Қазақ тіліндегі көптік тұлға мен көптік мағына және олардың ғылыми стильдегі қолданысы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Қазақ тіліндегі көптік тұлға мен көптік мағына және олардың ғылыми стильдегі қолданысы
Ғылыми жетекші:
Аға оқытушы:Қанабекова М. Қ.
Сарапшылар:
Ф. Ғ. К. доц. Отарбекова Ж. К.
Ф. Ғ. К., Қаз ҰПУ-дың доц.
Исмаилова Ж.
Кафедрада талқыланып,
қорғауға жіберілді.
Хаттама №
«» «» 2008
Кафедра ммеңгерушісі,
ф. ғ. д. доцент Ермекова Т. Н.
Алматы - 2008
Мазмұны
Кіріспе
І тарау
Қазақ тіліндегі көптік категориясы
мен көптік жалғау категориясы.
1. 1 Көптік тұлға
1. 2 Көптік мағына
ІІ тарау
Көптік мағына беретін тұлғалардың
ғылыми стильдегі көрінісі.
2. 1 Ғылыми әдебиеттің алғашқы
үлгілеріндегі көптік жалғауының
қолданылу ерекшеліктері.
- Қазіргі ғылыми әдебиет пен баспасөз
тіліндегі көптік форманың қолданысы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Тілдердің қайсысында болмасын, сыртқы тілдік факторлардың ырқына көнбей, өз табиғи қалпын бұзбай сақтайтын лексика - семантикалық заңдылықтар бар. Қазақ тілінің табиғатында сан есіммен, сондай - ақ көптік, жалпылық мағыналық жүк арқалаған сөздермен тіркескен анықтаушы сөздерге көптік жалғауы жалғанбайтыны белгілі.
Бірақ осы ерекшелік әдеби тіліміздің барлық стиль жүйелерінде бірдей ескеріле бермейді. Әсіресе мерзімді баспасөз бен ғылыми әдебиет стилінде бұл ереже сақталмай, нормадан ауытқу жиірек кездеседі. Зерттеушілердің айтуынша, бұл-орыс тілінің, соның ішінде аударма процесінің тікелей ықпалы. Кеңес дәуірінің алғашқы жылдарында байқалған осы құбылыс қазірге дейін жалғасып келеді.
Қазақ тіліндегі зат есімдер нақтылы лексикалық мағынасына қарай сөйлем ішінде не жекеше, не көпше түрде қолданылады. Зат есімдерді жекеше, көпше деп аталатын екі топқа бөлуге негіз болатын ең басты грамматикалық белгі ретінде көптік жалғауын атаймыз. Бірақ қазақ тіліндегі көптік тұлға мен көптік мағына дегендер бір-бірімен тепе-тең түсінік емес. Көптік мағынаның өрісі көптік түлғамен салыстырғанда әлдеқайда кең. Себебі тіліміздегі әрбір зат есім ешқандай сыртқы морфологиялық көрсеткішсіз-ақ екі бірдей грамматикалық мағынада (жекеше де, көпше де) жұмсала алады. Оның үстіне зат есімнің бәрі бірдей көптік жалғауын талғаусыз қабылдай бермейді.
Кейбір функционалдық стиль материалдарынан қазіргі тіл колданысындағы көптік тұлғаның қызметі біршама активтенгенін көруге болады. Осыған орай дипломдық жүмысымыздың мақсаты - ғылыми әдебиет тілі мен баспасөз беттерінде жиі кездесетін мағынасында көптік үғымы бар сөздерге және сын есім анықтап түрған сөздерге көптік жалғауы жалғанып қолданылатын фактілерді талдап, ондай колданыстардың себебін анықтау болып табылады. Бұл максатка жету үшін келесі міндеттерді шешу қажеттілігі туындайды:
-тілдегі көптік мағына мен көптік тұлғаның қолданысындағы айырмашылықтарды анықтау;
- ғылыми стильге тән негізгі ерекшеліктерді көрсету;
- ғылыми стильдің алғашқы үлгілеріндегі (XIX ғасырдың ІІ жартысы менXX ғасырдың басы) көптік жалғаулардың қолданылу ерекшеліктерінкөрсету;
- қазіргі ғылыми әдебиет пен баспасөз материалдарындағы көптіктұлғаның қолданысындағы ауытқуларды анықтау;
- баспасөз және ғылыми стиль материалдарындағы көптік әдеби нормадан ауытқу себептерін көрсету.
Ғылыми әдебиет стиліне тән тілдік ресурстар ғылымның дамуымен, ғылыми әдебиеттің молаюымен байланысты. Ғылыми әдебиет тілі стилінің ерекшеліктеріне зерттеушілер мыналарды жатқызады:
1. Ғылым әдетте зерттеу объектілерінің, табиғаттың, қоғам дамуының т. б заңдылықтарын айқындау үшін керекті талдау, топтастыру, салғастыру материалдарына негізделген қорытындылар жасауды керек етеді. Олар ғылым түрінің ерекшеліктеріне қарай кейбіреуі сол ғылым (химия, физика, математика) мамандарына арналса, бірқатары, әсіресе қоғамдық ғылымдар жайындағы әдебиеттер, оқулық, оқу құралдары көпшілікке арналады. Сонымен қатар олардың тілінде елеулі айырмашылықтар болады.
2. Ғылыми әдебиеттер қағидалары, тұжырымдары әдетте, зерттеу жұмыстарында тәжірибеде бар объективті шындықты уағыздайды. Сондықтан оның тілі жинақы, стилі «қатаң», сөздері, сөз тіркестері, сөйлем қүпылыстары дәлме-дәл болуға тиіс. Ғылыми прозаның тірегі - логикалық объективті байлам, бірізділік және дәлділік. Ғылыми стильдің сондай ерекшелігін басқа стильдермен, мысалы көркем әдебиет тілі стилімен салыстырғанда, анығырақ пайымдауға болады. В. Г. Белинский ол екеуінің айырмашылығын аз сөзбен былайша дәл айқындайды: «ғылым дәлелдейді, ал жазушы суреттейді, философ аллогизмдер аркылы сөйлейді, бірақ екеуінің де айтатыны бір нәрсе».
Ғылыми стильдің лингвистикалық сипаттары дегенде, ғылыми прозадағы авторлық баяндаулардың сөйлем құрылысы өзара тығыз байланысты, көбінесе күрделі болып келеді. Әдетте сабақтас сөйлемдердің басыңқы сыңарлары айтылған ойдың негізгі бөлшегі болса, мұнда сөйлемнің бағыныңқы сыңарларына да ерекше мағыналық қызмет жүктеледі. Жай сөйлем арқылы айтылатын ойға қатысты деректер мен мағлұматтар бірыңғай сөйлем мүшелері орайында жан-жақты қамтылып, сөйлемдер көбінесе жайылма түрінде жүмсалады.
Ғылыми стильге тән дәлділік әрбір ойға қатысты тек әдеби тілде бар сөздерді, әсіресе терминдерді, өз орнында, тура мағынасында қолдануды талап етеді. Бүл стиль сөз байлығына диалектизм, жаргон қарапайым сөздердің енбеуі былай тұрсын, тіпті оларды ауытқу орайында қолданылуы кездесе бермейді. Онда шартты белгілер мен қысқартулар көп.
Осылай ықшамдылыққа, әрі дәлділікке қүрылған ғылыми еңбек авторлары әдеби тіл нормаларын барынша берік сақтауға тырысады. Ғылыми стильде тілдің эмоциялық, экспрессивтік әсерлі болуы емес, нақты, тұжырымы дәл болуы көзделеді. Соған сәйкес ғылыми терминдер, термин емес сөздер, тағы басқа тілдік амалдар нақты, тура мағыналарында жұмсалады. Ғылыми стиль, әдебиет тілі әдетте дәлелдер мен қорытындыларға негізделгендіктен, әсірелеу, шенеу, мысқыл сияқтылар ол стильге тән емес.
Осы айтылғандар ғылым саласының ерекшіліктеріне, ғылыми еңбектің мазмұнына, пікірталастарының сыр-сипаты, ерекшіліктеріне лайық өзгеше де болуы мүмкін. Бірақ шын ғылыми еңбек тілінің стилі табиғаттың, қоғам өмірінің объективті заңдылықтарын уағыздайтын болса, ол әрине, ой-пікірді мүлтіксіз, дәл айтуға бейімделеді.
Қазіргі тіліміздегі көптік тұлғаның тіл заңдылығындағы тұрақты, қалыпты мағыналық, тілдік көрінісі кеңейген. Бұл құбылыстың алғашқы нышандарын ғылыми әдебиеттің алғашқы үлгілері саналатын XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдын басындағы нұсқалар мен ұңғыш қазақ газеттерінде жарияланған ғылымға қатысты алғашқы материалдардың тілінен де көптеп кездестіруге болады.
Бұл құбылысқа қатысты негізгі екі факторды атауға болады: бірі -сан есімнен жасалған анықтауыш компонентке көп, бірнеше, түрлі, шақты сияқты семантикалық құрылымында көптік мағына бар сөздерге тіркескен анықталушы компоненттің көптік жалғауымен түрленіп, қолданысқа түсуіне ресми, қоғамдық-саяси мәтіндердің орыс тілінен аударылуы болса, екіншісі- екі немесе үш тілде жасалған ақпаратты арнаулы әдебиетте (ғылыми, ресми, қоғамдық саяси мазмұндағы материалдар) түпнұсқаның барлық мазмұндық-құрылымдық белгілерінің сақталуын талап етілуі болып табылады.
Сонымен, тілімізде көптік тұлғаны қолданудың мынадай ерекшелік
Белгілері айқындалады:ресми, ғылыми стильдің мазмұндық-стильдік ерекшеліктерінеқарай қызметінің кеңеюі және қазақ тілінің құрылымдық қалыпты нормаларына қайшы келетін, стильдік жүгі жоқ сөзбе-сөз(калька) аудармалардыңболуы. Соңғы жайт қазақ әдеби тілінің лексика-грамматикалық нормасы талаптары тұрғысынан мұқият қадағалап отыруды қажет етеді. Себебі әдеби нормадан жөнсіз ауытқу тіліміздің бітім- тұлғасының өзіндік ерекшелітеріне нұқсан келтіреді. Бұл құбылыс бара-бара ғылыми әдебиет стилі мен газет тілінде дағдыға айналуы мүмкін. Сондықтан ғылыми стиль - қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің негізгі көрсеткіш болғандықтан, әдеби тіл нормаларының басты өлшем шарттарының толық жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Тілдік норманың шарттарын ұлттық тілдің табиғи құрылымдық өзіндік ішкі заңдылықтары болып саналады. Ғылыми мәтіндерде осы ұлттық тілдің табиғи сипаты толық сақталып, басқа стильдерден өзгешеленетін айырым белгілерімен ажыратылып тұруға тиіс. Морфологиялық тұлғалардың да тілдік норма талаптарын ескере отырып қолданылуында стильдік ұқыптылықты қажет ететін қосымшалардың бірі - көптік жалғау.
I ТАРАУ
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КӨПТІК КАТЕГОРИЯСЫ МЕН КӨПТІК
ЖАЛҒАУ КАТЕГОРИЯСЫ
Тілімізде көптік категориясы да, көптік жалғау категориясы да бар. Көптік категориясы деген ұғым тым жалпы ұғым да, көптік жалғау категориясы одан гөрі әлдеқайда жалқы ұғым. Мысалы, көптік категориясы тілімізде үш түрлі жолмен беріледі: лексикалық тәсіл, морфологиялық тәсіл, синтаксистік тәсіл.
Сөз атаулының қай-қайсысы болса да жалпыланған, жинақталған ұғымды білдіреді. Мысалы: ағаш, шөп, жылқы, ет, қағаз деген әрбір сөз саралауға болатын біртектес көптеген заттарды жинақтай атап, жалпылама ұғымның сипатын беріп түр. Осындай мағынасы жалпылама ұғымды білдіретін сөздердің өздері де біркелкі емес. Олардың ішінде ешқандай қосымша формаларсыз-ақ тұрып, тікелей көптік ұғымды білдіретін сөздер де бар. Мұндай сөздерге жеке даралап санауға келмейтін заттардың аттары (су, сүт, сорпа, қымыз, тұз, ұн, жарма т. б. ), ру, халық, үлт, ел аттары (қазақ, қырғыз, орыс, қыпшақ, найман), әр түрлі жәндіктер, аң-хайуанат аттары (көбелек, құрт-құмырсқа, түлкі, қоян, торғай т. б. ), өсімдік аттары (шөп, арпа, сұлы, жусан, бидай, тары т. б. ), қоғамдық өмірдегі әр алуан әлеуметтік үғымдардың аттары (социализм, дін, мәдениет, әдебиет, астрономия т. б. ), адамның ішкі құбылыстарының, дүниедегі сын-сипаттардың, іс-әрекеттердің аттары (алданыш, ермек, қуаныш, ақыл, жалқау, жүріс т. б. ) жатады.
Көптік ұғымды осылайша сөздің тікелей өз лексикалық мағынасы арқылы білдіру лексикалық тәсіл деп аталады.
Сан есімдер (реттік сан мен болжамдық саннан басқалары), сондай-ақ көп, аз, әлденеше, бірнеше, бірталай, қыруар тәрізді сөздер зат есімдерден бұрын анықтауыш болып тұрып, ешқандай қосымша формасыз-ақ көптік ұғымды білдіре береді. Мысалы: бес кісі, отыз қой, жеті оқушы, елу дәптер т. б.
Көптік ұғымдардың осылайша сөз (синтаксистік) тіркестері арқылы берілу жолы синтаксистік тәсіл деп аталады. Сөздердің қосарлануы арқылы жинақтау, топтау, жалпылау ұғымдары айтылатыны мәлім. Мысалы: бала-шага, қатын-калаш, кәрі-жас, жора-жолдас, ыдыс-аяқ, туған-туысқан, көрші-қолаң т. б. Қос сөздер синтаксистік тәсіл арқылы туған күрделі сөздер болғандықтан, олардың көптік ұғымды білдіруін лексика-синтаксистік тәсіл деп атауға болады.
Көптік ұғымдардың сөздерге тиісті қосымшалар қосылу арқылы берілу жолы морфологиялык тәсіл деп аталады. Қазақ тілінде де көптік үғымды білдіру үшін жалғанатын үш түрлі морфологиялық форма бар. Олардың бірі : -ыз, (-із, -з) формасы, екіншісі -қ(-к) формасы, үшіншісі -лар (-лер, -дар, -дер, -тар, -тер) формасы.
1. Алғашқы аталған -з(-ыз, -із) формасы қазіргі қазақ тілімізде көне заманнан сақталған сарқыншақ ретінде бірең-сараң сөздерде ғана үшырасады, оның атқаратын қызметі де, мағынасы да жоғарыдағыдан өзгеше. Мысалы, жіктеу есімдігінің бірінші жағы мен және біз , екінші жағы сен және сіз екені аян. Осы біз, сіз дегендердегі -з (-із) формасы қазіргі кезде өз алдына қолданылмайтын, өлі форма ретінде сақталып, тек біз, сіз, көз, егіз сияқтанған бірең-сараң сөздерде ғана кездесіп, олардың бөлінбейтін бөлшегіне айналған. Бұл -з(-ыз, -із) формасы әуелде көптік жалғауы емес, жұп, егіз, екеу болып келетін заттардың (дене мүшелерінің) аттарына жалғанатын қосымша болған.
Ал онымен төркіні бір болса да, қазақ тілінде одан мағынасы да, қызметі де басқа -з(-ыз, -із) формасы бар. Бүл форма оңаша тәуелдеудегі екінші жақтың сыпайы түріне (мысалы: ат-ың-ыз, іс-ің-із), ортақ тәуелдеудегі бірінші жаққа (мысалы: ат-ым-ыз, іс-ім-із), екінші жақтың сыпайы түріне (мысалы: ат-ың-ыз, аттар-ың-ыз, іс-ің-із, істер-ің-із) қосылатын тірі форма ретінде қалыптасқан. Сонымен катар бұл форма (-з, -ыз, -із ) қазақ тілінде жіктік жалғауының екінші жағының жекеше және көпше түрлеріндегі сыпайы форманың көрсеткіші болып кызмет етеді. Мысалы: сіз бар-ды-ң-ыз (кел-ді-ң-із), сіздер бар-ды-ң-ыз-дар (кел-ді-ң-із-дер), сондай-ақ бұл форма жіктелетін есімнің көпше түрінің бірінші жағына да қатысады, мысалы: біз оқушы-мыз (әнші-міз) ; біздер оқушылар-мыз(әншілер-міз) .
- Етістік ашық райының жедел өткен шағының (мысалы:біз бардық, келдік) бұйрық райының(біз барайық, келейік), шартты райының көпше түрінің(бізбарсақ, келсек) бірінші жағына косылатын жіктік жалғау әрқашан -к(-қ) болып келеді. Бұл форма да-к(-қ) ерте кездегі көптік мағынаны білдіретін морфологиялық формалардың бірі болғанға ұқсайды.
- Қазіргі тілімізде көптік мағынаны білдіретін негізгі морфологиялық форма-лар
(-лер, -дар, -дер, -тар, -тер)
екені белгілі. Осы себептен бұл форма заңды
түрде
көптік жалғауы
деп аталады. Бүл жалғау сөздің соңғы буыны мен
соңғы дыбысының әуеніне қарай өзгеріп,
-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер
формаларының бірінде жүмсалады.
1. 1 Көптік тұлға
Қазақ тіліндегі зат есімдер нақтылы лексикалық мағынасына орай сөйлем ішінде не жекеше, не көпше түрде қолданылады. Зат есімдерді жекеше, көпше деп аталатын екі топқа, екі категорияға айыра көрсетуге негіз боларлық ең басты грамматикалық сыртқы белгі оларға көптік жалғауының жалғануы /1, 51/.
Зат есімдердің көпшілігі тікелей атау формада тұрып, белгілі бір бірыңғай заттардың бәріне тән жалпы атау ретінде жұмсалуымен қатар, тиісті заттың бір данасын ғана атауы есебінде қолданылады. Мысалы: кісі, сөз, бала, үй, көл т. б. Егер осы атаулар арқылы аталатын заттар біреу емес, бірнеше, яғни көп екенін білдіргіміз келсе, осы зат есімдерге көптік жалғауын жалғау оған көптік мағына үстеудің бірден-бір ғана жолы емес.
Жалпы, көптік мағына тудырудың тіліміздегі барша тәсілін шартты түрде морфологиялық, лексикалық, синтаксистік деп аталатын негізгі үш топтың төңірегіне жинақтап көрсетуге болады.
Морфологиялық тәсіл немесе көптік түлғаның арнаулы қосымша арқылы жасалу тәсілі, негізінен, көптік жалғауының қызметіне байланысты. Қазақ тілінде көптік жалғауы -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер тәрізді алты түрлі фонетикалық варианттарда ұшырайды. Олар дыбыс үндестігі бойынша жалғанады. Көптік жалғауы жалғанған зат есімдер көптік мағынамен қоса өзінің бастапқы лексикалық мәніне орай сөйлем ішінде мынадай мағыналық реңктерге ие болады.
1 . Атап отырған нәрселеріміздің санап көрсетуге болатын өз алдына дербес бөлшектерден тұратындығын көрсетеді. Мысалы: өзендер, кітаптар, ыдыстар, жануарлар, таулар, койлар. Көптік жалғауын бұл ретте қолдану көбіне сөз болып отырған заттардың біркелкі емес, әркелкі екендігін аңғарту қажеттігінен туады. Келтірілген мысалдардан көптік жалғауы мұндағы өзен, кітап, ыдыс, жануар, тау, қой дегендердің үғым санының молдығынан гөрі олардың түрлерінің көптігін білдіру максатында жұмсалғандығын көреміз.
2. Көптік жалғауы сан жағынан бөлшектеп көрсетуге келмейтін бір текті нәрселердің жиынтығын білдіретін атауларға жалғанған кезде де жоғарыдағы секілді ол заттың жай ғана көптігін емес, түрінің, сортының әр түрлі екендігін аңғартады. Мысалы: тастар, тәттілер, нандар. Егер мұндай зат есімдер әр түрлілікті, әр сорттылықты көрсетпей, бірыңғай, біртекті нәрселердің жиынтығын көрсететін болса, онда олар әрдайым көптік жалғауы жалғанбай айтылады.
- Сонымен бірге көптік жалғауы өзі жалғанған зат есімдерге молшылық, қисапсыз көптік секілді мағынаны да үстей алады. Мүндай зат есімдердің негізгі лексикалық мәнінің, көбінесе, сан жағынан бөлшектеп көрсетуге келмейтін нәрселерді білдіруі шарт. Мысалы:сулар, үгінділер.
- Көптік жалғауы зат есімге жалғанғанда пайда болатын бұдан кейінгі басты мағыналық реңк белгілі бір адамдардың тобын, жиынтығын білдіру. Мысалы:жастар, ғалымдар, қырғыздар.
5. Көптік жалғауы туыстық жақындықты білдіретін зат есімдердің тәуелденген түріне жалғанған кезде, ондай сөздер біреудің есімін сый тұтуды, қүрмет көрсетуді білдіреді. Мысалы: әжемдер, апамдар, атамдар.
6. Мезгіл мөлшеріне байланысты айтылатын кейбір зат есімдерге көптік жалғауы топшылау, шамалау мағыналарын үстейді. Мысалы: қыс ортасында - қыстың орталарында. .
Басқа сөз таптарына жалғанған көптік жалғауының көптік мағынаның үстіне сөз мағынасын заттандырушы қызмет атқаратындығын да айта кеткен орынды. Мысалы: миллиондар, құрғырлар. Көптік жалғауының бұл жердегі қызметі жұрнақ қызметімен пара-пар. Бұл айтылғандардан тыс көптік мағынаның морфологиялық тәсіл арқылы пайда болуының бір жолы ретінде "адам" үғымындағы зат есімнің көпше түрде жіктелу үлгісін (ағайынбыз, көмекшіміз) атауға болады. Сондай-ак тәуелдік жалғауының ортақ түрінде жүмсалған сөзде де (досымыз, үйіміз) көптік мағынаға нүсқау бар. Бұлар жайында зат есімнің жіктеу, тәуелдеу категориясына байланысты сөз болмақ. Көптік мағына тудырудың лексикалык тәсілі деп отырғанымыз зат есімнің жекеше, көпше болып бөлінуінің белгілі бір жалғаудың қызметіне байланысты болмай, сөздін өз ішкі лексикалық мағынасына байланысты болып келуі көзделеді.
1. 2 Көптік мағына
Ана тілімізде зат есімнің көпше түрі жасалуының бұдан басқа да тәсілдері бар. Яғни, атау формада тұрғанда, өзі арқылы аталатын заттың біреуін емес, жиынын топтап, я қамтып атайтын зат есімдер де бар. Мысалы, сүт, ұн, жүн, алма, жел, кұйын деген сияқты зат есімдерді алсақ, бұлардың әрқайсысы белгілі бір жеке дара затты ғана атамай, оны тобымен атайды.
Осындай затты жеке даралап атамай, оның жиынын тобымен атайтын зат есімдерді көптік мәнді есімдер деп атаймыз.
Көптік мәнді есімдердің ерекшеліктері тек семантикаларында ғана емес, демек, затты жекелеп атамай, топтап атауларында ғана емес, граматикалык сипаттарында да бар.
Мысалы: аталған ұн, алтын, жел, ақыл тәрізді көптік мәнді есімдерді алсақ, осылардың бәрі практикалық тілде көптік жалғауы жалғанбай жұмсалады.
Сондықтан өздеріне тән осындай семантикалық ерекшеліктері мен граматикалық өзгешеліктеріне қарай, зат есімдердің бұл тобы өз алдына категория деп танылып, көптік мәнді есімдер деп аталынып отыр.
Қазақ тілінде сөз тура мағынада жұмсалғанда көптік тұлғаны қажет етпейтін сөздер бар. Бұлар - көпше, жекеше мағына дегенге көбіне талғаусыз қарайтын сөздер. Ондай сөздердің басты-басты лексикалық топтары мынадай:
- Белгілі бір әлеуметтік кәсіп түрінің атауышы болып келетін сөздер. Бұған негізінде-шылъқ -шілікжәне -лық -лік, -дық -дік, -тық -тікжұрнақтарының жәрдемі арқылы жасалған зат есімдер жатады. Мысалы:егіншілік, ақындық.
- Осы аталған жұрнақтар арқылы жасалған мағынасы абстракциялы затесімдер. Мысалы, көпшілік, жоқшылық, достық.
- Қос нәрселердің атын білдіретін зат есімдер де көптік жалғауынсызайтылады:етік, қолғап, сырға. Егер мүндай сөздерге көптік жалғауыжалғанған болса, онда олар осы атаулар арқылы ұғынылып отырған нәрсенің бір ғана жұп емес, бірнеше жұптан тұратындығын білдіреді. Мәселен, бір жұп қолғаптың екі сыңарын білдіру үшін қолғап сөзіне көптік жалғауын жалғаудың еш қажеттілігі жоқ. Егер бұлай еткен болсақ, онда бұл сөзден қолғаптың бірнеше түрі, бірнеше жұбы деген ұғым туған болар еді.
Адамның, жан-жануардың егіз дене мүшесінің атын білдіретін сөздердің кейбір контексте қолданылуында да осыған ұқсастық бар, мәселен, аяқтарыңа етік ки емес, аяғыңа етік ки, оның көздері бақырайды емес, оның көзі бақырайды.
4. Көптік жалғауын керек етпейтін сөздердің бір тобы жалқы есімдер. Бірақ жалқы есімдерге де көптік жалғауы жалғанатын кездері болады. Мысалы: Мараттар Алматыдан кеше оралды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz