Жүрек соғуын тоқтатпасын



1 Жүрек соғуын тоқтатпасын
2 Кардиология
3 Аурудың алдын алу
4 Науқас балалар аналарының пікір
Кеше Алматыда «Almaty Towers» бизнес-кешенінде 6-8 маусым аралығында өткен Қазақстан кардиологтарының ІV конгресі өз жұмысын аяқтады. «Практикалық кардиологияға инновациялық технологиялар» тақырыбында өткен алқалы жиынға еліміздің барлық аймағынан 300-ге тарта денсаулық сақтау саласының жетекшілері, бас мамандар, кардиологтар мен кардиохирургтер, сонымен қатар Бельгия, Португалия, Германия, Израиль, Венгрия, Италия, Испания, Ресей, Беларусь, Украина, Қырғызстан, т.б. елдерден арнайы шақырылған білікті мамандар қатысты.

Төртінші мәрте ұйымдастырылған конгрестің алғашқы күні тек шеберлік-сыныбына арналды. Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, Алматы қалалық кардиология және Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталықтарында өткен шеберлік сыныбында Мәскеудегі РМҒА-ның Бакулев атындағы Жүрек-қан тамырлары хирургия ғылыми орталығының аға ғылыми қызметкерлері Н.Н.Ломидзе, А.­В.Стаферов, Астанадағы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының бөлімше жетекшісі С.А.Әлімбаевтар жүрекке ота жасаудағы үздік жетістіктерімен тәжірибе бөлісті.

Баршаға аян, елімізде жүрек аурулары өлім-жітім бойынша бірінші орында тұр. 2006-2008 жылдары жүрек-қан тамыры ауруынан жылына 80 мың адам қайтыс болса, соңғы екі жылда бұл көрсеткіш 71-72 мыңға төмендеген. Бұл әрине, жаман көрсеткіш емес. Ал ауыратындар саны бүгінде гипертониялық, жүрек-қан тамырлары ауруларын қосқанда 1 миллионнан асып отыр. Десек те, Қазақстанда 2007-2009 жылдарға арналған кардиология және кардиохирургия саласын дамыту мақсатында бағдарламалар қабылданып, онымен қатар Елбасының биылғы Жолдауында адам әлеуетінің деңгейін арттыруда көрсетілген медициналық қызметтердің қол жетімділігі мен сапасы, саламатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау маңызды бағыт болып табылатыны айтылған. Міне, бүгінде сол бағдарламалар мен міндеттерді жүзеге асырудың нәтижесінде жақсы көрсеткіштерге қол жетіп отыр.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жүрек соғуын тоқтатпасын

Кеше Алматыда Almaty Towers бизнес-кешенінде 6-8 маусым аралығында өткен Қазақстан кардиологтарының ІV конгресі өз жұмысын аяқтады. Практикалық кардиологияға инновациялық технологиялар тақырыбында өткен алқалы жиынға еліміздің барлық аймағынан 300-ге тарта денсаулық сақтау саласының жетекшілері, бас мамандар, кардиологтар мен кардиохирургтер, сонымен қатар Бельгия, Португалия, Германия, Израиль, Венгрия, Италия, Испания, Ресей, Беларусь, Украина, Қырғызстан, т.б. елдерден арнайы шақырылған білікті мамандар қатысты.

Төртінші мәрте ұйымдастырылған конгрестің алғашқы күні тек шеберлік-сыныбына арналды. Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, Алматы қалалық кардиология және Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталықтарында өткен шеберлік сыныбында Мәскеудегі РМҒА-ның Бакулев атындағы Жүрек-қан тамырлары хирургия ғылыми орталығының аға ғылыми қызметкерлері Н.Н.Ломидзе, А.­В.Стаферов, Астанадағы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының бөлімше жетекшісі С.А.Әлімбаевтар жүрекке ота жасаудағы үздік жетістіктерімен тәжірибе бөлісті.

Баршаға аян, елімізде жүрек аурулары өлім-жітім бойынша бірінші орында тұр. 2006-2008 жылдары жүрек-қан тамыры ауруынан жылына 80 мың адам қайтыс болса, соңғы екі жылда бұл көрсеткіш 71-72 мыңға төмендеген. Бұл әрине, жаман көрсеткіш емес. Ал ауыратындар саны бүгінде гипертониялық, жүрек-қан тамырлары ауруларын қосқанда 1 миллионнан асып отыр. Десек те, Қазақстанда 2007-2009 жылдарға арналған кардиология және кардиохирургия саласын дамыту мақсатында бағдарламалар қабылданып, онымен қатар Елбасының биылғы Жолдауында адам әлеуетінің деңгейін арттыруда көрсетілген медициналық қызметтердің қол жетімділігі мен сапасы, саламатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау маңызды бағыт болып табылатыны айтылған. Міне, бүгінде сол бағдарламалар мен міндеттерді жүзеге асырудың нәтижесінде жақсы көрсеткіштерге қол жетіп отыр.

- Егер 2006 жылы жүрек-қан тамырлары ауруынан өлім көрсеткіші республика бойынша 100 мың адамға шаққанда 526 адамнан келсе, 2011 жылы 319 адамға кеміген, - деді бізге конгрестің өткізілу мақсатына тоқталған Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ директоры, медицина ғылымдарының докторы профессор Сәлім Беркінбаев. - Оның себебі, біріншіден, 2007 жылы Елбасы тапсырмасымен Үкімет Қазақстанда кардиология мен кардиохирургия салаларын дамыту жөнінде қабылдаған мемлекеттік бағдарлама бойынша елімізде төрт-бес кардиохирургиялық орталық, барлық облыс орталығында кардиохирургиялық және интервенциялық кардиология бөлімшелері ашылды. Бұрындары жүрек-қан тамырлары ауруларына көбінесе консервативтік ем жүргізілсе, қазір әлемдік хирургиялық тәсілдермен емдеуге көштік. Міне, конгресте сол қол жеткізген жетістіктеріміз бен нәтижелерімізді ортаға салдық. Екіншіден, өлім-жітімді одан әрі азайту үшін жүрек-қан тамырлары ауруының алдын алып, оның өзімен емес, себеп-салдарымен күресу қажеттігі сөз болды. Яғни Қазақстанда про­филактикалық медицинаны дамытуды ұйымдастыруды қолға алуымыз керек. Сон­дай-ақ жиында көтерілген басты мәселенің бірі, бұғанға дейін кардиологиялық клиниканың салалары - кардиология, кардиохирургия мен интервенциялық кардиология әрқайсысы бөлек болса, ендігі мақсатымыз барлығымыз бір қауымдастыққа бірігіп, бірге жұмыла жұмыс жасау.

Конгресс жұмысына өздерінің үлкен жетістіктерімен келіп отырғанын жеткізген Алматы облыстық кардиология орталығының бас дәрігері Рахымберді Сұлтанбеков орталықтағы озық технологияларды пайдаланудың нәтижесінде өткен жылы 100 мың адамға шаққанда жүрек ауруларының негізгі түрі бойынша өлім-жітімнің 200-ден 52,2-ге дейін азайғанын тілге тиек етті. Мәселен, Талдықорған қаласына 2008 жылы жаңа құрал-жабдықтар әкелініп, 2009 жылдан бастап облыс халқына жоғары дәрежелі кардиохирургия қызметтері көрсетіле бастаған. Қазір олар бірқатар күрделі операцияларды облыстық орталықта жасауда. Мысалы, бұрын тек ересектердің жүрегіне ғана ота жасалып келсе, ағымдағы жылдан бастап жас балалардың туа біткен жүрек ауруларына да операция жасау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, конгресс аясында Жүректің ишемия ауруымен және созылмалы жүрек кемістігімен ауыратындарды емдеу мен алдын алудың заманауи аспектілері, т.б. Сателлиттік симпозиумдар мен Кардиология және кардиохирур­гиядағы диагностикалау мен емдеудің жаңа технологиялары секциясы бойынша ТМД елдерінен келген мамандар дәріс оқыды. Жиын соңында кардиохирургия саласын жетілдіруге қатысты қарар қабылданды

Кардиология
Уикипедия жобасынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу

Жүрек
Кардиология [1](грекше кардіа - жүрек және логос - ілім) - жүрек пен қан тамырларының құрылысы, қызметі және олардың ауруларының пайда болу себептері мен дамуы, белгілері және оларды анықтау, емдеу әдістері мен олардан алдын ала сақтану жолдары туралы ғылым, медицинаның бір саласы.
[өңдеу]
Зерттеу

Сондай-ақ кардиология жүрегі мен қантамырлары зақымданған адамды аурудан айықтыру әдістерін жетілдірумен де шұғылданады. Республикада кардиология дербес ғылым ретінде Алматы мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) емдеу кафедрасы ашылысымен қалыптаса бастады (1935). Жалпы және жеке органдардағы, әсіресе, жүректегі қан айналысының жүйке, қан арқылы реттелуі жөніндегі мәселелерді зерттеп, интер- және экстроцепторлардың жүрек тамырларына, артериялық және веналық қысым мөлшеріне, лимфа айналысына тигізетін әсері, оның механизмі айқындалды (А.П.Полосухин, Н.О.Базанова, Р.Ә.Сәтбаева, А.М.Бекетаев, І.А.Бірімжанова, А.Е.Бөлекбаева, т.б.). Шокқа (есеңгіреу) қарсы арнайы сұйық дәрі дайындалды (Полосухин, т.б.). Жүрек пен қан тамырлары зақымданған кездегі холестерин алмасуы зерттелді (Т.Я.Полосухина, В.И.Якубовская), жүйке жүйесі қызметінің бұзылуының артериядағы қан қысымының өзгеруіне әсері анықталды (Б.А.Атшабаров). Маймен реакцияға түсетін, жүрек етін сергітетін өсімдік препараттары (Бунге киікотының сұйық сығындысы, хош иісті алабұта, т.б.) дәрігерлік практикаға енгізілді (Ф.Ж.Жұмағалиева, Р.Ә.Сәтбаева, т.б.). Республиканың әр өңірінде жүректің ишемиялық аурулары мен артериялық гипертонияның таралу жиілігі (Сәтбаева, М.Ш.Тастамбекова), жүрек және қантамыр ауруларының эпидемиологиясы мен одан алдын-ала сақтану жолдары анықталды (А.Ж.Рысмендиев), республикада артериялық гипертонияны емдеу мектебінің негізі қаланды (Ә.Жүсіпов). Қазақстанның өнеркәсіп орындарында істейтін жұмысшылар арасында артериялық гипертонияның таралуы (эпидемиологиясы), одан сақтану жолдары зерттелді (Ғ.А.Құлқыбаев, О.А.Әбдібаев, т.б.). Жүректің ишемиялық ауруларына антиоксидант және кальций әсерін бейтараптайтын дәрілермен әсер ете отырып, жүрек етінің зақымдануын тежеуге болатыны дәлелденді (Құлқыбаев, т.б.).
[өңдеу]
Аурудың алдын алу

Жүрегі ауыратын жүкті әйелдерге кардиолология көмек көрсету тәсілдері зерттеліп, жүрек-қантамыр ауруларын анықтау әдістері ұсынылды (М.Төленов, т.б.). Шок (есеңгіреу), улану салдарынан өлім халіне келген адамды артериясына тез қан құю арқылы аман алып қалуға болатыны дәлелденді (Төленов). Туа пайда болатын жүрек ақауларын анықтау, оларды операция жасау арқылы емдеу әдістері, сондай-ақ қан тамыр хирургиясының әдістері табылды (В.С.Сергиевский, А.К.Ізмұқанов,Е.К.Нұғыманов, Ж.Х.Хамзабаев, т.б.). Жүрек ауруымен ауыратын адамдарды емдеуде тиімді табиғи факторларды (минералды сулар, шипалы балшықтар, қымыз және шұбат) ұтымды пайдалану, жаңа дәрілік препараттарды клиник. тәжірибеден өткізу және диагноз қоюда осы заманғы компьютерлік томографияны пайдалану іске асырылуда. Қазақстанда К. саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты, Хирургия ғылым орталығы, Педиатрия және бала хирургиясы ғылым орталығы, медициналық университтер, Алматыдағы Дәрігерлер білімін жетілдіру институты, Адам және жануарлар физиологиясы институты шұғылданады.

8 мыңнан аса ота жасалды

Кейінгі жылдары елімізде халық денсаулығын көтеруге бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы нәтижесінде жүрек қантамыр ауруларын емдеу саласы да біршама қарқынды дами бастады. Бұл жерде айта кетер мәселе, әрине, бұған дейін еліміздің медицинасында, соның ішінде кардиохирургияда жетістіктер, жаңалықтар болмаған деп жаңсақ түсінбеген дұрыс.

Мәселен, 1958 жылы 50 жылдан астам тарихы бар Сызғанов атындағы клиникалық және экспериментальды хирургия ғылыми орталығында академик А.Н.Сызғанов Қазақстанда ең бірінші рет жабық жүректің қақпақшалы тесіктерін тарылтып тұрған жабыспаларды кесу (комиссуротомия) тәрізді күрделі отаны жасады. 1965 жылы академик В.И. Бураковскийдің жасанды қанайналым жағдайында алғаш рет жүрекшеаралық далда (қалқа) ақауын бүріп тігу операциясы сәтті шықты. Міне, көріп отырғанымыздай, елімізде кардиохирургия саласы ежелден-ақ дами бастаған.

Миокардты (жүректің бұлшықеті) реваскуляризациялайтын (тамырмен қан жүруін қалпына келтіру) отасын алғаш рет тәжірибе жүзінде іске асырып, отандық медицинаға ендірудің неігізін қалаушы -- А.Н.Сызғанов атындағы хирургия ғылыми орталығының бұрынғы директоры, ҰҒА академигі М.А.Алиев еді. Ол Қазақстанда алғаш рет 1996 жылдың сәуір айының 6-да аортокоронарлық тамырластыру, шунттау отасын жүзеге асырды.

1993 жылдан бастап дамыған елдердің ең мықты клиникаларында тәжірибеден өткен жергілікті мамандар түрлі туа біткен жүрек ақауына 8 келі салмаққа дейін күрделі ота жасайтын болды. Сонымен қатар орталық басшыларының арнайы шақыруымен АҚШ, Ресей, Франция елдерінен келген мықты кардиохирургтер туа біткен жүрек ақауы, жүре пайда болған жүрек ақауы, митральды қақпақшаға пластикалық ота т.б. кардиохирургия бойынша операциялар жасап, жергілікті мамандарды осындай күрделі оталарды өз бетімен жасауға дайындады.

Адам денсаулығын сақтау саласындағы өткен жылдың басты жаңалығы -- жоғарыда атап өткен орталықта Қазақстанда алғаш рет бауыр трансплатациясы және жүректің сол жақ қарыншасының көмекші (вспомогательного) құрылғысын имплантациялау оталары жасалды. Егерде бұрын науқас адамдар жүрекке күрделі отаны шетелге барып жасатса, осы күні еліміздегі кардиологиялық орталықтарда түрлі оталар күнделікті жасалуда.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сүйенсек, 2011 жылы республика бойынша жүрекке 8 мыңнан аса ота жасалған.

Ишемиялық жүрек

ауруына көбіне

ер адамдар ұшырайды

Мен жүрек қантамыр аурулары жөнінде Алматы қалалық кардиологиялық орталығы, кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі Әділ Айтжанұлымен пікірлестім.

-- Қазіргі таңда біздің елде қарапайым халыққа аса қымбат отаны тегін жасауға мүмкіндік зор. Кардиологияға қатысты айтсам, Қазақстанда жүректің жасанды қарыншасын имплантациялау бойынша тәжірибе бар. Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми кардиологиялық орталықта ғылым докторы Пя Юрий Владимирұлының жетекшілігімен осындай ота жасалуда. Биылғы жылы олар көп мөлшерде сол жақ жасанды қарыншасына тапсырыс берді. Жасанды қарынша -- бұл аты айтып тұрғандай насостық функциясы бар жасанды аппарат, былайша айтқанда, трансплатацияның басы. Олар 2011 жылдан бастап жасанды сол жақ қарыншасына имплантацияны сәтті жасай бастады. Яғни, өткен жылы осындай 8 қондырғыны квотамен тегін орнатса, биыл 40-қа жуық адамға осындай қондырғыны орнатуды жоспарлап отыр. Ол батареямен жұмыс істей отырып, жүрек жұмысына жәрдем береді. Кейбір аурулардың жүрек жұмысы қалпына келуі мүмкін, онда бұл қондырғыны алып тастайды. Мұндай ота-ны ақылы жасаса, 100 мың евро тұрады. Сондықтан да бұл тек квота арқылы тегін жүзеге асырылуда. Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми медициналық орталығы да осындай ота жасайды.

Біздің орталықта стенд салу, шунттау (тамырластыру) т.б. оталарды жасай береді. Бізге күнделікті 40-қа жуық ауру түссе, оның ішінде 10-15-і миокардтың (жүректің) жіті инфаркті және жіті коронарлық синдроммен болады. Бұл -- аса ауыр патология. Біздегі интенсивті терапия, яғни жан сақтау бөлімінде 18 төсек болса, оның бос жатуы өте сирек. Күніне 1-2 ота жасаймыз.

Мәселен, коронарлық ишемиялық жүрек ауруына көбіне ер адамдар ұшырайды. Оған көптеген фактор әсер етеді. Адам-ның өмір сүру салты, гормональдық фоны т.б. Климактериялық (климакстық) кезеңге дейін әйел адамның тамыр жүйесін гормондар қорғайды. Яғни әйел гормоны -- эстрогендердің сондай қасиеті бар. Ал климакстық кезеңде ер адам гормоны (тес-тостерон) көбейе бастағанда әйелге де қауіп төнеді. Себебі ер адам гормонының тамыр жүйесіне кері әсері бар. Алайда бұл әрбір адам ағзасына, өмір сүру салты, тамақтануы, генетикасы, аз қимылдауына да байланысты. Мәселен, біз 85 жастағы ақсақалды толық тексеруден өткізіп едік, оның тамыр жүйесі ешқандай зақымданусыз, сау болып шықты. Атеросклерозда басты себеп емес. Менің тәжірибемде салмағы ауыр адамдар болды. Оларда тамыр зақымы бар деп ойлап, тексерістен өткізіп едік, алайда тамырлары таза екеніне көз жеткіздік. Сондықтан бұл көп компонентті нәрсе. Атеросклероз -- артериялардың ішкі қабығында май жиналып, кейін дәнекер тінге айналып қатаюы. Ол ақырында тамырды бітеп тастайды. Бізде 2011 жылы 300 ота жасалса, операцияның өлім-жітімі 5 пайыз. Дүниежүзі бойынша статистикаға сүйенсек, жіті инфарктта, жіті коронарлық синдромда операциядан өлім 5-15 пайызға дейін. Негізінде, бұл операциядан кейінгі бірінші не екінші күнде болады. Осы күні жүректің ишемиялық ауруы мен миокард инфаркті жасарып барады. Жас адамдар көп түсе бастады, -- дейді ол.

Алматы қалалық кардиологиялық орта-лықтың бас дәрігерінің орынбасары Тоқтаров Бейбіт Советбекұлы:

-- Инфарктің бір себебі -- атеросклероз. Мұнымен қоса, экологиялық фак-тор, стресс, шылым шегу, тамақтану -- бәрі әсер етеді. Қазіргі күні бәрі машинаға мініп алып жүреді, денешынықтырумен айналыспайды. Мәселен, жедел коронарлық синдроммен адам бізге түсті дейік. Бұл әлі инфаркт болмағанмен, қантамыр жабылайын деп тұрған кез. Сол кезде біздің кардиохирургтер рентген арқылы тамырдың жағдайын көріп, жабылайын деп тұрса не жаңа жабылса ашып, стенд салады. Сонда миокард инфаркті болса да жеңіл өтеді. Ал егер тамыры тіпті жаман, стенд салуға келмейтін жағдайда болса, оған коронарлық шунттау отасы жасалады. Әрбір аурудың отасы әрқилы, емі де әртүрлі. Гипертониялық кризбен көп инсульт, инфаркт болып жатыр. Мұнда айта кетер мәселе, біз артериялық қан қысымымен түскен адамды емдеп шығарамыз. Науқас одан кейін үнемі кардиологқа барып, емделуі тиіс. Өкінішке орай, инфаркт болған адамның көбі ауруханаға барып, есепке тұрып, емделмейді.

Кейде жүрек имплантациясы (алмастыру) қажет болатын жағдайға да кездесеміз. Ал донорды қайдан табамыз? Біздің менталитет қайтыс болған адамның денесін жаруға мүмкіндік бермей жатқанда, жүрегі соғып жатқан адамның жүрегін суырып алып, басқаның жанын алып қалу үшін саламын дегенге қай туысқан келіседі? Бүйрек, бауырды адам өлген соң алуға болса, жүректі тек соғып жатқанда ғана алмастырады. Еуропада бұл мәселе заң бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүрек қантамыр жүйесін тексеру әдістері жайлы
Жүрек-қан тамыры жүйесінің қызметі
Қанның салыстырмалы тығыздығын анықтау
Жүрек қантамыр жүйесін тексеру әдістері жайлы мәлімет
Босану кезеңдері
Әркім өз бақытының ұстасы немесе өмір заңдары
Жүрек, оның құрылысы мен қасиеттері, дамуы
Зертханалық жұмыстар [ медицина ]
Жүрек қан тамырлар жүйесінің қызметінің реттелуі
Ұлы Отан Соғыс жылдарындағы Қазақстан астрономиясы
Пәндер