Герман Федеративтік Республикасы


Тақырып 13: Герман Федеративтік Республикасы.
Жоспары:
1. Бонн конституциясы. Батыс Герман монополиялары ±станымдарыныњ ныѓаюы жєне шетелдік капиталдыњ ролі. “Герман экономикалыќ кереметі”.
2. 1953 ж. сайлау жєне консервативті аѓымныњ к‰шеюі.
3. 1954 ж. Париж келісімі жєне ГФР-діњ НАТО-ѓа енуі.
4. Герман коммунистік партиясыныњ ќ±рылуы, 1969 ж. бундестагќа сайлау.
5. ГФР-ныњ 70-ші жылдардаѓы экономикалыќ саясаты. Брант пен Шмидтіњ ішкі саясаты. 6. ГФР-ныњ 80-ші жылдардаѓы сыртќы саясаты.
- 1990 ж. 3 ќазанда Германияныњ бірігуі.
Лекцияның мақсаты: Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін идеологиялық соғыстың өрши тұсуіне байланысты Германия екіге бөлінді. ГФР Батыстың даму тенденциясын жалғастырып, оған АҚШ көптеген инвестицияларын құйды. Осыған байланысты ГФР-дің экономикалық көрсеткіші әлемдік рынокта өз орнына иеленді. Сондықтан аталмыш үрдіспен ГФР-дің бірігу барысындағы саясатын қарастыру лекцияның басты өзегі болып табылады.
Лекцияның мазмұны: Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында Германия территориясы соғыс қимылдарынан зардап шекпесе, екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында ел қирап жатты. өнеркәсіп өндiрiсi соғысқа дейiнгi деңгейiнiң үшiндей ғана болды. Шығыс Пруссия және Одер мен Нейседен 9 млн-нан астам немiстер көшiрiлдi, бұлонсыз да күрделi тұрғын үй проблемасын қиындатты. Одақтастар репарация үшiн өнеркәсiп құрал-жабдықтарын әкеттi. ґмiр сұру қиындады. Ақша құнсызданды. Мөлшермен бөлiнетiн азық-түлiктiң қуаты болмады. Оның ±стiне Германия тәуелсiз мемлекет болудан қалды, ол оккупацияланды. Бiраз территорияларынан айырылды. Сол кездiң куәгерi “аштық пен қорқыныштан ұмiт үзiлдi” деп сипаттаған елге айналды.
“Қырғи қабақ соғыс” соғыстан кейiнгi Германия тағдырына қатты әсер еттi. µлы державалар арасындағы қарама-қайшылық Германия территориясының бөлшектенуiне әкелiп соқты. Сонымен қатар “қырғи қабақ соғыс” батыс державалардың өздерi оккупациялаған Германия ролiне басқалай мән беруге мәжбұр еттi. Бiтiспес жаудан Германия одақтасқа немесе Батыстағы сенiмдi тiрекке айналуға тиiс болды. Оның экономикасын барынша әлсiретуге мүдделiлiк жойылды. репарация алу тоқтатылды: Батыс Германия территориясынан өнеркәсiп қуаттылығының небәрi 5 пайызы ғана әкетiлiндi. Маршалл жоспары талқыланғанда американдықтар оған батыс зонаны да қосуды талап еттi. Батыс елдерi үшiн Германияның жалпы экономикалық жағдайының сауығуы қажеттiлiкке айналды. Осы бағытта КСРО-ның қатысуымен шаралар жүргiзу мұмкiн болмағандықтан, олар өз зоналарында ғана ақша реформасын жүргiздi. Құнсызданған рейхсмарк немiс маркасымен ауыстырылды. Батыс зонаның әрбiр тұрғыны бұрынғы рейхсмарктың 60-сы орнына 60 жаңа марка берiлдi де, қалғандары 100-ге 6. 5-нан келетiндей етiлiп аустырылды. Бұрын тауар жетiспейтiн болса, ендi ақша жетпеуге айналды. Инфляция тоқтатылды, “черный” рынок жойылды. Экономикалық өмiрдi қалпына келтiру үшiн жағдай жасалды. 1948 жылдың соңына қарай өнеркәсiп өндiрiсi жартысына дейiн көтерiлдi, ал 1949 жылдың соңында соғысқа дейiнгi деңгейi қалпына келтiрiлдi.
Ақша реформасына жауап ретiнде КСРО Батыс Берлинге блокада орнатты. Батыс елдерi батыс зонада жылдам герман мемлекетiн құруға жанталасты. 1948 жылы қыркүйекте 1946 жылы қалпына келтiрiлген жер парламенттерi сайлаған Парламенттiк Кеңес шақырылды. Ол конституция жасауға шешiм қабылдады. Оны оккупациялық өкiметтер бекiткен соң, ол 1949 жылы 23 мамырда күшiне ендi. Конституция негiзгi азаматтық және саяси құқықтарды бекiттi, Батыс Германияны демократиялық, федеративтiк мемлекет ретiнде жариялады. 1949 жылы ГФР-ның құрамына 11 жер кiрдi (Баден, Вюртемберг-Баден мен Вюртемберг-Гогенцолнерн Баден-Вюртемберг болып бiр жерге бiрiккен соң және Саар жерiнiң ГФР құрамына кiруiмен олар 10 болды), әрқайсысының өз конституциясы, заңшығару, атқару және сот органдары болды. ГФР басқару тұрiне қарай парламенттiк республика. ‰кіметтiң ең жоғарғы органы - бундестаг (федеральдық парламент) . Веймар Республикасының конституциясымен салыстырғанда ГФР-де президент билiгi шектелдi, ендi ол жалпы сайлауда сайланбады және оның қаулыларын үкiмет бекiтiп отырды. Үкiмет басшысы бундестаг бекiткен - федеральдық канцлер.
Бундестагқа алғашқы сайлау 1949 жылдың тамызында болып өттi. Христиан-демократиялық және Христиан-әлеуметтiк Одақ (ХДС және ХСС) блогы мен Германия социал-демократиялық партиясы (СДПГ) жеңiстен ұмiттендi. Олар бундестагта бiрдей орынға ие болды. ХДС-ХСС блогына Ерiктi демократиялық партия (СвДП) қосылды да бұлпартиялар басым болып, үкiметтi қалыптастыру құқына ие болды. ГФР-дiң тұңғыш канцлерi - христиан-демократ Конрад Аденауэр. Бұл75 жасар өте тәжiрибелi саясаткер. Веймар республикасы жылдарында Орталық партияның мүшесi және Кельннiң бургомистрi. Черчилль сияқты оны да ±заќ саясаткерлiк ерекшелейдi, ол 1963 жылға дейiн канцлер болды. Аденауэрдiң ФРГ-нiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарының қалыптасуына жасаған ықпалын бағалау қиын. Көз алдында Веймар республикасы күйреген нағыз демократ ГФР-де демократиялық институттардың нығаюына көп қолдау көрсеттi. Европалық идеяны жақтаған ол, европалық интеграцияның қалыптасуына және Германияның Европадан оқшаулануын жоюда көптеген iс-әрекеттер жүргiздi. Ол болашақ Германияға Батыс дүниесiнiң құрамды бөлiгi ретiнде қарады. Сондықтан 1952 жылы ол КСРО ±сынған Германияның бiрiктiру жоспарына қарсы болды. Өйткені бұлбойынша Германия бейтараптық болатын едi. Оның ойынша Германияның бiрiгуi Шығыс Европада, КСРО-да түбiрлi бетбұрыстың нәтижесiнде ғана жүзеге асуы мұмкiн едi.
ГФР жаңа үкiметiнiң “қырғи қабақ соғыс” жылдарында АҚШ-қа бағыт ±стауы оның позициясын одан сайын нығайтты. 1951 жылы оның территориясында оккупациялық режим алынып тасталынды. ГФР 1955 жылы НАТО-ның мүшесi, ал 1957 жылы Европалық Экономикалық Қауымдастықты ұйымдастырушылардың бiрi болды. Германия мен Франция татуласты. ґзiнiң күшейгенiн сезiнген ГФР, ±лыдержавалар арасында келiсiлген болса да, Германияның шығыс шекарасы туралы мәселенi көтердi. Ол Шығыстағы өз көршiлерiн мойындамады және өз одақтастарының 1949 жылы қазанда оккупациялық шығыс зонада құрылған Герман Демократиялық Республикасын танымауына қолы жеттi.
ГФР-дiң халықаралық позициясының нығаюы оның экономикасының тез өрлеуiне тығыз байланысты. 1950-1964 жылдары соғысқа дейiнгi Германиядан артық өнiм өндiре бастады. “Герман кереметi” туралы әңгiме айтыла бастады. соғыс шығындарының аз болуы, Ұлыбританиямен Франция сияқты отарлық аппараттар ±стамауы, шығыста бәрiн жоғалтып, жаңа жерде қайткенде де орналасып қалуға тырысқан миллиондаған қоныс аударушылардың жанын аямай iстеген еңбегi мен жаңашылдығы, 50-жылдары ±лттық табыстың көп жинақталуы - осылардың бәрi Германияның тез дамуына жағдай жасады. Әсiресе батысгермандық экспорт жоғары қарқында дамыды. ГФР-де өндiрiлген өнiмнiң жартысы дүниежүзiлiк рынокқа шығарылды. Экспорттан тұскен пайда ГФР-ге қарыздарынан ќ±тылуға, нацизм құрбандарына жәрдемақы төлеуге, iрi алтынвалюталық резерв жасауға мұмкiндiк бердi. Осыған сәйкес батысгерман азаматтарының өмiр сұру жағдайы да жақсарды, “береке мемлекетi” кеңейе тұстi. Егерде 1929-1933 жылдырдағы дағдарыс герман демократиясын шайқалтса, 50-60 жылдардағы өрлеу оны нығайтты.
ГФР-дiң Батыс елдерiнiң iшiнде экономикасы ең дамыған елге айналуы, сыртқы саясат саласында да жаңа мiндеттер қойды. Тым жақын орналасқан Шығыс елдерiн ГФР-дiң танымауы оның дипломатиясының илiкпейтiндiгiн қатаңдығын көрсетедi. Бұл Батыстың басқа елдерiнiң КСРО және оның одақтастарымен дами бастаған қарым-қатнастары тұсында айқын байқалады. Оларда басқарушы режим тұрақтанды: Чехословакияға 1968 жылы әскердiң енгiзiлуi осыны дәлелдейдi. Осылардың бәрiн ендi елемеу ГФР-дiң беделiн тұсiретiн едi.
Сыртқы саясатты өзгерту туралы дискуссияның инициаторы СДПГ болды. Айтыс-талас күш арасалмағының қайта топтасуымен аяқталды. СвДП СДПГ-ны қолдады да жаңа коалиция құрды, осы екi партия 1969 жылы үкiмет қалыптастырды. Канцлер социал-демократ Вилли Брандт болды, сыртқы iстер министрi - ерiктi демократ Вальтер Шелль.
Брандт, Вилли (1913-1992) . Шын аты Герберт Карл Фрам. Герман және дүниежүзiлiк социал-демократияның көрнектi қайраткерi. СДПГ-ға 1930-шы жылы кiрген, Гитлер өкiмет басына келген соң антифашистiк қызмет жүргiздi. Швецияда эмиграцияда болып, соғыстан кейiн Батыс Берлинге оралған. 1957-1966 жылдары Батыс Берлиннiң басқарушы бургомистрi. 1964 жылы СДПГ-ның төрағасы болып сайланады. 1966-1969 жылдары сыртқы iстер министрi және вице-канцлер. 1969-1974 жылдары батысгермандық үкiметтi басқарды. 1976 жылдан Социнтерн төрағасы. Халықаралық қатынастарды жақсартуға қосқан үлесi үшiн 1971 жылы дүниежүзiлiк Нобельдiк сыйлықтың иегерi.
Брандт үкiметi ГФР-де “жаңа шығыс саясатын” жүзеге асырды. Соғыстан кейiн Шығыс Европада орнаған шекараны мойындады, ГДР-мен мемлекетаралық қатынас орнады, немiс мемлекеттерiнiң өзара бiрiн-бiрi мойындауы Б¦¦-на оларға жол ашты. Бастыс Берлин статусы келiсiмге қол жеттi, осы қала төңiрегiндегi талас шешiлдi. ГФР 70-жылдары Батыста Шығыс Европа елдерiнiң басты экономикалық әрiптесiне айналды. Ол қауiпсiздiк пен ынтымақтастық бойынша Жалпыевропалық мәжiлiстiң Қорытынды актiсiн жасауда шешушi роль атқарды. ГФР-дiң халықаралық беделi барған сайын арта тұстi.
70-жылдары iшкi рынокта да түбегейлi өзгерiс туды. Европаның басқа елдерiне қарағанда тұрақты валюталы ГФР-де инфляция оншалықты болмаса да, дағдарыстың басқа белгiлерi терең едi. Саяси өмiрде жаңа құбылыстар пайда болды. Халықты саяси терроризм проблемасы мазасыздандырды. Ол 60-жылдары жастар қозғалысынан туындаған болатын, олардың бiразы ультрареволюциялық ±рандар көтердi. Сол кездегi батысгермандық қоғамда бұл±рандарды көпшiлiк қолдаған жоқ, сондықтан жастардың бiразы ГФР-да капитализмдi террор жолымен құлатуды ойлады. ГФР-да террористiк ±йымдардың iшiнде “Қызыл Армия фракциясы” жетекшi роль атқарды. 70-жылдары террористердiң қолынан 41 адам қаза тапты. Алайда 80-жылдардың басына қарай батысгермандық полиция террористердi ауыздықтай алды, көпшiлiгi тұтқындалды, бiразы ГДР-ге барып тығылды. Басқа Батыс елдерi сияқты ГФР-да мемлекеттiң экономиканы реттеуi туралы мәселенi талқылауды бастады. СДПГ оны жүзеге асыруға қарсы болды. ХДС-ХСС инфляцияға қарсы қатаң шараларды және әлеуметтiк бағдарламаларды қысқартуды көздедi.
Осы мәселелер төңiрегiндегi таластың нәтижесiнде 1969 жылы саяси күштер қайта топтасты. СвДП СДПГ-мен бiрлескен коалициядан шығып, ХДС-ХСС-ты қолдады. 1982 жылы ГФР канцлерi болып христиан- демократ Гельмут Коль сайланды. СДПГ оппозицияда қалды.
Коль, Гельмут (1930ж. туылған) . ГФР-дiң саяси және мемлекеттiк қайраткерi. 1946 жылдан ХДС-тiң мүшесi. 1966-1973 жылдары Рейнланд-Пфальц жерiнде христиан демократтардың партия ±йымын басқарды. 1973 жылы ХДС-тiң федеральдық төрағасы болып сайланды. 1976 жылдан бундестаг депутаты, 1976-1982 жылдары - бундестагтағы ХДС/ХСС фракциясының төрағасы. 1982 жылы ГФР канцлерi болып сайланды.
Коль үкiметi µлыбританияда Тэтчер және АҚШ-та Рейган жүргiзген саясатқа ±ќсас шараларды жүзеге асырды: салықтар мен мемлекеттiк шығындар қысқартылды, бизнестiң мемлекеттiк регламентацияларын азайту, конкуренцияны ынталандыру шаралары жүргiзiлдi. 1983 жылдан ГФР-да экономикалық өрлеу басталды. Сонан бастап басқарушы партия сайлауда үнемi жеңiске жетiп отырды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz