Алматы облысы Көксу ауданының табиғи жағдайында қант қызылшасының аурулары


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ауыл Шаруашылығы Министрлігі

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Кафедра: Өсімдік қорғау және карантин

Семестрлік жұмыс

Тақырыбы: Алматы облысы Көксу ауданының табиғи жағдайында қант қызылшасының аурулары

Қабылдаған: Жунусова А

Орындаған : Толышбай Е ЗР - 313

Алматы 2016ж

Жоспар

Кіріспе

  1. Қант қызылшасы және оны өсіру технологиясы
  2. Алматы облысы Көксу ауданының табиғи климат жағдайы
  3. Қызылша аурулары және олармен күрес шаралары
  4. Қорытынды
  5. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қант қызылшасы (Beta vulgaris) -қызылша туысына жататын екі жылдық бағалы техникалық дақыл. Бірінші жылы оның қоректік заттары бар тамыры мен жапырақ шоғы өседі. Осы жылғы өсу кезеңінің ұзақтығы 150-170 күн. Екінші жылы топыраққа отырғызған қант қызылшасының жемісінен гүл шашатын сабақ және тұқым пайда болады. Екіншіжылғы өсу кезеңінің ұзақтығы 100-125 күн. Қант қызылшасы - құнарлы мал азықтық дақыл. Оның пәлегін (жапырағы мен сабағын) затта өңдегеннен кейінгі қалған қалдықтардан сірне, сығынды мал азығы даярланады. Қант қызылшасының түсімінің 40%-ы пәлегінің үлесіне тиеді. Қант қызылшасының сығындысында 15% құрғақ заттар, 3% клетчатка, 0, 7% күл, 0, 1% май және 1, 2% протеин болады. Осы сығындының 100 килограмында 80 мал азықтық өлшем және 3, кг қорытылғыш протеин бар. Қант қызылшасы тамақ өнеркәсібінде қант алу үшін пайдаланылады, өйткені оның тамыр жемісінде 17-19%-дай қант болады. Қант қызылшасының тұқымы қант заттарында дайындалады. Мұнда тазаланған тұқым 2 фракцияға (3, 5-4, 5 мм және 4, 5-5, 5мм) бөлінеді. Негізінен тұқым себуді топырақтың 10 см тереңдіктегі температурасы 5, 6 0 С жылынғанда бастайды. Бұл кезең көбінесе наурыздың 3-онкүндігі мен сәуірдің 1-жартысына сәйкес келеді. Органикалық заттарға бай, құнарлы қара топырақта жақсы өседі. Оған топырақтың қышқылдау немесе бейтарап болғаны дұрыс (рН 6, 5-7, 5) . Қазақстанның суғармалы жерлерінде негізінен қатар аралығы 60 см кең қатарлы себу әдісі қолданылады. Қазақстанда қант қызылшасы Жамбыл, Алматы облыстарының суғармалы жерлерінде өсіріледі. 1991 жылдан Қазақстанда қант қызылшасының бір тұқымды жаңа сорттары аудандастырылып, себіледі. Қант қызылшасын бір танапта ұзақ жылдар бойы ауыстырмай сепкенде, оның зиянкес жұмыр құрты мен тамыр биті көбейді.

1. Қант қызылшасы және оны өсіру технологиясы

Қант қызылшасының өнеркәсіптік өңдеудегі қосымша өнімдер-жапырақтар, сығынды және сірнелердің құндылығы жоғары. Қант қызылшасының жапырақтары, тамыр салмағының үштен бірінен жартысына дейінгі бөлігін құрайды және малазықтық құндылығы бойынша екпе шөптер көк балаусасынан кем түспейді: 5 кг ақуызбен жақсы жақсы қамтамасыз етілген (110 г) жапыоақтары бір малазықтық өлшемге тең. Қант қызылшасының 1 гектардағы 250-300 ц/га жемісі тамыр өнімінде, оның тек жапырақтары шамамен 2000 мал азықтық өлшем береді.

Қант қызылшасын зауытта өңдеуден алынатын сығынды мен сірненің мал азықтық маңызы зор. Қантсызданған қызылша жаңқасы болатын сығындыда 15% құрғақ заттар, оның ішінде 1, 3% шикі протеин және 10% жуық көмірсулар болады; 1ц. Шикі сығындының мал азықтық құндылығы 8 азықтық өлшемге тең; сығынды шығымы тамыр массасының 80% құрайды.

Қант қызылшасы 1 гектардан 250-300 ц тамыр мен 100-150 ц жапырақ өнімін бергенде алынатын барлық қосымша өнімдердің (жапырақтар, сығынды, сірнелер) мал азықтық құндылығы 5000-ға жуық мал азықтық өлшемді құрайды. Дефекациялық лас қалдықтар (қызылша қантын өндірудегі қалдықтар) тыңайтқыш ретінде пайдаланылады.

Біздің елімізде қант қызылшасы техникалық дақыл ғана емес, маңызды мал азықтық дақыл. Қант қызылшасының агротехникалық маңызы да зор. Ауыспалы егістерге оны енгізуден егіншілік мәдениеті артады. Қант қызылшасының топырағын терең өңдеу мен өсіп, жетілу кезеңіндегі жүргізілетін күтіп, баптау шараларының арқасында, танап келесі егілетін дақылдар үшін арамшөптерден тазартылады және онда ылғал жиналады. Демек, қант қызылшасы көптеген ауылшаруашылық дақылдарына құнды алғы дақыл және ауыспалы егістердің жалпы өнімділігін көтереді.

Қант қызылшасын жер шарында 9, 5 млн гектарға өсіреді, оның жартысына жуығы ТМД мемлекеттерінің үлесіне тиеді.

1991 жылға дейін Қазақстандағы қант қызылшасының егіс ауданы 57 мың гектар құраса, соңғы жылдары дақыл 20 мыңдай гектар жерге ғана егіліп жүр. Республикада 7 қант зауыты бар, қант қызылшасы шикізатының аздығынан олар балқурайдан қант өндіруге қайта жабдықталған. Қант қызылшасы тамыр жемісінің орташа өнімділігі 210-230 ц/га құрайды.

Қант қызылшасының ұзын жіңішке тамыршалары бар олар жан-жағына 40-50 см тарайды, ал негізгі кіндік тамыры 2-2, 5м топырақ тереңдігіне дейін енуге қабілетті. Оның орталық тамыры өсіп, толысып тамыржеміске айналады. Жетілген өсімдігінің тамыр жеміс массасы 500-800г және одан да жоғары болады. Пісіп жетілген тамыржемісте шамамен - 75% су, 25% құрғақ заттар болады.

Қант қызылшасы басқадай мәдени тамыржемістілер сияқты екі жылдық өсімдік.

2. Алматы облысы Көксу ауданының табиғи климат жағдайы

Қазақстан Респуликасының қазіргі оңтүстік шығысындағы облыс. Алматы облысы 1932 жылдың 20 ақпанында құрылды. Алматы облысының табиғи жағдайы шөл даладан мәңгі қар жататын аумаққа дейінгі 5 климаттық аймақтан тұрады. Климаты тым континенталды, жазық далада қаңтардағы орташа температура -15 С, таулы аймақта - 6-8 С; маусымда сәйкесінше - +16 С және +24 +25 С. Жазық далада жыл бойы түсетін жауын-шашын көлемі - 300 мм дейін, аулы аймақтар мен тауда - 500-700-ден 1000 мм дейін. Облыс едәуір күрделі географиялық сипаттама мен әртүрлі рельефке ие. Оңтүстігі мен шығысында екі жеке дара массивпен Іле және Жоңғар Алатауы жоталары (Тянь-Шаньнің туа жүйесі) созылып жатыр. Тау баурайындағы аудандарда дала шөбі өссе, тауға қарай көтерілген сайын жапырақты орман қылқанжапырақты орманға ауысып, одан альпі көкмайсасына ауысады. Облыс аумағында Алматы қорығы мен республикадағы төрт табиғи парктің екеуі: Іле-Алатау және «Алтын Емел» орналасқан.

Көксу ауданының табиғи климаттық жағдайы. Климаты континенттік, қысы біршама жылы, жазы ыстық, қуаң. Қаңтардағы жылдық орташа температура −8 - 10 ӘС, шілдеде 20 - 24 ӘС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150 мм-ден (жазық өңірде) 500 - 700 мм-ге (таулы өңірде) дейін барады. Аудан жерінен Іле және оның салалары, Тышқан, Өсек (Үсек), Бұрған, Көктал, Борохудзир (Бұрақожыр) өзендері ағып өтеді. Бірнеше шағын көлдер (Жидекөл, Дүншінкөл, Алтынкөл, Құркөл, т. б. ) бар. Топырағы сұр, сұрғылт қоңыр, бозғылт қоңыр, шығысында құмдақты сұр (жазық өңірлерде), тау баурайларында қоңыр, қызғылт қоңыр топырақ қалыптасқан.

3. Қызылша аурулары және олармен күрес шаралары

Қызылша ауруларының қоздырғыштары өсімдіктің бар мүшелерін: жапырақтарды, сабақтарды, тұқымды және тамыр жемістерді зақымдайды. Өсімдіктің өсуі нашарлап, өнім мөлшері мен сапасы төмендейді. Қоздырғыштардың көбі өсімдік қалдықтарында сақталады. Залалданған тамыр жеміс қоймаға түскенде, аурудың қоздырғыштары қыс айларында да дами береді. Қыста сақтау кезінде өнім шығынын болдырмау үшін, қоймаларды мұқият дайындау қажет. Қоймаға сау жемістерді ғана салады, ал сақтау кезеңінде олардың жай-күйін қадағалап отырады.

Урожай свеклы со своей грядки

Қызылша тамырының қатерлі ісігі . Қоздырғышы - бактериясы. Қызылша тамырының қатерлі ісігін тудыратын бактериялар қызылшадан басқа, өсімдіктердің 60-қа жуық түрлерін зақымдайды. Көбінесе қант қызылшасында кездеседі, бірақ соңғы уақытта суармалы жерлерде өсірілетін ас қызылшасына да тарай бастаған. Залалданған тамырда ісік пайда болады. Ол өсе келе тамыржемістің өзінен де үлкен болып кетеді. Оның үстіңгі беті тегіс немесе кедір - бұдыр болады. Осы өсіндінің тамырмен байланысқан жері жіңішке және жеңіл сынады. Қатерлі ісік көбіне тамыржемістің мойынында айда болады, ал тамырдың төменгі жағында сирек кездеседі. Өсіп даму кезеңінде ісіктің ұлпалары шірімейді және олардың ішінде қуыстар болмайды. Зақымданған өсімдіктер нашар дамып, аз өнім береді.

Сақтау кезінде ісігі бар жемістер шіріп кетеді. Ісіктер бактериялардың

әсерінен жасушалардың көп бөлінуінен пайда болады. Ісік өсінділерді тексергенде Pseudomonas tumefaciens табылмайды. Бактериялар топырақта сақталып, жиналады және өсімдікке тамырдағы жаралар арқылы енеді. Олардың дамуына қолайлы жағдайлар - топырақ РН реакциясының

7-ге тең болуы және жоғары (25-30°С) температура.

Күресу шаралары: ауыспалы егісті пайдалану; аурудан сау аналық өсімдіктерді отырғызу.

Қызылша церкоспорозы - Cercospora beticola Sacc. (Deuteromycetes класы, Hyphomycetales қатары) (сурет 1) . Негізінен шеткі жапырақтарда, дақтар түрінде байқалады. Дақтардың пішіні сопақша, ұзындығы 2-4мм, түсі сарғылт қоңыр, шеттері қызыл-күлгін түспен жиектелген. Ең алғашқы жапырақтардағы дақтар ірі болады (диаметрі 0, 5-1см) . Ылғалды ауа-райы жағдайында дақтарда саңырауқұлақ споро түзгіштерінің сарғылт өңезі байқалады. Конидиилер жел мен су арқылы тарап, ауру келесі жапырақтарға жұғады. Ауру қатты дамығанда дақтар тұтасып кетеді де, жапырақ түгелдей қурап қалады. Бірінші кезекте ең ірі шеткі жапырақтар, ал одан кейін келесі қатардағы зақымданған жапырақтар өледі. Ең жас жапырақтар ауруға төзімді, сондықтан жасыл болып қала береді. Зақымданған өсімдік қалдықтарында жуан жіпшелердің жиынтығы қыстайды. Көктемде ескі церкоспороздық дақтарда саңырауқұлақтың конидиялық спора түзгіштері дамиды. Кейбір жағдайларда аурудың қоздырғыштары тұқымда сақталып таралуы мүмкін. Аурудың әсерінен ассимиляция төмендейді, қанттану азаяды, жапырақтар жаппай қурап, тамырдың өсуі тоқтайды. Күресу шаралары: егін орағынан кейін танаптан өсімдік қалдықтарын жинап алу керек, терең жыртуды уақытылы жүргізіп, арам шөптерді жою, қызылшаны минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру, топырақта ылғал жинау және оны сақтау бойынша шаралар (қар тоқтату, қопсыту, арам шөптерді жою) жүргізу қажет. Тұқымды «Тізім . . . » бойынша дәрілеп, ал өсу кезеңінде қажет болған жағдайда фунгицидтерді пайдалану.

Церкоспороз свекольных листьев

Сурет - 1. Қызылша церкоспорозы

Қызылшаның тамыр жегісі . Қоздырғыштардың қолайсыз жағдайлардың әсерінен және тұқым сапасы төмен болған жағдайда пайда болатын ауру. Қоздырғыштары 2 - 3 жұп жапырақтары қалыптасқанға дейін әлсіз өскіндердің тамырын, тұқым жарнағының сағағын және тұқым жарнағы асты буынын қарайтып шірітеді.

Негізгіқоздырғыштары: Aphanomyces cochlioidesDrechsl . ( Oomycetes класы , Saprolegniales қатары ), Pythium debaryanum Hesse (Oomycetes класы , Peronosporales қатары) , Phoma betae Fr. (Deuteromycetes класы , Sphaeropsidales қатары ), Rhizoctonia solaniKuhn. (Deuteromycetes класы , Mycelia sterilia қатары ), Fusarium (Deuteromycetes класы , Hyphomycetales қатары) . Аурудың алғашқы белгілері тұқымжарнағы асты буынында немесе тамырында шыны тәріздес дақ, қарасызықтар немесе жолақтар түрінде байқалады. Кейін олар жіңішкереді, қарайып шіріп кетеді. Ауруға шалдыққан өскіндер өліп қалады, немесе нашар дамып өнімді аз береді (40%-ке дейін) . Аурудың қоздырғыштары топырақта, қызылша қалдықтарында және тұқымда сақталады. Қызылшаның тамыр жегісіне төзімді сорттары жоқ. Қызылша өскіндері алғашқыда жақсы өсіп дамыса тамыр жегісі ауруына ұшырамайды. Күресу шаралары: ауыспалы егісті, жақсы алдыңғы дақылды пайдалану; тұқымды іріктеп егу; өнген кезінде топырақты қопсытып тұру; құрғақшылық жылдары тұқымды еккеннен кейін топырақты тығыздау және тұқымды «Тізім . . . » бойынша дәрілеу қажет. . Ақ ұнтақ- Erysiphe communis f betae ( Ascomycetes класы, Erysiphales қатары) . Аурудың алғашқы белгілері жаздың ортасына қарай, құрғақшылық және ыстық кезде байқалады. Жапырақтардың бетінде алғашқыда азғантай, кейіннен тұтасып жапырақты толық басып кететін ақ ұнтақ пайда болады. Жапырақ қурайды. Жаз бойы саңырауқұлақ конидийлері мен тарайды. Аурудың қоздырғыштары өсімдік қалдықтары мен тұқымда клейстотецийлер түрінде сақталады.

Күресу шаралары сімдік қалдықтарын жою; ауыспалы егісті пайдалану; минералдық тыңайтқыштарды енгізу және уақытымен суару. Қажет болған жағдайда «Тізім . . . » бойынша фугицидтермен өңдеу.

Қызылшаның пероноспорозы - Peronospora schachtii Fuck. ( Oomycetes класы, Peronosporales қатары) . Пероноспороз бірінші жылғы және тұқымдық қызылшаны залалдайды. Ауру негізінен өсімдіктердің жас мүшелерінде байқалады. Орталық жапырақтар ақшылданып, шеттері қайрылады, жуандайды және сынғыш келеді. Жапырақтардың астыңғы бетінде ылғалдылық жағдайында конидий түзгіштерден және конидийлерден тұратын сарғылт-күлгін түсті өңез түзіледі. Саңырауқұлақ танаптағы өсімдік қалдықтарында ооспоралар, сондай-ақ тамыржемістің жоғарғы бөлігінде немесе тұқымда мицелий түрінде сақталады, кейін одан ооспоралар дамиды.

Залалданған тамыржемістерді көшіріп отырғызғанда, өсіп келе жатқан жапырақтарында жалған ақұнтақтың белгілері байқала бастайды. Мұндай тамыржемістер аурудың бастапқы көзі болып табылады. Өсіп даму кезеңінде саңырауқұлақ конидийлер арқылы тарайды. Аурудың тұқымда және өсімдік қалдықтарында сақталатын ооспоралардан тарауы да мүмкін. Күресу шаралары: ауыспалы егісті пайдалану; бірінші жылғы мен тұқымдық қызылша танаптарын бір - бірінен алыс орналастыру (1км) ; өсімдік қалдықтарын жою; топырақты терең жырту; тұқымды дәрілеу және тазалау; зақымданбайтын сорттарды таңдау; ауру қатты дамығанда тұқымдық алқаптарды «Тізім . . . » бойынша фунгицидтермен өңдеу қажет.

Қызылша фомозы - Phoma betae Fr . ( Deuteromycetes класы, Sphaeropsidales қатары ) (2- сурет) . Фомозбен қызылшаның барлық түрі және саумалдық ауырады. Жапырақта түсі сары-қоңыр, дөңгелек пішінді, ірі (диаметрі 0, 2-1 см), шоғырланып орналасқан дақтар пайда болады. Дақтардан қара нүктеге ұқсаған саңырауқұлақ пикнидтерін көруге болады. Сабақтың зақымданған жері ағарып, оларда да пикнидтер дамиды. Жаңбыр кезінде немесе шық болғанда пикнидтерден көп споралар бөлінеді. Phoma betae қызылша тамыржегісінің де қоздырғышы болып табылады және тамыржемістерді қыста сақтағанда, әсіресе түйінділерде сақтағанда қара құрғақ шіріктің тууына әкеп соқтырады. Залалданған тұқымдық қызылшаларды отырғызғанда олар өспей қалады немесе солғын, зақымданған дәндер береді. Мұндай тұқымдарды сепкенде ауру өскіндер шығады. Аурудың қоздырғышы топырақта, өсімдік қалдықтарында, тамыржемісте және тұқымда сақталады. Күресу шаралары: тыңайтқыштар енгізу; механикалық зақымдануды болдырмау; қоймаға салар алдында ауру жемістерден тазарту; «Тізім . . . » бойынша дәрілермен тұқымды дәрілеп және тұқымдықтарды фунгицидпен өңдеу қажет.

Фомоз листьев свеклы

Сурет - 2. Қызылша фомозы

Қызылша таты - Uromyces betae (Pers) Lev . ( Basidiomycetes класы, Uredinales қатары) . Қызылшаның барлық түрлерін зақымдайды. Ауру қоздырғышы бір қожалық тат саңырауқұлағы. Өсімдіктер бірінші және екінші жылдары зақымданады. Жаздың басында өскіндердің тұқымжарнағы жапырақтарында және тұқымдықтардың жас жапырақтарында ұсақ, сары ұнтақ түріндегі саңырауқұлақтың эцидиалды сатысы дамиды. Эциоспоралар желмен тарап қызылшаның сау жапырақтарын зақымдайды. Жазда жапырақтардың екі бірдей жағында, жапырақ сағағында диаметрі 1мм дейін жеке немесе біріккен ашық-қоңыр түсті урединилер пайда болады. Пісіп жетілген урединиоспоралар жаз бойы тарап қызылшаны зақымдайды. Күзде ескі жапырақтарда көбінесе урединиилердің айналасында қара-қоңыр түсті телиопустулалар шығады. Ауру топырақтағы өсімдік қалдықтарында сақталатын телиоспоралардан тарайды, сонымен қатар аналық қызылшамен тұқым да ауру көзі болып табылады. Көктемде телиоспоралар өсіп қызылшаны зақымдайды. Таттың дамуына жылы, ылғалды ауа-райы қолайлы.

Кҥресу шаралары: өсімдік қалдықтарын жою; «Тізім . . . » бойынша дәрілердің бірімен тұқымды, аналықтарды дәрілеп, қажет болған

Жағдайда тұқымдық егістіктерді фунгицидтермен өңдеу.

Шоқа шірігі. Сақтау кезінде саңырауқұлақ және бактериялар тудыратын ауру. Қоздырғышына байланысты өсімдіктерінің бетінде түрлі-түсті (ақ, сары, қызғылт және басқа да түрлі) зең дамиды.

Ауру қызылшаны дұрыс өсірмеуден, тасымалдамаудан және сақтамаудан пайда болады. Көп жағдайда зақымданған тамыр жемістер сұр, қоңыр немесе қара түске боялады. Егер ауру саңырауқұлақтан дамыса онда шірік құрғақ болады, ал бактериялардан болса онда тамыржемістер кілегейленіп жұмсарып кетеді. Ауру тамыржемістің механикалық зақымдануынан басталады және олардың қанттылығы азаяды. Күресу шаралары: тыңайтқыштар салу; зиянкестермен және аурулармен күресу; механикалық зақымдануды болдырмау, қоймаға салардың алдында ауру тамыр жемістерден тазарту қажет.

Ризомания. Қант қызылшасының әлемнің барлық елдерінде таралған

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қант қызылшасын тұқымын дайындау
Қант қызылшасы дақылының өсіру технологиясы
Қант қызылшасы тұқымы
Қант қызылшасын өсіру технологиясы
Алматы облысы Сарқан ауданының табиғи-климаттық жағдайы
Ауыл шаруашылық өнімін өндіруге арналған ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер
Қант қызылшасы жылу сүйгіш өсімдік
Алматы облысы Көксу ауданы «Үйгентас» ЖШС топырақтары және оларды ауылшаруашылығында пайдалану
Қант өнеркәсібі
Қант қызылшасы өндірісін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz