Қор нарықтардың экономикалық мәні және оларды нарықтық экономикалық қатынастарда мемлететтік реттеу маңыздылығы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны.

Кіріспе . . . 3

І. Қор нарығын қалыптастырудың теориялық негіздері

1. 1. Қор нарығының экономикалық мәні және қызметтері . . . 5

1. 2. Бағалы қағаздардың түрлері және қор нарығы дамудағы рөлі . . . 15

ІІ. Қазақстан Республикасының қор нарығының қазіргі жағдайы мен даму үрдісін талдау

2. 1. Қазақстандағы қор нарығының құрылуы мен даму ерекшеліктері . . . 21

2. 2. Бағалы қағаздар нарығының қызметі және дамытудың негізгі бағыттары мен жетілдіру жолдары . . . 34

ІІІ. Қазақстан Республикасындағы қор нарығын дамытудың нігізгі бағыттары мен жетілдіру жолдары

3. 1. Қазақстан Республикасының қор нарығын реттеудің негізгі бағыттары . . . 41

3. 2. Бағалы қағаздар нарығын құқықтық қамтамасыз ету және оны жетілдіру. 43

3. 3. Қор нарығын дамытудың шет елдік тәжірибесін Қазақстанда қолдану ерекшеліктері . . . 50

Қорытынды . . . 68

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 71

Кіріспе.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қор нарығы- қаржы: қызметін көрсету мен тұтынуға және қаржы құралдарының аиналысына байланысты қатынастардың жиынтығы. Мемлекеттің қаржы нарығы оның өндірісті және бәсекелестікті ұйымдастырудағы: жетілген формалары ұлттық экономиканы қажетті ресурстармен қамтамасыз ете отырып, әлеуметтіқ-экономикалық қатынастарда қоғамның әл-ауқаттылығын арттырады.

Қаржыны иеленушілер мен оларды пайдаланушылар арасында бағалы қағаздар нарығы делдал қызметін атқарады. Қаржы нарығы ақша қорларын ішкі және шет ел инвесторлары арқылы жұмылдырып, осы қорларды экономиканың өндірістік және әлеуметтік сфераларына бағыттайды да, оларды тиімді орналастыруға мүмкіндік туғызады.

Бағалы қағаздар нарығы қызметінің негізін жалған капиталдың қозғалысы құрайды. Жалпы алғанда жалған капитал қоғамдық қатынастарды көрсетеді, оның мәні осы қаржының кейбір бөлігін ұстауда несиелік капиталдың жекеленуінен және несиелік жүйені құрайтын арнайы институттардың құрылуынан пайда болған.

Жалған капитал жинақтау үрдісі мен капиталды орталықтандыру, пайданы бөлу мен қайта бөлу, ұлттық кірісті мемлекеттік қаржы жүйесі арқылы қайта бөлу үрдістерін қамтиды.

Кез-келген басқа нарық тәрізді, бағалы қағаздар нарығыда сұраныстан,

ұсыныстан және олардың теңгерілген бағаларынан тұрады. Сұраныс -қаржылық инвестициялар үшің өздерінің жеке қаржылары жетпейтін компаниялар, мемлекеттерден тұрады, ал ұсыныс - түрлі себептермен кіріс ағымдағы тұтыну шығындар сомасынан асып кететін нарық қатынастардың әр түрлі-субъектілерінен құралады. Бағалы қағаздар нарығы өзімен екі жақты да қанағаттандыра алатын бағаны иивестициялауда неғұрлым толық, әрі тез жинақтарды толтыра алатын механизм болып табылады.

Зерттеу жұмысының өзектілігі -біздің еліміздегі қор нарығы нарықтық жағдайдағы әлеуметтік-экономикалық басымдылығы және олардың дамуы. Қор нарығын талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік жағдайлардың маңыздылығы зор.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты әлеуметтік бағыттағы нарықтық экономика жағдайындағы бағалы қағаздардың мәні және оларды әлеуметтік-экономикалық қатынастарда ерекше тауар ретінде сипаттап, қоғамның әлеуметтік жағдайлары мен экономиканы дамытудағы қызметтері және қор нарығын мемлекеттік реттеу туралы теориялық және практикалық мәселелерді зерттеу қарастырылды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты төмендегідей зерттеу міндеттерін алға тартты.

- Бағалы қағаздардың теориялық даму негіздері мен бағалы қағаздарды өзгеше тауар ретінде көрсету;

- бағалы қағаздардың экномикалық- қатынастарда қалыптасуы мен атқаратын қызметтерін айқындау;

  • қазіргі экономикадағы бағалы қағаздардың жіктеу үлгісін анықтау;

- бағалы қағаздарды дамытудағы маркетингтік зерттеу ерекшелігін
көрсету;

- Қор нарығын мемлекеттік реттеу арқылы әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы тиімділігін қарастыру;

- Нарықтық экономикадағы қор нарығын маңыздылығын айқындау

- ҚР кор нарығының құрылу мен жүзеге асырылу процесін зерттеу.

Дипломдық жұмыстың көлемімен құрылымы. Диплом жұмысы - тақырыптан, кіріспеден, үш тараудан, 3 сурет, 1 кестеден, қорытындыдан, сілтемелерден және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Диплом жұмысы 71 беттен тұрады.

Бірінші тарауда қор нарығын қалыптастырудың теориялық негіздері.

Екінші тарауда Қазақстан Республикасының қор нарығының қазіргі жағдайымен даму үрдісін талдау.

Үшінші тарауда Қазақстан Республикасындағы қор нарығы мен жетілдіру жолдары.

І. Тарау Қор нарығын қалыптастырудың теориялық негіздері.

1. 1. Қор нарығының экономикалық мәні және қызметтері.

Қазақстан Республикасынын қатаң түрде орталықтандырылған -жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы нарығының құрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы нарығы бұрын-соңды болған емес.

Қаржы нарығы - бұл ең алдымен дербес экономикалық категория ретіңде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларынын, сақтандыру институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық валюта және басқа нарықтармен (капитал жұмыс күші, тұрғын үй, жер, алтын және т. б. нарықтармен) етене байланысты. (сурет - 1)

Қаржы нарығының құрамдас бөліктері.

Сурет-1

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында қаржы нарығы қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысын ұтымды ұйымдастырудың айрықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар нарығы, сондай - ақ несие нарығы түрінде де іс - әрекет етеді. Қаржы нарығы экономиканың түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында ақшаны қайта бөлуді барлық әртүрлі нысанда реттейтін нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы (ортақ) ұғым болып табылады.

Экономикалық әдебиеттерде және шаруашылық практикада қаржы нарығы ұғымы ақша, валюта, кредит, капитал нарықтарын қоса отырып кеңінен түсіндіріледі. Бұл қаржыны жалпы ақша мен құн категорияларына барабар категория ретінде қарастыратын практикамен, негізінен дүниежүзілік практикамен байланысты, өйткені экономикалық ресурстардың кез келген түрі меншіктің титулдары болып табылатын ақшамен немесе тиісті бағалы қағаздармен, басқа құжаттармен ортақтастырылуы мүмкін. Қаржы нарығының құрылымын төмендегі схемадан көруге болады (сурет - 2) .

Қаржы нарығының құрылымы

Қаржы нарығы

Сурет-2

Ақша нарығы дегеніміз қолма - қол ақша ғана емес, қолма -қолсыз төлем қаражаттарын да қосатын төлем қаражаттарынын нарығы.

Кредит нарығы несие бойынша банктердің кредит операцияларымен байланысты.

Ақша мен кредит нарықтары, әдеттегідей, айналым активтерінің қозғалысына кызмет етеді.

Капитал нарығында қоғамдық өндіріс қатысушыларының орташа және ұзақ мерзімді қорланымдарының қозғалысы жүзеге асырылады.

Қаржы нарығында сатып алу-сатудың объектілері айрықшалықты тауарлар - ақша және бағалы (ақшалай) қағаздар болып табылады.

Қаржы нарығында бағалы қағаздардың қозғалысымен ортақтастырылатын экономикалық қатынастар болып табылатын бағалы қағаздар нарығы маңызды орын алады. Қор құндылықтарының - бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздардың айналысымен байланысты болғандықтан оны қор нарығы деп те атайды. "Қор нарығы" термині бастапқыда бағалы қағаздармен мәміле жасалынатын және ресімделінетін мекеменін - қор биржасының атымен байланысты.

Нарықтың барлық тұрпаттарының өзара байланысы қаржы нарығының жұмыс істеу шарттарын айшықтайды. Оған мыналар жатады:

1) реттелінген тауар нарығының: болуы, яғни кез келген
түрлердегі және айналымдағы тауарлар мен қызмет көрсетулер бойынша сұраным мен ұсынымның теңгерімділігі;

2) Ұлттық (орталық) банк тарапынан ақша айналысын қалыпты реттеп отыру: бұған қолма - қол және қолма - қолсыз айналым бойынша эмиссияға бақылау жатады;

3) кредит нарығының жандандырылуы, оның толық коммерциялануы, яғни кредит ресурстарын еркін нарыққа орналастыру; кредит ресурстарының козғалысы Орталық банктің пайыздық есептік мөлшерлемесін, коммерциялық банктердің міңдетті резервтерінің нормасын, ашық ақша нарығында операциялар жүргізуді белгілеу арқылы реттелінеді.

Кез келген субъектінің қаржы ресурстарына қажеттілігі және оны қанағаттандырудың нақты кездерімен тура келмеуі қаржы нарығының жұмыс істеуінің объективті алғышарты болып табылады. Қаржы нарығының жұмыс істеуінің негізгі алғышарттарына мыналар жатады:

  1. бәсекені дамыту мен монополизмді шектеу мақсатындағы материалдық өндіріс сферасының бастапқы шаруашылық буындарының - меншіктің барлық - нысандары кәсіпорындарының, соның ішінде мемлекеттік сектордың да кең дербестігі;
  2. қаржы ресурстарын қайта бөлудегі мемлекет рөлінің қысқаруы: өндірістік күрделі жұмсалымдарды орталықтан қаржыландырудың, қаражаттарды кәсіпорындар арасында ішківедомстволық қайта бөлудің азаюы;

3) шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың бағалы қағаздарға және басқа активтерге инвестицияланатын ақшалай табыстарының өсуі;

4) бюджет тапшылықтарын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды тоқтату;

Республикалық, сондай-ақ жергілікті бюджеттердің тапшылықтары мемлекеттік қарыздарды шығару арқылы жабылуы тиіс.

Қаржы нарығының маңызы бос ақша қаражаттарын алу және оларды қайта бөлу есебінен ұдайы өндіріс процесіне ықпал етумен ғана айқындалып қоймайды. Оның жұмыс істеуі әкімшіл - әміршіл экономикағы тән «сатылас » әдістің орнына «деңгейлес» қозғалыс бойынша ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді. Деңгейлес қозғалыс кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында қаржы ресурстарын өтеусіз қайта бөлу түрінде төте байланыстар іс-әрекет етеді. Бұл қаражаттарды маңызды сфералар мен объектілерге жедел аудару есебінен кәсіпорындардың, салалардың және жалпы экономиканың қаржылық жағдайын тұрақтандырады.

Қаржы нарығы бағалы қағаздардың бағасын белгілеу жолымен бизнестің нақтылық құнын бағалауға мүмкіндік береді: тиімді жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілерде олардың неғұрлым жоғары бағасы бегіленеді.

Қаржы нарығының болуы инфляцияны тежейді, өйткені бюджет тапшылығын жабу үшін үкімет ақша эмиссиясын пайдаланбайды, нарықта еркін жүретін, бағасы сұраным мен ұсыным арқылы анықталатын құнды қағаздар шығарады.

Экономикалық реформа процесінде қаржы нарығының қалыптасып, жұмыс істеуі экономиканың дағдарысын тудыратын және оның инфляциясы мен қосарланатын қарама-қайшылықтарға және қиыншылықтарға кезігеді.

Инфляция бағалы қағаздарға айтарлықтай шектеу жасайды.

  • олар қысқа мерзімді немесе құны жоғалмай жеңіл өтетіндей болуы тиіс. Бағаның үнемі өсіп отырған жағдайында инвесторлар қаражаттарды өтімі аз бағалы қағаздарға ұзақ мерзімге сақталуға бармайды. Инфляция кезінде ұзақ мерзімді инвестициялар үшін жылжымайтын дүние-мүлікке, тауарларға, еркін айырбасталымды бағалы қағаздарға жұмсау неғұрлым тартымды болып табылады.
  • Қаржы нарығының дамуы халықтың көпшілік бөлігінің тұрмыс деңгейінің төмендігінің тежеліп отыр, мұның өзі жеке инвесторлардың санын азайтады.

Алғаш рет бағалы қағаздар туралы 1882 жылы профессор Бруннер жазған болатын, ол оны жеке құқық туралы құжат ретінде көрсеткен.

Қазіргі экономика әдебиеттерінің талдауы осы бағыттағы ізбен келе жатқандығын айқындайды.

«Жалпы экономикалық теория (политэкономия) » оқулығында бағалы қағаздар түсінігіне мынадай анықтама береді: «Пайыз немесе дивиденд түріндегі сыйақы үшін қарызға берілген қандай да бір мүлікке немесе капиталға оның иесінің меншіктік құқығын куәландыратын құжат» [1]

В. Д. Мельников, К. К. Ильясовта: «Бағалы қағаздар дегеніміз мүліктік құқықты куәландыратын немесе олардың иелерінің қарызға қатысын және мұндай құжатты шығарған ұйымдардың құқығын куәландыратын ақшалай құжат»-деп есептейді. [2]

Г. Т. Пазылхайырова: «Бағалы қағаздар ерекше категория ретінде, яғни тауар түрінде ішкі мәнімен және сыртқы көрінісі меншік құқын растайтын құжат ретінде анықталады» [3]

Ф. С. Қарағұсов бағалы қағаздарды «мұндағы көрсетілген қандай да бір құқық, бұл құжатсыз еш жүзеге асырылмайтын, ешбір басқа тұлғаға беріле алмайтын құжат» деп анықтама береді. [4]

В. Д. Камаев, А. С. Болатов сынды ғалымдар бағалы қағаздарды

«олардың иелеріне қандай да бір мүлікке немесе ақша алуға мүмкіндік және жеке меншіктік құқық беретін қаржылық құжатпен байланыстырады» [5]

Бағалы қағаздар категория ретінде, яғни тауар түрінде ішкі өз қасиетімен және сыртқы көрінісі меншік құқын анықтайтын жалған өзгеше тауар ретінде көрінеді.

Осыдан, біздің ойымызша, бағалы қағаздар әлеуметтік-экономикалық қатынастар процесінде (өңдіруші мен тұтынушы арасындағы) және қаржы нарығында (эмитенттер мен инвесторлар арасында) айналыста болатын, табыс әкелу қабілеттіліктерімен -көрінетін, сонымен бірге шаруашылықты тиімді жүргізуге қатысатын жалған өзгеше тауар болып табылады.

Бағалы қағаздардың қызметінің негізін жалған капитал қозғалысы құрайды. Жалпы алғанда жалған капитал қоғамдық қатынастарды көрсетеді, оның мәні осы қаржының кейбір бөлігін ұстауда несиелік капиталдың жекеленуінен және несиелік жүйені құрайтын арнайы институттардың құрылуынан пайда болған.

Жалған капиталды нақтыдан бөлу капиталдың несиелік базасында жүзеге асырылады, оның қорытындысында иеленушінің қолында меншік иесінің титулы қалады. Сол себептен, капиталдың заңды және экономикалық түрінің арасындағы үзіліс қалай толтырылса да, жалған капитал меншік түрінде көрінеді және де айналымға түсу қабілетін иеленеді, әрі «шын» капиталдың қозғалысына тәуелсіз айналымға түсе алады.

«Жалған» атауы негізінен шартты атау, ол мүлде жалған, нақты емес дегенді білдірмейді, көрсетілген-капиталдың «жалғандығы» және оның несие капиталынан айырмашылығы, яғни ендігі шын капиталға айналып және өндіріс процесінде жұмыс істеуі, оның өндірістік емес өзгешелігінде және бұл атау тек өндірістік айналымға (өндірістік кадитал) қатынасатын капиталды бөлу үшін ғана қолданылады.

Жалған капитал жинақтау үрдісі мен капиталды орталықтандыру, пайданы бөлу мен қайта бөлу, ұлттық кірісті мемлекеттік қаржы жүйесі арқылы қайта бөлу үрдістерін қамтиды.

Кез-келген басқа нарық тәрізді, бағалы қағаз -нарығы да сұраныстан, ұсыныстан және олардың теңгерілген бағаларынан тұрады. Сұраныс, қаржылық инвестициялар үшін өздерінің жеке қаржылары кетпейтін компаниялар мемлекеттерден тұрады, ал ұсыныс түрлі себептермен кіріс ағымдағы тұтынушығындар сомасынан асып кететін нарықтық қатынастың әр түрлі субъектілерінен құралады, бағалы қағаздар нарығы- өзімен екі жақты да қанағаттандыра алатын бағаны инвестициялауда неғұрлым толық, әрі тез жинақтарды толтыра алатын механизм болып табылады

ҚР-да бағалы қағаздардың рөлі мен мәнін былай анықтауға болады:

  • біріншіден, экономикалық қатынастар құрылымының ажырамас бір бөлігі ретінде;
  • екіншіден, инвестицияларды тартудағы тиімді механизм ретінде, қор активтерінің жоғарғы өтімділігін қамтуда қапиталды экономика салалары мен шаруашылық субъектілерінің арасында тиімді бөлу үшін;

- үшіншіден, нарықтық экономиканың барлық субъектілерінің
жұмыстарын активизациялау негізінде, сонымен бірге бірінші кезекте
тұрғындардың, қаржылық тұрақтылық пен экономикалық өсімді ұлғайтуға
ықпал етуі. [6]

Ақша нарығы - дегеніміз қысқа мерзімді бағалы қағаздарды сату, сатып алуды жүзеге асыратын қаржы нарығын білдіреді. Олардың қызмет ету мерзімі бір күннен бір жылға деиін. Ережеге саи, ақша нарығының аиналымдағы, бағалы қағаздары жоғары рейтингілі төлем қабілеті бар қарыз берушілермен, шығарылатындықтан, төлемеу каупі өте төмен деңгейде кездеседі. Осы нарықтың ең белсенді құралдарының қатарына қазыналық вексельдер жатады.

Одан басқа, эмитенттің бұл түрі екінші бағалы қағаздар шығара алады.
Бұған қолхатқа құқық иелену, опциондар мен варранттар; банктердің бағалы
қағаздары жатады. Олардың ішіне: депозиттік сертификаттар, чектер, заклад
парақтары (закладные листы) және басқа да банктердің жеке қарыздық
міндеттемелері жатады. Бағалы қағаздардың тағы да бір жіктемесінің негізі сол немесе басқа бағалы қағаздардың түрлері қайда сатылады деген сұрақка жауап беру болып табылады. Осыған байланысты, жоғарыдағы кестемізге сәйкес олар ақша нарығының және капитал рептоғының бағалы қағаздары болып бөлінеді. Бағалы қағаздарды топтастырудың (классйфикациялау) бірнеше түрі бар. Олар төмендегіше бөлінеді:

біріншіден, алынатын пайдаға байланысты,

екіншіден, эмитенттің сипатына,

үшіншіден, қолдану мерзімі және қызмет ету орнына байланысты [7] .

Қазіргі заманғы әлеуметтік бағыттағы нарықтық экономикада қаржы нарығы «жүйке орталығы» болып табылады. Бұл дегеніміз - әлеуметтік- экономикалық қатынастардағы күрделі, көптеген қатынасушылары бар құрылым-қаржы делдалдары, ерте құрылған қаржылық құралдарға сүйеніп әрекет етушілер мен қызмет көрсету және экономикалық процестерді басқарушылар қызметтерін орындаушылар.

Экономикалық қатынастар жүйесінде қаржы нарығы мынадай негізде жіктеледі;

- қайтарымдылық принципінде (қарыз міндеттемесі және меншік нарығы) ;

- бағалы қағаздардың-қозғалу сипаттамасына байланысты (алғашқы және екінші) ;

-ұйымдастыру түріне байланысты (ұйымдасқан және ұйымдастырылмаған)

- ақшаны беру мерзіміне қарай (ақша нарығы және капитал нарығы) .

- бағалы қағаздардың нарығын сауданы ұиымдастыруға байланысты жіктеу;

- биржа нарығы;

- биржадан тыс (бөлшек) нарық;
- электронды нарық.

Әлеуметтік-экономикалық қатынастарда бағалы қағаздар нарығын бағалы қағаздар түрлері бойынша топтастыру:

- мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы;

- акциялар нарығы өз кезегінде негізгі үш сегмент бөлінетін (кейде
оларды эшелондар деп атайды) : «көгілдір фишқалар» (ірі компаниялардың ең өтімді акциялары), «екінші эшелон» акциялары, соларға жақындаған бірақ әлі де сай келетін өтімділікке жетпеген, нарықта әлі пайда болмаған кәсіпорын акциялары;

- жергілікті мәндегі бағалы қағаздар нарығы:

- әр түрлі эмитенттер вексельдерінің нарығы:

- туынды бағалы қағаздар нарығы (негізінен фьючерстер) [8] .

Қор нарығы аткаратын кызметтерін шартты түрде екі топқа бөлуге болады: жалпы нарықтық қызмет, әдетте әрбір нарыққа қатысты және арнайы (специфический) қызмет, бұл басқа -нарықтардан ерекшеленіп тұрады.

Қалпы нарықтың қызметтерге жататындар мыналар:

- капиталды жұмылдыру (мобилизациялау) және орталықтандыру,

тұрғындардың ұзақ ақша жыйнақтарын және шағын кәсіпорындардың ақшаларын ірі капиталға айналдыру (яғни жұмылдыру қызметі) ;

-. капиталды. қоғамның әрбір -салаларына қарқынды түрде қүйылуын қамтамасыз ету (яғни, реттеуші қызметі) ;

- нарық бағасын анықтауды қамтамасыз ету, олардың үнемі қозғалысын бақылау (яғни, бағалық қызметі) ;

- өз қатысушыларына сауда нысандары туралы және олардың

қатысушылары туралы нарықтық ақпаратты жеткізу;

- меншік құқығын жасақтау, соңың ішінде капиталға құқық түрінде және басқаруға қатысу құқығы т. б. ;

Әлеуметтік-экономикалық қатынастардағы бағалы қағаздардың өзіне тән қызметтеріне мыналарды жатқызуға болады:

- мемлекет пен тұрғындардың, салалардың арасы мен экономика аясында ұлттық кірісті және ақша капиталын қайта болу (яғни, қайта бөлу қызметі) ;

- бәрінен бұрын тұрғындардың жинақтарын өндірістік емес түрінен

өндірістікке ауыстыру;

- баға және қаржы тәуекелділігінің сақтандыру қызметі;

- айналымға қосымша ақша қорларын- шығармай, инфляциялық емес

негізде мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру;

- бағалы қағаздар нарығына қатысушылар санын көбейту және пайда

алуды қамтамасыз ету, бағалы қағаздарды сату-сатып алу.

Әлеуметтік-экономикалық қатынастардағы бағалы қағаздардың маңызды іс- әрекеттерінің мақсаты бос ақша қаржысын инвестицияға салғысы келетіңдермен және қаржыны қажет ететіндердің арасында қатынас жүргізу жолы арқылы экономиканың әрбір саласына инвестицияны тарту механизмін қамтамасыз етуді жүзеге асыру бодып табылады. Сонымен қатар, бағалы қағаздар нарығы инвестицияны (сол түрде немесе басқа түрде толтырылған бағалы қағаздар) қолдан қолға тиімді жүргізу механизімімен қамтамасыз етуі керек және мұндай. механизмнің заңдық күші болуы тиіс деп ойлаймын.

Бағалы қағаздар алдында тұрған ең басты міндет - егер

инвестицияның еркін қозғалысы бар болатын болса, үнемі экономикалық өсімді демеуі қажет. Мұндай еркіндік өтімділік (ликвидность) деп аталады және де ол тек сатып алушылар мен сатушылардың қажетті саны болған жағдайда ғана, сұраныс пен ұсыныстың, талаптарын қанағаттандыру үшін қызмет етеді [9]

Сонымен бірге, сатушылар мен сатып алушылардың бір-бірін оңай тауып алулары үшін сауда жүйесі керек. Бұның барлығы құптауға тұрарлық сападағы ақпарат тасқынына негізделіп, одан инвестициялық өнімдердің санын және қызығушылық танытқан несие алушылар мен несие берушілер (кредиторлар) туралы білуге болатын мүмкіндіктер болуы шарт. Сол себептен, экономикалық қатынастар жүйесіндегі бағалы қағаздардың әлеуметтік-экоңомиқалық мақсатының мәні - ұсынылған мәліметтердің дәлдігін, дұрыстылығын, мазмұндылығын қамтамасыз ету болып табылады. Қағидаға сәйкес бұның бәрі де сенімділікті және несие алушылар мен несие берушілердің арасындағы өзара сенімділікті қолдауға бағытталған. Соған сәйкес егер:

- эмитенттер барлық қажетті өздері және өздерінің кәсіпорындары
туралы, оның ішіңде қаржылық есебін қоса есептегенде мәліметтерді ашып
көрсетсе;

-инвесторлар өз мәмілері туралы мәліметтерді, бақылау эмитенттері мен өздерінің қаржылық міндеттемелерді орындай алушылық қабілеттері туралы мәліметтерді ұсынса;

- делдалдар өздерінің біліктілігі мен қаржылық міндеттемелері туралы көрсеткіштерді, мүдделерінің мүмкіндіктері мен өздерінің клиенттерінің атынан жасаған келісім-шарттарының көрсеткіштерін ұсынса;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы нарығының экономикағы рөлі және мәні
Қазақстан Республикасының нарықтық экономиканы жетілдіру үрдістері
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарды қалыптастырудың өзiндiк ерекшелiктерi
Қ.Р. қаржы нарығы
Әлеуметтік-экономикалық қатынастардағы бағалы қағаздар нарығы
Корпоративті бағалы қағаздар мен қор нарығы
Қаржы нарығының теориялық негiздерi және оның ұғымы
Әлемдік экономиканың жаһандық мәселелері
Құнды қағаздардың мәні
Қазақстан Республикасындағы қаржы қатынастарына анализ жасау және бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz