Жұмсақ бидайдың алғы дақылы, топырақ өңдеу агротехнологиясы және арамшөптермен күресу шаралары



Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Жұмсақ бидайдың алғы дақылы, топырақ өңдеу агротехнологиясы
және арамшөптермен күресу шаралары.
2. Дәнді бұршақ дақылдар.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет
Ауыспалы егістер жөніндегі түсінік. Ауыспалы егіс дегеніміз — ғылымға негіздеп дақылдар мен сүрі танапты белгілі бір мерзімде және аумақта кезектестіріп орналастыру. Дақылдар мен сүрі жердің кезектесу ретімен бірінен соң бірінің орналасуын ауыспалы егістің кестесі (схемасы) деп атайды. Мысалы, Қазақстандағы ең кең тараған ауыспалы егістің кестесі: 1 — сүрі жер, 2 — жаздық бидай, 3 — жаздық бидай, 4 — арпа. Дақылдар мен сүрі жердің ауыспалы егістің барлық танаптары арқылы өтуі олардың аумақта кезектесуін білдіреді. Дақылды бір танапта ұзақ уақыт өсіруді ауысымсыз, ал шаруашылықтағы негізгі дақылды дара дақыл деп атайды. Ауыспалы егістерде, кейде бір дақылды бірнеше жыл бойы қатарынан егеді, сосын оны басқа дақылмен ауыстырады. Мұндай егістіктерді қайталама егістік деп атайды. Ауыспалы егістің әр танабында әдетте бір дақылды өсіреді, кейде бір танапта биологиясы және өсіру технологиясы ұқсас бірнеше дақылды орналастырады. Ауыспалы егістің мұндай танаптарын құрама деп атайды.
Ауыспалы егістің жақсы алғы егіспен басталып, келесі жақсы алғы егістің алдында аяқталатын бөлігі ауыспалы егістің буыны деп аталады.
Ауыспалы егіс тәсіліне сәйкес, дақылдар мен сүрі жердің кезектесуінің толық циклі өтетін кезеңді айналым (ротация) деп атайды. Оның ұзақтығы әдетте ауыспалы егістегі танаптар санына тең. Ауыспалы егістің тыс танабы деп дақылдардың кезектесуінен уақытша шығарылып және бірнеше жыл бойы бір дақыл ретінде өсірілетін танапты айтады. Тыс танапта көбінесе көпжылдық шөптер, жүгері өсіріледі.
Алғы дақыл деп осы танапта өткен жылы болған дақылды немесе сүрі жерді атайды, яғни ауыспалы егістегі әрбір дақыл немесе сүрі жер өзінен кейінгі дақыл үшін алғы дақыл болып табылады.
Ауыспалы егістің, дақыл мен сүрі жерді ретімен ауысуына, олардың кезектестік қағидасына өзгертулер енгізуге мүмкіндік беретін қасиетін оның икемділігі (бейімделгіштігі) деп атайды. Айналымы ұзақ және биологиясы ұқсас дақылдардан тұратын ауыспалы егістің икемділігі жоғары.
Дақылдардың кезектесу қажеттілігі химиялық, физикалық, биологиялық, экономикалық себептерге байланысты.
Бір дақылды тұрақты немесе ұзақ уақыт бойы бір жерге өсіре берсе, онда арамшөптер, зиянкестер және аурулар қаптап, топырақ тозады да, өнімнің азаюына әкеп соқтырады. Ауыспалы егісте дақылдарды кезектестіру, биологиялық себептердің кері әсерін төмендетеді немесе тіпті мүлдем жояды. Мәселен, күнбағысты тұрақты сепкенде ол тоғышар арамшөп сұңғыладан күшті зақымданады; бидайды кезектестірмей сепсе, онда ол тамыр шіріндісі ауруына шалдығады.
1. Егіншілік-Ә.Ә.Әуезов, Т.А.Атақұлов,Н.Ш.Сүлейменова, Қ.Ш.Жаңабаев Алматы-2005ж.
2. Қ.Әріпов ,А.Нағымтаев, М.Ысқақов, Н.Серікпаев, И.Жұмағұлов. Агрономия негіздері Астана-2007ж.
3. Қ.Жаңабаев, С.Арыстанғұлов Агрономия негіздері «Фолиант» баспасы Астана-2010ж.
4. Интернет желісі.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ауыл Шаруашылық Министрлігі
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Кафедра: Агрономия

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:__________________________ ________________________________
___________________________________ ___________________________________ _______

Қабылдаған:_____________________
Орындаған:______________________
Тобы:АГ-301Қ

АЛМАТЫ-2016

Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Жұмсақ бидайдың алғы дақылы, топырақ өңдеу агротехнологиясы
және арамшөптермен күресу шаралары.
2. Дәнді бұршақ дақылдар.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет

Кіріспе
Ауыспалы егістер жөніндегі түсінік. Ауыспалы егіс дегеніміз -- ғылымға негіздеп дақылдар мен сүрі танапты белгілі бір мерзімде және аумақта кезектестіріп орналастыру. Дақылдар мен сүрі жердің кезектесу ретімен бірінен соң бірінің орналасуын ауыспалы егістің кестесі (схемасы) деп атайды. Мысалы, Қазақстандағы ең кең тараған ауыспалы егістің кестесі: 1 -- сүрі жер, 2 -- жаздық бидай, 3 -- жаздық бидай, 4 -- арпа. Дақылдар мен сүрі жердің ауыспалы егістің барлық танаптары арқылы өтуі олардың аумақта кезектесуін білдіреді. Дақылды бір танапта ұзақ уақыт өсіруді ауысымсыз, ал шаруашылықтағы негізгі дақылды дара дақыл деп атайды. Ауыспалы егістерде, кейде бір дақылды бірнеше жыл бойы қатарынан егеді, сосын оны басқа дақылмен ауыстырады. Мұндай егістіктерді қайталама егістік деп атайды. Ауыспалы егістің әр танабында әдетте бір дақылды өсіреді, кейде бір танапта биологиясы және өсіру технологиясы ұқсас бірнеше дақылды орналастырады. Ауыспалы егістің мұндай танаптарын құрама деп атайды.
Ауыспалы егістің жақсы алғы егіспен басталып, келесі жақсы алғы егістің алдында аяқталатын бөлігі ауыспалы егістің буыны деп аталады.
Ауыспалы егіс тәсіліне сәйкес, дақылдар мен сүрі жердің кезектесуінің толық циклі өтетін кезеңді айналым (ротация) деп атайды. Оның ұзақтығы әдетте ауыспалы егістегі танаптар санына тең. Ауыспалы егістің тыс танабы деп дақылдардың кезектесуінен уақытша шығарылып және бірнеше жыл бойы бір дақыл ретінде өсірілетін танапты айтады. Тыс танапта көбінесе көпжылдық шөптер, жүгері өсіріледі.
Алғы дақыл деп осы танапта өткен жылы болған дақылды немесе сүрі жерді атайды, яғни ауыспалы егістегі әрбір дақыл немесе сүрі жер өзінен кейінгі дақыл үшін алғы дақыл болып табылады.
Ауыспалы егістің, дақыл мен сүрі жерді ретімен ауысуына, олардың кезектестік қағидасына өзгертулер енгізуге мүмкіндік беретін қасиетін оның икемділігі (бейімделгіштігі) деп атайды. Айналымы ұзақ және биологиясы ұқсас дақылдардан тұратын ауыспалы егістің икемділігі жоғары.
Дақылдардың кезектесу қажеттілігі химиялық, физикалық, биологиялық, экономикалық себептерге байланысты.
Бір дақылды тұрақты немесе ұзақ уақыт бойы бір жерге өсіре берсе, онда арамшөптер, зиянкестер және аурулар қаптап, топырақ тозады да, өнімнің азаюына әкеп соқтырады. Ауыспалы егісте дақылдарды кезектестіру, биологиялық себептердің кері әсерін төмендетеді немесе тіпті мүлдем жояды. Мәселен, күнбағысты тұрақты сепкенде ол тоғышар арамшөп сұңғыладан күшті зақымданады; бидайды кезектестірмей сепсе, онда ол тамыр шіріндісі ауруына шалдығады.
Бірнеше дақылдарды (дәнді, отамалы дақылдар, көпжылдық екпе шөптер) өсіру оларды себудің, орып алудың мерзімдері әр түрлі болғандықтан, еңбекті, техниканы, жұмысшы күшін біркелкі пайдалануға, мал шаруашылығын азықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды.
Ауыспалы егістегі алғы дақылдар. Дақылдар өнімінің мөлшері мен сапасына алғы дақыл үлкен әсер етеді. Қазақстанның құрғақшылық жағдайында, ең жақсы алғы дақылға сүрі жер (танабы) жатады. Ол топырақта ылғалдың, өсімдікке сіңімді түрдегі қоректік заттардың жиналуын, танаптың фитосанитарлық күйінің жақсаруын және арамшөптен тазалануын қамтамасыз етеді. Қазақстандағы таза, екпе, ықтырмалы, сидералды, жазықтілгіш гербицидті, т.б. сүрі танаптары кең тараған.
Отамалы дақылдар (қант қызылшасы, жүгері, картоп, көкөніс, т.б.) алғы дақыл ретінде танаптарда арамшөптермен күресті жақсы жүргізуге мүмкіндік береді: жаз бойы арамшөптермен қатарлықта күрес жүргізіледі, топыраққа тыңайтқыштар енгізіледі.
Бұршақ тұқымдас дақылдар топырақтағы азотты көбейтеді. Жемшөпке себілген дақылдарды жазда шабу арамшөптерді азайтады.
Көп жылдық шөлтер топырақты органикалық заттар-мен байытады, оның құрылымын жақсартады, су және жел эрозиясынан қорғайды, өсіп-өнген патогенді микроағзаларды құртады. Солтүстік Қазақстанның құрғақшылық жағдайында негізінен көпжылдық дәнді екпе шөптерді, ал оның ішінде құрғақшылыққа ең төзімділерін (еркекшөп) пайдаланады. Көп жылдық екпе шөп қыртысындағы бидайдың астық өнімі, ықтырмалы сүрі танапқа қарағанда гектарына 2,3 ц төмен, бірақ сүрі танаптан кейінгі екінші бидайға қарағанда гектарына 0,7 ц жоғары.
Қарақұмық тамырының жоғары ерітетін қабілетіне байланысты қиын еритін қосылыстардан қоректік заттарды пайдаланып, басқа одан кейін өсірілетін дақылдарға жеңіл сіңетін түрде қалдырады.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының тамыр жүйесі құрылысындағы айырмашылықтары топырақ ылғалдығын пайдаланғанда байқалады. Қуатты тамыр жүйесі бар өсімдіктер -- жүгері, күнбағыс, қант қызылшасы, жоңышқа ылғалды төменгі терең қабаттардан пайдаланады, ал көптеген басқа өсімдіктер ылғалды топырақтың беткі қабаттарынан жұмсайды.
Әр түрлі өсімдіктер құрғақ заттардың қалыптасуына судың мөлшерін әрқалай жұмсайды. Қант, жүгері, күнбағыс, көп жылдық шөптер тары мен арпа сияқты өсімдіктерге қарағанда суды көбірек жұмсайды және топырақты күштірек құрғатады. Сондықтан ауыспалы егісте әр түрлі дақылдарды алмастырғанда қоректік заттарды және топырақ ылғалын тиімді пайдалануға мүмкіншілік туады.
Танапта дақылдардың алмасуы топырақтың физикалық жағдайын, әсіресе оның құрылымы мен тығыздығын жақсартады.
Бір жылдық отамалы дақылдарды қарқынды өңдеулер мен қайталама есіру топырақтың тым борпылдақ болуына, қара шіріктің азаюына, соңынан топырақ құрылымының нашарлауына ұрындырады.
Құрғақ дала және дала аймақтарының жағдайында жел эрозиясының қауіптілігі байқалады. Бұл аймақта көп жылдық шөптер және басқа дақылдар қалың қыртысты (шымды) құрады, топырақ құрылымын жақсартады, суға төзімді агрегаттардың санын көбейтеді, су және жел эрозиясынан қорғайды.
Дәнді дақылдар түріне қарай алғы дақыл ретінде әр түрлі бағаланады. Күздік бидай жаздық бидай мен арпа үшін көптеген отамалы дақылдар үшін жақсы алғы дақыл болып саналады. Жемдік дәнді-дақылдарды, арпа, т.б. нашар алғы дақылға жатқызады және оларды ауыспалы егістің соңынан орналастырады.
Дәнді масақты дақылдар түріне қарай алғы егіс ретінде әр түрлі бағаланады. Күздік бидай, жаздық бидай мен арпа, көптеген отамалы дақылдар үшін жақсы алғы егіс болып есептеледі. Себебі, ол тез қаулап өсуіне байланысты арамшөптермен жақсы күресе алады, танапты ерте босатады. Жаздық бидай мен жаздық арпа қанағаттанарлық алғы дақыл болып есептеледі. Бұлардың ішіндегі нашары -- тары. Тары бастапқы кезде өте жай өседі де, өсіп-дамуы барысында арамшөптерден кейін қалып қояды, сондықтан тарыдан кейін танаптарда арамшөптер көп болады. Жаздық дақылдардың онша айтарлықтай алғы дақыл болып есептелмейтін тағы бір себебі бар. Олар топырақтағы жеңіл сіңірілетін қоректік заттарды едәуір мөлшерде пайдаланады. Сондықтан олар көбіне ауыспалы егістің соңғы танабына егіледі де, бұл дақылдардан кейін танаптар көбіне парға қалдырылады.

Негізгі бөлім
1.Жұмсақ бидайдың алғы дақылы, топырақ өңдеу агротехнологиясы және арамшөптермен күресу шаралары.
Жұмсақ бидай (лат. Botsc) - астық тұқымдасының бидай туысына жататын, биіктігі 50-180 см-ге жететін бір жылдық шөптесін өсімдік.
Сабағы тік, жапырағы жалпақтау таспа тәрізді, сабақ бойына қынап арқылы орналасады. Гүл шоғыры 4-5 гүлден тұратын масақ.
Қазақстан мен Сібірдің далалы аймақтарында көптен себіледі. Өнімділігі жоғары.
Негізгі құрамдық бөлігі - крахмал. Одан басқа белоктық заттар, витаминдер болады. Крахмалдың өндірістік көзі болып табылады. Сонымен қатар бидай дәндерінен Митрошин сұйықтығы дайындалып, тері ауруларын емдеуге қолданылады.
Жұмсақ бидайдың өнім деңгейі оған танаптарды дайындағанда жүргізілетін шаралармен ғана емес, сонымен қатар шаруашылықтағы бүкіл егіншілік мәдениетіне байланысты анықталады. Бидай өсірудің технологиясы оның морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жасалуға тиіс. Жаздық бидай өсіруге қойылатын талаптарды төмендегідей жиынтық түрде көрсетуге болады: жаздық бидай барынша жоғары өнімді қоректік заттарға бай, жыртылатын қабаты қалың, бонитеті жоғары танаптарда қамтамасыз етеді. Топырақтың механикалық құрамы неғұрлым жеңіл болса, соғұрлым егіншілік мәдениеті мен пәрмендендіру факторларына талаптар да арттырылады. Бидайды өсіргенде шектеулі факторға өсімдіктердің өсіп-жетілу кезеңдеріндегі ылғалмен төмен деңгейде қамтамасыз етілуі де жатады; топырақ жеңіл болған сайын, жауын-шашынның мөлшері мен бөлінуі ерекше маңызға ие болады.
Алғы дақылдар. Дақылдың құндылығын ескере отырып, оның өсірілу жағдайларына талаптарын қанағаттандыру мақсатында жаздық бидайға барынша жақсы жерлерді, алғы дақылдарды таңдап алуға тура келеді. Ең жақсы алғы дақылдар: сүрі жері, сүріден кейінгі екінші дақыл, дәнді бұршақ дақылдары, сүрлемдік жүгері. Пішенге, жасыл балаусаға дәнді бұршақ дақылдарының бірімен (асбұршақ, сиыржоңышқа, ж.б.) немесе жеке өзі өсірілген сұлы, сонымен қатар ерте себіліп (жаздық бидайды себуге дейін) және жалқы азыққа (монокорм) жиналған арпа да айтарлықтай алғы дақыл болады.
Топырақ өңдеу. Топырақ өңдеу нақты аймақ жағдайында алғы дақылға, топырақ ерекшеліктеріне, оның арамшөптермен ластануына, басым арамшөптер түріне және көптеген басқа - жағдайларға байланысты өзгереді.
Топырақ өңдеу жүйесі көктемгі себу қарсаңына барынша мол ылғал қорын жинақтауға және оның өсімдіктердің өсіп-жетілу кезеңдерінде үнемді пайдалануына мүмкіндік жасағаны абзал.
Сүрі жерді өңдеу. Сүрі жерді өңдеу аймақтық егіншілік жүйесіне сәйкес жүргізіледі. Қазіргі кезеңде ҚР АШМ-нің Казагроинновация АҚ-ның А.И. Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ЖШС-нің және басқа ғылыми мекемелердің жасаған жазықтілгішті, кешенді құрастырылған эрозияға қарсы, нөлдік, минималды - нөлдік және минималды сүрі танабын дайындау технологиялары қолданылуда.
Жазық тілгішті сүрі танабы алғы дақыл жиналғаннан кейін жазық тілгіш культиваторлардың бірімен 12-14 см тереңдікке өңделеді.
Соның нәтижесінде өсіп тұрған арамшөптер қырқылады, олардың тұқымының бір бөлігі топыраққа сіңіріледі және қопсытылған топырақ суды жақсы жұтады. Қара сұлымен қатты ластанған танаптарды күзде жазық тілгіштермен өңдесімен БИГ-3 имек тісті тырмалармен немесе олардың модификацияларының бірімен 4-6 см тереңдікке қосымша қопсытылады. Ал бұл агротехникалық шара қара сұлы мен басқа арамшөптер тұқымдарының ерте көктемде жаппай өсіп шығуына мүмкіндік жасайды.
Көктемгі жұмыс сүрі жерді қара сұлы жаппай көктегеннен кейін жазық тілгіш культиваторлардың бірімен өңдеуден басталады. Күшті ластанған танаптарда бұл жұмысты дәнді дақылдарды сепкенге дейін жүргізген дұрыс, соның нәтижесінде арамшөптер тым өсіп кетпейді, топырақты өңдегенде олар жеңіл құртылады, әрі топырақ артық кеуіп кетуден сақталады. Сүрі танабының бұдан әрі өңделуі атпа тамырлы арамшөптер күйіне байланысты - олардың сабақтанып кетуіне жол бермеген жөн. Осы мақсатпен пардысүрі жерді өңдегенге дейін (тамыздың соңғы онкүндігі) әрбір 18-20 күнде 10-12 см тереңдікте культивацияланады да жаз бойы кем дегенде 4 рет жүргізіледі. Жаз қуаңшылықты болғанда культиваторлармен сүрі жерді екінші немесе үшінші өңдеуден өткізгеннен кейін атпа тамырлы арамшөптер өсіп шығуы ықтимал. Олардың ішінде ең қауіптісі егістік шырмауық. Қуатты тамыр жүйесінің арқасында ол механикалық өңдеуге өте төзімді. Оны құрту үшін топырақты жазық тілгіш құралдармен өңдеумен қатар 2,4-Д немесе диален гербицидімен бүрку жұмыстарын қабыстырып жүргізу қажет. Бұл жағдайда сүрі жерді екінші өңдегеннен кейін 25-30 күн бойы егістік шырмауықтың өсуіне мүмкіндік беру керек, ал соңынан (тамыздың бірінші онкүндігінде) танап 2,4-Д тобының эфирлерімен (1,2 кгга ә.е.з. мөлшерінде) немесе диаленмен (1,6-2,0 кгга ә.е.з.) бүркеледі. Қоректік заттармен бірге төмен түсетін ағыстың нәтижесінде гербицидтер тамыр жүйесіне енеді де келесі жылы шырмауықтың толық жойылып кетуіне әкеліп соғады.
Тамыр сабақты жатаған бидайықпен ластанған сүрі танабын 4-5 рет 14-16 см тереңдікте КПЭ-3,8 немесе КТС-10-01 культиваторымен өңдеген барынша тиімді.
Тамыр сабақты қарабас шалғын (острец) арамшөбімен ластанған сүрі жерді дайындаудың технологиясы біршама өзгеше. Оның тамыр сабағы 18-28 см тереңдікке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күздік бидай және қара бидай
Көшеттіктерде гербицидтерді қолдану
Жаздық бидай
Жер өңдеу мен егін шаруашылығы ошақтарының қалыптасуы және дамуы
Жаздық жұмсақ бидай
Майбұршақтың арамшөптерден тазалау
Пайдалануға берілген жаздық бидайдың сорттары
Өсімдікті интегралды қорғау жүйесінде шаруашылықты ұйымдастыру
Ақмола облысы, Шортанды ауданының табиғи климаттық жағдайы
Оңтүстік Қазақстанның жерлерінде күздік бидайды тікелей егу жұмыстарын жүргізу
Пәндер