20-шы ғасырдың бірінші жартысындағы тарихи оқиғаларды


Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 3
- 1917 жылғы «Октябрь төңкерісі» және осы
тарихи оқиғаның Қазақстанға көрсеткен әсері
- «Соғыс коммунизм» большевиктердің «Тауарсыз утопиясын»
іске асырудағы алғашқы әрекеті . . . 5
- «Әскери коммунизм» саясатын енгізудің негізгі себептері . . . 9
- Қазақстандағы «Әскери коммунизм» саясатыӨнеркәсіпті национализациялау және оның салдары . . . 12
2. 2 Ауылдар мен деревнялардағы наразылық . . . 17
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 24
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 27
КІРІСПЕ
Азамат соғысы жылдарындағы қалыптасқан қиындықтармен байланысты Кеңес өкіметі 1918 жылдың орта кезінде елдегі барлық материалдық ресурстармен, адам күштерін барынша жұмылдыру, қалаларды, өнеркәсіп жұмысшыларын, Қызыл Армияны азақ-түлікпен қамтамасыз ету, елде қатал еңбек тәртібін орнату мақсатында «әскери коммунизм» саясатын енгізді. Бұл төтенше саясат экономикалық күйзеліс, Кеңес мемлекетін шетел интервенттері мен ішкі жаулардан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. «Әскери коммунизм» саясаты негізінде азақ-түлік мәселесін шешу үшін төтенше шара азық-түлік салығы енгізілді. Ол бойынша елдегі байлар мен кулактардың қолындағы тауарлы астықтың көп бөлігі ешқандай қайтарымсыз алынды, бұқара халықты азық-түлікпен бір орталықтан қамтамасыз ету көзделді, ауыл шаруашылық өнімдерін өз еркімен сатуға тиым салынды.
«Әскери коммунизм» саясаты бойынша елде жаппай еңбек ету міндеттілігі талап етілді. Қазақстанда «әскери коммунизм» саясаты негізінде өнеркәсіпті кеңес органдарының қолына шоғырландыру, оны Қызыл Армияны қару-жарақ және жабдықтармен қамтамасыз етуге жұмылдыру шаралары жүргізілді. Бүкілресейлік Атқару Комитетінің 1918 жылғы мамырдағы жарлығымен әскерге өз еркімен бару ісі жалпыға бірдей міндетті әскери борышты орындаумен алмастырылды. 1918 жылдың жазында өлкеде Қызыл Армияның құрамында ұлттық әскери бөлімдер құрыла бастады.
Ел экономикасын соғыс жағдайына ыңғайлап қайта құру және майданды азық - түлікпен қамтамасыз ету мақсатында тарихта Әскери коммунизмі деген атпен әйгілі және уақытша сипаты болған экономикалық саясат орнады. Бұл саясаттың ең бірінші міндеті өнім өндірісі мен бөлісін толық орталықтандыру, еліміздің азық - түлік, шикізат және басқа ресурстарын мемлекеттің қолына жинап, қорғаныс мүдделері үшін дұрыстап пайдалану болды.
«Әскери - коммунизм саясатының» негізгі белгілері:
1) Азық - түлік салғырты енгізілді.
2) Жеке саудаға тыйым салынды.
3) Азық - түлік теңгерме ұстанымы бойынша бөлінді.
4) Ірі, орта және ұсақ өнеркәсіптер мемлекет меншігіне көшірілді.
5) Жалпыға бірдей еңбек міндеттілігі енгізілді.
6) Басқару ісі орталықтандырылды.
7) Коммуналдық жол - қатынасы қызметі (услуга) тегін болды.
1919 жылы 11 қаңтарда азық - түлік қиыншылықтары бұрынғыдан да бетер шиеленісе түсіп, мемлекеттің қолындағы өнеркәсіп товарларының қоры одан әрі азайған жағдайларда Кеңес үкіметі әлеуметтік принцип негізінде жүргізілген азық - түлік салғыртын енгізу туралы декрет шығарды. Оның мәні: ауыл шаруашылығы өнімінің артылғанының бәрін шаруалардың мемлекетке міндетті түрде өткізуі.
Қостанай уезінен 6 млн. пұт астық жиналды. Қарғалы шуға фабрикасы әскери шинельдер тігу үшін шұға дайындады. 1920 жылдың басында «Майдан апталығы» өткізіліп, мыңдаған пұт астық киім - кешек жиналды. 1920 жылы Атыраудан Орталық Россияға 600 мың пұт мұнай әкетілді.
Майдан қажетіне әр сенбі сайын жұмыс уақытынан тыс тегін еңбек ету шешіміне сәйкес 1919 жылы сәуірде Россияда алғашқы сенбіліктер өткізілді. Семейде 500 жұмысшы сенбіліктер ұйымдастырып, паровоздарды тегін жөндеуден өткізді.
Қазақ өлкесіндегі еңбекшілер күйзеліске, ашаршылыққа қарамастан жанқиярлықпен еңбек етті.
1919 жылы желтоқсанда Александров - Ғай - Ембі темір жол желісі салынды. Оның маңызы Орал - Ембі мұнайлы ауданын Орталық Россиямен жалғастырды. Бұдан басқа Жетісу темір жолы, Петропавл - Көкшетау темір жол желісі салынды. Маңызы: елдің ашыққан облыстарының халқын астықпен қамтамасыз етті.
Сөйтіп, осының бәрі Қызыл Армияны ұйымдастыруға, жау басып алған облыстар мен аудандарда партизан қозғалысын өрістетуге көмектесті.
Курстық жұмыстың мақсаты: 20-шы ғасырдың бірінші жартысындағы тарихи оқиғаларды, соның ішінде «Әскери коммунизм» саясатын тарихи көзқараспен қарастыру.
Зерттеу міндеттері: тарихи оқиғаны тарихының зерттелуін қарастыру барысында осы тарихи оқиғаларға сипаттама беру арқылы тарихи деректерге шолу жасау.
Курстық жұмыс: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. 1917 жылғы «Октябрь төңкерісі» және осы тарихи оқиғаның Қазақстанға көрсеткен әсері
- «Соғыс коммунизм» большевиктердің «Тауарсыз утопиясын» іске асырудағы алғашқы әрекеті
1917 жылы 25 қазанда Ресей империясының астанасы Петроград қаласында Қазан төңкерісінің нәтижесінде мемлекет билігі Кеңестердің қолына көшті. Қазан төңкерісінің идеологы, яғни басшысы В. И. Ульянов (Ленин) болды.
Қазан төңкерісінен кейін билікті қолына алған Кеңестер «Ресей халықтары құқықтарының декларациясын» қабылдады. Осыдан кейін Кеңестердің «Ресей мен Шығыстың барлық еңбекші мұсылмандарына» үндеуі жарияланды. Аталған үндеуде халықтардың діни сенімдері мен ұлттық мүдделеріне ешкім тиіспейтіні, барлық халықтардың құқықтары бірдей болатыны туралы айтылған.
1917-1918 жылдары Қазақстанда Кеңестер өкіметі кейбір өңірлерде күрес нәтижесінде, ал енді бір жерлерде бейбіт түрде орнады.
Қазан төңкерісінен кейінгі Қазақстандағы ұлттық үкіметтер
1917 жылы қарашада Орынбор контрреволюциялық төңкеріс нәтижесінде Дутов басқарған «Әскери үкімет» билікті қолына алды.
1917 жылы 15 қарашада Ташкентте болған мұсылман депутаттары Кеңестерінің өлкелік съезінде жаңа үкімет «Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі» орнады. Бұл үкіметтің Кеңесі құрамында мұсылмандар болған жоқ. 1917 жылы 22 қарашада Қоқанд қаласында болған бүкіл түркістандық IV съезде Түркістан автономиясы, яғни Түркістан үкіметі құрылғаны туралы жарияланды. Бұл үкімет кейбір деректерде «Қоқанд автономиясы» деп аталды. Алғашқы басшысы М. Тынышбаев, одан кейін басшы қызметін Мұстафа Шоқай атқарды.
1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында жалпы қазақ съезі болды. Съезді М. Шоқай басқарды.
Съезде Алаш автономиясын құру туралы қаулы қабылданды.
Алашлорданың 25 мүшеден тұратын Уақытша Халық Кеңесі құрылды.
Автономия орталығы Семей қаласында орналасатын болды.
Алашорда үкіметінің төрағасы болып Ә. Бөкейханов сайланды. «Қазақ» газетінде «Алаш» партиясының 10 бөлімнен тұратын бағдарламасы жарияланды.
«Алаш» партиясының бағдарламасы:
басқару түрі;
автономия;
азаматтық негізгі құқықтары;
дін ұстану туралы мәселе;
соттар туралы;
қорғаныс;
салық;
жұмысшы мәселесі;
халық ағарту;
жер мәселесі.
Кеңестер билігі Сырдарияда 1917 жылы 30 қазанда Перовскіде билік бейбіт жағдайда жұмысшы солдат депутаттарының қолына көшті. 1917 жылы 1 қарашада 4 күнге созылған шайқас негізінде Ташкентте Кеңес өкіметі орнады.
Кеңестер билігі 1917 жылы қарашада Шымкентте (бейбіт түрде), 1917 жылы 7 қарашада Түркістанда орнады.
Торғай облысында атаман Дутов бастаған қазақтар мен Ә. Бөкейханов бастаған Алашорда және эсерлер Кеңес өкіметіне қарсы күресті. Бірақ олар жеңіліске ұшырады. 1917 жылы 25 желтоқсанда Қостанайда күрес нәтижесінде кеңестер билігі орнады. (басшысы В. М. Чекшаров) .
1918 жылы 8 қаңтарда Кеңестер Ақтөбеде билікке келді (басшысы В. Ф. Зинченко) .
1918 жылы қаңтарда Торғай, Ырғыз уездерінде Кеңес өкіметі орнады.
1918 жылы 18 қаңтарда Орынборда Кеңес өкіметі орнады.
Кеңестер билігі Солтүстік және Шығыс Қазақстанда
Бұл өңірлерде Кеңес өкіметі күрес нәтижесінде орнады.
1917 жылы 22 қарашада Петропавлда Кеңестер билігін қолына алған Уақытша Революциялық Комитет билікке келді (басшысы И. Д. Дубинин) .
1917 жылы 25 желтоқсанда Ақмолада Кеңес өкіметі орнады.
1917 жылы желтоқсанда Кеңес өкіметі Көкшетауда орнады.
1918 жылы 2 қаңтарда Атбасарда Кеңес өкіметі орнады.
1918 жылы 18 қаңтарда Өскеменде билік Кеңестердің қолына көшті.
1918 жылы 19 қаңтарда Павлодарда күрес нәтижесінде билік Кеңестердің қолына көшті.
1918 жылы 17 ақпанда Семейде Кеңестер билігі үкімет басына келді.
Кеңестер билігі Батыс Қазақстанда
1918 жылы 15 қаңтарда Оралда Кеңес өкіметі орнады. Бірақ осы жылдың наурызында ақ гвардияшылар контрреволюциялық төңкеріс жасап, Кеңестерді биліктен тайдырды. Оралда Кеңес өкіметі азамат соғысы жылдарында ғана орнады.
1917 жылы 2 желтоқсанда Бөкей ордасында Кеңес өкіметі орнады.
Кеңестер билігі Жетісуда
1918 жылы 3 наурызда Верныйда Кеңес өкіметі қарулы көтеріліс нәтижесінде орнады.
1918 жылы наурыз айында Жетісу облысының барлық өлкесінде Кеңестер билігі орнады. Жетісу өңірінде Кеңес өкіметін орнату жолында Ж. Бабаев, А. Розыбакиев, Т. Боткин, Т. Өтепов т. б. революционерлер аянбай күресті.
Социалистік экономика және мәдениет
Кеңестер билігінің орнауына байланысты Қазақстанда жаңа үкіметтің басқару жүйелері құрыла бастады. Барлық кеңестер іске кірісті. Кеңестер жанынан қаржы, өнеркәсіп, жер, ағарту, әділет, денсаулық сақтау басқармалары жұмыс істеді.
1918 жылы 21 наурызда Орынборда кеңестердің I Торғай облыстық съезі басталды. Съезде жергілікті басқару жүйесі, әлеуметтік мәселелер жайында қаулы қабылданды. Бұл съездің қаулысы бойынша Алаш қозғалысының үнқағазы «Қазақ» газеті жабылды.
1918 жылы 20 сәуірде Ташкентте Түркістан Кеңестерінің V съезі болды. Бұл съездің құрамында Жетісу облысы бар Түркістан автономиялы Кеңестік социалистік республикасы құрылды. 1918 жылы Кеңес өкіметі көптеген өнеркәсіп орындары мен банкілерді мемлекет қарамағына алды.
Халықты азақ-түлікпен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданылды.
1918 жылы Ақмола мен Семейде сауда ісін жүргізу азық-түлік комитетіне жүктелді.
Кеңес өкіметі ағарту мәселесі бойынша нақты шараларды жүзеге асыра бастады.
С. Сейфуллин Ақмола облысындағы, С. Меңдешев Бөкей ордасындағы білім беру бөлімдерін басқарды.
Кеңес өкіметі Қазақ АКСР-ын құру мақсатында қазақ бөлімін құрды. Бұл істер азамат соғысының басталуына байланысты тоқтап қалды.
Қазақстанда кеңестік мемлекеттік аппарат құру және экономика саласындағы алғашқы өзгерістер
Кеңес өкіметі жеңгеннен кейін Қазақстанда да ескі мекемелер, оның ішінде, Уақытша үкіметтің комиссарлары, отарлау-шенеуніктік әкімшілік қоныстандыру басқармасы, бұрынғы сот жүйесі жойылып, өкімет билігі жұмысшы, солдат депутаттары кеңестерінің қолына өте бастады. Мұндай өзгерістердің іске асуына Қазақстан қалаларында құрылған революциялық комитеттердің рөлі зор болды. Олар қызыл ұландар бөлімдерін, жұмысшы жасақтарын құрды, кедейлерге арқа сүйеп, қанаушы таптардың қарсылығына тойтарыс берді, өкімет билігінің кеңестердің қолына өткенін жариялап, олардың нығаюы үшін ат салысты.
Өкімет билігінің ескі құрылымы Қазақстанда бірден жойылған жоқ. Олар әуелі кеңестердің қарамағына өтіп, сосын аттарын өзгертіп, бірте-бірте кеңес қарауына алынды. Мәселен, 1918 жылы ақпанда жұмысшы, шаруа, солдат, мұсылман депутаттары Ақтөбе кеңесі қалалық басқарманы кеңес басқару орны етіп қайта құрып, қалалық думаны таратты. Семей облыстық кеңесі 1918 жылы 9 наурызда дума мен басқармаларды таратып, уақытшы үкіметтің уездік комиссарларының міндетін жаңа құрылған кеңестерге жүктеді. Сол жылы 12 сәуірде Түркістан өлкесінің Халық Комиссарлар Кеңесі азық-түлік басқармаларына тиісті Кеңестердің азық-түлік бөлімі етіп қайта құру жөнінде жарлық шығарды. Қостанай уезіндегі шаруашылық иелігі Кеңестің қарамағына алынды.
Шіркеудің мемлекеттен, мектептің шіркеуден ажыратылуы, ерлер мен әйелдер теңдігі іске асырылды. Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің 1917 жылғы 10 қарашадағы Жарлығымен адамдардың сословиеге бөлінуі, олардың құқықтық артықшылығы мен шектеушілігі, сондай-ақ сословиелік мекемелер, ұйымдар жалпы сословие атауы жойылды.
Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңінде басқарудың бірыңғай құрылымы болған жоқ. Кейбір жерлерде Орталықтағы сияқты Халық Комиссарлар Кеңесі, екінші бір жерлерде облыстық мекемелер мен басқармалардың Комиссариаттары құрылды. 1918 жылдың күзінен бастап, басқарудағы алақұлалық жойылып, Кеңес атқару комитеттері билікті өз қолына топтастыра бастады. Маңызды мәселелер салалық басқармалардың коллегия мәжілісінде қаралып отырды.
РКФСР Халком Кеңесінің 1917 жылғы 22 қарашадағы «Сот туралы» жарлығымен соттың ескі құрылымы түгелдей қысқартылып, жергілікті жерлерде соттың жаңа жүйесі пайда болды. Сонымен бірге ескі прокурорлық бақылау мен қылмысты іс тергеушілер институттары, қорғаушы және жеке адвокатуралар жойылды. 1918 жылы облыстардағы Кеңес Атқару Комитеттері жанынан сот бөлімдері, ал өлке орталығында Қазақ өлкелік соты ұйымдасты.
1918 жылғы көктемде Түркістан автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы құрылды. Оның құрылуы 1918 жылғы сәуірдің 20-нан 1 мамырға дейін Ташкент қаласында өткен Түркістан өлкесі Кеңестерінің бесінші съезінде іске асты. Оның құрамына Қазақстанның оңтүстігіндегі Жетісу, Сырдария облыстары кірді. Орта Азия республикалары мен Қазақстан жерін межелеу жүргізілгенге дейін Ақмола, Семей облыстарының орталығы Омбы қаласы болған, ол Батыс Сібір өлкесіне, Торғай, Орал облыстары Орынбор губерниясына, Бөкей ордасы Астрахань губерниясының қарамағына кірді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz