Дипломатия


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Дипломатия

Дипломатия - [ лат. duplicata - билеуші шығарған үкімнің түпнұсқасы мұрағатта сақталған көшірмесі немесе дубликаты] - үкіметоргандары, оның шетелдердегі өкілдері мен сенімді тұлғалары жүзеге асыратын мемлекеттің сыртқы саяси міндеттерін іске асыру әрекеттері. Дипломатияны, көбіне, ресми қарым-қатынас жасау арқылы мемлекеттің сыртқы саяси мақсаттары мен мүдделерін іске асыратын мемлекеттік іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде қарастырады. Дипломатия - сыртқы саясатты жүргізуге арналған аса маңызды құрал, үйлесімді құрамдас бөлік. Нақты айтқанда, дипломатия мемлекеттің сыртқы саяси және халықаралық қатынастарды жүзеге асырушы тәжірибелік тәсілдер, құралдар мен әдістерінің жиынтығы болып табылады. Бейбіт жағдайда бұл құрал аса жоғары мәнге ие болады және басқа да сыртқы саяси құралдардың көпшілігі оған бағынышты. Көптеген елдерде дипломатия мемлекеттердің бейбіт жағдайда бірлесіп, тыныш өмір сүруінің ғылымы немесе әдістемесі жайлы теориясы деп, мемлекеттер арасындағы достықты нығайтуға, әріптестікті орнатуға, олардың арасындағы қандай да бір қайшылықтарды бейбіт реттеудің саяси амалдары мен әдістері жөніндегі ғылым ретінде қарастырылады. Дипломатия тарихы, дипломатиялық құқық, дипломатиялық қызмет, дипломатиялық хаттама осы ғылымның салалары болып табылады. Кей жағдайларда дипломатияны келіссөздермен байланыстырады, яғни, дипломатия - халықаралық қатынастарды келіссөздер көмегі арқылы жүргізу; ол халықаралық қатынастарды елшілер мен өкілдер арқылы жүргізіп, реттеу әдісі немесе әртүрлі қайшылықты мүдделерді ыңғайлау тәсілі. Бұл тұрғыда дипломатия келісімнің көмегімен әрекет етеді. Жалпы қалыптасқан жағдай бойынша "дипломатия" ұғымын үш мағынада қолдану орын алған:

  1. Өз мемлекетінің атынан саясат және келіс сөздер жүргізу ғылымы әрі өнері;
  2. Қандай да бір мемлекеттің өкілдігін, соның ішінде сыртқы істер мекемесін, әлде барлық сыртқы саяси агенттерін қамтитын кұрделі ұғым;
  3. "Құпия дипломатия" "қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қанға" айналған дүниежүзілік соғыс дипломатының қызметі немесе кәсібі.

Дипломатияның құпиялылығы, жасырындығы о бастан-ақ оның ажырамас бөлігі болды. Жаңа заманда авторлар құпиялылық сияқты дипломатиялық әдістерге бұрынғыдай мән бермейтін қазіргі дипломатияның "құнсыздануы" жайлы айтуда. Қазіргі кезде "екіжақты дипломатия" және "көпжақты дипломатия" түрлері кеңінен таралған.

  • Екіжақты дипломатиядеп екі мемлекет арасындағы ресми қарым-қатынастар кешенін айтады.
  • Көпжақты дипломатия- бірқатар мемлекеттер арасындағы ресми қатынастар кешені мен халықаралық конференция немесе ұйымдар шеңберінде дипломатиялық әдістер мен құралдар арқылы жүзеге асырылатын өзара іс-әрекет.

2Саясат - (гр. politika - мемлекетті басқару өнері) - алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген. Кейін келе оның мағынасы кеңейді және мынаны білдіреді:

  • 1) өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған және саяси билікті басып алуға, қолында ұстауға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланыс¬ты мемлекеттер, топтар, ұлттар, үлкен әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар саласындағы азаматтар мен жеке адамдар билігінің мекеме, бірлестіктердің қызметі;
  • 2) мемлекеттің істеріне қатынасу, оның қызметінің түрін, мақсат, мазмұнын, анықтау;
  • 3) адамзат қоғамының даму тарихында бұл ұғым көбінесе шебер жасырылған басшылар мен оның сыбайластарының ниеттерін, мақсаттарын және амал-әрекеттерінің түрлерін білдіреді;
  • 4) әдеттегі тілде - адамдардың өзара қатынастарында белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған іс- әрекеттің сипаты;
  • 5) мемлекеттік және қоғамдық өмірдің күнделікті мәселелер немесе оқиғалар жиынтығы.
Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық жағдайы[өңдеу]

Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мазмұны

[жасыру]

  • 1 Егемен Қазақстанның сыртқы саяси ұстанымы
  • 2 Кәсіби парламенттің қалыптасуы
  • 3 Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы
  • 4 Қазақстанның геосаяси жағдайы
  • 5 Дереккөздер
Егемен Қазақстанның сыртқы саяси ұстанымы[өңдеу]

1992 жылғы қаңтардың ортасына қарай Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде әлемнің 30-дан астам мемлекеті таныды . Олардың арасында мынадай елдер болды: Түркия, АҚШ, Қытай, Иран, Пәкстан, Швейцария, Канада. бірінші болып Түрік Республикасы таныды.

Осының бәрі республикаға, оның азаматтарына және ел басшысының жүргізіп отырған салмақты да сындарлы саясатына, биік халықаралық беделіне көрсетілген құрмет еді. 1991 жылы тәуелсіздігін жариялаған Қазақстан мемлекеттілігін құрудың қиын жолына түсті. Қысқа мерзім ішінде сыртқы саяси басымдықтар айқындалды. Республиканың сыртқы саясатының негізгі ұстанымына жақсы көршілік қатынас пен өзге мемлекеттің ішкі ісіне араласпау, тең құқылық, туындаған мәселелердің бәрін бейбіт жолмен шешуге ұмтылыс принциптері алынды. Елге инвестиция тарту үшін Қазақстан ірі компаниялармен келіссөздержүргізе бастады. Теңіз мұнай алабын шетел фирмаларымен бірлесіп барлау басталды, жаңа мұнай кеніштерін игеруге «Бритиш петролеум», «Бритиш Газ», «Эльф-Акитен», «Аджип» т. б. ірі компаниялар тартылды.

Аймақтық достастықтың жаңа түрлерін қарастыру тәуелсіз мемлекеттер басшыларын интеграцияның жаңа жолдарын іздеуге итермеледі. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев 1994 жылдың басында Еуразиялық мемлекеттер Одағын құру идеясын ұсынды. Сол жылы маусымда «Еуразиялық мемлекеттер Одағын құру туралы» жоба баспасөзде жарияланды. Бұл жаңа құрылым құжаттарда тең құқықты тәуелсіз мемлекеттер одағы ретінде анықталды. Оның қызметі әрбір қатысушы елдердін, ұлттық-мемлекеттік мүдделерін жүзеге асыруға бағытталатыны айқындалды. Одақтың мақсаты елдердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін, кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі әлеуметтік-экономикалық жаңғырту процестерін ойдағыдай қамтамасыз ету деп жарияланды. Одақты ұйымдастыру барысында мұндай бірлестіктердің демократиялық принциптері қарастырылды.

Қазақстан сыртқы саяси-экономикалық байланыстар мен өзара қарым-қатынастарда әлі де болса Ресейге бұрынғыдай айрықша орын берді . Республика тәуелсіздігінің аз ғана кезеңінде Ресеймен ынтымақтастыктың барысында үлкен істер басталды, екі жақтың экономикалық қарым-қатынастарын реттейтін, ғарыш кеңістігін игерудегі ынтымақтастық, жаңа типтегіармия құру сияқты бірнеше келісімшарттарға қол қойылды. Азаматтық мәселесіне ерекше мән берілді.

Екі жақты қатынастар деңгейінде Украинамен, Белоруссиямен, Кавказ елдерімен, сондай-ақ Балтық жағалауы мемлекеттерімен ынтымақтастық жандандырыла түсті. Қазақстанның байланыстары әсіресе Орта Азия аймағындағы жақын көршілер -Өзбекстан, Қырғызстанмен, ал экономикалық блок шеңберінде - Түркіменстан, Тәжікстанмен қарқынды түрде дамыды .

Қазақстан дипломатиясы Азия бағытында елеулі табыстарға жетті, бұл аймақта экономикалық жағынан жақсы дамыған Қытай, Үндістан, Вьетнам, АСЕАН-ға кіретін елдер бар. Бұл жағдайда Қазақстанға планетаныңосы үлкен кеңістігіндегі экономикалық дамудинамикасынан қалып қоймау зор маңызға ие болды. Қазақстанның азиялық Тынық мұхит процесіндегі интеграцияға араласуы оның Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы қызметіне қатысуына маңызды жағдай туғызды. 1995 жылы Индонезия, Пәкстан, Түркия басшыларымен жоғары деңгейдегі кездесулер өтті. Қазақстанның Түркиямен байланысы кең көлемде дамыды. Мысалы, Қазақстан аумағында жүздеген қазақ-түрік бірлескен кәсіпорындары пайда болды. Алматыда қысқа мерзім ішінде «Анкара»қонақ үйі тұрғызылды. Қазақстан делегациясы Түркияда өткізілетін конференциялар мен кездесулердің тұрақты қатысушыларына айналды. Жүздеген жігіттер мен кыздар Стамбұл жәнө Анкара университеттерінде оқыды. Қазақстан телеарнасынан түрік тіліндегі хабарлар тұрақты түрде жүргізіле бастады.

http://bits.wikimedia.org/static-1.24wmf2/skins/common/images/magnify-clip.png

Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты

Қазақстан Еуропа мемлекеттерімен де өз байланыстарын жемісті дамытып келеді . 1993 жылдың 2 ақпанында Қазақстан Республикасы менЕуропалық Одақ арасында дипломатиялық қатынас орнатылды. Қазақстан Республикасы Президенті мен Германия және Франция басшылары арасындағы келіссөздер Қазақстанның сыртқы саясатындағы еуропалық бағытты жандандырды. Мәселен, Герхард Шредер Астанаға келген сапарында: «Қазақстан Орта Азиядағы маңызды ел және Германияның басты әкономикалық әріптесі» деп атап көрсетті. 2003 жылға қарай республикада неміс банкі және ірі компанияларының 145 өкілдігі мен бөлімшелері жұмыс жасады, ал тіркелген Қазақстан-герман біріккен кәсіпорындарының саны 266-ға жетті. Танымал неміс компаниясы «Сименс» пен «Қазақтелеком» арасында байланыс және халықаралық тасымалдаушы «Қазақстан темір жолымен» құрал-жабдық тасымалдау, Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасының бірнеше министрліктері арасында қазақстандық менеджерлердің біліктілігін көтеру және негізгі экономикалық ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды.

Республика Президентінің Германия үкіметінің басшысы Гельмут Кольмен, Франция президенті Жак Ширакпен жүргізген келіссөздері Қазақстанның Еуропа бағдарындағы сыртқы саяси бағытын жандандыруға елеулі үлес қосты.

1995 жылы тамызда Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқасында республика Сыртқы істер министрі Қ. К. Тоқаеватап еткеніндей, «Шығыс Еуропа елдеріндегі Қазақстан сыртқы саясатының қамалы рөлін Венгриядағы елшілік атқарды». Қазақстан Республикасы Президентінің Венгрияға сапары барысында екі ел арасындағы саяси және экономикалық тығыз ынтымақтастыққа берік негіз қаланған көптеген келісімдерге қол қойылды. Қазақстан Болгариямен, Чехиямен, Румынияменекіжақты тиімді қарым-қатынастар орнатты.

Қазақстан Республикасы үшін АҚШ-пен ынтымақтастық аса маңызды , олардан республика экономикасына көптеген инвестициялар алынды. АҚШ Қазақстанға мәдениет пен білімді дамыту саласында да үлкен қолдау көрсетті. «Болашақ»бағдарламасы шеңберінде Қазақстан студенттері АҚШ, Франция, Германия оқу орындарында оқуға мүмкіндік алды.

Қазақстан Республикасы мәртебелі халықаралық ұйымдар мен қауымдастық мүшесі. Қазақстан 1992 жылдан бастап беделді халықаралық ұйымдармен (БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ) байланыстарын нығайтты . Мәселен, ЮНЕСКО-ның қолдау көрсетуі арқасында Абай Құнанбаевтың 150 жылдығы тойланды. Орталық Азиядағы осы ұйымның бір ғана өкілдігі Алматыдаашылды. Сонымен, Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған соң, халықаралық аренада өзін сенімді түрде мәлімдеді. Тиянақты да бейбітшілік сүйгіш саясатының арқасында Қазақстан дүниежүзілік мемлекеттер қауымдастығындағы ірі-ірі халықаралық ұйымдар қатарына қабылданды

Конец формы

7

Қазақстаннан шыққан тұңғыш кәсіби дипломат

Мақсатбек Қайырғалиев

Тұңғыш қазақ дипломаты, қоғам қайраткері, тіл маманы, Кеңес Одағының Сауд Арабиясындағы алғашқы елшісі - Нәзір Төреқұловтың 120-жылдық мерейтойына.

Кеңес Одағының тұңғыш елшісі Төреқұлов Нәзір Төреқұлұлы 1892 жылы Түркістан өлкесінде, кейбір деректер бойынша Қоқанда мақта саудагерінің отбасында дүниеге келген. 1904 жылы Нәзір мектеп қабырғасынан түлеп ұшып, 1906 жылы шет аймақтағы өзге ұлт өкілдеріне арналған орыс училищесін тәмамдайды. Ал 1914 жылы Қоқандағы 8 сыныптық коммерциялық училищені бітіреді. Бірінші дүниежүзілік соғыс жүріп жатқан 1914-1916 жылдары ол Мәскеу коммерциялық институтындағы экономика факультетінің үш курсын аяқтап үлгереді. Ал 1916 жылы қазақтарды қара жұмысқа жегу үшін майданға аттандыру жөніндегі жарлыққа қарсы наразылық акциясына қатысады. Ақ дегені - алғыс, қара дегені - қарғыс патша үкіметі дегеніне жетіп тынады, солайша ол Батыс майданнан бір-ақ шығады. Сол жақта жүріп Минск маңында «Еркін дала» деп аталатын астыртын ұйым құрады. Оның құрамына майданға шақырылған Қазақстан мен Орта Азия халықтарының өкілдері тегіс кіреді. Бұл ұйымды құрудағы мақсат - ұлт-азаттық күресте Шығыс халықтарына көмектесу еді.

1917 жылы Н. Төреқұлов саясаттың қазанында қайнап, қайраткер дәрежесіне дейін көтеріледі. Ол алдымен солшыл эсерлермен бірге болса, 1918 жылдың қазан айында РКП(б) мүшесі атанады. Қызыл армияды қызмет етеді.

1918-1919 жылдары ол Қоқанда уездік атқару комитетінің хатшысы, оқу-ағарту комиссары, білім беру бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етеді.

Н. Төреқұлов 1920 жылдан бастап Ташкентте бірқатар мемлекеттік лауазымды қызметте болады. Атап айтсақ: «Иштрати Июн» газетінің редакторы, өлкелік мұсылман бюросының қызметкері, 1920-1921 жылдары - Түркістан оқу-ағарту наркомы, 1921 жылдың қыркүйек және қараша айларында - Түркістан Орталық атқару комитетінің төрағасы, БКП(б) Орта Азия бюросының мүшесі; 1921 жылдың қараша айынан 1922 жылдың наурызында - Түркістан Орталық атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарады. Ол төраға ретінде демалыс күнін жексенбіден жұмаға ауыстырып, Құрбан айт күндерін демалыс деп жариялайды.

Н. Төреқұловтың есімі өткен ғасырдың басында халқына көп еңбек сіңірген Алаш қайраткерлерімен бірге аталады. Ол Ресей боданында болған Түркістан халқының қандай күйде болғанын жақсы білді. Бұл ойларын Мәскеу мен Ташкентте жарық көрген басылымдардағы мақалаларында және баяндамаларында ашық айтты да. Патша үкіметі де, большевиктер де Түркістан өлкесіне тек шикізат «көзі» ретінде қарады, оның мәдениеті мен әдет-ғұрпына бас ауыртқан емес. Бұл өз кезегінде осы өлкенің өсіп-өркендеуіне кесірін тигізді. Ол алғашқылардың бірі болып, бұл олқылықтың орнын толтыру үшін аянбай еңбек етті. Көпұлтты Түркістан Республикасының саяси өмірінде Н. Төреқұловтың салмағы басым еді. Ол Түркістан Республикасы Орталық комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды, Түркістан Республикасының Орталық атқару комитетін басқарды, Оқу-ағарту ісінің халық комиссары болды. Т. Рысқұлов, С. Қожанов, М. Тынышбаев, Х. Досмұхамедов секілді Алаш қайраткерлері елдің сауатын ашпай мемлекет құрудың мүмкін еместігін түсініп, Ташкентте алғашқы жоғарғы оқу орнын ашты. Мұның басы-қасында Н. Төреқұлов жүрді. Жоғары лауазымды қызметтерде жүріп, тек саяси шешімдер ғана қабылдап қоймай, мәдениетке қатысты мәселелер бойынша да талай іс тындырды. Жалпы адамзаттық құндылықтарды өз халқының салт-дәстүрімен ұштастыра білді.

1922-1926 жылдары Н. Төреқұлов Мәскеуде КСРО халықтарының Орталық баспасын басқарып, ғылыми-педагогикалық жұмыстармен айналысты. Шығыс еңбекшілерінің коммунистік университетінде дәріс өткізді, бірталай уақыт осы оқу орнының проректоры да болды. Осы кезден оның дипломатия саласындағы қызметі басталады. Оны мұндай жауапты орынға тағайындау көп талас тудырса да, 1927 жылдың аяқ шенінде КСРО атынан Хиджаз, Неджд және біріктірілген аймақтарға (Сауд Арабиясы бұрын осылай аталатын) елші ретінде аттанды.

Бұл аралықта Н. Төреқұлов өзін жақсы жағынан, іскер азамат ретінде көрсете білді, бұған түрлі лауазымды қызметте істеген тәжірибесі деп көп көмектесті. Нақты айтқанда, ол БКП(б) ОК-нің және КСРО Сыртқы істер халық комиссариатының резервіне алынды. Былайша айтқанда, Сыртқы істер наркомы тәжірибесі мол, білімді адам ретінде оны осы іске лайықты деп тапты.

Н. Төреқұловтың кандидатурасын жақтаған КСРО Сыртқы істер халық комиссариаты Сталиннің атына ресми хат жолдайды. Сталин Оны осы орынға лайықты деп тауып, келісімін береді. 1927 жылдың 24 қарашасындағы Саяси бюроның мәжілісінде (№ 137 Хаттама) жолдас Төреқұловты Хиджаз, Неджд және біріктірілген аймақтарға елші етіп жіберу жөнінде шешім қабылданады. Бұған дейін Джидда да осы орында К. А. Хакимов қызмет атқарған болатын.

Өз қызметін мінсіз атқаруы үшін Н. Төреқұлов қазақ, орыс, өзбек, татар, түрік, неміс, француз тілдерін жетік білді, аз уақыттың ішінде араб тілін де меңгеріп алды. Осыған орай оның: «Аузыңнан шыққан сөз аудармада өз мәнін жоғалтады» деген сөзі еске оралады. Бұған қоса, бірнеше тілді меңгеруінің арқасында өз ойын анық жеткізіп қоймай, діни тақырыпта да сөз таластыратын. Оның терең білімі мен кәсіби дағдысына, адами болмысына тәнті болған король мен оның отбасы оған ерекше құрмет көрсетті. Король Абдель Әзіз әл-Сауд оны «бауырым» деп атады. Сондай-ақ, ол королдің ұлдарымен де, әсіресе, ханзада Фейсалмен жақсы қарым-қатынаста болды.

Өзі елші болып барған ел 1932 жылдан бастап Сауд Арабиясы деп аталатын болды. Өзге елдермен алыс-беріс, барыс-келіс жолға қойыла бастаған тұста Н. Төреқұлов қолынан келген көмегін аямады.

1932 жылы Фейсал бастаған «саудтық» делегация он күн Кеңес Одағында болып қайтты. Мұны Н. Төреқұловтың саяси жетістігі деп санауға болады. Екі тарап та бұған айрықша мән берді. Екі ел арасында достық қатынас орнады. «Саудтық» делегация КСРО үкіметінен 10 жыл мерзімге бір миллион фунт стерлингке кеңестік тауар несиесін алу жөнінде келісімге қол жеткізді. Н. Төреқұллов бұл елшілік орында сегіз жыл қызмет атқарды.

Меккеге әлемнің түкпір-түкпірінен тәу етіп келетіндер көп. КСРО-дан, атап айтқанда, Қазақстаннан, Башқұртстаннан, Татарстаннан, сондай-ақ, Солтүстік Қап тауынан және Орта Азиядан Меккеге қажылыққа баратындарды есепке алсақ, аталмыш елмен қатынас орнатудың қаншалықты маңызды екенін түсінуге болады.

Ол - өз заманының заңғар тұлғасы. Климаты қатал, саяси өмірі қиын елде арабтармен дипломатиялық қатынас орната білді. Ауыз толтырып айтатын жетістіктерін санамаласақ: АТС құрылысы қолға алынды, мұнай экспорты жолға қойылды, ханзада Фейсалдың Кеңес Одағына сапары, т. б.

Н. Төреқұлов дінді теріске шығаратын коммунистік идеологиямен қаруланған елдің өкілі ретінде қызмет атқарғанын ескерсек, оның кейде қандай күрделі мәселелермен бетпе-бет келгенін елестетудің өзі қиын. Сөйтсе де, ол Меккеге Кеңес Одағынан қажылыққа баратындар үшін жағдай жасау жөнінде Үкіметке өз ой-пікірін батыл білдірді.

Бұл мәселенің ойдағыдай шешім табуына оның ұйымдастырушылық қабілеті, бірнеше тілді жетік білуі, терең білімі мен мол тәжірибесі, сұңғылалығы көп әсерін тигізді. Бірде Түрік Республикасының ұлттық мерекесінде ол дипломатиялық корпустың атынан араб тілінде сөз сөйледі. Осыдан кейін онымен шетелдік әріптестері санасатын болды. Ол ол ма, қандай да бір даулы мәселе туындаса, оның ақыл-кеңесіне жүгінетін болды. Ең бастысы - жергілікті монархтардың сеніміне ие болды, король мен оның отбасының ыстық ықыласына бөленді. Ал бұл өз кезегінде мәдениеті мен дүниетанымы бөлек елдер арасындағы достық қарым-қатынастың орнауына жол ашты.

1933 жылы ол қажылыққа барды. Бұл турасында бұрын эмиграцияда болған, татар мұсылмандарының ұлттық қозғалысының көрнекті қайраткері Гаяз Исхаки былай дейді: «Меккенің көшесінде балға мен орақ бейнеленген қызыл туы бар автокөлік пайда болды. Онда екі адам отырды . . . Олардың бірі - Коминтерн мүшесі, Кеңес Одағының өкілі Нәзір Төреқұлов болатын. Сол жерде оның қажылыққа келгені белгілі болды. Ол өзгелер секілді қажылығын өтеді. Содан соң, Мәдинада жатқан Пайғамбарымыздың басына барды. Кеңес Одағының өкілдері «мұсылмандардың қажетіне» деп, қаражат ала келіпті».

1935 жылдың 31 тамызындағы Саяси бюроның мәжілісінде (№ 32 Хаттама) Сыртқы істер халық комиссариатының Н. Төреқұловтың орнына Хакимовты тағайындау жөніндегі ұсынысы қабылданды. 1936 жылдан бастап Н. Төреқұлов Ленинградтағы Шығыс халықтарының институтында және Мәскеудегі Шығыс халықтарының тілі мен жазу өнері институтында жұмыс істеді. Ол бұл салада да үлкен жетістікке жетті. Н. Төреқұлов 1922 жылы Ташкентте басылған «Орыс-өзбек тілдерінің саяси-әлеуметтік сөздігі» кітабының авторы болды. Ол түркі халықтарының жазба тілін латын қарпіне көшіруді жақтады. Осыған байланысты бірнеше мақаласы «Жизнь национальностей», «Новый восток» журналдарында жарық көрді.

1937 жылдың 17 шілдесінде Н. Төреқұловты НКВД тұтқындады. Осы жылдың қараша айында КСРО Жоғарғы сотының әскери алқасы Н. Төреқұловты түркішілдікті насихаттады және террорист деп айыптап, ату жазасына кесті.

  • 1958 жылдың 28 қаңтарында Н. Төреқұлов ақталды. Қазақстандықтар оның есімін қадір тұтады. 2003 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен "Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін» Нәзір Төреқұлов атындағы медаль тағайындалды. Перейти к содержанию левого меню
  • Перейти к содержанию

Добро пожаловать в ООН. Это ваш мир!

Начало формы

Поиск на веб-сайте ООН

\[{\mathcal{X}}\]
\[|\bar{\Delta}\hat{\Theta}\hat{\partial}\hat{\bar{\otimes}}\]

Конец формы

Конвенции и соглашения
  • Главная страница ООН
  • Первая страница
  • Декларациипо дате принятияпо тематике
  • Конвенциипо дате принятияпо тематикепроекты
  • Основополагающие документы, содержащиеся в резолюциях ГА
  • Уставные документы
  • Правила процедуры
  • Дни международных договоров
  • Собрание договоров
  • Руководство по международным договорам
  • Руководство по заключительным статьям многосторонних договоров
  • Документы ООН
Венская конвенция о дипломатических сношениях

Принята 18 апреля 1961 года

Государства, являющиеся Сторонами настоящей Конвенции ,

отмечая , что народы всех стран с древних времен признают статус дипломатических агентов,

принимая во внимание цели и принципы Устава Организации Объединенных Наций в отношении суверенного равенства государств, поддержания международного мира и безопасности и содействия развитию дружественных отношений между государствами,

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Корея Республикасының пандемия кезіндегі қоғамдық дипломатияның үздік үлгісі
Дипломатиялық хат алмасу және дипломатиялық құжаттар
Саяси ғылымда дипломатияны зерттеу
Халықаралық құқықтың халықаралық қатынастардағы рөлі
КАНАДА ЖӘНЕ ОНЫҢ ДИПЛОМАТИЯСЫ
Экономикалық дипломатия
Дипломатиялық стиль
Дипломатиялық терминдер
ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
Дипломатиялық корпус - дипломаттардың тәуелсiз бiрлестiгi
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz