Өсу реттегіштерінің жеттіктіргіштегі жүзім көшеттерінің өсіп-дамуына әсерін зерттеу



Кіріспе
1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1.1 Жүзім құндылығы және ерекшелігі
1.2 Фитогормондар туралы жалпы мағлұмат
1.3 Гиббереллиндердің жалпы сипаттамасы және жүзім өсімдігіне әсері
1.4 Цитокининдердің жалпы сипаттамасы және жүзімнің өсуі, дамуы мен жеміс салуына әсері
1.5 Жүзім шаруашылығында физиологиялық белсенді заттарды пайдаланудың экологиялық аспектілері
2 тарау Негізгі эксперименттік бөлім
2.1 Бағдарлама, әдістеме және зерттеу нысаны
2.2 Жүргізілген зеттеулердің топырақ.климаттық жағдайы
2.3 Зерттеу нәтижелері
2.4 Жүзім сорттарын өсірудің экономикалық тиімділігі
3 Еңбек қорғау
Қорытынды
Жүзімнің қалемшелері мен көшеттерін отырғызғаннан кейінгі кезеңде тездетіп бейімделу жағдайларын дәстүрлі әдістермен шешу мүмкін емес. Өсімдіктерді жерден жәй қазып алғанның өзінде жерүсті бөлігі мен тамыр жүйесі арасындағы тепе-теңдік түбегейлі бұзылады, мұнда тамырлардың шырпылып сынуымен қатар топырақпен байланысы бұзылады. Отырғызғаннан кейінгі кезеңде тамырдың ең белсенді бөліктерін, тамыр шашақтарын және өсіп жатқан бөліктерінің тіршілігін қайта қалпына келтіру үшін көбіне 2-3 апта уақыт кетеді. Тамыр жүйесінен басқа жерұсті бөліктерінің физиологиялық белсенділігінде де айтарлықтай өзгерістер жүреді. Өсуге ұмтылған өркендер өсімдікте бар қордағы пластикалық заттарды қолданады, ол оны әлсіретеді және талшықтардың физиологиялық белсенділігін бұзады. Бұл кұй ұзаққа созылатын болса өсімдіктің өсуі мен дамуын тежейтін және олардың тауарлық өнім салуын кешеуілдедтетін талшықты жұйенің прогрессивті және қайтымсыз қартаюы басталуы мүмкін. Отырғызылғаннан кейінгі срессті болдырмаудың технологиялық шешімі отырғызу материалдарын тамыры жабық жұйеде өсіру, отырғызғаннан кейінгі әртүрлі кезеңдерде өсу реттегіштерін қолдану болып табылады. Мұнда өсімдіктерді қазып алу, оларды отырғызғаннан кейін сақтау, отырғызудың өзі және отырғызғаннан кейінгі бірінші кезең кіреді.
Физиолого-биохимиялық белгілерін жақсарту арқылы отырғызғаннан кейінгі стрессті болдырмау мақсатында өсімдіктерге осылайша тұйыкталған айналмалы жұйеде әсер ету осы кезге дейін әлі зерттелмеген. Сондықтан да отырғызғаннан кейінгі срессті және де бұл процесске өсу реттегіштері мен антиоксиданттар көмегімен позитивті әсер етуді бағалау үшін физиологиялық белгілерді таңдау өте актуалды деп айтуға болады
1. Смирнов К.В., Малтабар Л.М. Виноградарство – М, 1998, С 11.
2. Жуков А.И. Гордеев В.Н. Виноградарство – М, 2006, С 4-5.
3. Раджабов А.К. Матузак Н.В. Виноградарство – М, 1994, С 9.
4. Аяпов К.Ж., Мажитова Р.С. Жүзім шаруашылығы. Оқу құралы. 103 бет. Алматы. Қазмемагру., 2001. 96 бет
5. Кефели В.И. Торможение роста и развития в онтогенезе растений //Гормональная регуляция онтогенеза растений. –М: «Наука - 1984. С.101-104
6. Саркасов М.М. Значение регуляторов роста в процессах вегетативного размножения, рост и плодоношения виноградной лозы и плодовых пород: Автореферат дисс. док-ра биол. Наук. Ереван, 1973. С 45.
7. Муромцев Г.С., Агнистикова В.Н. Гормоны растений гиббреллины. М: 1984, С. 270.
8. Чайлахян М.Х., Саркасов М.М. Регуляторы роста у виноградной лозы и плодовых культур. Ереван: изд-во АН Арм ССР, 1980. С. 188.
9. Мананков М.К. Физиология действия гиббереллина на рост и генеративное развитие винограда. Автореферат дисс. Докт биол. Наук. Киев, 1981. С. 32.
10. Гамбург К.З. О возможных связах действия гиббереллина с обменом нуклеиновых кислот. //Регуляторы роста растений и нуклеиновый обмен, М.:наука, 1965. С. 48-65
11. Калинин Ф.Л. Биологически активные вещества в растениеводстве. Киев: наукова думка, 1984. С. 315.
12. Мананков М.К. Влияние гиббереллина на некоторые физиологические процессы винограда. //Физиология и биология культурных растений, 1975. Т.7 – вып.3. С. 301-305.
13. Чайлахян М.Х. Гормональная регуляция роста и развития высших растений. //Успехи современной биологии. 1982. Т.93. С. 23-24
14. . Болгарев П.Т., Мананков М.К. Влияние гибберелиновой кислоты на отдельные органы виноградного растения. //Гиббереллины и их действие на
растения. М.1983. с. 245-252.
15. Плакида Е.К., Габович В.И. Применение в виноградарстве – Киев: «урожай»- 1984. С. 102.
16. Рункова Л.В., Верзилов В.Ф. Управление процессами роста и развития гелениума с помощью регуляторов роста. //Фитогормоны и рост растений. М.: 1987. С. 57-67
17. Никель Л.Д. Регуляторы роста растения (перевод с английского) М.: Колос. С. 190.
18. Шаги Ф. Химическая регуляция плодоношения садовых культур реферативный обзор. //Международный с.-х. журнал. 1987. С. 110-112
19. Фурса Д.И. Погода, орошение и продуктивность винограда. //Гидрометеоиздат Ленинград. 1977. С. 69-82
20. Батукаев А.А.Реакция семенных сортов винограда различных эколого-географических групп на обработку гиббереллином. Дисс. На соиск№ уч№ канд.с.-х. наук: М.: 1987. С. 112.
21. Смирнов К.В., Раджабов А.К. Эффективность совместного применения хлорхолихлорида и гиббереллина на бессемянных сортах винограда в зависимости от уровня водно-питательного режима. //Новые приемы возделывания плодовых растений: сб. Научн.трудов М. 1981. С 32-38
22. Смирнов К.В., Саленков С.Н. Состояние и перспективы применения гиббереллина на бессемянных сортах винограда. //Виноделие и виноградарство. 1982. 4. С. 34-37.
23. Смирнов К.В., Раджабов А.К., Саленков С.Н. Применение регуляторов роста в виноградарстве Узбекистана. //пути интенсификации виноградарства.сб.научн.трудов. М.1993. С.57-60
24. Кулаева О.Н., Влияние корней на обмен веществ листьев в связи с проблемой действия на лист кинетина.//Физиология растений. 1982. Т.9. вып. 2. С. 229-239.
25. Кулаева О.Н. Цитокинины, их структура и функции. –М: наука. 1983. С. 263.
26. Левит Т.Х., Козьмик Р.А., Барышок В.П., Воронков М.Г. Влияние мивала на компонентный состав белков виноградной лозы в условиях закалибания. //Засухо- и морозоутойчивости растений. Кишинев 1996. С. 75-86.
27. Шевелуха В.С., Блиновский И.К. Состояние и перспективы исследований и применения фитогормонов в растениеводстве. //Регуляторы роста растений. М.1990. с. 6-35.
28. Блиновский И.К., Калашников Д.В. /Пути повышения эффективности и экологической безопасности применения ретардантов в плодоводстве. Москва. 1991. С.46-47
29. Учеты и наблюдения, анализы, обработка данных в опытах с плодовыми и ягодными растениями. Умань.Уманское СХИ, 1987. -115 с.
30. Программа и методика сортоизучения плодовых, ягодных и орехоплодных культур. –Мичуринск: 1973. -494 с.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Жүзімнің қалемшелері мен көшеттерін отырғызғаннан кейінгі кезеңде
тездетіп бейімделу жағдайларын дәстүрлі әдістермен шешу мүмкін емес.
Өсімдіктерді жерден жәй қазып алғанның өзінде жерүсті бөлігі мен тамыр
жүйесі арасындағы тепе-теңдік түбегейлі бұзылады, мұнда тамырлардың
шырпылып сынуымен қатар топырақпен байланысы бұзылады. Отырғызғаннан
кейінгі кезеңде тамырдың ең белсенді бөліктерін, тамыр шашақтарын және өсіп
жатқан бөліктерінің тіршілігін қайта қалпына келтіру үшін көбіне 2-3 апта
уақыт кетеді. Тамыр жүйесінен басқа жерұсті бөліктерінің физиологиялық
белсенділігінде де айтарлықтай өзгерістер жүреді. Өсуге ұмтылған өркендер
өсімдікте бар қордағы пластикалық заттарды қолданады, ол оны әлсіретеді
және талшықтардың физиологиялық белсенділігін бұзады. Бұл кұй ұзаққа
созылатын болса өсімдіктің өсуі мен дамуын тежейтін және олардың тауарлық
өнім салуын кешеуілдедтетін талшықты жұйенің прогрессивті және қайтымсыз
қартаюы басталуы мүмкін. Отырғызылғаннан кейінгі срессті болдырмаудың
технологиялық шешімі отырғызу материалдарын тамыры жабық жұйеде өсіру,
отырғызғаннан кейінгі әртүрлі кезеңдерде өсу реттегіштерін қолдану болып
табылады. Мұнда өсімдіктерді қазып алу, оларды отырғызғаннан кейін сақтау,
отырғызудың өзі және отырғызғаннан кейінгі бірінші кезең кіреді.
Физиолого-биохимиялық белгілерін жақсарту арқылы отырғызғаннан
кейінгі стрессті болдырмау мақсатында өсімдіктерге осылайша тұйыкталған
айналмалы жұйеде әсер ету осы кезге дейін әлі зерттелмеген. Сондықтан
да отырғызғаннан кейінгі срессті және де бұл процесске өсу реттегіштері
мен антиоксиданттар көмегімен позитивті әсер етуді бағалау үшін
физиологиялық белгілерді таңдау өте актуалды деп айтуға болады. Оларды
жабық тамырлы жүйеде көшеттерді өсіру сияқты ең прогрессивті технологиялық
жағдайларында пайдалану жеміс дақылдары өсімдіктерінің отырғызғаннан
кейінгі өсу және даму, олардың генеративті даму фазасына тездетіп өту және
тауарлық жеміс сала бастау процестерін белсенді түрде бақылауға мүмкіндік
туғызады.
Зерттеу мақсаты – өсу реттегіштерінің жеттіктіргіштегі жүзім
көшеттерінің өсіп-дамуына әсерін зерттеу.
Міндеттері
- вегетация бойы көшеттердің өнгіштігіне және дамуына химиялық өсу
реттегіштерінің әсерін анықтау;
- химиялық өсу реттегіштерінің өсімдіктің жерүсті бөлігіне және
тамыр жүйесіне әсерін зерттеу;
- жүзім жеттіктіргішінде биофизикалық белсендіргіштерді қолданудың
тиімділігін анықтау;
- жүзім көшеттерін өсірудің экономикалық тиімділігін анықтау.

1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

1.1 Жүзім құндылығы және ерекшелігі
Жүзім – аса бір құнды диетикалық және азықтық өнім болып саналады.
Жүзімнің жидектері дәрумендерге (А, В1,В2, В6, РР және басқалары),
минералды заттарға (калий, натрий, кальций, магний, фосфор, күкірт) жне
микроэлементтерге (темір, мыс, қорғасын, алюминий, хлор, йод және басқа да)
бай болып келеді. Жүзім жидектерінде болатын глюкоза мен фруктоза адам
ағзасына жеңіл сіңіп, зат алмасуға тез қосылады. Органикалық қышқылдар
(шарап, алма, лимон, қымыздық және басқа) асқазансөлінің секрециясына
белсенді әсер етіп, асқазан мен ішек қызметін күшейтеді. Пектинді заттар
қанды қалпына келтіріп, ағзадағы зиянды тұздардың жойылуына әсер етеді,
сондай-ақ ағзадан радиоактивті заттарды шығаруға қабілетті [1, 2].
Өзінің құнды қасиеттеріне байланысты жасаң асханалық жүзім емдік
мақсатта пайдаланады. Ампелотерапияда (жүзіммен емдеуде) ХІХ ғасырдың
өзінде қолданыла бастады [3].
Жүзімлі тек жасаң күйінде ғана емес, сондай-ақ өңделген күйінде де
пайдалануға болады. Жүзімнен дайындалатын азықтық тағамдардың ассортименті
50-ден асады.
Жүзім жидектерінің энергетикалық құндылығы қанттылығына байланысты 700-
1200 к калкг құрайды, ал бұл өрікте – 580, алмада – 550 калкг ғана.
Күніне 1 кг жүзімді тұтыну арқылы адам өзіне қажетті энергияның 30%-ын
алады. 1993 жылы 467 мың т жүзім (орташа өнімділігі 45,4 тга құрады)
алынды [2,3].
Топырақ-климаттық жағдайлардың алуан түрлілігі, солтүстік аудандарды
жасаң өнімдермен қамтамасыз ету т.б Қазақстан Республикасында жүзімді
өсіруді көбейтуге мүмкіншіліктер береді. Сан ғасырлар бойы қалыптасқан
тәжірибе Қазақстан жағдайында түрлі пісу мерзімдеріндегі жүзімдерді өсіруге
мүмкіндік береді.алайда асханалық жүзімнің үлестік мөлшері өте төмен
(шамамен 15%) және олар айтарлықтай дәрежеде сортқоспаларға айналған. Ары
қарайғы асханалық сорттардың сортиментін арттырумен қатар, олардың
өнімділігі мен жидектерінің сапасын арттыруға әсер ететін тәсілдер мен
жолдарды іздестірудің өзектілігі жоғары [3,4].
1.2 Фитогормондар туралы жалпы мағлұмат
Өсімдіктердің өсу реттегіштері немесе өсіру заттары ретінде әдетте
өсімдіктердің бір бөлігінде аз мөлшерде пайда болып, оның басқа жеріне
тасымалданады да, арнайы өсіруді болдырады немесе пішін қалыптастыру әсерін
беретін табиғи немесе синтетикалық жолмен алынған физиологиялық белсенді
қосылыстар деп түсінеді [5].
Фитогормондар өсімдікке әртүрлі әсер етеді: бөлінуді, өсуді,
клеткалардың дифференцияциясын қадағалайды, негізгі тіршілік қызметі
үрдістеріне әсер етеді, ағзалар мен мүшелердің корреляциясын реттейді.
Өсімдіктегі өсу және даму үрдістерін реттеу нақты жағдайларға байланысты
оның генінде болатын гендік ақпаратты ешқашан да толығымен пайдалана
алмайтындығымен, тек бір бөлігі ғана пайдаланатындығымен байланысты. Реттеу
механизмдері ретінде сыртқы факторлардың қайсысы да болуы мүмкін, мысалы
гормондар.
Фитогормондарды классификациялауда авторлар түрлі көзқараста. Сонда да
барлық фитогормондарды екі топқа бөлуге болады: а) стимуляторлар және б)
өсуді тежегіштер.
Бірінші топқа өсімдік жасушасының созылуын тудыратын ауксиндер,
өсімдік жасушасының бөлінуін, олардың созылуын, сондай-ақ басқаларын
демейтін гиббереллиндер жатады. Жасушалардың бөлінуін аз мөлшерде
пайдаланылатын цитокининдер де демейді.
Тежегіштер өсімдікте болтаны физиологиялық немесе биохимиялық
үрдістерді басып тастайтын немесе кешеуілдететін көптеген фитогормон-дарды
ұсынады. Эндогенді (өсімдіктің өзінде синтезделетін) өсу реттегіштерін
зерттеумен қатар ғылыми зерттеулерде синтетикалық өсу реттегіштеріне де өсу
реттегіштеріне де көп көңіл бөлінуде.
Никелл (1984) өсімдіктегі 20 шақты түрлі физиологиялық үрдістерді
реттеуде жоғары әсер беретін ауыл шаруашылығында қолданылатын 175
препаратты атайды. Барлық өсу реттегіштері (табиғи және синтетикалық
органикалық қосылыстар) аз мөлшердің өзінде өсу мен дамуға көп өзгерістер
тудыруға, сондай-ақ оларды реттеуге қабілетті. Өсу реттегіштерінің өзіндік
ерекшеліктері ретінде оның қарапайым өсіру агротехнологиялары арқылы
реттеуге болмайтын үрдістерге әсер етее алу қабілеттілігін атауға болады.
Көптеген фактілерге ие фитогормондардың өсімдіктің біртұтас гормоналды
жүйесі қызметіне пайдалы тығыз өзара әсер ететіндігін көрсетеді. Бұл
жүйенің жекелеген серкітестерінің өзара әсері жалған және соңына дейін
толық зерттелмеген сипатқа ие.
Өсімдіктің өсуі мен дамуы үрдістерінде өсу реттегіштерінің әсер
етуінің анықталған заңдылықтары байқалған:
1. Әсер етудің мамандануы, химиялық табиғаты мен қызметтік рөлі
ерекшеліктеріне негізделген;
2. Заттың санына байланысты әсері, оның тек санына ғана емес бағытына
да әсер етеді: төменгі концентрациясысында – тежейді, жоғарғысында – өсу
үрдістерін толығымен кешеуілдетеді;
3. Әсер етудің қосарлылығы, яғни сыртқы реттегіштердің әсері ішкі
реттегіштердің барлығына да байланысты;
4. Әсер етудің кешенділігі, бір үрдіске түрлі өсі реттегіштерінің бір
мезгілде әсер етуінің байқалуы және басымдылықтың, синергизм мен
антоагонизмнің пайда болуына соқтырады;
5. Өсу мен даму түрлі үрдістеріне поливалентті әсер етуі (Чйлахян
М.Х., 1982 а,б).
Бір гормонның өзі басқа да жолдармен:
1) гормонның биосинтезі;
2) оның құлдырауы және инактивациялануы;
3) тасымалдануы арқылы әсер етуі мүмкін [6].
Тағыда да бір заңдылық атап қту керек-өсу реттегіштері тек мәдени
дақылдарды өсіруге қажетті факторлардың барлығымен толық қамтамасыз етілген
жоғарғы агротехника жағдайында ғана өсімдікте оң әсер береді.
Өсу мен дамудың түрлі үрдістеріне өсу реттегіштерінің әсерінің
кешенділігі мен поливаленттілігін ескере отырып, табиғаты мен әсер теу
механизмдері әр түрлі өсу реттегіштерін бірге қолданудың жүзімнің тұқымдық
сорттарына әсері барынша тиімді болатындығын күтуге болады.
1.3 Гиббереллиндердің жалпы сипаттамасы және жүзім өсімдігіне әсері
Гиббереллиндер құрылысы бойынша терациклды карбон қышқылдары топтарына
жақын, дитернойдтар класына жатады. олар жоғарғы және төменгі
өсімдіктерден, бактериялардан табылған. Гиббереллиндердің жасушаға әсері
көп түрлі және олардың құрылымының мамандануы мен жасушаның физиологиялық
күйіне байланысты.
Қазіргі уақытта саңырауқұлақтар мен жоғарғы өсімдіктерден бөлініп
алынған алпыстан астам гиббереллиндер белгілі [7]. Гиббереллин АЗ немесе
гиббереллин қышқылы (ГҚ) барынша кеңінен таралған және тәжірибеде
айтарлықтай пайдаланылады. Гиббереллиндер құрылымының күрделілігі әзірше
оларды химиялық синтездеуге кедергі болуда, сондықтан оны тек
микробиологиялық жолмен ғана алады.
Гиббереллиндер жоғарғы өсімдіктер тіршілігінің маңызды өнімі болып
саналады. Негізінен эмбрионалды ұлпаларда (тамыр мен сабақтың, өсуші
жапырақтардың, қалыптасып жатқан тұқымдардың апексінде) синтезделеді.
Өсімдіктегі гиббереллин саны мен құрамын оның даму үрдістерінде өзгеріп
отырады. Гиббереллиндер өсімдікте үнемі қозғалыста болады, олардың
жергілікті концентрациясы да өзгереді, сондықтан кейде олардың өндірілетін
жерлеріндегі құрамы олар жинақталатын мүшелердегіден төмен болуы мүмкін.
Гиббереллиндердің өсімдікте араластындығы тыңғылықты дәлелден-ген.
Өсімдікте гиббереллиндердің тұтас полярсы араласуының мүмкіндігі, алайда
олар акропетальді араласатындығына көптеген мәліметтер куәлік береді [8,
9]. Вегетативті өсуді демеу – гиббереллиннің ең танымал әсері. Бұл реакция
шөптесін және ағаш тектес өсімдіктерде де байқалады. Гиббереллин тудыратын
өсуді демеу жасушалар созылуының күшеюі мен меристемалық ұлпалардың
митотикалық белсенділігінің жоғарлауынан болады. Экзогенді
гиббереллиндердің барынша күшті өсіргіш әсері өсімдіктің жас, барынша аз
дифференцияцияланған ұлпалары мен мүшелерінде байқалады [10].
Тұқымды сорттардағы гиббереллиндердің әсерінен сабақтардың өсуі
күшейеді. Ал тұқымсыз жүзім сорттарында ол белгісіз мөлшерде ғана өсуді
демейді немесе бақылау нұсқасы деңгейінде қалады [8]. Осы авторлар жүзімнің
барлық сорттарын гиббереллин ерітіндісімен бүріккенде олардың өркендерінің
өсуінің күшейетіндігін, алайда жүзімнің тұқымды сорттарында бұл үрдіс
тұқымсыз сорттарына қарағанда бірдей мөлшермен өңдегенің өзінде жоғары
болатындығын айтады.
Гиббереллиндер меристемалық аймақтың митоздары өркеннің негізгі өсімен
қатар бағытталғандықтан ұзындыққа өсуді күшейтеді – бұл буынаралығы
ұзындығын арттырады [11].
Кеңінен жүргізілген тәжірибе материалдарын талдау гиббереллиндердің
өсуге өсімдіктің систематикалық жағдайы мен физиологиялық күйіне, өсу
жағдайына және гиббереллин мен басқа да факторлардың әсерінен байқалады.
Гиббереллиндердің әсерінен өркендердің өсу ритмінің жыдамдауы,
мұртшалардың барынша күшті дамуы, жапырақ сағақтарының ұзаруы, жоғарғы
жапырақтардың барынша ашық реңкке боялуы байқалады [12].
Көптеген авторлар барлық жүзім сорттарында жалдар мен жеміс
сабақтарының ұзындығы мен қалыңдығына гиббереллиндердің әсері туралы жазады
[13].
Экзогенді гиббереллиндердің жапырақтарға әсері, оның өркендеріне әсері
сияқты анық жазылмаған. Өңдеудің жеке әсері ретінде – жапырақ пішіні мен
көлемінің, кейде санының өзгеруіжатады. Астық тұқымдастарда гиббереллиндер
жапырақ тақтасы мен қуысының ұзаруын тудырады.
Гиббереллинмен өңдегенде жапырақ тақтасы ауданының артатындығын
көптеген ғалымдар [14, 15] атап кетеді.
Экзогенді гиббереллин көбінесе гүлтабандардың ұзаруын, жапырақтар мен
гүлшоғырлардың артуын тудырады. Осы себептен гиббереллиннің жергілікті әсер
етуі байқалады: тек ол енгізілген гүлдер ғана ұлғаяды. Көптеген тұқымды
жеміс сорттарының гүлтабанадарының ұлғаюы есебінен барынша ірі борпылдақ
жеміс шоғыры қалыптасады [16].
Гиббереллин жүзімнің вегетативті өсуін күшейтуге қабілетті. Оны
дамудың ерте сатысында белгілі деңгейге декйін жоғары мөлшерде пайдалану
күшті әсер етеді.
Ең оңтайлы деңгейге дейін гиббереллин дозасын ұлғайту әдетте демеуші
әсерді көбейтеді. Алайда барынша аз мөлшер салыстырмалы түрде барынша
белсенді болып келеді.
Төменгі мөлшер көбінесе ең жоғарғы әсер үшін жеткілікті болып
саналады, алайда демеу қысқа уақыт болады, барынша жоғары мөлшер оның
реакциясының ұзақтығын жоғарылатады, соның әсерінен өркен биіктігі артады.
Гиббереллиннің әсер етуі оның концентрациясына да байланысты екендігін
жазады. Жоғарғы мөлшер кері стимуляция әсерін береді [8].
Көптеген ғалымдар мәліметтері бойынша жоғарғы концентрациямен
пайдаланылған гиббереллин механикалық ұлпалары көп жалдарды түзеді, соның
нәтижесінде олар майысқақтығын жоғалтады және күшті тұрпайыландырады.
Жүзімнің жеміс салып тұрған түптерін гиббереллиндермен өңдеу кезінде өңдеу
мерзімі мен пайдаланылатын концентрациясына байланыстфы мұртшалардың
морфогенезіне түрлі әсер етеді [17].
Гиббереллиндер жарықта пайда болады, қараңғылық оның бұзылуына әсер
етеді. Гиббереллин мөлшері түрлі фотокезеңді жағдайларда әр түрлі, күн
ұзақтығы үлкен жағдайда жоғары болады.
Тұқымды және тұқымсыз сорттарға гиббереллиндердің түрлі әсер
ететіндігін тұқымсыз сорттардағы өсу үрдістеріндегі басты рөлді
гиббереллиндердің ойнайтындығынан деп болжайды. Рислинг рейнский сортының
әлсіз өсетін өркендерінің препарат әсерінен өсуінің күшейгендігін және
бақылау өркеніне қарағанда күшті өсуімен ерекшеленгендігін мысалға
келтіреді. Өзбекстандағы гиббереллиндерді пайдаланудың көпжылдық тәжірибесі
тұқымсыз жүзім сорттарының өсуі мен пісуіне препараттың оң әсер ететіндігін
көрсетті.
Гиббереллиннің жеміс шоғыр жалдарының анатомиялық құрылымына әсерін
зерттеп, гиббереллиннің жалдардың анатомиялық құрылымына әсері тек өңделген
гүлдер орналасқан бөлігінде ғана өзгереді деген қорытындыға келеді.
Өңделген жағындағы жалдардың көлденең қимасы қалыңдап, ал өзегі мен қабығы
қысқарады. Жидек мөлшері мен жетекші жүйенің жеміс шоғыры жалдарына
гиббереллиндердің жергілікті әсері жидектерінің өсуімен, пластикалық
заттардың түсуі және жалдардың жетекші жүйесімен тығыз байланыс барлығын
айтады. Жүзімнің Горули Мцване, Чинури сорттары жапырақтарын гиббереллиннің
100 мгл концентрауиясымен өңдегенде жапырақ ұлпасы мен жасуша үлкендігіне
әсер еткен (Абрамшвили Т.И., 1963, 1964). Әсіресе бұл өсуінің алғашқы
кезеңдерінде байқалады. Мұнда жапырақ қалыңдығы мен жасуша үлкендігі
артқан. Жапырақ қалыптасуының барынша кеш кезеңдерінде гиббереллин әсері аз
байқалған.
Гиббереллинмен өңдегенде жапырақ тақтасы ауданының артқандығын атап
көрсетеді. Гиббереллин жапырақпен, сондай-ақ буынаралығы арқылы сіңіріліп,
жоғарыға қарай жылжиды. Гиббереллиннің сіңу қатынасы бойынша жақсы
нәтижелер жас жапырақтардың беті мен олардың негіздерінде алынған.
Төбеге жақын орналасқан ең жас жапырақтарға гиббереллинді пайдалану
жақсы әсер береді [16].
Гиббереллин камбийдің қызметін демеп, ксилема мен флоэманың күшті
дамуына апарады, жеміс шоғырының жетекші жүйесін арттырады [18, 19].
Кез-келген ұлпалардың гиббереллинге сезімталдылығы көптеген
факторларға: жарық саны мен сапасына, ұлпаның физиологиялық жасына, басқа
да өсу реттегіштерінің болуына және тағы басқаларға байланысты, ең соңында
мүшенің немесе ұлпаның типі, пайдаланылатын гиббереллин мен оның
концентрациясы да үлкен рөл ойнайды. Жүзімнің тұқымды сорттарында экзогенді
гиббереллин көзшелердегі гүлшоғырлардың дамуына қысым көрсетеді. Мұнда ол
тек гүл бастамасы қалыптасуының алғашқы үрдістерін ғана тежейді. Ал бұдан
кейінгі кезеңде гиббереллинмен өңдеу гүлшоғырдың дамуына еш әсер етпейді
[19].
Экзогенді гиббереллин жүзімнің тұқымсыз сорттарында, сондай-ақ
жүзімнің гүлдері функционалды аналық типті тұқымды сорттарының да
гүлшоғырдың эмбрионалды дамуына кері әсер бермейді [20].
Сонымен бірге гиббереллиннің жидек байлауына әсеріне байланысты
жүзімнің тұқымды сортарына кері, ал тұқымсыз сорттарға оң әсер ететіндігін
мәлімдейді.Көптеген зерттеушілермен бұларға қарама-қарсы нәтижелер алынды
[16].
Бір сорттың өзінің реакциясы қолдану мерзіміне, препарат
концентрациясына және агроклиматтық жағдайдларға байланысты айтарлықтай
өзгеріп отыруы мүмкін [18].
Гиббереллин қызметінің әсер етуі тозаңдану мен жеміс беруге қолайсыз
жағдайларда артады.
Гиббереллиннің жидек көлеміне әсерін қарастыра отырып, оның әсері
ондағы тұқымның бар болуы мен санына тікелей байланысты екендігін атап өту
керек.
Жүзімнің тұқымсыз жидектерінің өсуіне гиббереллиннің демеуші әсері
көптеген зерттеушілерде байқалған.
Тұқымсыз сорттар ішінде гиббереллиннің жидегінің мөлшерін ұлғайтуға
әсерітұқымында рудиментті жоқ кишмиште болған [21].
Көпьеген зерттеушілер жүзімнің тұқымды сорттары жидектерінің мөлшеріне
гиббереллиннің оң әсер етпейтінді деп есептейді. Ал кей зерттеушілер кеш
мерзімдерде гиббереллинді пайдалану арқылы қарама-қарсы нәтижелер алған.
Тұқымды сорттардың ішінде тағы да белгілі заңдылық бар. Көп тұқымды
сорттарда жидек мөлшері гиббереллин әсерінен өзгермейді, ал аз тұқымды
сорттар жидектері – артады.
Көптеген зерттеушілер гиббереллиндердің фотосинтездің қарқындылығы мен
өнімділігін жоғарылататындығын атап кетеді.
Гиббереллинмен өңделген өсімдік мүшелерінде фотосинтездің қарқындылығы
мен өнімділігі нәтижесінде құрғақ заттардың жинақталуы күшейеді. Алайда
құрғақ заттардың жинақталуы тұтастай өсімдіктің ассимилияциялық беті
ауданының артуымен байланысты болуы мүмкін [11].
Гиббереллиндердің әсерінен тотығу-тотықсыздану процестері күшейіп,
жүзім өсімдігінің түрлі мүшелерінде тыныс алу қарқындылығы жоғарылайды.
ГҚ-мен өңделген өсімдікте фотосинтездің кванттық шығымының жоғары
болатындығын ұсынады. Мұның пайдасы ГҚ әсерінен хлорофилл мен ақуыз
арасындағы байланыс әлсірейді. Ал белгілі болғанындай фотохимиялық
реакцияға ақуызбен әлсіз байланысқан хлорофилл қатысады.Жидектердің
қанттылығы гиббереллиндердің әсерінен артуы мүмкін. Алайда тұқымсыз
сорттардың өнімділігінің күрт жоғарылуы кезінде ГҚ әсерінен
фотосинтетикалық бет үнемі тез қант жинақталуын қамтамасыз ете алмауы
мүмкін. Осы себептен ГҚ-мен өңделіп, артық жүктелген жүзім түптерінде қант
мөлшері төмендеп, қышқылдылық артуы мүмкін, мұны өнімділіктің артуы
кезіндегі өсімдіктің биологиялық реакциясы ретінде қарастыру керек.
ГҚ-ның жүзім өнімдерінің сапалық көрсеткіштеріне әсері туралы
мәліметтерді талдай келе, жеміс шоғырындағы тұқымсыз жидектердің санын
арттыра отырып, қанттылықты жоғарылатуға, ал оның шырынындағы қышқылдылықты
төмендетуге және тез пісуіне әсер етуге болады деген тұжырым жасауға
болады.
Жүзім шаруашылығы – ауыл шаруашылығының қазіргі уақыттағы гиббереллин
пайдаланылып отырған бірінші саласы болып саналады. Тәжірибе материалдарын
талдай келе жүзім сорттарының гиббереллинмен өңдеуге сезімталдылығына
байланысты оны тәжірибеде пайдалануда түрлі сорттарға мамандануы бойынша
түрлі әсер етеді.
Тұқымсыз сорттар.жүзімнің тұқымсыз сорттарын гиббереллинмен өңдеу осы
сорттар өсірілетін мемлекеттердің барлығында дерлік кеңінен қолданылады.
Гиббереллинді пайдалану тұқымсыз майда жидектердің ірілетіп, кейбір
сорттарда жеміс шоғырындағы жидек сандарын арттыруға мүмкіндік береді.
Осының нәтижесінде жеміс шоғырының салмағы артып, өнімділік жоғарылайды,
бұл гиббереллиннің тиімділігінің негізгі көрсеткіші болып табылады.
Гиббереллинді пайдалану кезіндегі қосымша өнімділік орташа 40-50%-ды
құрайды [22, 23].
Гқ-на сезімталдылығы бойынша жидектерді олардың алңғашқы кезе-ңінде,
жасушалардың бөлінуі жүріп жатқанда өңдеу керектігі ұсынылады, сосын гүлдеу
соңынан 7-10 күннен кейін. Тура осы кезең тұқымсыз сорттар үшін тиімді
болып саналады.
Жүзімнің тұқымсыз сорттарын өңдеу үшін гибберелиндердің жұмысшы
ерітіндісі 100 мгл болып саналады.
Тұқымды сорттар. Жүзімнің тұқымды сорттарының көпшілігінің
гиббереллинмен өңдегенде жидек байлағыштығы нашарлайды, олардың мөлшері
төмендеп, жеміс шоғыр салмағы мен жалпы өнімділік азаяды.
Финкционалды аналық типті гүлдері бар сорттар гиббереллинмен өңдеуге
аса сезімтал келеді. Тозаңдану мен жеміс салуға қолайсыз кезеңдерде
гиббереллинді пайдалану жеміс шоғырындағы жидек санын арттырып,
өнімділіктің жоғарылауына мүмкіндік береді. Әдетте қанттылық бірнеше есе
артып, пісу жеделдейді.
Катта-Курган сортынан гиббереллинді пайдалану кезіндегі таза пайда
шамамен 800 сомды құраған. Финкционалды аналық типті гүлдері бар сорттар
үшін жаппай гүлдеу және жидектердің өсуі кездерінде гиббереллинмен өңдеу
тиімді болып келеді, жұмысшы ерітіндісі сорттардың партенокарпия түзу
қабілетіне қарай 25-50 мгл шамасында.
Қосжынысты тұқымды жүзім түптерін өңдеу тек кеш мерзімдерде – гүлдеу
аяқталғаннан кейін және жидек байланар алдында. Мұндай сорттарды гүлдеуге
дейін гиббереллинмен өңдеу тұқымсыз жидектер байлануына мүмкіндік туғызады.
Түрлі сорттардың гиббереллинмен өңдеуге сезімталдылықтарының әрқилы
болуы онда эндогенді гиббереллиндердің болуы мен олардың белсенділігімен
түсіндіріледі. Тұқымды сорттарды гүлдеуге дейін өңдеу ондағы тозаңдардың
өнуін төмендетсе, ал тұқымсыз сорттарда оларды қай уақытта болса да тозаңға
еш әсер етпейтіндігін көрсетеді.
1.4 Цитокининдердің жалпы сипаттамасы және жүзімнің өсуі, дамуы мен
жеміс салуына әсері
Цитокинин типті фитогормондар көп жылдардан бері танымал, алайда олар
тек жақын күндерден бері ғана тәжірибеде құнды қасиеттерге ие жоғарғы
әсерлі қосылыстар синтездеуімен тәжірибелік маңызға ие бола бастады (өсуді
демеушілер, дефолианттар, гербицидтер, қорғанысқа әсер ететін заттар).
Цитокининдер өсімдіктердің барлық мүшелерінде өте аз мөлшерде
кездеседі. Салыстырмалы түрде оның жоғарғы мөлшері тамыр басында кездеседі,
негізінен сол жерде синтезделеді деген болжам бар. Тамырдан басқа мүшелерге
тарайды, жапырақта, сабақта және жемістерде болады.
Цитокининдердің физиологиялық белсенділігінің кең спектріне
қарамастан, әр нақты жағдаайда фитогормон белгілі түрде толығымен қызмет
етеді. бұл нысанның физиологиялық күйімен байланысты, оның цитокининге
сезімталдылығымен, соңғысының концентрациясына тәуелді. Әр фитогормонның,
оның ішінде цитокининдердің әсері өзге де фитогормондармен өзара әсеріне,
сондай-ақ табиғи ингибаторлармен байланысты [22, 23].
Мұнда өсімдіктің қоректенуінің маңыздылығы да жоғары. Мысалы,
минералды немесе көмірсулық қорек жетіспеген жағдайда цитокинин өсімдікте
байқалмайды.
Жүзім мүшелерінде оның дамуының түрлі сатыларында (Кардинал сорты)
цитокининдердің өзгерісін зерттеуге жүргізілген жұмыстардан кейін вегетация
басында тамырлар мен өркендерде цитокининдер жинақталып, ол жидектердің өсу
кезеңінде ең жоғарғы деңгейге жететіндігі анықталды. Бұлан кейін, жидектер
пісе бастағанда олардың бұл мүшелердегі мөлшері төмендей бастайды да
жапырақ түсе бастағанда ең төменгі деңгейге жетеді. Салстырмалы тыныштық
кезеңінде қайта жоғарылайды.цитокининдердің тамырда түзілу
ритімі мен олардың өркендер мен болуы және олардың сол мүшелерде өсуі
оңтайлы корреляцияны байқатады.
Цитокининдерді (100 ррм бензиладенин) пайдаланудың ауксиндерді
пайдаланудан айырмашылығы бүршіктердің тыныштық күйінен тезірек шығуын
тудырады, бұл бензиладенинді пайдаланғаннан кейінгі ингибаторлардың жедел
құлдилауымен болады. Тек тамырланбаған қалемшелерде кинидер
(бензиладениннің рибозоидтері) өркендердің өсуін тездетеді. Бұл өркеннің
дамуы кезінде тамырда пайда болатын цитокининдердің қатысуымен болады [25,
26].
Бұл мақсатта авторлар қолайлы жағдайларда жүзім жапырақтарын
сағақтарымен 8 күн бойына кинетин ерітіндісіне (10-2, 10-5, 10-7м) салып
қойды.бұл жапырақтарда зат алмасу қалыпқа түсті. Фотосинтез өнімдерінің
бақылау жапырақтарында жинақталуы мен онда бар заттардың төмендеуі
кинетиннің әсерінен шектелді.
Ауыл шаруашылығының негізгі мәселелерінің бір болып өсімдіктердің
қолайсыз жағдайларға, әсіресе құрғақшылық пен төменгі температураға
төзімділігін арттыратын адаптогендерді құрастыру мен игеру болып табылады.
Бірақ, өсімдік шаруашылығындағы өсу реттегіштерін пайдалану көлемін арттыру
олармен ауыл шаруашылық өнімдері мен қоршаған ортаның ластануы қаупін
тудырады. Осыған байланысты, экологиялық зиянсыз кремнийорганикалық
қосылысты, мол пайдалы қасиеттерге ие – мивал мен крезациндер көңіл
аударуға тұрарлық [26].
Мивал – ауыл шаруашылығында қолдау тапқан силатрандар класына жататын
тұңғыш кремнийорганикалық биостимулятор. Қазірге кезде мивал биостимулятор
ретінде биологиялық нысандардың саны көп. Мивалдың әсерінен жасуша бөлінісі
артады, өсімдік мүшелерінде қосымша гүл бастамалары пайда болады және бар
гүл бастамаларының өсуі артады, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына
төзімділігі артады.
Тұқымын мивалдың сулы ерітіндісіне бұқтыру астық дақылдарының
өнгіштігі мен өнімділігін арттырады, мақтаның өнімділігін арттырады және
талшық сапасын жақсартады, көктеуін жеделдетеді. Картопты себер кезіндегі
уяшыққа мивал ерітіндісін құю қосымша өнім алуға әсер еткен. Мивал
ерітіндісімен тұқымдарды өңдеу қызанақ көшеттерін өсіруде оның дамуын
жеделдетіп, өркендерінің артуы есебінен барынша мол өнім қалыптастыруды
қамтамасыз етеді.
Жүзімнің Мускат Гамбургский сортына вегетация кезінде үш рет мивал
енгізу бүршіктердің кері 20-21°С температураға төзімділігін арттырған.
Фетяска белая сортында мивал өзін гүлдеуге дейінгі кезеңде үсікке қарсы
әсер етуші ретінде көрсеткен. Бұл жерде мивалдың ұзақ мерзімді әсері
анықталған. Қыста үсікпен қазымдалған түптерді есептеу жүргізілген (– 27°С
және – 24°С). Мивал жеміс шоғырының салмағығының артуы себепту өнімділіктің
жоғарылауына әсер еткен. Нәтижесінде бүршіктердің жеміс салғыштығы
жоғарылаған. Жеміс салу коэффициенті 0,75-тен 1,02-ге дейін өсіп,
нәтижесінде түптердің өнімділігі артқан, демек мивалмен өңделген түптер
төменгі температура әсерінен кейінгі жылы да сақталынған.
Табиғи және бақыланатын жағдайдағы жеңіл және қиын шығарылатын
ақуыздар мен олардың құрам мөлшерімивалдың әсерінен өзгеріске түсетіні
жөніндегі деректер де келтірілген. Мивал каталитикалық және құрылымдық
ақуыздардың сапалық өзгерістеріне әсер ететіндігін көрсеткен. Мивал
жүзімнің қысқа дайындығы кезеңінде және қыстаудың ең суық кезеңдерінде де
жеңіл шығарылатын ақуыздардың биосинтезін күшейтеді.
Крезацин 2-метилфеноксилсірке қышқыл тұзы ретінде, сондай-ақ 2,4-Д
және танымал 2М және 4Х ауксиндердің буданы ретінде қарауға болады.әс
жүзінде улылығы жоқ крезацин препараты екінші реттік метаболизмнің (А және
В дәрумендер кешені) орталық буынын реттеп, мембранатұрақтандырғыш қызмет
көрсете отырып, өсімдіктер мен жануарлардың генеративті дамуын демейді.
Крезацин бтологиялық белсенділіктің кең спектрімен сипатталады. Ол
жүзім өркенінің қтөменгі температураларға төзімділігін, өнімділігі мен
жүзім сапасын, сондай-ақ басқа да ауыл шаруашылық дақылдарын жоғарылатады.

1.5 Жүзім шаруашылығында физиологиялық белсенді заттарды пайдаланудың
экологиялық аспектілері
Жүзім – бұл адамзаттың қамқор қолының, күн сәулесі мен жылуының
теңдессіз сыйы. Оның эстетикалық, тағамдық, дәмдік, диетикалық және емдік
сапалары бәрімізге танымал. Оларға тағы да, жүзім пектиндерінің қазіргідей
қоршаған ортаның ластануы үнемі артып отыратын кездегі адам ағзасында
жинақталатын ауыр, оның ішінде радиоактивті заттарды жақсы шығаратындығын
қосуға болады.
Жүзім емдік-диеталық өнімге жататындықтан, ол адамдардың, әсіресе
әлсіреген тән, сондай-ақ балалардың толық құнды қоректенуінің үзілмейтін
бөлігіне айналуы тиіс. Міне осы себептен осі бір диетикалық өнімнің
экологиялық тазалығына қойылатын талаптар жоғары болуы керек. Асханалық
жүзімнің ластануының негізгі екі жолын атауға болады: бұл – өсіру кезіндегі
пестицидтер мен фунгицидтердің және сақтау кезінде түсетін жеміс
шоғырларының ауруларына қарсы пайдаланылатын химиялық заттардың жинақталуы.
Экологиялық таза өнім алудың қажеттілігі, сондай-ақ қоршаған ортаны
қорғау бағытында жүзімдіктерде жүргізілетін барлық химиялық өңдеулердің
барынша санын азайту жұмыстары соған ұқсас әсер беретін балама әдістерді
іздеуге итермелейді.
Осы орайда өсімдік аурулары қоздырғыштарына қарсы микроорга-низмдердің
антагонизміне ғылыми үлкен қызығушылық туады. Қазіргі кезде ауру
қоздырғыштарына қарсы саңырауқұлақтарды пайдалану кеңінен тәжірибеге
енгізілуде.
Жүзімді аурулар мен зиянкестерден қорғау химиямен әбден қанықтырылған
және оны экологияландыру қорғау шараларының кешендендіруді қарастырады.
Қазір бар жүйелер төзімді сорттарды (фунгицидтерді 20%),
агротехникалық және биологиялық әдістерді (сәйкесінше, барлық қорғаныс
заттарының 10-15% және 25%) пайдалану арқылы барлық қорғау шығындарын 40-
50%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Жүйе пайдалы агенттерді сақтау мен
өсіруді, микробиологиялық препараттарды жапырақ ширатқыштарға, кенелерге,
оидиум мен милдьюдан қорғау үшін пайдалануды қосады.
Қазіргі уақытта препараттарды, жекелеп алсақ фунгицидтерді оардың әсер
ету механизміне байланысты іріктеу жұмыстары жүргізілуде. Өсімдік-патоген-
қоршаған орта жүйесінде олардың фитотоксинділігін төмендетуге, қоршаған
ортаның ластануы мен өнім сапасы арттыруға мүмкіндік береді.
Молдовада жүргізілген фитосанитарлық қадағалау және фитосанитарлық
селекция бойынша жүргізілген көпжылдық зерттеулер жаңа ұзақ сақталынатын
аурулардан таза, маусымдық сипатқа ие саңырауқұлақ аурулары мен
зиянкестерінің дамуына толерантты жүзімдік екпелерін құрастыруға мүмкіндік
берді. Қорғау мақсатында биологиялық препараттарды пайдалану, ал химиялық
препараттарды тек кей жағдайларда ғана барынша аз мөлшерде пайдалануды
қарастырады.
Бұл кешенді қорғау жүйесі екпелер ауданына шаққанда пайдаланылатын
пестицидтер мөлшерін айтарлықтай (2 есе) қысқартуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта пестицидтер, гербицидтер, азот тыңайтқыштары, оларға
қоса күкірт, мыс, фосфор және басқалары енгізіліп өсірілген жүзімдерді нақ
таза шикізат ретінде қарастыруға, сондықтан олардан дайындалған шарапты
экологиялық таза деу қателік болар еді. Алайда, қазіргі уақытта дайындалған
шараптарды экологиялық таза емес деу де қателік болады.
Экологиялық сараптау фитореттегіштерді ресми түрде тіркеудің негізгі
шарты болып табылады. Ол өзіне токсикологиялық әсер ететін заттарды
өсімдікке, топырақ, су мен ауаға, топырақтың микрофлорасына түсуі мен
тасымалдануын және олардың метаболитін, өнімнің сапалық көрсеткіштері мен
биологиялық құндылығына, өсімдіктің генетикалық аппаратына және олардың
қолайсыз жағдайларға төзімділігіне әсерін зерттеуді қосатын кешенді
зерттеулер кешенінен тұруы керек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктерді микроклонды көбейтудің артықшылықтары
Жеміс шаруашылығы
Биология сабақтарында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда тірек-сызба технологиясының ерекшелігін анықтау
Ішкішаруашылық жерге орналастырудың теориялық, жалпы әдістемелік негіздері
Өсімдіктер физиологиясы институты
Жүзім өсіру
Алманың себінді телітушілері
Алматы облысы Ұйғыр ауданына отырғызуға рұқсат етілген жеміс дақылдарының сорттарына сипаттама
Полиплоидия түралы түсінік
Оңтүстік Қазақстан облысы Cарыағаш ауданы жағдайында 36 га жеміс бағын отырғызу, 5% себінді бұламада
Пәндер