Фонеман


Фонеманың мағынасы - дыбыс, үн, дауыс. Дыбыс деген ұғым тек тіл дыбыстарына ғана айтылмайды, бізді қоршаған ортаға тән құбылыс. Жалпы дыбыс болу үшін мынадай үш түрлі шарт керек:
1) дыбыс шығаратын дене;
2) дыбыс шығаратын денені қозғалысқа келтіретін күш;
3) ауа толқырлық кеңістік.
Сөйлеу тілінің дыбыстарының пайда болуына да осындай үш түрлі шарт керек:
1) дыбыс шығаратын дене- сөйлеу мүшелері,
2) қозғалысқа келтіретін күш - өкпеден шығатын ауа,
3) кеңістік - тыныс мүшелері, тамақ, ұуыс мүшелері.
Тіл дыбыстарының тілдік емес дыбыстардан негізгі айырмашылығы - олардың адамның сөйлеу мүшелері арқылы жасалатындығында.
Сөйлеу мүшелері дегеніміз - тіл дыбыстарын жасауға қатысатын дыбыстау мүшелері.
Фонетикасы, фонематикасының толық дамымауы дегеніміз - ол қабылдау түйсігімен дыбыстарды айтуындағы ақаулықтардың салдарынан болған сөйлеу тілінің әр түрлі кемістіктері бар балалардың ана тіліндегі дыбыстардың айтылу жүйесіндегі қалыптасу барысының бұзылуы. Бұл жағдайды сипаттаитын негізгі көріністерді бөліп көрсетуге болады:
1. Жұп немесе бір топ дыбыстардың айтылуын ажырата алмауын мұндай жағдайда бір дыбыс екі немесе тіпті үш дыбыстыда алмастыра береді. Мысалы Т дыбысы С, Ш дыбыстарының орнына айтылады.
2. Бір дыбыстардың басқалармен алмастырылуы. Баланың сқйлеу тілінде жеңіл айтылатын дыбыстар айтылуы қиын дыбыстарды алмастырады. Мысалы, Л дыбысы Р дыбысын, Ф дыбысы Ш дыбысын, Т мен Д дыбыстары ызың мен ысқырық дыбыстарын түгелдей алмастырады.
3. Дыбыстарды шатастыру. Бұл көптеген дыбыстардың әр түрлі сөздерде қолданыдуының тұрақсыздығын сипаттайды. Бала дыбысты бір сөзде дұрыс қолданады да, ал оны басқа сөзде сол дыбысқа әуезі жағынан немесе айтылуы жағынан ұқсас дыбыспен қатар келсе алмастырып жібереді. Мысалы, бала Р, Л немесе С дыбыстарын жеке тұрғанда дұрыс айтады да, ал сөйлегенде орындарын ауыстырып шатастырады.
4. Дыбыстарды алмастырулары мен шатастыруларынан басқа да айтылуында кемістіктер кездеседі. Бұл кемістіктер өздерінің ерекшеліктері жағынан алдыңғыларға қарағанда ерекше. Мысалы, Р дыбысы қырылдап тамақтан айтылады. С дыбысы тістердің арасынан тілі шығып немесе мұрыннан айтылады.
Сөйлеу тілі дыбыстарының айтылуындағы бұл сияқты кемістіктердің ерекшеліктеріне тәрбиешілер мен ата аналар көңіл бөлу керек, себебі бұндай кемістіктер фонематикалық есту қабілетінің толық жетілмегендігін дәлелдейді бұндай жағдайда оның қалыптасуының дәрежесін анықтауға жәрдем беретін жүйелі тәсілдер бар:
1) Дыбыстардың дұрыс айтылуы мен бұрыс айтылуының айырмашылығын өзінің және бөтеннің сөйлеу тілінде анықтау. Балалар өздерінің бұзып сөйлеген сөздерін басқалардың сөздерінен көбінесе айыра білмейді. Бұл есту қабілетінің дыбыстарды нашар ажырататындығын білдіреді.
2) Па-по-пу, па-ба-па, деген сияқты жеңіл буындар тіркесін ересектердің артынан қайталайды. Құрамында осы дыбыстар бар және ажыратуы қиын дыбыстарды, қатар келген буындарды қайталау қиындақ туғызады.
3) С дыбысының жеке өзін Т, Ц. Ч, З, С, Ш, Р деген сияқты тізбектелген басқа буындардың ішінен алу, мысалы, са буынын за, ша, ча, ша, са буындардан.
4) Керекті дыбысы бар буынды тізбектелген басқа буындардың ішінен алу, мысалы, са буынын за, ша, са, ча, ща, са буындардан.
5) Керекті дыбысты сөздің ішінен бөліп алу. Мысалы, С дыбысын сағат, шапан, қасқыр, мысық, тышқан, шаш, тас сөздерінің ішінен табу, бұндай тапсырмаларда баладан дыбысты айтуды талап етпейді. Себебі, ол қиналып қалуы мүмкін, ең маңыздысы сөйлеу тіліндегі дыбыстарды қалай түсініп қабылдайтынын анықтау. Сондықтан бала берілген дыбысты естігенде қолын көтеріп, немесе сол дыбыс таңбаланған суретті көрсетіп түсінігін білдіруге тырысады. Аталған тапсырмалар айтылуында ақауы бар дыбыстарды түсіну мүмкіндігін анықтауға үлкен жәрдемін тигізеді. Көп жағдайларда түсінігінде сақталған, демек сөйлеу тілінде дұрыс айтылатын дыбыстарды дұрыс ажырата алмай шатастыруы жиі кездеседі. Бұл топқа кіретін балалардың сырттай тәп-тәуір айтылатын дыбыстарын мұқият тексерген кезде сол дыбыстарды қабылдап ажыратуында әжептәуір қиындықтар байқалады, Нақ осындай балалар айналасындағылар үшін күтпеген жерден оқу мен жазудан үлгермейтіндер болып шыға келетіндері жиі кездеседі.
Фонематикалық есту қабілетінің толық дамымауы балалардың сөзді дыбысқа талдауына дайындығының қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Сонымен балалардың қиналатындары:
А) Бірінші дауысты немесе дауыссыз дыбысты айтқанда бірінші буынды немесе тұтас сөзді атайды.
Б) Ішінде берілген дыбысы бар сөздермен айтылатын бейнелі сөздерді іріктегенде.
В) Ішінде берілген дыбысы бар сөзді өздігінен ойлап табу және оны атау.
Бақшада арнайы ұйымдастырылған оқыту жұмысындағы фонетика-фонематикасының толық дамымауын уақытында анықтауы олардың сөйлеу тіліндегі ақаулықтарды түзетіп қана қоймайды, сонымен бірле мектепке толық дайындайды.
Түзету оқуының ең басты бағыттары
1. Дыбыстардың дұрыс айтылуын қалыптастыру.
2. фонематикалық есту қабілетін жетілдіру.
3. Сауат ашу оқуына дайындық.
4. Байланыстырып сөйлеуін дамыту. Арнайы топтарда логопедиялық жұмысты ұйымдастыру
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz