Биологияны оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданудың тиімділігі


Қазақстан республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік
университеті
« Биологияны оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданудың тиімділігі »
Дипломдық жұмыс
Мамандығы: 5В011300 «Биология»
Семей 2016ж
Қазақстан республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік
университеті
« Қорғауға жіберілді»
Биология кафедрасының
меңгерушісі, б. ғ. к., доцент
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: «Биологияны оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану»
5В011300- мамандығы бойынша - «Биология»
Орындаған:
Е- 213 топ студенті Ожарова А. О
Ғылыми жетекшісі
доцент Садыкова Р. А.
Семей 2016 ж
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
I. ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1. 1. Ақпараттық коммуникациялық технология түсінігі . . .
1. 2. Ақпараттық технология тиімділігі және мүмкіндіктері . . .
II. ҒЫЛЫМИ ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
2. 1. Ақпараттық технологияны қолданудағы қиындықтар және оны шешу жолдары.
2. 2. Биологияны оқытудағы комуникациялық технологияларды тиімді пайдалану . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .
Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі: Қазіргі кезде ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласында ауқымды ілгерлеу жүріп жатыр. Ақпараттық технологияны қолданудың ең тиімді жолы сөзсіз жаһандық ақпаратқа қол жеткізу болып келеді.
Қазақстан Республикасының білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында ақпараттық және коммуникативтік технологияны білім беру жүйесін жеделдетіп дамытуға қолдану негізгі міндеттердің бірі ретінде анықталады.
Ақпараттық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.
Қазір биологияны проблемалық әдістермен оқыту кең түрде қолданылып отырғанда оқушылардың биологиялық білім дәрежесін арттыру мұғалімдер қауымының алдындағы ең қиын да, күрделі міндеті.
Жалпы орта мектептің оқу үрдісінде ақпараттық технологияны тиімді қолдану қазіргі уақытта өзекті мәселенің бірі болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Биология сабағында ақпараттық комуникациялық технологияларды қолдана отырып сабақ жүргізу, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ізденімпаздығын, өз бетімен жұмыс жасауға қабілетін арттыру.
Диплом жұмысының міндеті: 1. Ақпараттық комуникациялық технологияны дұрыс, ұтымды түрде пайдалану.
2 . Оқушылардың білімге, пәнге деген қызығушылығы мен құзырлығын дамыту.
3 . Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауға қабілетін арттыру.
Дипломдық жұмыстың практикалық маңыздылығы: Әзірленген Microsoft Oiffce Power Point бағдарламасында жасалған тапсырмалар орта мектептердің биология пәні бойынша 8, 10 - сынып оқытушыларына арналған. « Алтынсарин атындағы орта мектеп -бақша» КММ да бұл бағдарлама және тапсырмалар қолданылды.
Дипломдық жұмыс екі бөлімнен тұрады. Оның бір бөлімі ғылыми теориалық, біреуі ғылыми практикалық болып қарастырылды. Бірінші бөлімде ақпараттық технология жайында болса, екінші бөлімінде осы ақпараттық технолгия түрлеріне жататын иентерактивті тақта және Microsoft Oiffce Power Point, ACTIVstudio бағдарламасының мүмкіндіктерін қолданылып тапрысмалар жасау туралы жазылады.
I. ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1. 1. Ақпараттық коммуникациялық технология түсінігі
Ақпараттық коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Ақпараттық - коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан - жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педогогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Болашақта елімізді экономикалық - әлеуметтік жоғары 50 мемлекеттердің қатарына қосатын ақылды, саналы да, салалы ой тұғыры биікке самғаған XXI ғасырдың оқушыларына ғылымның кілтін ұстатау, өнегелі тәрбие беру ұстаздың басты мақсаты болып табылады.
Көрнекілік - педагогикадағы дидактикалық тәсіл. Ол ақпараттың, дәрістің, үгіт-насихаттың, жарнаманың танымдылығы мен пәрменділігін арттыру жолы, оқытуда заттар мен құбылыстардың әр қайсысының өзіне тән жаратылыс бітімін, әр қилы сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы байқау, қабылдауға баулиды. Адам қоршаған ортаны, дүниені, құбылыстарды бес сезім мүшесі арқылы түйсінеді. Оның ішінде ақпаратты ең көп қабылдайтын сезім мүшесі - көру түйсігі. Адам жадында терең таңбаланатыны да осы көру түйсігі арқылы қабылданған ақпарлар. Бірақ, түйсік өздігінен құбылыстардың ішкі байланысын, олардың заңдылығын бейнелей алмайды. Құбылыстардың мәнін адам санасында ойлау, пайымдау қабілеті ғана бейнелейді. Көрнекіліктің нәтижесінде қоршаған өмір құбылысын және заттарды салыстыра ойлап, пайымға салып қабылдау арқылы оқушылардың мәселені түйсіну дәрежесі артады, сана-сезімі қалыптасады. Сонымен бірге, қабылданған ақпарлар оқу міндеттеріне байланысты талданып, қорытылады. Көрнекілік құралдары оқушыларға бейнелі түсінік беру үшін ғана емес, оқушылардың ұғымын қалыптастырумен бірге, абстрактілі байланыстар мен тәуелділікті түсіндіру үшін қолданылады. Бұл дидактиканың басты қағидаларының бірі болып саналады. Көрнекілікті чех педагогі Я. А. Коменский (1590 - 1670) 17 ғ-да енгізді. Одан кейін педагогтер швейцар И. Г. Песталоцци (1746 - 1827), неміс А. Дистерверг, орыс педагогі К. Д. Ушинский (1824 - 1870/71), т. б. Көрнекілікті оқу пәндерінің мазмұнына бейімдеп (ана тілі, арифметика, табиғаттану, т. б. ), дидактика мен әдістеме жүйесіне лайықтап қалыптастырды. Көрнекіліктің үлгілерін пайдалануға Ы. Алтынсарин зор көңіл бөліп, “Қазақ жастары ғылым-өнерді кітап сөзі деп қана қарамай, заттай көзімен көріп, ажырата білуін” мақсат етіп қойды. Қазіргі оқу жүйесінде жанды-жансыз табиғат объектілерін байыппен байқаудың, сурет, өрнек, көркемөнер туындыларын, график. материалдарды заттай пайдаланудың мәні зор. Қазіргі дәуірде ғылым, техника, көркемөнер салаларында мол дамыған шынайы деректерді, т. б. едәуір күрделі бейнелеу мүмкіндіктерін пайдалану үшін түрлі кабинет, арнайы жұмыс орындары - кабиналар ұйымдастырылды. Осыған орай оқу барысында кинопроекторлар, кинофильмдер, теледидар, оптик. аспаптар, түрлі механизмдер, дәлдік өлшеу-есептеу машиналары, т. б. көрнекі құралдар қолданылады.
Қазіргі таңда оқытудың маңызды мәселесі - оқушылардың танымдық қызметінің артуы, жеке тұлғаның өзіндік дамуына бағыт беру, оның жүзеге асуын қадағалау. Осы мәселелерге байланысты оқушыларға білім алудың тиімді жолдарын ашу. Соның бір айғағы ретінде инновациялық технологияны ( интерактивті тақтаны) айтуға болады. Интерактивті тақтаның тиімділігі өте зор. Оқушылардың білімге деген және де пәнге деген қызығушылықтарын арттырады. Көзбен көріп, ой - санасымен талдап қана қоймай деректі түрде естіп біле алады. АКТ технологиясы оқушыға жеткілікті мәліметтер беретін қазіргі қазіргі уақыттағы қолданылатын бірінші технология. Оның негізгі мақсаты - әлеммен қарым - қатынаста болу, әдістерін меңгеру және құру.
АКТ технологиясы бойынша тапсырманы шешу білімділік пен біліктіліктің қорытындысы болып есептелінеді. Соның ішінде кейбір тапсырмалардың ерекше мағынасы бар бір ғана шешіммен ғана емес, бірнеше талас туғузатын шешімдері бар тапсырмалар. АКТ технологиясында оқыту мазмұнын шешу емес, қандай тәсілдерді қолдану керектігі айтылады. Видео материалдар. Видео материалды көруден кейін, сыныптын ұжымдық түрде жұмыс істеуіне, топтық талқылау, не болмаса өз бетінше орындауға арналған тапсырмалар алуына мүмкіншіліктер туындайды.
Жүйенің жеке бөліктерінің қызыметін, яғни ақпарат таратушы жүйелердің арасындағы динамикалық ақпараттарды басқару комммуникация деп аталады. Ақпарат- зат немесе энергия емес, бірақ заттық, энергетикалық құбылысты тасымалдаушы яғни, сигнал түрінде таратушы. Пайда болған ақпарат өзгеріп (сигнал) таралу арқылы байланыстырушы каналға жетеді. Ал организмнің ішіндегі сигнал тасымалдау қызметін атқарушы химиялық заттар, гармондар, қантамырлар және электрлік импульстерді тасымалдаушылар(рецепторлар, жүйке жасушалары, жүйке талшықтары) . Сигналдардың өздеріне тән құбылыстарды көрсетуге заңды байланыстары бар - ол коммуникацияның сематикалық аспектісі деп аталады. Хабарлағыш сигналды таңдап, оны берілген ақпаратқа сәйкестендіруші кодтаушы үдеріс борлады. Қабылдағышта, егер, сигнал алдын - ала белгілі (код) болса, алғашқы ақпаратты да кодтаушы немесе құрылысын өзгертуші құбылыс болады. Коммуникация тізбегі ақпарат көзінен, хабарлаушы байланыс канал арқылы қабылдаушы нысанаға жеткізеді.
Оқытудың ақпарттық технологиясы - бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педогогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар мен кешендер . Бүгінгі күні инновациялық тәсілдер мен ақпарттық технологияларды қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін, ізденушілігін дамытып, қызығуын тудыру, белсенділігін арттыру- ең негізгі мақсат болып айқындалады. Ақпарттық технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары мынадай.
- Олар оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында берілуге тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.
- Білімге бір - бірінен алыс ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орынында отырып қол жеткізуге болады.
- Оқыту жүйесінің көп деңгейлілігі оқу материалының сапасын арттырады. Компьютердің көмегімен оқушы өз бетінше, сондай - ақ өзге оқушылармен бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
Мектептерде оқытылатын биология пәндерін оқыту барысында ақпараттық технологияларды қолдануды әсіресе зертханалық сабақтарда жүзеге асырудың мүмкіндігі мол екендігін ерекше атап өтуге болады.
Зертханалық сабақтарды өту кезінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың өз беттерінше жұмыс атқаруға дағдыландыру, қорытынды тұжырымдар жасай білуге және шығармашылық жұмыстарды жүзеге асыруына зор мүмкіндік жасалады.
«Оқыту технологиясы » терминін алғаш рет АҚШ та - қолдана бастады. Польшаның белгілі дидакторы У. Куписевич пен Ф. Янушкевич оқыту технологиясы жалпы дидактиканың бір бөлігі ретінде оқытудың ең оңтайлы жолын анықтайтын терең түсіну керектігіне назар аударады.
Оқыту технологиясына Скиннер былай деп анықтама береді: «Оқыту технологиясы - психология жетістіктерін педогогикалық практикада қолдану немесе оқыту технологиясы оқытудың тиімділігін арттыру мақсатымен білім беру үрдісін жүзеге асыру және бағалау, бағдарламалаудың жүйелі тәсілі».
Оқытудың технологиясы педогогикалық әдістерге негізделген.
Жаңа технологияның негізі саналатын ізгілендіру мен демократияландыру - мектептегі оқу үрдісін жетілдірудің басты ұстанымдары.
«Инновация » (inovation - ағылшын сөзі, қазақша жаңалық, жаңалықты ендіру деген мағынада қолданылады) . Бұл ұғымды педогогикалық тұрғыдан жалпы алғанда, оқу - тәрбие үрдісінің жүрісі мен нәтижелерін жақсартатын педогогикалық жүйеге жаңалық енгізу деп түсінуіміз керек. Педогогикалық инновацияның мәнін түсіндіруде әртүрлі бір - біріне қарама - қайшы пікірлер баршылық.
«Кәсіби педогогика» оқулығында инновация - техника, технология, педогогика, ғылыми - зерттеу салаларында жаңа практикалық тәсілдерді жаңалықты енгізуді, жасаудың, пайдаланудың, таратудың кешенді үрдісі, - деп анықтама берілген. Инновация - бұл педогогикалық жүйені сапалы жетілдірудің бірлігі арқылы алынған идеялар, үрдістер, тәсілдер және нәтижелер.
Инновация мағынасы көп жағдайда техникаға қатысты қолданылып келгенімен, кейінгі жылдары педогогиканың әдебиеттер мен білім беру тәжірибесінде кеңінен көрініс тауып отыр.
Педогогикалық инновацияларға:
- Жаңа емес, бірақ өзінің өзекетілігін жоймаған және педогогика ғылымы мен практикасы жүйесін қамтитын, әлі толық жетілдірілмеген оқу - тәрбие үдерісін оңтайландырудың жалпы идеялары мен практикалық технологияларын;
- Ізгілік педогогикасының барлық қағидалары мен практикалық технологиялары жиынтығын қарастыруды;
- Жаңа идеяларға негізделген педогогикалық үдерістерді ұйымдастыру мен басқару амалдарын;
- Ақпараттандыру мен жапай коммуникациялаудың жаңа идеялары мен құралдарына негізделген технологияларды жатқызуға болады.
Педогогикалық жүйеге инновациялық түрлендірулер енгізудің басты бағыттары: тұтастай алғандағы педогогикалық жүйе; оқу мекемелері; педогогикалық теория; мұғалім; оқушылар; педогогикалық технология; мазмұны; формалары, әдістері, құралдары; басқару; мақсаты мен нәтижелері.
Білім беру үрдісінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім және тәрбие алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқыту және тәрбие берудегі жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіліерге шығу делінген.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру - қоғамның маңызды бағыттарының бірі . Ал бұл өз кезегінде білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған үрдістің құралдарымен әдістерін, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін бір - бірімен тығыз байланыста өсіруге және олардың тиімділігі мен сапасын көтеруге, жас ұрпақты жаңа қоғам жағдайында өмір сүруге дайындауға пайдалану.
XXI ғасыр - ақпараттық қоғам дәуірі. Ақпарттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпарттық білім негіздерін беру, логикалық - құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.
Ақпараттық - коммуникациялық технология электронды еептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпаратық - коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан - жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педогогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін тигізер пайдасы зор. Қазіргі заманғы білім беру технологияларын іске асырудағы механизімнің бірі - интерактивті тақтамен сабақ өткізу . Интерактивті тақтамен өткізген сабақ оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалдық шығарашылық белсенділігін, дарындылығын дамыту факторларының бірі болса, мұғалім үшін шеберлік пен сауаттылығын арттырыатын, уақыт үнемдейтін, эстеттикалық талғамға сай безендірілген көрнекілік құралы болып табылады. Жаңа ақпараттық технологиялар педогогтің мүмкіндіктерін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Компьютерлік мүмкіндіктер психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педогогикалық талаптарға сай қолданылу керек. Соның негізінде оқытудың тиімді әдіс - тәсілдерін мұғалімнің өзі анықтап алу қажет.
ХХІ ғасыр - жаңа технология мен ақпараттандару ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық қадаммен басып келеді. Ел өмірінің барлық салалары компьютерлендіре бастады. Ендігі кезекте еліміздің ертеңі болар бүгінгі жас ұрпақты ақпараттық технологияның көмегімен тиімді білім беріп және жаңа технологияның даму заманыныда компьютердің қыр - сырын терең меңгертуіміз керек.
Ақпараттық технология электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электронды оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық технология - қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері - жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.
Ақпараттық технологияны қолданудың мақсаты оқыту процесінде барлық білім алушыларға меңгерілетін білімнің қол жетерлігін қамтамасыз ету, әдістер мен дидактикалық құралдар студенттердің кәсіби дайындығы. Оқытудың ақпараттық технологиясын И. И. Маркель былайша анықтайды: «Оқытудың ақпараттық технологиясы дегеніміз - студенттің өз бетінше таным қызметін, оқытудың оқу процесін басқаруды жеңілдетуге бағытталған әдістемелік, психологиялық педагогикалық бағдарлама, технологиялық және ұйымдастыру құралдарының кешені». Зерттеушілердің еңбектеріне сүйенетін болсақ, ақпараттық технологияға төмендегідей түсінік беріледі:
Техникалық құралдармен әдістер жиынтығы, белгілі бір ақпаратты ұйымдастыру, өңдеу сақтау, жеткізу, әлеуметтік және техникалық процесс негізінде адамдардың білім кеңейтіп, дамыту (В. Ф. Шолохович) ;
Бағдарламалық ақпараттық құралдар, есептеуіш техникалар, ақпарат алмасудың қазіргі құралдары, ақпаратты өңдеу, сақтау, жеткізу (Роберт И. В. ) . Жаңа ақпараттық технологияның жылдан жылға кең құлаш жайып дамуы адам қызметінің барлық салаларына енгізілуне орай жас ұрпақты компьютерлік техниканы пайдалану үшін даярлауда олардың компьютерге деген оң көз қарасын қалыптастыру мен қатар, оқушылардың сыныптағы және сыныптан тыс оқу қызметін компьютер арқылы ұйымдастыру.
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға негізгі мақсаттарға мыналар кіреді:
- Ақпаратпен жұмыс іскерлігін, қалыптастыру, комуникативтік қабілетін дамыту;
- Ақпараттық қоғамның тұлғасын дайындау;
- Берілетін оқу материалының көлемін оқушы меңгере алатын деңгейге дейін өсіру;
- Бастауыш мектептерде оқытылатын сабақтарда компьютерді жиі пайдалану арқылы;
- Бастауыш сыныптан бастап жүйелі түрде информатика пәнін оқыту арқылы.
Мектептерде балаларға арналған информатика үйірмелерін ұйымдастыру арқылы жүргізуге болатына көз жеткізуде. Ал жоғарыда көрсетілген әдістердің барлығы бір - бірімен ұштастырылса жас жеткіншектердің кампьютерлік сауаты, әр кампьютерлік мәдениетті болып өсіуіне жол ашады.
Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам-ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек.
Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі - осы ақпарат. Бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге айналып кетуі мүмкін. Бұл ақпараттың пассивті түрде пайдаланатын бөлігінің артуына байланысты болып отыр. Интернеттің кең таралуына орай ақпарат таратудың бақылауға көнбейтін кері процесінің күнен-күнге артып бара жатқаны байқалады.
Жаңа мыңжылдық - бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол- өткенді таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Әсіресе, бүгін біз өз күшімізді жарқын болашаққа жұмсауымыз керек. Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан, біздің ойымызша, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге дайындау - бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр - ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі - қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру - экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.
Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан қорғанған адам - ол технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, әрі жан-жақты адам. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі - тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Қорытындысында білім беру - адамға үздіксіз оқуға, білім алуға жан-жақты білім қызметін ұсынатын әлеуметтік институт болуы керек.
Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.
Бұдан шығатыны, ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі - «Білім-бүкіл өміріңе» қағидасынан «Білім бүкіл өмір бойына» қағидасына алатын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарын іздеу болып табылады.
Биология пәнін оқытудың тиімділігін арттырудың жолдары өте көп. Соның бір жолы ретінде оқытудың жаңа технологиясын енгізуді атап өтуге болады.
Ақпараттық қоғам қалыптасуының басым бағыттарының бірі оқыту жүйесін ақпараттандыру болып табылады. Ақпараттық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін байытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz