Visual basic ортасында сызықтық бағдарлама құру»


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТҮРКІСТАН ИНДУСТРИАЛДЫ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Курстық жұмыс
Тақырыбы: «Visual Basic ортасында сызықтық бағдарлама құру»
Мамандығы: 0313002 «Кәсіптік оқыту»
Пәні: Бағдарламалау тілдері
Тобы : ЕТҚ 4 - 62
Орындаған : Хожаметов Ж. М.
Қабылдаған : Айтметов Х. И.
Түркістан 2009ж.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Тарау І. Visual Basic программалау ортасына кіріспе
- Visual Basic -тің интерфейсі . . . 5
- Visual Basic негізгі ұғымдары . . . 10
Тарау ІІ. Visual Basic жүйесінде тригонометриялық өрнектерді программалау
2. 1. Visual Basic жүйесінің элементтер панелі . . . 14
2. 2. Visual Basic жүйесінде математикалық есеп шығару . . . 22
Қорытынды . . . 24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 25
Кіріспе
Ақпараттандыру концепциясының негізгі идеясы қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуына ақпарат пен жаңа ақпараттық технология әсерінің өсе түсуі болып отыр. Осы жерде екі ұғымның түсінігін анықтау проблемасы туады - информациялық ұқыптылық және компьютерлік сауаттылық. Бұл екі ұғымды жиі алмастыру байқалады. Бірақ, алғашқы ұғымның арнасы кеңірек, ол информацияның қай жерде және қандай түрде сақталатынын біле отырып, информацияны табу қабілетін ғана емес, сонымен қатар, ол нақты қандай ақпарат, ол қалай классификациаланып, жөнделген, оны қалай пайдалануға болады және ең бастысы белгілі бір жағдайда ол байлық табу жолында қандай үлес қоса алады деген мәселелер туралы нақты біле алады. Ал мұндай ой еңбегі тек жалпы білімде ғана емес, арнайы дайындықты да қажет етеді. Екінші жағынан, әрбір қоғамның ақпараттандыру деңгейі информация саласында жұмыс істеушілер санымен анықталады. Сондықтан да, жан - жақты білімді және компьютерлік сауатты мамандар дайындау қазіргі заманның үлкен қажеттілігі болып отыр. Информатизация процесінің алдында тұрған тағы бір мәселе - қазіргі заманға сай жаппай компьютер жасап шығару, оларды телекоммуникация жүйелерімен байланыстыру. Мұндай жағдайларда информация жүйелері бизнес жүргізу құралына, кәсіпорынға немесе бөлімге айналады, Қазіргі кезде қолмен пайдаланылатын информациялық жүйе (есептеп шығару техникасының көмегінсіз) және автоматтандырылған информациялық жүйе болып бөлінеді.
Ғылыми техникалық прогресс және нарықтық қатынасқа өту процесі жоғары білімді мамандардың мамандық номенклатурасының кеңеюін талап етіп отыр. Әсіресе информациялық жүйе технологиясында білім алушылар арасында даму динамикасы өте қатты білінеді. Қазіргі кездегі информацияны қағазда емес, ЭЕМ-де сақтау анағұрлым арзан. Компьютер қолдануда мәтіндер ғана емес, чертеждер, қол жазба түріндегі документтер, фото суреттер, дыбыс жазбалары және тағы басқа сақтауға болады, яғни компьютер қандай да болсын ақпаратты жадында сақтай алады.
Бұл курстық жұмыста математикалық есептерді шешуде Visual Basic программалау тілінің ерекшеліктері қарастырылады.
Тарау І. Visual Basic программалау ортасына кіріспе
1. 1. Visual Basic -тің интерфейсі
Visual Basic (VB) программалау жүйесі компьютерге орнатылған соң оны іске қосу Windows терезесі арқылы әдеттегідей жүргізіледі: Іске қосу→Программалар→Microsoft Visual Basic 5. 0. Бұл кезде Project Wizard (Проект шебері) программасы іске қосылады да, экранда Microsoft Visual Basic, оның жоғарғы бетінде белсендірілген New Project (Жаңа проект) сұхбаттық терезесі көрінеді (1-сурет) . Терезеге үш қосымша бет енгізілген: New (Жаңа), Existing (Қолданылған), Resent (Жақында қолданылған файлдар) .
1-сурет. Жаңа проект терезесі.
New бетіне енгізілген проект типтері:
- Standart. EXE (стандартты ехе-файл) ;
- VB Application Wizard (Қолданбалы VB шебері) ;
- Add-In (қосымша қондырма) ;
- Internet’те Web - беттер құруға мүмкіндік туғызатын ActiveX файдары, т. б.
Бұрын не жақында құрылған проектілерді екінші не үшінші қосымша беттерінің бірінен іске қосуға болады, ( проект - дайындалатын программада қандай форма, мобуль, тағы басқа файлдардың пайдаланылатынын көрсететін терезесі бар арнайы файл. Программа проект ішінде орындалады) .
Жаңа проектіні ашу үшін New Project терезесіне орналастырылған Standart EXE белгішесін таңдап, Ашу (Открыть) түймесін шерту жеткілікті. Бірнеше компоненттері (сыңарлары) бар, Дайындаудың (Жетілдірудің) біртұтас ортасы ( IDE, Integrated Development Envivonment) не Visual Basic программалау ортасы деп аталатын терезелер көрінеді. Оларды қысқаша Орта деп атайды (2-сурет) . Егер компоненттердің кейбірі көрінбесе, оларды арнайы командалар арқылы орнату қиын емес.
2-сурет. Жетілдірудің біртұтас ортасы (IDE)
- негізгі мәзір(Menu) ;
- аспаптар панелі(Toolbar) ;
- проект терезесі(Project 1) ;
- форма терезесі (Form 1) ;
- қасиеттер терезесі (Proporties) ;
- элементтер панелі (Toolbox) ;
- форма конструкторы (Project Container) ;
[design] - программаны дайындау режимі (ол Project 1 тақырыбында көрінеді) .
Ортада Immediate ( тез, тікелей орындау ) терезесін шығару да мүмкін, оған қосымша ортада форма макетін ( Form Layout Window ) шығаруға болады. Олар Көрініс мәзіріне енгізілген. Аспаптар панелінде соңғысын қосуға арналған арнайы түйме де бар.
Панельдер мен терезелерді жылжыту не формасын өзгерту (кеңейту, сығу) тәсілі Windows’та пайдаланатын әдістер сияқты. Егер терезенің шекарасы басқа терезенің шекарасымен біріктірілетіндей етіп жылжытылса, ол соңға терезеге қосылып (бекітіліп) қойылады. Мұндай терезелерді кеңейту, олармен жұмыс істеу қиын емес.
Visual Basic - бірнеше файлдар жиынтығы (exe-файл) . Онымен жұмыс істеу IDE ортасында орындалады. Ортада жұмыс істеу командалары мәзірлерге енгізілген. Аспаптар панеліне мәзірлерге енгізілген негізгі командаларды орындайтын түймелер орналастырылған.
Стандартты түймелер:
- Standart. exe типті проектіні іске қосу (Add Standart EXE Project) ;
- Форма қосу (Add Form) ;
- Проектіні ашу (Open Project) ;
- Проектіні сақтау (Save Project) ;
- Көшіру (Copy) ;
- Кірістіру (Paste) ;
- Проект терезесін шығару (Project Explorer) ;
- Қасиеттер терезесін шығару (Proporties Window) ;
- Программаны іске қосу (Start) ;
- Программа жұмысын аяқтау (End) ;
- Мәзір редакторы (Menu Editor) ;
- Элементтер панелі (Toolbox), т. б.
Visual Basic - қосымшалар құруға арналған күрделі программа. Онда жиі қолданылатын компоненттер (сыңарлар) : проект, форма, басқару элементтері, модуль және т. б.
Проект ( Project) - дайындалатын программада қандай формалардың, модульдер мен элементтер панелі пайдаланылатынын көрсететін арнайы файл. Қосымша құрайтын барлық объектілер проект арқылы басқарылады және проектіде сақталады.
VB’те проект үшін Project терезесі қарастырылған. Проект терезесі Windows терезесіне шамалас (3-сурет) . Оған енгізілген проект, форма бумаларын ашуға не жабуға болады. Ол үшін алдарында көрінген ауыстырып қосқыш белгілерін шертсе болғаны.
3-сурет. Проект терезесі
1 - View Code түймесі;
2 - View Object түймесі;
3 - проект терезесіне енгізілген формалар белгішесін ашу жабу / түймесі ( Toggle Forders) .
View Code түймесі шертілген кезде, программа жазылатын (не жазылған) Visual Basic редакторы терезесі көрінеді. Оны программалық код терезесі деп не қысқаша код терезесі деп атайды.
Форманы экранға шығарудың бір әдесі - View Object түймесін шерту.
Проект терезесінде қосылулы тұрған проект пен форма, олардан соң жақшалар ішінде Visual Basic’тің нақты файлдарға меншіктеген атаулары жазылып қойылады. Алғашқы рет меншіктелетін атаулар: Project1, Form1. Форма дайындалып, форма мен проект жаңа атаулар бойынша сақталған кезде, олар осы атауларға өзгертіліп қойылады.
Кейде проект терезесі экранда көрінбеуі де мүмкін. Оны ашу үшін View - Project Explorer командасын беру жеткілікті.
Бір проектімен жұмыс аяқталған соң оны сақтау керек. Жаңа проектіні ашу командасы: File - New Project.
Форма - интерфейс құру үшін күйге келтірілетін терезе ( пайдаланушы интерфейсі терезесі) . Ол форма конструкторы терезесінің ішінде орналастырулы тұрады.
Информатикада интерфейс деп автоматтық жүйе (мәшине, программа) және адам арасындағы информацияны алмастыру құралдары мен оларда орнату, пайдалану тәсілдерін атайды (interface - ілесу, түйістіру) . Visual Basic’ те пайдаланушы интерфейсі - форма және программа құру үшін онда орнатылатын түрлі элементтер. Екінші жағынан, форма не оған орнатылған элементке сәйкес орындалатын программа бөлігі де пайдаланушы интерфейсі делінеді. Пайдаланушы интерфейсін дайындау ең жауапты кезең. Үлкен қосымша үшін оны арнайы ұжымдар дайындайды.
Форма және онда орнатылған элементтер объектілер (нысандар) делінеді. Обьектілер арқылы қосымша жұмысын басқару Visual Basic’тің жоғарғы талап бойынша жұмыс істеуінің негізгі ерекшелігі.
Visual Basic ортасы іске қосылған кезде, ортада форма « Form1» атауы бойынша көрінеді. Оны тандап, оңға не төмен қарай кеңейту қиын емес.
Форма және оған енгізілген объектілердің өз қасиеттері бар. Объект таңдалған кезде, қасиеттері Properties (Қасіеттер) терезесінде көрінеді. (келесі тақырыпты қараңыз) .
Экранда форма көрінбесе, оны экранға шығару үшін
View - Object не Shift + F7
командаларының бірін беру керек ( Project терезесінің сәйкес түймесін не Form1 қатарын екі рет шерту де мүмкін) .
Кейде ортада Form1 терезесіне қосымша Form2 терезесін шығару қажет болады. Ол үшін Project - Add Form командасын беру керек. « Add Form» терезесі көрінеді. Терезенің Ашу түймесі шертілген кезде, жаңа форма көрініп, атауы Project1 терезесінің Forms бумасына кірістіріліп қойылады. Form1 терезесін қайта белсендіру үшін тақырыбын бір шертсе болғаны.
1. 2. Visual Basic негізгі ұғымдары
Программа - алгоритмнің арнайы машиналық тілде жазылуы. Программаның негізгі сипаттамасы: алынған нәтиженің дұрыстығы, орындалу уақыты, жадыда алатын орны немесе көлемі. Кез-келген программаның басты қызметі - берілгендерді өңдеу. Программаның басында өңделуге берілетін мәліметтер - алғашқы берілгендер деп аталады. Алғашқы берілгендерді пернетақтаның көмегімен енгізуге болады. Программаның орындалу барысында алғашқы берілгендер өңделіп, нәтижеге айналады.
Берілгендер типтері . Тұрақты - программаның басында мәні анықталған және программаның орындалу барысында мәні өзгермейтін шама. Турбо-Паскальда тұрақтылардың сандық, логикалық, символдық және жолдық түрлері қолданылады. Айнымалы - программаның орындалуы барысында мәні өзгеріп тұратын шама. Берілгендер - сақтау, өңдеу және тасымалдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін, формальды түрде берілетін ақпарат.
Стандартты функциялар. Стандартты функциялар дегеніміз негізгі элементар функциялар. Стандартты функциялар математикада қалай аталса, Визуал Бейсик тілінде де солай аталады. Визуал Бейсик тілінде стандартты функциялардың мәні автоматты түрде есептеледі. Оларды есептеу үшін функцияны дұрыс жазса болды.
Стандартты функциялардың жазылу ережелері:
- Функция аты латын әрпімен жазылады;
- Функция аты 6 әріптен аспауы қажет;
- Функция аргументі функция атынан соң дөңгелек жақша ішіне алынып жазылады.
- Функция аргументі тұрақты, айнымалы немесе арифметикалық өрнек болуы мүмкін;
- Функция аргументі бірнеше болса, олардың арасына үтір белгісі қойылады;
Тригонометриялық функцияларда аргумент мәні радиан өлшемімен берілуі керек
.
Әрбір айнымалының аты болады (идентификаторы) . Айнымалы идентификаторы 255 -ке дейінгі әріп және цифрлардан құралған болуы мүмкін. Бірінші символом әріп болуы тиіс.
Процедура немесе функцияда айнымалы Dim операторының көмегімен сипатталады, например, былай:
Dim X as Single, Y as Long, Z as Single
Егер программада айнымалы сипатталмаса, онда үнсіз келісім бойынша оның типі Variant деп есептелінеді.
Айнымалылардың типтері мыналар болуы мүмкін:
Single - бұл нақты сан. Жадыда 4 байт орын алады. Дәлдігі үтірден кейінгі 7 ондық сандар. Мысалы, 4/3 саны былай болады 0, 1х10
1
. Single типінің шегі:
1. 4х10
-45
ден
3. 4х10
38
дейін.
Double - нақты сан. Жадыда 8 байт орын алады. Дәлдігі үтірден кейінгі 14 ондық сандар. Double типінің шегі- ±4. 9х10 -324 ден ±1. 79х10 308 дейін.
Integer - бүтін сан. Жадыда 2 байт орын алады. Шегі -32768 ден 32767 дейін.
Long - таңбалы бүтін сан. Жадыда 4 байт орын алады. Шегі : ~±2 млрд.
Byte -0 ден 255 дейінгі бүтін сан.
Variant - жоғарыдағы типтердің біреуін меншіктелінетін айнымалыға байланысты алуы мүмкін. Жадыда 16 байт алады. Объекттермен жұмыс істегенде пайдаланылады. Қажет болмаса бұл типтен пайдаланудың қажеті жоқ.
String - символдар жолы. 0 ден 2 млрд. дейінгі символдарды сақтау мүмкін.
Сандарды бейнелеу түрлері
Бүтін сандар - +5, -10, 5.
Нақты сандар - +8. 1 бұл 8, 1 дегені
Меншіктеу операторы
Y =5 -Y айнымалысына 5 мәні меншітелінеді,
Y=A+B - Y айнымалысына А+В өрнегінің нәтижесі меншіктелінеді.
Өрнекте мына операциялар қолданылуы мүмкін:
+ - қосу, - алу, * - көбейту, / - бөлу, \ - бүтінсанды бөлу, ^ - дәрежеге көтеру, mod - бөлу қалдығы.
Арифметикалық операциялардың приоритеттері - жалпы қабылданған, яғни ^ (дәрежеге көтеру) - ең жоғары приоритет, + немесе - ең төменгі приоритет. Жақшаларды қолдануға болады.
Өрнектерде функцияларға функция (аргумент ) түрінде жолығуға болады. Функцияларға жолығудың дәрежеге көтеруге қарағанда приоритеті жоғары. Мысалы, мына стандартты функцияларға жолығуға болады:
Sin (аргумент) -синус,
Cos (аргумент) - косинус,
Sqr (аргумент) - түбір,
Tan (аргумент) - тангенс,
Atn (аргумент) - арктангенс,
Abs (аргумент) - абсолютты мән,
Log (аргумент) - натуральды логарифм,
Exp (аргумент) -«аргумент» дәрежесіндегі е,
Int (аргумент) - санның дөңгелектеусіз бүтін бөлігі,
Str (сан) - санды символдар жолына түрлендіру,
Val (жол) - символдар жолын сандық түрге түрлендіру. Егер жол сан болмаса, онда нәтиже нөл болады.
PI - тұрақты π. Функцияның аргументі жоқ.
Тізімде жоқ функцияларды табу үшін әртүрлі түрлендіру формулаларын қолданады:
Арифметикалық өрнек. Программадағы барлық есептеулер арифметикалық өрнектің көмегімен ұйымдастырылады. Арифметикалық өрнек - тұрақтылардан, айнымалылардан, функциялардан, амалдар белгісынан және өрнектің орындалу ретін өзгертуге арналған жақшадан тұрады. Өрнектің нәтижесі бүтін немесе нақты сан болады. Қарапайым жағдайда өрнек тек бір ғана айнымалыдан немесе тұрақтыдан тұрады. Визуал Бейсик ортасында арифметикалық өрнек сызықты түрде жазылады, яғни бөлшектің бөлімі мен алымы, дәреже көрсеткіштер мен индекстер бір қатарда жазылады.
Тарау ІІ. Visual Basic жүйесінде тригонометриялық өрнектерді программалау
2. 1. Visual Basic жүйесінің элементтер панелі
VB қосымшалары көбінесе формада орнатылған басқару элементтері деп аталатын объектілер негізінде дайындалады. Басқару элементтерін орнататын түймелер элементтер панеліне орналастырып қойылған (4-сурет) . Түймені таңдап, көрсеткіш арқылы формада сәйкес объектіні қалаған форматта орнату қиын емес (элементтер панелі Access’тегіге шамалас) . Түймені екі рет шерту де мүмкін. Бұл кезде объект автоматты түрде формаға орналастырылады. Оны таңдау, әдеттегідей масштабтау, жылжыту не өшіруге болады.
Элементтер панеліне стандартты емес басқа түймелерді де орналастыру мүмкін.
Панель түймелерінің қасиеттері жеткілікті:
Name, Caption, Cancel, Default, Enabled, Visible, т. б. Әр түйменің қасиеттері объект формаға орнатылып, таңдалған кезде қасиеттер терезесінде көрінеді. Name-ге енгізілген атау бойынша VB бір объектіні екіншісінен ажырата алады. Caption қасиеті формада орнатылған объектінің ішіне жазылатын мәтінді анықтайды. Enabled, Visible қасиеттері объектіге қол жеткізуді шектеу үшін пайдаланылады. Егер Enabled мәні False’ке тең болса, объект қойылмаған күйде қалады, Visible мәні False болса, объект экранда көрінбейді, т. с. с. ( Enabled -қосылу, Visible -көріну) .
4-сурет. Элементтер панелі
1-көрсеткіш ( Pointer )
2-графикалық өріс ( Picture Box -сурет қорабы)
3-үстіне жазу өрісі ( Label )
4-мәтіндік өріс ( TextBox )
5-рамка ( Frame )
6-командалық түйме ( CommandButton )
7-жалауша ( CheckBox )
8-ауыстырып қосқыш ( OptionButton )
9-құрастырылған өріс ( ComboBox )
10-тізім ( ListBox )
11-жатық айналдыру белдеушесі ( HScrollBox )
12-тік айналдыру белдеушесі ( VScrollBox )
13-таймер ( Timer )
14-дискжетектер тізімі ( DriveListBox )
15-каталогтар тізімі ( DirListBox )
16-файлдар тізімі ( FileListBox )
17-фигура ( Shape )
18-сызық ( Line )
19-сурет ( Image )
20-берілгендер элементі ( Data )
21-OLE элементі ( OLE )
Visual Basic - те программа дайындалатын арнайы терезе бар. Оны код терезесі деп атайды. Терезені төмендегі командалардың бірі арқылы ашу мүмкін:
- View - Codeкомандасын беру;
- Проект терезесініңView Codeтүймесін шерту;
- F7 клавишін басу;
- Форма терезесінен басқаруобъектісін екі рет шерту. Форманы екі рет шерткен кезде, код терезесі көрінеді де (5-сурет), оған сәйкес процедура моделі енгізіліп қойылады.
5-сурет. Код терезесі
Терезеде:
- Project- Form1 (Code) -терезе тақырыбы.
- Form(Форма) жазылған өріске формаға енгізілгенобъект атаулары тізіміжазылып қойылады. Тізімді ашып көру үшінтілсызық түймесіншертсе болғаны.
- Load(Жүктеу) жазылған оң жақтағы өріске таңдалған объектіге сәйкесоқиғалар тізіміенгізіледі (мысалы, формаға қатысты 30-дан аса оқиғалар бар) .
Терезенің ішіне формаға байланысты End Sub ( процедураны аяқтау ) операторымен аяқталатын процедура моделі (үлгісі) жазылып қойылған. Оның тақырыбы:
- Private:процедураны тек бір форма ішінде пайдаланатын етіп жариялау (Private- өзіндік, жабық) .
Процедураны бірнеше формаларда пайдаланатындай етіп жариялау да мүмкін. Ол үшін Private орнына Public кілттік сөзін жазып қою жеткілікті (P ublic - көпшілік) .
- программаны процедура түрінде жариялау(Subroutine- қосалқы, процедура) ;
- объект аты (Form) ;
- өңделетін оқиға аты (Load) ;
- ішіне айнымалылар (параметрлер) сипаттамалары жазылатын жақшалар (параметрлерді сипаттау қажет болмаса, олар жоғарыдағыдай бос күйінде енгізіледі) .
Астын сызу белгісі ( _ ) арқылы бөлініп жазылатын Form_Load - процедура атауы деп аталады. Атау қайсы объект оқиғасы өңделетінін білдіреді. (Жалпы, VB әр типті процедура тақырыбына оқығаны өңдеуді бейнелейтін атауды енгізіп қояды) .
Процедура модулі ішіне оқиғаны өңдеу командалары ( процедура денесі ) енгізілуі тиіс. Әр жол теріліп болған сайын КҚ (каретканы қайтару, енгізу) клавишін басу керек не Жоғарыдан төмен ( ↓ ) клавишін басуға да болады.
Жалпы, код терезесіне жазылатын процедураны оқиғаны өңдеуіш, үзілісті өңдеу процедурасы не программалық код деп атайды. Код терезесі ашылғанда оның бірінші жолында айнымалылардың сипатталуын тексеретін Option Explicit операторы көрінуі де мүмкін. Айнымалы сипатталмаған болса, ол программа жұмысын тоқтатады.
Windows-тағы сияқты Visual Basic-те программалар оқиғалар арқылы басқарылады. Мысалы, пайдаланушы программа құру үшін алдымен формаға объект орнатуы, форманы не формада орналастырылған объектіні тышқан арқылы шертуі не мәзірді таңдауы мүмкін. Оның әр іс - әрекеті оқиға шақырады. Яғни, оқиға -қосымшаның жұмыс істеуі кезінде пайда болатын нәрсе. VB’те әр оқиғаға атау беріліп қойылған. Мысалы, элементтер панелінің CommandButton түймесі арқылы формада орнатылған Command1 түймесін (объектісін) шерту Click (Басу) оқиғасын шақырады (1. 8-тақырыпты қараңыз) .
Оқиға тек падаланушының іс - әрекеті арқылы шақырылмауы да ықтимал. Мысалы, жүйе қандай болмасын бір терезені жүктегенде Load оқиғасы өндіріледі.
Әр объектіге байланысты оқиғалар бірнеше болуы да мүмкін. Мысалы, формаға байланысты оқиғалардың 30-дан асатыны жоғарыда ескертіліп кетілді, олар:
Load (жүктеу) ;
Mouse Down (тышқан түймесін басу) ;
Paint (кескіндеу) ;
KeyPress (клавишті басу), т. б.
Таңдалған объектінің оқиғалар тізімі код терезесінің оң бөлігінде көрінетін өрістің тілсызық түймесін шерткенде шығады.
Visual Basic’те айнымалы мәнін жадқа енгізу үшін Бейсикте пайдаланылатын Input (енгізу) операторы жоқ. Оның орнына стандартты сұхбаттық терезесі және онда мән енгізілетін өрісі бар InputBox (енгізу қорабы) функциясы қолданылады. Программада функцияны мынадай түрде жазуға болады:
< Атау > = InputBox (< атау > [, “ < мәтін > “ ] )
мұндағы < атау > - айнымалы идентификаторы (атауы), жолдық айнымалы;
< мәтін > - InputBox функциясы терезесінің тақырып қатарына жазылатын символдар тізбегі;
Квадрат жақшалар ([, ] ) - олардың ішіне ешнәрсе енгізбеуге болатынын білдіру белгісі.
Нәтижені MsgBox функциясының стандартты шығару терезесінде не формада шығару мүмкін ( message - мәліметтер қорабы) .
Мәнді MsgBox терезесіне шығару функциясының жазылу түрі:
MsgBox ( < атау> ) [, , “ < мәтін > “ ]
Мұндағы үтірлер арасындағы бір символдық бос орынға түйме нөмірін жазуға не жазбай бос тастап кетуге болады.
Ескерту. InputBox, MsgBox функцияларын басқа түрде (қысқаша) жазу да мүмкін. Мысалы:
x= InputBox “ < мәтін > “ ; MsgBox “ < мәтін > “
Бұлардың біріншісі енгізу терезесін шығарып, мән енгізілетін өрістің жоғарғы жағында көрсетілген орынға мәтінді енгізіп қояды. Екіншісі де шығару терезесі ішіне мәтінді енгізеді.
Мысал. х=4, 6 үшін у=3х+5 функциясының мәнін табу керек.
Есепті Load оқиғасын және InputBox , MsgBox функцияларын пайдаланатын шешу тәсілі:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz