Жалға алынған негізгі құралдар қозғалысы және есепке алу есебі



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ЖАЛ ТҮСІНІГІ
1.1 ЖАЛҒА АЛУ НЕМЕСЕ БЕРУ ТҮСІНІГІ
1.2 ЖАЛ ТҮРЛЕРІ

2 ЖАЛҒА АЛЫНҒАН НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖӘНЕ ЕСЕПКЕ АЛУ ЕСЕБІ
2.1 Жалға алынған және жалға берілген негізгі құралдардың есебі
2.2 ЖАЛҒА АЛЫНҒАН МҮЛІКТЕРДІҢ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТОЗУЫН (АМОРТИЗАЦИЯСЫН) ЕСЕПТЕУ
2.3 ЖЕРДІ ЖАЛҒА АЛУ ЕСЕБІ

3 ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛАТЫН ЖАЛГЕРЛІК ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРІ

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Бүгінде бухгалтерлік есеб басқару жүйесінде ең басты орындардың бірін алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айырықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Жалгерлік есеп осы стандарттың №7-ші “Жалгерлік есеп” деп аталатын бухгалтерлік есептің стандартымен ұйымдастырылып реттеледі. Азаматтық Кодекстің 540-бабына сәйкес мүлікті жалдау (аренда) шарты бойынша жалға беруші жалға алушыға мүлікті ақы төлеп уақытша иеленуге және пайдалануға беруге міндетті. Жалға алушы жалға алынған мүлікке осы Кодексте белгіленген жағдайлар мен тәртіп бойынша иелік етуге құқылы. Лизинг прокат шарттары да, сондай-ақ мүлікті ақы төлеп уақытша иелену мен пайдалануға беруге байланысты шарттардың өзге түрлері де мүлік жалдау шарттарына жатады. Шаруашылық жасаушы субъект үшін өзінің қаржылық жағдайын және төлем қабілеттілігін бағалай келіп, өз меншігіне негізгі құралдарды, тауарлық материалдар қорларын сатып алғанша, басқа субъектілерден негізгі құралдар объектілерін уақытша пайдалануға, яғни жалға алған тиімді. Бүгінгі күнде еліміз нарықтық қатынасты толығымен өткен кезде жалға беруге салынған капиталдың мөлшері өсіп, жалпы кәсіпкерліктің жалға беру және жалға алу түрін қолдану көп кездеседі. Капиталды өсірудің бұл түрі тиімді де, аса шығынсыз болып саналады және бұл форма барлық әлемде қолданылуда. Ірі компаниялар ұшақ, компьютер немесе спутник жүйесін сатып алуға қаражат қарызданбай-ақ ол заттарды жалға алып, пайдалануды өте тиімді деп санайды. Әуе және теміржол компаниялар өз жұмыстарында көптеген ірі құралдарды, қонақ үйлер ғимараттарын,көптеген сауда жүйелері, бірқатар сауда орындары мен қоймаларын жалға алады. Жалға беру келісім-шарты дәл сол уақытта белгіленген соманы төлемей-ақ қол қоюға болады, бұл жаңа дамып келе жатқан компаниялардың шағын кәсіпкерлердің қаражаттарының ақша қорын сақтап қалуға көп көмегін тигізеді. Президентіміздің Қазақстан Республикасын дамыту саясатында көрсеткеніндей кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту жолында, басқа да экономикалық салаларды дамыту тауарды материалдық қорлардың маңызы өте зор.
Менің, жазып отырған курстық жұмысымның мақсаты - мүлікті жалға берудің бухгалтерлік есебі мен аудиті туралы мәліметті толық ашу. Жоғарыда көрсетілген мәселелер тақырыпты таңдаудың түрткісі болды. Курстық жұмыста бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты мен жүйесінің түрлері сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің есебі, саясаты және мүліктерді жалға беру немесе алу есебі қарастырылады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі. 2001ж. 1 қазан.
2 Қазақстан Республикасының жер кодексі. Алматы, 2003ж.
3 Указ президента РК, имеющии силу Закона«об бухгалтерском учёте»от 25 декабря 1995№ 273
4 Стандарты бухгалтерского учета иметодички рекомендации Алматы. Депортамент методологии бухгалтерского учета и аудита. Министерство финансов РК. 1999г
5 Типавой план счеттов бухгалтерского учета, утвержденная Министерством финансов РК от 18.09.02.№438.
6 Стандарты бухгалтерского учета РК: Сб. Док/сост: В И Скала. Алматы: LEM, 2000 г
7 Бухгалтерлік бюллетені №20 (281) мамыр 2003ж.
8 Бухгалтерлік бюллетені №52 (313)желтоқсан 2003ж.
9 Бухгалтерлік бюллетені №51 (312)желтоқсан 2003ж.
10 Бухгалтерлік бюллетені №50 (311)желтоқсан 2003ж.
11 Бухгалтерлік бюллетені №48 (309)қараша 2003ж.
12 Бухгалтерлік бюллетені №44 (305) қазан 2003ж.
13 Бухгалтерлік бюллетені №42 (303) қазан 2003ж
14 Бухгалтерлік бюллетені №43 (304) қазан 2003ж
15 Бухгалтерлік бюллетені №37 (298) қыркүйек 2003ж
16 Бухгалтерлік бюллетені №35 (296)тамыз 2003ж
17 Бухгаллтерлік бюллетені №39 (300) қыркүйек 2003ж
18 Бухгалтерлік бюллетені №38 (299) қыркүйек 2003ж
19 Бухгалтерлік бюллетені №22 (283) мамыр 2003ж
20 Бухгалтерлік бюллетені №23 (284) маусым 2003ж
21 Бухгалтерлк бюллетені №24 (285) маусым 2003ж
22 Бухгалтерлік бюллетені №25 (286) маусым 2003ж
23 Бухгалтерский бюллетень №13 март 2004ж
24 Бухгалтерский бюллетень №2 январь 2004ж
25 Бухгалтерский бюллетень №8 февраль «Аренда имущества» 2004ж
26 Библиотека бухгалтера и предпринимателя. №12 (125) декабрь 2000г. «Аренда: учет и налогооблажение»
27 Библиотека бухгалтера и предпринимателя. №8-9 (157-158) август-сентябрь 2003 г. «Аренда имущества»
28 Досье бухгалтера №3 май-июнь 2003г. «Аренда имущества»
29 Әбдіқалықов Т.Ә. «Бухгалтерлік есеп және аудит», Алматы «Қазақ университеті» 2000ж.
30 Попов Л.А. «Бухгалтерский учёт на предприятии». Караганда, 1999г.
31 Попова Л.А., Жұматов М.Қ., Нұргалиева Д.М., Омашева А.Б. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп». Қарағанды, 1998 ж.
32 Радостовец В.В., Радостовец В.К., Шмидт О.И. «Бухгалтерский учет на предприятий». Алматы, 1998г.
33 Радостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп». Алматы, 2003ж.
34 Ришар Ж. «Руководителю предприятия о контроле за бухгалтерским учётом» Нурсеитов Э.О Алматы: LEM, 2000 г.
35 Суйц В.П., Ахметбеков А.Н., Дубровина Т.А. «Аудит общий, банковский страховой». /Учебник/ Москва, 2000г.
36 Торшаева Ш.М. «Основы аудита». Караганда, 1999г.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1 ЖАЛ ТҮСІНІГІ
1.1 ЖАЛҒА АЛУ НЕМЕСЕ БЕРУ ТҮСІНІГІ
1.2 ЖАЛ ТҮРЛЕРІ
2 ЖАЛҒА АЛЫНҒАН НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖӘНЕ ЕСЕПКЕ АЛУ ЕСЕБІ
2.1 Жалға алынған және жалға берілген негізгі құралдардың есебі
2.2 ЖАЛҒА АЛЫНҒАН МҮЛІКТЕРДІҢ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТОЗУЫН
(АМОРТИЗАЦИЯСЫН) ЕСЕПТЕУ
2.3 ЖЕРДІ ЖАЛҒА АЛУ ЕСЕБІ
3 ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛАТЫН ЖАЛГЕРЛІК ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Бүгінде бухгалтерлік есеб басқару жүйесінде ең басты орындардың бірін
алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді
қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа
да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының
бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық шаруашылық
қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген
жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған
ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның
нысанына, айырықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Жалгерлік есеп осы стандарттың №7-ші “Жалгерлік есеп” деп аталатын
бухгалтерлік есептің стандартымен ұйымдастырылып реттеледі. Азаматтық
Кодекстің 540-бабына сәйкес мүлікті жалдау (аренда) шарты бойынша жалға
беруші жалға алушыға мүлікті ақы төлеп уақытша иеленуге және пайдалануға
беруге міндетті. Жалға алушы жалға алынған мүлікке осы Кодексте белгіленген
жағдайлар мен тәртіп бойынша иелік етуге құқылы. Лизинг прокат шарттары да,
сондай-ақ мүлікті ақы төлеп уақытша иелену мен пайдалануға беруге
байланысты шарттардың өзге түрлері де мүлік жалдау шарттарына жатады.
Шаруашылық жасаушы субъект үшін өзінің қаржылық жағдайын және төлем
қабілеттілігін бағалай келіп, өз меншігіне негізгі құралдарды, тауарлық
материалдар қорларын сатып алғанша, басқа субъектілерден негізгі құралдар
объектілерін уақытша пайдалануға, яғни жалға алған тиімді. Бүгінгі күнде
еліміз нарықтық қатынасты толығымен өткен кезде жалға беруге салынған
капиталдың мөлшері өсіп, жалпы кәсіпкерліктің жалға беру және жалға алу
түрін қолдану көп кездеседі. Капиталды өсірудің бұл түрі тиімді де, аса
шығынсыз болып саналады және бұл форма барлық әлемде қолданылуда. Ірі
компаниялар ұшақ, компьютер немесе спутник жүйесін сатып алуға қаражат
қарызданбай-ақ ол заттарды жалға алып, пайдалануды өте тиімді деп санайды.
Әуе және теміржол компаниялар өз жұмыстарында көптеген ірі құралдарды,
қонақ үйлер ғимараттарын,көптеген сауда жүйелері, бірқатар сауда орындары
мен қоймаларын жалға алады. Жалға беру келісім-шарты дәл сол уақытта
белгіленген соманы төлемей-ақ қол қоюға болады, бұл жаңа дамып келе жатқан
компаниялардың шағын кәсіпкерлердің қаражаттарының ақша қорын сақтап қалуға
көп көмегін тигізеді. Президентіміздің Қазақстан Республикасын дамыту
саясатында көрсеткеніндей кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту жолында,
басқа да экономикалық салаларды дамыту тауарды материалдық қорлардың маңызы
өте зор.
Менің, жазып отырған курстық жұмысымның мақсаты - мүлікті жалға берудің
бухгалтерлік есебі мен аудиті туралы мәліметті толық ашу. Жоғарыда
көрсетілген мәселелер тақырыпты таңдаудың түрткісі болды. Курстық жұмыста
бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты мен жүйесінің түрлері сондай-ақ
шаруашылық жүргізуші субъектілердің есебі, саясаты және мүліктерді жалға
беру немесе алу есебі қарастырылады.

1 ЖАЛ ТҮСІНІГІ

1.1 ЖАЛҒА АЛУ НЕМЕСЕ БЕРУ ТҮСІНІГІ

Жалгерлік келісім шарт жасауда арқау ететін басты заң актісі болып
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі болып табылады.
Әрекет етуші жалгерлік келісім-шартын қарастырмас бұрын, сол сияқты жаңа
жалгерлік келісім-шартын жасауға кіріспей тұрып, бізге қандайда болсын
жалгерлік келісім-шартын жасауда қолданылатын басты негіздерді анықтайтн ҚР
Азаматтық кодексінің 540-564 баптарын жан – жақты оқып білуіміз
қажет.Алайда ҚР Азаматтық кодексінің арнайы спецификалық күшімен жалгерлік
келісім–шартының келесі түрлері қарастырылған.
• лизинг (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 29-шы тараудың
2-ші тармағының 565-572 бабаптары):
- кәсіпорынды жалға алу (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 29-шы
тарау -3-ші тармақтың 573-580 баптары):
- ғимараттарды жалға алу (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 29-шы
тарау -5-ші тармақтың 585-594 баптары):
- прокат (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 29-шы тарау -6-шы
тармақтың 595-600 баптары).
- 540-564 баптардағы жалпы негіздерді және жалгерліктің жеке түрлері
бойынша негіздерді қарастырғанда , Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексінің 29-шы тараудың 2-6 тармағында аталып көрсетілген арнайы нормалар
жалпы нормалар алдында бір қадамалда тұратынын есте сақтаған жөн. Жалгерлік
келісім – шарттың жазбаша, сол сияқты ауызша қалыптарда жасалу мүмкіндігін
біз білмейміз. Кез келген бухгалтер өз іс-әрекетінде сәйкесінше құжаттармен
расталмағандықтан барлығына тиянақтылық танытуы қажет. Ол жалгерлік келісім
– шарты қатынасында да дұрыс болып табылады,өйткені мұндай келісім –
шарттың ауызша нысаны, жалгерлік келісім – шарты жеке тұлғалар арасында бір
жылдан артық емес мерзімге, және де жалға беру заты көлік құралдары,
ғимараттар кәсіп орындардан басқасы болғанда қолданылады.
Жазбаша түрде жалгерлік келесі түрде жасалады.
- тараптардың бірі болып заңды тұлға табылатын келісім – шарт (жалға беру
мерзімі мен затына қарамастан бір жылдан артық мерзімге жасалынатын келісім
– шарттың заты мен тараптарына қарамастан);
-көлік құралдары, ғимараттар, кәсіпорындарды жалға берумен прокат
келісім–шарты (мерзімі және мәмленің тараптарының кім екеніне қарамастан);
- лизинг шарты. Сонымен барлық заңды тұлғалар, жалгерлік келісім – шартын,
қандай мерзімге, қандай мүлікке қатысты және қандай тараптармен
жасасатынына қарамастан, оны жазбаша түрде рәсімдеулері қажет.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодекісінің 394 бабына назар аударыңыз,
келісім-шарттың жазбаша нысаны сақталған деп саналады егер келісім-шартты
жасасу туралы ұсыныс Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодекісінің 369
бабында көзделген негіздерде жасалынған. Қазақстан Республикасының
Азаматтық Кодекісінің 3-ші тармағында, 369-шы бабы бойынша, егер заңдарда
басқаша қарастырылмаса және офертада басқаша көрсетілмесе, оферта алған
тұлғаның бекітілген акцеп бойынша мерзімінде, келісім- шарт талаптарын
орындау (тауарларды тиеу, қызмет ұсыну, жұмыс орындауға сәйкес соманы төлеу
тағы сол сияқты) акцепт болып саналады.
Азаматтық заң нормаларына сәйкес оферта деп бір немесе бірнеше тұлғаларға
жасалынған келісім-шарт жасасу туралы ұсыныс, егер ол жеткілікті оның және
оны қабылдаған жағдайда акцеп ұсыныс жасаған тұлғаның пиғылдарын білдіретін
болса, өзін осыған байланысты санайды.
Егер келісім-шарттың маңызды талаптары көрсетілген немесе оны анықтау
тәртібі көрсетілген болса, ұсыныс жеткілікті түрде анықталынған . Жалға
алушы мекеме жалға беруші мекемеге 2003 жылдың қыркүйегі бойы көлік
құралдарын жалға беру келісім-шарт жасасу туралы ұсыныс (оферта) жіберді
(келісім-шартта көлік құралдарының сипаты, мерзімі және жал ақысы мөлшері
көрсетілген). Жалға беруші мекемесі жасалған ұсынысты қабылдап және
қыркүйек бойы жалға беруші мекемесі, төлем құжатында көлік құралдарының жал
ақысы шотына деп көрсетіп, ақша соммасын аударады. Бұл жағдайда төлем
жүргізім бастаған сәттен бастап көлік құралдарын жалға алу туралы келісім-
шарт жазбаша қалыпта жасалынған. Көп жағдайда жалға алу келісім-шарты
“классикалық ” түрде жасалынады, өйткені бұл жалгер мен жалға беруші
арасындағы қатынасты реттеуші негізгі құжт.
Қандай келісім-шарт болсын мәміленің заңды сипатын көрсететін келісім-шарт
атынан тұратын преамбуладан басталады, жалгерлік шарты бойынша серіктес
болған тараптар көрсетіледі. Содан кейін шартқа қол қойылған мерзім мен
орны көрсетіледі. Преамбуладан кейін тарауларға топтастырылған бабтарының
мазмұны орын алады.
Мазмұны бойынша орналасу реті әртүрлі болуы мүмкін. Шарт баптары аса
мәнділігіне байланысты орналасулы қажет. Бұл жағдайда алдымен, тараптардың
бірі келісім-шарт талаптарын сақтамаған кезде, шарттың тоқтатылуын талап
ете алатын мән жайлардағы баптар орналасады. Екінші деңгейдегі талаптар,
яғни олар сақталмағанмен келісім-шарт тоқтатылмайтын тұстары орын алады
.Кейбір жағдайларда баптар келісім-шарт талаптарының орындалуы маңызды орын
алады.
Ғимараттарды жалға беру шартында келесі бөлімдер болуы мүмкін:
• келісім-шарт заты;
• тараптардың құқықтары мен міндеттері;
• төлем ставкалары және есептесу тәртіптері;
• келісім-шарттың әрекеттік мерзімі ;
• келісім-шартты бұзу және өзгерту тәртібі ;
• жалға алған мүлікті қайтару тәртібі;
• тараптардың жауапкершілігі (айыптық және басқа санкциялар );
• даулардың шешілу тәртібі ;
• белгісіз күштердің әсері (форс-мажор);
• қосымша талаптар.
Келісім- шарттың қорытынды бөліміндегі шарттың неше данада жасалғаны және
олардың талаптар арасында бөлінуі көрсетіледі. Ары қарай әр кезде
тараптардың банктік реквизиттері және зандық мекен жайлары көрсетіліп,
өкілетті тұлғалардың қолдары және ұйым мөрі қойылады. Аталған элементтерсіз
келісім-шарт жарамыз деп танылады .
Жалгер және жалға беруші заңды тұлғалар мен қатар жеке тұлғалар да (жеке
кәсіпкер ретінде тіркелген және тіркелмеген) бола алады. Заңмен келісім-
шартқа қатысушыларға келесі басты талаптар қойылады: жеке тұлға шартқа
қатысушы әрекет қабілеттілегі болуы керек, ал заңды тұлға шартқа қатысушысы
құқық қабілеттілігі болуы керек.
Әрекет қабілеттілік – бұл азаматтың өз әрікетімен азаматтық құқықтарын
жүзеге асыра алуы, өзіне азаматтық міндеттер жасап оны орындай алуы
(азаматтық әрекет қабілеттілік). Ол толығымен кә-мемлекеттік жасқа келгенде
(он сегіз жасқа жеткенде) пайда болады және мемлекет тарапынан арнайы
санкциялануға жатпайды.
Құқық қабілеттілік – бұл азаматтың құқықтарға ие болу және азаматтық
міндеттерді орындау қабіліттілігі. Мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда,
коммерциялық ұйымдар заңда және құрылтай құжаттарына шектеу қойылмаған
азаматтық құқыққа ие болып, азаматтық міндеттерін жүзіге асыра алады. Заң
актілерінде қарастырылған кейбір жағдайларда, белгілі бір қызмет түрімен
айналысатын заңды тұлғалар үшін, басқа қызмет түрімен айналысуға шекетеу
қойуы мүмкін.
Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі оны құрғанда пайда болады , ол
таратылған кезде тоқтатылады. Заңды тұлғаның әрекет ету саласы бойынша
құқық қабілетілігі оған лицензия алған күніннен туындайды, лицензияны
қайтарып алғанда, құқықты өткенде заң актілерінде көрсетілген негіздерде
жарамсыз деп танылғанда тоқтатылады.
Егер жалгерлік келісім-шартты құқық қабіліетілігі жоқ занды тұлғамен
(мысалы, заңды тулғаларды тіркеу тәртібі бұзылса) жасалса, онда ол жарамсыз
деп танылады.
Мүлікті жалға беру құқығы оның меншік иесінен сонымен бірге, меншік иесі
және заң өкілеттендірген тұлғаларға беріледі.
Сондықтан жалгерлік келісім-шарттын жасасқанда серіктесіңіздің құқық немесе
әрекет қабілеттілігіне ғана емес, олардың мүлікті (жалгерлік келісім-шарт
заты ретіндегі ) билік ету, иелену құқығына көз жеткізу қажет.
Әрине, шарттың жарамды немесе жарамсыз деп тануы үшін біреудің ықпалы
қажет. Бұл шарт тараптарының бірі болуы мүмкін; егер бір тараптарды
орындамаса екінші тарап сотқа өтініш жасайды. Көп жағдайда келісім-
шартыамыз деп танылуы бюджетке салықтың уақытында және толығымен төленуіне
тексерісті жүзеге асырушы салық органдары өкілдерінің бастамасы негізіңде
жүргізіледі.
Соңдықтан жалгерлік шартын жасасқанда жалға берушінің аталған мәмілені
жасауға құқылығына көз жеткізу қажет. Ол үшін келісім-шартқа қосымша
келесілерді усыну қажет.
• мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі;
• салық төлеуші ретінде есепте тұрғаны туралы куалік көшірмесі;
• ҚҚС төлеуші ретінде есепте тұрғаны тұралы куәлік көшірмесі;
• Меншік иесі екенін растайтын құжаттар (билік ету құқығы).
Сонымен бірге , тараптарда мүлікті жалға берушінің жалгерге бергендігін
растайтын құжаттар болуы тиіс.
Жалгерлік объектісі болып уақыт өткен сайын өзінің табиғи қасиеттерін
жоғалтпайтын, яғни эксплуатация процесінде тутындайтын мүліктер болып
табылады.
Бұл талап жалға беру мерзімі аяқталғанда мүліктің жалға берушіге жалгерлік
уақыттағы табиғи тозуын есептен алып тастағандағы алғашқы түрін қайтару
қажеттілігі түсіндіріледі.
Жалгерлік объектілері болып: жер участкілері, кәсіпорындар және басқада
мүліктік кешендері, ғимараттар, тұрғын үйлер, құрылғылар, көлік құралдары,
инвентарь, құрал, жиһаз, әртүрлі техникалар және тұтынылмайтын заттар
табылады.
Жалпы талаптарға сәйкес жалгерлік келісім-шартта жалға беру тиесті мүліктік
заттардың жекеше анықтамалары туралы деректер көрсетілуі қажет. Жалгерлік
келісім-шарт обьектісі туралы мұндай деректер болмаса, шарт талаптарымен
келісілмеген деп танылады.
Ғимараттар мен құрылғылар үшін келісім шартта олардың тұрған жері (нақты
мекен жайы) этаж бойынша жоспары, бөлме номерлері және жалға алынған үйдің
ауданы, техникалық жағдайы, жылу мен сумен қамтылуы, коммуналдық қызмет,
телефон желісі, күзетпен қамтылуы және басқа да сипаттары көрсетілуі тиіс.
Мұндағы негізгі элемент болып техникалық төлқұжат және құқықтық кодекстерді
тіркеу парағынаың көшірмесі болып табылды.
Көлік құралдарына қатысты келісім шартта: көлік құралының атауы, маркасы,
шығарылған жылы, жекеше белгілері (кузовының номері, түсі) қажетті
техникалық сипаттамалары (жүрілген жолы, кузовының жағдайы, қозғаушының
көлемі т.с.с) тіркеу туралы куәлігі және техникалық төл құжатының басқада
деректері көрсетіледі. Құрылғыларға қатысты келісім шартта: түрі, атауы,
типі және класы, заводтың номері және басқада паспорты бойынша айырмашылық
сипаттары, қажет болған жағдайда техникалық жағдайы туралы мәліметтер
көрсетіледі.
Жалгерлік обьектісі туралы барлық мәліметтер келісім шартта, сонымен қатар
жалға беруші жалгерге мүлікті бергенде жасалынатын жеке құжаттарда
көрсетілуі керек.
Мүліктің алыс–беріс актісіне тараптар қол қояды және де мөрмен бекітілуі
қажет. Бұл жалға берушінің–мүлікті біреудегі, ал жалгердің оны алуында өз
мүмкіндіктерін орындауын растайтын негізгі құжат.
Жалға беруші үшін алыс–беріс актісі мүлікті толығымен сипаттау үшін ғана
емес, сонымен бірге техникалық жағдайын, жетіспеушіліктері мен
деффектілерін көрсету үшін де қажет, егер де олар алдын ала ескерілген
болса, онда жалгер оларды түзетуін талап етуге құқылы.
Келісім шарт бұзылғанда жал обьектісі жалға берушіге қайтарылады, мұны да
жазбаша түрде көрсету қажет, қайтару туралы акті немесе тараптар қол қойған
басқа да құжаттар.
Жалгер және жалға берушінің құқықтары мен міндеттері үлкенді–кішілі
бөлшектенуіне орай жалгерлік келісім шартта көрсетілді. Егер де келісім
шартта қандайда бір жағдайлар ескерілмеген болса, даулы жағдайлар туындаған
кезде тараптардың құқықтары мен міндеттері азаматтық заң нормаларында
көрсетілген негіздерінде анықталады. Қазақтан Республикасының Азаматтық
кодексінде қарастырылған тараптардың негізгі құқықтары мен міндеттерін 1-
кестедегідей жүйелейміз:Бір қарағанда бәрі түсінікті сияқты, бірақ практика
жүзінде жөндеу жұмыстарының неше түрін жүргізуге болады және оларды
ағымдағы немесе күрделі деп айту өте қиынға соғады.
Жеке мүлікке қатысты жөндеу жүргізу түрлерінің бухгалтерлік есепте шыққан
шығындарды көрсету тәртібіне әсер етеді.
Ағымдағы жөндеу шығындары толық көлемде өнімнің өзіндік құнына немесе сол
мезетте жүргізілген шығындар есебіне кіреді, ал күрделі жөндеудің шығындары
алдағы уақыттың шығындарына жатқызылуы мүмкін немесе бұрын қалыптастырылған
шығындар мен төлемдердің есебінен шығарылуы мүмкін. Салық есебінде жөндеу
шығындары түрге бөлінбейді және бірыңғай тәртіппен ұстап қалуға
жатқызылады–белгіленген активтер тобының қатысты болған құны көлемінің 15%
мөлшері (салық көдексінің 113 бабы). Бірақ, жалға алынған мүлік жөнінде
мынандай сұрақ туындауы мүмкін; жөндеу шығынын ұстап қалу жөндеу түріне
байланысты ма?
Жалдау шартында жөндеу жұмыстарының қандай түрі ағымдағы қандай түрі
күрделі болатындығын анықтап алған жөн. Ғимараттың ағымдағы жөндеуіне
ғимаратты және инженерлік құрал жабдықтарды жүйелі және уақтылы жөндеу
жұмыстары және бұзылуларды жою шаралары жатады. Күрделі жөндеу барысында
ескірген тетіктер мен жабдықтарды төзімді және үнемді түріне ауыстыру
жүргізіледі және бұл жағдайда ғимаратты қазіргі заман талабына сай қайта
жобалау жүргізілуі мүмкін. Ғимараттың ағымдағы және күрделі жөндеулеріне
жатқызылатын жұмыстар тізбесі 1 және 2 кестеде көрсетілген: Жабдықтарды
және көлік құралдарын күрделі жөндеуден өткізгенде, әдетте мына жұмыстар
жүргізіледі:
-агрегатты толық талқылау;
-базалық және корпустық тетіктерді жөндеу;
- барлық ескірген тетіктер мен жабдықтарды жаңа және қазіргі
заманға сай жабдықтарға ауыстыру немесе қалпына келтіру;
-жөнделген агрегатты жинау, қалпына келтіру және зерттеу;
Күрделі жөндеу жұмыстарын пайдалану жағдайын жақсарту және жұмыс жасаудың
бұрынғы көрсеткіштерін жақсартады, осы жағдайда негізгі қаражаттардың
қазіргі заманға сай екендігі туралы айтуға болады.
Негізі қаражаттар есебінің әдістемелік ұсыныстарына сәйкес капитал жұмсау
үлгілерін жетілдіру қалпына келтіру шығындары және күрделі жөндеу болуы
мүмкін және бұл жағдайда күрделі салымдардың нәтижесінде негізгі қаражат
объектілерінің бастапқы құнының көбеюі объектінің жағдайы жақсарғанда
жүргізіледі; олар қызмет ету мерзімі, өндірістің қуаттылығы т.б. Объектінің
техникалық жағдайын сақтауға және демеу мақсатында жүргізілген.
Негізгі қаражаттарды жөндеу және пайдалану шығыны бастапқы құнды
көбейтпейді, тек олардың пайда бөлу мезетіндегі ағымдық шығындар деп
танылады. Осыған орай, мысалы жеке компьютердің күрделі жөндеуі тетіктерін
жаңа және қазіргі заманға сай түріне ауыстырылыуы саналады. Компьютерді
жаңарту деп мынандай жұмыстардың орындалуы және жөндеу нәтижесінде сапасын
жетілдіру (қуаттылығын арттыру, сақтау көлемін көбейту) жүргізіледі.
Осылайша, күрделі жөндеу шығындарының дұрыс бухгалтерлік есебін анықтауды
жүргізу үшін оны жүргізу нәтижесінде қандай да бір пайдалану нормативтерін
көтеру болды ма?
Егер жөндеу жұмыстарын тараптар жүргізс азаматтың зандылық ережелері және
жалдау шарттары бекітілген, онда олар шығындар ретінде қаралады.
• біріншіден, активтердің жұмыс жағдайын көтермелеу үшін қажет. Олар
табыс алу мақсатында пайдаланылуы.
• екіншіден, жалдау процесінің ажырамас талабы тәуелді жағдайда жөндеу
шығындары шығын ретінде қаралады. Салық органдары жөндеу жұмыстарын
жүргізу фактілеріне күмәнмен қарап, оны жүргізуі шығындарынан бас
тартады. Бұл жағдайда жөндеуді жүргізудің айғағы жалға алынған негізгі
құралдардың жөнделмеуін анықтау фактісі құжаттарында және жөндеу
жұмыстарын жүргізу сметасын жасау. Мұндай құжаттар ақаулар актісі
немесе ведомость, зерттеу актісі, қызметтік хаттар болуы мүмкін.
Бұл құжаттар, қоса жөндеуге материалдарын босату құжаттары, жөндеу
жұмысының құжаттары, басқа ұйымдар арқылы орындалған жөндеулерді растау
үшін жұмыстар актісі рәсімделуі керек.
Жалға беруші жөндеу жұмыстарын жүргізсе, оларды жүргізу шартқа сәйкес
жалдаушыға жүктелсе, онда салықты тексеруге инспектор төмендегі пікірге
келуі мүмкін. Бұл шығындар жалға берушінің міндетіне кірмейді, сондықтан
олар болмайтын шығындар ретінде қаралмайды, оларсыз жалдау шарты бойынша
түсім алу мүмкін емес. Жалға беруші ешқандай негізсіз жалдаушы өтейтін
шығынды өтеуге тиісті емес. Осы жағдайға қарасақ, жалға берілген мүлікті
жөндеу шығыны түсім алу мақсатына әлі берілген шығын ретінде
қарастырылмайды. Осы жағдайға түспеу үшін, жалдау шартында жөндеу
жұмыстарын жүргізу тәрібі тараптардың қосымша келісімімен анықталуы тиіс.
Бұл жағдайда жөндеу жұмыстары құтылмастай талабы болып табылады, оның
орындалысы жалдау шартының орындалуына қажет, яғни осы шарт бойынша табыс
алу. Осылайша жөндеу шағындары табыс алу мақсатындағы шығындар ретінде
қаралады және ұстап қалуға әлі беріледі.
Көріп отырғанымыздай, шартта жалдау объектісін жөндеу шығындарын қай тарап
өтейтіні нақты көрсетілмеуі мүмкін. Яғни шартта жұмыстардың қай түрі
ағымдағы жөндеуге, қай түрі күрделі жөндеуге жатқызалатынын міндетті түрде
көрсету қажет.
Егер жеке меншіктегі негізгі қаражаттарды жөндеу шығыны (975 000 теңге)
рұқсат етілген ұстап қалудың мөлшерінен артық болса, онда жалға алынған
мүліктер жөндеу шығынын ұстап қалуға түспеген болар еді.
Егер жеке меншіктегі негізгі қаражаттарды 6 топтағы жөндеу шығындары 205
000 теңгеден аз болса, онда жалға алынған мүліктерді жөндеу шығындарын
ұстап қалуға толық көлемінде түскен болар еді.
Жалға берушіге келсек, оларға ағымдағы жалға берілген жалдау объектілері
белгіленген активтер құрамында деп саналады.
Сондықтан оларды жөндеу шығындары ешқандай шектеусіз жалпы негізде ұстап
қалуға жатқызылады.
Жалға беруші жалдаушыға немесе жалдаушы жалға берушіге, жалға алу
объектілерін жөндеу шығынын өтеген жағдайда, бір тарап екінші тарапқа
жөндеу қызметін көрсетеді. Және де жөндеуді орындаушы осы жұмыстарды
өтейтін тараптың атына тиісті шот-фактурасын береді. Жалға алынған
объектілерді пайдалануға жіберілген шығындар құжатпен расталған жағдайда
ұстап қалуға жатқызылады. Бұл жағдайдан, шығындарды растайтын құжаттар
компания атына рәсімделуі қажет.

1.2 ЖАЛ ТҮРЛЕРІ

Кәсіпорындар өздеріне керекті, яғни уақытша қажет болған негізгі ұралдарды
басқа ұйымдардан жалға алуларына болады. Кәсіпорындар өзінің балансында
тұрған, бірақ уақытша пайдаланбай немесе қажет болмай тоқтатылып тұрған
негізгі құралдарын басқа ұйымдарға уақытша жалға берулеріне де болады. Ол
үшін екі кәсіпорынның, яғни негізгі құралдарды жалға алушы және жалға
берушілердің арасында келісім-шарт жасалуы тиіс. Бұл келісім-шартта жалға
алынатын немесе жалға берілетін негізгі құралдардың аталуы, техникалық
жағдайы, бастапқы құны, тозу құны, жалға берілетін немесе жалға алынатын
мерзімі, жалдық төлем ақысының мөлшері, егер осы жалға алынған немесе
берілген уақытта бұл негізгі құралға жөндеу жүргізілуі қажет болған
жағдайда кім жөндейтіні (бұзылып қалған жағдайда) және қайсы кәсіпорынның
есебінен жүргізілетіндігі тағы да басқа мәліметтер көрсетілуі қажет. Жалға
алынған немесе жалға берілген негізгі құралдар өздерінің жалға алынуы
немесе берілуі мерзімінің ұзақтығына қарай үш түрге бөлінеді:
-қысқа мерзімді жалдағы негізгі құралдар;
-орта мерзімді жалдағы негізгі құралдар;
-ұзақ мерзімді жалдағы негізгі құралдар;
Кәсіпорындарда негізгі құралдарды қысқа мерзімге жалға алу немесе қысқа
мерзімге жалға беру дсп, бір жылға дейінгі уақытқа жалға алынған немесе
жалға берілген негізгі құралдарды айтады. Халықаралық стандартта бұны
"Рейтинг" немесе "Чартер" деп те атайды. Негізгі құралдардың бір жыл мен үш
жыл мерзімі аралығында жалға алынуы немесе жалға берілуі орта мерзімді жал
түріне жатқызылады. Халықаралық стандартта жалдың бұл түрін "Хайринг" деп
атайды. Жалдың бұл түрлері бойынша негізгі құралдарды жалға алғанда немесе
бергенде жалға алушы ұйым сол негізгі құралдарды жалдық мерзімі
аяқталғаннан кейін олардың иесінс қайтарып береді. Кәсіпорындарда орта және
қысқа мерзімдерге жалға алынған негізгі құралдар "Жалға алынған негізгі
құралдар" деп аталатын баланс сыртындағы шоттың дебитінде есептеледі. Ал
бұл негізгі құралдар өз иесіне, яғни жалға берушіге қайтарылған уақытында
бұл жоғарыда аталған "Жалға алынған негізгі құралдар" деп аталатын баланс
сыртындағы шоты кредиттелінеді. Кәсіпорын қысқа мерзімге жалға алынған
негізгі құралдар үшін төлейтін жал төлеміне "Жал төлемі" деп аталатын шотты
дебиттеп, "Басқадай кредиторлық борыштар мен есептелген төлемдер" деп
аталатын шотты кредиттейді. Ал ұйым бұл есептелген жал төлемін төлеген
жағдайда "Басқадай кредиторлық борыштар мен есептелген төлемдер" шотын
дебиттеп, "Ақшалар" - деп аталатын бөлім шоттарының тиістісілерін
кредиттейді.
Кәсіпорындарда негізгі құралдарды үш жылдан артық уақытқа жалға алу немесе
жалға беру ұзақ мерзімді жал түріне жатады. Жалдың бұл түрі халықаралық
стандартта "Лизинг" деп те аталады. Негізгі құралдарды ұзақ мерзімге жалға
алудың немесе жалға берудің өзі ағымдағы жалгерлік және қаржыландырылатын
жал болып екіге бөлінеді. Ағымдағы деп қаржыландырылатын жалгерліктен
басқа, кез келген жалгерліктің түрін айтады. Ағымдағы жалгерлікте жалгерлік
төлемі бүтін жалгерлік мерзімінің бойында жүйелі түрде әрбір есеп беру
кезеңінің шығысы болып табылады.Ағымдағы жалгерлікте, активке деген меншік
құқымен байланысты тәуекелділік пен марапаттау жағдайы жалға берушінің
өзінде қалады. Сондықтан олардың жалға берген активтері амортизацияланатын
мүлік ретінде қарастырылады және бүкіл жал мерзімінің бойында алынған жал
ақысы табысқа енгізіледі. Ағымдағы жалгерлікті жалға алушының мүлікті тек
уақытша иемденуі деп түсіндіріледі. Жалға берілген негізгі құрал, жалға
берушінің бухгалтерлік есебіндегі 12 Негізгі құралдар бөлімшесінің
тиесілі супшоттарында, яғни негізгі құралдардың құрамында көрініс
табылады.Алынуға жататын жал ақысы келісілген келісім-шартқа сәйкес
334Басқадашоттың дебетінде және 727, 705 (жалға субъектінің негізгі
қызметі болса ) шоттарының кредитінде көрініс табады. Жалға берілген
мүліктер жалға берушінің баланысында көрініс табатын болғандықтан, олар
бойынша есептелген тозу соммасына 845 шоты дебеттелініп, 13 бөлімше шоттары
кредиттеледі. Жал ақысы келіп түссе тиесілі ақша қаражаттарының шоттары
дебеттелініп,  334 шотқа кредеттелінеді. Жал ақысы тиесілі өндіріс
шоттарында, яғни келесі шоттардың дебетінде:  937-егер де негізгі құралдар
әлеуметтік сферада пайдаланылса:  811-егер де негізгі құралдар тауарды
сатумен байланысты болса: 821- егер де негізгі құралдар жалпы шаруашылық
қажеттілігі үшін пайдаланылса, 687 шоттың кредитінде көрініс табады. Жалға
алынған негізгі құралдар жалға алушының талаптарына сай келе бермейді,
сондықтан олар ондай негізгі құралдарға жөндеу жұмысын жүргізеді, бірақ ол
үшін алдымен жалға берушінің келісімін алады. Жалға алушының жүргізген
күрделі жөндеу жұмыстарының есебі жалға алған мүлік бойынша келісілген шарт
жағдайына байланысты болып келеді. Егер де жал ақысы келешектегі есеп
кезеңдеріне жатқызылатын болса, онда 342Жалға ақысышоты дебеттеліп және
тиісті ақша қаражаттарының шоты кредиттеледі. Олардың есептік кезеңі жеткен
кезде, тиесілі жал ақысы өндіріс шоттарына (9-шібөлімдегі) немесе 8-ші
бөлімдегі шоттарына ауыстырылады.Енді ағымдағы жалгерлікке байланысты
операалыр бойынша шоттар кореспонденциясын құрастырады. Ағымдығы жалдаудың
түрлері айқын ашылып жазылған:
- мүлікті жалдау;
-кәсіпорынды жалдау;
-үйлер мен ғимараттарды жалдау;
-көлік құралдарын жалдау;
-прокат;
-тұрғын үйді жалдау.
Мүлік жалдау (аренда) шарты бойынша жалға беруші жалға алушыға мүлікті ақы
төлеп уақытша иеленуге және пайдалануға беруге міндеттенеді. Жалға алушы
жалға алған мүлікке осы Кодексте белгіленген жағдайлар мен тәртіп бойынша
иелік етуге құқылы.
Лизинг, прокат шарттары да, сондай-ақ мүлікті ақы төлеп уақытша иелену мен
пайдалануға беруге байланысты шарттардың өзге түрлері де мүлік жалдау
шарттарына жатады.
Мүлік жалдауға кәсіпорындар мен басқа да мүліктік кешендер, жер учаскелері,
үйлер, ғимараттар, жабдықтар, көлік құралдары және оларды пайдалану
процесінде өздерінің табиғи қасиеттерін жоймайтын басқа да заттар
(тұтынылмайтын заттар) берілуі мүмкін. Егер заң актілерінде өзгеше
көзделмесе, жер пайдалану құқығы, жер қойнауын пайдалану құқығы және басқа
да заттық құқықтар мүлік жалдау объектісі болады. Заң актілерінде мүлікті
жалдауға тапсыруға жол берілмейтін немесе шектеу жасалатын мүлік түрлері
белгіленеді. Заң актілерінде тұрғын үй-жайлары, жер учаскелерін, жер
қойнауы учаскелерін және басқа да оқшауланған табиғи объектілерді, соның
ішінде концессиялық келісімдер негізінде, сондай-ақ өзге де жағдайларда
мүліктік жалдауға беру ерекшеліктері белгіленеді.Мүлікті жалға беру құқығы
оның меншік иесіне тиесілі.
Заң актілерінде уәкілдік берілген немесе меншік иесі мүлкін жалға беруді
тапсырған тұлғалар да жалға берушілер бола алады.
Жалға беруші жалға берілген мүлікке тараптармен келісілген мерзімдерде егер
заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, өз есебінен күрделі жөндеу
жүргізуге міндетті.
Жалға алушы жауап бермейтін мән-жайларға байланысты пайда болып, шұғыл
қажеттілік туғызған жөндеуді, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше
көзделмесе, жалға беруші кисынды мерзімдерде өз есебінен жүргізеді.
Жалға берушінің күрделі жөндеу жөніндегі міндеттерін атқармауы жалға
алушыға өз қалауы бойынша:
- жөндеуді өз бетінше жүргізуіне және жөндеу құнын жалға берушіден өндіріп
алуына;
- жөндеу құнын шарт бойынша төлемнің есебіне есептеуіне;
-шарт бойынша төлемді тиісінше азайтуды талап етуіне;
- шарттан бастартуына құқық береді.
Жалға беруші мүлікті жалға алушыға шарт талаптары мен мүліктің мақсатына
сәйкес келетін күйде беруге міндетті.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, мүлік жалға оның барлық керек-жарақтарымен
және оған қатысты құжаттармен (мүліктің жиынтықтылығын, қауіпсіздігін,
сапасын, пайдалану тәртібін куәландыратын және т.б. құжаттармен) бірге
беріледі.Егер мұндай керек-жарақтар мен құжаттар берілмеген болса, алайда
жалға алушы мүлікті оларсыз мақсатқа сәйкес пайдалана алмаса не шарт жасасу
кезінде үміт етуге құқығы болғанынан едәуір дәрежеде айрылатын болса, ол
өзіне жалға берушіден мұндай керек-жарақтар мен құжаттарды беруді немесе
шартты бұзуды талап ете алады.
Жалға беруші жалға берілген мүлікті жалға алушыға шартта керсетілген
мерзімде бермесе, ал шартта мұндай мерзім көрсетілмесе, жалға алушы қисынды
мерзімде одан Азаматтық Кодекстің 355-бабына сәйкес сол мүлікті талап етуге
немесе шартты бұзуды талап етуге құқылы.
Егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, жалға алушы жалға берушінің
келісімімен жалға алған мүлікті қосымша жалдауға (қосалқы аренда), мүлікті
жалға алу шарты бойынша өз құқықтары мен міндеттерін басқа тұлғаға беруге
(қайта жалға беру), жалға алған мүлікті тегін пайдалануға беруге, сондай-ақ
осы құқықтарды кепілге беруге және оларды шаруашылық серіктестіктерінің,
акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталына салым немесе өндірістік
кооперативке жарна ретінде салуға құқылы. Аталған жағдайларда, қайта жалға
беруді қоспағанда, жалға алушы жалға берушінің алдында шарт бойынша жауапты
болып қала береді.
Мүлікті басқа тұлғаларға беру туралы шартты жалдау шартының мерзімінен
асатын мерзімге жасауға болмайды.
Қайта жалға беру шартына, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, мүлік
жалдау шарты туралы ережелер қолданылады.
Жалға алушы, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, мүлікті дұрыс
күйде ұстап-тұтуға, ағымдағы жөндеуді өз есебінен жүргізуге және мүлікті
ұстап-тұтуға кететін шығындарды көтеруге міндетті.
Тараптардың біреуінің талап етуі бойынша мүлікті жалға алу шарты Азаматтық
Кодексте, өзге де заң актілерінде немесе шартта көзделген жағдайларда сот
тәртібімен өзгертілуі немесе мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.
Жалға берушінің талабы бойынша мынадай жағдайларда:егер жалға алушы мүлікті
шарт талаптарын немесе мүліктің мақсатын елеулі түрде бұзып, жалға
берушінің мұндай іс-әрекетті тоқтату туралы жазбаша ескертуіне қарамастан
пайдаланса;
- егер жалға алушы қасақана немесе абайсызда мүлікті елеулі түрде
нашарлатса;
-егер жалға алушы мүлікті пайдаланғаны үшін шартта белгіленген төлем
мерзімінің өтуі бойынша екі реттен астам төлем жасамаса;
- егер жалға алушы жалға алу шартында белгіленген мерзімде мүлікті күрделі
жөндеуден өткізбесе, ал ол шартта көрсетілмеген жағдайда - заң актілеріне
немесе шартқа сәйкес күрделі жөндеу міндеті жалға алушыға жүктелген
жағдайларда, оны қисынды мерзімде өткізбесе, мүлікті жалға алу шарты
бұзылып, мүлік жалға берушіге қайтарылады.
Жалға беруші жалға алушыға өз міндетін қисынды мерзімде орындауға мүмкіндік
берілгеннен кейін ғана шартты мерзімінен бұрын бұзуды талап етуге құқылы.
Жалға алушының талап етуімен шарт мынадай жағдайларда:
- жалға беруші мүлікті жалға алушыға пайдалануға бермеген не мүлікті шарт
талаптарына немесе мүліктің мақсатына сәйкес пайдалануға кедергі жасаған;
- жалға беруші өзіне жүктелген мүлікті күрделі жөндеу міндетін шартта
белгіленген мерзімде, ал ол шартта болмаған жағдайда - қисынды мерзімде
жүргізбеген;
- жалға алушыға берілген мүлікте оны пайдалануға кедергі келтіретін
кемшіліктер болып, оны шарт жасалған кезде жалға беруші ескертпеген, жалға
алушыға алдын ала белгілі болмаған және мүлікті көрген кезде немесе шарт
жасаған кезде оның ақаусыздығын тексерген кезде оның байқалуы мүмкін
болмаған;
- егер мүлік жалға алушы жауап бермейтін мән-жайларға байланысты пайдалану
үшін жарамсыз күйде болған реттерде мерзімінен бұрын бұзылады.
Өз міндетіне лайықты түрде атқарған жалға алушының, егер заң актілерінде
немесе шартта өзгеше көзделмесе, шарт мерзімі біткеннен кейін басқа
тұлғалардың алдында мүлік жалдау шартын жаңа мерзімге жасау үшін басқадай
тең жағдайларда артықшылықтың құқығы болады. Жалға алушы мүлікті жалға алу
шартында көрсетілген мерзімде, ал егер шартта осындай мерзім көрсетілмесе,
шарттың қолданылуы анықталғанша қисынды мерзімде осындай шартты жасағысы
келетіндігі туралы жалға берушіге жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
Мүлікті жалға алу шарты жаңа мерзімге жасалған кезде шарт талаптары
тараптардың келісімімен өзгертілуі мүмкін.
Егер жалға беруші шартты жаңа мерзімге жасасу жөнінде жалға алушыдан бас
тартса, бірақ шарт мерзімі біткен күннен бастап бір жылдың ішінде басқа
тұлғамен мүлікті жалдау шартын жасаса, жалға алушы өз таңдауы бойынша сотта
осы жасалған шарт бойынша құқықтар мен міндеттерді өзіне ауыстыруды және
өзімен шарт жасасуды жаңартудан бас тарту арқылы келтірілген залалды өтеуді
не тек залалды өтеуді талап етуге құқылы.
Егер жалға беруші тарапынан қарсылық болмаған жағдайда жалға алушы шарттың
мерзімі біткен соң да мүлікті пайдалана беретін болса, шарт нақ сондай
талаптармен белгісіз мерзімге қайта жаңартылған деп есептеледі. Бұл орайда
тараптардың әрқайсысы қозғалмайтын мүлікті жалға алған кезде, егер заң
актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, бұл туралы басқа тарапқа кем
дегенде үш ай бұрын және өзге мүлікті жалға алған кезде - бір ай ішінде
жазбаша түрде ескерте отырып, шарттан кез келген уақытта бас тарта алады.
Мүлік жалдау шарты тоқтатылғаннан кейін жалға алушы мүлікті алған кезіндегі
күйінде, қалыпты тозуын ескере отырып немесе шартта келісілген күйінде оны
жалға берушіге қайтаруға міндетті. Егер шарт мерзімі аяқталған соң
қайтарылатын мүліктің жай-күйі осы баптың 1-тармағында көзделген талаптарға
сәйкес келмесе, жалға алушы келтірілген шығынды жалға берушіге өтейді.
Жалға берілген мүлік шартта көзделген қызмет мерзімінен бұрын істен шығып
қалса, жалға алушы, егер шартта өзгеше көзделмесе, жалға берушіге мүліктің
қалдық құнын өтейді.
Егер жалға, алушы жалға алған мүлікті қайтармаса немесе оны мезгілінде
қайтармаса, жалға беруші барлық мерзімі өткізілген уақыт үшін мүлікті
пайдалану ақысын төлеуді талап етуге құқылы. Аталған ақы жалға берушіге
келтірілген шығындарды жабуға жетпесе, ол оны өтеуді талап ете алады. Шарт
уақытында қайтарылмаған жалға алған мүлік үшін тұрақсыздық айыбын телеу
көзделген жағдайда шығын, егер шартта өзгеше көзделмесе, тұрақсыздық
айыбынан тыс толық сомада өндіріліп алынуы мүмкін. Мүлік жалдау шартында
жалға алынған мүлік жалға алушының меншігіне тараптардың келісімінде
белгіленген жағдайларда көшеді деп көзделеді. Шартта жалға алынған мүлікті
сатып алу туралы ереже көзделмесе, ол тараптардың қосымша келісімімен
белгіленуі мүмкін, бұл орайда олар мүлікті пайдалануға бұрын төленген ақыны
сатып алу бағасына есептеу туралы уағдаласуға құқылы.
Жалға алынған мүлікті сатып алуға тыйым салу жағдайлары заң актілерімен
белгіленуі мүмкін.
Жалға алушыға оның жалға алған мүлікке құқықтары меншік құқығын қорғаумен
тең қамтамасыз етіледі.
Жалға беруші жалға алынған мүлікті пайдалану қандай да болсын құқықтары жоқ
үшінші бір тұлғаның күш көрсеткен іс-қимылдарымен бұзылғаны үшін жалға
берушінің алдында жауапты болмайды.
Жалға алушының талап қоюға және өзге де түрде өз атынан өзіне тиісті
құқықтарды қорғауға құқығы бар.
Мүлік жалдау шартының жекелеген түрлеріне және жекелеген мүлік түрлерін
жалдау шарттарына (лизинг, кәсіпорындарды жалдау, үйлер мен ғимараттарды
жалдау, көлік құралдарын жалдау, прокат), егер заң актілерінде және
Азаматтық Кодексітің ережелерінде олар туралы өзгеше көзделмесе, осы
параграфта көзделген ережелер қолданылады.
Кәсіпорынды жалдау; кәсіпорынды жалдау шарты бойынша жалға беруші жалға
алушыға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы үшін кәсіпорынды ақы төлеп
уақытша иеленуге және кәсіпорынды толығымен біртұтас мүлік кешені ретінде
пайдалануға (Азаматтық Кодекстің 119-бабы), оның ішінде құқық иесінің
фирмалық атауына және коммерциялық белгісіне, қорғалатын коммерциялық
ақпаратқа құқығын, сондай-ақ жалға берушінің басқа тұлғаларға беруге құқығы
жоқ құқықтар мен міндеттерді қоспағанда, шартта көзделген басқа да айрықша
құқықтағы объектілерді - тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін және т.б.
(айрықша құқықтар кешенін) беруге міндеттенеді.
Жалға берушінің тиісті қызметпен айналысуға берілген лицензия негізінде
алған құқықтары, егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, жалға алушыға
берілмеуге тиіс. Шарт бойынша берілетін кәсіпорынның құрамына осындай
арнаулы рұқсаты (лицензиясы) болмаған жағдайда жалға алушының орындауы
мүмкін болмайтын міндеттемелерді енгізу жалға берушіні кредит берушілер
алдындағы тиісті міндеттемелерден босатпайды.
Кәсіпорынның қызметкерлеріне қатысты құқықтар мен міндеттер жалға берушіден
жалға алушыға еңбек туралы заң актілерінде көзделген тәртіппен ауысады.
Жалға алушыға борыштарын аударғаны туралы жалға беруші өз кредит
берушілерін жалдау шарты жасалғанға дейін жазбаша түрде хабардар етуге
міндетті, олар осындай аударумен келіспеген жағдайда хабарлама алған күннен
бастап үш айдың ішінде жалға берушіден тиісті міндеттемелерді тоқтатуын
немесе мерзімінен бұрын орындауын және залалды өтеуін талап етуге құқылы.
Егер көрсетілген мерзімде осы талаптардың ешқайсысы қойылмаса, кредит
беруші тиісті борышты жалға алушыға аударуға келісім береді деп танылады.
Кәсіпорын жалға алушыға жалға берушіден міндеттемелерді тоқтатуды немесе
мерзімінен бұрын орындауды талап еткен кредит берушілермен есеп айырысу
аяқталғаннан кейін ғана берілуі мүмкін. Кәсіпорынды мүлік кешені ретінде
жалға бергеннен кейін жалға беруші мен жалға алушы берілген кәсіпорынның
құрамына енгізілген, жалға алушыға кредит берушінің келісімінсіз аударылған
борыштар бойынша бірдей жауапты болады.Кәсіпорынды жалдау шарты тараптар
қол қойған бірыңғай құжат жасау жолымен жазбаша түрде жасалады.
Кәсіпорынды жалдау шартының нысанын сақтамау шарттың жарамсыздығына әкеп
соғады.
Кәсіпорынды жалдау шарты мемлекеттік тіркелуге тиіс және ол осындай
тіркеуден өткен кезден бастап жасалған болып есептеледі.
Кәсіпорынды жалға алушыға беру өткізу актісі бойынша жүзеге асырылады.
Өткізу актісін жасау мен қол қоюға ұсынуды қоса алғанда, кәсіпорынды беруге
дайындау, егер шартта өзгеше көзделмесе, жалға берушінің міндеті болып
табылады және соның есебінен жүзеге асырылады.
Кәсіпорынды жалға алушы шарттың бүкіл қолданылу мерзімі ішінде, егер шартта
өзгеше көзделмесе, ағымдағы және күрделі жөндеуді қоса алғанда, кәсіпорынды
тиісті техникалық күйде ұстауға міндетті.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, жалға алынған кәсіпорынды пайдалануға
байланысты шығындар жалға алушыға жүктеледі.
Жалға алушы жалға берілген кәсіпорын мүлкінің құрамына кіретін материалдық
қазыналарды, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жалға
берушінің келісімінсіз сатуға, айырбастауға, уакытша пайдалануға не қарыз
етіп беруге оларды қосалқы жалға өткізуге және шарт бойынша осындай
құндылықтарға қатысты өз құқықтары мен міндеттерін басқа тұлғаға беруге
құқылы, мұндай жағдайда бұл кәсіпорынның құнын кемітуге әкеп соқпауы және
жалдау шартының басқа ережелерін бұзбауы керек. Кәсіпорынды жалдау шартында
өзгеше көзделмесе, жалға алушы жалға берушінің келісімінсіз жалға алынған
мүлік кешенінің құрамына оның құнын арттыратын өзгерістер енгізуге, оны
қайта құруға, кеңейтуге, техникамен қайта жарақтаңдыруға құқығы.
Егер кәсіпорынды жалдау шартында өзгеше көзделмесе, кәсіпорынды жалдаушы
жалға алынған мүліктен ажыратуға болмайтын жақсарту құнының, мұндай
жақсартуға жалға берушінің рұқсат етуіне қарамастан, өтемін алуға құқылы.
Жалға беруші жалға алынған мүліктен ажыратуға болмайтын жақсарту құнын өтеу
міндетінен, егер ол жалға алушының осы жақсартуға шыкқан шығысының жалға
алынған мүлік құнынан оның пайдаланылу қасиетін жақсарту мөлшеріне сәйкес
келмейтіндей екенін немесе мұндай жақсартуларды жүзеге асыру кезінде
адалдық пен ақылға сыйымдылық принциптерінің бұзылғандығын дәлелдесе, сот
арқылы босатылады.
Жалдау шарты тоқтатылған жағдайда кәсіпорын тұтастай мүлік кешені ретінде
Азаматтық Кодекстің 573, 574 және 576-баптарында көзделген ережелерді
сақтай отырып жалға берушіге қайтарылуға тиіс. Өткізу актісін жасауды және
оны қол қоюға табыс етуді қоса алғанда, кәсіпорынды жалға берушіге беруге
дайындау, егер шартта өзгеше көзделмесе, бұл жағдайда жалға алушының
міндеті болып табылады және соның есебінен жүзеге асырылады
Үйлер мен ғимараттарды жалдау; үйді немесе ғимаратты жалдау шарты бойынша
жалға беруші үйді немесе ғимаратты жалға алушының уақытша иеленуіне және
пайдалануына беруге міндеттенеді;
Азаматтық Кодекстің кәсіпорынды жалдау туралы ережелерінде өзгеше
көзделмесе, кәсіпорындарды жалдауға осы параграфтың ережелері қолданылады.
Үйді немесе ғимаратты жалдау шарты тараптар қол қойған бірыңғай құжат
ретінде жазбаша нысанда жасалады.
Үйді немесе ғимаратты жалдау шартының нысанын сақтамау оның жарамсыздығына
әкеп соғады. Кемінде бір жыл мерзімге жасалған үйді немесе ғимаратты жалдау
шарты мемлекеттік тіркелуге тиіс және ол осындай тіркеуден өткен кезден
бастап жасалды деп есептеледі.
Үйді немесе ғимаратты жалдау шартында жалдау ақысының мөлшері көзделуге
тиіс. Тараптардың жалдау ақысының мөлшері туралы жазбаша түрде келіскен
талаптары болмаған жағдайда үйді немесе ғимаратты жалдау шарты жасалмаған
деп саналады. Бұл Азаматтық Кодекстің 385-бабының 3-тармағында көзделген
баға белгілеу ережелері қолданылмайды.
Үйді немесе ғимаратты жалдау ақысы шартта үй (ғимарат) алаңының бөлінісіне
немесе оның көлемінің өзге көрсеткішіне белгіленсе, жалдау ақысы жалға
алушыға берілген үйдің немесе ғимараттың нақты мөлшері негізге алына отырып
айқындалады.
Жалға берушінің үйді немесе ғимаратты беруі және оны жалға алушының
қабылдауы өткізу актісі немесе тараптар қол қоятын өткізу туралы өзге де
құжат бойынша жүзеге асырылады
Үйді немесе ғимаратты беру туралы құжатқа тараптардың бірінің шартта
көзделген талаптар бойынша қол қоюдан бас тартуы, тиісінше жалға берушінің
мүлікті беру жөніндегі міндетін орындаудан, ал жалға алушының мүлікті
қабылдаудан бас тартуы деп қаралады.
Жалданған үйді немесе ғимаратты жалдау шарты тоқтатылған жағдайда жалға
алынған үй немесе ғимарат осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген
ережелер сақтала отырып, жалға берушіге қайтарылуға тиіс.
Көлік құралдарын жалдау; көлік құралын (уақытша кеме жалдау) басқару және
техникалық пайдалану бойынша қызмет көрсетуімен жалдау шарты (көлік құралын
экипажымен жалдау шарты) бойынша жалға беруші жалға алушыға ақы төлетіп
көлік құралын уақытша иелену мен пайдалануға беруге және өз күшімен оны
басқару мен техникалық пайдалануы бойынша қызмет көрсетуге міндетті.
Осы тараудың жалға алушының жалдау шартын жаңарту бойынша және жалдау
шартын белгісіз мерзімге жаңарту бойынша басым құқығы туралы ережелері
(Азаматтық Кодекстің 557 және 558-баптары) көлік құралдарын экипажымен
жалдау шартына қолданылмайды.
Көлік құралын экипажымен жалдау шарты оның мерзіміне қарамастан жазбаша
түрде жасалуға тиіс.
Жалға беруші шарт қолданылатын бүкіл мерзім ішінде жалға берілген көлік
құралын, ағымдағы және күрделі жөндеуді жүзеге асыру мен қажетті керек-
жарақтарын беруді қоса алғанда, тисті жағдайда ұстауға міндетті.
Жалға алушыға жалға беруші берген көлік құралын басқару мен техникалық
пайдалану бойынша көрсететін қызметінің көлемі шартта аталған жалдау
мақсатына сәйкес оның қауыпты және қауыпсыз пайдаланылуын қамтамасыз етуге
тиіс. Көлік кұралын экипажымен жалдау шартында жалға алушыға көрсетілетін
қызметтің неғұрлым кең ауқымы көзделеді.
Көлік құралы экипажының құрамы және оның біліктілігі тараптар үшін міндетті
ережелер мен шарттың жағдайларына, ал егер тараптар үшін міндетті
ережелермен мұндай талаптар белгіленбесе, көлік құралының осы түрін
пайдаланудың әдеттегі практикасы талаптарына және шарттық жағдайларына сай
келуге тиіс.
Экипаж мүшелері жалға берушімен еңбек қатынастарын сақтап қалады. Оларға
жалға берушінің басқару мен техникалық пайдалануға қатысты өкімдеріне және
жал алушының көлік құралын коммерциялық пайдалануға қатысты өкімдеріне
бағынады.
Егер жалдау шартында өзгеше көзделмесе, экипаж мүшелерінің керсеткен
қызметіне ақы төлеу жөніндегі шығындарды, оларды ұстау жөніндегі шығындарды
жалға беруші көтереді.
Көлік кұралын экипажымен жалға беру шартында өзгеше көзделмесе, жалға алушы
жанармайға жөне пайдалану процесінде жұмсалатын басқа да материалдар ақы
төлеу жөніндегі, алымдарды төлеу жөніндегі шығындарды және көлік құралы
коммерциялық пайдалануға байланысты туындаған басқа да шығындарды көтереді.
Көлік құралдарының жекелеген түрлерін оны басқару және техникалық пайдалану
жөніндегі қызмет көрсетуімен жалдаудың осы параграфта көзделгендерден басқа
ерекшеліктері заң актілерімен белгіленеді.Көлік құралын басқару және
техникалық пайдалану жөніндегі қызмет көрсетусіз жалға алу (көлік
құралдарын экипажсыз жалдау) Азаматтық Кодекстің мүлік жалдау шарты туралы
жалпы ережелеріне бағынады.
Прокат; прокат шарты бойынша тұрақты кәсіпкерлік қызмет ретінде қозғалатын
мүлікті жалға беруді жүзеге асыратын жалға беруші жалға алушыға мүлікті ақы
төлетіп уақытша иеленуге және пайдалануға беруге міндеттенеді.
Прокат шарты бойынша берілген мүлік, шартта өзгеше көзделмесе міндеттеме
мәнінен өзгеше туындамаса, тұтыну мақсатында пайдаланылады.
Прокат шарты жазбаша түрде, бұл шарт бір жылға дейінгі мерзімге жасалады.
Жалға алушының мүлікті жалға алу шартын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі құралдардың есебі жайлы
Материалдық емес активтердің аудиті
Негізгі құралдар есебінің инвентарлық карточкасының жазбасы
БАЛАНСТАН ТЫС ШОТТАРДАҒЫ ОПЕРАЦИЯЛАР
Жалға берілген негізгі құралдардың және жауапты сақтауға қабылданған тауарлы - материалдық құндылықтардың есебі
Негізгі құралдардың экономикалық мәні, амортизациясы
Мекеме «АЭСА»
Негізгі құралдар туралы ақпарат
Негізгі құралдар аудитінің жүргізілуі
Негізгі құралдар есебін ұйымдастыру және есеп міндеттері
Пәндер