Қостілділіктің дамуы және өрістеуі көпұлтты қоғам қажеттілігі


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 132 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 2-16

1. ҚАЗАҚ-ФРАНЦУЗ ОҚУ ҚОСТІЛДІЛІГІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-

ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПСИХОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МӘНІ,

ДАМУ САЛАЛАРЫ . . .

1. 1 Қостілділіктің онтологиялық табиғаты және түрлері . . . 17-31

1. 2 Қазақ- әлеуметтік - лингвистикалық, психолингвистикалық сипаты . . . 32-44

1. 3 Қазақ-француз қостілділігінің даму сатылары және оны зерттеудің

әдіс-тәсілдер . . . 45-54 Тұжырымдама

2. ҚАЗАҚ-ФРАНЦУЗ ОҚУ ҚОСТІЛДІЛІГІНІҢ БАСТАПҚЫ ЖӘНЕ

ОРТА КЕЗЕҢІНДЕГІ ИНТЕРФЕРЕНЦИЯ ЖӘНЕ ТРАНСФЕР ҚҰБЫЛЫСТАРЫ

2. 1 Қазақ-француз қостілділігінің бастапқы кезеңіндегі фонетикалық

және грамматикалық иинтерференциясы . . . 55-70

2. 2 Қазақ-француз қостілділігінің орта кезеңіндегі лексикалық,

семантикалық және фразеологиялық интерференциясы . . . 71-83

  1. Қазақ-француз қостілділігінің орта кезеңіндегі

транспозиция және калькалар . . . 84-96

Тұжырымдама

3. ҚАЗАҚ-ФРАНЦУЗ ОҚУ ҚОСТІЛДІЛІГІНІҢ СОҢҒЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ АУЫСУ ЖӘНЕ ИНТЕРКАЛЯЦИЯ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ

  1. Ауысу және интеркаляция құбылысының әлеуметтік-

лингвистикалық белгілері . . . 96-101

  1. Қазақ-француз оқу қостілділігіндегі ауысу құбылысының түрлері. . 101-110. 3. 3 Қазақ-француз қостілділігіндегі интеркаляция түрлері . . . 110-119.

Тұжырымдама

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 120-125

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 125-133.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР . . .

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қостілділіктің дамуы және өрістеуі көпұлтты қоғам қажеттілігінен шығады, себебі әр ұлттың өкілі басқа ұлт қауымдастықтарының өкілдерімен қауышуы үшін ортақ тілге көшуі керек. Сондықтан да кез келген тұлға өзінің ана тілімен қоса басқа тілдерді де білуге тырысады. Қазақстан Республикасының кеңістігінде қостілділік және көптілділіктің әр түрі дамыған. Оның кең көлемде дамуына қазақ тілімен қоса елімізде орыс тілінің де беделді болуы және осы сияқты қос тіл арқылы саяси және коммуникативтік интеграцияның жүзеге асырылуы себеп болып отыр. Зерттеушілердің еңбектерінде қазақ-орыс, орыс-қазақ, ұлттық-орыс қостілділіктерінің түрлері ғылыми тұрғыда қаралғанымен, әлі де болса қостілділік мәселесі толық шешімін тапқан жоқ. Көпұлтты мемлекеттердің даму тәжірибесі полиэтникалық социумдарда қостілділік немесе көптілділік кең өріс табатындығын дәлелдеп отыр, себебі қос тілді немесе көп тілді білу арқасында көпұлтты мемлекеттің адамдары бір-бірімен еркін араласып, біртұтас этносаяси қауымдастыққа айналып отыр. Қостілділік үрдісі − күрделі мәселе. Оның әлеуметтік - лингвистикалық мәнін Б. Хасанұлы дұрыс түсініп осы терминге келесі байсалды анықтаманы берген: «Қостілділік - белгілі бір аумақ көлеміндегі ұлтаралық ( этноаралық) қарым-қатынасқа түсетін белгілі бір этникалық қауымдастық өкілдерінің, бүкіл қоғамның (социумның ) әр түрлі жағдайда екі тілді ( әдетте ана тілі мен екінші бір тілді ) алма-кезек немесе қатар қолдануы » [1, 32] . Қостілділік екі социумды біріктіретін интеграциялық әдіс [1, 32], ұжымдар, социумдар арасындағы «коммуникативтік көпір» [2], сондықтан қостілділікті және көптілділікті сипаттау «арнайы әңгіме етерлік, күрделі мәселелердің бірі» [1, 32] . Қазақстан мемлекетінде қостілділік, көптілділік құбылыстары кең көлемде тараған. Мемлекетте оның әр түрлі типтері дамыды: қазақ-орыс, қазақ-ұлттық, қазақ- ағылшын, т. б. [3] . Сонымен қоса Қазақстан кеңістігінде көптілділік үдерісі де өрістеді [4], [5] .

Кең категориялы тілдердің (қазақ, орыс) функцияларымен салыстырғанда, басқа ұлттардың тілдерін миноритарлық тілдерге жатқызуға болады, себебі олар қоғамдық қызметті кең көлемде атқармайды, өйткені олар тек ғана пән ретінде оқытылады: «неміс, корей, француз, испан, қытай тілдері негізінен пән ретінде оқытылады »− дейді Б. Хасанұлы [6, 10] . Ал қазақ, орыс, ағылшын тілдері мамандық игеру тілі ретінде де қолданылады, пән ретінде де оқытылады. Қазіргі заманда Қазақстан кеңістігінде толеранттық, барлық тілдердің дамуына, мүмкіндік беретін тіл саясаты жүргізілуде. Сол тілдік саясаттың негізгі қағидалары: а) этностардың үйлесімді, тұрақты дамуы; б) ұлттық мәдениеттердің негізін қалаушы этнос тілдерін сақтау және өрістету, яғни «кез келген елдің тілдік кеңістігінде мемлекеттік тілден басқа, бір жерге шоғырланған этникалық топтардың тілдері болады. Бұл тілдердің қолданылуы әдетте отбасылық - тұрмыстық сала аясынан аспайды. Ана тілін білу - ана тілін сақтаудың қажетті шарты. Сондықтан Қазақстан халықтарының тілдерін оқытып, үйретуге және ол тілдердің қолданыста болуына жағдай туғызуды мемлекет өз міндетіне алады» [7, 34-35] . Қазіргі уақытта Қазақстанда 148 ұлттың мәдени орталықтары қызмет жасайды. Осы тіл саясатының негізгі мақсаты - Қазақстандағы тұрып жатқан барлық халықтардың тілдерін дамыту. Бірақ оны бірден жүзеге асыру мүмкін емес, бірінші кезеңде тек демографиялық қарқыны жоғары тілдер дамытылады. Сонымен қатар әлемдік тілдердің кеңінен қолданылуына да назар аударылады. Өкінішке қарай, Қазақстан Республикасында алты әлемдік тілден ( ағылшын, араб, қытай, орыс, испан, француз ) тек ғана ағылшын, орыс тілдері ғана өрістеп дамып келе жатыр. Орыс тілі заң жүзінде мемлекеттік тіл болмағанымен, оны үйренуді міндеттеген арнаулы қаулылар 1948, 1961, 1978, 1983 жылдарда қабылданған . Осындай саясаттың нәтижесінде ұлттық-орыс қостілділігі дамыған. Қазіргі заманда қазақ тілі үстем даму үстінде, өйткені ол - мемлекеттік тіл, Қазақстан Республикасының коммуникативтік жүйесінің негізгі компоненті. Б. Хасанұлы қазіргі заманда қазақ тілі қазақстандықтарды біріктіруші факторға айнала бастағанын айтып, осы мәселенің күрделілігіне назар аударады. Сонымен қатар, қазақ тілін ұрпақ тіліне айналдыру, ғалымның айтуынша, одан да гөрі күрделілеу мәселе болып отыр, өйткені қазақтар өзінің төл тілін білу-білмеу деңгейі жағынан біркелкі емес, олар бірнеше топқа, яғни қазақ тілін ана тілі дәрежесінде білетіндер, қазақ тілін екінші тіл ретінде білетіндер, сөйлегенде қиналып, орысша араластырып сөйлейтіндер, қазақ тілінен бейхабар, мүлдем білмейтіндер, сонымен қатар қазақ тілін білсе де, ресми орындарда сөйлемейтіндер, сөйлесе де қазақ тілі тағдырына немқұрайлы қарайтындар болып бөлінеді [6, 7-8] . Б. Хасанұлы «Мемлекеттік тілді дамытудың стратегиясы және оны жүзеге асырудың аймақтық тактикасы» атты еңбегінде Қазақстан халқының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арнайы кестемен келтірген (№1 қосымша) . Осы кестеде келтірілген статистикалық мәлімет бойынша, қазақ тілін төл тіл ретінде меңгерген қазақтардың саны - 7933626 мың адам. Ал нашар меңгергендердің саны 113658 мың адамнан аспайды [6, 41] .

«Жаһандану ұлттар тағдырына нақты қауіп төндіруде. Жыл сайын екі ұлттың бірі 10 мың, 4 ұлттың бірі 1 мың өз тілінде сөйлейтіндерден айырылып жатыр. XXI ғасырдың аяғында жаһандану апатынан 600-ге жуық қана ұлт аман қалады деген болжам бар» - деп, мәжіліс депутаты А. Айталы осы мәселеге ерекше көңіл бөлген [10] . 1999 жылғы санақ бойынша қазақтардың 99, 6 пайызы қазақ тілін ана тілі деп санаған [9] .

1991 жылы қазақ мектебінде оқитын оқушылардың саны 32, 2 пайыз құраса 2005-2006 оқу жылдарында 57, 4 пайызға дейін көбейген. 1990 жылы қазақ балаларының 60 пайызы ғана ана тілінде оқыса, 2006 жылы 80, 8 пайызды құрады, басқа ұлттардың 18 мың өкілі қазақ тілінде білім алуда. 40 мың қазақ баласы орыс бала-бақшаларында тәрбиеленуде. 2006 жылдың 1 қаңтарына мемлекеттік қызметкерлердің 80, 7 пайызын қазақтар құрады [10] . Қазақ тілін дамыту үшін 1989 [11], , 1997 [7] жылдары «Тілдер туралы» заңдар және тілдерді дамытудың 2001- 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарламада тілді дамытудың қажеттілігі көрсетіліп, қазақ тілінің дамуына жағдай жасау үшін оны дамытудың бес басым бағыты көрсетіледі [12] .

Осы заң баптарының мазмұны мемлекеттік тілдің қоғамдық шеңберін кеңейтіп, оның барлық салаларда кеңінен қолданылуын қамтиды. Қазақ және орыс тілдері, беделді, әрі мәртебелі тілдер болып саналады. Орыс тілі халықаралық дәрежеде және ресми түрде биік мінбелерде қолданылады, ал қазақ тілі - Қазақстанның заңды түрде бекітілген мемлекеттік тілі. Қазақ тілі ұлтаралық тілдің қызметін пайымдайды. Қазақ тілі - мажоритарлық тіл. Осы тіл Қазақстан кеңістігінде басты да маңызды қоғамдық салаларда (публицистика, саясат, БАҚ, өндіріс, сауда) қолданылып, өзінің қоғамдық қызметтерін қарқынды түрде дамытып келеді. Осы бағыттағы тілдік стратегияны, тактиканы қайта қарауға белгілі ғалымдар белсенді түрде қатысып отыр. Айталық Б. Хасанұлы қазақ тілін өрістету үшін келесі стратегияларды ұсынады: 1) қазақ тілін қазақстандықтарды біріктіруші факторға айналдыру; 2) қазақ тілін ұрпақ тіліне айналдыру; 3 ) қазақ тілін ұлтты ұйымдастырушы факторға айналдыру; 4) этнос (қазақ төл) тілінің толыққанды (сапалы) қолданысын қамтамасыз ету [6, 7 - 10] .

Қазақ тілі ұлттық тіл ретіндегі қызметімен қатар комплементарлық, яғни қосымша қоғамдық функцияларды орындайды. Мемлекеттік тілдің қосымша функциялары төмендегідей: 1) халықаралық қарым-қатынас түрінде қолданылатын ұлтаралық тіл. Осындай тіл полиэтникалық алмасу қызметін атқарады; 2) жаһандану жағдайындағы қоғамдық қызметі. Қазақ тілі ішкі ұлтаралық тілдің функцияларын орындауымен қатар халықаралық, қоғамдық қызметті орындай бастады; 3) әкімшілік мұқтаждығына қызмет ететін басқарушылық функция; 4) аккумулятивтік қызмет. Бұл тіл өз құрамында үлкен көлемдегі ғылыми -техникалық, саяси - қоғамдық ақпаратты сақтайды [13] . Осы негізгі тілдерімен қатар Қазақстан Республикасында тағы да бірталай тіл қарым-қатынас қызметін орындайды. Солардың ішінде 14 тілдің қоғамдық функциялары дамыған. Олар: украин, түрік, ұйғыр, дүнген, неміс, поляк, корей, татар, шешен, күрд, чуваш, армян, әзірбайжан, иврит тілдері. Осы тілдер де қоғамдық функциялар атқарады. Өкінішке қарай, олар тек келесі инструменталдық функцияларды, яғни көркем әдебиет тілі, бастауыш, орта, жоғары білім беретін тілдік қызмет; күнделікті тұрмыстық деңгейдегі тіл, өнер саласында қолданылатын тілдік функция т. б. атқарады. Осы тілдермен қатар Қазақстан полиэтникалық кеңістігінде француз тілі де бірталай қоғамдық қызметтерді орындайды. Бұл тілдің қоғамдық функциялары көбінесе білім және көркем-әдебиет салаларында қарқынды түрде дамып отырғанын байқауға болады. Сонымен қоса, қазіргі кезде қазақ-француз қостілділігі де белсенді түрде дамып келе жатыр. Қазақстанда осы аталған қостілділіктің түрі және француз тілінің қоғамдық қызметтерінің дамуына себеп болған бірнеше факторларды атауға болады: 1) француз тілі - әлемдік тілдердің бірі. В. Г. Гак « Француз филологиясына кіріспе» атты еңбегінде француз тілінің халықаралық маңызын көрсетіп, оның Европада және Европадан тыс мемлекеттерде кең тарағанын дәлелдеген [14] . Бұл тіл БҰҰ-ның және ЮНЕСКО, Халықаралық сот, әлемдік метеорологиялық ұйым, әлемдік зияткерлік меншілік ұйымы, Атом энергиясы халықаралық агенттігі сияқты т. б. 30 маманданған мекемелердің ресми іскери тілі. Француз тілі сонымен қатар әлемнің бүкіл халықаралық кеңесінің, әлемдік еңбек конфедерациясының, халықаралық олимпиадалық комитетінің, т. б қызметтік тілі. Француз тілі халықаралық тілдердің қызметін орындайды [15] . Б. Хасанұлы халықаралық тілдердің келесі белгілерін атайды: « Халықаралық тілдің бірнеше белгісі болуы шарт. Біріншіден, олардың өзіндік қоғамдық қызметі, мысалы, білім таратуда ортақ тіл бола алуы, дипломатия, халықаралық сауда, көлік, туризм тілі қызметін атқаруы тиіс. Екіншіден, ол тілдің ел-елде саналы түрде үйренілуі және қолдану фактісі болуы керек. Атап айтқанда, ол шетел тілі пәні ретінде мектептер және жоғары оқу орындарында міндетті түрде оқытылуы қажет. Әлбетте, үшіншіден, сандық фактор ескеріледі. Аталған тілдерде сөйлеушілер саны мейілінше көп болып келуі қалыпты жағдай. Сөйлеушісінің санына қарай, алғашқы екі орынды қытай, ағылшын тілдері алады, қалғандары сонан кейінгі орындарда » [3, 65] . Француз тілі осы Б. Хасанұлы көрсеткен халықаралық тілдердің белгілеріне ие. Ол білім таратуда ортақ тіл болып, білім беру қызметін орындаумен қоса, дипломатия, халықаралық сауда, көлік, туризм тілі қызметін атқарып отыр. Осы тіл басқа елдерде де саналы түрде үйреніледі, себебі француз тілін білу адамдардың әлеуметтік қажеттілігінен туындайды. Үшіншіден, француз тілінде бүкіл әлемде 119 миллионға жуық адам сөйлейді. Француз тілі - Франция, Бельгия, Швейцария Конфедерациясы, Канада, Гаити, Монако, Люксембург, Андорра елдеріндегі, сол сияқты Африканың да көптеген елдеріндегі ресми тіл. Француз тілінің Еуропада және Еуропадан тыс жерлерде дамуын, Француз империясының орнығуын тарихи қырынан зерттеген В. Г. Гак өзінің: «Француз филологиясына кіріспе» атты кітабында ғылыми тұрғыдан талдап берді. 1946 жылдан бастап француз колониалдық империясы күйрей бастады: 1946 жылы француз әскері Сирия мен Ливаннан кетті, 1946-1954 жылдардағы Вьетнам халқының империяға қарсы көтерілістері француз әскерін өз жерінен қуып шығумен аяқталды. 1953 жылы Камбоджа, 1954 жылы Лаос, Индияның Пондишери және басқа қалалары, 1958 жылы Гвинея, 1962 жылы Алжир колониядан азат болып, өз тәуелсіздіктерін алды. 1960 жылы Того, Камерун, Судан, Конго, Чад, Орталық Африкалық республикасы, Габон, Мавритания, Дагомея, Буркинг Фасо, Нигер, Піл сүйегінің жағалауы (қазір Кот д-Ивуар), 1975 жылы Комор бұғаздары, 1977 Сомали тәуелсіздіктерін жариялады [14] . Осыған байланысты француз тілі XIX- ғасырға қарағанда күшін жойып, ағылшын тілімен бәсекелестікке түсе алмай қалды. Француз тілінің әлемдегі мәртебесін көтеру үшін Францияның сыртқы істер министрлігі жанынан франкотілдері министрлігі құрылды [15] . Белгілі шығыстанушы, қазақ ауыз- әдебиетінің жанашыры Ф. В Радлов өткен ғасырдың басында: «Әлем тілдерінің ішінде мен үш тілді ұлы тіл деп білемін. Ол орыс, француз, қазақ тілдері», - деген [16] . Осы тіл сыртқы қарым-қатынасты жүзеге асыруға ыңғайланған. Бүкіл франкотілді мемлекеттердің тіл саясатының орталығы Франция болып табылады. Францияның ресми өкіметі мен қоғамдық мекемелері француз тілін халықаралық алты тілдің бірі ретінде санап, елдің тілге байланысты ішкі мәселелеріне маңызды міндеттер тұрғысынан қарайды. Франциядағы тілдік жағдай өте күрделі. Қазіргі француз тілінің тазалығын сақтауға Францияда үлкен мән беріліп отырғандығы белгілі. Франция үкіметі жанындағы француз тілді елдердің өкілдерінен тұратын орган француз тілі терминологиясын ретке келтіру жұмыстарын жүргізіп, конференциялар өткізіп, 1971 жылдан бастап «Француз терминологиясы» және «Сөз кілті» сияқты журналдар шығарып отыруы соның айғағы [17] . Француз халқы 1789-1794 жылғы француз революциясынан бері ресми тіл ретінде тек француз тілін көргісі келеді, сол себепті ішкі тіл саясатының мақсаты өз елінде де, өзге елдерде де француз тілінің үстемдігін арттыру болып табылады [15] . Соған байланысты соңғы он жылда тілге байланысты мынадай заңдар қабылданды: 1) 1972 жылы «Француз тілін байыту туралы» заң; 2) 1975 жылы «Француз тілін қолдану туралы» заң. Соңғы заң ресми іс жүргізуде фирмаларға ағылшын-американдық атауларды пайдалануға тыйым салды. Бұл заңдарда француз тілінде басқа тілден енген сөздерді қолданбау туралы айтылған. Бельгияда да, Канада да, Швейцарияда да Францияға қарағанда басқа тілдермен бәсекелесе алатын тіл туралы тілдік заңнамалар қабылданған. Швейцарияда 4 тіл, яғни неміс, француз, итальян, реторамант тілдері ресми тіл ретінде қолданылады, алдыңғы үшеуі мемлекеттік статусқа ие. Бельгияда 1830 жылғы конституция бойынша мемлекетішілік шекара тілге байланысты үшке бөлінген (француз, фламанд, неміс аумақтары бар) . Канада да 1867 жылғы конституцияда француз тілі ағылшын тілімен бірге ресми тіл делінген. Соның ішінде Квебек, Жаңа Броусвиктегі халықтың дені франкоканадалықтар болғандықтан, француз тілінде сөйлеседі. Осы заңдарды шығарудың өзінен мемлекеттік биліктің тілге қаншалықты мән беріп, қолдау көрсететінін аңғаруға болады [18] . Француз тілі Қазақстан кеңістігінде де дипломатиялық сферада халықаралық тіл ретінде кең қолданылады. Осындай халықаралық тілдерде халықаралық келісімдер, шарттар жасалынуда, дипломатиялық қатынастарда кең қолданылуы заңды түрде бекітілген. Тіл туралы заңның «Тіл- халықаралық қызметте» бабында былай деп жазылған: «Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен ҚР халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктерінің қызметі мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда басқа да тілдерде пайдаланып жүзеге асырылады. Екіжақты халықаралық шарттар, әдетте, уағдаласушы тараптардың мемлекеттік тілдерінде жасалады, көпжақты халықаралық шарттар оған қатысушылардың келісімімен белгіленген тілдерде жасалады. ҚР басқа мемлекеттер өкілдерімен өткізілетін ресми қабылдаулар мен өзге де шаралар басқа тілдерге аударылып, мемлекеттік тілде жүргізіледі. » [7] . Қазақ тілі туралы француз тілінде жазылған зерттеулердің ішінде шоқтығы биік, ең сүбелісі - Г. Клапрот еңбектері. Ол ең алғаш қазақ тілі жайлы арнайы мақала жазып, французша-қазақша сөздік құрастырған [19] . 1824 жылы Г. Клапрот Азия туралы жазған үш томдық еңбегінде, 1825 жылы «Қоқанға саяхат» атты мақаласында Петропавл арқылы қазақ жерінде болғаны, қазақтардың мекендейтін жерінің аумағы, ұлттық тағамы, үш жүзге бөлінетіні, діні, кару-жарағы, үйлену дәстүрі, киіз үй жабдықтары, аңшылық шеберлігі, құн төлеу, бәйге жарысы туралы мәлімет қалдырған. Француз ғалымы Ш. Э. Уйфальви Ресейге, Сібір мен Түркістанға ұйымдастырылған экспедицияны 2 рет басқарып барған. Ол Қазақстанның Шымкент, Сауран, Түркістан, Жаңақорған, Алматы елді мекендерін, Арал теңізі мен Орал тауын аралап, зерттеу жүргізген. Қазақ жеріне саяхат жасағандардың арасында француз әйелдері де болған. Мысалы, Мари де Уйфальви- Брудон қазақ жерін аралап, алған әсерлерін жазып қалдырған, Карла Серена Астрахань жерлерін маңында болып өзінің бес бөлімнен тұратын « Даладағы жалғыз жан» деген еңбегінде қазақ халқының көшпенді өмірі, Бөкей ордасы, қазақтардың басқару жүйесі, салт-дәстүрлерінен деректер келтірген. Француздың тағы бір әйелі, виоленчелист Лиз Кристани «Батыс Сібірге саяхат» атты шығармасында қазақ халқы жайлы мәлімет бар. Спорт саласына келсек, 1911 жылы Парижде француз палуаны Жан Сабатьені жеңген, французша күрестен әлем чемпионы, халқымызда күш атасы атанған, жауырыны жерге тимеген әйгілі Қажымұқан Мұңайтпасовтың орны бір бөлек [20, 65-66] . Сурет саласындағы табиғатты бейнелеу дегенге үзілді-кесілді тиым салынған елдің баласы сауатын ашып үлгірмей жатып, ересен еңбегімен әлемге танылып, тек қана Кеңес Одағы емес, арнайы шақырумен Париж бен Нью-Йоркта ұйымдастырылған көрмелерге өз жұмысын апарған Орал Таңсықбаевты атауға болады [21] . Ал саясатқа келетін болсақ, Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті өкілі саяси және қоғамдық қайраткер, 20 жыл өмірін елден жырақ, Францияда өткізген өз еліне деген махаббаты үшін Кеңес өкіметі тарапынан қудаланған, Еуропадағы қазақ саяси эмигранттарының бірегейі, екі алпауыт идеологияның, «фашизм» мен «коммунизм» бәсекелестігінің құрбаны, «ұлтшыл», «халық жауы» деген жалған ат таңылып, елден кетуге мәжбүр болған Мұстафа Шоқайдың орны бір төбе. Егемендігімізді алғаннан кейін, Қазақстан мен Франция елшіліктерінің келісімімен М. Шоқайдың еңбектері мен жеке хаттарының фотокөшірмелері туған жеріне қайтарылды. М. Шоқайдың өмірі мен қызметін зерттеуде тарихымызға орасан зор еңбегін сіңірген, 1993-2000 жылдар аралығында Қазақстан елшілігіндегі дипломатиялық қызметімен қатар Түркістан легионының қайғылы тарихын алғаш рет шетел мұражайларының деректеріне сүйене отырып зерттеумен айналысқан, филология ғылымының кандидаты, доцент, ұзақ жылдар Алматы шет тілдері институтында дәріс берген Б. Садықованың төменде аталған еңбектерінің болашақ ұрпақты патриотизмге тәрбиелеудегі маңызы зор. Олар: Мәрия Шоқай «Мен сіздерге Ножаннан жазып отырмын» еңбегі [22], Түркістан легионының тарихы (деректі мәліметтер бойынша) [23] . 1998 жылы түсірілген «Зар немесе Отанынан аластатылғандар» атты деректі фильм, француз кинематографистерінің қатысуымен түсірілген «Бір уыс топырақ үшін» деректі фильм (1994 жыл) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тілдік сәйкестіліктің орнығуындағы ана тілінің маңызы
Қостілділіктің ежелгі бастаулары
Ана тілінің көптілділік ортада ұлттық кодты сақтаудағы рөлі
ТІЛДІК СӘЙКЕСТІЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Тілдік қасиеттеріне байланысты студенттердің өзін - өзі сәйкестендіруі
Телерадио саласындағы тілдік сәйкестіліктің көрінісі: социолингвистикалық талдау
Тіл таңдау және оның қолдану салалары: социолингвистикалық талдау
Ұлы даланың ұлтаралық тілі: көркем сөйлеу негізі
Тілдік жағдаяттың бірнеше типологиялық түрі
Микроәлеуметтік қауымдастықтағы қазақ, орыс тілдерінің қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz