Депозит


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
- НАРЫқТЫқ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КОММЕРЦИяЛЫқ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК САяСАТЫНЫҢ ТЕОРИяЛЫқ НЕГІЗДЕРІ. . Депозиттік саясатты қалыптастырудың әдістемелік негіздері . . . Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының халықаралық тәжірибесі және оны Қазақстанда қолдану мүмкіндігі . . .
- Қазақстан РЕСПУБЛИКАСЫНДА ДЕПОЗИТТІК РЫНОКТЫҢ қАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ЖӘНЕ БАНКТІҢ ДЕПОЗИТІІК САяСАТЫН ТАЛДАУ
2. 1 Қазақстан Республикасындағы депозиттер мен салымдар рыногының қазіргі кездегі жағдайы және банктердің депозиттік саясатын жүзеге асыру бағыттары . . .
- Оңтүстік Қазақстан облысындағы депозиттер мен салымдар рыногының қазіргі кездегі жағдайы және банктердің депозиттік саясатын жүзеге асыру бағыттары . . .
- КОММЕРЦИяЛЫқ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК САяСАТЫН қАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ БОЛАШАқТАҒЫ БАҒЫТТАРЫ. . .
3. 1. Банктің депозиттік портфелін қалыптастырудағы тәуекелділік және оны басқару . . .
3. 2. Коммерциялық банктің депозиттік саясатын қалыптастырудың әдістері мен механизмдерін одан әрі жетілдіру жолдары . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
5
9
9
20
28
28
54
60
60
63
70
74
Кіріспе
Қазір бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Дағдарыс салқыны біздің Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Оны еңсеруге әлемнің жетекші экономикалары қазірдің өзінде 10 триллионнан астам АҚШ долларын, яғни бүкіл әлемдік ІЖӨ-нің іс жүзінде 15 пайызын жұмсады. Бірақ та ахуал жақсы жаққа қарай әлі өзгеретін емес. Дағдарыс өз ауқымына дәйектілікпен Америка континентін, Еуропа мен Азияны тартты. Бүкіл жағдайға қарағанда, ол ұзаққа созылады. Талдамашылар айтқанындай, әлемдік экономика өз құлдырауында әлі шыңырау түбіне жеткен жоқ.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауында: «Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін біз банктерге қосымша өтімділік бердік. Бұл шағын және орта бизнестің, ірі кәсіпорындардың экономикалық белсенділігін қамтамасыз ету үшін жасалды. Жеке тұлғалардың салымдары бойынша кепілді өтеудің сомасы 700 мыңнан 5 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды. Мемлекет сыртқы қарыз алумен және меншік капиталының жеткіліктілігімен байланысты банк секторының тәуекелдерін төмендетуге көмектесті» деп айта кетті [1] .
Әрине бұл іс-қимылдар өз жемісін беретініне күмән жоқ. Бүгінгі таңда нарықтық экономика жолына баяғыда түсіп, зор жетістіктерге жеткен өркениетті елдер тәжірибесін үйрене отырып, банк жүйесін халықаралық стандарттарға көшіру ел экономикасы үшін маңызды болып табылады.
Банк жүйесін реформалау қажетілігі Қазақстанның эволюциялық дамуының сапалы, жаңа деңгейге жетуінің қажеттігінен туындап отыр. Нарықтық экономикаға көшкен жылдар аралығында Қазақстан Республикасының банк жүйесі реформалаудың ұзақ та, қиын кезеңін бастан кешірді. Бұл кезеңде еліміздің банк жүйесінде тек сандық емес, сонымен бірге сапалы өзгерістер болды деп айтуға болады.
Қазақстанда банк жүйесін реформалау ісі ең алдымен коммерциялық банктерді құрудан басталды. Тек Қазақстанда емес, сонымен бірге бүкіл КСРО аумағындағы бірінші болып құрылған банк, Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан Союз кооперативтік банкі болатын. Банк операцияларын жүргізу құқығын беретін лицензиясын (рұқсатын) ол 1988 жылдың 24 тамызында алды. Бірақ, аталмыш банктің қызметі небәрі 7 жылға ғана созылып, қызметіндегі айтулы елеулі кемшіліктері үшін 2008 жылдың 24 тамызында банк операцияларын жүргізу үшін берілген лицензиясы қайтарылып алынды. Қазақстан аумағында 1988 жылдың 19 қыркүйегінде құрылған екінші коммерциялық банкке Алматы Орталық кооперативтік банкі жатады. қазіргі кезде аталмыш банк «ЦентрКредит» ААҚ болып, банк қызметі нарығында өз қызметін тиімді атқаруда.
Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасқан алғашқы кезеңдерінде сауатты, кәсіпкерлік деңгейі жоғары, білікті мамандардың болмауы, банк саласының қызметін реттейтін заңнамалардың толық жетілмеуі банк қызметін жүзеге асыруда көптеген қателіктер жіберіп, банктердің жабылып қалуына тікелей себебін тигізді.
Реформаның құқықтық қамтамасыз етілуі және банк жүйесінің қалыпты қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында 2000 жылдың наурыз айында “Заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”; 2001 жылдың 28 сәуірінде “Қазақстан Республикасында вексель айналысы туралы”; 2000 жылдың 11 шілдесінде “Банк қызметінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” бірқатар заңдары қабылданды.
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің тұрақтылығы, көбіне екінші деңгейлі банктердің тұрақтылығымен байланысты болып келеді. Жоғарыда атап өткен себептерге қоса, бүкіләлемдік қаржы дағдарысы мен банктерге деген сенімсіздік көптеген банктердің қызметіне тосқауыл болып, банктердің сенімділігін қауіп алдына қойды, ал оған төтеп бере алмаған банктер банкроттықа ұшырады. Ел экономикасында бірлескен және шет ел банктерінің, олардың филиалдарының пайда болуы бәсекелестікті одан әрі күшейтіп жіберді. Нәтижесінде, банктердің несие ресурстарының айналымдылығы төмендеп, мерзімі ұзартылған несиелердің көлемі өсті. Жалпы дағдарыс жағдайында коммерциялық банктер тәуекелдің жоғары деңгейімен бетпе-бет кездесіп, оған төтеп бере алмаған банктер жабылып қалып жатты. Сондықтан да біз бүгінгі таңдағы әлемдік тәжірибеде қалыптасқан банк қызметіндегі депозиттік саясатты қалыптастырудың әдістемелерін оқып біліп, осы алған білімді еліміздің банк жүйесінің практикасында қолданғанымыз абзал. Жұмысты жазу барысында қарастырып отырған мәселелер, атап айтқанда: банктің депозиттік саясатын қалыптастыру мен депозиттік портфельді басқару мәселелері Қазақстанның банк жүйесінің дамуы мен қалыптасуына байланысты сұрақтарды зерттеудің жаңа бағыты болып табылады.
Талдау мен зерттеу жүргізу барысында банк қызметіндегі депозиттік саясатты қалыптастыру мәселелерін ашып көрсету үшін, біз әлемдік тәжірибеге үлкен көңіл аударып отырмыз және соның көмегі арқылы Қазақстан Республикасында қолдануға тиімді де пайдалы әдістерін қарастырып, депозиттік саясатты қалыптастырудағы тәуекелден “қорғану” үшін қажетті әдістемелерді саралап отырмыз. Осы кешегі күнге дейін отандық бактер үшін банктерді тарату саласындағы басты проблема заң базасын нығайту болып саналып келді. Бүгінде өзінің өзектілігін жоғалтпай, бұл проблема өзінің орынын басқа проблемаға береді - ол ел экономикасына екінші деңгейлі банктердің депозиттік саясатын жүргізудің әсері, оны қалыптастыру әістемелерін одан әрі жетілдіру проблемасы. Сонымен, коммерциялық банктердің қызмет аясы кеңейген сайын, банк қызметіндегі депозиттік портфельді басқару тәуекелі де ұлғая бермек. Бірақ, отандық коммерциялық банктер әлемдік тәжірибеде белгілі барлық тәуекелдің түрлерімен кездесті деуге болмайды. Алайда олардың саны өсіп барады, ал бұл проблема отандық банк жүйесі үшін жаңа болып табылады, сондықтан да банктердің депозиттік саясатын жүргізу әдістері бойынша қандай да бір тереңдетілген зерттеулер жүргізілген жоқ. Осы орайда банктердің депозиттік саясатын қалыптастыру саласындағы зерттеулер Қазақстанның банк жүйесін реформалау кезіндегі өзекті проблемалардың бірі болып отыр. Барлық аталған проблемалар және себептер осы диплом жұмысының тақырыбын таңдауға, оның мақсаттары мен негізгі міндеттерін қоюға негіз болды.
Жұмыстың мақсаттары. Жұмыстың мақсаты болып банктің депозиттік саясаты саласындағы әлемдік тәжірибені оқып білу және оның жергілікті жағдайға бейімделуі болып табылады.
қойылған мақсат жұмыстың келесі міндеттерін анықтайды:
- Банктердің депозиттік саясатын қалыптастырудың теориялық сұрақтарды оқып білу, олардың құрылымын анықтау, банктің “депозиттік саясаты” түсінігінің мазмұнын нақтылау және анықтама беру;
- Ел экономикасында банктердің депозиттік саясатын қалыптастыру барысына талдау жасап, оның себептері мен салдарын анықтау;
- Талдау нәтижелері бойынша қорытындыларды қалыптастыру және отандық банктер үшін депозиттік саясатты жүргізудегі практикалық ұсыныстарды өңдеп шығару.
Жұмыстың пәні және объектісі. Жұмысытың пәні ретінде банктің
депозиттік саясатын қалыптастыру құралдары және әдістерімен байланысты теориялық және практикалық сұрақтар саналады. Жұмыстың объектісі Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің қызметі болып табылады.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, негізгі үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Соңында қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалар келтірілген.
1. НАРЫқТЫқ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КОММЕРЦИяЛЫқ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК САяСАТЫНЫҢ ТЕОРИяЛЫқ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Депозиттік саясатты қалыптастырудың әдістемелік негіздері
Қазіргі кездегі отандық банк тәжірибесінде “депозиттік саясат” ұғымының жалпыға бірдей, ортақ ұғымы қалыптаспаған. Мысалы, Ресей банктерінің тәжірибесінің өзінде бұл термин анықталмаған. Жоғарғы оқу орындарының “Ақша, несие, банктер”, “Банк ісі” оқулықтары мен оқу құралдарында “депозиттік саясат” ұғымы мүлде кездеспейді.
Саясат дегеніміз не? Саясат (гректің Polіtіke - мемлекетті басқару өнері) әдетте қоғамдық қызмет деген ұғымды білдіреді.
Қоғамдық қатынастардың аясына қарай, экономикалық, мәдени, әлеуметтік, техникалық және т. б. саясат деп оның сан алуан түрлерін қарастыруға болады. Депозиттік саясат болса, банктің қызметінде кездесетін саясаттарының бір ғана бөлігі деп айтуға болады. “Банковская система России” атты кітапта банктің “несиелік саясаты” деген ұғымға ғана анықтама беріліп кеткен.
Дүниежүзілік банктің банк саясатына арналған арнайы басылымында: “… банк саясаты әдетте банктің атқарып отыратын күнделікті қызметтерін қамтиды және осы сұрақтар бойынша туындайтын мәселелерді банкті басқарушылар мен Директорлар кеңесі ұсынған ұсыныстарға негізделіп отырып қалыптасады” делінген [2] .
Банк саясатына, соның ішінде депозиттік саясатқа қатысты анықтамаларды зерделеудің нәтижесінде, біз Қазақстанның қазіргі кездегі тәжірибесі мен шет елдік тәжірибеде осы ұғымның қандай да болмасын нақты да түсінікті анықтамасының болмағандығына көз жеткіземіз. Осы орайда, алдымен депозиттік саясаттың мәнін анықтап алудың қажеттігі туындайды (сурет 1) [2] .
Біздің ойымызша, депозиттік саясатты ең алдымен экономикалық саясат ретінде қарастыру керек. Алайда, қаржы, баға, сыйақы, салық және басқа сол сияқты экономикалық саясаттың түрлеріне қарағанда, банктің депозиттік саясаты экономикалық саясаттың құрамды бөліктері болып табылатын барлық оның элементтерінен айрықша, өзіне ғана тән арнайы белгілерімен ерекшеленді.
Осыған орай екінші деңгейлі банктер өздерінің депозиттік саясатын жасауда, оның өзіне тән ерекше белгілерін ескере отырып құруы қажетті болып табылады.
Банктің несиелік және депозиттік саясатының түп негізі бір болып табылады. Несиелік және депозиттік саясатты жүргізу барысында тек бір ғана мақсат алға тартылады, ол - сенімділік пен тұрақтылық деңгейін қолдай отырып, банктің табыс деңгейін мүмкіндігінше ең жоғары деңгейіне жеткізу. Мұндағы тепе-теңдікті қамтамасыз ететін жағдай, банктің өтімділігі болып табылады.
Міне сондықтан да, банктің депозиттік саясатын кең мағынада оның несиелік саясатын ескере отырып қарастыру керек, кері жағдайда банк қызметіндегі басымдылықтарды негіздеу проблемасын шешу мәселесі пайда болуы мүмкін, яғни депозиттік саясат пен несиелік саясаттың бір-біріне қарағандағы маңыздылығы.
Жалпы, банктің саясаты, жалпылама түсінік ретінде, депозиттік саясат, несиелік саясат, клиенттерге есептік-кассалық қызмет көрсету саясаты, проценттік саясат, валюталық саясат және т. б. саясаттардың жиынтығы ретінде қарастырылады (сурет 1) [3] .
Банк саясаты және оның құрамды бөліктері
Сурет 1
Сонымен, банк саясатының ажырамас бөлігі бола отырып, депозиттік саясат жеке дара қарастырылмай, оның құрамды бөліктерімен тығыз байланыста қарастырылуы тиіс.
Қазіргі кездегі экономикалық әдебиеттерде коммерциялық банктің депозиттік саясатына қатысты екі түсінік қалыптасқан. Біріншіден, макроэкономикалық деңгейдегі депозиттік саясат әдетте банктің жалпы саясаты деп талқыланады. Екіншіден, макроэкономикалық деңгейдегі депозиттік саясат нақты бір банктің депозиттерді басқару саласындағы саясаты деп қарастырылады (тар мағынада) .
Қандай қоғамдық саяси құрылымда болғанына қарамастан, мемлекет тиімді экономика қалыптастыруға, қабылданған экономикалық шешімдердің сапалы болуына ұмтылады. Мұнда, маңызды орынды банктер мен олардың жүргізіп отырған депозиттік саясаты алады. Банктердің жүргізіп отыратын депозиттік саясаты қоғамның әр түрлі топтарының мүдделерін ескере отырып жүргізілуі тиіс.
Шындығында, егер де коммерциялық банк жеке клиенттерге қызмет көрсету операцияларын дамытуға талпынатын болса, онда өзінің депозиттік саясатын қалыптастырып, оны жүзеге асыру барысында міндетті түрде тек өзінің ғана емес, сонымен бірге бірінші кезекте клиенттерінің мүддесін ескергені абзал.
Жоғарыда тілге тиек етіліп отырған мәселелер депозиттік және несиелік саясаттың қалыптасуына ықпалын тигізетін объективті және субъективті факторларды ескере бермейді.
Философия ғылымы кез келген ұғымның “пайда болу көзі” мен оның “сипатын” бөліп қарастырады. ´зінің сипаты бойынша банктің депозиттік саясаты адамзаттың ой-өрісінің нәтижесі ретінде субъективті сипатта болады, ал пайда болу көзіне қарай - объективті құбылыс болып табылады.
Бұл көзқарасты банктің депозиттік саясатын қалыптастыру барысында күрделі құбылыс ретінде зерделей отырып, келесі деңгейлерде қарастырған жөн: 1) теория және практика деңгейінде;
2) макро- және микроэкономика деңгейінде; 3) кең және тар мағынада.
Банктің депозиттік саясатының мәнін депозиттерді тарту мен оларды тиімді басқару саласындағы банктің саясаты деп анықтауға болады. Банктің депозиттік саясаты - бұл клиенттер мен басқа да салымшылардың уақытша бос қаржыларын тартудағы стратегиясы мен тактикасы болып табылады. Депозиттік саясаттың мақсаты -қажет болған жағдайларда банктің өтімді болу мұқтаждықтарын уақытша бос қаржыларды тарту арқылы қанағаттандыру болып табылады. Осған байланысты банктің табыс табу мүмкіндіктерінің ауқымы кеңейеді, алайда бұл депозиттерді тартудағы тәуекел деңгейімен байланысты болып келеді.
Жұмыстың кіріспесінде айтып өткеніміздей, коммерциялық банктердің депозиттік саясатын қалыптастыру мәселелеріне елдегі болып жатқан экономикалық жағдайға байланысты Қазақстандық және ресейлік экономистердің зерртеулерінде жетклікті түрде назар аударылмаған болатын, соған қарамастан коммерциялық банктер өз қызметін тиімді жүргізу қажеттігін айқын сезіп отырды. Экономикасы дамыған батыс елдерінің әдебиеттерінде депозиттік саясат мәселелеріне көп көңіл бөлінеді, атап айтқанда, ”депозиттік ақшаларды” реттеу мәселелері кеңінен тараған.
Депозит банктің маңызды ресурстарның бірі болып табылады, өйткені ол шын мәнінде тұрғын халықтың, кәсіпорындар мен ұйымдардың банк жүйесінің қатысуымен оның басқа клиенттеріне беріп отырған несиесі болып табылады.
Тұрғын халықтың уақытша бос қаржыларын тарту бүгінгі күннің көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылады. Экономиканың өсуін көбіне ішкі инвестициялық салымдар анықтайтын болады. Банктің міндеті - экономикаға инвестициялау мақсатында аталмыш қаржыларды тарту болып табылады. Ал, банктердің сенімді ресурстық базасы бола тұрмай, олардың тұрақты және қалыпты өз бетінше дамуына мүмкіндіктері жоқ. Атап айтатын болсақ, ресурстардың шектеулі болуы кезінде, банктер әрине несиелік операцияларды өз бетінше дамыта алмайды. Сондықтан да банктердің оңтайлы да тиімді депозиттік саясатын қалыптастыру проблемасы бүгінгі күннің кезек күттірмес проблемаларының қатарына қосылып, жақын арада өз шешімін табуды талап етеді. Оның кейбір бағыттары диплом жұмысының үшінші бөлімінде қарастырылған.
Ал әзірге Қазақстандағы коммерциялық банктердің депозиттік саясаты көбіне банктің өзінің мүдделеріне қарай ойысып отыр, бұл жағдай банктердің “пассивтерге күресінің” нәтижесіне әсерін тигізбей қоймайды.
Депозиттік саясаттың мәнін ашып көрсету үшін, оның қызметтеріне тоқталу қажет. Экономистердің көзқарасынан алып қарағанда, несиелік сасаттың қызметтерін екі топқа бөліп қарастыруға болады: банк саясатының түрлі элементтеріне тән ортақ немесе жалпы қызметтері және депозиттік саясатты банк саясатының басқа элементтерінен өзгеше етіп көрсететін арнайы, тек өзіне ғана тән қызметтері. Жалпы қызметтеріне: коммерциялық (яғни, банктің табыс алу қызметі), ынталандыру және бақылау қызметтері жатады. Ынталандырушы қызметі арқылы банктің депозиттік саясаты банкте қоғамдағы уақытша бос қаржыларды шоғырландырып, олардың тиімді пайдалануын ынталындырып отырады. Себебі, өз қаржысын банкке салып, сыйақы алу мүмкіндігі клиенттің ақшасын жаратып қою мүмкіндігін болдырмайды. Ал банктен несие алу мүмкідігі ақша қаражатына деген уақытша қажеттілікті қанағаттандырып отырады, есесіне банкке сыйақы (мүдде) төлеу қажеттілігі банктің алдындағы қарызын мүмкіндігіше тез арада өтеуді ынталандырады. Банк үшін депозиттік саясаттың ынталандырушы қызметі, банктердің мүмкіндігінше сырттан арзан ресурстарды тартып, оларды өзіне табыстың ең жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында жайғастырудан көрінеді.
Бақылау қызметінде депозиттік саясат несиелік ресурстарды тарту және оларды мақсатты бағытта пайдалану процессін бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Ал енді депозиттік саясаттың ерекше, өзіне ғана тән қызметіне тоқталатын болсақ, онда депозиттік саясат тек бір ғана, бірақ өте маңызды қызметті атқарады, ол - депозиттік процессті оңтайлы ету қызметі. Бұл қызметтің әрекеті банк саясатының мақсаттарына жетуіне бағытталған.
Депозиттік саясаттың рөлі банктің ресурстарды шоғырландырып, оларды инвестициялау, депозиттік процессті дамыту мен оның тиімділігін арттыру барысында банк қызметінің басым бағыттарын одан әрі жетілдіру жолдарынан көрініс табады.
Макроэкономикалық деңгейдегі депозиттік саясаттың сұрақтары кеңес үкіметінің кезеңіндегі экономикалық әдебиеттерінде қарастырылған болғандықтан (мысалы, қаржы-несие сөздігін алып қараңыздар), біз коммерциялық банктің депозиттік саясатынның рөліне көбірек көңіл бөлген жөн деп санаймыз.
Коммерциялық банктің несиелік саясаты банктің клиенттерімен өзара қарым-қатынасын зерттеу мәселелеріне негізделеді және оның дамуы мен одан әрі жетілуіне бағытталады. Депозит банктің жасайтын депозиттік саясатының негізгі көзі бола отырып, оның тиімділігі мен оңтайлылығының өлшеуіші болып табылады. Банктер депозиттік саясатты ең алдымен шоғырландырылатын ақша қаржыларына қатысты алғандағы банк пен клиент арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеуге, басқаруға, оларды оңтайлы ұйымдастыруға бағыттап жасайды. Депозиттік саясатты жасау барысында банк қоғам мен мемлекеттің банк жүйесінің даму деңгейін ескергені абзал.
Мұндай көзқарас, басқа да әдебиеттерде кездесіп жүрген көзқарастан, біріншіден, банк пен қарыз алушының тұрғысынан алып қарағандағы депозиттік саясатты кең мағынада қарастыруымен, екіншіден, саясаттың макро- және микродеңгейде зерттелуімен ерекшеленеді. Коммерциялық банктің депозиттік саясатының мақсаттары мен негізгі қағидалары және оны анықтайтын факторларды қарастырып көрейік.
Коммерциялық банктің депозиттік саясатың мақсаттары мен негізгі қағидалары және оны анықтайтын факторлар банктің депозиттік саясатын құруда негіз болады.
Банктің депозиттік саясатының мақсатары мен негізгі қағидалары банктің өзінің мақсаттары мен қағадаларында үйлес табуы қажет.
Депозиттік саясат банктің қызметіндегі саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Банктің саясаты, әдетте банктің дамуындағы жобалар мен даму жоспарлары түрінде жасалынады.
Банктің алдына қойған мақсаты, депозиттік саясатының мақсаты деп нені айтамыз? С. И. Ожеговтың “Словарь русского языка” деген энциклопедиясында: “мақсат” - бұл нені жүзеге асыру керек, неге талпыну керек деген мағынаны біліреді” делінген [4] . Ал осы орайда К. Маркс былай деп жазады: - “Мақсат заң ретінде адамның іс-әрекетінің тәсілдері мен сипатын анықтайды”[5] . Жалпы, мақсатты философиялық тұрғыдан түсіну қызмет етудің маңызды элементі ретінде қарастыруды көздейді. Сондықтан банктің мақсаттарын оның дамуындағы сандық және сапалық сипаттамалары анықтайды. Оларға қол жеткізу деңгейін бағалау банк саясатының рөлі туралы айтуға мүмкіндік береді.
Банк саясатын қалыптастырудағы негізгі кезең мақсаттарды анықтап, оны жүзеге асыру мақсатында тиісті құралдарды дұрыс таңдай білу болып табылады. Әрбір банк үшін өзінің мақсаттары айқын болуы маңызды.
Макроэкономикалық деңгейдегі коммерциялық банктердің ұлттық Банкпен біріге отырып қол жеткізуге тиіс мақсатына банк жүйесі мен экономиканың қалыпты дамуын қолдау болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz