Мәміле ұғымының қоғамдағы маңызы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:
ЖОСПАР:
КІРІСПЕ . . . 3
1-ТАРАУ МӘМІЛЕНІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ . . . 5
1. 1 Мәміленің жарамдылық шарттары . . . 11
1. 2 Жарамсыз мәмілелер . . . 12
2- ТАРАУ ШАРТ - ЕКІ ЖАҚТЫ МӘМІЛЕ
2. 1 Шарттың ұғымы және маңызы . . . 22
2. 2 Шарттың мазмұны және нысаны . . . 27
2. 3 Шарттың жалпы түрлері . . . 31
3- ТАРАУ МӘМІЛЕДЕН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ОРЫНДАУ 38
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 46
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 49
К І Р І С П Е
Қазіргі уақытта нарықтық экономиканың даму сатысына байланысты мәміленің атқаратын ролі де маңызы да кеңейді. Азаматтық-құқықтық қатынастардың басым көпшілігі мәмілелер (келісім-шарттар) арқылы туындайтыны белгілі.
Мысалы, мәміленің жекелеген түрі - сатып алу-сату шарты, оның ішінде: бөлшектеп сатып алу-сату шарты, тауар жеткізілімі шарты, энергиямен жабдықтау шарты, кәсіпорынды сатып алу-сату шарты. Мысалы, осы жерде айта кететін нәрсе бұрын Кеңес одағы кезінде кәсіпорынды сату шарты, энергиямен жабдықтау шарты болмаған, ал қазіргі нарықтық экономикада "жаппай жекешелендіру" бағыт-бағдарына сәйкес пайда болды.
Мәміле (шарт) негізінен бұдан бірнеше ғасыр бұрынғы ежелгі мемлекеттердің өзінде-ақ кең көлемде болмаса да, айтарлықтай өзіндік роль атқарған. Ол кезде қазіргі нарықтық экономикадағы сияқты заңды тұлғалар немесе өзге де жеке кәсіпорындар болмағандықтан ол тек екі немесе бірнеше адамдар арасында ауызша немесе жазбаша жасалатын дәлелді құжат болып табылған.
Одан берегеректе өзіміздің тарап кеткен Кеңес Одағы кезеңіне келсек, бұл кезде де қазіргідегідей нарықтық экономика болмағандықтан оның маңызы дәл қазіргідегідей болмады.
Қоғамымыздың қазіргі сатыдағы дамуы азаматтық-шарттық қатынастардың кең түрде қанат жаюмен сипатталады, мұның өзі Қазақстан Республикасының әкімшілік басқару жүйесінен бас тартып нарықтық қатынастарды дамытуға бет бұрғандығының куәсі. Нарық субьектілерінің белсенді қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің жеткіліксіздігі қаржы және өндіріс капиталының "көлеңкелі бизнеске" қарай ойысуына апаратын бірден-бір себеп болар еді.
Сондықтан кезкелген заңда көрсетілмеген мәмілені жасасуға болады, ең бастысы мұндай шартқа заңда тыйым салынбаған болуы керек.
1-ТАРАУ МӘМІЛЕНІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Мәміле ұғымы Азаматтық кодекстің 147-бабында мәміле азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері деп белгіленген. Мәмілеге мынадай белгілер тән:
1) тұлғаның ( тұлғалардың ) ерік ( тілек немесе ниет ) білдіру ;
2) рұқсат етілген ерік білдіру, яғни құқыққа сәйкес әрекет;
3) қандай да бір заңды құқық жасауға бағытталған (азаматтық-құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуы ) ;
4) мәмле әрқашанда құқықтық салдарды туғызады.
Мәміленің маңызды жақтарының еркі мен ерік ( ниет, тілек) білдіруінен тұрады. Ерік білдіруі ауызша, конклюденттік әрекеті арқылы жазбаша ( жай немесе нотариалдық ) және үндемей қалу жолымен білдіріледі.
Мәмілеге қатысушылардың ерік білдіруі әдісін мәміленің нысаны деп атайды. Егер мәмілеге қатысушылар өздерінің еркін ауызша айтқан болса, онда бұл ауызша жасалған мәміле болады. Мысалы, телефонмен жасалған мәміле ауызша жасалған болып есептеледі. Айталық, ауызша жасалған мәміле орындалғанын растайтын жазбаша құжат берілуі мүмкін ( тауар, чекі, затты сатып алғанын айғақтайтын құжат және т. б. ), сондай-ақ жетон, билет сияқты растайтын белгілер ұсынылады. Бірақ бұдан ауызша жасалған мәмілеге келіп-кетер ештеңе жоқ.
Конклюденттік әрекет ( латынша concludere - жасау ) - сол арқылы тұлғаның мәмілеге қатысуға ниет білдіру әрекеті. Мәселен, азамат автоматқа ақша салу арқылы, ондағы тауарды алуға деген еркін білдіреді.
Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерде мәміле жасауға ерік білдіру болып танылады ( АК-нің 151-бабының 4-тармағы ) . Мысалы, егер мүлікті жалға алушы шарт мерзімі бітіп кетсе де, жалға берушінің тарапынан қарсылық болмаса, онда жалға алушы бұрынғы шартқа сүйене отырып мерзіміне қарамай-ақ пайдалана беруіне болады.
Азаматтық кодекстің 152-бабына сәйкес мәміленің жазбаша түрі бұл орайда мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа жүз есептік көрсеткіштен жоғары сомаға жасалуы тиіс.
Азаматтық кодекс мәміленің жазбаша түріне қатысты бірқатар маңызды шарттарға мән бергенін айта кету керек. Азаматтық кодекстің 152-бабына сәйкес, егер іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан өзгеше туындамаса, жазбаша түрде жасалған мәмілеге тараптар немесе олардың өкілдері қол қоюы тиіс.
Мәміле жасау кезінде қол қоюдың факсимилелік көшірме құралдарын пайдалануға жол беріледі, мұның өзі заңға немесе қатысушылардың бірінің талабына қайшы келмесе ғана жүзеге асады.
Заңдармен немесе тараптардың келісімімен қосымша талаптар белгіленуі мүмкін, оларға мәміле нысаны, атап айтқанда, белгіленген нысанды бланкіге жазу, мөрмен бекіту сәйкес келуге және оларда осы талаптарды орындамау салдары көзделуге тиіс.
Екі жақты мәмілелер әрқайсысына өзін жасаған тараптар қол қоюға құжаттарды алмасу арқылы жасалуы мүмкін.
Хат, жеделхат, телефонжазба, телетайп-жазба, факс немесе субъектілерді және олардың еркін білдіруінің мазмұнын айқындайтын өзге де құжаттар алмасу, егер заңдармен немесе тараптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе, жазбаша түрде жасалған мәмілеге теңестіріледі.
Егер азамат дене кемтарлығы, науқастығы немесе сауатсыздығы салдарынан өзі қол қоя алмаса, оның өтініші бойынша мәмілеге басқа азамат қол қоя алады. Соңғының қойған қолын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, нотариат немесе сондай нотариалдық әрекет жасау құқығы бар басқа лауазымды адам, мәміле жасаушының өзі қол қоя алмаған себептерін көрсете отырып, куәландыруға тиіс.
Жазбаша түрде жасалған мәмілені орындаған тарап екінші тараптан оның орындалғанын растайтын құжат талап етуге құқылы.
Азаматтық кодекс мәміленің жазбаша түріне қатысты бірқатар маңызды шарттарға мән бергенін айта кету керек. Азаматтық кодекстің 152-бабына сәйкес, егер іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан өзгеше туындамаса, жазбаша түрде жасалған мәмілеге тараптар немесе олардың өкілдері қол қоюы тиіс.
Мәміле жасау кезінде қол қоюдың факсимилелік көшірме құралдарын пайдалануға жол беріледі, мұның өзі заңға немесе қатысушылардың бірінің талабына қайшы келмесе ғана жүзеге асады.
Мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, ауызша кәсіпкерлік мәмілені орындаған тараптың да осындай құқығы бар ( АК-тің 152-бабы ) .
Заң құжаттарында немесе тараптардың келісімімен белгіленген реттерде жазбаша мәмілелер оларды нотариат куәландырғаннан кейін ғана жасалды деп саналады. Мұндай талапты сақтамау Азаматтық кодекстің 157-бабының 3-тармағында көзделген салдармен мәміленің жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырады.
Азаматтық кодекстің 155-бабына сәйкес кейбір мәмілелер заң құжаттарында көрсетілуіне сәйкес мемлекеттік немесе өзге тіркелуге жатады. Бұл мәмілелер тек оларды тіркелгеннен кейін жасалды деп саналады. Тіркеу мүдделі тараптың тіркеуші органға табыс еткен немесе почта арқылы жолдаған арызы бойынша жүргізіледі. Тіркеуден бас тарту жазбаша түрде рәсімделуге тиіс және заң талаптарының бұзылуына сілтеме жасағанда ғана мүмкін болады. Егер мемлекеттік тіркеуді керек ететін мәміле тиісті нысанда жасалса, бірақ тараптардың бірі оны тіркеуден жалтарса, сот екінші тараптың талап етуімен мәмілені тіркеу туралы шешім шығаруға құқылы. Бұл ретте мәміле соттың шешіміне сәйкес тіркеледі. Тіркеуден бас тартқан жақ сот арқылы мәмілені жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы.
Мәмілелердің түрлері. Мәмілелер мынадай түрлерге бөлінеді:
* бір жақты және екі жақты немесе көп жақты (шарттар) ;
* ақылы және ақысыз;
* нақты және консенсуалды;
* казуалды және абстрактылы;
* шартпен жасалған;
* биржалық.
Бір жақты мәміле дегеніміз, заңдарға немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және сол жеткілікті болатын мәміле. Бір жақты мәмілелердің анағұрлым жиі кездесетін түрі - өсиет қалдыру. Әдетте, бір жақты мәмілелер тым көп бола бермейді. Азаматтық айналым көбінесе өзара мәмілелерден құралады. Шарт жасау үшін екі тараптың ( екі жақты мәміле ) не үш немесе одан да көп тараптың ( көп жақты мәміле ) келісілген ерік білдіруі қажет.
Тарап өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алса немесе тараптар бір-біріне бір нәрсе беруі керек болса, бұл ақылы мәміле болып табылады ( мәселен, оған затты, ақшаны тапсыру жатады ) . Ал, бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе ешнәрсе бермей бірнәрсені ұсынуды міндетіне алған мәміле ақысыз болып есептеледі.
Консенсуалды мәмілелер ( латынша concensus - келісім ) - келісімге келген сәттен бастап азаматтардың құқықтары мен міндеттері туындайтын мәмілелер. Нақты мәмілені жүзеге асыру үшін ( латынша res - зат ) келісімнің бір өзі жеткіліксіз, оған қоса затты тапсыру қажет.
Мәмілелерді азамат құқықтану ілімінде каузальдық (себепті ) және абстракциялық деп те бөледі. Әрбір мәміле жақтардың алға қойған мақсатына орай құқықтық негізбен құқықтық мақсатты ( causa ) еншілейді. Бірақ та бір жағдайда мәміленің жарамдығы оның негізіне байланысты болса, екінші жағдайда оған байланысты болмайды ( абстракциялық ) . Абстракциялық мәмілелер өзінің негізінен қол үзгендей көрінеді (abstrahere - қол үзу, бөліну ), ( мысалы, вексельді тапсыру ) .
Жазбаша түрде жасалған мәмілені орындаған тарап екінші тараптан оның орындалғанын растайтын құжат талап етуге құқылы.
Азаматтық кодекс мәміленің жазбаша түріне қатысты бірқатар маңызды шарттарға мән бергенін айта кету керек. Азаматтық кодекстің 152-бабына сәйкес, егер іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан өзгеше туындамаса, жазбаша түрде жасалған мәмілеге тараптар немесе олардың өкілдері қол қоюы тиіс.
Мәміле жасау кезінде қол қоюдың факсимилелік көшірме құралдарын пайдалануға жол беріледі, мұның өзі заңға немесе қатысушылардың бірінің талабына қайшы келмесе ғана жүзеге асады.
Шартпен жасалған мәмілелер қандайда бір нәрсеге тәуекелді болып келеді (оқиға немесе үшінші жақтың әрекеті), ондай жағдай болуы да, болмауы да мүмкін. Мәселен, егер тараптар құқықтар мен міндеттердің туындауын басталу - басталмауы белгісіз мән - жайға байланысты етіп қойса, мәміле кейінге қалдырылатын шартпен жасалды деп есептеледі ( АК - тің 150 - бабы 1-тармағы ) . Азаматтық кодекстің 150-бабының 2-тармағына сәйкес, егер тараптар құқықтар мен міндеттемелердің тоқтатылуын басталу - басталмауы белгісіз мән - жайға байланысты етіп қойса, мәміле кейін күші жойылатын шартпен жасалды деп есептеледі.
Егер шарттың басталуы өзіне тиімсіз деп есептейтін тарап шарттың басталуына теріс пиғылмен кедергі жасаса, шарт басталды деп танылады, ал шарттың басталуы тиімді болатын тарап шарттың басталуына теріс пиғылмен ықпал етсе, онда шарт басталмаған деп танылады.
Бір жақты мәміле дегеніміз, заңдарға немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және сол жеткілікті болатын мәміле. Бір жақты мәмілелердің анағұрлым жиі кездесетін түрі - өсиет қалдыру. Әдетте, бір жақты мәмілелер тым көп бола бермейді. Азаматтық айналым көбінесе өзара мәмілелерден құралады. Шарт жасау үшін екі тараптың ( екі жақты мәміле ) не үш немесе одан да көп тараптың ( көп жақты мәміле ) келісілген ерік білдіруі қажет.
Азаматтық кодексте ( 156-бап ) биржалық мәмілелер қаралған. Биржада айналысқа жіберілген тауарларға, бағалы қағаздар мен басқа мүлікке қатысты құқықтар мен міндеттемелерді өзара беру туралы келісімдерді (биржалық мәмілелер) биржаға қатысушылар тауар, қор және басқа биржалар туралы заңдарда және биржа жарғыларында белгіленген тәртіп бойынша жасасады. Биржалық мәмілелер делдалдық жазбалармен рәсімделуі мүмкін және биржада тіркелуге тиіс.
Биржалық мәмілелер жасауға байланысты даулар тиісті биржа жанындағы биржа төрелігінде қаралады, оның шешіміне сотта дау айтылуы мүмкін.
1. 1 Мәміленің жарамдылық шарттары
Мәміленің жарамдылығы заң талаптарына сәйкес айқындалады. Мәміленің жарамды болуы шарттарына жататындар: мазмұны заң талаптарына сәйкестігі, мәмілеге қатысатын және оны жүзеге асыратын адамның қабілеттілігі, еркі мен ерік білдірудің сәйкестігі, мәмілелердің нысанын сақтау. Мәміле шын мәнінде заңға қайшы келмеуі тиіс, яғни кез келген құқықтық нормативтік құжаттарға сай келуі қажет. Мысалы, азаматтық құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі шектеуге бағытталған мәміле жарамсыз мәміле болып табылады (АК - тің 18 - бабы ) .
Мәміле ерікті әрекет болғандықтан, оны әрекет қабілеттілігі бар әрбір азамат жасай алады, ал заңды тұлғалар жалпы және арнайы әрекет қабілеттілігі болғандықтан мәміле жасауға қабілетті деп саналады.
Мәміленің жарамды болуы үшін еркі және ерік білдіру бір - бірімен сәйкес келуі керек. Олардың арасындағы сәйкессіздік мәмілені жарамсыз етіп көрсетеді.
Мәміле оның нысанын сақтау кезінде құқықтар мен міндеттер туғызады, сол арқылы тұлғалардың ерік білдіруі немесе ресми куәландыру әдісі көрінеді. Мәселен, оған мәмілені нотариалдық куәландыру (АК - тің 154-бабы) мен тіркеуді (АК - тің 155-бабы) айтуға болады.
1. 2 Жарамсыз мәмілелер
Жарамсыз мәмілелердің түрлері. Азаматтық кодекстің 157-бабында бұл туралы былай делінген: " мәміленің нысанына, мазмұнына және қатысушыларына, сондай - ақ олардың ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған жағдайда мүдделі адамдардың, тиісті мемлекеттік органның не прокурордың талабы бойынша мәміле жарамсыз деп танылуы мүмкін ".
Азаматтық құқық теориясында мәмілелердің жарамсыз болуы мынадай түрлерге бөлінеді:
* субъект құрамының ақауы болатын мәміле;
* ерікке қатысты ақауы бар мәміле;
* нысанның ақауы бар мәміле;
* мазмұнының ақауы бар мәміле.
Азаматтық кодексте мазмұны заң талаптары мен сәйкес келмейтін кез келген мәміле жарамсыз болатындығы жөнінде жалпы норма бар (АК - тің 158-бабы) .
Субъектілік құрамының ақауы бар мәміле екі топқа бөлінеді. Оның біріншісі азаматтардың әрекет қабілетсіздігімен, екінші - заңды тұлғалардың арнайы құқық қабілеттілігімен немесе олардың органдарының мәртебесімен байланысты болады.
Қатысушылардың жасы мен психикалық жағдайынан туындаған әрекеттер мәміленің жарамсыз болуына басты негіз болып есептеледі.
Ондай жарамсыз мәмілелерге мыналар жатады:
* Азаматтық кодекстің 23-бабында көзделген мәмілелерді қоспағанда, он төрт жасқа толмаған адам жасаған мәміле жарамсыз болады ( АК-тің 159-бабының 3- тармағы ) ;
* он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған баланың ата - анасының (асырап алушыларының) немесе қамқоршыларының келісімінсіз жасаған мәмілесін, заң бойынша оның өзі дербес жасауға құқығы бар мәмілелерді қоспағанда, сот ата-анасының (асырап алушыларының) немесе қамқоршысының талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін (АК - тің 159-бабының 4- тармағы ) ;
* есуастық немесе ақыл-есі кем болуы салдарынан әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адам жасасқан мәміле жарамсыз болады. Кейіннен әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған азамат жасасқан мәміле ( АК - тің 26-бабы ), егер мәмілені жасау кезінің өзінде - ақ бұл азаматтың психикалық шатасу жағдайында болғаны дәлелденсе, оның қорғаншысының талабы бойынша сот мәмілені жарамсыз деп тануы мүмкін ( АК - тің 159-бабының 5- тармағы ) ;
* сот әрекет қабілеттілігін шектеген адам жасасқан мәмілені сот оның қамқоршысының талап етуі бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін ( АК - тің 159- бабының 6- тармағы) ;
* әрекет қабілеттілігі болғанымен, мәміле жасаған кезде өз әрекетінің мәнін түсіне алмайтын немесе өзінің не істегенін білмейтін жағдайда болған азамат жасасқан мәмілені сот азаматтың талабы бойынша, ал егер тірі кезінде талап етуге азаматтың мүмкіндігі болмаса, азамат қайтыс болғаннан кейін басқа мүдделі адамдардың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін ( АК - тің 154- бабының 7- тармағы ) .
Жоғарыда аталған мәмілелер бойынша әрекет қабілеттілігі бар тарап жарамсыз мәміленің Азаматтық кодекстің 157- бабының 3-6 тармақтарында көзделген салдармен қоса, екінші тараптың залалын оның пайдасына өндіріп беруі мүмкін. Мұндай міндет әрекет қабілеттілігі бар жаққа, егер ол екінші жақтың әрекет қабілеттілігі жоқ екендігін білсе, не білуге тиісті болса ғана жүктеледі.
Жазбаша түрде жасалған мәмілені орындаған тарап екінші тараптан оның орындалғанын растайтын құжат талап етуге құқылы.
Азаматтық кодекс мәміленің жазбаша түріне қатысты бірқатар маңызды шарттарға мән бергенін айта кету керек. Азаматтық кодекстің 152-бабына сәйкес, егер іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан өзгеше туындамаса, жазбаша түрде жасалған мәмілеге тараптар немесе олардың өкілдері қол қоюы тиіс.
Мәміле жасау кезінде қол қоюдың факсимилелік көшірме құралдарын пайдалануға жол беріледі, мұның өзі заңға немесе қатысушылардың бірінің талабына қайшы келмесе ғана жүзеге асады.
Азаматтық кодекстің 159- бабында заңды тұлғалардың жарамсыз мәмілесін сотпен жарамсыз деп тануға мынадай негіздер қарастырылған:
* заңды тұлғаның заң актілерінде немесе құрылтай құжаттарында нақты шектелген қызмет мақсаттарына қайшы келетін етіп не оның органының жарғылық құзіретін бұза отырып жасаған мәміле жасауы ;
* қажетті лицензия алмай не лицензияның қолданылу күшінің біткеннен кейін жасалған мәміле;
* теріс пиғылдағы бәсеке мақсатын көздейтін немесе іскерлік әдеп талаптарын бұзған мәміле.
Ерікті ақауы бар мәмілелер екі топқа бөлінеді :
1. мәміле жасауға іштей келіспей жасалған мәміле;
2. ішкі еріктің дұрыс қалыптаспауы салдарынан жасалған мәміле.
Бірінші топқа бір тараптың екіншісін алдау, зорлық, қорқыту ықпалымен, бір тарап өкілінің екінші тараппен зұлымдық ниетте келісуі нәтижесінде жасалған мәмілелер жатады ( АК-тің 159-бабының 9, 10- тармақтары ) .
Ерік ақауы бар жоғарыда аталған мәмілелердің жарамсыз болуының себебі мәмілені жасауда сол тұлғаның еркі болмайды, әрі ерік білдіруді мәмілеге қатысушының еркі емес, әлде біреудің ықпалымен болған ерік болып табылады.
Зорлап мәміле жасату дегеніміз, мәмілеге қатысушыны мәжбүрлеп оның өзіне, не жақындарына күш қолдану ( ұрып-соғу, жақын адамдарымен қатыстырмау, бостандығын шектеу және т. б . ) немесе жан - дүниесін жаралап мәміле жасауға көндіру болып табылады . Зорлық заңсыз әрекет болғанымен, кейбір жағдайда оны жасаушыны қылмыстық жазаға тарту міндет емес.
Қорқыту - тұлғаға мәміле жасамаған жағдайда оның өзіне немесе жақын адамдарына дене жарақатын салумен немесе моральдық зиян келтіретіндігін ескертіп, қоқан - лоққы жасау . Қорқыту зорлықтан мынадай белгілер бойынша ерекшеленеді :
* қорқыту - зииян келтірмекші болғанымен әлі жүзеге аса қоймаған әрекет ;
* қорқыту құқыққа сай келетін уәдеме ( мысалы, мүлікке тыйым салуды қолданамын, жасаған қылмысын хабарлаймын деген тәрізді) көрінуі мүмкін, сондай - ақ құқыққа сай емес әрекетпен (мүлікті жою, адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіру) жасалады .
Қорқытудың салдарынан мәмілені жарамсыз деп тану үшін қорқыту құр сөзбен емес, шын мәнінде болуы керек. Аталған жағдайлардың бәрі сот істі қарағанда есепке алынады.
Бір таптың екіншісімен зұлымдық ниетте келісімге келуі ерік білдіруде айтқанға көне салмаушылықтан туындайды. "Зұлымдық ниеттегі" мәмілеге мынадай мысал келтіруге болады, саяжайды сатушы сатып алушының өкіліне саяжайдың болашақ иесіне саяжайға байланысты кемшілікті айтып қоймауын өтініп, келісімге келеді .
Алдау арқылы және жаңылысу немесе кіріптарлықпен жасалатын мәмілелермен келісушілерге тән нәрсе (АК-тің 159 - бабының 8, 9 - тармақтары), жеме - жемге келгенде жағдайдың шылауында кетіп, өзіндік бағытынан айрылып қалуы дер едік . Алдау дегеніміз мәмілеге қатысушыны көрер көзге адастырып, қатысушы жақтың бірі екінші жаққа мәміленің тиімділігін асыра мақтап немесе тиімсіз жағын бүгіп қалып ( мәселен, сатылғалы тұрған заттың кемшілігін жасыру немесе сатылмақ үйдің көшесінде трамвай жолы салынғалы жатыр деп ) мәміле жағдайлары жөнінде жалған айтса, бұл алдау болады.
Алдаудың жаңылысудан айырмасына келетін болсақ, алдауда мәміле туралы теріс ұғым саналы түрде болады .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz