Қазақтардың ұлттық қару-жарақтары


ЖОСПАР
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. «Тарихсыз халық- тұл» демекші, әр халықтың өзіндік өткен жолы, даму тарихы болады.
Бүгінде Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін арттырып, уақыт әр нәрсені орнына қойып жатқан кезде, қазақ халқының революцияға дейінгі мән берілмей келген тарихының қатарын байыта түсу-басты парымыз. Келешек ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру мен ұштау, ел тарихын, өзің өскен ортаның тарихын, тарих қойнауындағы әрбір құбылыстық өзгерістің қыры мен сырын терең білу міндетін жүктейді.
«Тарихпен бірге - тарихи ойлайда өзгереді» - демекші, соңғы жылдары елімізде болып жатқан қоғамдық тарихи қатынастардың өзгерістерге ұшырауы қоғамдық санаға да тікелей әсер етуде. Тарихқа үңілу көшпелілердің әлемдік өркениет дамуына қосқан үлесі, оның ішінде «әскери өнерді» білу /1/ міндетін жүктейді. Қазақ халқының өткен тарихындағы ат үсті зерттелген мәселелердің көпшілігі бүгінгі заман талабына сай қайта қаралып жатса, кейбір мәселелер бойынша терең зерттеулер жүргізілуде. Соның бір айғағында XV-XVI ғасырларда қазақ мемлекетінің құрылуы, нығаюы және көрші елдермен жасасқан әртүрлі қарым қатынасы мәселелерінің тарихшылар назарына ілігіп, әрбір мәселенің жеке зерттеу обьектісіне айналуы жатады. Осы кезеңдегі маңызды мәселердің бірі XV ғасырдың орта тұсында құрылған Қазақ хандығының XV-XVI ғасырларда өзінің күшею, нығаю дәуірін бастан өткеруі, қазақ халқы өз атауын сырт елдерге танытуы. Бұл нығаю, күшею процесі және халық ретінде тарихи сахнада өзін- өзі танытуы жәйдан -жәй келе қойған жоқ, ол ұзақ уақытқа созылған ежелден жер үшін, бейбіт өмір үшін қан төгіскен, шабысқан, атысқан табанды күрестердің, осы күрестер барысында халықтың соғыс ісіне бейімделуі мен шыңдалуының, қазақ хандарының шебер жүргізген дипломатиялық және әскери - қолбасшылық саясаттарының нәтижесінде келді.
Жетісу өңірінде өз шаңырағын көтеріп, керегесін бекіте түскен Қазақ хандығы жас мемлекет болса да жаугершілік заман талабына сай соғыс ісіне қатты мән бөлген. Алғашқы қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы мемлекеттің негізгі мына принциптерін толық қамтыды:
1) мемлекет билік жүргізетін белгілі бір жер аумағының болуы
2) мемлекеттік көлемде белгілі бір ұлттың, ұлттық мемлекеттің қалыптасу процесінің аяқталуы.
3) басқару органдары мен мекемелерінің ерекше жүйесінің болуы, бұл жүйеде зорлық аппаратының болуы, яғни сол мемлекеттік жер аумағы мен халықтың кәуіпсіздігін қамтамасыз ететін қорғаныс аппараты- әскердің болуы. /2/
Міне, қазақ халқының әскері XV-XVI ғасырларда қалыптасып жатқан қазақ жерін, халқын сыртқы жаулардан қорғау, өз жер аумағын ұстап тұру және кеңейту мақсатында өз заманы және алдындағы дала көшпелілері - түрік-монғол тайпаларының ғасырлар бойғы шыңдалған әскери ісі мен өнерінің кей элементтерін өз өмір сүру салтына сай қабылдауы мен өзіндік төлтума көшпелі және мәдени-шаруашылық өмір салты дарытқан табиғи әскери-іске бейімділік нәтижелерінде қалыптасты. Зерттеу жұмысының маңыздылығы мемлекеттік даму барысында нығайып, күшейе түскен - қазақ әскері мәселесі болмақ.
Мемлекет және әскер - бұл екеуінің қалыптасуы бір бірін сапаландыра түсетін, ажырағасыз егіз құрылымдар. Тағы бір ерекше айта кететін жәйт, XV-XVI ғасырларда бой көтерген қазақ мемлекетінің және қазақ ұлтының қалыптасуы мен нығаюы сөзсіз әскер құрылуына байланысты болған.
Тақырыптың өзектілігіне, қазақ халқының өзінің ұлттық ерекшеліктеріне, салт дәстүріне, өмір сүру тіршілігіне сай, өзіне тән әскери өнерінің болғандығын ғылыми тұрғыдан зерделеп беру жатады. Қазақ халқының өзіне тән XV-XVI ғғ әскери өнері, әскери дәстүрі, қару түрлерін жетілдіруі, қазақ хандары мен батырларының соғыс тәсілін жетік меңгеруі Қазақ мемлекетінің өз аумағында үлкен жерді игеруіне себеп болды. Бұл мәселе бұрын зерттелмеген.
Қаралып отырған кезең XV-XVI ғасырлар Орта Азия мен Қазақстан тарихында күрделі саяси әскери мәселелерге толы. Диплом жұмысында мына мәселелерге қатты көңіл бөлінеді қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтаған әскери өнерәне, жауынгерлік дәстүріне және оның қоғамдағы рөліне, әскери қызмет түрлеріне, әскери жорықтарды мезгіліне қарай ұйымдастыруына, қару жарақ түрлеріне және олардың даму тарихына, қазақтардың оларды жетілдеруіне, қолдану тәсілдеріне қарай оларды классификациялауына, батырлардың қоғамдағы рөліне, соғыс салу және енгізу түрлеріне, әскер ұйымдастыруға, әскер түрлеріне, олардың тамақтануына, әскери тәртібіне т. б тоқталған. Аталмыш кезеңдегі Қазақ хандығының саяси тарихы көрші Мауреннахр мемлекеттерімен сыртқы қарым қатынасы, әскери қақтығыстардағы іскерлік Бұрұндық, Қасым, Хақназар, Тәуекел ханлар секілді ірі мемлекет қайраткерлеріг тарих сахнасынан алып шығып, олардың есімдерін мәңгі ұмытылмас етті.
Зерттеу жұмысының маңыздылығын байыта түсетін күрделі мәселелердің бірі бүгінгі тәуелсіз Қазақстанмен тығыз байланыстылығында. Жалпы алғанда диплом жұмысының тақырыбы XV-XVI ғасырлардағы қазақ халқының жинақтаған әскери өнері мен дәстүрін, қазақ халқының әскери тарихында қару жарақты жетілдіруге және ел қорғауға пайдалануға қосқан үлесін, қазақ мемлекітінің сыртқы елдерімен қарым-қатынасын анықтау болып табылады. Мәселенің бұлай қойылуы-көшпелі қазақ қоғамындағы әскери өнер мен дәстүрдің даму деңгейін көрсетеді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі . Қазақ халқының XV-XVI ғасырлардағы әскери тарихын, өнерін, дәстүрін, жалпы айтқанда, әскери-тарихи тақырыпты көшпеліліктанудан бөліп алып қаруға болмайды. Себебі қазақ халқының әскери даму тарихынан өз алдындағы көшпелілердің кей әскери элементтерінің көрінісін біте қайнасып жатқан тарихы сабақтастығы ретінде, әрі өзіндік мәдени шаруашылық тұрмыс деңгейіне сай сұрыпталып қабылданғаны байқалады. Бірақта қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасып өз мемлекетін құрғаннан кейінгі, қажеттілік ретінде туындаған әскер мәселесі тарихи-ғылыми тұрғыдан зерттелген жоқ. . XIX ғасырдың өзінде ақ монғолдар әскери өнері бойынша алғашқы жалпылама еңбектер жарық көрді. /3/. Солардың ішінде ерекше тоқталып кететін өз тумысы жағынан генерал- лейтенант М. И. Иванининнің көшпелілердің әскери өнері мен дәстүрін зерттеудегі алғашқы қадам іспеттес еңбегі. /4/ Аталмыш еңбекте дала көшпелелерінің Шыңғысқан мен Темірлан тұсындағы әскери өнері, ірі қолбасшылардың әскер құру қабілеттері және оны басқару тәсілдері, соғыс енгізу әдістері, әскери заңдары, жазалаулары, тактикалары т. б. жеке жеке тоқталу арқылы баяадалады.
Орта ғасырлардағы Орта Азия көшпелілерінің қоғамдық саяси өміріне және оның ішінде арнайы қазақ халқының көшпелі өмірінде аң аулаудың рөлі туралы, әскери қарулануына патша өкіметінің ХІХғ. жаңа отарланған жерелрді ішкі жағынан шолу мақсатында зерттеуге жіберілген өкілдерінің мақалаларынан, жинақтарынан /5/ көруге болады. Қазақтардың әскери іске лайықты жауынгер халық екендігі, үлкен әскери бекіністер тұрғыза алатандығы, аң аулауға топ бплып баратындығы жөнінде орыс этнографы А. К. Гейнс қазақ даласының түрлі аймағында шаруашылықты жүргізүдің ерекшеліктерін зерттеу мақсатымен шыққан комиссия құрамында болып, 1856-1869 жылдардағы күнделіктері /6/ ғылыми еңбектерінде және ғылыми көпшілік әскери басылымдарда ішінара жарық көрді.
Қазақтардың орта ғасырдағы тарихының зерттелуі В. В. Вельяминов-Зернов /7/ еңбегінен белгілі. Қазақ хақының тарихы XVI-XVIII ғасырлардағы тарихы жөнінде Ш. Ш. Уәлиханов (1835-1865) қазақ халқының Герадоты атаған А. И. Левшиннің /8/ география, тарих. Этнография салаларына бөліп қорытып, негізінен деректер мен архив материалдарына сүйенген еңбектері қазақ халқының қару жарақтары, әскери киім үлгісі, жауынгерлердің бейбіт өмірдегі қалпы туралы мәлемет бергенімен, әскер тарихы жөніндегі арнайы зерттеу емес.
XIX ғасырлардағы тарихи әскери зерттеулер қатарына өз саяхатының күнделігі істетпес неміс саяхатшысы А. Вамбери «Путешествие по Средней Азии» еңбегінде /9/ әскери шендердің бөлініп жіктелуіне, олардың көшпелі өмір салты, соғыс саясатындағыалатын рөліне мән бере кетеді.
ХІХ ғасырларда орыс шығыстанушыларының қазақ даласын зерттеу жөніндегі еңбектердің қатарын генерал-майор В. Броневскийдің /10/ «О киргиз кайсаках Средней Орды», «О торге невольниками» және елші Альфонс Ягминнің /11/ «Киргиз- кайсацкая степь и их жители» мақалалары мен еңбектері қазақтардың дене бітімдері, соғыс ісіне жастайларынан шынығатындарын, қаруланулары туралы мәліметтер береді.
Қазақтардың әскери салт-дәстүрлерінің көріністерінің бір қырын дипломдық жұмысқа арқау болған этнограф А. Дибаевтың «Обычай киргизов Семипалатинской области» /12/ мақаласы береді.
XIX ғасырлардың соңы және XX ғасырдың басында қазақ халқының әскери -потестарлық қоғамына, әскери өнері мен жауынгерлік дәстүріне белгілі орыс ғалымдары, зерттеушілері /13/ - Потанин, Зоблин, Бламберг өз еңбектерінде ара арасында тоқталып кетеді.
Қазақтардың орта ғасырлардағы тарихын танып білуде, орыс шығыстану мектебінің негізін салушылардың бірі В. В. Бартольдтың /14/ (1869-1930) ғылыми зерттеулерінің маңызы зор, өз еңбектерінде ол XVI-XIX ғасырлардағы қазақтардың көрші халықтармен мәдени және сыртқы саяси байланыстарын қамтиды. Осы салада жазылған еңбектерінен қазақтардың әскери құрылымын, қару- жарағы, киім -кешегі, әскери шендері т. б жөніндегі құнды деректер алуға болады. В. В. Бартольд өз еңбектерінде Шайбаниліктердің соғыс тактикасы жөнінде шығыс деректеріне сүйене отырып, баға жетпес материалдар береді.
Орыс географиялық қоғамының /15/ этнографиялық бөлімшесі 1890-1916 жылдары шығарып тұрған «Живая старина» журналында қазақ халқының әдеп -ғұрып, киім -кешек, халықтың әскерге тартылуы, күн көріс жағдайындағы әскери жорықтар маңызы айтылып тұрған. /16/ Революция орнағаннан кейін әскери өнер мен дәстүрді, жалпы алғанда әскери тарихты зерттейтін ғылым саласы осы «Орыс географиялық қоғамы» мүшелерінің қазақ даласында жүргізілген арнайы тарихи этнографиялық зерттеулерімен қомақтала түсті. Осы қоғамның материалдары тіркелген папкада А. П. Чулошниковтың XV-XVIII ғасырлардағы қазақтардың ішінара саяси әскери, шаруашылық, қоғамдық тарихын қамтыған еңбегі тіркелген. Аталған ерекше папкада салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік беретін М. Тынышпаевтың жоғарыдағы еңбекке арналған сын баяндамасы қоса тіркелген. әскери өнер және жауынгерлік дәстүр, қазақ хандары жүргізген соғыстар, хандардың тек бейбіт жағдайдағы ел басқаруы ғана емес, әскери қолбасшылық қасиеттері осы зерттеу еңбектерінен өз көріністерін жалпы шолу ретінде тапқан.
1930-1940 жылдардағы жарық көрген кейбір зерттеулердің кеңестік идеология шеңберінде болып, «орыстар әскерге алғанда дейін қазақтар әскери істен хабарсыз болды», /17/- деп пайымдауы, толық бір халықтың, ұлттың өткен тарихына көз жұма қарап, айта салуы көңілді жүдетеді. Соған қарамастан, Орта Азия халықтарының әскери тарихи тарихнамасы молая түспесе, кеміген жоқ. Зерттеу мәселесінің шеңберін қырғыздардың әскери құрылымы жөніндегі С. М. Абрамзон /18/ еңбектері кеңітсе, әскери құрылымы, әскери бөлшектер құралы, әскери тактика және стратегия, қару жарақ, қорған -бекіністер туралы шолу мәліметтерімен А. А. Росляков /19/ мақалалары толықтыра түсіп, өзіндік көзқараспен Азия көшпелілерінің әскери жүйесін жіктеп береді.
1917 жылғы жинақталған Өзбекстан Республикасы Орталық Мемлекеттік Архиві қорынан А. А. Куннің тарихи, этнографиялық, мәдени, әскери материалдары бойынша қаумалай аулаудың операциялары мен көшпелі өмірдің әскери іс мәселелері арнайы еңбек /20/ ретінде жарық көрді.
Орыс ғалымы, шығыс зерттеушісі Н. Я. Бичурин 1807 жылдан бері Қытайдағы орыстың діни миссиясын басқарып, сол жақтан Орта Азия мен Қазақстанның ертедегі орта ғасырлардағы тарихына сай құнды материалдарды аударған. Осы құнды қазыналардың көпшілігі 1850 жылы еңбек /21/ болып жарық көрген. Еңбекте осы өңірді мекендеген тайпалардың әскери ұйымдасу принциптері мен қарулану дәстүрі де назардан тыс қалмаған.
Орта ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан территориясында жүрген әскери -инженерлік фортификация өнеріне, бекіністер соғу шеберлігіне, оның түрлеріне, бекініс ішінен және сыртынан тактикалар түрлерін қолдану әдістеріне осы жылдары жарық көрген негізінен тарихи-археологиялық зерттеу болып табылатын С. П. Толстов /22/ еңбектері жатады. Еңбек бекіністердің сыртқы, ішкі, бір бетінен қарағандағы түрлерін көрсететін иллюстрациялы суреттермен ғылымилана түскен.
Қазақ халқының тарихи, соның ішінде мәдени тарихы зерттеулеріне үлес қосқан А. А. Семенов /23/ өз еңбектерінде Орта Азия мен Қазақстанның XV-XVI ғасырлардағы қазақ хандығының саяси құрылысы мен сыртқы саясаттарына тоқталып, әскери терминдеріне, атқаратын міндеттеріне тоқталады.
1950-1990 жылдары КСРО-да еуразиялық көшпенділердің әскери ісіне көңіл бөлініп, зерттеу шеңберіне тартыла бастады. Еңбектердің көпшілігі скиф сатматтық көшпенділік тарихына арналады. Әсіресе Ю. С. Худяков Оңтүстік Сібір және Орта Азия көшпенділерінің әскери ісін зерттеу еңбегінде XX ғасырдың 70 жылдарына дейінгі қарулану мен әскер мәселесін зерттеулердің заттық, жазбалық, бейнелеу дәстүріне сүйене отырып, хундардың, ежеггі түріктердің, ұйғырлардың қимақтардың қару жарақ технологиясының даму эволюциясына, оны қолдау тактикаларына, әскери өміріне, әскери шендер мен қызметтеріне, соғысқа бейімділіктеріне, әскер ұйымдастыруына ғылыми тұрғыдан талдау жасайды. Еуразия көшпендіерділерінің әскери тарихи Ю. С. Худяковтың басқа еңбектерінен және А. И. Мелюкова, А. Е. Хазанов, А. И. Соловьев, И. А. Аржанцева, Д. Ю. Чахкиев зерттеулерінен /24/ көрінеді.
Түрік халықтарының әскери тарихы, әскери өнері мен дәстүрі, оның ішінде қазақтардың өмір сүру тұрмысы, қоғамдық құрылысы шет ел зерттеушілері еңбектерінен де көрініс тапты.
Осы жылдар аралығында тарихнама қатарын 1820-1821 жылдары А. Ф. Негри бастаған дипломатиялық миссия құрамында болған әскери қызметкер Е. К. Мейендорфтың /25/ еңбектерінен көрініс тапқан Орта Азия хандықтарының саяси қарым қатынасы, тұрмыс тіршілігі, жылқы жануарының ролі, соғыс енгізу және жүргізу тәсілдері, шабуылдау түрлері, шапқыншылығы мен шегіну, қашу жолдары, әскери іске төзімділіктері т. б. молайта түспек. Қарулану ісінің дамуы мен ғылыми, тұрғыдан сұрыпталынып Литвинский зерттеуі /26/ толығынан Орта Азия көшпелері тарихына арналады. Бұл еңбектің тағы да құндылығын арттыратын маңызы әскери бекіністер жақсы суреттелген. Қару түрлерінен тек жәй ғана атап кетпей, күрделі құрылысты етіп суреттейді. Жебе ұштықтарының түрлерінен классификациялап береді.
Әрмен қарай, қазақы ұлттық қарулану мәселесі В. П. Курылевтің зерттеу еңбектері мен мақалаларында орын тепкен. Оларда зерттеушінің «Орта Азия мен Қазақстанның әскери ісі тарихи-этнографиялық зерттеулерінің обьектісі», /27/ деп пайымдағанымен, қазақ халқының әскери өнері және дәстүрі нысанаға топтап алынбайды.
А. Т. Қайдаров өз зерттеу мақалаларында /28/ қазақ жауынгер батырының коплексті қарулануына және олардың этнолингвистикалық атауларына, қазақи деректер мен музей экспонаттарына сүйену арқылы тоқтайды.
Шығыс деректеріне сүйене отырып, кең әрі жалпы құнды дерек беретін Орта Азияның қазақ хандарымен Шейбанилер мен Аштарханидтер династиялары тусындағы қарым қатынасты, әскери дипломатиялық саясатын, қазақтар мен өзбектердің әскери өнері мен жауынгерлік дәстүрін сабақтастыра байланыстыратын Б. А. Ахмедов пен С. А. Азимджанова /29/ еңбектері зор маңызға ие.
Т. И. Сұлтанов пен С. Г. Кляшторныйдың /30/ еңбектерінде басты мәселе - Өзбек ұлысы мен Қазақ хандығының XV-XVII ғасырлардағы қоғамдық-саяси, этникалық, әлеуметтік экономикалық өмірі болғанмен, зерттеулерінің біраз бөлімдерін әскери дәстүрлерінің көшпенділер өміріндегі роліне, қазақтардың ру тайпалық жасақтарына, соғыс туларына, әскери тактикасы мен қару жарақ жасау техникасы арнайды.
Әскер тарихи, әскери өнер мен дәстүр мәселелерін зерттеуші арнайы ғылыми еңбектер қатарына «Этнографические аспекты традиционной военной организации народов Кавказа и Средней Азии» /31/ жинағын және Чирекбаев Эрмектің қырғыздардың әскери ісі дамуы туралы ғылыми зерттеуін /32/ жатқызуға болады.
Қазақстандық шығыстанушылар қазақ халқының өткенін зерттеуде шығыс деректерімен бай қазына өндірді. Олар атап айтсақ С. К. Ибрагимов, В. П. Юдин, К. А. Пищулина. Аталған ғалымдарға жеке тоқталсақ С. К. Ибрагимов еңбегі /33/ XV-XVI ғасырдағы қазақтардың көрші елдермен әскери қарым қатынасын ашып берсе, бұрын тарихи зерттеулерге көп аса тартыла бермейтін, аз зерттелеген әскери мәселелерді В. П. Юдин еңбектері /34/ береді. әсіресе, ол аударған «Чингиз-наме» орта ғасыр тарихынан диплом жұмысының мазмұнын байытатын мол дерек береді. Ал, қазақ халқының сыртқы саясатындағы сырдариялық қалалар ролін және күрделі мәселелердің қатарындағы қазақ халқының этногенез мәселесін, шығыс деректерін талдау әдісінде К. А. Пищулинаның /35/ ғылыми еңбектері береді. Осы зерттеулер қатарын Р. Б. Сүлейменов ғылыми еңбектерімен толықтырсақ дерегіміз молая түспек.
Қазақ хандығы тұсындағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен Қазақстанның Шығыс елдерімен дипломатиялық қатынас тарихына баса назар аударатын тарих ғылымының докторы М. Х. Абусеитованың /36/ шығыс деректеріне сүйенген ғылыми зерттеу жұмыстары, кітаптары, монографиялары мен мақалаларынан ішінара қазақтардың әскери өнерін, тактикасы мен жауынгерлік дәстүрін, қару жарағын, әскери қызмет түрлерін айқындайтын құнды материалдар кездеседі.
Соңғы кезде қазақ халқының әскери тарихына үлкен мән бөліп, өз зерттеу кітаптарын жазып жүріп әскери істі зерттеуші тарих ғылымдарының докторы К. Р. Аманжолов /37/ еңбектеріне үлкен мән беріледі. Бірақ ерте кезден бүгінгі күнге дейінгі әскери тарих мәселесіне тоқталғанмен, біз қарастырып отырған кезеңдегі әскер тарихы толыққанды қамтылмайды.
Соңғы жылдары қазақи әскери мәселеге мойын бұрып жүргендер көп болғанмен, дәл мемлекеттілік нығаю нәтижесінде қажеттілік ретінде туындаған әскер мәселесі қамтылмай келеді.
Е. Ж. Валиханов /38/ өз еңбегінде қазақ-жоңғар қатынасындағы әскери іс-қимылдың негізгі кезеңдеріне, стратегиялық және тактикалық әдістеріне, әскери ұйымдастыру мен қарулануына тоқталса, Ж. М. Жетібаев /39/ Батыс Қазақстан өңірі қазақтарының қазба ескерткіштеріне сүйеніп, қазақтардың қару жарақ түрлерін бейнелеуге ұмтылысында, археологиялық қазба жұмыстарының мол пайдаланылады.
Белгілі тарихшы Ж. Қасымбаев /40/ өз әскери тақырыпқа қатысты мақалаларында әскери өнер және дәстүрге, қарулану түрлеріне, қазақтардың отты қаруларына тоқталады, ал Б. Б. Кәрібаев Қазақ хандығының Мәуереннахр мемлекеттерімен қарым қатынасын зерттеу еңбегі /41/, осы дипломдық жұмыстың хронологиясымен біршама сәйкес келеді.
Тарих ғылымының тәуелсіздіктен кейін қол жеткізген ғылыми жетістіктері әскери тарихтың қыр сырларын көрсетуге ұмтылды. Солардың қатарына М. Қ. Қозыбаевтың «Военная история Казахстана: проблемы научного достижения» (Каз. Правда, 1993, 6 июль) және «Ақиқат» журналының 1996 ж. №2 санындағы «Тархан, генерал және әскери шен алғандар» мақалалары болып табылады.
Еліміздің өз егемендігін арттыруы белең алып тұрған тұста диплом жұмысына сай рухани мұралар ұлттық сарында көп зерттелуде. Солардың қатарына Ф. М. Шамшадинованың «Сібір жылнамасы бойынша XVI-XVII ғғ. Қазақстан тарихы проблемасы» атты кандидаттық және Ш. Ыбыраевтың «Қазақ батырлық жырларының поэтикасы» атты докторлық диссертациясы жатады.
Соңғы жылдары жарық көрген Т. К. Алланиязов /42/ еңбегі көшпелі қазақ халқының әскери ісіне көне заманнан XIX ғ. дейінгі аралықты қамтып, жалпы шолу жасайды. Ал, К. С. Ахмеджанов /43/ бай деректерге, негізінен халық ауыз әдебиетіне сүйене отырып, өз еңбегін иллюстрациялық безендірулермен мазмұндара түседі. Бұл еңбекте батыршылдық дәстүрі, батырлардың - әскери өнері, қару - жарағы киім - кешегі т. б. туралы айтылып, әскери терминдерге ана тілде жол табуға ұмтылуымен ерекшеленгенімен, біз қарастырып отырған мәселелердің көпшілігі қамтылмайды. Тарихи зерттеудің негізгі түйіні дәлел - фактілерге сүйену болғандықтан, біз соған баса назар аударамыз. Онсыз мәселенің маңызы ашылуы мүмкін емес.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz