Жер суару және суландыру үшін пайдалынылатын су көздерінің түрлері және суарудың топыраққа тигізетін ықпалы



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Жер суару және суландыру үшін пайдалынылатын су көздерінің
түрлері және суарудың топыраққа тигізетін ықпалы
2.2. Грунт сулары

III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиет
«Мелиорация» деген сөз түбірі латын тілінен алынған, жақсарту деген сөз. Көпшілік жағдайда жерді, топырақты жақсарту мағынасында қолданылады.
Мәселен, ауа райын, жер бедерін т.б. әр аймақтардың табиғи орналасу жағдайларына байланысты топырақты мелиорациялау (жақсарту) түрлері әрқалай. Мысалы ТМД елдерінің батыс бөлігіндегі және Балтық бойы мемлекеттерінде ауадан түсетін ылғал мол да, күн сәулесінің жылуы жеткіліксіз. Яғни сулану басым, ал булану азырақ. Соған байланысты бұл өңірлерде батпақты топырақ молырақ орын алады. Ауыл шаруашылығына тиімді пайдалану үшін бұларды қолдан құрғату мелиорацияларын қолдану қажет.
Ал ТМД елдерінің оңтүстік шығыстағы орналасқан мемлекеттерінде керісінше ауадан түсетін ылғалдар тапшы, булану өте көп. Орта Азия, Кавказдың арғы беті, Оңтүстік Қазақстан аймақтарында негізінен құрғақ дала, шөл дала және шөл зоналары орын алады. Бұл өңірлерде топырақты ауыл шаруашылығына тиімді пайдалану үшін оларды қолдан суарады.
Оңтүстік Қазақстанның құрғақ, күні ыстық аудандарында егіншілікпен шұғылдану үшін егістіктерді қолдан суармайынша болмайды. Сондықтан бұл аймақта егіншілікпен айналысу атам заманнан бері сумен байланысты. Дегенмен белгілі Қазан төңкерісіне дейін бұл өлкеде суармалы егіншілік онша дамымады. Себебі жерді көп көлемде суару - оңай іс емес. Ол үшін күрделі ирригациялық-инженерлік құрылыстар салу қажет болды. Ал ол кездегі жеке меншік, бытыраңқы шаруашылықта не техника, не кадр, не қаржы болмады. Сондықтан ол кездегі егістіктер тек қолдан қазылған шағын арықтар арқылы ғана суарылды.
Мемлекет тарапынан суармалы егіншілікті дамытып, өрістетуге ешқандай көмек болмады. Патшалық Ресей мен оның жергілікті шабармандары бұл мәселеге ешқандай көңіл бөлмей, қаржы босатпады. Мысалы, 1909 жылы қазақ пен өзбек жерінде орналасқан Мырзашөл алқабын суару үшін оның топырағын жан-жақты, түбегейлі зерттеу керек екендігін дәлелдеп, Түркістан өлкесінің бастығынан қаржы сұраған ғалым, топырақтанушы-агроном М.М.Бушуевтің хатына Түркістан губернаторы - «Топырақтану ғылым әлі өз аяғына жөнді тұрған ғылым емес» деген бұрыштама қойыпты. 1912-1913 жылдары қырғыз, қазақ жерімен ағатын суы мол Шу өзенінің бойын инженер В.А.Васильев толық зерттеп, осы өзеннің суы арқылы суарылатын Шу бойының жерлерінің жобасын жасайды да, оны егіншілік министрлігіне бекітуге апарады. Министрліктің жерді жақсарту бөлімінің бастығы князь Р.И.Мосальский бұл жобаға: «Архивке. Әлде бір қырғыздар қоныстанған, Шу бойын суару жобасы кімге қажет» деп қол қойыпты. Міне, осындай көзқарастан патшалық Ресейдің өзіне қарайтын шет аймақтарға қаншалық «қамқорлық» жасағаны көрінеді.
1.Емелин Ю.Б. Методология прогнозирования технического прогресса и моделирование инвестиционно-технической политики в сельском хозяйстве. Дисс. д-ра техн. наук. Саратов, 2000г
2. В.Р Вильямса. Зональное системы земледелия Алматы, Кайнар 2001г.
3. Интернет желісі.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Жер суару және суландыру үшін пайдалынылатын су көздерінің
түрлері және суарудың топыраққа тигізетін ықпалы
2.2. Грунт сулары

III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиет

Кіріспе
Мелиорация деген сөз түбірі латын тілінен алынған, жақсарту деген сөз. Көпшілік жағдайда жерді, топырақты жақсарту мағынасында қолданылады.
Мәселен, ауа райын, жер бедерін т.б. әр аймақтардың табиғи орналасу жағдайларына байланысты топырақты мелиорациялау (жақсарту) түрлері әрқалай. Мысалы ТМД елдерінің батыс бөлігіндегі және Балтық бойы мемлекеттерінде ауадан түсетін ылғал мол да, күн сәулесінің жылуы жеткіліксіз. Яғни сулану басым, ал булану азырақ. Соған байланысты бұл өңірлерде батпақты топырақ молырақ орын алады. Ауыл шаруашылығына тиімді пайдалану үшін бұларды қолдан құрғату мелиорацияларын қолдану қажет.
Ал ТМД елдерінің оңтүстік шығыстағы орналасқан мемлекеттерінде керісінше ауадан түсетін ылғалдар тапшы, булану өте көп. Орта Азия, Кавказдың арғы беті, Оңтүстік Қазақстан аймақтарында негізінен құрғақ дала, шөл дала және шөл зоналары орын алады. Бұл өңірлерде топырақты ауыл шаруашылығына тиімді пайдалану үшін оларды қолдан суарады.
Оңтүстік Қазақстанның құрғақ, күні ыстық аудандарында егіншілікпен шұғылдану үшін егістіктерді қолдан суармайынша болмайды. Сондықтан бұл аймақта егіншілікпен айналысу атам заманнан бері сумен байланысты. Дегенмен белгілі Қазан төңкерісіне дейін бұл өлкеде суармалы егіншілік онша дамымады. Себебі жерді көп көлемде суару - оңай іс емес. Ол үшін күрделі ирригациялық-инженерлік құрылыстар салу қажет болды. Ал ол кездегі жеке меншік, бытыраңқы шаруашылықта не техника, не кадр, не қаржы болмады. Сондықтан ол кездегі егістіктер тек қолдан қазылған шағын арықтар арқылы ғана суарылды.
Мемлекет тарапынан суармалы егіншілікті дамытып, өрістетуге ешқандай көмек болмады. Патшалық Ресей мен оның жергілікті шабармандары бұл мәселеге ешқандай көңіл бөлмей, қаржы босатпады. Мысалы, 1909 жылы қазақ пен өзбек жерінде орналасқан Мырзашөл алқабын суару үшін оның топырағын жан-жақты, түбегейлі зерттеу керек екендігін дәлелдеп, Түркістан өлкесінің бастығынан қаржы сұраған ғалым, топырақтанушы-агроном М.М.Бушуевтің хатына Түркістан губернаторы - Топырақтану ғылым әлі өз аяғына жөнді тұрған ғылым емес деген бұрыштама қойыпты. 1912-1913 жылдары қырғыз, қазақ жерімен ағатын суы мол Шу өзенінің бойын инженер В.А.Васильев толық зерттеп, осы өзеннің суы арқылы суарылатын Шу бойының жерлерінің жобасын жасайды да, оны егіншілік министрлігіне бекітуге апарады. Министрліктің жерді жақсарту бөлімінің бастығы князь Р.И.Мосальский бұл жобаға: Архивке. Әлде бір қырғыздар қоныстанған, Шу бойын суару жобасы кімге қажет деп қол қойыпты. Міне, осындай көзқарастан патшалық Ресейдің өзіне қарайтын шет аймақтарға қаншалық қамқорлық жасағаны көрінеді.
Қазан төңкерісінен кейін жағдай өзгерді. Жерді суару, құрғақшылықпен күресу және шөл аймақтарда суарылған кезде ғана өсетін мақта егісінің көлемін, өнімін арттырып, шет елдерден мақта шикізатын тасуды тоқтату міндетін алға қойды.
1918 жылғы Түркістандағы суландыру жұмыстарына 50 млн сом қаржы бөлу жөнінде бұл жұмыстарды ұйымдастыру туралы деген декретте былай делінген: 1. Орыс тоқыма өнеркәсібін мақтамен қамтамасыз етуді арттыру жөніндегі жұмыстардың жоспары бекітілсін, бұл жоспар мынадай: а) Самарқан облысының Ходжент уезіндегі Бетпақ даланың 500 мың десятина жерін суландыру, Бетпақ дала қарама-қарсы, Сырдария өзенінің арғы жағында Дальверзин даласының 40 мың десятина жерін қамтитын ирригациялық жүйенің басты құрылыстарын қамтамасыз ету; б) Ферғана облысының Үшқорған даласының 10 мың десятина жерін суландыру; в) Заравшан өзенінің арнасын реттеу жолымен мақта дақылына арнап 100 мыңдай десятина жерді босату үшін Заравшан өзеніндегі Дупилин көпірі алдынан су қоймасын салу; г) Шу өзені алқабында 94 мың десятина жерді суландыру үшін салынатын ирригациялық жүйелердің құрылысын аяқтау .
Бұл ирригациялық кең бағдарламаны жүзеге асыру үшін Түркістанда (Ташкентте) арнайы ирригациялық жұмыстар басқармасы құрылып, оған жоғарыда көрсетілген 50 млн сом қаржы бөлінді.
Бұл құжат түркімен, өзбек, тәжік, қырғыз және қазақ халықтарының ғасырлар бойғы арманын іске асыру үшін жер суландыру құрылыстарын кеңінен өрістетуге, суарылатын жерлер көлемін молайтуға шешуші әсерін тигізді. Айта кету керек, Ленин бұл декретке қол қойып, ақша бөлумен қатар, осы декреттің өмірде жүзеге асуы үшін көптеген шаралар қолданды. Мысалы, 1918 жылдың тамызындағы хатта: Түркістан өлкесінің басшыларына, Түркістан ирригациялық жүйелерінде істейтін жұмысшылар мен қызметкерлер басқа жұмыстарға жіберілмесін, оларға тұрғын үйлер мен қоғамдық бөлмелер тез бөлінсін делінген. Осы күні Петроградтың төтенше комиссиясының председателі И.С.Урицкийге телеграмма соғылып, Петроградтан Түркістанның ирригациялық басқармасына жөнелтілетін жүктердің тоқтаусыз жеткізілуі талап етілген. Ирригация жұмыстары қарқынды қолға алынып, бекітілген белгілі ГОЭЛРО жоспарынан да тыс қалған жоқ. Бұл жоспар бойынша ауыл шаруашылығының электрлендірумен, механикаландырулармен қатар жерді мелиорациялау, яғни жерді суару мен құрғату кең түрде жоспарланған еді.
Бұдан кейінгі жылдары да жерді суарудың ауыл шаруашылығын дамытудағы маңызына үнемі үлкен назар аударылып отырды. 1921 жылдың көктемінде Әзірбайжан, Грузия, Армения, Дағыстан және тау халықтары республикаларының еңбекшілеріне жазылған хатта: Егіншілік пен мал шаруашылығын қалай болғанда да игеру үшін жерді суару ерекше маңызды... Суару бәрінен де гөрі керек және бәрінен гөрі өлкені қайта құрады, оны жандандырады, ескіні келмеске жібереді, жаңа өмірге өтуді нығайтады деп ирригация мәселесіне ерекше көңіл бөлінген.
Ал Шу өзені бойында игерілген жер көлемі жоғарыдағы декретте көрсетілген көлемнен бірнеше есе асып, қазір қырғыз, қазақ республикаларындағы осы өзен суымен суарылатын егістік 500 мың гектарға жетті (негізінен қант қызылшасы егіледі). Таяу болашақта суармалы жер көлемі қазіргіден әлдеқайда артады.
Күн сайын өсіп келе жатқан халқымыздың әл-ауқатын жақсарту, күнделікті талғам-талабын қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылық дақылдарының өнімін де, көлемін де арттыра түсу керек. Суармалы жерлердегі егістіктер - ауыл шаруашылығымызды өркендетудің негізгі бір қайнар бұлағы, байлық көзі. Сондықтан бұл саланы өркендету әрдайым назарда болғаны жөн. Әсіресе бұл мәселемен мемлекетіміз соңғы жылдары қатты шұғылданып келеді. Таяу жылдары елімізде суармалы жер көлемі үдемелеп артып келешекте суармалы егіншілік дамымақ. Себебі республиканың табиғи жағдайда ылғалмен қамтамасыз етілген, жыртуға жарамды жерлері түгелімен егістікке игерілген, ал қалған егістікке жарамды жерлерді игеру үшін оларды міндетті түрде қолдан суару қажет.
Қазақстанның суармалы жер көлемі қазір 1,0 млн гектардай. Олар негізінен оңтүстіктегі Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында. Болашақта осы облыстардағы мол сулы өзендер - Іле, Шу, Сырдария және басқа майда өзендердің суларын тиімді пайдалану арқылы Оңтүстік Қазақстандағы суармалы жер көлемін 2-2,2 млн гектарға жеткізуге болады. Біраз жерлерді Қазақстанның батысындағы Жайық өзені, ал республикамыздың шығысы мен терістігінде Ертіс, Есіл, Тобыл өзендері арқылы суғарылмақ

2.1. Жер суару және суландыру үшін пайдалынылатын су көздерінің түрлері және суарудың топыраққа тигізетін ықпалы.

Жерді суару және суландыру.
Ауыл шаруашылық дақылдарынан мол және тұрақты өнім алу үшін егіс белгілі тәртіпте қолдан сұрыпталып,топырақ ылғалдылығы қажетті мөлшерге дейін жеткізілуге тиісті.Ал суды егіс алқабына жіберу үшін арнаулы суару жүйелері жасалады.
Техникалық және дәнді дақылдарды,мал азықтық шөптерді,көкөністі және басқаларын суарудың шаруашылықтық маңызы бар.
Шөл және шөлейт аймақтарда ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту тек суармалы егістер ұйымдастыру негізінде ғана мүмкін болады.Ал қуаңшылық аудандарда жер суару жұмысын тиімді пайдаланудың арқасында оларды гүлденген аймаққа айналдырып,елімізде мақта,күріш,жеміс және тағы басқа ауыл шаруашылық дақылдарының мол өнімін алуға мүмкіншілік туады.

Ал енді далаңқы аудандарда жауын-шашынның жеткіліксіз және жыл бойн өте құбылмалы болуының салдарың салдарынан ауыл шаруашылық дақылдарының өнімі тұрақсыз болады.Сондықтан,бұл аймақтарда жыл сайын дәнді,техникалық және мал азығы дақылдары мен көкөністің мол өнімін тек суару жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру негізінде алуға болады.
Егісті суару еліміздің тек оңтүстік топырақ дымқылдығы құбылмалы аудандарында ғана тиімді болып қоймай,сондай-ақ дымқылдығы артық аймақтарда да өте тиімді.
Суарудың түрлері.Жер суару топырақты дымқылдандыру,тыңайту және арналы суару болып үш түрге бөлінеді :
Топырақта қажетті су және ауа режимін жасау үшін суарудың дымқылдандыру түрі пайдаланылады.Суарудың бұл түрі дүние жүзінде де өте көп тараған негізгі түрі болып саналады және өсімдіктердің өсіп-өну дәуірімен оның кейбір кезеңдерінде судың керекті мөлшерімен қамтамасыз етілмеген шақтарында жүргізіледі.
Суарудың бұл түрі өзінше жүйелі (тұрақты) және бір дүркін ғана суару болып бөлінеді.
Шаруашылық жағдайында суарудың жүйелі пайдаланғанды топырақ қажетті мөлшерде және керекті мезгілде дымқылданады.
Су көздерінен су суару жүйелеріне ағатын болғанда өздігінен ағызып суару,оған керісінше, механиқалық әдіспен жіберілсе,онда механикалық суару деп аталады.
Жоғарыда көрсетілгендей,біздің елімізде судың өздігінен ағуына негізделген жүйелі суару түрі көп тараған және оның ең негізгі түрі болып саналады.
Ал енді жерді бір дүркін ғана суару үшін су алаңға бір-ақ рет жайылады. Алаңға жазғытұрым пайда болатын қар суы жабылған жағдайда ол көлтабанды суарма деп аталады. Ал енді алаңға каналдар арқылы көктемгі тасқын сулары жайылса оны тасқын сумен суару деп атайды. Көлтабанды суарма әсіресе Қазақстанда,Ресей және Украинада кеңінен тараған.
Суарудың топырақты тыңайту үшін қолданылатын түрін ұйымдастырғанда тыңайтқыштар сумен бірге топыраққа ерітілген күйінде таратылып,оның дымқылдану қабатына сіңеді. Суарудың бұл түріне қалалар мен өнеркәсіп орындарының сарқынды суларын және құрамында асылған топырағы мол тасқын суларын пайдалану жатады.
Арнаулы суарудың түріне топырақты тазарту, жылыту және мақсаттармен жүргізілетін суару жұмыстары жатады. Суарудың топырақты тазарту үшін қолданылатын түрі оның құрамындағы артық тұздарды шаю және өсімдіктерге зиянкес жәндіктерді құрту үшін ұйымдастырылыды.
Топырақты жылыту үшін суарғанда,оны зөінен жылырақ сумен суарып жылытудың арқасында өсімдіктердің өсіп-өну дәуірі ұзартылады. Суарудың бұл түрі шаруашылық жағдайында қазіргі уақытта аса көп тарамаған.
Суардың тәсілдері. Суды топыраққа енгізу тәсіліне қарай жер суару үш түрге бөлінеді:

1.Беткейлеп, немесе беткі жағынан суару тәсілі. Бұл әдісті қолданғанда су топырақ бетіне суару бороздалары,алқаптары және атыздары арқылы таратылады. Бұл әдіс біздің елімізде кеңінен тараған.
2.Жаңбыралатып суару тәсілі. Бұл әдісті қолданғанда жаңбырлтқыш аппараттар арқылы су жоғары шашыратылып,онда тамшыларға бөлініп жер бетіне табиғи жуын тәрізді жауып, ауаның жер бетіне жақын қабатын, өсімдіктерді және топырақты ылғалдандырады. Қазіргі уақытта суарудың бұл әдісі шаруашылықтарда өте көп тараған.
3. Егісті астыңғы жағынан суару әдісін қолдану үшін су топырақтың жыртылатын қабатының астыңғы қыртысына енгізіледі.Бұл әдіс әзірше көп тарамаған және қазіргі уақытта толық жетілдіру сатысы үстінде.
Суарудың топыраққа тигізетін ықпалы.Суару микроклиматқа, сондай-ақ топырақ қабатында болатып физикалық, химиялық, биохимиялық және биологиялық процестерге өте күрделі және әр түрлі ықпал тигізеді.
Суарудың топырақтың физика-химиялық қасиеттеріне тигізетін ықпалы өте күрделі: топырақтың дымқылдығын, температурасын, жылу сыйымдылығын,механикалық құрамын,борпылдақтылығын, құрылымын,су өткізгіштігін,ылғал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауылшаруашылық дақылдарының суару режимін есептеу
ОҚО Төлеби ауданына қарасты «Алмалы» шаруа қожалығының 450 га көкөніс дақылдары алқабын суғару жүйесінің жобасы
Ауыл шаруашылық дақылдарының суару режимі
Мелиорация – табиғатты ұйымдастыру ілімі
ОҚО Мақтарал ауданы Тоған ЖШС жер алқабын суғару жүйесін жетілдіру туралы ақпарат
Суармалы жерлер туралы жалпы түсінік
Ауыл шаруашылық дақылдарын суарудың негізгі әдістері
ОҚО Мақтарал ауданы Тоған ЖШС жер алқабын суғару жүйесін жетілдіру
Бақ жасақтау
Карық арқылы суғару
Пәндер