ХІХ ғасырдың 20-50 жж. Қазақ - Ресей қатынастарының тарихнамасы



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І тарау. ХІХ ғасырдың 20.50 жж. Қазақ . Ресей қатынастарының тарихнамасы.
1.1 Ұлт . азаттық көтерілістің Қазақстандағы орны ... ... ... ... ... ... ... ... .5.16
1.2 К.Қасымұлы көтерілсі тарихнамасы, кезеңдері, талаптар, қозғаушы
күштері және саяси лидері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17.39

ІІ тарау. К. Қасымұлы көтерілісінің тарихнамасы
2.1 Кенесары Қасымұлының дипломатиясына зерттеулер ... ... ... ... ... .40.48
2.2 Қазіргі заман Қазақстан тарихнамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .49.60

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .61.67

Әдебиеттер және сілтемелер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..68.69
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі.
Кенесары Қасымов тарих сахнасына Абылай ханның ісін жалғастырушы ірі тұлға ретінде қадам басты. Ал ол кездегі жағдайға келсек, патша әскерлерінің бастырмалатқан әрекеттер салдарынан, сібір және Орынбор қазақтары туралы 1822 -24 жылдарына уставтар қабылданғанына қарамай, саяси оқшауланушылығын әлі де сақтап келе жатқан Қазақстан аудандарының тәуелсіздігіне қатер төнген болатын. Сондықтан көтеріліс шығарушы сұлтанның басты мақсаты Қазақстанның Абылай хан тұсындағы территориялық шептерінің тұтастығын қалпына келтіруге, Ресей құрамына кірмеген жерлердің толық дербестігін сақтауға құрылды, ол халық қозғалысынан бөлектенген жекеленген сұлтандардың, билердің өз еркімен кетушілігін қатал басып – жаншыды. Ресей саясатын қолдаушыларды аяусыз жазалады.
Қазақстардың бұл көтерілісі бастапқы кезінен -ақ кең құлаш жайған қарқын алды.
Тақырыптың мақсаты мен міндеті.
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт – азаттық көтерілістің негізгі мақсаты: бостандықты аңсаған қазақ еліне, яғни, тәуелсіздігіне қол жеткізу, қазақтың теңдігі үшін, қазақтың жері үшін бар өмірін сарп еткен Кенесары Қасымов өзінің туы астында үш жүздегі қазақ руларының едәуір бөлігін топтастыра алды.
Жұмыстың құрылымы.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған сілтемелер мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Тарихнамасы.
Қазіргі кезде Кенесары Қасымұлы турады жазған кітаптар аз емес. Кенесарының 10 жылдық көтерілісі туралы көрсетілген. Қазақ елі үшін, жері үшін қанын төккен Кенесары хан туралы көптеген еңбектер жазылған. Атап айтқанда Е.Бекмахановтың “Қазақстан ХІХ ғасырының 20-40 жылдарында” атты еңбегінде Кенесары хан туралы көптеген деректер келтірілген.
Кенесары хан жайында көптеген баспасөз беттерінде жарияланған “Ақиқат”, “Қазақ тарихы” журналдарында бірнеше мақалалар жарияланған. Ж.Қасымбаевтың “Қазақ хандары” атты еңбегінде Кенесары хан туралы, оның іс – әрекеті жайында нақты жазылған.
Әдебиеттер мен сілтемелер тізімі

1. Қ.Ахметов. “Кенесары хан Ұлытау өңірінде”. Астана 2002 ж, 3 б.
2. Бұл да сонда 8-9 б.
3. Ахмед Кенесарин “Хан Кенесары” 1992 ж, 4-5 б.
4. Бұл да сонда 9 б.
5. Бұл да сонда 21 б.
6. Бұл да сонда 23 б.
7. Бұл да сонда 24-25 б.
8. Ахмед сұлтан Кенесарыұлы “Кенесары және Сыздық сұлтандар” Алматы 1992 ж, 8 б.
9. Бұл да сонда 12-13 б.
10. Бұл да сонда 19 б.
11. Бұл да сонда 22 б.
12. Н.Э.Масанов, Ж.Б.Абылхожин “История Казахстана народы и культуры” Алматы 2001, 1892 б.
13. //Ұлағат - 2004 № 3-46-50 б. Ж.Жақаев.
14. // Жұлдыз – 2004 № 6, 112-120 б.
15. // Қазақстан тарихы. 2004 ж №5 – 312 б.
16. // Қазақстан тарихы. 2004 ж №1 45– 50 б.
17. Бұл да сонда 2005 ж. № 6 -45-51 б. Б.Серебренников.
18. // Ақиқат – 2005 ж №10 – 53-60 б. С.Ақтаев.
19. // Қазақ тарихы - 2005 №2 55-57 б. Ә.Дилебаев.
20. Е.Бекмаханов “Қазсқатан ХІХ ғ-ң 20-40 жылында. Алматы, 1994 ж.
5-8 б.
21. М.Қозыбаев. “Жауды шаптым шубайлап” Алматы, 1994 ж, 14-16 б.
22. Ж.Қасымбаев “Қазақ хандары” 1988 -99 ж.
23. Прошлое Казахстана в источниках и материалах. Алматы, 1998 ж.
24. Қазақстан тарихы очерктер, Алматы 1994 ж.
25. Е.Ирина Викторовна “Казахские ханы и династий” 2003 ж.
26. // Азия Транзит - 2002 ж - № 9 - 34 б. Р.Бимендина.
27. // Ана тілі, 2003 ж, - 200б.
28. Рязанов “Восстание Кенесары Касымова (1837-1847 г) исторический очерк” Алматы, 1993 ж. 90 б.
29. Середа Н. «Бунт Кенесары Қасымова. Вестник Европы, №8, 1870., 550б.
30. Б.Жамгерчинов. Киргизы в эпоху Орман хана, 127 б.
31. М. Қозыбаев. Ақтаңдақтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І тарау. ХІХ ғасырдың 20-50 жж. Қазақ – Ресей қатынастарының тарихнамасы.
1.1 Ұлт – азаттық көтерілістің Қазақстандағы
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-16
1.2 К.Қасымұлы көтерілсі тарихнамасы, кезеңдері, талаптар, қозғаушы
күштері және саяси
лидері ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17-
39

ІІ тарау. К. Қасымұлы көтерілісінің тарихнамасы
2.1 Кенесары Қасымұлының дипломатиясына зерттеулер ... ... ... ... ... .40-
48
2.2 Қазіргі заман Қазақстан
тарихнамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .49-60

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..61-67
Әдебиеттер және сілтемелер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .68-69

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі.
Кенесары Қасымов тарих сахнасына Абылай ханның ісін жалғастырушы ірі
тұлға ретінде қадам басты. Ал ол кездегі жағдайға келсек, патша
әскерлерінің бастырмалатқан әрекеттер салдарынан, сібір және Орынбор
қазақтары туралы 1822 -24 жылдарына уставтар қабылданғанына қарамай, саяси
оқшауланушылығын әлі де сақтап келе жатқан Қазақстан аудандарының
тәуелсіздігіне қатер төнген болатын. Сондықтан көтеріліс шығарушы сұлтанның
басты мақсаты Қазақстанның Абылай хан тұсындағы территориялық шептерінің
тұтастығын қалпына келтіруге, Ресей құрамына кірмеген жерлердің толық
дербестігін сақтауға құрылды, ол халық қозғалысынан бөлектенген жекеленген
сұлтандардың, билердің өз еркімен кетушілігін қатал басып – жаншыды. Ресей
саясатын қолдаушыларды аяусыз жазалады.
Қазақстардың бұл көтерілісі бастапқы кезінен -ақ кең құлаш жайған
қарқын алды.
Тақырыптың мақсаты мен міндеті.
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт – азаттық көтерілістің негізгі
мақсаты: бостандықты аңсаған қазақ еліне, яғни, тәуелсіздігіне қол жеткізу,
қазақтың теңдігі үшін, қазақтың жері үшін бар өмірін сарп еткен Кенесары
Қасымов өзінің туы астында үш жүздегі қазақ руларының едәуір бөлігін
топтастыра алды.
Жұмыстың құрылымы.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан,
пайдаланылған сілтемелер мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Тарихнамасы.
Қазіргі кезде Кенесары Қасымұлы турады жазған кітаптар аз емес.
Кенесарының 10 жылдық көтерілісі туралы көрсетілген. Қазақ елі үшін, жері
үшін қанын төккен Кенесары хан туралы көптеген еңбектер жазылған. Атап
айтқанда Е.Бекмахановтың “Қазақстан ХІХ ғасырының 20-40 жылдарында” атты
еңбегінде Кенесары хан туралы көптеген деректер келтірілген.
Кенесары хан жайында көптеген баспасөз беттерінде жарияланған
“Ақиқат”, “Қазақ тарихы” журналдарында бірнеше мақалалар жарияланған.
Ж.Қасымбаевтың “Қазақ хандары” атты еңбегінде Кенесары хан туралы, оның іс
– әрекеті жайында нақты жазылған.

І тарау. ХІХ ғасырдың 20-50 жж. Қазақ – Ресей қатынастарының тарихнамасы.

1.1 Ұлт – азаттық көтерілістің Қазақстандағы орны.

Он жылға созылған, үш жүзді қамтыған азаттық қозғалыс қазақ
қауымының қайшылықтарын да, бірлігін де, алауыздық пен осы арпалыстың
сырында ашты. Қазақ қауымының бір-біріне қарсы тұрған жігіне XVIII ғасырдың
соңындағы Кіші жүздегі Сырым батыр бастаған көтерілісте, не 1836—1838
жылдардағы Кіші ордадағы Исатай Тайманов қозғалысында да дөл осындай
айқындалмады. Отаршылдыққа қарсы бой көтеруді үш жүздің барлық тұқымдары,
тіпті Кененің өозіне жақын Абылайдың ұрпақтары бірауыздан қолдады десек
біржақтылық болар. Бұл арада рулық қауымдасып емір сүру ерекшеліктеріне
байланысты кейбірде ат төбеліндей ақсүйектердің тайпалық - қандық дәстүрге
сай көшпенділердің тобын лықсытып, бірде үкіметке қарсы, екіншіде хан
Кенесарыға да қарсы көтеріп отырғанын естен шығармасақ. Әрине, негізінен
қазақ феодалдары мен орыс әскерінің офицерлерінің қолынан шыққан, тіпті көп
жағдайларда облыстық басқармалардағы чиновниктер дайындаған құжаттарда
қауымның екіге жарылып кеткендігін жасырмай сипаттайтын деректер сирек
кездеседі. Ал казақ даласында болған саясатшылардың, көтеріліске байланысты
оқиғалардың ақиқатын іздеген басқа да авторлардың жазбаларында жергілікті
феодалдардың арасындағы теред жік ашып көрсетілген. Абылайдың ұрпағы Шоқан
Уәлиханов жазбаларында көтерілісті даттап, оның реакциялық сипаты бар
қозғалыс деп баға бергенін жоғарыда келтірдік. 1
Көрнекті зерттеуші, Шоқанның досы Ядринцев (Семилужинский) қазақтың
ұлы ғалымы туралы кейіннен жарияланған естелігінде Кенесары қозғалысына
біршама мән берген. "...көтеріліс кезінде дала екі партияға ажырады:
біріншісі тәуелсіздік үшін күрессе, екіншісі патша билігін мойындады.
Жыршылардың суырып салма ақындар сайысында Кенесарының жеке басы жиі
көтерілетін" А, Янушкевич байқағандай "күрестің саяси арнасы поэзия болды,
шешен тілдерімен сайраған қырғыздар бір-бірін ақындық семсерімен түйресіп
бақты" белгілі ғалым саяхатшы хатшы Г.Н.Потанин да Шоқан туралы
естеліктерінде жас Уәлиханов өзінің Саржан мен Кенесары жөнінде тарихтан,
ауыз әдебиетінен, мысалдардан қызықты мәліметтер келтіретінін түйіндей
келе, "дала сол кезеңде екіге жіктелді: орыс және ұлттық. Кейінгіні Арқа
деп атаған осы топтың белді жақтастары негізінде оңтүстік аудандарға, тақыр
жерлерде қоныстанды. Екі партияның қарама-қарсылығын тенсоннан да байқадым.
Көтеріліс мәселелері өлеңдерде де орын алған. Ақмола облысы округының белді
биі Сапақ Тәңірбергеновтың асында болған айтыста ақын Өтеубай орыс
үстемдігі қазақтарға жағымды деп өлеңдетсе, Сарысу өңірінің ақыны Құлтымай,
оның ел үшін зиянын дәлелдеп берді. Кенесары ханның ешқандай кедергісіз
Ресейге іргелес орналасқан Орынбор даласында көшіп-қонып, өзінін
"қарақшыларының" қатарын көбейткенін, Ордадағы жаэдайға әсерін тигізгенін
Н.Середа да қостайды. "Осы орданың тұрғындарыннң аз ғана бөлігін
есептемегенде, барлығы дерлік оны хан ретінде таныды. Өте айлакер саясатшыл
Қасымов әкімдерден өзінің іс-қимылдарын тасада ұстайтын",— деп бағалайды
хан Кенені Н.Середа .
Патша үкіметінің саясатына наразылық білдірген қазақтардың барлық
әлеуметтік топтары үшін Кенесарының биік тұлға болғандығын XIX ғасырдың 60-
шы жылдарында қазақ ауылдарын аралап, мәліметтер жинаған, Түркістан
өлкесінде кейіннен ірі әкімшілік қызмет атқарған, қазақ жеріне орыс
шаруаларын қоныстандыруға ашық қарсылық білдірген А.Гейнсте көңіл аударған.
"Кенесары барлық жаңа тәртіпке бойұсынбағандарды әсіресе, сұлтандарды өзіне
тарта білді. Олар Кенесарыға семьяларымен, мал-жайларымен қосылды,
өздерінің елінің қожасы сезінді. Қазақ билеушісінің өзін қолдамаған руларды
тонағанын, күшпен соңынан ерткенін, ешкім оған кедергі жасай алмағанын,—
А.Гейнс те толықтыра жазады.
Ал Л.Мейер Кенесары турасында халықтың және дала ақсүйектерінің
көзқарасын екі ұшты білдіреді. Мысалы, 1840 жылы Сібір және Орынбор жағынан
бір мезгілде бірнеше ірі жазалау топтарының Кенесарыға қарсы қимылдарының
өрістегенін талдай келе, Л.Мейер осындай ауыр жағдайдың өзінде, мысалы,
Кіші -жүздің Шөмекей руының белгілі биі ханға қызын ұзатқанын мақтан еткен.
Төртқара, Шекті және бірнеше рулардың көтеріліс басшысын елдің ханы деп
тануында негіз мол болғанын айта келе, екінші жағынан, Қасымұлының туы
астына басын қосқандар "панасыз қаңғыбастар, баратын жер, басатын тауы
қалмаған адамдар еді",— деген біржақты қорытындыға келеді. 2
Көтеріліс бүкіл елге жайылмай тұрғанда, жеке рулардың Сібір және
Орынбор қазақтарының уставына наразылығын басу округтық приказдардың
жанындағы аға сұлтандарға, негізінде әскери чиновниктерге тікелей
бағындырылған казак отрядтарына жүктелді. Көтерілістің тез арада Кіші және
Орта жүзді шарпуы патша үкіметінің көтерілісшілерді жазалайтын бірқатар
шараларының қабылдануына себепші болды. Егерде Ертіс, Есіл, Жайық әскери
шептері бойында орналасқан казақ феодалдары отарлауды күшейткен уставтарды
қарсылықсыз да қабылдаса, казак әскерлерінен алыс, даланың ішкі
аудандарындағы ауылдар уставқа мейлінше қарсы болды. Кенесарыға ойысқан
семьяларымен, мал-мүлкімен жөңкілген осы округтық приказдан алыс орналасқан
ауылдар еді.
Көтеріліс басталысымен патша үкіметінің губернаторлары Ресей
империясына "антты" бұзғаны үшін округтық приказдардан ажырап түкпірлі
аудандарға ойысқан қазақ ауылдарынаа "контрибуция" сала бастады. Үкімет
анықтап берген өңірден көшіп кеткендер Ресейдің жауы деп жарияланып, сотқа
тартылатын. Архив қорларында патша губернаторларының талабымен дайындалған
көтеріліске дем берушілермен белсенді қатысушылардың тізімдері сақталынған.
Кейіннен көтерілістің басты күштері оңтүстік Қазақстанға ауысуына
байланысты округтық приказдың аға сұлтандары шекаралық комиссияның
талаптарын қалтқысыз орындау барысында "бүлікті" жақтаған, немесе ханға оң
пиғылда болғандардың сан алуан тізімдерін "құпия" деген грифпен Омбы мен
Орынборға жеткізген. Бұл тізімдердің бір артықшылығы қозғалыстың әр
кезеңінде Кенесарыны қолдаған Абылай тұқымдарының есімдерін анықтауға да
мүмкіндік береді. Сондай бұрын жарияланбаған бірнеше құжаттарды
оқырмандардың есіне ұсынсақ.
1838 жылы Құсмұрын округінде сараланған деректерде Кенесары "бүлігіне"
қатысы бар деген бірнеше сұлтан, старшындар тексерілген. Деректің бір
жағында қозғалысқа қатысы бар деп күдікке қойғандар тізімі, екінші жағында
олардың күнәсінің дәрежесі анықталған: сұлтан капитан Жалбыр Абдуллин,
старшина, прапорщик Барлыбаев олардың көтеріліске қатысы бар ма, жоқ па
ешқандай белгі соғылмаған. Кенжеғали болысының старшинасы Шанка Мевдекин,
сұлтан Кенжеғали Аспандияров: 1838 жылы К.Аспандияров өзін қолдаған 15
шаңыраққа бас болып, даланың ішкі аудандарындағы көтерілісшшерге қосылған.
Сол жылы белгісіз себептермен өз ауылына қайта оралған Округтық приказдың
ұсынысы бойынша одан 2 түйе, 25 жылқы, 5 мүйізді кара мал, 20 қой
контрибуция алынған. "Бүлікшілердің" тізімінде Абылай тұқымынан Әбділда
Абылайұлы мен Төрежан Әбділдиндер бар.
Кенесары айлакерлігімен Ресей ықпалындағы сұлтандарды да өз ығына
көндіргенін айтып кеттік. Абылайдың ұлдарының бірі - Әбділда сұлтан
алғашында патша үкіметіне бас иген белгілі шонжарлардың бірі болды. Бірде
мынадай оқиға болған. Полковник Қонырқұлжа Құдаймендинмен аттұяғын
біріктірген Әбділда өзінің тобымен Кенесары сарбаздарының қоршауында
қалады. Үкіметке өзін байлап бермек болған Әбділданы Кенесары жазаламай,
арнайы үй тіктіріп, екі күн қонақ етіп жібереді. Осыдан былай Әбділда
сұлтан көтерілісшілер жағына ойысты.
1838 жылы 100-ге тарта төленгіттерін, уақ болысының екі ауылын
үгіттеп, Ресейдің билігін әлі де мойындамаған Бағаналы қазақтарына көшіп
кеткен. Келесі 1839 жылы баласы Төлеужан сұлтанмен белгісіз себептермен өз
қонысына қайтып оралған, Батыс Сібірдің генерал-губернаторының
"прокломациясына" сай жоғарыда көрсетілген "контрибуцияны" төлеген. 3
Ақмола округі бойынша електен өткен мадшеттерге қарағанда Тұртұғұл
болысынан сұлтандар Күшік, Жадай, Жанай Айшуақовтар, билер Сейдалы
Жанмурзин, Аққошқар Кішкентаевтар да көтеріліске қатысқандар қатарынан
бөлініп көрсетілген. Осы сілтеме берілген құжатта аттары аталған
сұлтандардың басты кінәсі -өздері қоныстанған округты рұқсатсыз
тастап, "қарақшыларға" қосылғандығы. Кейіннен қайтып оралса да,
губернатордың нұсқауына сәйкес олар жауапқа тартылған. Ал Жадай, Күшік
Айшуақовтар кейіннен екінші рет Кенесарыға "қашып" кеткен. Ақмола округтық
приказында есімдері келтірілген сұлтандардың Кенесары "бүлігінде" белді
орын алғандығы баса көрсетілген. Осылар Кенесарының барынша қолдады.
Пикеттер мен басқа да қоныстарға шабуыл жасағанда көтерілісшілерге тірек
болды, сауда керуендерін тонауға қатысты. Округтардан болыстарын алшақтап
кешіп кетуіне, біздін қырғыздардың малын талан-таражға салуға басқаларға
арқау болған",— деген айыпты оқуға болады.
Ақмола округы бойынша көтеріліске дем берушілердің тізімдерінде
сұлтандар мен билердің аты-жөндері ажыратылып берілген. Аманкелді және
Айтай билердің балалары Қойлыбай, Бекберді, Үмбетей "заңға қарсы істерге"
қатысқан, орыс қоныстарына шабуыл жасаған, хорунжий Рытовты, оның
қазақтарын талқандауға қатысқан; билер Батеш Одырбайұлы, Матақ Танақайұлы,
урядник Парадаевты жазалауға қатысты; Мұса Садырбеков інісімен
көтерілісшілерге қосылып, Ақтау бекінісін қоршауда көзге түскен; би Боқа
Тынтиев қазақтарды Кенесарыны қолдауға үгіттеген, кейін сұлтанмен тізе
қосып күресіп, ерлігімен көзге түскен .
1839 жылы маусым айының 1-інде жеке Сібір корпусының штабынан "Сібір
қырғыздарының" шекаралық комиссиясы төрағасының міндетін атқарушыға
рапортында Акмола округыңдағы көтеріліске байланысты оқиғалар алан, тудырып
отырғанын айта келе, қазақтардың үрейін алу үшін көетерілістен ажырап,
ауылдарына қайтып оралған болыстардан "контрибуцияны ендіруге" ерекше мән
беру мақұлданған.
"Бұл оқиғалардың бүкіл дала өңіріне әсер ететінін ойластырып,
Кенесарының жақтастарының ұсақ-ұсақ партиялармен сауда керуендерін
титықтататынын есіңізден шығармай, жергілікті әкім ретінде Ақмола маңында,
жалпы осы далалық өңірде өзіңіздің болуыңызды қажет деп санаймын",— деп
ескертті шекара комиссиясының өкілін Сібір корпусының командирі.
Сібір губернаторының әсіресе ерекше мән бергені Көкшетау округы.
Көтерілістің ең басты ошағы Абылай ханның ұрпақтарының Ғұбайдолла, Саржан,
Қасым сұлтандардың иелігі.
Қазақ даласының осы бір әсем өлкесін отарлауға қарсылықтың өріс алған
өңіріне үкіметтің ерекше мән беруі түсінікті, Сібір шекаралық комиссиясы,
князь В.Д.Горчаков көтеріліске катысы бар деген, тіпті есімдері күдікке
ілінген сұлтандарды кеп жағдайда жауапқа тартуды мән беретін іс деп
қарады. Осы мәселе турасында мәлімет жинатуға патша үкіметі тек "аштан
айнымаған" феодалдарды — аға сұлтандарды тартып қоймай, сонымен қатар
округтық приказдардағы казактарға да үміт артты. 1839 жылы жазғытұрым
Көкшетау округтық приказынан болыснайларға "маңызды қағаздарды"
жеткізу тапсырылған казактар Нефед Михеев пен Михайло Ефимов шілде
айында, округтық приказға қайтып оралғаннан кейін болыстарда өздерінің
байқағандарын ортаға салады. Уәли ханның жесірі Айғанымның ауылына барғанда
Кенесарының келуін қуана күтіп отырғандарды байқаған. Екі қазақты жібермей
ұстап қалған сұлтандар оларды шаштарын қырғызып, қазақтардың дәстүрін
қабылдап, Кенесарыға берілуге үгіттеген. Ал сұлтан Шиген Уәлиұлы оқ-
дәрі беруді талап етіп, кейіннен солдаттарды көрші ауылға апарып
салған. Бұл мәліметке қарағанда, Орта жүзде ақыл-парасаттылығымен құрметке
бөленген Уәли ханның жесірінің халық көтерілісін жақтағаны күмән
туғызбайды. Белгілі орыс ғалымы, саяхатшы П.П.Тян-Шанский кейіннен "Әкесі
жағынан Шоқанның туған әжесі Айғаным балаларымен, көтеріліс кезінде үкімет
жағын ұстады, ал Уәлидің бірінші жұбайының балалары ханның Ресей
билігін мойындауына қарсы болған еді",— деп жазған. Көкшетау округы
бойынша "Кенесарының ылаңына" қатысы бар сұлтандардың тізіміне
ілінген төртеуі: Ниген Уәлиұлы, Таны Тортайұлы, Қанқожа Уәлиұлы,
ханша Айғаным Уәлиева. "Бұл сұлтандар, - деп жазылған Көкшетау
округы бойынша тізімге түсіндірмеде — Михеев пен Ефимовты шаштарын
тақырлатып, қырғыз болуға, одан кейін бүлікшіге кетіп қалуға
үгіттегенін... тағы да еске салған. Осы деректе сонымен қатар азаттық
күреске ат салысқан Көкшетау өңірінің бірқатар старшиндарының аты-жөндері
де келтірілген: Қараша-Жаңлыбай болысынан Шоқан Баянов, Жанабауыр Жаманов,
Мыңбай Қарашин, Көптай Байсарин, Есенбай болысының ауылдық старшыны
Байбатыр Айсарин т.б. Бұл старшындар бірнеше билермен қосылып, Піралы
Ғаббасұлы сұлтанның болысын Кенесарының "қарақшылары" шабуыл жасағанда жол
көрсеткен, оған өздері де қатысқан. "Қара тізімдердің" ішінде ерекше көз
жүгіртетін көтерілістің басты ошақтарының бірі – Баянауыл округы бойынша
"құпия мәліметтер", Тек, 1839 жылға қатысты мәліметтерде, үкіметтің
сенімінен шыққан 18 сұлтан, 18 би, 7 старшын. Солардың қатарында
көтеріліске қатысқандары анықталған сұлтандар: Маман, Тоқтамыс, Таймақ,
Дүйсембі, Таймас Абылаевтар, ағайынды Рүстемовтар, Жәнібек Абыдшайызов.
"Күдіктілердің" қатарында белгілі бай Мұса Шормановтың есімін де
кездестіреміз. Жалпы Құсмұрын, Көкшетау, Ақмола, Қарқаралы және Баянауыл
округтары бойынша 1838—1839 жылдары жинастырылған деректерге қарағанда,
көтеріліске 80-нен астам сұлтандар мен билер белсене қатысқан. Олардың
негізгі дені — Абылайдың тікелей ұрпақтары. 4
Көтеріліске қатысқандарды анықтап жазаға тарту науқаны Кенесарының
жақтастары Жетісуға ығысқанға дейін де толастамады. 1847 жылдың қаңтар
айында Сібір шекара комиссиясының төрағасы генерал-майор Вишневский өз
мекемесінін кеңсесінде "Кенесары ісіне" қатысқандар жөнінде мәліметтердің
болмауына байланысты генерал-губернаторға өтінішінде округтық приказдағы
"құпия тізімдерді" қолына түсіруді өтінген. 1847 жылдың қаңтар айының 7-
інде инфантерия-генералы Горчаков Вишневскийге жазған хатында әрбір округ
бойынша "Кенесарының әлегіне" бой ұрған сұлтандар мен билер жөніндегі
құжаттарды, Батыс Сібірдің бас басқармасына да жіберуді еске салды .
Патша үкіметінің сойылға соғып, азаттық үшін алысқандарға қарсы
жанталаса күресіп баққандар ең алдымен округтық приказдың аға сұлтандары,
отаршылдық басқару жүйесімен ауыз жаласып үлгірген феодалдар, ел ішіндегі
бытыраңқылықты өз мүдделеріне пайдалануға тырысқан болыснай, ауылнай,
сұлтандар мен старшындар еді. Әсіресе Кенесарының көтерілісіне өршелене
қарсы шыққан Абылайдың тұқымдарының бір тобы. Патша үкіметімен ауыз
жаласқан Аманқарағай округының аға сұлтаны, Шоқанның әкесі, майор Шыңғыс
Уәлиұлы.
Архив құжатындағы құпия тізімде Шыңғыс Уәлиұлының тұсында көтеріліске
қатысы бар ма деген сауалға, нақты жоқ деп жауап берілген. Ақмола округының
аға сұлтаны Қоқырқұлжа Құдаймендин мен Шыңғыс сұлтан Кенесарыға қарсылардың
басын біріктіруде аянбаған патша үкіметінің атқосшылары. 1842 жылы
желтоқсан айының 10-ында "бүлікші" сұлтан Кенесарыға қарсы қимылдарға
белсене қатысқаны үшін майор Шыңғысқа алтын медаль тапсырылды. "Бүлікші"
сұлтан Кенесары Қасымовқа қарсы біздін әскери топтарымыздың сәтті
қимылдарына ерекше қолқабыс тигізгені үшін алтын медальға ие болды",— деп
жазылған сұлтан Шыңғысты наградтау жөніндегі жарғыда.
Сыр бойында патша үкіметіне қарсы күресте ерекше орын алған батыр
Жанқожа Нұрмұхамедовтың Кенесары көтерілісі туралы көзқарасын анықтау қиын.
1846 жылы патша үкіметінен силық ретінде кафтан, 1847 жылы 200 сом күміс
ақшамен жалақы тағайындалған, 1848 жылы есаул әскери шеніне ие болған батыр
Жанғожаның халық есінде қалған тамаша ерліктерімен бірге солқылдақтық
саясаты да Кенесары көтерілісінде көрініп-ақ қалды.
Елдің кең құрметіне бөленген Есет Көтібаров батырдың Кенесарыға деген
көзқарасы бір шама анық. Есет батыр Кенесарыға күдікпен қарады, Қасымұлын
хан деп мойындағысы келмеді,— деп жазды белгілі тарихшы В.Ф.Шахматов.
Кенесары Есет батырдан салық төлеуді талап етті. Оны қабылдау Кенесарының
билігін хан ретінде танумен пара-пар еді. 1841 жылы маусым айының 14-інде
старшина Құлетай Құқановтың Орск бекінісі коменданты полковник Исаевқа
түсіндірме жазбасында Ырғыз өзенінің жоғарғы ағысы бойында қоныс тепкен
30—40 шаңырақтан тұратын ауылында Кенесарының өзін ілтипатпен қабылдағанын
хабарлай келе, Шекті, Төртқара, Жаппас, Шемекей руларынан көптеген
қазақтардың жиналғанын Кенесарыны халықтың кең қолдауының бір көрінісі деп
сипаттайды. Сонымен бірге "белгілі батыр" Көтібар балалары, ұлдары Дәрібай
мен Есетті ертіп, Шекті руының Тілеуқабақ руының билері мен старшындарын
бастап Кенесарының аулында болғанына мән береді. "Қандай екендігі белгісіз
Көтібар батыр Кенесарының алдында бірқатар алауыздықтарды шешуді талап
еткен. Кенесары Көтібардың қыр көрсетуін қабылдамай, келісімге келуді
ұсынған. Бұған өкпелеген Көтібар ауылына қайтып кетеді. 5
Кенесарының ашық жауларының бірі — Құнанбай Өскенбаев. Қара сүйектің
өкілі, өзінің қабілетімен көзге түскен Құнанбай Қарқаралы округының аға
сұлтаны дәрежесіне дейін көтерілді. 1846 жылы Орта және ұлы жүздің жерінде
Вишневскийдің экспедициясы құрамында болған А.Янушкевич Құнанбайдың жеке
қасиеттерін аузынан сілекейі аға дәріптеген. Сол жылы болашақ кемеңгер
ойшыл Абай бір-ақ жаста еді. Әдетте Абайдың ұлттығын, терең ой иесі екенін
сипаттағанда, оған әсер еткен себептердің сырын ашқанда әкесі Құнанбайдан
да табиғи жаратылыс жағынан одан көптеген қасиеттер дарығанын еске алмайтын
сияқтымыз. Құнанбайды ожар, қатыгез, қара түнек кертартпалықтың өкілі деп
жағымсыз мінездеме беріп келгеніміз шындықтан біраз ауытқу. А.Янушкевич
өзінің күнделіктері мен жазбаларындағы Құнанбайдың жеке басын сипаттауына
біздін күдіктенуге негізіміз де жоқ. А. Янушкевич 1833 жылдардағы
Польшадағы азаттық қозғалысқа белсене қатысқаны үшін генерал-фельдмаршал
Сакеннің ұйғарымы бойынша дворьяндық атағынан айрылған, 1841 жылдан Омбы
округтық сотында кеңсе қызметкеріне тағайындалып, кейіннен Сібір шекаралық
комиссиясына жұмысқа алынған, 1846 жылы генерал-майор Вишневскийдің
экспедициясы құрамында Аягөзден Ақбастауға (қазіргі Шұбартау ауданының
Алғабас совхозының Көксеңгір-Шыңғыс тауларымен шекаралас өңірі) дейінгі
жолда Құнанбаймен күн сайын тілдесіп, қазақтардың өмірі жөнінде көптеген
мағлұматтар алған. "...қарапайым қырғыздың баласы,— деп жазды А.Янушкевич,—
табиғатынан парасатты, шешен, іскер, отандастарының қамын терең ойлайтын
Құнанбай дала заңдарының, құранның білгірі, қырғыздарға қатысты бар Ресей
уставтарынан да жақсы хабардар. Жаны таза қазы, мұсылмандыққа берілген
плебей (қара сүйек — Ж. Қ.) Құнанбайдын, аруақ ретінде даңқы кең жайылып
кеткен. Кедей де, бай да, жас та, кәрі де түкпірлі ауылдардан шұбырып, одан
кеңес алуға, сөзін тыңдауға асығатын. Абылайдың ұлы сұлтан Алидың аулында
бірнеше күн қонақ болған би Құнанбай Кенесары көтерілісіне қарсы қазақ
феодалдарының күресінде патша үкіметінің сойылын соққан қазақ даласындағы
белгілі шынжыр балақ, шұбар төс шонжар.
Ташкентке, іргелес өңірде көшіп-қонып жүрген, ұлы жүз ақсүйектерінің
арасында беделді Али сұлтанның Кенесарыға қарсы топтасқан Жетісудың
Сарымсақты өзеннің бойындағы әскерге өз ұйғарымымен келуіне генерал
Вишневский тіптен разы болды. Оған дейін 76 жастағы Сүйік Абылайханұлы,
Сыбан руының басшысы Адамсат Ыбақов, Албан руының жетекшісі Хақым, Дулат
руының белді сұлтаны жоғарыда аталған Әли Әділовтар Кенесарыға қарсы күресу
мен Ресей билігін мойындауға келісім беру үшін жиналған.
XIX ғасырдың 80-шы жылдарында өз жақтастарымен Омбыға барып, Ресей
билігін мойындаған Сүйік Абылайұлы кәрілігіне қарамастан Кенесарыға қарсы
белсенді үгіт жүргізушілердің бірі болды. Тіпті кейіннен де капитан
Гутковскийдың И.Ф. Бабковқа жазғанындай, Сүйік сұлтан орыс үкіметіне өзінің
берілгендігін білдіру үшін, офицерлерге, "қырғыздарға" сенбей, жандарына ең
сенімді және жас адамдар ертіп, абайлап жүріңдер деп ескертеді екен. 6
Зеңбіректердің гүрсілінен бе, орыс солдаттарының мылтығының
жарқылдаған үшкір найзасынан ба, әлде Кенесарының жеңісіне күмән болғаннан
ба-Дулат, Албан, Сыбан, Шапырашты руларының сұлтандарының бір бөлегі
Ресейдің билігіне бас иуге генерал Вишневскийге ант етті. "Біз Абылай
өреніміз. Кенесары бізге қандас, туыс. Оның мінезі бізге мәлім, қазір келсе
де аш бөрі сияқты 100 ауылды шабар елі... Алайда бірде-біріміз Кенесарыға
қарсы қол көтермейміз.
Патша генералының әбден шырмауына ілінген Ұлы жүздің белді
сұлтандарының бір тобы Абылай жолынан бас тартты. Ұлытаудан Алатауға
дейінгі өңірде найзаның ұшымен жол сілтеген ұлы Абылайдың жаугершілік
дәстүрінен тұқымдарының бір тобы тікелей тайып кетті. 1846 жылдың шілде
айының 22-інде сұлтандар Сүйік Абылайұлы, подполковник Әли Абылайұлы,
Адамсат Ыбақов, Қамбар Асланов, Жанғазы Сүйіков, Мамырхан Бадылов, Аблек
Алин, Дайыр Ішімов, Тінаш Таңатаров, билер Диқанбай Қажыланов, Сары Алтаев,
Саймбет Байдериев, Қарабай Түлесов, Менке Боқтыбаев, Туғамбай Қойгелдиев,
Дінанқияс Тынышбеков, Асылбек Байғарин, Қазыбек Тайбақин, Қоңғыбай
Қаптағаев тағы да 16 би патша генералымен мәмлеге келіп, Кенесары
қозғалысын жаншу мақсатында төмендегідей шешімді бекітті: Кенесарыны
бүлікші, оның жақтастарын жауымыз деп санап, олармен ешқандай байланыс
жасамау біздің казақтар арасында бір-біріне күдіктенушілікті, тонауды
тоқтату, "жыртқыштарды" қуғындау, болашақта орта жүз қазақтары арасында
барымтаға жол бермеу, "қарақшыларды" көрсек бір-бірімізді ескерту, сол
сағатта Ресей үкіметіне хабар беру.
Сонымен Кенесары көтерілісінің бір ерекшелігі де қазақ феодалдары
арасындағы жегідей жеген алауызда Егер халықтың басты бөлігі отарлаудың
тереңдеуіне разылық білдіріп, 10 жылғы арпалысқа ат салысса,
жергілікті ақсүйектердің екінші бір тобы патша үкіметіне ілініп, қызмет
етіп, азаттық соғыстың басты кезеңдерінде көшпенді елді екіге жарып,
жазалау топтарының қимылдарын біршама жеңілдеткені айқын. Кенесарының
күресті қолдаудан бас тартқан ауылдарды шауып қатігездік те жасағаны,
әсіресе, округтық приказдың аға сұлтандарын шешуші кезеңде ел мүддесінен
айнығандығын айыптаудың бір көрінісі еді.

1.2 К.Қасымұлы көтерілсі тарихнамасы, кезеңдері, талаптар, қозғаушы
күштері және саяси лидері

Қазақтардың ХVІІ-ХVШ-ғасырларда болған ірі көтерілістерінен Кенесары
көтерілісінің ерекшелігі—оған үш жүздің бұқара халқы қатысты. Жұртшылық бір
мезгілде бас қосып, қауымдаса атой салмағанына және қозғалыстың бір жерде
күшейіп, екінші жерде бәсеңдеп отыруына қарамастан, Кенесары көтерілісі
алғашқы жылдары-ақ кең қанат жайып, жалпы халықтық қозғалысқа айналды.
Кейбір рулардың көтерілісшілерден бөлініп кетуін және олардың орнын
басқалардың басуын (әр жылдарда), ең бірінші: Кенесарының бір жүздің
жерінен екінші жүздің қонысына орын ауыстыруымен және көтеріліс аймағының
үнемі өзгеріп отыруымен түсіндіруге болады. Кенесары соңынан барлық рулар
ілесе алмады, көпшілігі өздері көшіп-қонатын мекендерінде қалуға мәжбүр
болды, сондықтан да олар көтерілістен кейде уақытша, кейде мүлде тыс қалып
қойды. Бірақ бұған қарап біз олар Кенесарыдан толық қол үзіп, көтерілістің
қонысын бүтіндей тастап кетті дей аламыз ба? Керісінше, оларға өзінің
сенімді серіктері ретінде қарап, арқа сүйеген Кенесарыға деген іш тартуы
бәсеңсіген жоқ.
Белгілі рулардың, мәселен, адай, жаппас және арғынның бір бөлігі
Кенесары көтерілісіне қатысқан жоқ. Адайлар жер шалғайлығынан әрі патшалық
өзгінің ықпалын аз көргендіктен қатыспаса, Шеген Мусиннің қол астындағы
арғын руының бір бөлігі мен зауряд хорунжий Жанғабыл Төлегеновтың
қарамағындағы жаппас руының кей бөліктері көтеріліске қарсы болған ел
басыларының ықпалынан шыға алмады. Ал кейбіреулері белгілі бір себептерге
байланысты көтеріліске қатысуға тәуекел етпеді.
Біз қарастырған ресми мәліметтерде қазақ руларының ішкі бөліністерінің
бір-бірімен араласып, шатасып кеткенін еске аламыз. Қазақтың бөлінуін,
оның ішкі жіктелуін кез - келген біле бермейді, оны тек зерделі адамдар
ғана жадында сақтай алған. Ендеше, бұл мәселеден хабардар болмаған патша
шенеуніктерінің және басқа да адамдардың ақпарларында қате мәліметтердің
кездесуі табиғи нәрсе. 7
Қазақ руларының қозғалыс ағысына біртіндеп-біртіндеп араласқанын
байқауға болады. Көтеріліске қатысушылардың саны 1843-45-жылдары көбейе
түскен. Өйткені бұл кездері қозғалыс өзінің шырқау шегіне жетті. Дәл осы
кезеңде қозғалыс Қазақстанның қазіргі жерінің денін тұтастай қамтыған еді.
Мәліметтер бойынша, Кенесарыны белсене қолдағандар: қыпшақ, төртқара,
жағалбайлы, табын, тама, шөмекей, бағаналы, шекті, алшын, керей, жаппас,
арғын рулары еді.
Аталған қазақ руларының барлығы патшалық Ресейге күреске шыққан жоқ.
Шөмекей және табын сияқты рулар қазақ даласының қиян шетінде өмір
сүргендіктен, олардын Россиямен мүдделері қайшы келе қоймаған
болатын.
Бұл рулар Сырдария, Қуаңдария өзендері бойында және Қызылқұмда жаз
жайлап, қыс қыстап жүрген. Олар Хиуа және Қоқан хандықтарымен шекаралас
қоныстанды. Шөмекейліктер мен шомішті табындар Қоқан және Хиуа бектерінің
ауыр езгісін бастарынан кешіріп жатты. Сондықтан да осы қазақ рулары
ортаазиялық хандықтардың езгісінен құтылу үшін Кенесары көтерілісіне
қосылды. Дәл осындай нәрсені Ұлы жүз руларына (дулат, жалайыр) байланысты
да айтуға болады. Көтеріліс орталығы Ұлы жүз иелігіне ауысқанда бұл қазақ
руларының Кенесарыға қосылуы — олардың патша отаршылдарының езгісіне емес,
ол Қоқан бектерінің қанауына көрсеткен қарсылығы еді.
Кейбір зарттеушілер арғын және жаппас руларының Кенесары көтерілісіне
қатысуын жоққа шығарады. Мысалы, М.И.Стеблин-Каменская: Шеген Мусин
бастаған арғын руы Кенесарыға қосылған жоқ, сондықтан 1845-жылы
көтерілісшілердің қатарында арғын руы қатыспаған деуге негіз бар,— деп
қорытынды жасайды. Алайда істің мәні мынада: Арғын— рудың жалпы атауы, ал
бұл рудың құрамында Қазақстанның барлық аймағында орналасқан қарпық, темеш,
қаракесек, атығай, қарауыл сияқты тармақтары бар еді.. Аталған ру
тармақтары көтеріліске белсене атсалысты. Шындығында, тек би Шегем Мусиннің
қол астындағы арғын руының бір бөлігі ғана 1845-жылға дейін көтеріліске
қосылмады. Бірақ арғын руының ата мекенінің ортасынан ойып патша
бекіністерінің салынуына байланысты арғындардың бұл тобы да
Кенесарының көтерілісіне қосылды. Ал арғын руының рубасысы Шеген Мусин
өкімет алдында беделді болғанымен, оның келісімінсіз арғын руының жеріне
бекініс салуға рұқсат бергені үшін енді билеуші сұлтандарға қарсы Өштік
пиғыл көрсете бастады.
Ол 1845-жылы Ахмет Жантөринге былай деп жазды: Сіз маған алтын алқа
бердіңіз. Мойныма таққан соң мен қызға, әйелге айналдым, ал барқыт шапан
киіп жас жігітке айналдым.. Алтын, күміс ақша алдым. Менің жерімде дала
сұлтаны Ахмет бекініс салып, орыстан әскер берді. Не істеуім керек? Мен
Ахметке ризамын. Тек қана басымызға шаш қойып, мұртымызды баспай, аузымызға
салбыратып жіберу ғана қалды. Оны да істейміз әлі! Бәздің дініміз бір,
тіліміз бір. Сіз осындай іс жасауға жол бердіңіз. Мен дәрменсізбін. Сіздің
патшадан рақым сұраймын деген уәдеңізге біз сеніп қалған едік, бірақ
мынадай күтпеген оқиға болды және неден болғанын білмеймін. Менің ойымша,
сен сұлтандықтан, ал мен би болудан бас тартуымыз керек. Мынадай мақал бар:
Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады. Біздің кепеміз келісетін емес,
сондықтан мен өзімді би, сені сұлтан деп ойламаймын. Мен: Ахмет ақылдасатын
болар, ойымызды ортаға салармыз деп ойлағанмын. Бірақ бұлай болмады,
сондықтан мен өзіммен өзім ақылдастым. Неліктен бұлай? Білмеймін.
Жаппас руына байланысты да осыны айтуға болады. Жаппас руының белгілі
бөлігі (қалқаман) 1838-жыл, 1843-жылдары көтеріліске қатынасып, Кенесарыны
қолдады. Кенесарыны тек зауряд хорунжий Жанғабыл Төлегенов пен Алтыбай
Көбековтің қол астындағы жаппас руының қазақтары ғана қодамады, олардың
ауылын Кенесары 1845-жылы талан-таражға ұшыратты.
Осы деректің негізінде өкіметтің ресми хабарламаларында жаппас руының
көтеріліске қатысуы жоққа шығарылып, Кенесарыны жаппас руының бітіспес жауы
ретінде көрсетеді. Бұндай ойдың негізсіз екендігіне деректерге жүгінсек
анық көз жеткізе аламыз.
Кенесарының жаппас руын шабуыма 1844-жылы осы жаппас руынан зекет
жинауға Наурызбайды 100 жасауылымен жіберуі себепші етті. Бұл кезде жаппас
руының Алтыбай мен Жанғабыл бастаған қазақтары патшалық Ресеймен тығыз
байланыста болып, Қоқан хандығымен де сыбайласа араласты. Жаппастықтар
Наурызбай мен оның жасауылдарын иіліп қарсы алып, өздерінен тиісті зекетті
жинап беруге уәде етіп, кешке қонақасы беріп, ауыл-ауылға бөліп
қондырды. Түн ортасы ауып, жасауылдар ұйқыға кеткенде, зауряд хорунжий
Жанғабыл өзінің сыбайластарын жиып, Наурызбай мен оның жасауылдарын
өлтіруге уәделесті. Жанғабыл өзінің ойға алған ісін сәтті аяқтау үшін әрі
жақтастарын жігерлендіру мақсатында өзінің соңынан бүлікшілерді жоюға күшті
орыс отряды келе жатыр деп хабар таратты, ал кімде-кім көтерілісшілерге
қарсы шығудан бас тартса, қатаң жауапк,а тартылады деп үрейлендірді.
Сондықтан да Жанғабыл кездестірген қандай да болмасын жаппастық оның сөзіне
еріп, бүлікшілерге қарсы көтерілді және олардың қолға түскенін қырып-жоя
бастады. 8
Жанғабыл жасауылдарды өлтіріп, Наурызбайдың қосына жақындаған кезде,
қастандык, туралы хабарланған ол, өзінің бірнеше серіктерімен жасырынып
үлгерген еді.
Наурызбайдың жүз жасауылының 95-і қаза тапты, олардың ішінде
Кенесарының сүйікті батыры Байтабын да бар еді, ол ұзақ атысып, қатты
қарсылық көрсетті, ең соңында оны батпаққа тықсырып, қоршауға алған кезде
оққа ұшты.
Осы оқиғаға байланысты зауряд хорунжий Жанғабыл Төлегенов Орынбор
Шекара комиссиясына жолдаған хабарында былай деп жазды: Россияның
бодандығына адал боламыз деген антымызға сай және патшамыздың жау-ларынан
кек алу үшін біз қас дұшпандарымыздың 95 адамын өлтірдік.
Кенесарыға Байтабын батырдың өлімі өте қатты батты. Омар Шипин өзінің
Жеті батырдың оқиғасында сол кезеңде Наурызбаймен бірге болған жасауыл
Төлегеннің әңгімесін келтіреді. Кенесары Байтабынның өлгенін естіген соң,
өзінің барлық сарбаздарымен бірге 3 тәулік бойы аза тұтады. Төртінші күні
батырдың бейітіне ескерткіш орнаттырды. Осы ескерткіш әлі күнге дейін
сақталғам. Ескерткіш орнатылған жер Байтабын доңызы, ал көз жумған жері
Байтабын соры деп аталады.
Болған оқиғадан кейін Кенесары Жалпақ бастаған өзінің өкілдерін арғын
руының басшысы Шеген Мусинге жұмсап, онан жаппастықтармен жоғарыда аталған
оқиғаға байланысты бітімге келу үшін араға түсуін және оған Наурызбайдың
өзі кінәлі ме әлде жаппастықтар кінәлі ме, сол туралы мәлімет жеткізуіне
өтініш жасады. 9
Сөйте отырып, жаппас руының билерінен есе қайыру үшін Кенесары зауряд
хорунжий Жанғабыл мен басқа да қырғынды ұйымдастырушылардың ауылдарына
шабуыл жасады. Наурызбайдың жасауылдарының қырғынына себепкер болған
Жанғабылдың, Алтыбайдың, сұлтан Омаровтың, ауыл иесі Мырзабек Құлмановтың,
Ниман Алтыбаевтың біраз малдарын тартып алды. Кейбір кездерде жаппас руының
ауылдарына шабуыл жасау барысында Кенесары, елшілерінің өліміне кінәлі
болмаса да, бейбіт ауылдарға шектен тыс қатыгездік жасады.
Алайда жаппас руының дені, Наурызбайдың жасауылдарының өліміне қатысы
жсждары, көтерілісшілерді бел-сене қолдауын тоқтатқал жоқ. Бұған
Наурызбайдың жасауылдарына қастандық, ұйымдастырушылардың бірі — жаппас
Елемес Сұлтабаевтың билеуші-сұлтан Ахмет Жантөринге берген куәлігі дәлел:
Сұлтан Кенесары Қасымов маған және зауряд хорунжий Жанғабыл Төлегеновке
өткен жылғы Кенесарының жақтастарын өлтіргеніміз үшін өштесуде, ол бізге-
шабуыл жасамасын деп, ауылдарымызбен Сібір шебіне қарай жылжыдық. Бірақ
руластарымыздан 120 ауыл Торғайға қарап бөлініп кетті, біздің қанша
бөлінбеуге шақырғанымызға қарамастан, олар Кенесарыдан бас тартпаймыз,
себебі, біз оның жақтастарын өлтіруге қатысқан жоқпыз деп жауап берді,—
деп көрсетеді.
Кенесары ешқашан жаппастықтарды өзінің саяси дұшпаны санамаған.
Жанжалды тоқтату мақсатында ол 1845-жылы жаппас руына өзінің өкілін бітімге
келу үшін келіссөз жасауға жіберді. Оп: Үш адамға — Байтабын, Қанай және
белгісіз тағы бір азамат үшін құн төлеуді, сонымен бірге олардың мінген
аттары мен қындарындағы қылышын қайтарса, онда ол жаппас руына ешқандай кек
сақтамай, біткен іске салауат дейміз,— деді. 10
Екі жақты езгіге—солтүстік батыста патша өкіметінің отаршылық
езгісіне, оңтүстікте ортаазиялық хандықтардың езгісіне және сұлтандар мен
билердің патриархалдық-феодалдық қанауына ұшыраған қазақ халқының бұқарасы
Кенесарының соңынан ерді, оның жеңісі әбден титығы шыққан, адам төзгісіз
ауыр тұрмысты жеңілдетеді деп ойлады.
Қазақтар көтерілісшілерге қосылу себебін зорлық пен зомбылықтың
шактен шығуы деп түсіндірді. Мысалы, Сарым болысының азаматы Жаңғұты
Бумантаев Ақтау комендантына берген түсініктемесінде былай деп көрсетті:
Кенесарыдан қорыққандықтан емес, татарлар мен қарқаралылық орыстардың
тықсыруынан қырға ішкерілей ендік, алыстағанда іздегеніміз тек тыныштық
еді.
Дәл осындай жауапты Ақтау комендантына Соқыр би мен Базар старшын
да берді: Біздің қырға кетуіміздің бірден-бір себебі—Құдайменді
сұлтан мен татар Бегіштің жәбірлеуі.
Кенесары көтеріліске қатысқандарға тек жер беруді уәде еткен жоқ,
сонымен бірге, ауқатты, бай өмір сүресіңдер деп те уәде берді. Бұны
Кенесары жақтастары берген түсініктемеден де көруге болады. Орынбор Шекара
комиссиясындағылар олардан неге Кенесарыға қосылдыңдар? деп
сұрағанда, олардың көпшілігінің жауабы біреу болды: Кенесары бізге
байлықпен өмір сүргіземін деп уәде берді. Бағаналы руынан шыққан Тұрлыбек
Темағынов тергеу барысында: Мен Кенесарыға байлық табу үшін қосылдым,—
деп жауап берді.
Кенесарынның екінші бір жақтасы, Кенесарының жүзбасысы болған Тайман
Мейірманов былай деді: Кенесарыға қосылған себебім, оның Ордада атағы
шықты және кімде-кім оның тобына қосылса, ол бай болады,— депті, сондықтан
өзінің отбасымен, туған-туыстарымен Кенесарыға көшіп барды.
Сонымен бірге, Кенесарының патша үкіметі тартып алған қазак, жерлерін
қайтаруды және салынған бекіністерді жоюды, алым жинау мен әр түрлі салық
салуды тоқтатуды талап етуі және бұрын қазақтарға тиесілі болған жерлерді
қайтару үшін Қоқан мен Хиуа хандықтарымен күресуі — қазақ халқының өмірлік
мүдделеріне сай еді. Кенесары: Қазіргі бастықтар... жерді кесіп-пішіп,
қамал салып, халықты мазалауда,— деп жазды. Мұны билеуші-сұлтан Ахмет
Жантөрин де атап өтті, ол: Кенесары сұлтан далаға бекіністердің салынуына
қатты наразы және барлық қырғыздарға (қазақтарға — ауд.) бастықтар
қазақтардың ең жақсы жерлерін тартып алып жатыр деп жар салды,— деп
жазды.
Кенесары қазақ жерлерінің тартып алынуына күйініп қана қойған жоқ,
атамекенді кері қайтару үшін де халықты батыл күреске шақырды. Ата-
бабамызға тиесілі жерге салынған бекіністерді талқандап, өртеп жіберемін,—
деп өкіметке сес көрсетті.
Қоқан ханымен тынымсыз күрес жүргізе отырып, Кенесары олардың
шеңгеліндегі Ұлы жүздің жерлерін қайтаруды мақсат етті. Орынбор шекара
комиссиясының торағасы осыған байланысты Азиялық департаментке: Оның Қоқан
жерлерін басып алуға тырысуының түпкі мақсаты — сол жерді қазақтарға бөліп
беру,— деп жазды.
Кенесары қазақтарға салық салуға да үзілді-кесілді қарсы шықты. І-
Николайға жазған хатында ол: Біздің халықтан жасақ жинай бастады және
оларға жан-жақтан қысым көрсетіп, шеттетіп жатыр, бұл біздің халық үшін
үлкен қасірет,— деп мәлімдеді. Генерал Горчаковқа жолдаған екінші бір
хатта: Қазақ халқына баж салыгын салдыңыздар, демек, бұл бізге қысым
жасағандарыңыз, алым-салық төлеп сіздердің қол астарыңызда тұру тіптен
мүмкін емес,— деп жазды.
Кенесары ежелгі тәуелсіздікті қалпына-келтіреміз, яғни тәуелсіз
Қазақ мемлекетін құрамыз деген ұранмен күрес жүргізді.
Халық бұқарасының жанына жақын талаптар қазақ кедейлерінің де,
жалшылардың да, жатақтар мен егіншілердің де мүддесін қозғағандықтан,
олардың да күреске белсене қатысуы табиғи еді.
Көтеріліске қатысқан жалшылар туралы Кенесарының ордасында болған
көптеген орыс шенеуніктері әңгімелейді. Екатерина станицасы маңында
көтерілісшілердің қолына тускен А.Иванов кейін тұтқыннан оралған соң болған
тергеуде: Кенесарының қол астында 1500 жас өспірімдер мен бақташылар
бар,— деп көрсетті. 11
Кенесары ордасына арнайы барған патша тыңшысы Мыңбай Тұяқов:
Кенесарының кедейлігі мен қарусыз екендігін көрдім. Олар зорығып өлген
жылқының етін жейді әрі киім киістері де жұтаң. Олар әдеттегі байғұстар
сияқты өмір сүреді,— деп хабарлады.
Сонымен бірге Мейер де: Кенесары туының астына, негізінен, үй-жайсыз
ержүрек жігіттер жиналды,— деп көрсеткен болатын.
Байғұстар мен жатақтардың көтеріліске қатысуы туралы қазақтың халық
әндерінде де айтылады.
Көтеріліске егіншілер де белсене қатысты. Мұрағат деректерінде
Сырдария бойын мекендеген шекті, кішкене шекті және төртқара рулары
егіншілерінің көтеріліске қатысқаны туралы айтылады.
Сонымен бірге көтеріліске Торғай және Ырғыз өзендерінің аңғарын
мекендеген егінші қазақтар да қатысқан. Ал Торғай мен Ырғыз өлкесі осы
қозғалыстың орталығы болғаны белгілі.
Полковник Бизановқа берген түсініктемесінде Кенесарының ағасы
Әбілғазы: Менімен бірге ұсталған қазақтар Кенесарының қол астында
жүргенімен, негізінен, олар кедейліктің кесірінен егіншілердің ішіне күн
көру үшін сіңген жарпы-жақыбайлар,— деп мәлімдеді.
Өзінің түсініктемесінде Шерман Асатов: Кенесарының жақтастарынан
басқа, оның қасында 300-ден астам үй төленгіттер бар, олар қысы-
жазы бірдей солармен бірге көшіп-қонып жүреді. Орта және Кіші орданың әр
түрлі руларынан құралған төлеңгіттермен қоса, олардың қатарында қарауыл,
атығайлар, уақтар, керейлер де бар,— деп хабарлады. 12
Соғыс жағдайында төленгіттер Кенесары үшін әскери күш ретінде керек
болғаны түсінікті. Сондықтан да көтеріліске қосылған төленгіттер,
негізінен, әскери жасақшының қызметін атқарғаны кездейсоқ нәрсе емес.
Тіпті, көтеріліске қосылған кейбір жеке қазақ рулары өздерін Кенесары
төленгіттеріміз деп атады. Бұның өзі, уақытша болса да, төленгіттердің
әскери күш ретінде беделінің өскендігін көрсетеді.
Алайда төленгіттіктің уақытша қайта өрлеуі жалпы әлеуметтік дамудың
ағымын тоқтата алмады, олардың бір кездегі әскери жасақ ретіндегі қызметі
әлсіреп, бірте-бірте феодалға басыбайлы адамдардың тобына айналып бара
жатты. Мұны көтеріліске қатыспаған Кенесарының өз туыстарындағы, мысалы,
Шыңғыс Уәлихановтың, Абылаевтардың, Рүстемнің және басқалардың қол
астындағы төленгіттердің жағдайынан-ақ көруге болады. Осы сұлтандар
төленгіттерді басыбайлы адамдарға айналдыру үшін өкімет орындарымен
үздіксіз хат жазысумен болды. Дәл осындай жағдай көтеріліске қатыспаған
барлық сұлтандардың төленгіттеріне де ортақ еді.
Кенесары әскерінің ішінде қазақтың үш жүзінен аса беделді, аты жұртқа
әйгілі батырлары болады. Шұбыртпалы руынан шыққан Ағыбай (Орта жүз —
Қарқаралы), сүйіндік Жанайдар батыр (Орта жүз — Баянауыл), қыпшақ (Орта жүз
— Торғай) Иман Дулатов (Амангелді батырдың атасы), табын Жоламан Тіленшиев
(Кіші жүз — Сырдария), дулат Бұғыбай (Ұлы жүз—Жетісу), атығай Аңғал батыр
(Орта жүз — Көкшетау), қыпшақ Басығара батыр (Орта жүз — Ақмола), арғын
Жеке батыр (Орта жүз), дулаттан шыққан Жәуке, Сұраншы, Бәйсейіт батырлар
сияқты үзеңгілес жолдастары болды.
Кенесары батырларының әлеуметтік құрамы біркелкі емес еді. Қара
халықтан шыққан (Ағыбай, Бұқарбай, Жеке батыр, т.б.) батырлармен қатар,
Кенесары батырларының арасында ақсүйектерден шыққан аты әйгілі сұлтан
Наурызбай, табын руының биі Жоламан Тіленшиев те болды. Орынбор Шекара
комиссиясының төрағасы генерал Генстің айтуынша, Жоламанның 800 жылқысы, 2
мың қойы және 50 түйесі болған.
Аталған батырлардың барлығы Кенесарыны көтерілістің соңына дейін
қолдады. Осылардың әрқайсысы туралы көптеген өлең, аңыз, әңгімелер бар.
Кейбір батырлар өздерінің естеліктерін қалдырған. Сонымен бірге, мұрағат
құжаттарында, көтерілістің соңына дейін қатыспаған батырлардың да есімі
сақталған. Бұл көрініс Кенесарының Орталық Қазақстанның сайын даласынан Ұлы
жүздің жеріне қоныс аударған кезінде байқалады. Мысалы, Кенесарыны Ұлы
жүздің Тәуік, Сыпатай және т.б. батырлары қолдамады. Мұрағат
материалдарында кейбір батырлардың көтеріліске қатысудан бас тартуының
себебі туралы мәлімет кездеспегендіктен, оның толық мән-жайын түсіндірудің
реті келмеді. Айта кететін бір жай, сыртқы жаудың қауіп-қатерінен
сескенген олар өздерінің әр түрлі әлеуметтік ортадан шыққанына қарамастан,
белгілі бір уақытқа дейін бірлесіп қимыл жасады. Алайда көтерілістің соңына
қарай, батырлардың әр түрлі әлеуметтік тегі қозғалыстың түпкі нәтижесіне
әсер етпей қоймады. Батырлардың әлеуметтік құрамы туралы мәліметтерді біз,
негізінен, ауыз әдебиетінің материалдарынан алып отырмыз. Мұрағат деректері
тек қана батырлардың әскери қимылдарын сипаттаумен ғана шектеледі, ал
олардың жеке бастары туралы мәліметтер үзік-үзік қана кездеседі. 13
Кенесары және оның серіктері жөнінде фольклор материалдарының
құндылығы сонда, олардың көпшілігі ХІХ-ғ. аяғы мен ХХ-ғасырдың басында
Кенесары батырларының, жеке көтерілістің басқа да қатысушыларының өз
аузынан жазып алынғандықтан, олардың бағасы арта түседі. Кейбір
мәліметтерді сол уақиғаларды көзімен көрген адамдар жазып қалдырған. 1890-
жылы Т. Титаковтың Кенесарының батырлары Шынбай Мыңбаев пен Бектеміровтен
жазып алған естелігі ерекше қызықты. Олардың айтуы бойынша, Ағыбайдың әкесі
Олжабай шұбыртпалы руынан шыққан, ол өзінің бауырлары Манабай, Танабай,
Мыңбаймен (олардың ағайындарын қосып санағанда 62 үй болған) бірге
көтеріліске алғашқы күнінен бастап қатысқан. Олар Кенесары әскері қатарында
шайқасты. Мысалы, Танабай Кенесары қолбасшыларының бірі және
көтерілісшілердің арасында беделді болды. Олжабайдың өзі де батыр кісі еді.
Ағыбайдың шешесі Ақмола облысында көшіп-қонған тарақты руының қызы
екен. Әкесі қайтыс болған соң, 13 жасар Ағыбай шешесімен қалды.
Олардың бар байлығы тек бір түйе, бір ат қана болды. Басқа малдары
болмады. Кейде тіске басар ештеңе табылмай қалғанда, Ағыбайдың шешесі жиі-
жиі бай кершілерінен май, сүт және басқа қажетті нәрселерді рұқсатсыз алып
отырыпты. Тым шектен шығып бара жатқан соң, бірде Кенесарының әкесі Қасым
батырдың шешесінен оның бұл әдетін тоқтатуды және кершілерді мазалауды
қоюын талап етіпті.
Ағыбай Саржан мен Есенгелдінің және Ержанның 1836-жылы Ташкент
құсбегісіне барған елшілігіне де қатысты. Кенесарының көтерілісіне ол қатал
өмір мектебінен өткен, есейген батыр болып қосылды. Ағыбай Кенесарының
құрдасы әрі бірінші әскери кеңесшісі болды. Кенесары оны еш уақытта өз
атымен атамай, әзілдеп Көсе деп атап, өте жақсы көріп, қатты сыйлапты.
Ағыбайды көзі көргендер оның сыртқы түрін -былай деп суреттейді: Ағыбай —
иегінің айналасында ғана өскен сирек сақалды (қазақтар мұндай кісілерді
көсе деп атайды), ұзын бойлы, кең иықты, шүңірек көз адам еді. Оның
қолдары ұзын болғандықтан, сүйікті қаруы тоғыз түйінді, сырғалармен
әшекейленген найза болды. Ол құлан терісінен жасаған мықты қайыс белбеуінде
ілулі тұратын еді. Арқасында дөңгелек қалқаны, жанында күнге шағылысқан
қылышы мен қысқа қайқы семсері болды.
Көтерілісшілердің Ағыбайға деген ерекше құрметі туралы Кенесарының өз
әйелдерінің бірімен әңгімесінен байқауға болады. Бірде ханым Кенесарыдан:
Сіз әскеріңіздегі кейбір адамдарға мыңбасы, бесжүзбасы деген атақтар беріп
жатырсыз, неге сіз Көсеге атақ бермейсіз?— деп сұрапты. Сонда оған
Кенесары: Егер әскерімнің алдыңғы легі ұрысқа Абылай! деп ұрандап
кіріссе, ал олардың соңынан ергендері Ағыбайлап соғысқа кіріседі. Міне,
сондықтан да мен оған әскери атақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кенесары Қасымұлының дипломатиясына зерттеулер
«Тарихнама» пәні бойынша лекция сабақтары
Жоңғар хандығының құрылуы
Қазақстан жаңа заман тарихы
XIX ғ. екінші жартысы – XX ғ. басындағы Батыс Қазақстандағы жәрмеңкелер: тарихи талдау (1867-1917 жж.)
Қaзaқcтaнның Ресейге қосылу тaрихының тaрихнaмacын зерттеу
Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулауы: әскери-отарлық әкімшілік пен жергілікті халық арасындағы қатынас
Сауда - экономикалық қатынастар
Қазақстанның қазіргі заман тарихын тарихи деректері мен тарихнамасы
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ - түрік саяси байланыстары
Пәндер