Қазақ халық ертегілері



Жоспар

І. Кіріспе бөлім
Қазақ халық ертегілері
ІІ. Негізгі бөлім

А))Ертегілер
Ә) Халық ертегілернің бала дүниетанымын
қалыптастырудың маңызы
Б)) халық ертегілері
В) ) Ертегі туралы түсінік
С) Ертегілер түрлері
Д) Мысал
Е) Мысалдарды оқыту
Практикамен байланыстыру
Озық тәжірибелі мұғалімдердің сабақ жоспарлары

ІІІ. Қорытынды бөлім
1. Әдістемелік нұсқау
2. Пайдаланылған әдебиеттер.
Қазақхалық ертегілері

Ерте, ерте, ертеде... жазу-сызу, кітап оқу болмаған заманда біздің ата-бабаларымыз, әйгілі жыршыларымыз өздерінің ойдан шығарған қиял әңгімелерін, тарихи оқиғаларды ұрпақтан-ұрпаққа ауызша мұра етіп қалдырған. Оларға қазақтың халық ертегілері жатады.
Ертегілер - халықтың ауыз әдебиетінен мол орын алады. Шынайы және ойдан шығарылған ауызша тараған оқиғаларды ертегі дейміз.
Ертегілер көбінесе ауызша айтылатын болғандықтан, оны ерте замандағы көркем әңгіме деуге де болады.
Жыршылардың қызықты, үлгі-өнегеге толы ертегілерін естуге еңкейген кәріден, еңбектеген балаға дейін жиналып, тыңдаған,естерінде сақтаған.
Ертегілерден біздің бабаларымыздың тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін көреміз. Ертегілерде жауыздық пен әділдік, қастық пен достық, жамандық пен жақсылық күресіп, ақыры, соңғылары жеңіп шығады. Халық қиялының нәтижесінде ғылым мен техника қарыштап өсіп, аспанға ұшатын, айға қонатын корабльдер, теңіз астында бірнеше ай жүзетін сүңгуір қайықтар, жер шарының әр түпкірінен хабар алатын телетайп, телеграф, телевизорлар, жер астындағы метролар, т.б. ойлап табылды. Бұл - халықтың ой-қиялының іске асуы, адамның ақыл-ойының керемет күші.
Ертегілердің негізгі кейіпкерлері хан, оның уәзірі, шал, кемпір, мерген, тазша, қойшы, өнерпаз жігіттер, дәулер, мыстан-жалмауыз кемпірлер, айдаһар, самұрық құс, т.б. Жағымды кейіпкерлер өз жолында қорқынышты құбыжықтарға, алдырмас кедергілерге тап болады. Ер Төстік, Нан-батыр, Әбдірахман патшалар тіптен жер асты әлеміне де түсіп кетеді... Еркемайлар сиқырлы күштердің көмегімен өліп, қайтадан тіріледі. Ал Күнікей қыз оттан күймей аман шығады...
Қазақ ертегілері адамды сиқырлы күштерімен таңқалдырады: Самұрық құстың алыптылығы, адамша сөйлейтін Шалқұйрық, жәндіктер де бар... Бұл ғажайып кейіпкерлер ертегіден ертегіге «көшіп» жүреді. Ертегі мен кейіпкерлердің аттары әртүрлі, сюжеттері ұқсас бола береді. Құрметті балалар! Сіздер қазір біздің ертегі Бәйтерегіміздің негізі Самұрық құс пен оның балапандары жайлы аңызға сапар шегесіздер. Елбасымыз да балалық шағында сіздер сияқты «Ер Төстік» ертегісін қызыға оқып, есіне сақтаған. «Ер Төстік» ертегісінің әсерімен ғажайып «Бәйтерек-Астана» кешенін салдырды. Қымбатты жас дос! Батыл да тапқыр, батыр Ер Төстік және Хасанмен бірге жасаған виртуалды ертегілер әлеміндегі саяхаттарыңызға сәт-сапар тілейміз!
1. «Мұғалімнің оқу - әдістемелік жұмысқа дайындық деңгейін анықтайтын
педагогикалық диагностика» /Құрастырғандар: Л.В. Игнатенко, А.Т.Биболова, Г.Е.Мусабекова. Шымкент 2006 ж.
2. С.Қирабаев, Қ.Мырзалиев. Қазақ әдебиеті. Алматы: Мектеп. 2001 ж.
3. С.Мақпырұлы, Т.Сыдықов. Қазақ әдебиеті. І бөлім.
«Фолиант» баспасы. Астана. 2007 ж.
4.А.Байтұрсынов «Ақ жол». Алматы. «Жалын» 1991 жыл.
04/03/2011
3. Қазақ тілін оқыту әдістемесі 1998 ж. С.рахметова
4. Ана тілін оқыту әдістемесі. Алматы «Атамұра»- 1998 ж
5. Мәнерлеп оқу Алматы «Мектеп» 1982 ж Х. Қожахметовыа
6. Бастауыш сынып №3,4- 2002 ж
7. Бастауыш сынып 5-2004 ж
8. Тәрбие құралы, №1 2005 ж
9. Ана тілі оқулығы (1,2,34, сынып)
10. Ы.Алтынсарин «Таза бұлақ»
11. ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Алматы 2003 ж
12. Интернет
13. Мөлдір бұлақ журналдары

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі

Орындаған:
Жетекшісі:

Жоспар

І. Кіріспе бөлім
Қазақ халық ертегілері
ІІ. Негізгі бөлім

А)) Ертегілер
Ә) Халық ертегілернің бала дүниетанымын
қалыптастырудың маңызы
Б)) халық ертегілері
В) ) Ертегі туралы түсінік
С) Ертегілер түрлері
Д) Мысал
Е) Мысалдарды оқыту
Практикамен байланыстыру
Озық тәжірибелі мұғалімдердің сабақ жоспарлары

ІІІ. Қорытынды бөлім
1. Әдістемелік нұсқау
2. Пайдаланылған әдебиеттер.

Қазақ халық ертегілері

Ерте, ерте, ертеде... жазу-сызу, кітап оқу болмаған заманда біздің ата-бабаларымыз, әйгілі жыршыларымыз өздерінің ойдан шығарған қиял әңгімелерін, тарихи оқиғаларды ұрпақтан-ұрпаққа ауызша мұра етіп қалдырған. Оларға қазақтың халық ертегілері жатады.
Ертегілер - халықтың ауыз әдебиетінен мол орын алады. Шынайы және ойдан шығарылған ауызша тараған оқиғаларды ертегі дейміз.
Ертегілер көбінесе ауызша айтылатын болғандықтан, оны ерте замандағы көркем әңгіме деуге де болады.
Жыршылардың қызықты, үлгі-өнегеге толы ертегілерін естуге еңкейген кәріден, еңбектеген балаға дейін жиналып, тыңдаған,естерінде сақтаған.
Ертегілерден біздің бабаларымыздың тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін көреміз. Ертегілерде жауыздық пен әділдік, қастық пен достық, жамандық пен жақсылық күресіп, ақыры, соңғылары жеңіп шығады. Халық қиялының нәтижесінде ғылым мен техника қарыштап өсіп, аспанға ұшатын, айға қонатын корабльдер, теңіз астында бірнеше ай жүзетін сүңгуір қайықтар, жер шарының әр түпкірінен хабар алатын телетайп, телеграф, телевизорлар, жер астындағы метролар, т.б. ойлап табылды. Бұл - халықтың ой-қиялының іске асуы, адамның ақыл-ойының керемет күші.
Ертегілердің негізгі кейіпкерлері хан, оның уәзірі, шал, кемпір, мерген, тазша, қойшы, өнерпаз жігіттер, дәулер, мыстан-жалмауыз кемпірлер, айдаһар, самұрық құс, т.б. Жағымды кейіпкерлер өз жолында қорқынышты құбыжықтарға, алдырмас кедергілерге тап болады. Ер Төстік, Нан-батыр, Әбдірахман патшалар тіптен жер асты әлеміне де түсіп кетеді... Еркемайлар сиқырлы күштердің көмегімен өліп, қайтадан тіріледі. Ал Күнікей қыз оттан күймей аман шығады...
Қазақ ертегілері адамды сиқырлы күштерімен таңқалдырады: Самұрық құстың алыптылығы, адамша сөйлейтін Шалқұйрық, жәндіктер де бар... Бұл ғажайып кейіпкерлер ертегіден ертегіге көшіп жүреді. Ертегі мен кейіпкерлердің аттары әртүрлі, сюжеттері ұқсас бола береді. Құрметті балалар! Сіздер қазір біздің ертегі Бәйтерегіміздің негізі Самұрық құс пен оның балапандары жайлы аңызға сапар шегесіздер. Елбасымыз да балалық шағында сіздер сияқты Ер Төстік ертегісін қызыға оқып, есіне сақтаған. Ер Төстік ертегісінің әсерімен ғажайып Бәйтерек-Астана кешенін салдырды. Қымбатты жас дос! Батыл да тапқыр, батыр Ер Төстік және Хасанмен бірге жасаған виртуалды ертегілер әлеміндегі саяхаттарыңызға сәт-сапар тілейміз!

Ертегілер.

Халықтың фольклорлық шығармаларының бір мол саласы - ертегілер. Қазақ халқы ертегіге бай елдердің бірі. Қазақ фольклорындағы ертегілердің сан алуан түрлері бар. ХІХ ғасырдан бастап қазақ ертегілерінің ғажап та, көркем үлгілерін В. Радлов, Г. Потанин, И. Березин, А. Алекторов, П. Мелиранский, Ш. Уәлиханов сияқты беделді де белгілі ғалымдар жинап, жариялай бастады. Қазақ фольклорының кейбір нұсқалары "Дала уалияты", "Айқап", "Туркистанские ведомости", "Туркистанкая газета", т.б. мерзімді баспасөз бетінде жарияланып келді.
Қазақ фольклоры Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов сондай-ақ М. Әуезов, С. Сейфуллин еңбектерінен де мол орын алғаны бар. Кейінгі кезде қазақ ертегілерін зерттеуге М. Әуезов, Қ. Жұмашев, Е. Ысмайыловтар белсене араласты. Қазақ ертегілерін тақырыбына қарай бірнеше топқа бөлуге болады. Олар а) мифологиялық, (қиял-ғажайып) етегілер; ә) хайуанаттар (жан-жануар) жайындағы ертегілер; б) тұрмыс - салт ертегілері.
А) Қиял-ғажайып ертегілер тым ерте замандарда адам табиғат сырын толық түсініп болмаған кезде туған. Мұнда өмір көрінісі аздау болады. Мифологиялық ойлау адамдардың топ-топ болып орман, тау-тас үңгірлерін мекендеп жүрген кезеңінен бастап туса да ғажап емес. Күн, ай, от судың жойқын күштерінің сырына түсінбеген алғашқы қауым адамдары табиғатқа сиынып, табынған: бірінен қорықса, бірін қастерлеген. Оларды адамша ойлап, әрекет жасайтын құбылыстар деп ұққан.
Кейбір елдерде киелі аңдарға сиыну дәстүрі де болған. Қиял - ғажайып ертегілердің сюжетінде адам иланбайтын, көңіл сенбейтін сан түрлі қызық-қызық оқиғалар болатыны рас, бірақ бұған қарап халықтың ертедегі творчествалық күштерінде бей-берекет жалған көріністер басым болды деп ойлауға болмайды. Мейлі, көз көріп, құлақ естімеген неше түрлі суреттер бола берсін, ол халықтың сергек санасын, этика, эстетикалық көз-қарастырып бүркемелей алмайды. Бұл тектес ертегілер қазақ халқының өмір тарихымен бірте қос өрім қатар жасасып келеді, мұнда халықтың бесіктегі бала, бозбала, жігіт ағасыездері айқын бейнеленген.
Фольклордың өзіне тән табиғаты бар. Соның ішінде қиял-ғажайып ертегілердің өз заңы, өз тәсілдері бар. Мәселен, әйелдердің көпшілігі "ай десе аузы, күн десе көзі" бар шетінен сұлу болып келеді. Олардың тұрған жері мұз тауының ар жағында, оң тауының бер жағында. Аспандағы жұлдыздай алыстағы аруды алып келуге кәдімгі қарапайым шаруаның өзі атанады. Сол жолаушы жалғыз өзі не көрмеді: жыландар елі, аждаһа, айдаһарлар ордасы. Ол неге осыншама қауіпті жолға шықты? Әлбетте, сұлуды сүймеске2.

Қиял-ғажайып ертегілердің басты бір ерекшеліктері - өмір үнемі қозғалыста көрінеді. Бір орында тұрған зат болмайды: от тауы, мұз тауы, ұшқан құс,
жүгірген аң, сұлулар еліне жол тартқан жолаушы бәрі бір нүктеден шығып, екінші бағытқа бет алып бара жатады. Аң адамға, адам аңдарға кездеседі. Олардың арасында жамандық пен жақсылық үшін күрес бір сәтке тоқтамайды. Өте ерте дәуірде пайда болған ертегілерде адамның сұлуы
құстың әдемісі, сән-салтанаттың сарайы бұлар көбінесе перілер елінде деп бейнеленеді. Олардың мекені көбінесе жер асты, не су асты болып келеді. Соған орай тоғыз қабат жердің, тоғыз түрлі теңіздің астына перінің сұлу қызын іздеп, жер үстінен біреу аттанады. Оның да жолы тым ауыр. Сондай жұмбақ елді тауып, ақыры арманына жететін тағы да шаруаның бейнетшіл баласы болып көрсетіледі.
Халықтың неше түрлі қызық таңғажайып аңыздарды шығару себебі - бір жағы діни нанымдарға байланысты болса, екіншіден, өзіне жұмбақ, жауабын іздеген заңдылықтарға жұмбақтық сипат берген. Мысалы, дөңгелек жердің арғы жағында не бар, ол нендей затқа сүйеніп тұр. Міне, осы сұрақтың төңірегінде жерді ұстап тұрған көк өгіз, мамонт, тасбақа сияқты мифтік ертегілерінде айтылатын осындай беймәлім үлкен жәндіктерді әдетте батырлар өлтіреді, олардың денесінен - жер, сүйегінен - тау, қанынан-өзен, көзінен күн мен ай, тісінен- жартастар жаратылған деп дәлелдейді. Бұлар өте ерте дәуір қоғамының сенім-нанымдары. Олар табиғаттағы әрбір заттың екі сипаты бар деп қараған: ой мен күн, аспан мен жер, құрғақшылық пен су, құс пен бауырымен жорғалаушылар, ақ пен қара.
Мұндай көне дәуірдегі логикалық жіктеу-жер үсті және жер асты, онда мекендейтін адамдар мен перілер деп екіге бөлуге әсерін тигізген.
Бір ғажабы сол, қиял-ғажайып ертегілерде еңбек пен еңбекке құштарлық өте жиі көрсетіледі. Жатып ішер жалқауды адамның қоры деп сипатайды. Ол ауру секілді өмірге масыл. Бұның қарама-қарсы ұғымы - еңбек сүйгіштік. Адам бесіктен түскен бетте қолын жерге тіреп еңбектейді, өзіне-өзі қызмет көрсетеді, өрістен жылқы қайырады, үйінде от жағады. Осының барлығы тынымсыз тірліктің, қозғалыстың белгісі болып табылады. Ондай адамадарды ертекші дегеніне жеткізуді, бақыттың балаң болуы құсын соның бөркіне қондырады, жаннан асқан сұлу қызды соған жар етіп қосады. Осының бәрі еңбектің арқасында болған нәтиже, кімде-кім еңбек етсе, сол адам өзін бақыттымын, өмірлімін деп санауға болады деген сенімді аңғартады.
Фольклорлық сюжеттерде үздіксіз ағып жатқан суға ау тастап телміріп отыратын кім, әлбетте кедей шаруа. Асылы, ау жастау дегеніміз ауға не түсер екен деп күту ғой, сол секілді қарапайым халық та өмірге ау тастаған, бірақ соған ілінгені шамалы болған. Мейлі, өмірде кедейдің күткен арманы

орындалмаса да, ең құрыса өзі шығарған ертегіде өзін-өзі алдасын ба, жоқ. Кедейдің құрған ауы судан бос көтерілмейді, не үлкен алтын балық, не ділдә
толған сандық, не сұлу бала жатқан жәшік шығады. Ақыры жәшіктен шыққан бала елге ақылы асып хан болады, әрі өзін құтқарып қалған кедейді мұратқа жеткізеді. Асылы, қиял, фонтазия араласқан ертегілерде бәрі өзіне -өзі орнамайды, орнататын адамның қолы. Еңбек иесінің қолындағы сәнді тұрмысын, сұлу қызын тартып алу үшін араға ханның іштарлық қызғанышы араласады, кедейдің отбасы бірлігін бұзу үшін олардың күшін әлсіретіп, алыс жолға жібереді. Тапсырмасы - шаһардың сәулесімен жарқырататын гауһар тас тауын әкелу. Мұндай сапарға бармаймын, ондай гауһарды таба алмаймын
деп шаруа да кері шегіншектемейді, сен сынасаң мен сыныңа татимын деп ханның қаһарына қарсы жүреді, өмірдің ағымынан қорықпайды, қайта ағысы қатты толқынға қарсы жүзеді.
Адам және жер, жер және адам деген мәселеде: дүние о баста неден жаратылады деген сұраққа фольклорлық шығармалар әр түрлі жауаптар бермек болады. Дүние судан ба, оттан ба, неден жаратылды? Жұмбақтың шешуі әр алуан, бір ертегілер айтады: алдымен дүние қараңғы болған, содан аоң жарық жаратылған дейді. Мәселен, жарық және қараңғылық деген үғым о бастан ақ философия мен дінің риторикалық басты сұрақтары болған, соған жауап беруге әрқайсысы әр түрлі болжамдар айтқан дейді. Ф.Энгельс "табиғат диалектикасы" деген еңбегінде Халықаралық мифтерде күн мен түннің, суық пен жылылықтың, қараңғылық пен жарықтың алма-кезек ауысу құбылыстарын түсіндіргенде, жарық қараңғылықпен күреседі, түннен перде түріп күн шығады, жылылық суықтықты ерітеді, жаз қысты жеңеді. Дүние осылай алма-кезек қозғалыста көрінеді. Сол сияқты жоғарыды аты аталған ертегілерде басты кейіпкер қараңғылықтан халықтың көзін ашу үшін жер астындағы жасырын жатқан отты әкеледі. Ол от кейде жеті басты жалмауыз кемпірдің қолында ("Қара үйрек") болады, оның барған адамға қоятын талабы мынау: "Бармағыңнан бір сорғысаң, от беремін, болмаса от бермеймін", - дейді. Бақсақ, от үшін адамзаттың күресі қазақ халқына да оңайға түспеген. Соны іздеп тапқанға шейін тыным таппаған, әрекет істеген, жол жүрегі, әйтеуір ақыры қолына отты түсірген.
Бұл адамзатқа от әкелген ошақты көне дәуірдің кейіпкері Прометейді еске түсіреді. Прометей адамдарға ғылым мен қолөнерді берумен бірге, Гефест құдайдың ұста дүкенінен от ұрлап, оны адамзаттың қолына табыс еткен. Зевс құдай бұған ашуланады. Зевс айтады: егер адамзаттың қолына от тисе, олар құдайларды мойындамайды, сондықтан отты адамзатқа апарған Прометейді жартасқа таңып жазалау керек деп үкім етеді. Прометейдің бауырын бүркіт күнде келіп шоқиды. Осындай азаптан Прометейді Геракл

құтқарады. Прометейдің адамзат үшін жасаған жақсылығын бейнелеу үшін ХҮШ ғасырдағы Италия суретшісі Пьетро Стаджи мрамордан оның суретін
ойып жасаған. Осы тектес от әкелу оқиғасы қазақстанға қалай келеді, оған кім қай жерден, қандай қиындықтармен әкеледі деген аңыз-ертегілердің бірнешеуі екенін ескере кеткеніміз келеді.
Қазақ ертегілерінде отбасылық салттардың кейбір әлсіз жақтары да сыналады, оған көбінесе әйелдердің қанғыштығы аңқаулығы себеп болды деп түсіндіреді. Соның барлығын білдіретін жалмауыз кемпірлер. Ол сұлуларды арбайды, жолдан тайдырады. Бұқара халық осындай мінездерді сынай отырып, отбасы бірлігін, тұтастығын сақтауға ерлі-зайыптардың сақ, сергек болуына үндеп отыр. Ұсқынсыз, тұрпайы кейіпкерлерге жататын образдардың бірі- бойы бір қарыс, сақалы қырық қарыс шал. Заттың сыртқы өлшемі, оның биіктігі мен тереңдігі, қаттылығы мен жұмсақтығы бәрі түйсікке әсерін тигізетін құбылыстар. Адамдар әрбір өлшемнің атқаратын міндеті бар, ол ішкі рухани салмақтың сыртқы көрінісі деп қараған. Мәселен,
бойы бір қарыс, сақалы қырық қарыс дегенде адамның азған, әлсіреген түрін елестетеді. Бұлар күнделікті қарым - қатынасына іштарлықтың ролін ойнайды. Олар нендей іске араласпасы да рәсуасын кетіреді, бүтінді бөлшектейді, әрі ыдыратады. Ендігі бір пікір дегеніміз не?. Бақыт пен байлық туралы армандағанда, іздеп-іздепп шаршаған халық оны қолы жетпейтұғын, әуеде ілініп тұрған тылсым секілді елестейді, ол кейде жүзік түрінде, кейде аттың қылы, құстың қауырсыны ретінде кездеседі. Сол бір бақыт іздеген адамға аттаған қадамын ілгері бастырмайтұғын айдаһар, жезтырнақтар тағы бар. Бақыттың, байлықтың жатқан жері жеті қабат жер астында, оған жолаушы жігіт кездейсоқ кездеседі: түн, енді не істеу керек, көрге паналайды. Шұқылап отырса, ар жағынан жанып тұрған гауһарды көреді, арғы жағын ашса, үйдің төрт қабырғасы толған алтын. Соны алмақ болады, бірақ жеті басты жылан ысқырып алдынан шығады, ақыры адам жеңіп, бақ дәулетті күреп қайтады. Әркім де бақытты болғысы келеді, ал бақыт ағып жатқан судың бетімен қалқып жүрмейді, ол еңбекпен, қайратпен келмек, оны іздемек керек.

Халық ертегілерінің бала дүниетанымын
қалыптастырудың маңызы

Халық ертегілерінің бала дүнетанымын қалыптастырудағы маңызы аса зор. Қазақ фольклорындағы ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі - ертегілер. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша тараған мол мұра. Оның осы дәуірге дейін жетуі ертекшілермен тығыз байланысты.Халық арасында үлкен беделге ие болған ертекшілер ертегіні шебер орындаған.Жаңадан ертегілік сюжетті тудырып толықтырып отырған. Ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімі мен арман-тілегін, қиялын, даналығын, ғасырлық өмір тәжірибесін көреміз. Ертегінің қай түрін алсақта ол баланың ой-қиял ұшқырлығын күшейтеді, мінез-құлқын, ерік - жігерін қалыптастырады. Сондықтанда ертегіні оқытуда оның жанрлық ерекшелігін ескеріп. тәрбиелік мақсатына айрықша көңіл бөлгеніміз жөн.
Дүниеге ғылыми көзқарастың қалыптасуы ұзақ және күрделі үрдіс. Балалық шақтан балаларды қоршаған болмысқа дұрыс түсінікті тәрбиелеу қажет. Әрине, бала қоршаған ортамен өзі-ақ танысады. Дегенмен отбасы, балабақша және мектептің жұмысы балада болмысқа деген белсенді танымдық қатынасты оятуға бағытталуы керек.
Болмысқа танымдық қатнасты ояту мен тәрбиелеудің бір жолы -өмірді тікелей бақылаудан басқа танымдық әдебеттерде жатыр.
Бүгінгі күні оқытуға қойылып отырға талаптардың бірі-өмір шындығын балаларға халық ауызекі шығармашылығы арқылы көрсету, оның негізінде балалардың ой-өрісін, қиялын, эстетикалық және адамгершілік сезімдерін дамыта отырып, олардың халық шығармашылығына сүйіспеншілігіқ еңбек сүйгіштікке деген көзқарастарын арттыру болып табылады.
Егер халық ертегілеріне педоагогикалық-психологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ мұның жас өспірімдерге танымдық әсері жоғары.
Халық ертегілерінің таңдаулы үлгілері ғасырлар бойы жасалған халық шығармашылығы болғандықтан оның ішінен көркем тіл де,терең ой да,тамаша үздік кейіпкерлер де табылады. Оның осы сияқты аса жоғары идеалық көркем қасиетін балалардың санасына жеткізу үшін бұлардың да өзіне лайық оқып үйрену жолдары әдіс амалдары бар, мысалы ертегілерді алатын болсақ, ол ел аузында ғасырлар бойы сақталып айтылып әңгімеленіп келеді. Ал осы ертегілер арқылы бала айналасындағы өмірді, адамдарды кеңірек танып ұстанымдылыққа еңбек сүйгіштікке ие болады.
Ертегі бала ойында сақталу үшін түрлі жолдар арқылы жүргізуге болады;
Ертегі оқу. Мұнда сол ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне еніп соның көңіл-күйін образ арқылы бейнелеп беру.
2.Пантомима ойыны. Ешқандай сөз айтпай сол кейіпкердің қимылдарын көрсету.
З.Суретпен жұмыс. Әр түрлі жәндіктер бейнеленген суреттер немесе
бір ертегідегі барлық қимылдарды суреттер арқылы көрсету.
Баланың табиғат туралы білімдерін кеңейтіп табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып, қамқорлыққа алуға тәрбиелеу. Сабақта үнтаспа, бейнетаспа суреттер көрнекілікті пайдалану әңгімелесу, түсіндіру.
Табиғаттың әсемдігін көріп сезіне білу балалардың өмір тәжрибесін байытып, олардың эстетикалық талғамын дамытады. Туған жерге деген ыстық сүйіспеншілігін күшейтеді. Халық ұғымында табиғат деген сөз Жер - ана.туған жер, атамекен сөздері түрінде көп айтылады.
Бастауыш мектеп жасында балдырғандар шын мағынасындағы оқырмандар емес, олар тек тындаушылар, көрушілер ғана. Оларға арналған шығармалар қысқа да ықшам жазылған суретті кітапшалар түрінде беріледі. Бұл жастағы балаларға арналған әдебиет жанры жағынан көбіне жеңіл сюжетке құрылған шағын шығармалар, хайуанаттар жайында жазылған әңгімелер белгілі оқиға не ойын түрлеріне құрылған өлеңдер, ертегілер болып келеді. Бұл жастағы балдырғандарға арналған шығармалардың тақырыбы көбінесе табиғат әлемінен, өзін қоршаған күнде көріп жүрген оқиғалардан алу керек. Тілі жеңіл, сөзі ойнақы болып келеді.
1) Балалардың психологиясына зерттеу жасағанда,олардың ойлау түсіну қаблеттін суреттеліп,отырған оқиғанның керкем обрыздың нақтылығын дәлдігін өз өмірінің аймаласынан алуды қажет етеді.
2) Әңгімеленіп отырған оқиғаның барысында мерзімі болуы шарт. Баланың ішкі дүниесіне ой-санасына бірден әсер ететін күшті де мағыналы бейнелер алу керек. Балаларды өмірдің жақсы болашағына қанағатандырып,шарықтатып отыру қажет.
3) Балалар әдебетінде оқиғаны және адам характерін суреттеу,әдістерінің динамикасы ерекше болады.
4) Балалар жаратылысының көркем көріністерін, пейзажды шебер суреттеуді ұнатады,оған сүйсіне қарайды.соны айналасынан іздейді.
5) Балалар әдебеті шығармаларының мазмұны идеясы оларды еңбекке, ғылымға әр қилы мамандықтарды игеруіне үлес қосады.
Ертегілердің танымдық-тағлымдық рөлі К.Ушинский Д.Макаренко, В.Сухамлинский еңбектерінде ерекше көрініс тапқан. Аса көрнекті педагог В.Сухамлинский өзінің педагогикалық қызметінің өн бойында мектеп оқушыларын тәрбиелеу және дамыту мәселелерімен шұғылданды. Ол ертегілерсіз дворчествасыз, қиялсыз толық мәнінде тәрбие жүзге аспайды деп саналады.
Жалпы қазақ ертегілерінің ел арасынан жиналып баспаға шығуы XIX ғасырдың II жартысынана басталады деуге болады. Бұл ретте Ш.Уәлиханов, Т.Потанин, В.Радлов, Э.Диваев, И.Березин, А.Алекторов және т.б аталуға болады.
Кейінгі кезеңде қазақ ертегілерін зерттеуге М.Әуезов, М.Ғабдуллин, С.Садырбаев, С.Қасқабаев және басқалардың қосқан үлесі елеулі болды.
Белгілі қазақ жазушысы академик М.Әуезов қазақ фольклористерінің арасында алғашқылардың бірі болып ертегілерге былай деп анықтамасын берді: "Ертегі деп бояғы замандағы елдің дүниеге көзқарасын білдіретін, я сол көзқарастың белгілі ізін көрсететін онан соң, елдің белгілі санатын білдіретін арнаулы үлгі айтатын жамандықты жерлеп жақсылықты айтқан, ойдан шығарған көтерме әңгімені айтады.
Баланы еңбекке тәрбиелеуде отбасы мүшелері үлкендерінің еңбекке деген көзқарасы,еңбек істеу әрекеті әсер етеді. Баланы еңбек сүйгіштікке тәрбиелеуде, өнерге баулуда ауыз әдебиеті күшті құрал болған. Айталық,мерген,мал тапқыш, еңбек сүйгіш өнерлі жандар жайында балаға ертегі, әңгіме, өлең-жыр айтып беру арқылы баланы еңбек ардагерлерін қадірлеуге ал оған қарама-қарсы еңбек сүймейтін арамтамақ жатып ішер жалқау деген жиркенішті сезімге тәрбиелеуге болады.
Өз ұрпақтарының тәрбиесі ерлі-зайыптыларға,ата-әжелерге ортақ іс,жауапты міндет болған. Көбіне ата-әжелер есте жоқ ерте замандағы, ауыздан-ауызға тарап келген ертегілер арқылы бала тәрбиесіне көңіл бөлген.
Балаға адамдық қасиеттің нәрі ертегі арқылы ана сүтімен қоса сіңіріледі.Өйткені, оныңжаны күнәдан пәк, таза, көңілінде күдік жоқ. Бәріміз де жақсы жанға жайлы, одан рахат табатын ертегіні тыңдап, сол ертегілерден адам бойына керектінің бәрін сіңіріп өстік. Бала жанын қоректендіретін рухани қор - айналадағы барлық табиғат болмысы, жанды мақлұқтың бәрімен табыстыратын, терең де таң ғажайып сырларға толы ертегілер. Бала бойына тамаша қасиеттер мен адалдықты, мейрімділікті, имандылықты егетінде осы - ертек
Ертегі - ауыз әдебиетінің көлемді саласының бірі. Ертегілер -бірнеше ғасырлардың жемісі. Ертегінің негізгі бір саласы қиял-ғажайып ертегілері. Бұларда өмірде болмайтын нәрселер туралы әңгімелер қозғалады. "Ұшқыр кілем","Адам жеңбек Айыртас батыр"т.б қиял-ғажайып ертегілердің де өзінше мәні үлкен. Ертегілерідің ішіндегі көне түрінің бірі - хайуанаттар жайлы ертегілердің балаға берері көп. Адамды қоршаған табиғаттың әрбір бөлшегі соныңтыныс-тіршілігі қызықты әрі жұмбақ.
Мектепте сабақ үстінде кім хайуанаттар, еңбек және өнер жайында ертегілер біледі деген ойын арқылы балаларға тиянақты мағлұмат,тәлім-тәрбие беруге болады.
Ертегінің бір түрі-тұрмыс салт ертегілері.Бұл ертегіде көбінесе елдің бақташылық тұрмыс - тіршіліктері суреттеледі.

Еңбек мәнін биік бағалайтын "Қотыр Торғай","Кім күшті?", "Қуыршақ" сияқты балаларға арналған қысқа ертегілердің мазмұны да аса қызық тартымды. "Кім кім күшті?"ертегісінде мұздан күшті нәрсе жоқ деп ойлайтын қырғауыл, одан жаңбыр, жер, шөпдоқты, қасқыр, осылардың бәрінен оқтың күшті екенін айтады. Ал оқтан мылтық пітесін жеп қоятын тышқақ тышқанның ін қазып,алты баптан ауыруды сүйреген құмырсқа күшті болып шығады. Өйткені ол еңбек сүйгіш "ұйымшыл".
Ал "Мақта қыз бен мысық" және "Қотыр торғай" оқиғалары еңбекпен тікелей байланысты.
Балаларды табиғатпен байланыстыратын ертегілердің бірі -"Орманға қар не үшін керек" деген ертегіні алуға болады.Оны оқушыларды рольге бөлу арқылы оындауға болады. Яғни рольге бөлу арқылы олардың жадында жақсы сақтап"алып қалады. Ертегі баланың ой-өрісін дамытуда үлкен үлес қосады. Жамандық пен жақсылықты ажырата алады, табиғат жайлы ертегілер баланың табиғатқа қамқор болуға;оны аялап қорғауға үгіттейді.
Қазақ ертегісінің ең мол түрі - шыншыл ертегілер. Мұндағы ертегі кейіпкерлері қиял- ғажайып ертегілердегі сияқты қиялдан туған емес.күнделікті өмірден еңбек адамдарынан алынған. Мысалы; "Аяз би", "Тазша бала", "Ұр тоқпақ","Атамтай Жомарт"т.б ертегілер жатады.
Қазақ халқы балаларға табиғат туралы өз білгенін үйретуді мақсат етіп,оны ретті жерде жүзеге асырған. Табиғат адамның ақыл-ойы мен тәрбиесінің сарқылмас қайнар көзі екендігін көре білген. Бар өмір тіршілігі табиғатқа болып,оның аясында өмір сүргеннен соң адам баласы өзі туып өскен жеріне деген сүйіпеншілік пайда болады.
Батырлар жыры - ел - жұрттың арманы сыртқы жаулардан қорғанып, тыныштықта өмір сүру. Бұл, әсіресе ерте кездегі жаугершілік замандарда оңай болмаған. Сондай жағдайда халық ел қорғайтын хас батырларды аңсаған. Олардың батырлық қаһармандық істерін мадақтап жырға қосқан. Алғашқыда батырлардың бір ерлігі ғана айтылса, кейін басқа да жорықтар жалғасып, оқиға тізбегі өрбітілген. Сөйтіп, халық шығармаларының көлемді де көрнекті тағы бір түрі батырлар жыры пайда болған. Жырды өзі шығарып, өзі айтушы адамды жырау деп, ал жырды айтушы, таратушы адамды жыршы деп атады. Балаларға ертегілердің түрлері көп. Батырлық - эпостық, хайуанаттар жайында, тазша бала, өтірік өлең. Ал батырлық ертегілер арнайы жанрда қарастырылып жүр. Міне, сол дәстүр негізінде қазақ фольклористері соңғы жылдары батырлық ертзп жанрын бөліп алып, оны қиял-ғажайып ертегімен новеллалық ертегінің сондай-ақ қиял-ғажайып ертегімен қаһармандық эпостың аралығындағы жанр деген пікірге келді.

Қазақтың батырлық ертегілері екі сипатта болады. Бірі - көне заманда туған миф пен хикаялар, нанымдар мен ғажаиып ертегілер негізінде пайда болып дамыған көркем ертегілер.
Мысалы, "Ер төстік", "Керқұла атты Кендебай " сияқты классикалық фольклор үлгілері. Бұл қиял - ғажаиып ертегілерінен кейінгі жанырдың үлгілері. Сол себепті мұндаи архаикалық элементтер көп. Екінші - қаһармандық эпостық ертеп түріне айналған нұсқалары. Олардың ішінен бір жағынан көне түрлері яғни жырға жақындай, бірақ толық ертепге аиналып үлгірмеген шығармалар бар. Ал екінші жағынан классикалық батырлар жырының қара сөзге ауысқан үлгілері кездеседі. Мысалы; "Қабанбай батыр", "Алпамыс алып"," ЕрТарғын шығармаларын атауға болады. Көптеген ертегілер мынадан деп басталады;
Ерте,ерте,ертеде ешкіжүні бөртеде.
Қырғауыл жүзі қызылда,
Балақ жүні ұзында
Атақты бір бай бопты
Төрт түлігі сай болыпты,- деп басталатын ертегілердің құлақ күйінде барлық байлық дүн дүниесі сайлық алдамшы көңіл жайлық түптің - түбінде ұрпақ игілігінің қасында түкке тұрғысыз екендіпн бабаларымыз бастан-ақ өсиет етіп ерекше ескерткендей. Бабалар дәстүрін тәуелсіздік алған алғашқы күннен бағдарлы басшылықа алынган іргелі егемен еліміз, мұрагерлер мүдесін үнемі назарда ұстаумен келеді.Әлем балалар әдебетінің 50 томдық асыл қазынасынан қазақ тілінде басып шығаруды жедел қолға алуда соның бір айқын айғағы шытырманы көп мына заманда адалдық, мейрімділік, іскерлікке, отан сүйгіштік, бауырмалдыққа баулитын ертегілер.

Халық ертегілері

Халық ертегілері - халық өмірін бейнелейтін фонтастикалық негізге құралған оқиғалы көркем шығарма. Онда еңбекші халықтың ғасырлар бойы жасап келген өмір тәжрибесі, оның мәденетімен салты, әдеті мен ғұрпы, шаруашылық кәсібімен түрлері, тілінің шебер ерекшеліктері қамтылған. Табиғаттың адам баласына жұмбақ болып келген неше алуан қызметі айтылады. Үстем тап өкілдерінің зұлымдық қастандық әрекеттері халық ертегілерінің негізгі өзінің тыңдаушысына ақыл -парасаты баяндайды. Адам арманның жарқын болашағына қол сілтейді. Өмір күресіне бастайды. Ол сондықтан "халық жанның айнасы" - деп атаған.
Халық ертегісінің ішінде балалардың сүйіп оқитын олардың жас еркшеліктеріне тән мұралар өте көп, халық ертегісі ғасырлар бойы балалардың ықыласын өзіне қызықтыра тартып, жас жанына әсер беріп көңілін шаттық күлкіге бөлеп қуантады. Халық ертегілерінің бай фонтастикалық балалардың ойына қозғау салып, өмірдің неше алуан қияпатын танытады, сана - сезім, ақыл - ой қызметінің ерте дамуына, ерте қалыптасуына жәрдемдеседі.
Халық ертегісін балалардың сүйіп оқитын барлық ықыласынасы сүйсіне тыңдайтын, оның ғасырлар бойы ұрпақтан -ұрпаққа айтылып, әбден текшелеп халықтың тапқыр ой -пікірлері жинақталып, әрі көркем, әрі жеңіл тілмен берілетіндігінде.
Халық ертегілерінің балаларды қызықтыратын тағы бір ерекшелігі ондағы адам бейнелері барлық жағынан әбден жетілген болады. Кейіпкерлердің ең терең, ең айқын және көркемдігі жағынан әбден жетілген түрлері, типтері фольклорда, еңбекші халықтың ауыз әдебетінде жасалған. Көптеген халықтардың ертегілерін атап айтуға болады. Мәселен; "Тоғыз құйрықты ақ түлкі" Қытай халық ертегісі, "Тылсым Тауыс" Үнді ертегісі,"Ата мұра" Парсы ертегісі. Міне, бұлардың бір-бірінен ерекшеліктері әр халық өз тұрмыс тіршілігіне қарай ертегілер, аңыз, әңгімелер пайда болады.
Халық ертегілері ішінде балалар арасында кең тарағаны, әсіресе сүйіп тыңцайтын хайуанаттар жайындағы ертегілер. Табиғат жайында ең бай матералдар, кең түсініктер балаларға алғаш осы хайуанаттар жайындағы ертегілер арқылы берілеген "Бармақтай бала","Қотыр торғай", "Мақта қыз бен мысық". Хайуанаттар жайында айтылатын ертегілер кейіпкерінің өзі қызық. Сол күлкілі, қызық кейіпкерлердің өмір сүру өмірге икемді болуы жолындағы қақтығыстармен қарым -қатнастар олардың айла - тәсілдері жас өспірімдерге өмір жолын танытады. Кішкентай, болымсыз тіршілік иөлерінің өмірге икемділігін, жеңгіштігін көрсету тақырыбы балаларға арналған қазақ ертегілерінің барлығына да ортақ. Бұл ертегілер балалардың ой - санасын оятып, олардың өздерінің күш -жігеріне сене білуге, тапқырлыққа баулиды, мақсат жұртына жетуге үйретеді. Хайуанаттар жайындағы ертегілердің қай түрін алсақ та балалардың ұғымына сай, түсінуі жеңілде, күлкілі қызық болып айтылады. Хайуанаттар жайындағы ертегілерде балаларды қызықтырарлық және оларға ой саларлық екі түрлі сипат бар, бірінші олардың мінез өзгешеліктерін, сырт көріністерін, күн көрісін байқайды. Есіту арқылы олар енді тікелей білуге, зерттеуге құштарланады. Екінші, хайуанаттар жайындағы ертегілер арқылы соны мысал ете отырып, адамдар арасында болатын тартыстардың сыр-сипатын байқайды. Үстем тап өкілдерінің қарапайым момын елді қалай алдайтынын, арбайтынын, күш көрсетіп қанайтынын неше алуан зұлымдық әрекеттері жасайтынын біледі. Сондықтан халықтың шығармалары ішіндегі хайуанаттар жайында айтылатын ертегілер түгел дерлік балалар фолькулорының мұрасы деп қараймыз.
Бұған "түлкі мен тауық" деген ертегіні мысал етіп көрейік. Бір түлкі жортып, тамақ іздеп келе жатып, биік ағаш басында отырған тауықты көреді де, бұл тауықты алдап, қақпаныма түсірейін деп ойлайды. Түлкі:
-Тауығым, биікте неге отырсың? Тілімді алсаң, жерге түс, дос болайық, осы жерде намаз оқып алайық, ойнап - күлейік -дейді. Тауық:
- Рас айтасың, түлкім, бесін намазының мезгілі болып қалды, анау жерде имам жатыр, оята ғой -дейді.
Жердегі тауықты жеймін ғой деп жүгіріп барса,бір тазы ұйықтап жатыр екен, тұра түлкіні қуады. Түлкі қаша жөнелді. Тауық оны намазға шақырады "Байтал түгіл бас қайғы", тазы түлкіні қуып жетіп, алқымынан алады. "Біреуге ор қазба, өз басыңа келер" деген апырмай, тауық қандай түлкі қандай түлкіні тауық па еді алдағандай. Осының өзі балаларға үлгі өнеге боларлық терең ойлар айтылған.

Ертегі туралы түсінік

Ертегі - ауыз әдебиетінің ықылым заманынан келе жатқан көне де мол мүрасы. Оның ертегі деп аталуының өзінен де, сол сияқты ертегілердің Бұрынғы өткен заманда, ерте-ерте, ертеде деп басталуынан да оның атам заман туындысы екенін аңғару қиын емес.
Ертегілерде халық басынан кешкен, ғасырлар ізі жатыр. Оларда еңбекші халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғүрпы, елдік тарихы, қилы-қилы қиын асулары, халықтың мүң шері, арман-мұраты бейнеленген
Барлық елдің ауыз әдебиетінен мол орын алған және халықтың
жазу-сызу өнері болмаған кезінде ауызша шығарған күрделі
шығармасының бір түрі - ертегілер. Ертегілер көбінесе, қара сөз
ретінде айтылатындықтан, оны халықтың ерте заманда шығарған көркем
әңгімесі деп қараймыз.
Халық әдебиетінің басқа түрлері секілді, ертегілер де адам баласының
еңбек-кәсіп ету, тұрмыс тіршілік құру тәжірибесіне байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неліктен болатындығын толық түсінбеген ертедегі адамдар әр нәрсені қиял еткен; өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. Бұл жөніндегі ұғым-түсініктерін, нанымы мен сенімін әңгімелеп айтатын болған. Сөйтіп ертегі-әңгімелердің алғашқы үлгілері туған. (Халық шығармасының бұл түрі ертегі деп аталуының өзі-ақ, онда аитылатын әңгімелердің есте қалмаған ерте заманда туғандығын анғартады).
Бертін келе, әкономиканың ілгері дамуы, қоғамдық карым-қатынастардың алға басуы, адам баласының дүние танымының, ой-өрісінің, сапа-сезімінің үлғайып өсуі жалпы халық шығармаларына, соның ішінде ертегілерге көп әсер, еткен. Осы негізде ертегілердің алғашқы үлгілері әр түрлі өзгерістерге үшырап, жаңа ертегілер туа бастаған және онда адам баласының арман-мүддесін, ой-санасы, болашақтан күтетін үміті суреттелген. Осы ретте туған ертегілерден адам баласының тұрмыс-тіршілігі, өмірі, ісі басты орын алады, қоғамдық мәні бар мәселелер көтеріледі. Бұлардың бәрін халық ертегілері көркемдеп суреттеу, образдар арқылы бейнелеген.

Бұл секілді жағдайларды қазақ ертегілері де басынан кешірген деуге болады. Алайда, қазақ ертегілерін сөз еткенде, біз оның ең алғашқы үлгілері, олардың мазмұны, көркемдік дәрежесі қандай болғандығы жағын анықтап айта алмаймыз. Өйткені ол ертегілер алғашқы айтылу қалпын сақтай отырып, біздің дәуірімізге жеткен емес. Ауыз әдебиетінің басқа түрі секілді, ертегілер де ауызша шығарылып, ауызша тарағандықтан әр түрлі өзгерістерге үшыраған, бір ертегіге бірнеше ертегінің әңгімесі қосылып араласқан. Бергі заманда туған ертегілер ерте заманда шыққан кейбір ертегілердің алғашқы үлгілерін олардың оқиғаларын бойына жинай да жүрген.
Осыған байланысты тағы бір жайды ескерте кетелік. Қазақ тілінде ауызша айтылып келген ертегілердің барлығын бірдей қазақ халқы шығарған жоқ. Қазақ ертегілерінің ішінде ағайындас-аралас, көршілерден, атап айтқанда: орыс, қырғыз, өзбек, Түркімен, қарақалпақ халықтарынан алынған, бізге сіңісіп кеткен, өзіміздің төл- тумамыз болған ертегілер де бар. Бұл алуандас ертегілер кездейсоқ түрде келіп енбеген. Ол қазақ халқымен көршілердің арасында көп заманға созылған әкономикалық, ағайын-достық қарым-қатынастардың негізінде енген. Сөйтіп, қазақ халқы бұл ертегілердің жалпы мазмұнын алып, мәнерлеп әңгімелеген, өзінің тума шығармасы етіп жіберген. Сондықтан да біз оларды қазақ халқының ертегісі деп қарауға тиістіміз.
Ертегіге бай елдердің бірі - қазақ халқы. Қазақ фольклорындағы ертегілердің сан алуан түрлері бар. XIX ғасырдан бастап, қазақ ертегілерінің ғажап та көркем үлгілерін В.Радлов, Г.Потанин, И.Березин, А.Алекторов, П. Мелиоранский, Ш. Уәлиханов, Ә.Диваев сияқты белді де белгілі ғалымдар жинап, жариялай бастады. Қазақ фольклорының кейбір нұсқалары Дала уалаяты, Айқап, Туркестанские ведомости, Тургайская газета, т.б. мерзімді баспасөз бетінде жарияланып келді. Образцы народной литературы тюркских племен атты 10 томдық жинақтарында В.В. Радлов қазак, қырғыз, ұйғыр, өзбек, әзербайжан сияқты кептеген Тұркі тайпалардың әпостық жырлары мен ертегілерін молынан жариялаған. Сонымен қатар қазақ әпосы мен ертегілерін жинап бастыру ісінде башқұрт ғалымы, профессор Әбубәкір Диваевтың еңбегі де елеулі.
Осы аталған адамдар сол кезде Орынборда, Омбыда, Казаньда, Астрахань мен Ташкентте шығатын газет-журналдар бетінде қазақ ертегілерін үнемі жариялап отырады. Олар өздері жинаған ертегілерді не орысша, не қазақша бастырады, кейде бір тілде ғана шығарады. Ертегілерді қазақ тілінде шығаратын болса (тілі қазақша әрпі орысша), онда қысқаша

мазмұнын орысша аударады. Бұлардың жинаған материалдары өткен ғасырдың бесінші жылдарынан бастап, Дала уалаяты газетінде, Торғай облыстық ведомосында, Ақмола облыстық ведомосы, Орынбор газетінде, Орынбор губерниялық ведомосы, Астрахань газетінде т.б. үзбей басылып тұрады. Қазақ ауыз әдебиетінің, соның ішінде ертегілердің көптеген үлгілері, әсіресе, Омбы мен Орынборда шығатын газеттерде молырақ жарияланады.
Жоғарыда аталған адамдардың ішінен қазақ ертегілерін жинап бастыруда айтарлықтай еңбек еткендер - А. Алекторов, Пантусов, А. Васильев, Б.Дауылбаев, М. Досымбековтар. Олар ел арасынан жинаған материалдарын төрт-бес газетке бастырып отырған және жеке жинақ етіп те шығарған. Мысалы, Алекторовтың жинаған ертегілері Омбы, Астрахань, Орынбор газеттерінде үнемі жарияланып келген және ол бір ертегіні бірнеше жерде бастыратын болған. Кейіннен ол өзі жинаған ертегілерін кітап етіп 1898 жылы Киргизская хрестоматия деген атпен екі тілде Орынборда шығарған.
Қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін ел арасынан жинау ісіне белсене араласқан және бұл жөнінде асқан үкыптылық жасаған адамның бірі Н. Пантусов болды. Ол жетпісінші жылдардан бастап қазақ елінің көп жерін аралайды, қазақ тілін үйренеді және жүрген жерінде ауыз әдебиеті нүсқаларын жазып алып отырады, жинаған материалдарын орыс тіліне аударады. Оның материалдары, көбінесе, Дала уалаяты газетінде (орысша аты Киргизская степная газета) екі тілде үзбей жарияланып Тұрады. Кейіннен ол Қазақ-қырғыз тілін үйренушілерге көмекші материалдар және Қазақ халық әдебиетінің үлгілері деген атпен 1899-1909 жылдар арасында (әрпі орысша, сөзі қазақша) жеті жинақ шығарады. Олары Қазан қаласында басылады. Бұл жинақтарға казақ ертегілерінен көп материалдар енеді.
Қазақ ауылдарын көп аралаған, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, баспа жүзіне шығаруда бірсыпыра еңбек сіңірген адамның бірі -А. Васильев. Оның жинаған материалдары Дала уалаяты газеті мен Торғай облыстық ведомосында екі тілде үзбей басылып Тұрады және Қазақ ауыз әдебиетінің үлгілері деген атпен 1897 жылы Торғай облыстық ведомосының елу шақты нөмірінде көптеген ертегілер басылады. А. Васильев жинаған Үлгілер 1896 жылы Орынборда (сөзі қазақша, әрпі орысша) жеке кітапша болып шығады. 1900 жылы Дала уалаяты газетінде Бозжігіт, 1901 жылы Қозы Көрпеш - Баян сұлу жарияланды. Бұл екеуін де жинап, газетке бастырған А.Васильев болды. Қазақ ертегілерін жинау, баспа жүзіне шығару жөнінде советтік дәуірде бірсыпыра жұмыстар істелді. Егер Октябрь революқиясына дейін бұл істі жеке адамдар ғана жүргізсе, советтік дәуірде оған ғылыми-зерттеу мекемелері қатысады, мемлекет тарапыпан каржы бөлінеді. Мүнымен қатар, советтік дәуірде қазақ ертегілері орыс тіліне аударылып бірнеше рет жеке жинақ болып шықты. Бұл жөнінде қазақстандық жазушы Л.В.Макеев пен профессор В.Д.Сидельниковтың еңбектерін айрықша атауға болады.
Октябрь революқнясына дейін қазақ ертегілерін ел арасынан жинап алушылар болса да, оны ғылыми тұрғыдан баяндайтын үлкенді-кішілі еңбектер болмады. Бұл ретте Потанин, Васильев, Диваев, Мелиоранский т.б. бірен-саран ғана мақалалар жазып, пікірлер айтқан. Олар көбінесе қазақ ертегілерін жинау керектігін сөз етті.
Қазақ фольклоры Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, А. БайТұрсынан, сондай-ақ М.Әуезов, С. Сейфуллин еңбектерінен де мол орын алғаны бар. Алайда 30-40 және 50-жылдары казақ совет әдебиетінде халық мұрасынан безу, оның басым көпшілігі байлар мән үстем тап өкілдерінің ықпалынан туған шығармалар деп түсіну бел алды.
Алпысыншы жылдары Қазақ ССР Ғылым академиясының әдебиет және өнер институты қазақ ертегілерінің екі томдық жинағын жарыққа шығарды. Бұл іске дайындық жұмысы 1945-1946 жылдарына жасала бастағанды. Алайда 1947 жылғы партия қаулысына байланысты бұл игі бастама аяқсыз қалған еді.
Кейінгі кезеңде қазақ ертегілерін зерттеуге М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, Е.Ысмайыловтар белсене араласты. М. Ғабдуллин, Б. Кенжебаев, Х.Сүйіншәлиев, С. Садырбаев, С. Касқабасовтардың қосқан үлесі де елеулі.
Қазақ ертегілерінің қай түрі болса да замана елегінен өтіп, халық санасына сіңіп кеткен сюжеттер. Онда бір елден екінші елге ауысып, төл сюжет болып жүрген мотив-образдар да аз емес. Ертегінің түтынушылары қоғамның түрліше тобынан шыға береді. Төменгі тап ортасынан шыққан ертегілерде сатира, демокартия сарыны елеулі болатынын кезінде М. Әуезов жақсы айтқан болатын. Сонымен бірге қазақ ертегілерін тек қана феодализм дәуірімен түйықтап, оны 1868 жылғы реформадан да кейін туғызу ертегі генезисін кенжелету ме дейміз. Шыншыл ертегілер антифеодалдық сарында болған десек, сол жеткілікті.
Қазақ ертегілерін тақырыбына қарай бірнеше топқа бөлуге болады. Олар: а) мифологиялық (қиял-ғажайып) ертегілер; ә) хайуанаттар (жан-жануарлар) жайындағы ертегілер; б) реалистік (Тұрмыс-салт) ертегілері.

Ертегілер түрлері
Қиял - ғажайып ертегілер
Бұл ертегілер тым ерте замандарда, адам табиғат сырын толық түсініп болмаған кезде туған. Мұнда өмір көрінісі аздау болады. Мифологиялық ойлау адамдардың топ-топ болып орман, тау-тас үңгірлерін мекендеп жүрген кезеңінен бастап туса да ғажап емес. Ол дәуірдегі адамдардың нанымдары, ойлау дәрежесі өте анайы болған. Күн, ай, от судың жойқын күштерінің сырына түсінбеген алғашқы қауым адамдары табиғатқа сыйынып, табынған: бірінен қорықса, бірін қастерлеген. Оларды адамша ойлап, әрекет жасайтын құбылыстар деп үққан. Мұндай сәби мифология тарихы үнді, грек, араб елдерінде көбірек сақталған. Кейбір елдерде киелі аңдарға сыйыну дәсТұрі де болған. Қазақтың мифологиялық ертегілері бұдан кештеу, матриархат пен патриархат дәуірінің ауысу кезеңдерінде туса керек. Аңшылық салты өмір сахнасынан шыққан кезде адамдар аң-қүстардың сырын танып, біліп, олар жайында сан-салалы образдар тудырған. Жалмауыз, мыстан кемпір, жезтырнақтар матриархат дәуірінің ұғым-нанымдары болмақ. Аңшылық кәсіп ер адамдардың әрекетімен көбірек байланысты болғандықтан, алғашқы ру қоғамының салт-санасы қалыптасып, жұбайлы неке туады. Бұл кезеңде туған қиял-ғажайып ертегілерінде адамға жат барлық күштермен күресушілер - мергендер, батырлар болып көрінеді.
Патриархат дәуірінде адамды ең басты киелі күш деп ұғыну үстем болған. Табиғаттың тілсіз күштерін мифтік ойлаумен образдап соған адам әрекетін қарсы қоятын қиял - ғажайып ертегілері осы ізде туған. Мұндай ертегілерде реалдық адам образдары мен мифтік образдар қаз-қатар суреттеледі. Ондай сюжеттердің қазақ ертегілеріндегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халық ертегілерінің маңызы
Мектепке дейінгі мекемелерде халық ертегілері негізінде елжандылық сезімдеріне тәрбиелеудің ғылыми-педагогикалық негіздері жайлы
Мектепке дейінгі мекемелерде халық ертегілері негізінде елжандылық сезімдеріне тәрбиелеудің ғылыми-педагогикалық негіздері
Ертегі - қиял жемісі
Мектепке дейінгі мекемелерде ертегілер арқылы елжандылық сезімдерін дамыту
Қазақ халық ертегілері арқылы бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбиені қалыптастыру жолдары
Халық ертегілері негізінде оқушыларды рухани-имандылық қасиеттерге тәрбиелеу
Бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін халық ертегілері негізінде тәрбиелеу
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әркетін ертегі оқу барысында қалыптастыру
Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда ертегілерді пайдалану жолдары
Пәндер