Бағалы қағаздардың жіктелуі және түрлері



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4

1. Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және қалыптасуы ... 5.6

2. Бағалы қағаздардың жіктелуі және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ..7.32
2.1. Бағалы қағаздардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7.10
2.2. Негізгі бағалы қағаздар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11.26
2.3. Туынды бағалы қағаздар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26.32

3. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздардың пайда
болуы, даму негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 32.42

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .43.44

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45.46
Кіріспе
Еліміз тәуелсіздікке жету жолында басынан талай қиындықтарды кешірді. Жоспарлы экономика, әміршіл-әкімшіл жүйе даму жүйесін қатаң түрде бақылап, бірқатар бағдарламалардың жүзеге асырылуында шектеулер қойып отырды.
Бүгінгі таңда еліміз егемендікке ие болып, күрделі әрі көп сатылы даму үстінде. Әсіресе, нарық жағдайына өтуіне байланысты, экономикамыздың барлық құрамдас сфералары мен тетіктерін жұмылдырып, өзара сәйкестілікпен қызмет етуге бағыттау маңызды іс болып табылады.
Нарық жағдайы өте күрделі, ол жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Бұл құрылым тауар мен қызмет көрсету сферасын да, қор жинау сферасын да қамтиды. Яғни, қор жинау – бұл бағалы қағаздардың айналысы нәтижесінде қаражаттарға ие болу.
Осы күнгі ұйымдастырылған және жан-жақты заңдастырылған нарықты шаруашылық жүйесінде бағалы қағаздардың орны ерекше. Оларды экономикалық жүйенің негізі деп те айтуға болады. Бағалы қағаздар халықтың қаржы белсенділігінің артуына, қаржы ресурстарының оңтайлы бөлінуіне, уақытша бос ақша қаражаттарының тиімді жұмсалуына жәрдемдеседі.
Материалдық өндірістің әртүрлі салаларының дамуы үшін, жеке кәсіпкерлік салаларын қалыптастыру үшін және жалпы халық жағдайының дәрежесін көтеру мақсатында Республикамыздың экономикасына инвестицияларды тарту қажет. Осы жерде бағалы қағаздардың маңыздылығы артып отыр. Сондай-ақ олардың қажеттілігін мемлекеттің бюджет тапшылығын жабуда, қарыз қаражатын өтеуде болады.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы – Бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздардың түрлері. Мұндағы менің мақсатым – бағалы қағаздардың пайда болуын, маңыздылығын қарастырып, олардың түрлерін, жіктелуін толығымен талдап, олардың еліміздегі даму негіздеріне зерттеу жүргізу.
Бағалы қағаздар нарығы қаржы жүйесінің әлі де даму сатысында жатқан құрамды бөлігі. Оны дамытуға бірқатар шаралар жасалуда. Осы шекаралардың бірі – 2005-2007 жылға арналған Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының дамуының бағдарламасы. Жұмыс барысында мен бұл мәселеге де тоқталдым.
Сонымен қатар бағалы қағаздармен байланысты проблемаларды шешу жолдары ұсынылды.
Қолданылған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының Заңы. Бағалы қағаздар нарығы туралы: Егемен Қазақстан. – 2003. – 16 шілде;
2. Қазақстан Республикасының Заңы. Акционерлік қоғамдар туралы: Егемен Қазақстан. – 2003. – 16 мамыр.
3. ҚР «Бағалы қағаздар нарығы туралы» заңының ресми мәтіні. Алматы: «Жеті Жарғы», 2004 – 4 б.
4. Дэвид С. Кидуэлл и др. «Финансовые институты, рынки и деньги». Санкт-Петербург «Питер» 200-158 с.
5. Рынок ценныз бумаг: Учебник/под. ред. Галанова В.А, А.И. Басова, М: «Финансы и Статистика», 1996 – 23-27 с.
6. Биржевое дело: Учебник /под ред. Галанова и др М:Финансы и Статистика. 2001-158 с.
7. Көшенова Б.А. Бағалы қағаздар нарығы: Оқу құралы. Алматы: Экономика -1999. 29-45 б.
8. Көшенова Б.А. Ақша, несие, банктер. Валюта қатынастары. Оқу құралы. -Алматы: Экономика -1999 -189 б.
9. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Оқу құралы. Алматы: Издат. Маркет 2004 . -77-79 б
10. Сейітқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер. Оқулық. Алматы:
Экономика, 2001 -350 -354 б.
11. Ценные бумаги и фондовой рынок. Г.С.Сейткасимов и др.Алматы:
Экономика, 1998 -161с.
12. Сәбден О. ХХІ ғасырға қай экономикамен кіреміз. –Алматы:
Қазақстан 1997 ж. -109-115б.
13.Шалгимбаева Г. Казахстанский фондовой рынок: важнейшие этапы развития. РЦБК №12. 2004 г. 15-20 с.
14. М.Утегулов. О программе развития рынка ценных бумаг РК на
2005-2007 годы. РЦБК №3. 2005. 20-21 с.
15. Н. Нурсеит, Р. Нурсеитова. Проблемы развития фондового рынка и
пути их решения. Экономика и статистика. №1. 2003. 14-23 б.
16. Ю. Якупбаева. Проблемы и перспективы развития фондового
рынка Казахстана. РЦБК №3. 2005. 12-15 с.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .3-4
1. Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және қалыптасуы ... 5-6
2. Бағалы қағаздардың жіктелуі және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ..7-
32
1. Бағалы қағаздардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 7-10
2. Негізгі бағалы қағаздар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11-26
3. Туынды бағалы қағаздар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26-32
3. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздардың пайда
болуы, даму негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 32-42
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...43-44
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45-46

Кіріспе
Еліміз тәуелсіздікке жету жолында басынан талай қиындықтарды
кешірді. Жоспарлы экономика, әміршіл-әкімшіл жүйе даму жүйесін
қатаң түрде бақылап, бірқатар бағдарламалардың жүзеге
асырылуында шектеулер қойып отырды.
Бүгінгі таңда еліміз егемендікке ие болып, күрделі
әрі көп сатылы даму үстінде. Әсіресе, нарық жағдайына
өтуіне байланысты, экономикамыздың барлық құрамдас сфералары
мен тетіктерін жұмылдырып, өзара сәйкестілікпен қызмет етуге
бағыттау маңызды іс болып табылады.
Нарық жағдайы өте күрделі, ол жан-жақты қызмет атқаратын
қоғамдық қатынастар жиынтығы. Бұл құрылым тауар мен қызмет
көрсету сферасын да, қор жинау сферасын да қамтиды. Яғни,
қор жинау – бұл бағалы қағаздардың айналысы нәтижесінде
қаражаттарға ие болу.
Осы күнгі ұйымдастырылған және жан-жақты заңдастырылған
нарықты шаруашылық жүйесінде бағалы қағаздардың орны ерекше.
Оларды экономикалық жүйенің негізі деп те айтуға болады.
Бағалы қағаздар халықтың қаржы белсенділігінің артуына, қаржы
ресурстарының оңтайлы бөлінуіне, уақытша бос ақша
қаражаттарының тиімді жұмсалуына жәрдемдеседі.
Материалдық өндірістің әртүрлі салаларының дамуы үшін,
жеке кәсіпкерлік салаларын қалыптастыру үшін және жалпы
халық жағдайының дәрежесін көтеру мақсатында Республикамыздың
экономикасына инвестицияларды тарту қажет. Осы жерде
бағалы қағаздардың маңыздылығы артып отыр. Сондай-ақ олардың
қажеттілігін мемлекеттің бюджет тапшылығын жабуда, қарыз
қаражатын өтеуде болады.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы – Бағалы қағаздар
нарығында бағалы қағаздардың түрлері. Мұндағы менің мақсатым –
бағалы қағаздардың пайда болуын, маңыздылығын қарастырып,
олардың түрлерін, жіктелуін толығымен талдап, олардың еліміздегі
даму негіздеріне зерттеу жүргізу.
Бағалы қағаздар нарығы қаржы жүйесінің әлі де даму
сатысында жатқан құрамды бөлігі. Оны дамытуға бірқатар
шаралар жасалуда. Осы шекаралардың бірі – 2005-2007 жылға
арналған Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының
дамуының бағдарламасы. Жұмыс барысында мен бұл мәселеге де
тоқталдым.
Сонымен қатар бағалы қағаздармен байланысты проблемаларды
шешу жолдары ұсынылды.

1. Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы
және қалыптасуы.

Бағалы қағаздар орта ғасырлардан бері қарай қолданыла
бастады. Сол кезеңде ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуымен
байланысты сауданың аясы кеңісуі, ал осы мүмкіндіктерді
пайдаланып қалғысы келген кәсіпкерлердің ірі капитал
саласында деген қажеттілігі туды. Оның үстіне теңізден
шалғай рынок пен шикізат көзін жекелеген адамдар көтере
алмайды. Нәтижесінде ағылшын, голландық компаниялары
акционерлік қоғамы Ост-Индия, Гудзон бұғазы компанияларымен
сауда жасаумен байланысты дүниеге келді. Міне, осылар
бағалы қағазды бірінші шығарған ірі компаниялар болды.
Олардың акциялары күні бүгінге дейін Лондон мен Торонто
биржаларында сатылуда.
ХVI-XVII ғасырларда Англиядағы акционерлік компаниялар
капиталды көп қажет ететін көмір өндірісін қаржыландыру
үшін де ұйымдасқан болатын.
Сол кездегі Лондондық брокерлер келісімді тікелей көшеде
немесе кафелерде жасаған. Осыған байланысты көше рыногы деп
аталып кетті. Өнеркәсіп төңкерісінің басталуы, ірі
өңдеуші өнеркәсіп орындарының құрылуымен байланысты акцияны
сату кең өріс алды. Бұған жауап ретінде лондондық
брокерлер 1779 жылы королеваның меньяльнигінің бір бөлігін
жалға алды. Сөйтіп, тұңғыш рет лондондық қор биржасы
дүниеге келді, көше рыногы тез даму алды.[1]
Алғашқы американдық қор биржасы 1791 жылы Филадельфияда
пайда болды, ал 1792 жылы бұған пара-пар бүгінде әйгілі
Нью-Йорк қор биржасы құрылды.
Бүгінгі таңда дүниеге жүзінің 60-тан астам елінде
шамамен 200 биржа бар. Солтүстік Америкада -15 биржа,
Европада – 100-ден астам, Орталық және Оңтүстік Америкада – 20,
қалғандары Африка, Азия және Австралияда. Дамыған капиталистік
елде кем дегенде индустриалды мемлекеттерде де бар, сол
сияқты Қытай мен Венгрияда бар. 31 биржа Халықаралық қор
биржаларының федерациясына кіреді. Бұл федерацияның мақсаты
барлық акционерлер үшін бірдей құқықпен қамтамасыз ету
және бағалы қағаздар нарығының құрылымен үйлестіріп отыру
болып табылады. Бастапқыда биржалар акциялар сатумен
емес, үкімет пен теміржол компаниялары шығарған
облигацияларды сатумен шұғылданады. Олар болса ірі
қаражатқа мұқтаж болатын. Өткен ғасырдың алғашынан бастап
акционерлік меншіктің кеңінен дамуы биржаларды акциялар
сатуға мамандарды да, облигациялармен жұмыс көше
нарығына ауысты.
ХІХ ғасырдың 60-жылдары тағы да бір маңызды оқиға
болды. Германияда ауыр өнеркәсіпті дамытуға шығарылған бағалы
қағаздармен делдалдық операцияларды жүргізуді әмбебап
инвестициялық банктер өз қолдарына алды.
Ресейге брокерлік бизнес осы Германиядан келді Маклер,
биржа, акция деген ұғымдар осы қаржы инвестициясының
тәжірибесімен бірге санаға енді.

2. Бағалы қағаздардың жіктелуі және түрлері.
2.1 Бағалы қағаздардың жіктелуі.
Бағалы қағаздардың жіктелуіне тоқталмас бұрын, олардың
анықтамасын, сипаттамасын білуіміз керек.
Бағалы қағаз дегеніміз – мүліктік құқықты куәландыратын
белгілі формадағы реквизиттері бар қаржы құралы.[2]
Әр түрлі негіздерге байланысты бағалы қағаздар
жіктелуінің бірнеше түрлері болады. Әдебиеттерде бағалы
қағаздар субьективтік белгіге, бағалы қағаздарды айналысқа,
кім шығарғанына, яғни ол бойынша міндетті болып табылатын
тұлғаларға қатысты жіктеледі. Ондай тұлғаларды біз эмитенттер
деп білетіндіктен, бағалы қағаздарды эмитенттері бойынша
былай жіктейміз:
1. Үкімет астынан Қаржы Министрлігі шығаратын
мемлекеттік бағалы қағаздар. Бұл қағаздар ең бір
сенімді қағаздардың бірі. Себебі оның төлеуін, өтеуін
мемлекеттік бюджеттің қаржысы қамтамасыз етеді. Оларға:
мемлекеттік қазыналық вексельдер, мемлекеттік
қазыналық облигациялар, ҚР Ұлттық Банкінің
қысқамерзімді ноттары, жекеменшіктендіру купондары.
2. Жергілікті әкімшіліктер мен олардың иелігіндегі
кәсіпорын бағалы қағаздары. Олардың төлемін қамтамасыз
ететін салықтар мен істің нақты жобасына
үкіметтің берген дотациясы.
3. Қаржы институттары мен корпорациялардың, яғни ашық
түрдегі акционерлік қоғамдардың акция және
облигация түріндегі бағалы қағаздары. Оларды өндіріс,
құрылыс, сауда, жол қатынасы кәсіпорындарымен қатар
коммерциялық банктер, сақтандыру және инвестициялық
компаниялары, зейнетақы қорлары шығарады. Бұлар
классикалық бағалы қағаздар. Сонымен қатар эмитенттің
бұл түрі айналыстағы бағалы қағаз үстінен екінші
бағалы қағаздарды шығара алады.
4. Банктердің бағалы қағаздары, олардың қатарына
депозиттік сертификаттар, чектер немесе бұдан да
басқа банктің өзінің қарыз міндеттемелері жатады.
5. Кәсіпкерлердің бағалы қағаздары – олар коммерциялық
вексельдер, фьючерстік шарттар және басқа
коммерциялық қағаздар.
6. Жеке бағалы қағаздар, яғни жеке тұлғалардың бағалы
қағаздары. Қазақстан Республикасының заңдарына және
іскерлік тәжірибеде мұндай эмитент әлі белгісіз,
бірақ болашақта оның өмірде орын алуы мүмкін.

Биржалық қызметтің алғашқы кезеңдерінде, қор рыногын
қалыптастыруда мемлекеттік бағалы қағаздарға әр уақытта
бастапқы роль берілді.
Қазіргі таңда олардың келесідей түрлері бар:
1. Мемлекеттік облигациялар (ұсынбалы және атаулы).
2. Акционерлік қоғамдардағы мемлекеттің акциялары.
3. Мемлекеттік банктермен берілетін банк сертификаты
олар да атаулы және ұсынбалы болады.
4. ҚР-ның Ұлттық Банкінің мерзімді ноталары.
5. Ішкі мемлекеттік қарыздар немесе жергілікті
қарызды түріндегі мемлекеттік облигациялар.
6. Қазыналық бондар мен қазыналық вексельдер
түріндегі мемлекеттік қазыналық міндеттемелер.
7. Жекеменшіктендіру купондары.[3]
Мемлекеттік биліктің және басқарудың жергілікті
органдарымен шығарылатын муниципалдық бағалы қағаздар төрт
түрге бөлінеді:
1. Барлық жергілікті бюджетпен қамтамасыз етілген
жалпы міндеттемеге эмитацияланатын қағаздар.
2. Нақты инвестициялық жобаларға қарыздар.
3. Бюджеттің кассациялық ісіне берілген қағаздар.
4. Орталық мемлекеттік органдардың кепілденген
шығарылатын бағалы қағаздары. Олар өздерінің
мәртебесі бойынша мемлекеттік бағалы қағаздарға
теңестіріледі.
Тағы да бір жіктелудің негізі бағалы қағаздар қай жерде
сатылады деген сұраққа жауап болып табылады. Сатылу жеріне
байланысты олар ақша нарығында және капитал нарығындағы
бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді.
Ал ақша нарығы қаржы нарығының бір бөлігі, онда қысқа
мерзімді бағалы қағаздар сатылып және сатып алынады.
Оның айналу мерзімі 1 күннен 1 жыл аралығына созылады.
Бұл нарыққа қазыналық вексельдер, депозиттік сертификаттар
және басқа коммерциялық қағаздар сатуға түседі. Оларды
шығарушылар әр түрлі жіктелу топтарына жатса да, олардың
бәрі қарызды бағалы қағаздарға жатады.[4]
Капитал нарығына 1 жылдан астам уақытқа шығарылған бағалы
қағаздар түседі. Олар үлесті де, қарызды да бағалы қағаздар
болуы мүмкін. Олардың эмитенттеріде әртүрлі мемлекет, жергілікті
әкімшілік, қаржы институттары және тағы басқалар.
Бағалы қағаздардың кейбір түрі қысқа мерзімге, яғни 1
жылға дейін айналымда болса да, капитал нарығында жүреді.
Сонымен қатар бағалы қағаздар ақшалай, капиталды және
тауарлық деп те бөлінуі мүмкін.
Тауарлық, яғни тауар басқарушының құжаттары, олар қандай
да бір мүлікті табиғи күйінде алуға құқықты куәландырады.
Ақшалай бағалы қағаздар ақшаны қарыздануды білдіреді.
Оларға вексель, чек, депозиттік және жинақтау
сертификаттары және тағы басқа жатады. Бұл бағалы қағаздар
бойынша кіріс бір реттік сипатта болады және оларды
құнынан төмен бағамен сатып алу есебінен құралады. Мұндай
жағдайда олар оларды өтеп алған пайыз есебінен
эмитентпен өтеледі. Ақшалай бағалы қағаздар, ереже бойынша
қысқа мерзімді болып табылады.
Капиталды бағалы қағаздар өндірісті дамыту үшін қажетті
кәсіпорындардың капиталын қалыптастыру және көтеру
мақсатында шығарылады.
Кәсіпорындардың, қорлардың, компаниялардың бағалы қағаздарын
үлестік, қарыздық және туынды деп бөлуге болады.
Үлестік бағалы қағаздарға акциялардың барлық түрлері,
сонымен қатар инвестициялық сертификаттар жатады, олар оның
иеленушісіне негізделген қоғамның ортақ иеленушісіне эмитент
активтерінің бір бөлігіне құқық беріледі.

2.2. Негізгі бағалы қағаздар.
Бағалы қағаздар негізгі және туынды болып бөлінеді.
Негізгі бағалы қағаздар – негізінен қандай да бір активтерге
тауар, ақша, капиталға мүлік құқығын беретін бағалы қағаздар.
Негізгі бағалы қағаздарға акция, облигация, вексель жатады.
Акция – акционерлік қоғамның капиталына қаражат қосқандығын
куәландыратын жазбаша куәлікті, меншік нысанын білдіретін
бағалы қағаз.[5] Акция иесіне компания мүлкіне меншік
құқын береді. Компания қанша уақыт жұмыс істеп тұрса,
акция да сонша уақыт қолданылады. Иелері де өзгеріп тұрады.
Акционерлердің акцияны шығарған компанияға қайтаруға құқы жоқ.
Акционерлік капитал бөлінбейді. Акционер тек екінші нарықта
сатуына болады.
Акцияны төмендегідей жағдайларда шығарады:
• Меншікті акцияландырғанда, яғни акционерлік қоғам құрып,
оның жарғылық капиталын қалыптастырғанда
• Бар компанияны акционерлік қоғам ретінде қайта
құрғанда
• Жарғылық капиталды қосымша молайтқанда.
Жарғылық капитал деген шығарылған акциялардың бастапқы
жиынтық құны. Ол өз алдына, айналымдағы капитал және компанияның
портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді.
Акция белгісі бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын
ұлғайтуға және инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы
қағаздардың бірден-бір түрі. Акция компанияның акционерлер
алдындағы қарыз міндеттемесі. Компанияның өз акциясын қайта
сатып алатын құқы бар. Бірақ бірсыпыра елдердің заңында, егер
корпорацияның төлем қабілеті жоқ болса, онда ол акциясын қайта
сатып алатын құқықтан айырылады деген де ереже бар. Дәл осы
жағдай, егер қайта сатып алу корпорацияның төлем қабілетін
нашарлататын болса да қаралған. Заң жүзінде акцияны бөлуге де
болады. Айналымдағы әрбір акцияны бірнеше бөлікке бөлуге болады.

Акция бірнеше түрге жіктеледі. Бір жағынан, бір акционерден
басқа біреуге беру тәсілі бойынша: атаулы және иесі ұсынушы
болып екіге бөлінсе, екінші жағынан, корпорацияны басқаруға
қатынасу құқығы бойынша – жай және артықшылықты акция деп те екіге
бөлінеді. Осы схема түрінде былай көрсетуге болады.

Акция

Басқаға беру тәсілі Басқаруға қатынасу құқығы

бойынша:
бойынша

Атаулы Ұсынушы Жай
Артықшылықты

Корпорация тек өзінің жарғысында бекітілген акцияларды ғана
шығара алады.
Атаулы акция – иесі міндетті түрде корпорацияның реестрінде
тіркелуі тиіс акция. Акционерлер кітабында қанша және қай
уақытта алғандығы туралы жазылған акция иесі ғана акционер
деп есептеледі.
Ұсынушыға арналған акция иесінің аты-жөні корпорация
кітабында тіркелмеген акция. Кітапта ұсынушыға арнап шығарылған
акцияның жалпы саны ғана көрсетіледі.
Ал басқару жағынан корпорацияларға қолында атаулы акциясы бар
акционерлер қолайлы. Себебі ол акционерлік капиталдың
қозғалысын және бағалы қағаздардың қозғалысын және бағалы
қағаздардың кейбір акционерлердің қолында шоғырлануын, олардың
бұл мемлекеттен кеткенін реттеп және бақылап отыруға мүмкіндік
береді. Акционерлердің көзқарасы тұрғысынан қарағанда, қысқа
мерзімді мүддені көздеген акционерлер ұсынушыға арналған
акцияны қолдайды. Себебі еш жерде тіркелмеген бұндай акцияларды
екінші нарықта еркін сатуға болады. Ал атаулы акцияны еркін
қолма-қол ақшаға айырбастауға болмайды, сондықтан олардың
өтімділігі акционерге кейбір жағдайда қиындық туғызады. Акцияның
осы екі түрін жүзеге асыру жолы да әр түрлі:
• Біріншіден, сату механизмі бойынша. Атаулы акцияның иесі
оларды компаниядан сатып алғанын куәландыратын барлық акция
санына бір толтырылған сертификат алады. Бұл акцияларды
сатқанда сертификаттың сырт жағында екі жақтың қолы
қойылған индоссамент деген белгі қойылады. Содан соң
акционерлердің тізіміне өзгеріс еңгізу үшін сертификат
корпорацияға жіберіледі. Содан кейін ғана акциялардың жаңа
иесі акцияларға жаңа сертификат алады. Ұсынушыға арналған
акцияны сатқанда оларды бір иемденуші тікелей, яғни қолма-қол
екіншіге береді.
• Екіншіден, акцияның осы түрінің жаңа данасын иемденушілер
құқын белгілеу тәртібі де әр түрлі. Бұл туралы атаулы
акция иесі корпорациядан хабарландыру хат алса, ал
акцияны ұсынушыға бұндай механизм жүруі мүмкін емес. Ұсынушы
акциясында кесіп алатын купоны болады. Соны толтырғаннан
кейін корпорацияға жіберіп, өзінің меншік құқын іске
асырады.
• Үшіншіден, ұсынушы акциясының номиналы өте жоғары
болмайды, бірақ ол көп тиражбен шығарылды, ал атаулы
акцияның номиналы әр түрлі мөлшерде бола береді.
Корпорацияны басқаруға қатынасу құқығы бойынша жай және
артықшылықты акциялар болып бөлінеді. Жай акцияларды иеленушілердің
корпорацияның тапқан пайдасының мөлшеріне байланысты дивиденттер
алу құқы, жиналыстарда дауыс беру арқылы корпорацияны басқаруға
қатысу құқы және корпорация жабылып қалған жағдайда несие
берушілер мен есеп айырысқаннан кейін мүліктің бір билігін алу
құқы бар. Құқықтар акция мөлшерінен сәйкес көлемде жүзеге
асырылады.
Әрбір акция өз иесіне 1 дауыс үлесін береді. Сонымен бірге
жай акция дивиденд алуға кепілдік бермейді. Себебі дивиденд
корпорацияның шаруашылық нәтижесіне байланысты. Дивиденд корпорацияның
таза пайдасының бір бөлігі, яғни дивиденд төлеу пайданың
салық төлегеннен кейін қалған қалдығын бөлуге негізделген.
Жай акция иелерінің өкілеттіліктері төмендегідей:
1. Директорлар кеңесін сайлауға дауыс беруге және
сол кеңеске өзі сайлануға құқылы. Директоратқа
сайланғанда кейбір корпорацияның жарғысында кейде
мүлік цензі көрсетіледі, яғни үміткердің қолындағы
жай акцияның ең төменгі қажетті мөлшері көрсетілуі
тиіс.
Директорлар кеңесі корпорация атынан бұқаралық
ақпарат құралдарына хабарлама береді. Ол жыл сайын
өтетін жиналысқа мына хабарларды:корпорацияның жылдық
есебін, жылдық балансты және таза пайданы бөлу
жобасын дайындайды.
Директорлар корпорацияны басқаруды ұйымдастыруға,
менеджерлерді жұмысқа қабылдауға және шығаруға, сыйлық
белгілеуге жауап береді. Олар капитал құрамының
өзгеруін қадағалап, корпорация табысын бөлумен де
шұғылданады. Табысты бөлу – корпорация меншігін оның
акционерлер арасында дивиденд ретінде үйлестіру
деген ұғым. Бұл туралы директорлар кеңесі хабарлап
тұрады, ол компанияның міндеті.
2. Дивиденд алу құқығы. Дивиденд мөлшері корпорацияның
жыл айналымына байланысты анықталады. Оны тоқсан
сайын төлеуі мүмкін.

Дивидендтің бірнеше түрі бар:
• Қолма-қол төленетін дивидендтер. Бұл табысты бөлудің ең кең
тараған түрі. Ол бір жай акцияға есептеліп төленеді;
• Мүліктік дивидендтер. Табысты бөлудің мүліктік формасы
акционердің қолындағы акция санына пропорционалды анықталады.
Корпорация дивидендті бұл типін әдетте өзі жабылу кезінде
қолданады.
• Акция формасындағы дивидендтер. Бұл қосымша акциялар
акционерлер арасында акционерлердің қолындағы акция санына
пропорционалды бөлінеді. Дивиденд төлеудің бұл түрі
компанияның өзін-өзі қорғап қалуын қамтамасыз етеді.
Қолма-қол төленетін дивидендтер баланстың активі мен пассивін
және қолма-қол ақша қаражаты қозғалысы ведомостын
тексергеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Дивиденд дұрыс
төленбеген жағдайда корпорация жауап берушіге міндетті.
Сонымен бірге дивиденд акционер табысын тек бір ғана бөлігі.
Оның екінші бөлігі акция бағасының өзгеруіне байланысты
қалыптасады.
3. Жай акция бойынша меншік құқы басқаға беру.
Өзінің үлестік құқын акционер акционерге тиесілі
акциясын сатып, не сыйға беріп, немесе өсиетке
қалдырып жүзеге асырады. Акция кепілдікке де,
банктен несие алғанда да беріледі.
4. Корпорациядағы акционерлердің мүліктік мүддесін
қорғауға дауыс беру құқы. Оған жаңа бағалы
қағаздар шығару, корпорация активтерінің бір
бөлігін сату сияқты мәселелер жатады.
5. Корпорацияның қаржылық есебін тексеру құқы.
Акционерлердің реестрін тексеру. Жыл сайын корпорация
президенті әрбір акционерге хат жіберуі тиіс.
6. Шектеулі міндет құқы. Мысалы, корпорация банкротқа
ұшырағанда акция сатып алуға шығарған акционердің
ақшасын қайтаруға ешкім кепілдік бермейді.
7. Корпорация жабылған кезде оның активінің бір
бөлігін алу құқы. Корпорацияның өзінің міндеттерін
өтеу тәртібі бойынша, алдымен корпорация
мемлекеттің және адвокаттардың, содан соң белгілі-бір
тәртіппен өзіне несие берушілердің, ал ең соңында
артықшылықты акция иелерінің және жай акция
иелерінің талабын орындайды. Дауыс беру тікелей
және сенімхатпен жүргізіледі.
Әрбір корпорация А және Б сериялы жай акцияларды шығара
алады. А сериялы акция корпорация құрылтайшыларына, Б сериялы
басқа инвесторларға тиесілі. А сериялы акцияны иемденушілердің
үлкен құқығы және көптеген дивиденд алатын мүмкіндігі бар.
Б сериялы акция бойынша дауыс бермейтін акция және дауыс
құқы шектеулі акция шығару жағдайлары орын алуда.
Көптеген корпорациялар жай акция бойынша номинал құнын
бекітеді. Ол акцияның титулында көрсетіліп, хабарлама аспатында
болады. Ол бір акцияға шаққандағы жарғылық капиталдың мөлшерін
көрсетеді. Егер акция көпшілікке сатылып кетсе, онда оның
бағасын сатуға қатысқан барлық инвесторлар қалыптастырады. Акция
нарықтық бағасы сатушы мен сатып алушының бағаларына
байланысты. Акция бойынша табыстың нақты деңгейі, яғни рендит
мына формула бойынша есептеледі:

Рендит = Дивиденд ·100
Сатып алу бағасы
Ал акция бағамын төмендегідей формуламен анықтайды:

Акция = Дивиденд ·100
Қарыздық пайыз

Корпорация жай акцияның номиналын көрсетпей шығаруға құқығы
бар. Онда ол нарықтық бағамен сатылады. Бұл жағдайда акцияның
сертификатында компанияның капиталы бірнеше үлеске бөлінгені
көрсетіледі.
Артықшылықты акциялар – меншік туралы ерекше сертификат. Олар
корпорация пайдасының деңгейіне қарамастан белгіленген мөлшерде
неғұрлым нақты дивиденд төленуін қамтамасыз етеді. Мұндай акция
дауыс құқын бермейді, бірақ иемденушісін қорғау үшін ол
бойынша дивидендтер әрқашан жай акциялар бойынша дивидендтер
беруден бұрын төленеді.
Артықшылықты акциялар номинал құны көрсетілген және
көрсетілмеген болып екіге бөлінеді. Біріншісінде дивиденд акцияның
номиналына байланысты процент түрінде есептеледі. Ал номиналсыз
түрінде дивидендтің нақты ақшалы мөлшері көрсетіледі. Оларға
дивидендтер таза пайдадан төленеді және атаулы бағалы қағаз
болып табылады. Корпорация бұл акцияның бірнеше сериясын шығаруы
мүмкін. Әрбір сериясының әр түрлі көлемдегі артықшылығы бар
олар сериялы акцияның сертификатында көрсетіледі.
Артықшылықты акциялардың бірнеше түрі бар. Олар: қатысушылар
және қатыспаушылар, кумулятивтік және кумулятивтік емес,
конвертабельді және конвертабельді емес. Олар жарғыға байланысты.
Жіктелудің бұл түрі төмендегідей артықшылықтарға байланысты:
• Үстеме пайданың бөлуге қатысу;
• Хабарланып, бірақ төленбеген дивиденд алу мүмкіндігі келешекте
қатысу.
• Акцияны басқа түріне айырбастау мүмкіндігі.
Қатысушылар акциясы өз иесіне үстеме пайданы бөлуге
қатысуға мүмкіндік береді.
Қатысушылар акциясы иесі еш уақытта белгіленген деңгейден
артық дивиденд алуға құқы жоқ. Кумулятивтік акцияларда бұрын
төленбеген дивидендтер келесі жылы төленеді.
Кумулятивтік емес акциялар бойынша төленбеген дивидендтерді
келесі жылдың дивидендіне қосуға болмайды.
Конвертабельді акциялар иесі оған корпорацияның жай акцияларына
айырбастауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, дивиденд төлеуі кейін қалдырылған акцияларды
да атап өтуге болады. Олар корпорация құрылтайшыларына ғана
тиесілі. Олар бойынша дивиденд тек жай акциялар бойынша
төленетін дивидендтің ең жоғары квотасы төленіп болғасын ғана
беріледі. Қалғаны атаулы акция иелеріне бөлінеді.
Компания жарғысында директорлары корпорация капиталының
құруға жеке қатысуы керек делінсе, онда - директорлық
квотасы акция шығарылады.
Сонымен, қорыта келе, жай акцияға да, артықшылықты
акцияға да дивиденд төленеді. Жай акцияға дивиденд компанияның
шаруашылық жағдайының нәтижесінде байланысты. Ал артықшылықты
акцияға дивиденд мөлшері оған байланысты емес, нақты
мөлшері төленіп отырады.
Облигация деп эмитенттің белгілі бір шартты орындауға,
яғни алған ақша санасын қайтаруды және белгіленген сыйақыны
төлеуді міндеттенген жазбаша қарыз құжатын айтады. Ол пайыздар
капитал тарту үшін шығарады.
Облигация мерзімдік қарыз міндеттемесі болғандықтан оның
кепілі эмитентің жалпы кепілдігі болып табылады. Ол кепілдік-
эмиттенттің банкротқа ұшырап, міндеттемесін орындай алмағанда-
корпорация мүлігінің бір бөлігін иемденуге облигация ұстаушының
құны. Облигация иесі корпорацияға несие беруші, ал облигацияның өзі
сол операция куәлігі болып табылады. Облигация иесіне белгілі
бір уақытта, белгілі бір мөлшерде сыйақы төленеді. Сыйақы
дивидендтерден бұрын төленеді. Бағалы қағаздың бұл түрі иесіне
дауыс құқын бермейді. Облигация бойынша сыйақы төлей отырып,
корпорация шығынға ұшырайды. Ол салық төлейтін пайдадан төленеді.
Облигация бойынша төленетін сыйақы түріндегі пайда купонға
алмастыралады. Купон – облигациядан жыртылып алынатын талон. Ол
сыйақы мөлшерін көрсетеді. Сыйақы төленгенде облигациядан купон
жыртылып алынады. Облигацияда мынадай элементтер көрсетіледі:
номиналы, купондық мөлшер, өтеу туралы нұсқау, эмиссия
шартының қамтамасыз етілуі, рейтингі. Мұндағы рейтинг[6] дегеніміз –
белгілі бір эмитенттің шамамен алғандағы кредит қабілетін немесе
оның бағалы қағаздарының сапасы мен сенімділігін белгілейтін бағаның
жеке сан және әріп көрсеткіші.
Номиналы деп облигацияның бетінде көрсетілген ақша сомасын
айтады. Оны облигация иесі өтеу мерзімі келгенде алады.
Купондық мөлшер – жыл сайын эмитент төлейтін облигацияның номинал
құнына байланысты келісілген сыйақы-төлем. Ол: қаңтар-шілде, ақпан-
тамыз, наурыз-қыркүйек, т.с.с. интервалдарымен орындалады.
Өтеу күні – компанияның сатып алушыға облигацияны номиналына тең
соманы қайтарып және сыйақы төлеуді тотататын күнтізбелік күн.
Эмиссия шарты - ашықтан-ашық облигация шығару мәмлесі. Ол қарыз
алушымен траст компанияның шарты бойынша шығарылады. Траст
компаниясы эмитенттің міндеттерін орындауын бақылап отырады.
Өтеу туралы нұсқау – эмиссия шартындағы тармақ. Ол бойынша
эмитент облигацияның номиналдық құны және сыйақы төлейтін арнаулы
қор құрады. Ол қор траст компаниясының бақылауында болады Сондай-ақ,
мұнда облигацияны уақытынан бұрын сатып алу бабы да болуы мүмкін,
яғни эмиитент өз облигацияларын қайтаруға құқы бар.
Облигациялар қамтамасыз етілген және етілмеген болады.
Қамтамасыз етілген облигациялар – оларды шығарғанда кепілдікке
корпорация активтері немесе мүлігі салынады. Егер корпорация
тағайындалған мезгілде өз облигациясын өтей алмаса, онда оны
ұстаушылар кепілдікті өз пайдасына сатуға құқы бар. Қамтамасыз
етуге қозғалмалы, қозғалмайтын мүліктер және басқа бағалы қағаздар
салынады.
Қамтамасыз етілмеген облигациялар – жалпы кепілдігі бар,
эмитенттің лауазымына байланысты шығарылған қарыз міндеттемесі. Оны
болашақтағы шаруашылық ісінен түсетін табысқа үміттеніп шығарады.
Ұйым банкротқа ұшырағанда ол облигацияларды арнаулы түрде өтейді.
Арнайы фирмалар облигациялардың инвестициялық сапасын бағалы
отырады. Ол дегеніміз – облигация рейтингі. Оларды
отыратын фирмалардың бірі - АҚШ-ң
Мудиз компаниясы. Ол облигацияны төмендегідей бағалайды:
• Ааа - өте жоғары сапа;
• Аа – жоғары сапа;
• А – ортадан жоғары;
• Ваа – орта сапа;
• Ва – алыпсатарлық элементтері бар.
• В – инвестицияға қажет белгілері жоқ;
• Саа – төмен сапа;
• Са – белгілі-бір мөлшерде алыпсатарлық
• С – ең төмен сапа.
Ең жоғары рейтинг бұл – инвестициялық класты; ал төменгі
алыпсатушылық болып есептеледі.
Облигацияны эмитенттері мен ұстаушыларына берілген құқықтарына
байланысты облигацияны көптеген категорияларға бөледі.
Қайтарып алынатын облигациялар эмитенттеріне номиналдық
құрнынан алатын бағада ертерек төлеуге құқық береді. Арнайы
өтелу мерзіміне дейін аз уақыт қалса, соғұрлым қайтару
бағасы төмен болып келеді. Олар бойынша пайыз
мөлшері тұрақты болмайды.
Жинақталған қор облигациялары – бұл пайдадан алынатын
қаражаттарға сәйкес шығарылатын облигацияларды білдіреді. Олар
жоғары сапалы. Жинақталған қор бойынша жылдық төлемдері
аннуитет деп атайды. Аннуитет құрамына номиналдық құнның бір
бөлігі және жылдық пайыз кіреді.
Ұлғаймалы облигациялар оны ұстаушыларына жоғары пайызбен өтелу
мерзімін созуға құқық береді.
Қысыңқы облигациялар ұстаушыларына белгіленген шығару шартына
байланысты облигацияны тапсыруға құқық береді.
Сериалды облигациялар негізгі қарызды жыл сайын төлеумен қатар,
төленетін пайызды жылдан-жылға жоғарылатуды қамтамасыз етеді[7].
Айырбасталатын облигациялар осы корпорацияның артықшылықты
немесе жай акцияларына алмастырылуы мүмкін.
Облигация шығару корпорация үшін қауіпті. Себебі одан
пайда түспесе де, ол үшін пайыз төлеп тұрады. Алайда оларды
шығару корпорацияға арзанға түседі.[8]
Облигация бағасы номинал құнынан төмен және жоғары
қойылып сатылды. Оны дизажио және ажио деп атайды.
Вексельдер – қарызды өтеуді заңды түрде бекітілген төлем
міндеттемесі. Оны борышкер, яғни вексель беруші тауарды несиеге
алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемденушіге береді.
Вексельдің мәні – несиеге алған белгілі бір соманы төлем
уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар сатып
алушының берген қарыз міндеттемесі.
Вексельдің артуы бүгінгі таңдағы дамуға сәйкес
жүргізілуде. Ол басқа міндеттемелерден төмендегідей белгілерімен
ерекшеленді:
• Дерексіздігі, қарыз алу мақсаты көрсетілмейді.
• Даусыздығы, қарызды міндетті түрде өтеу қажеттігі.
• Айналмалығы, иесі осы басқаларға беруіне болады.
Қолдану аясына қарай вексель жай және аудармалы болып
екіге бөлінеді. Жай вексельді төлеуші, яғни вексель беруші
жазады. Онда вексельді жазған жер, берген уақыты, қандай сомаға
толтырылды, қай уақытта және қай жерде өтеу керектігі
көрсетіліп, вексель иесіне береді. Вексель берушінің аты-жөні
жазылып, қолы қойылды.
Аудармалы вексельдің айналысы
Вексель беруші Вексель иемденуші (сатушы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің шетел валютасындағы операциялары
Бағалы қағаздар классификациясы
Вексельдерді қолдану бойынша есеп айырысу есебі
Бағалы қағаздардың жіктелуі мен түрлері
ҚР бағалы қағаздар рыногы
Бағалы қағаздар рыногы және оның Қазақстан Республикасындағы дамуы
Қаржылық инвестициялардың мәні және объектілері
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРМЕН ОПЕРАЦИЯЛАР
Бағалы қағаздардың маңызы мен қызметі
Бағалы қағаздар нарығын құру
Пәндер