Мұғалімдердің педагогикалық және әдістемелік білім деңгейін жетілдіру формалары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Мұғалімдердің педагогикалық және әдістемелік білім деңгейін жетілдіру.

Тұтас педагогикалық процестің сапасы мұғалімнің жалпы дайындығына педагогикалық біліміне және әдістемелік шеберлігіне байланысты.

Мектепте мұғалімдер үшін педагогикалық және әдістемелік жұмыстардың дербес және ұжымдық формалары пайдаланылады.

Дербес формалары.

1. Педагогикалық жәнс психологиялық әдебиеттерді, дидактиканы тәрбие теориясын және пән бойынша әдістемелік, ғылыми педагогиқалық әдебиеттерді мұғалім зерттеп оқиды. Ол проблемаларды өз еркімен таңдап алады, өйткені қай проблемалардың ерте қажет екендігі оған белгілі.

2. Арнайы тақырыптар бойьшша әдістемелік ұсынбалар, әдістемелік оқу құралдарын жасау, оқу-тәрбие жұмысының сапасы мен тиімділігін арттыруға байланысты өз тәжірибесінен баяндама жазып, ауданда, облыста, республикада өткізілетін ғылыми-практикалық конференцияларға, «Педагогикалық оқуларға» белсенді қатысу.

3. Пән бойынша оқулықтар жазу, түрлі сайыстарға қатысу, Дербес педагогикалық және әдістемелік жұмыстардың ішінде түрлі сайыстар ерекше орын алады. Қазақстан Республикасында жыл дайын «Жыл мұғалімі» сайыстарын өткізу дәстүрге айналды.

Сайыстарға қатысушы әрбір мұғалім балаларға білім және тербие саласында өзінің білімін, іскерлігін керсетуіне оқытудың, тәрбиенің теориясы мен практикасына сүйеніп дәлелдеуге тырысады. Мысалы , Алматыда «Мұғалім-92 жыл» II-Республикалық сайысы өтті.

Бұл сайысқа барлық облыстардан тәжірибелі, білімдар педагогтар қатысты. Қатысушылардың іс-тәжірибесі бойынша жасаған баяңдаулары үлкен халқыда өтті. Сайыс комиссиясының шешіміне сай бірінші сыйлық Терістік Қазақстан облысы № 1 Булаев орта мектебінің ииформатика және есептеу техникасының мүғалімі Сәулеш Мүқаңоваға берілді.

Мұқанова «Информатика және білім беру» Халықаралық ЮНЕСКО конгресінің мәліметтерінен сәтті компьютерлік бағдарламалардың жоқтығын байқады. Осы жағдайды ескеріп 1990 жылы қыркүйек айынан бастап, өз мектебінде «Информатика негіздері және есептеу техникасы» курсын ІХ-Х сыныптарда және «Бағдарламалау» курсын ХІ-сыныпта зерттеу үшін эксперимент бастады. Экслериментті КУВТ-86 машиналарымен жабдықталған кабинетте өткізді. Осындай жемісті істің нәтижесінде С. Муқанованың «Комиьютер в школе: Дань моде или необходимость» атты шығармашылық жұмысы пайда болды.

Бұл жұмыстың негізгі мақсаты - балаларды ақпаратты жөндеуге,

еселтер шығаруға, адамдармен қарым-қатынас жасауға, қоғамдық болып жатқан өзгерістердің мәніне түсінуге үйрету қажет болды.

Мұндай жұмыстар мұғалімнің ғылыми-педагогикалық деңгейі көтереді, шығармашылық шеберлігін арттырады және өз бетімен білім алуының құрамды бөлігі болады.

Педагогикалық және әдістемелік жұмыстардың ұжымдық формалары:

1. Мектептің педагогикалық кеңесі.

2. Мектептің әдістемелік кеңесі,

З. Мұғалімдердің әдістсмелік пән бірлестіктері.

4. Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктері.

5. Кіші шығармашылық топтар.

6. Психологиялық-педагогикалық семинарлар.

7. Практикумдар-семииарлар.

8. Ғылыми-практикалық конференциялар.

9. Педагогикалық оқулар.

Педагогакалық кеңес - бұл мектептің барлық іс-әрекетін басқарудың тұрақты органы, мұғалімдердің педагогикалық ойының ұжымдық орталығы. Педагогикалық кеңестің міндеті - тұтас педагогикалық процестің сапасын арттыруға мұғалімдер ұжымының күшін үйлестіру және біріктіру, білім беруді гуманитарландыру (адамның дүниеге қатысы, оқу орындарының дүние жүзінің мәдениетіне, тарихына, рухани байлығына бет бұруы), ізгелендіру (мектептің балаға тікелей бұрылуы, оны сыйлау, абыройын жоғары ұстау, оған сену, оның мақсатына, мұқтажына, сұрағына түсіну) . Демек, оқу, тәрбие, білім беру ісін казіргі заманның талабына сәйкес басқару.

Педагогикалық кеңестің жұмысы оқу жылына жоспарланады, екі айда бір рет өткізіледі.

Педагогакалық кеңестің мәслихаттарында оқыту, тәрбие мен білім беру мәселелері қаралады:

- қазіргі кездегі сабаққа қойылатын негізгі талаптар;

- сабақта оқытудың ұжымдық, топтық және дара формаларын ұтымды пайдалану және жетілдіру;

- тәрбие теориясы мамандыққа бағдар беру, экологиялық тәрбие экономикалық білім мәселелері;

- педагогикалық озат тәжірибе т. б.

Педагогикалық кеңестің маслихаттарында басқа да мәселелер қаралады. Олар: оқу-тәрбие жұмысының жалпы мектеп жоспары мектеп басшыларының және сынып жетекшілерінің есеп беру баяндамалары, оқу жылының қорытындысы, мұғалімдерді аттестациялау т. б.

Әдістемелік кеңестің жұмысы бір оқу жылына жоспарланады, екі айда бір рет өткізіледі. Әдістемелік мәслихаттарында қазіргі ең қажетті проблемалар талқыланады. Олардың кейбіреулері, мысалы, жаңашыл мұғалімдердің және мектеп мұғалімдерінің озат тәжірйбелері, ашық сабақтарды талдау, сыныптар арасындағы сабақтастық, сабақтың түрлері, мұғалімдердің өз бетімен білім алу мәселелері т. б. Әдістемелік кеңес басқа да әдістемелік жұмыстарды орындайды. «Оқушыларды өмірге белсенді етіп тәрбиелеу» сияқты проблемаларға конференциялар өткізеді, оқушылардың шығармашылық жұмыстарын және дидактикалық көрнекі құралдар көрмесін ұйымдастыруды, ғылыми практикалық конференцияларға, «Педагогикалық оқуларға» баяндама жасауға мұғалімдерді дайындайды, әдістемелік бюллетеньдер шығарады, стажер (сынақ мерзімінен өтуші) мұғалімдермен жұмыс жүргізеді.

Әдістемелік пән бірлестіқтері -әр бірлестікте пән мұғалімдерінің саңы үш және одан жоғары, бастауыш сынып мүғалімдерінің саны 8-20-ға дейін егер орта меқтептерде бастауыш сыныптар саны көп болса онда мұғалімдер саны 20-дан да артық болады. Әдістемелік пен бірлестіктер жұмысы жарты немесе толық бір оқу жылына жоспараланады, мәслихаттары екі айда бір рет өткізіледі. Мектеп өмірінде кездесетін әдістемелік бірлестіктің түрлері пән мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі; бастауыш сынып мұғалімдердің әдістемелік бірлестігі; мұғалімдердің пән аралық әдістемелік бірлестігі; мұғалімдердің мектеп аралық әдістемелік бірлестігі.

Біз бұл жерде тек қана пән мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігіне тоқтаймыз, өйткені олардың жұмысының мазмұны, бір-біріне ұқсас. Мұғалімдердің әдістемелік пән бірлестіктерінде әр түрлі проблемалар қарастырылады, талқыланып талдау жасалынады. Мәселен, оларға сабақтар типолоғиясы және құрылымы жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибелермен танысу, аралас, қайталау-жинақтау, лекция, лабораториялық және семинар саібақтарын өткізу әдістері, жазба бақылау жұмыстарының текетісін жасау, оларды өткізу, талдау тәсілдері, оқущыларды шығарма жазуға үйрету, сабақта көрнекі және техникалық құралдарын, оқыту машиналарын пайдалану т. б. жатады.

Мектепте әдістемелік жұмыстың басты бір формасы сынып жетекшлерінің әдістемелік бірлестіктері. Ол жұмысын оқу жылына жоспарлап, екі айда бір рет өткізеді. Бірлестікті мектеп директоры басқарады, оның. құрамына барлық сынып жетекшілері кіреді.

Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі негізінен тәрбиенің теориялық және практикалық мәселелерімен айналысады. Бірлестік мәслихаттарында тәрбие процесін басқару және оны кешенді жүргізу, жеке адамды ұжымда тәрбиелеу, тәрбие процесінде балалардың шығармашылығын дамыту, құқық тәрбиесінің негізгі принциптері, формалары мен әдістері, мұғалім мен балалар арасындағы қарым-қатынастың бірлігі, сынып сағаттарын өткізудің тәрбиелік ерекшеліктері, сайыстар өткізу, ата-аналармен өткізілетін жұмыстың формалары, сынып жетекщілерінің оқу-тәрбие жоспарын қорғауы т. б. мәселелерді талқылайды. Әрбір мәселе бойынша әдістемелік ұсыныстар шешімдер қабылдайды. Оларды оқу-тәрбие процесінде іске асырудың тәсілдерін іздестіреді.

Мектепте оқу және тәрбие жұмыстарың жетілдірудің жаңа бір формасы мұғалімдердің шығармашылық тобы. Шығармалары кең алдымен мұғалімдердің мамандықтарына сәйкес терең жәна берік білімді, мол тәжірибені талан етеді. Шығармашылық қабілетті дамыту, өз бетімен іздену, зерттеу жұмыстарына байланысты. Осыған орай, мұғалімнің жұмысында шығармашылық басым болуы керек.

Озат мектептердің іс-тәжірибелеріне қарағанда шығармашылық топтың құрамына өте тәжірибелі мұғалімдер кіреді. Іс жоспары бір жылға жасалып, топ мүшелері айына бір рет кездесіп отырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалімдердің педагогикалық және әдістемелік білім деңгейін жетілдіру
Мектептің педагогикалық кеңесі
Орта мектептегі әдістемелік жұмыстың мазмұны және оны ұйымдастыру
Педагогикалық және әдістемелік жұмыстар жайында
Мектеп – педагогикалық процестерді басқарудың орталығы
Болашақ мұғалімдерді педагогикалық өлкетану жұмысына даярлығын қалыптастырудың тиімділігін тәжірибелі педагогикалық жолмен тексеру
Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және өздігінен білімін жетілдіру туралы
Мектептегі басқарудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері туралы ақпарат
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық шарты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz