығы бойынша Қ. Р. № 3854 Мемлекеттік бағдарлама бекітілді. «Ұлы Жібек жолының тарихи орталықтарды жандандыру, түркі тілдес мемлекеттер мәдени мұраларының дамуына, туризмнің қалыптасуына, оған қосымша түзетулер, 30 тарихи мұра ескеркіштерді қалпына келтіру», Алматы территориясында - 9, Жамбылда- 8, Оңтүстік Қазақстанда - 9, Қызылорда- 2, Қарағанды - 2, бұлар Ұлы Жібек жолының Қазақстанның негізгі трассасына участіктер, солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс бөліктері.
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «В потоке истории» кітабында, былай деп келтірілген: «Қазақ мәдениеті - мазмұны жағынан керемет және көне деректің бірі болып саналады . . . тек, қазір ғана қазақтың өзіндік танымы алғаш рет өзінің ұлттық танымын «Мен»-өткеннің, қазірдің, болашақтың - тарихи ағымын» түсінігін білуге мүмкіндік туып отыр деп жазады. Бірақ бұл танымға мүмкіндік ғана, ол шындыққа айналу керек, бұл таным көрсеткіші қазақтарға ғана емес, бүкіл Қазақстандықтарға қатысты [ 9] .
1. 2. Археологиялық барлау мен қазба әдістері.
Археологиялық барлау мен қазбаларды ойдағыдай жүргізу үшін археологиялық ескерткіштердің сан алуан түрлері туралы түсінік болуы, кейбір археологиялық ұғымдар мен терминдерді нақты игеру қажет. Мәселен, археологияда адам қызметінің қалдықтары бар қабатты мәдени қабат деп атайды. Мәдени қабаттың қалыңдығы (немесе қуаттылығы) әр түрлі. Әр түрлі дәуірдің қалдықтары кездесетін көп қабатты ескерткіштерде болады. Кейде бұлардың арасында адам қызметінің ешқандай іздері жоқ топырақ та болады. Бұл стерильді қат-қабат деп аталады да, осы мекен-жайдың тарихындағы үзіліс жайында паш етеді. Бір учаскедегі мәдени қабаттар мен стерильді қат-қабаттардың бірте-біртелігі ескерткіш стратиграфиясы делінеді. Ежелгі мәдени қабаттың өзінен төмен жатқан және адам қызметінің іздері кездеспейтін жер қабаттары археологияда материк деп аталады. Мәдени қабат бүркеп қатқан ежелгі қара топырақты қабат жерленген топырақ делінеді.
Археологиялық ескерткіштердің сан алуан түрлерінің ішінен ең жиі ұшырайтыны және ерекше бір түрлері ретінде мекен-жай, жерлеу, әулиелік орындарды бөліп қарауға болады.
Мекен-жай орындарына: ашық типті тұрақ, жартас аспалар мен үңгірлер, селение, ескі қаланың орны, тұрақ-жай мен көшіп қонған жерлер жатады. Ашық типті тұрақ адамдардың шағын тобының, көбінесе аңшылардың уақытша тұрақтаған орын іздері болады және әдетте суға жақын, өзен жағаларында, ежелгі жал алқабында орналасады, көптеген жағдайдаларда бұлар тас ғасырының түрлі дәуірлеріне жатады. Мұндай тұрақтардың мәдени қабаты шағын алаңды алады, көбіне нашар сақталған, жуылып шайылған және ығысып кеткен немесе өте жұқа әрі әр келкі орналасқан болады. От жаққан жерлерде қабат мейлінше қалың, маңызды болып келеді.
Археологиялық ескерткіштердің келесі түрі - жерлеу орындарына - мола салу тәсілдеріне қарай бірнеше топқа - қорған, опырық молалар, дольмендер, мазарлар деп бөлуге болады.
Археология үшін жерлеу орындарын зерттеудің маңызы ерекше зор. Біріншіден, бұл біздің арғы бабаларымыздың рухани тіршілігін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін аздаған ескерткіштердің бірі. Екіншіден, жерлеу түрі аса маңызды этикалық белгілердің бірінен саналады да, зертеушінің археологиялық мәдениетті «жазып шығуына» көмектеседі. Үшіншіден, жерлеуде құнды антропологиялық материал, сондай-ақ жерленгеннің экономикалық, әрі әлеуметтік жағдайын пайымдауға мүмкіндік беретін жақсы сақталған жерлеу құрал-саймандары болады.
Қорғанды молалар төбешіктерде топ-тобымен және жалғыз жарым болып түрлі көлемдегі топырақ немесе тас үйінділерден тұрады. Ірі және орташа қорғандарды жергілікті жерге қарап оңай табуға болады, жеке үйінділерден биіктігі 15-20 метрге дейін жетеді. Бір қорғанның өзінде немесе бір үйіндінің астында бір мола, кейде бірнеше рет үстіне үйінділер қосылып, күрделі стратиграфиясы болады. Тұңғыш рет олар мыс ғасыры дәуірінде пайда болады да, жеке территорияларда кейінгі орта ғасырларға дейін болып келді.
Опырық молалар биіктеу жерлерде орналасқан. Ежелгі заманда бұлар сірә, топырақтан, тастан, ағаштан тұрғызылған жер үсті құрылыстары, сырт белгілері болса керек. Қазір бұл белгілер жоқ, әрі моланы табу да қиынға түседі. Опырық молаларда әдетте бірнеше ондаған, бірнеше жүздеген, тіпті мыңдаған жерлеулер болады, бірақ бұның қорғандардан айырмашылығы оларға қойылған дата біршама қысқа мерзімді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz