Есептеу техникасын жөндеу


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ

БИЗНЕС ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІ

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КАФЕДРАСЫ

Исаев Ерлан Искендірұлы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Есептеу техникасын жөндеу»

5В070300- Ақпараттық жүйелер мамандығы

Астана 2016

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ

БИЗНЕС ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІ

«АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР» КАФЕДРАСЫ

«Қорғауға жіберілді»

«АТ» кафедрасының меңгерушісі

Серимбетов Б. А.

«» 201___ ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Сақтандыру қызметі агенттігінің» жұмысын басқаруға арналған ақпараттық жүйе әзірлеу

Мамандық 5В070300 - Ақпараттық жүйелер

Орындаған Исаев Ерлан Искендірұлы

(қолы) (Студенттің Т. А. Ә. )

Ғылыми жетекші Успанова Асель Исимхановна,

(қолы) (Т. А. Ә., оқу орны, қызметі)

т. ғ. магистрі, аға оқытушы

Норма бақылау Бірліков Сапабек Муратович,

(қолы) (Т. А. Ә., оқу орны, қызметі)

т. ғ. магистрі, ҚазТБУ доценті

Астана 2016

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ

«Бекітемін»

«АТ» кафедрасының меңгерушісі,

т. ғ. к. Б. А. Серимбетов

«»201__ж

Факультет Бизнес және ақпараттық технологиялар.

Кафедра Ақпараттық технологиялар.

Мамандығы: 5В070300 - “ Ақпараттық жүйелер” .

Дипломдық жобаны (жұмысты) орындауға

ТАПСЫРМА

Студент

(тегі, аты, әкесінің аты)

Жоба (жұмыс) тақырыбы

Жоғары оқу орнының № «___» 201__ж. бұйрығымен бекітілген

Дайын жобаны(жұмысты) тапсыру уақыты «» 201__ж

Жобаға (жұмысқа) алғашқы берілімдер

Дипломдық жобада қарастырылуға тиісті сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны:

а)

б)

в)

г)

Графикалық материалдар тізімі немесе слайдтар ( міндетті сызбалары дәл көрсетілген)

Тапсырманың берілген уақыты: «» 201__ж.

«АТ» кафедрасының меңгерушісі Б. А. Серимбетов

Жоба (жұмыс) жетекшісі: т. ғ. м, аға оқытушыА. И. Успанова

Тапсырманы орындауға алдым, студент И. Е. Исаев

Дипломдық жобаны(жұмысты) орындау графигі

Студент 201__- 201__жж.

Жұм-ысты орын-дау реті
Жобаны(жұмысты) орындау тізбегі

Орандалған көлем

процентпен

Орын-дау мерзімі
Орын. туралы жоба жетекшісі белгісі
Түсіндірмелі жазба (бөлімдер және ішкібөлімдер)
Техноло-гиялықжәне графи-калыққұжаттар
Жұм-ысты орын-дау реті: 1.
Жобаны(жұмысты) орындау тізбегі: Кіріспе
Орандалған көлемпроцентпен:
Орын-дау мерзімі:
Орын. туралы жоба жетекшісі белгісі:
Жұм-ысты орын-дау реті: 2.
Жобаны(жұмысты) орындау тізбегі: Зерттелетін пәндік обласы
Орандалған көлемпроцентпен:
Орын-дау мерзімі:
Орын. туралы жоба жетекшісі белгісі:
Жұм-ысты орын-дау реті: 3.
Жобаны(жұмысты) орындау тізбегі: Дипломдық жобаға қойылатын жалпы талап
Орандалған көлемпроцентпен:
Орын-дау мерзімі:
Орын. туралы жоба жетекшісі белгісі:
Жұм-ысты орын-дау реті: 4.
Жобаны(жұмысты) орындау тізбегі: Жобаның техникалық бөлігін талдау
Орандалған көлемпроцентпен:
Орын-дау мерзімі:
Орын. туралы жоба жетекшісі белгісі:
Жұм-ысты орын-дау реті: 5.
Жобаны(жұмысты) орындау тізбегі: Программалық-техникалық комплексті жүзеге асыру құралдары мен әдістері
Орандалған көлемпроцентпен:
Орын-дау мерзімі:
Орын. туралы жоба жетекшісі белгісі:
Жұм-ысты орын-дау реті: 6.
Жобаны(жұмысты) орындау тізбегі: Жасалған программалық жобаны іске асыру жолдары
Орандалған көлемпроцентпен:
Орын-дау мерзімі:
Орын. туралы жоба жетекшісі белгісі:
Жұм-ысты орын-дау реті: 7.
Жобаны(жұмысты) орындау тізбегі: Экономикалық бөлім
Орандалған көлемпроцентпен:
Орын-дау мерзімі:
Орын. туралы жоба жетекшісі белгісі:
Жұм-ысты орын-дау реті: 8.
Жобаны(жұмысты) орындау тізбегі: Еңбекті қорғау және қауіпсіздік бөлімі
Орандалған көлемпроцентпен:
Орын-дау мерзімі:
Орын. туралы жоба жетекшісі белгісі:
Жұм-ысты орын-дау реті: 9.
Жобаны(жұмысты) орындау тізбегі: Қорытынды
Орандалған көлемпроцентпен:
Орын-дау мерзімі:
Орын. туралы жоба жетекшісі белгісі:
Жұм-ысты орын-дау реті: 10.
Жобаны(жұмысты) орындау тізбегі: Қолданылған әдебеттер тізімі
Орандалған көлемпроцентпен:
Орын-дау мерзімі:
Орын. туралы жоба жетекшісі белгісі:
Жұм-ысты орын-дау реті: 11.
Жобаны(жұмысты) орындау тізбегі: Қосымша
Орандалған көлемпроцентпен:
Орын-дау мерзімі:
Орын. туралы жоба жетекшісі белгісі:

Аңдатпа

Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты компьютерлік және оффистық техникаларды жөндеу және оларға қызмет көрсету бойынша есепке алуды автоматтандыру болып табылады. Дипломдық жұмыстың нәтижесінде компьютерлік және оффистық техникаларды жөндеу және оларға қызмет көрсету бойынша есепке алу процестерін автоматтандыруға мүмкіндік беретін бағдарлама құрылды.

Кәсіпорындағы есептеу және оффистық техникалардың жағдайы жайлы жалпы мәліметтер берілді және барлық қажетті есептеулер жүргізілді. Бағдарламаның негізгі мәзірі қажетті ақпаратты жеңіл тауып алу мүмкіндігін береді. Тапсырмада көрсетілген шарттар бойынша кәсіпорынның техникалары жайлы мәліметтерді жеңіл табуға мүмкіндік беретін, іздеу және сүзгілеу қарастырылған.

Аннотация

Целью данной дипломной работы является автоматизация учета по ремонту и обслуживанию компьютерной и офисной техники. В результате решения задачи была разработана программа, позволяющая автоматизировать процесс учета по ремонту и обслуживанию компьютерной и офисной техники.

Были произведены все нужные расчеты и выданы общие сведения о состоянии вычислительной и офисной техники в организации. Удобное главное меню позволяет легко найти необходимую информацию. В задаче предусмотрен поиск и фильтрация, что позволяет легко найти сведения об организационной технике по заданным условиям.

Annotation

The aim of this thesis is the automated control on repair and maintenance of computer and office equipment. As a result of solving the problem has developed a program that allows you to automate the process of accounting for the repair and maintenance of computer and office equipment.

Аll necessary calculations and given an overview of the state of computer and office equipment in the organization have been made. Convenient main menu makes it easy to find the necessary information. The problem can search and filter, which makes it easy to find information about the organizational technique for the given conditions.

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 7

1. АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ . . . 8

1. 1 Ақпараттық жүйелер және олардың классификациясы . . . 8

1. 2 Delphi және автоматтандырылған ақпараттық жүйе . . . 11

1. 3 Delphi-дегі ақпараттық жүйелердің құрылу тәсілдері . . . 19

2. DELPHI ОРТАСЫНЫҢ КІШІ КӘСІПОРЫНДАР ЖҰМЫСЫН АВТОМАТТАНДЫРУДАҒЫ МҮМКІНДІКТЕРІ . . . 29

2. 1 Delphi ортасында мәліметтер қорын құру және басқару . . . 29

2. 2 Мәліметтер қорына рұқсат алу механизмдері және олардың

ерекшеліктері . . . 33

3. КОМПЬЮТЕРЛЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ САТУ БИЗНЕСІН АВТОМАТТАНДЫРУ ЖОБАСЫ . . . 35

3. 1 Жобаның структурасы . . . 39

3. 2 Жобаның техникалық мінездемелері . . . 40

4. ЖҰМЫСТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕЛУІ . . . 44

4. 1 Бағдарламалық қамтаманы өңдеудің еңбек сыйымдылығын анықтау

4. 2 Бағдарламалық қамтаманы өңдеуге кеткен шығындарды есептеу және

оның тиімділігін анықтау . . . 47

5. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ . . . 50

5. 1 Компьютерлік кабинеттердегі өндірістік санитария мен еңбек гигиенасы . . . 51

5. 2 Электр қауіпсіздігі . . . 54

5. 3 Өрт қауіпсіздігі . . . 56

5. 4 Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша қорытынды . . . 58

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 60

ПAЙДAЛAНЫЛҒAН ӘДEБИEТТEP ТIЗIМI . . . 61

ҚОСЫМША . . . 63

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыста кіші кәсіпорындар жұмысын автоматтандырудағы Delphi бағдарламалау тілінің маңыздылығы зерттеледі.

Дипломдық жұмыста мақсаты: есептеу техникасын жөндеу және сату, оларды жөндеу шеберханаларына келген клиенттерге қызмет көрсету жұмыстарын автоматтандыру болып табылады.

Өзектілігі: Өзіміз байқап жүргендей: көптеген компьютер сату және жөндеу жұмыстарымен айналысатын кішігірім мекемелерде толық автоматтандырылған ақпараттық жүйе жоқ деп айтуға болады. Себебі, клиенттерге олар өз қоймаларындағы заттардың прайс-беттерін ұсынады және клиенттерді компьютердегі базаға тіркемейді. Сонымен қатар клиенттерге кепілдік қағаздарын бланкке қолмен толтырып береді. Өздеріне қажетті деректерді мәтіндік редакторда, электрондық кестелерде шашыратып сақтайды. Есеп тапсыру кезінде де осы әдісті қолданады. Бұл әлі де болса, жұмыстардың толық көрсетеді. Дипломдық жұмыста осы мәселені шешу талқыланды.

Қазіргі таңда заманымыздың өркендеп, дамып келе жатқан кезінде, әрбір үйде компьютер болуы таңданарлық құбылыс емес. Барлық кіші кәсіпорындарда, тіпті айта кететін болсақ шағын шаштараз, тігін шеберханаларының өзінде кәсіпкерлер қажетті бағдарламаны қолданып, өз жұмыстарын автоматтандыруда. Заман ағымына қарай Visual Basic, Pascal, Delphi сияқты көптеген бағдарламалар да даму үстінде. Осы тілдердің мүмкіндіктерін әр кәсіпкер қажетіне жарата алса, заманымызға сай тұрғыда көптеген мәселелер шешіледі деп есептеймін. Біз зерттеген компьютерлер құрылғыларын сату және оларды жөндеу шеберханасының мәселелерін Delphi программалау тілінің көмегімен шешуге келетініне көз жеткіздік.

Дипломдық жұмыстың мазмұнында негізгі үш бөлім қарастырылды. Бірінші бөлімде автоматтандырылған ақпараттық жүйе жайлы, оның Delphi бағдарламасында құрылу тәсілдері қарастырылды. Екінші бөлімде Delphi ортасының кіші кәсіпорындар жұмысын автоматтандырудағы мүмкіндіктері туралы қарастырылады, яғни Delphi ортасында мәліметтер қоры қалай құрылатыны және басқарылатыны, мәліметтер қорына рұқсат алу механизмдері және олардың ерекшеліктері жайлы айтылады. Үшінші бөлімде дипломдық жұмыста құрылған жобаның структурасы, жобаға қатысты мәліметтер қорын құрастыру жолдары, жобаның техникалық мінездемелері, әртүрлі есептер және осы жобаның қолданыстағы ұтымдылығы қарастырылады.

1 Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер

Автоматтандырылған ақпараттық жүйе - ақпаратты сақтау, тасымалдау және өңдеумен байланысты қызметті автоматтандыруға арналған бағдарламалық - аппараттық құралдар жиынтығы.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйе (ААЖ) - ақпараттар жиынтығы болып табылады, басқаратын шешімдерді қабылдап алу және ақпараттарды өңдеу үшін арналған мамандар мен техникалық құралдардың, бағдарламалық, техникалық, экономика-математикалық үлгілер мен әдістердің ақпараттар жиынтығын ұсынады.

Автоматтандырылған жүйенің қолдану артықшылығы мәліметтерді өңдеуде қолмен өңдеуге қарағанда аз уақыт жұмсалады, қағаз түрінде де ақпарат үлкен кеңістік алады, дәл солай ақпараттарды сақтауда да азырақ орынға ие болады. Автоматтандырылған жүйе тез әрекетілігімен, өңдеу жылдамдығымен, көрнекті және ыңғайлы интерфейсімен ерекшеленеді.

ААЖ-нің мәліметтер қоры - жалпы принциптерді суреттеулері бар мәліметтерді манипуляциялау мен сақтау, сонымен қатар қолданбалы бағдарламадан олардың тәуелсіздігін қамтамасыз етудің нақты белгілері бойынша реттелген мәліметтердің, көрсеткіштердің, құжаттардың, файлдардың жиынтығы. Мәліметтер қорында ААЖ тек қана экономикалық емес, сонымен қатар құқықтық, техникалық, ғылыми және басқа да ақпараттарды көрсетуі мүмкін. Мәліметер қорын жіктеу негізінде әртүрлі бөлу негіздері бола алады. Көптеген жағдайда мәліметтер қорын жүйеге келтіру негізінің таңдау функционалдық және ақпараттық міндеттердің мінездемелерімен және кәсіпорын жұмысының нақты шарттарымен анықталады.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйе, бір жағынан, ақпараттық жүйенің (АЖ) бір түрі, екінші жағынан, автоматтандырылған жүйе (АЖ), осыдан келіп оларды көбінде ақпараттық жүйе немесе автоматтандырылған жүйе деп атайды.

1. 1 Ақпараттық жүйелер және олардың классификациясы

Ақпараттық жүйе - бұл ұйымдық-реттелген өзара байланысқан құралдардың және ақпараттық технологиялардың әдістерінің жиынтығы, сонымен қатар алға қойылған мақсатқа жету барысында ақпараттарды өңдеу және шығару. Ақпараттық жүйенің мұндай түсінігі ЭВМ ақпараттарын қайта өңдеу құралдарының негізгі техникалық сапасын қолдану және кез келген облыстағы қажетті тапсырмалардың шешімін қабылдау, ақпараттарды шығару және ақпараттық үрдістерді орындау барысындағы байланыс құралдарын талап етеді.

Ақпараттық жүйе құрастырушы элементтер тұратын компьютер, компьютерлік желілер, бағдарламалық өнімдердер, мәліметтер қоры, әртүрлі бағдарламалық және техникалық құралдарымен байланысы бар адамдар ортасы және т. б болып табылады. Ақпараттық жүйенің құрылуы үшін адам рөлінің маңызы өте жоғары, яғни өндірілетін ақпараттың алынуы мен ұсынылуы адам арқылы жүзеге асырылады. Ақпараттық жүйенің негізгі ойы және кейбір принциптері оларды ұйымдастыруы компьютерлер шыққаннан бұрын пайда болған, дегенмен компьютеризациялау оншақты және жүздеген рет ақпараттық жүйенің нәтижелілігін артырды және олардың қолдану сферасын кеңейтті.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйеде ақпараттарды сақтау үшін жауап береді:

физикалық деңгейде

- жады құрылғысы (RAM)

- сыртқы жинақтауыш

- дискілік массивтер

бағдарламалық деңгейде

- файлдық жүйе ОЖ

- МҚБЖ

- документтерді, мультимедиаларды және т. б. сақтау жүйелері (1-сурет) .

Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің классификациясы

1-сурет. Автоматтандырылған ақпараттық жүйе классификациясы

Ақпараттық үрдістерді автоматтандыру дәрежесіне негізделе отырып ақпараттық жүйелер қолдан жасалған, автоматты және автоматтандырылған болып бөлінеді.

Қолдан жасалған ақпараттық жүйелерде ақпараттарды өңдеуде пайдаланатын қазіргі заманғы техникалық құралдар қолданылмайды, яғни барлық операциялар қолмен орындалады.

Автоматты ақпараттық жүйелерде ақпараттарды өңдеу бойынша жасалған барлық ақпараттар адамның қатысуынсыз орындалады.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерде ақпараттарды өңдеу бойынша жасалатын барлық операцияларға адам да, техникалық құрал да қатысады.

Мәліметтерді өңдеу сипаты бойынша ақпараттық жүйелер ақпараттық-іздеуші және ақпараттық-шешуші болып бөлінеді.

Ақпараттық-іздеу жүйелері мәліметтерді ешқандай күрделі түрлендірулерсіз қолданушы сұранысы бойынша ақпараттар беруді, енгізуді, жүйелеуді, сақтауды жүзеге асырады. Мысалы, кітапханалық ақпараттық-іздеу жүйелері, транспорттық билеттерді сату, алдын ала тапсырыс беру ақпараттық-іздеу жүйелері және т. б.

Ақпараттық-шешуші жүйелер ақпаратты өңдеу және түрлендіру операцияларын нақты анықталған алгоритмдер бойынша жүзеге асырады. Осының ішінде өңделген ақпараттың шешім қабылдау үрдісіне әсер ету сипаты бойынша екі класқа бөлінеді: басшылық ететін және кеңес беретін.

Басшылық ететін ақпараттық жүйелер негізінде адам шешім қабылдайтын ақпаратты өңдейді. Мұндай жүйелер үшін үлкен көлемді мәліметтерді өңдеу және есептеу сәйкес келеді. Мысалы, өндірістік және тапсырыстарды жоспарлау, бухгалтерлік есеп және тағы басқа да ақпараттық жүйелер.

Кеңес беретін ақпараттық жүйелер басшылық шешімдермен қалыптасу барысында ескерілетін мағлұматтарға қатысты адамдармен қабылданатын шешімдерді (ақпараттарды) өңдейді, бірақ нақты әрекеттер қолданбайды. Мысалы, эксперттік жүйелер.

Қолдану сферасы бойынша ақпараттық жүйелер классификациясы.

Ұйымдастырылған басқару ақпараттық жүйелері басқарушылық ететін персоналдар функциясын автоматтандыру үшін арналған. Мұндай жүйенің негізгі функциялары: оперативті бақылау және реттеу, оперативті есепке алу және талдау, перспективті және оперативті жоспарлау сияқты тағы да басқа экономикалық және ұйымдастырушылық есептер кіреді.

Технологиялық үрдістерді басқару ақпараттық жүйелері өндірістік операцияларды басқару және бақылау бойынша өндірістік персоналдар функциясын автоматтандыруға арналған.

А втоматтандырылған жобалау ақпараттық жүйелері жаңа технологиялар мен техникаларды құру барысында инженер жобалаушылар, құрастырушылар, архитекторлар, дизайнерлер функцияларын автоматтандыруға арналған.

Интегралданған (корпоративті) ақпараттық жүйелер ұйымның барлық функцияларын автоматтандыру үшін қолданылады және жобалаудан өнімнің өтуіне дейінгі жұмыстың барлық циклін қамтиды.

Сонымен, автоматтандырылған ақпараттық жүйе дегеніміз әртүрлі ұйымдардағы басқару шешімдерін қабылдауға қажетті қолданушылардың сұранысы бойынша мәліметтерді сақтау, іздеу және өңдеуге арналған техникалық, бағдарламалық және тілдік құралдардың ақпараттық массивтер жиынтығы.

Өндірісті автоматтандыру деп тек компьютерді сатып алу және корпоративті желілерді құруды ғана емес, компьютерден, желіден, бағдарламалық қамтамасыз етуден тұратын, ең бастысы ақпараттық ағымдарды ұйымдастыратын ақпараттық жүйелерді құруды түсінуге болады. Көптеген өнеркәсіптерде ендірілген ақпараттық жүйелерге (АЖ) талдау жасай отырып, қандай да бір өнімді АЖ базасына интеграциялау уақыт өте келе аяғына дейін ендірілмегеніне немесе оның компаниямен қолданылмайтынына көз жеткізуге болады.

Тәжірибе арқылы АЖ ендіру нәтижесінде клиенттің өз жүйесін толығымен игерген және оның қалай жұмыс істейтінін түсінген жобалардың сәтті екенін көруге болады.

Дәстүрлі тәсілдер барысында өндіріс басшылығы жобаға айрықша көңіл аударғанда, оның барлық қорларын меңгергенде, өндірістегі барлық бизнес-үрдістерді ұйымдастыра білгенде өте қиын қолжеткізуге болатын нәтижелер алуға болады. Кері жағдайда басшы жүйе ұсынатын цифрлардың қайдан, қалай шыққанын және оған кім жауапты екенін білмейді.

Қазіргі заманда ақпараттық жүйелерді құрудың жаңа тәсілдері қажет. Жаңалық базада қандай да бір интегралданған өнімге жүйе құрумен ғана шектелмейді, жүйені тыңғылықты жобалауды және одан кейін адекватты бағдарламалық құралдың көмегімен оны жүзеге асыруды қамтамасыз етуі қажет.

Тапсырыс берушіге де, тасымалдаушыға да ақпараттық жүйе құру үшін қандай да бір бағдарламалық жоба таңдағанға дейін, алдымен талдау жасап, содан кейін ғана жобалауды бастауы қажет. Басқаша айтқанда, тек жоба алдындағы мұқият тексерулер және нақты мекемені басқару құрылымдарының барлық ерекшеліктері қарастырылған жобалаулар ғана ақпараттық жүйені автоматтандыруды ендіру барысында нағыз нәтижелерге қол жеткізуге болады.

1. 2 Delphi және автоматтандырылған ақпараттық жүйе

Ақпараттық жүйелерді құру барысында еңбек шығынының негізгі үлесі қолданбалы бағдарламалық жасақтамамен мәліметтер қорына түседі. Сондықтан бағдарламалық жасақтама өндірісі бүгінгі күннің дүние жүзілік экономиканың ең ірі салаларының біріне айналып отыр. Бағдарламалық инженерияның қалыптасуы мен даму үрдісінде бағдарламалық жасақтаманы жүйелендіру және стандарттау негізгі кезеңдері болып табылады.

Бағдарлмалық инженерияның негізгі идеясы - бағдарламалық жасақтаманы құру үрдісін формальды үрдіске айналдырып, оны одан әрі зерттеп дамытуға бағытталған.

Бағдарламалық жасақтаманы құрудың әдістері мен құралдарын меңгеру және дұрыс қолдану ақпараттық жүйе сапасын көтеруге, ақпараттық жүйені жобалау үрдісін басқаруды қамтамасыз етуге және оның өмір сүру уақытын ұзартуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақыттағы ақпараттық жүйелердің ең ірі жобалары келесі ерекшеліктермен сипатталады:

- Мұқият үлгілеуді және мәліметтер мен үрдістерді талдауды талап ететін сипаттама күрделілігі;

- Жергілікті есептері мен функцияналдау мақсаттары бар тығыз өзара әрекет етуші компоненттердің бар болуы;

- Қандай да бір типтік жобалық шешімдермен қолданбалы жүйелерді қолдану мүмкіндігіншектейтін толық аналықтарының бар болуы;

- Бар және жаңадан құрылып жатқан қолданбаларды интеграциялау қажеттігі;

- Біртекті емес ортадан бірнеше ақпараттық платформада функцияналдау;

- Әзірлеуші топтардың біліктілік деңгейі бойынша және қандай да бір инструменталдық құралдарды қолдану әдеттеріне байланысты бір шешімге келе алмауы;

- Берілген уақытта жүзеге асырылуын талап ету.

Соңғы кезде бадарламалауға деген қызығушылық өте үлкен сұранысқа ие болды. Бұл ақпараттық-коммуникативтiк технологияның дамуымен және күнделiктi өмiрге енуiмен байланысты. Егер адам компьютермен жұмыс iстесе, онда ертелi ме, кеш пе, әйтеуiр, адамда компьютерге деген қызығушылық сезiм туады, ал кейде бағдарламалауға да ынта пайда болды.

Жаңа бағдарламалау жүйесінің негізгі өзгерістері ретінде төмендегілерді атап көрсетуге болады:

- Object Pascal жаңа бағдарламалау тілі, Borland Pascal тілінің бұрынғы нұсқасының өңделген түрі болып табылады;

- RАD (RАРID АРРLIСАТION DЕVЕLОРМЕNT) өңдеу технологиясына бағытталған бағдарламалау ортасының компонентті модулі.

Object Pascal бағдарламалау тілі өңдеу құралдарының нарығында C++, Java сияқты объектілі-бағдарланған тілдермен қатар пайда болды. Borland компаниясы объектілі-бағдарланған тілдерді дамытып, Object Pascal тілін құруда өз тәжірибелерінің жетістігін көрсете білді. Жаңа тіл синтаксис жағынан да, ұсынылатын мүмкіндіктер жағынан да сәтті шықты. Бұл тіл объектілі-бағдарланған бағдарламалаудың барлық негізгі механизмдерін қамтыды.

Delphi ортасы - жұмысын аса тиімді қамтамасыз ететін, бағдарламалау тілі барысында Object Pascal тілі қолданылатын ақпаратты жылдам өңдеу ортасы. Delphi-де жобалауға қажеттілердің барлығы бар, бағдарламаны жіберу және тестілеу және басты мақсаты бағдарлама жасау процесі жеңілірек болып табылады. Жылдам өңдеу жүйелерінің негізінде визуальді жобалау технологиясы және бағдарламалау оқиғалары жатады. Delphi - қатаң типте бағытталған тіл.

Borland Delphi бағдарламалау жүйесі Windows операциялық жүйесінде орындалатын нәтижелеуші бағдарламалауды құруға арналған. Borland Delphi бағдарламалау жүйесінің және оның компоненттік үлгісінің негізін VCL (Visual Component Library) кітапханасы құрайды. Бұл кітапханада операциялық жүйе интерфейсі мен басқаруының негізгі орындары компонент түрінде жүзеге асырылған. Сондай-ақ, мұның құрамында «клиент-сервер» құрылымындағы нәтижелеуші бағдарламаларды өңдеу үшін Borland Delphi құрамындағы BDE (Borland Database Engine) тәсілі еніп отыр. Енді ол нәтижелеуші бағдарламалар VCL кітапханаларының көмегімен мәліметтер қоры серверлер диапазонына шығу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. BDE көмегімен нәтижелеуші бағдарламалар Microsoft SQL, Server, Interbase, Sybase, Oracle және таңы басқа типті мәліметтер қоры серверлермен өзара жұмыс жасайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу
ОҚО шаруа қожалықтарында қант қызылшасын егіп өсіруді механикаландыру және технологиялық картасын жасау
Көлік техникасына ТҚК және жөндеуді басқару
Күрделі жөндеу мен техникалық қызмет сандарын анықтау
Көлік бөлімінің басшысы
Жылжымалы жөндеу шеберханасы
Өндірістік автокөліктердің құрамы мен талдауы
Автокөлік кәсіпорындарын өндірістік жобалау жайлы
Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифті-біліктілік анықтамалығы
Агротехнология мен машиналар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz