Сыпатай батыр Әлібекұлы



1 Сыпатай батыр Әлібекұлы
2 Садық Смағұлов. Сыпатайда не құн бар?!
Сыпатай батыр Әлібекұлы (1781/82 – 1867/68) – батыр. Ұлы жүздің Дулат тайпасының Ботбай руынан. Әкесі Әлібек момын, етік тігіп, өрім өрумен аймағына аты танылған адам болған. Бірақ балалары – Андас та, Сыпатай да намысқой, өр кеуделі жігіт болып өседі. Көз көрген кескінін К.Әзірбаев: «зор денелі, құлағы сүйемдей, омырау жүні бір түп қамыстай, құлағына тұрған қырауды қамшысымен қағып түсіреді екен. Сөзге де шешен, тапқыр болыпты», – деп суреттейді. XIX ғасырдың 1-жартысында қоқандықтардың елге көрсеткен зорлық-зомбылығын көріп өскен Сыпатай батыр Қоқан хандығынан елін азат етуді өз өмірінің басты мұраты етеді. Атқа мініп, қол жинап, салық жинап жүрген Қоқан ханының жасауылдарын айдап шығады. Міне, осы кезде оның ұйымдастырушылық қабілеті жарқырай көрініп, ерлік істерімен ел құрметіне бөленеді. Арқадан ығысқан Кенесары хан оңтүстікке келіп, Қоқан бекіністеріне шабуыл жасаған соң ел азаматтарын бастап, Сыпатай батыр Кенесары ханға қосылып, оның сенімді батырларының біріне айналады. Бірақ Кенесары хан қырғыздарға соғыс жасағанда, Сыпатай батыр одан бөлініп, өз әскерін бастап кетіп қалады. Оның өзіндік себебі де бар еді.
Жиырмадан жаңа аса берген албырт кездерінде өз елінің жуандары ағайынды екі батырды – Андас пен Сыпатайды сыйғызбай қуып жібергенде, олар көрші қырғыздарға барып паналаған болатын. Қырғыз ағайындар елін Қоқан басқыншыларынан қорғасқан екі батырға риза болып, өз ұлдарындай көріп, алдарына мал салып, үстеріне үй тігіп, қоныстығына жер береді. Қырғыздардың солто тайпасының манабы Қанай Сыпатайдың екінші әкесіндей болып, үлкен қамқорлық көрсетеді. Өзін баласындай етіп өсірген елге Кенесары шабуыл жасамақ болғанда, не істерін білмеген ол қатты қиналады. Ақыры өздеріне адамгершілікпен соншалық жақсылық жасаған елге шабуыл жасауға ұжданы жібермейді, әрі ата жұртының ежелгі көршісі бауырлас елмен қарым-қатынасты бұзғысы келмейді. Сөйтіп екі жақтың арасындағы қантөгіске қатысудан бас тартады.
1. Даланың дара ділмарлары. -Алматы, 2001
2. https://www.google.kz
3. http://old.abai.kz/

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Сыпатай батыр Әлібекұлы
(178182 - 186768)

Сыпатай батыр Әлібекұлы
Сыпатай батыр Әлібекұлы (178182 - 186768) - батыр. Ұлы жүздің Дулат тайпасының Ботбай руынан. Әкесі Әлібек момын, етік тігіп, өрім өрумен аймағына аты танылған адам болған. Бірақ балалары - Андас та, Сыпатай да намысқой, өр кеуделі жігіт болып өседі. Көз көрген кескінін К.Әзірбаев: зор денелі, құлағы сүйемдей, омырау жүні бір түп қамыстай, құлағына тұрған қырауды қамшысымен қағып түсіреді екен. Сөзге де шешен, тапқыр болыпты, - деп суреттейді. XIX ғасырдың 1-жартысында қоқандықтардың елге көрсеткен зорлық-зомбылығын көріп өскен Сыпатай батыр Қоқан хандығынан елін азат етуді өз өмірінің басты мұраты етеді. Атқа мініп, қол жинап, салық жинап жүрген Қоқан ханының жасауылдарын айдап шығады. Міне, осы кезде оның ұйымдастырушылық қабілеті жарқырай көрініп, ерлік істерімен ел құрметіне бөленеді. Арқадан ығысқан Кенесары хан оңтүстікке келіп, Қоқан бекіністеріне шабуыл жасаған соң ел азаматтарын бастап, Сыпатай батыр Кенесары ханға қосылып, оның сенімді батырларының біріне айналады. Бірақ Кенесары хан қырғыздарға соғыс жасағанда, Сыпатай батыр одан бөлініп, өз әскерін бастап кетіп қалады. Оның өзіндік себебі де бар еді.
Жиырмадан жаңа аса берген албырт кездерінде өз елінің жуандары ағайынды екі батырды - Андас пен Сыпатайды сыйғызбай қуып жібергенде, олар көрші қырғыздарға барып паналаған болатын. Қырғыз ағайындар елін Қоқан басқыншыларынан қорғасқан екі батырға риза болып, өз ұлдарындай көріп, алдарына мал салып, үстеріне үй тігіп, қоныстығына жер береді. Қырғыздардың солто тайпасының манабы Қанай Сыпатайдың екінші әкесіндей болып, үлкен қамқорлық көрсетеді. Өзін баласындай етіп өсірген елге Кенесары шабуыл жасамақ болғанда, не істерін білмеген ол қатты қиналады. Ақыры өздеріне адамгершілікпен соншалық жақсылық жасаған елге шабуыл жасауға ұжданы жібермейді, әрі ата жұртының ежелгі көршісі бауырлас елмен қарым-қатынасты бұзғысы келмейді. Сөйтіп екі жақтың арасындағы қантөгіске қатысудан бас тартады.
Кейіннен 1960-жылдары Черняев бастаған орыс әскерінің Қоқан хандығына қарсы жорығына Сыпатайдың балалары қатысады. Сыпатай батыр қайтыс болған соң оның асы 1870 жылы Меркіге таяу жерде Сарыкемерде берілді. 1992 жылы С. б-дың 210 жылдығы аталып өтілді. Мазары жаңғыртылып, қайта салынды. 2002 жылы Сыпатай батырға Меркі ауданының іргесінен үлкен ескерткіш тұрғызылды.

Садық Смағұлов. Сыпатайда не құн бар?!
18 қаңтар күні Сыпатай XIX - шы ғасырдағы көрнекті тұлға: әрі батыр, әрі би деген тақырыпта мақала жариялаған еді. Енді міне, екі жаққа да сөз беру - порталдың ұстанымына сәйкес, сол материалға қарсы Садық Смағұловтың Сыпатайда не құн бар?! мақаласы жарық көріп отыр.
Бұған дейінде Сыпатай Әлібекұлы төңірегіндегі екі тараптың мақаласы жарияланған. Алайда, әр нәрсенің өлшемі бар. Сыпатайға байланысты мақалалар легінің соңы руаралық дауға ұласып бара жатқанын көзіқарақты оқырман көрді. Сондықтанда бұдан кейін Сыпатай Әлібекұлы жөніндегі айтыс-тартысқа толы даулы мақалаларды жариялауды тоқтататынымызды материал жіберуші қос тарапқа ескертеміз!
Батырда да батыр бар,
Қылышын қанға суарған.
Сыпатайда не құн бар,
Көз ашпаған ұрлықтан?
Тірісінде Ботпайға,
Адам болып симаған.
Сатқындықтан арылып,
Дәрет суын алмған.
Жаназасы бұйырып,
Алладан рақым болмаған.
(белгісіз ақынның жырынан)

Ей, Әпендім! Ассалаумағалекүм! Ояндың ба, ұйқыңнан? Жеті-сегіз айдан бері ойланып толғанғанда атаң Сыпатай түсіңе кіріп аян бермеді ме, батырлығын баяндай алмадың. Шешендігін шешіліп айтып, көсемдігін көрсете алмадың. Тым болмаса битіңді сығып билігін айтпадың. Малтаңды езіп ұлы тарихшы Е. Бекмахановты күстәнәлай бересің ол ҰЛЫЛЫҒЫН көзінің тірісінде көрсетіп докторлықты екі рет қорғап қазақ тарихының көкжиегін кеңейтіп кеткен. Ал сен темір терсектің кандидаттығын орыстардан сатып алып, қисық болт ойлап таба алмай сарыкемік болып әлі жүрсің. Енді тарихшы болып әр шөптің басын бір шалып, сатқыннан батыр жасап докторлық қорғамақсың ба, Әпендім! Шұңқырдағы тұнық суды қайта-қайта сапырып, лайлап, жарапазаныңды қанша көшіріп бастыртсаңда атаңның сатқындық атағы жуылып шайылмайды. Жарым ес адамнан, жартыкеш ой шығады. Бұрынғы жартас сол жартас, қосқан жаңалығың Мұхтар Қазбеков, жүйелік әдіспен көшпенділер тарихын зерттеуші сенің мақалаңды жүйелей алмаған зерттеуші нені зерделей алады?
Мен Сыпатай туралы Қазақ әдебиеті газетінен Үміткен Сүйінішқызының ғалымдар мен мамандарға қара қазандай өкпесін айтып, Сыпатайдың саяси келбетін ашып, бағасын бермеді дегеніне жауап бергенмін. Ғалымдардың, мамандардың, тарихшылардың Сыпатайдың бағасын әлдеқашан беріп қойғанын ескеріп, екі авторға арнап Түрік әлемі газетінде Сыпатайдың саяси келбеті - сатқындық деген мақала жарияладым. Ол мақалама әсіре сыпатайшыл темір-терсек ғылымдарының кандидаты Әпенді Әлібек Бүрлібав Сыпатай сатқын емес, Әруақпен арпалысу деген интернетте екі мақала жариялады. Ол мақаланы сыпайылап өңдеп мені қорқытып үркіткенін алып тастап, есесіне Кенесары ханды, тарихшы Бекмахановты жерден алып, жерге соғып тілі жеткен жерге дейін тырнағымен бауыздап сойыпты. Әсіре сыпатайшыларды (Орманжан, Ауысқан) ертіп барып, Сыпатайдың батырлығын көрсете алмаған, өңдесе де өң бере алмаған мақаласын Түркі әлемі газетіне (№ 5 (121) 2012 жыл) күштеп жариялатты.
Мен мақаламда Сыпатайдың сатқындығын мұрағат материалдарымен, тарихи құжаттармен дәлелдеп жазған болдым. Олар өтірігімді шығарып батырлығын дәріптеп, көсемдігін көзге шұқып көрсете алмады. Тым болмаса Сейсен Қожекеқұсап Абылай ханның ардақты батырларының бірі Шағатай-Сәмен батырдың баласы ҚАПСАЛАННЫҢ жылқысын ұрлап, өзін қылышпен шауып тастады немесе Аян Нысаналин құсап тірі жолбарыстың бүйрегін суырып алды деп те жазбадыңдар.
Әсіре сыпатайшылар! Сыпатайдың 1781 жылы туғанын растап тарихшылар жазады. Қапсалан қырғыздардың қолынан 1788 жылы 57 жасында өлгені де Шағатай руының шежіресінде бар. Сонда Қапсалан өлген жылы Сыпатайларың 6 (алты) жаста болып шығады. Бұл Ботпайлардың өтірігі ме, әлде сыпатайшылардың өтірігі ме? Сыпатайға табынып жүрген сыпатайшылардың атасы, төрт дулаттың бірі БОТПАЙ-ды Сайрамда ескерусіз қалдырып, Сыпатайды сатқындардың көсемі деп ескерткіш қойып ұлықтағандарыңды жарықтықтың әруағы кешіре ме?
Сөзді доғарайын дегенде Общественная позиция газетіне (№21 (149) 16.05. 2012 жыл) Сыпатай батыр - это наша гордость деген Қаныш Мұқашов, СССР-дің, ҚазССР журналшысы Қамбарбек Иманәлиев, Меркенің өлкелік-тарих мұрағатының ғылыми қызметкері Л. Барақбаевалар қол қойған көлемді мақала жарық көрді. Менің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыпатай Әлібекұлының өмірбаяны мен күрескерлік қызметі
Тәуелсіздікті жақындатқан тұлғалар
ӘЛЕУМЕТТІК ЖІКТЕЛУ
Оңтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарының әулиелері
Хронологиялық деректер тізбесі
Би-шешендер
Қазақ қоғамындағы батырлар мен билердің рөлі
«Жамбыл облысының мысалында туристік қызметті ұйымдастырудың тиімділігі»
Қазақ - Қырғыз саяси байланыстарының тарихы (ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың бас кезі )
Е.БЕКМАХАНОВ ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ XIX ҒАСЫРДАҒЫ САЯСИ ТАРИХЫ
Пәндер