«Тактикалық дайындық» пәні бойынша оқу - әдістемелік кешен


Пән: Алғашқы әскери дайындық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 114 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындғы мемлекеттік университеті

Жаратылыстану ғылымдар факультеті

Дене мәдениеті және бастапқы әскери дайындық ілімдері мен әдістемелері кафедрасы

«ТАКТИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ»

Жұмыс көлемі 135 сағат ( 3 несие)

ПӘНІ БОЙЫНША

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

«050104- Бастапқы әскери дайындық»

мамандығына

Семей 2014
Құрастырушы: аға оқытушы Ибраев Б. М.

Тактикалық дайындық әскери оқытуды ұйымдастыру мен өткізу бойынша және оларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне қызметке дайындау міндеттерін орындауға қажетті білім, біліктілік және дағдылармен бастапқы әскер дайындығын оқытушы ұйымдастырушыларды дайындау мақсатында студенттердің әскери істі оқуын қарастырады.

Тактикалық дайындық : Бөлім шабуылда. Шабуылдау негіздері. Қорғаныстағы қарсыласқа шабуыл жасау. Шабуылдаушы қарсыласқа шабуыл жасау. Бірден шабуыл жасау. Бөлімнің ұрыстық мүмкіндіктері. Шабуыл кезіндегі бөлім командирінің жұмысы. Қорғаныстағы бөлім. Қорғанысты ұйымдастыру және қорғаныс ұрысын жүргізу. Қорғаныстағы бөлім командирінің жұмысы. Маршты ұйымдастыру және шерудегі қарауыл негіздері. Қазіргі ұрыстағы барлаудың рөлі. Барлаулық бақылаудағы бөлім. Қарауылдық қорғаудағы бөлім.


1. ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ - SYLLABUS

  1. Оқытушы туралы мәліметтер:Ибраев Болатқали Мұқанұлы, байланыс телефоны: жұмыс 63-33-39

Кафедрада 08. 00 - 17. 00 дейін.

  1. Пән туралы мәліметтер.

Тактикалық дайындық

Өткізу орны №3 оқу корпусы

Оқу жоспарынан көшірме:

Оқу түрі: Оқу түрі
Оқу мерзімі: Оқу мерзімі
Курс: Курс
Семестр: Семестр
Кредит: Кредит
Дәрістер: Дәрістер
Практ.: Практ.
СОӨЖ: СОӨЖ
СӨЖ: СӨЖ
Барлығы: Барлығы
Бақылау түрі: Бақылау түрі
Оқу түрі:

Күндізі

гі

Оқу мерзімі:

4

жыл

Курс: 2
Семестр: 3
Кредит: 3
Дәрістер: 30
Практ.: 15
СОӨЖ: 22, 5
СӨЖ: 67, 5
Барлығы: 135
Бақылау түрі:

Ем

тихан

1. 3 Пререквизиттері:

Бұл пәнді оқығанға дейін Бастапқы әскери дайындық негіздері, саптық дайындық, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері секілді пәндерді қарастырып өткендері абзал.

Бұл пәнді оқу барысында тактикалық дайындық және бөлімдер мен бөлімшелердің ұрысты жүргізудің теориясымен практикасын, ұрыс түрлерін (шабуыл, қорғаныс) және ұрыс алаңында сарбаздардың іс қимыл әрекеттерін оқып үйренеді

1. 4 Постреквизиттері :

Тактикалық дайындық пәнін оқытып болғаннын кейін осы курстың қолданбалы мәселелерімен детальді түрде таныстыру қажет және Бастапқы әскери дайындығын оқыту әдістемесі пәнін оқытуда үлкен үлесін қоспақ

1. 5 Пәннің қысқаша мазмұны:

Осы пәнді оқу сабақ өткізу мынадай түрі мен әдістерін қарастырады:

Бөлімнің ұрыстық әр-түріндегі іс- әрекетінің ғылыми білімі негіздерін беретін теориялық сабақтар ( дәріс әдісімен ) .

Студенттердің теориялық білімінің деңгейін анықтау және қиын сұрақтарды түсіндіру мақсатында өткізілетін семинар сабақтары (әңгімелеу, сұрау әдістері) . Студенттердің ұрыстық әр түрінде, бөлім командирі рөліндегі әрекеттерді орындаудағы дағдыларын және біліктіліктерін үйрету және дамыту мақсатында өткізілетін практикалық сабақтар (әңгімелеу, көрсету, дайындық әдістері) .

Тактикалық дайындық оқытудың негізгі бір бөлімі больш табылады. Ол алғашқы әскери дайындық бағдарламасының бөлімдерін кешенді түрде зерделеуді қамтамасыз етеді.

Тактикалық дайындық жөніндегі оқу-сабақтарының барлық тақырыптары оқушылардың жалпы әскери ұрыстар негіздерін зерделеуге, ұрыс кезіндегі іс-қимылдарды үйренуге, дұшпанның жаяу әскерлері мен бронды машиналарын жоюға арналған қару мен гранаталарды қолдана білуге бағытгалған.

Оқу кезінде оқушылар әдістер мен іс-қимылдарды орындау техникаларын алғашында элементтер бойынша, кейіннен толығымен оқиды.

Тактикалық дайындық жөніндегі практикалық оқу-сабақтарына оқушылар автоматтардың нұсқаларымен, газ тұтқыштармен, сондай-ақ жаттығу гранаталарына арналған сөмкелермен шығады. Оқушылар практикалық тәсілдер мен іс-қимылдар жасай алатындай болып киінулері керек.

Ұрыс кезіндегі сарбаз міндеттерін, дұшпанды жою тәсілдері мен әдістерін меңгереді.

Курсты зерттеу мақсаты болып мыналар табылады:

Жастарды әскери дайындығы мынадай мақсатта өткізіледі.

  • Қазақстан Республикасы Конститутсиясының ережелерін, мемлекет қорғанысының негізін жастардың оқып үйренуі.
  • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тағайындалуын, оның сипаты мен ерекшеліктерін, Қазақстан Республикасы азаматтарының қасиетті борышы ретіндегі әскери қызмет мәнін, әскери антың негізгі талаптарын, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Жарғыларын жете түсінуі;
  • әскери бөлімдердегі ұрыстық техника және қару-жарақпен, жеке құрамның тұрмыс - тіршілігі және олардың орналастыруымен танысуы;
  • төтенше жағдайларда адамның тіршілік әрекеттінің қауіпсіздік негіздерін меңгеруі.

Пәнді зерттеудің негізгі мақсаттары боып мыналар табылады:

- Тактикалық дайындық жөніндегі оқу-сабақтарының барлық тақырыптары оқушылардың жалпы әскери ұрыстар негіздерін зерделеуге, ұрыс кезіндегі іс-қимылдарды үйренуге, дұшпанның жаяу әскерлері мен бронды машиналарын жоюға арналған қару мен гранаталарды қолдана білуге бағытталған. теориялық білім алуын қамтамасыз ету;

- Шабуыл және қорғаныс ұрыс түрлерінің негізі әдістерінің техникасы мен тактикасын жасап үйрену;

Курсты зерттеу барысында студенттерге қойылатын талаптар:

Студент зерттеу циклінде:

- зерттеуші пән бойынша конспектілер жасауға міндетті;

- жоғары оқу орындарының дене мәдениеті-студенттеріне арналған негізгі оқу құралдарын пайдалана отырып, дәрістік материальдарды оқу негізінде курстық теориялық сұрақтарын зерттеуге;

- алған білімін ғылыми және мерзімдік баспаларда жарияланған материальмен көмегімен жетілдіріп отыруға;

- алған білімдері бақылау жұмыстары тесттер көмегімен тексеру;

- Алғашқы әскери дайындық бағдарламаларын білуі және зерттеу.

Практикалық оқу-сабақтары қару-жарақ пен әскери техника мүліктерін, жеке қорғану құралдарын, аспаптарды және басқа да жабдықтарды пайдалана отырьш, зерделенген материалдарды толық меңгеру.

Тактикалық дайындық бойынша мақсаттарды айқындау, бағыттар мен жергілікті жердегі жағдайларға қатысты олардың орналасқан жерін анықтау және бақылау нәтижелері жөнінде баяндау; танкке қарсы қол гранатасын лақтыруға үйрену.

Тактикалық дайындықпәні бойынша студентер білуі тиіс:

- қазіргі ұрыстың жалпы сипаттамасын;

- ұрыс түрлерін және олардың сипаттамасын;

- мотоатқыштар бөлімшесінің ұйымдастырылуы мен оның қару жарағын;

- бөлімшенің қорғаныстағы және шабуылдағы іс-әрекетін;

- бөлімшенің атыс жүйесінің ұйымдастырылуын;

- миналардың бүркенішін ату белгілерін;

- сарбаздың қорғаныстағы және шабуылдағы іс-әрекеті

1. 7 Әдебиеттер тізімінің мазмұны:

  1. Стратегия развития Республики Казахстан «Казахстан-2030», 1997г.
  2. Военная доктрина РК, 13 марта 2011г.
  3. Конституция РК, 1995г.
  4. Алғашқы әскери дайындық бағдарламасы. Алматы 2006
  5. Тактика отделения, танка, мотострелкового и танкового взвода, книга 1, Х. М. Амбарян, 1985г.
  6. Мотострелковая (танковая) рота в бою, А. С. Носков, 1988г.
  7. Тактика, В. Г. Резниченко, 1984г.
  8. Боевой устав сухопутных войск, часть III, взвод, отделение, танк, 1990г.
  9. Основы начальной военной подготовки: Учеб. пособие/ Дошаков С. Х., Каргин С. Т. . - Караганда: Изд-во КарГУ, 2002. - 270с
  10. Алғашқы әскери дайындық оқулығы. К. Аманжолов Алматы «Мектеп» 2007
  11. Курс стрельб из стрелкового оружия, (КС-69) .
  12. Военно-инженерная подготовка, Б. В. Варенышев, 1982г.
  13. Государственный стандарт по специальности: «050104- Начальная военная подготовка», 2005г.
  14. История военного искусства, П. А. Жилин, 1986г.
  15. Боевой устав сухопутных войск, часть II, батальон, рота, 1982г.

1. 8 Баға туралы ақпараттар білім бағасы:

Ағымдық бақылау:

- Дәріс және практикалық сабақтарға қатысу;

- Дәріс және практикалық сабақтарға конспект жазу;

- Практикалық сабаққа белсенді қатысу;

Аралық бақылау:

- СОӨЖ орындау (әдістер жасау, кесте толтыру т. б. )

Үй тапсырмасы:

  • Таңдаған тақырыпта реферат жазу;
  • Таңдаған тақырып бойынша қысқаша баяндама жасау.

рейтинг шкаласы.

Бақылау түрі: Бақылау түрі
Балдар: Балдар
Бақылау түрі: 1-мб
Балдар: 2мб
Бақылау түрі:

Ағымдық бақылау

Дәріс

Тәжірибе

Балдар:

30

90

30

90

Бақылау түрі: Аралық бақылау
Балдар: 60
60
Бақылау түрі: Өздік жұмысы
Балдар: 120
120
Бақылау түрі: Қорытынды бақылау-емтихан
Балдар: 400
Бақылау түрі: Барлығы:
Балдар: 1000

Білім бағалау критериялары

%-тік тақырыптар: %-тік тақырыптар
критериялар: критериялар
%-тік тақырыптар: 0 - 49
критериялар: Жоспар бойынша сабақ тақырыптарын толық білмейді. Көп қателіктер жібереді.
%-тік тақырыптар: 50 - 74
критериялар: Жауабы дұрыс, бірақ толық емес. Жоспар бойынша сабақ тақырыбын және мағанасын терең түсінбеуі. Алған білімінен қортынды шығара алмайды.
%-тік тақырыптар: 75 - 89
критериялар: Жауыбы толық дұрыс. Ұсынылған әдебиеттерге сәйкес тақырып мазмұнын түсініп, дұрыс талқылайды. Өз ойына қортынды жасап, түсінгенін жеткізе біледі.
%-тік тақырыптар: 90 - 100
критериялар: Жауабы толық дұрыс. Ұсынылған әдебиеттер бойынша тақырыпты жақсы талқылайды. өз ойына қортынды жасап, алған білімін дұрыс жеткізе алады. Барлық сұрақтарға дұрыс толық жауап береді.

1. 9 Курстың саясатымен процедурасы:

Студенттер міндеті сабақтарға үзбей қатысу, пән бойынша тапсырмаларды кестеге сәйкес орындау және әдебиетпен кітапхана мен интернет-залында өзіндік жұмыстар орындау.

Сабаққа кешігу, келмеу және аудиторияда басқа адамдардың білім алуына кедергі келтіретін жүріс-тұрыс үшін жауапкершілік « Семей қаласының Шәкәрім атындғы мемлекеттік университеті» анықталады. Студенттің өзінің қатысуынсыз қорытынды бақылау өткізілмейді. Емтиханға келмеу жағдайлары университетін оқу процесін ұйымдастыру ережелерімен реттеледі.

Зерттеу барысында студенттерге қойылатын әкімшілік талаптар:

1.: 1.
Мерзімінде рефераттың дайын болмауы: Мерзімінде рефераттың дайын болмауы
5 балл шегеріледі.: 5 балл шегеріледі.
1.: 2.
Мерзімінде рефераттың дайын болмауы: Мерзімінде қосымша баяндаманың болмауы
5 балл шегеріледі.: 2 балл шегеріледі
1.: 3.
Мерзімінде рефераттың дайын болмауы: СОӨЖ болмауы
5 балл шегеріледі.: Сабақ тақырыбына сәйкес балдар шегеріледі
1.: 4.
Мерзімінде рефераттың дайын болмауы: Аралық бақылауда болмауы
5 балл шегеріледі.: 8 балл шегеріледі.
1.: 5.
Мерзімінде рефераттың дайын болмауы: Сабаққа кешігулер, сабаққа қатыспаулар
5 балл шегеріледі.: Ағымдық бақылаудан балдар шегеріледі

2. ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

  1. Күндізгі бөлімнің тақырыптық жоспары

Барлығы (несиелер) 3 кредит

Р/б №: Р/б №
Тақырып аты: Тақырып аты
Сағат саны: Сағат саны
Р/б №: Дәріс
Тақырып аты: Практ
Сағат саны: СОӨЖ
СӨЖ
Р/б №: 1
Тақырып аты: 1-тақырып: Қазіргі жалпы әскери ұрыс негіздері.
Сағат саны: 4
2
3
6
Р/б №: 2
Тақырып аты: 2-тақырып: Бөлімдерді басқару.
Сағат саны: 4
2
3
6
Р/б №: 3
Тақырып аты: 3-тақырып: Ұрыс кезіндегі сарбаздың әрекеті
Сағат саны: 4
2
3
6
Р/б №: 4
Тақырып аты: 4-тақырып: Шабуылдағы бөлімше.
Сағат саны: 4
2
3
6
Р/б №: 5
Тақырып аты: 5- тақырып: Қорғаныстағы бөлімше
Сағат саны: 4
2
3
6
Р/б №: 6
Тақырып аты: 6-тақырып: Марштағы, шерулік және қарауылдағы
бөлімшеше, барлаудағы бөлімше.
Сағат саны: 4
2
3
6
Р/б №: 7
Тақырып аты: 7-тақырып: Шабуылдағы взвод.
Сағат саны: 2
1
1, 5
7, 5
Р/б №: 8
Тақырып аты: 8-тақырып: Қорғаныстағы взвод.
Сағат саны: 2
1
1, 5
7, 5
Р/б №: 9
Тақырып аты:

9-тақырып: Марштағы, шерулік және қарауылдағы взвод.

Бір орындағы және қарауылдағы орналасу кезіндегі взвод.

Сағат саны: 2
1
1, 5
7, 5
Р/б №: 10
Тақырып аты: Барлығы
Сағат саны: 30
15
22, 5
67, 5
Р/б №: 11
Тақырып аты: Жалпы
Сағат саны: 30
15
22, 5
67, 5

2. 2 Дәрістік сабақтар тезистері

1-тақырып: Қазіргі жалпы әскери ұрыс негіздері. 4 сағат

1. Тактика және тактикалық дайындық міндеттері. Қазіргі жалпы әскери ұрыстың мәні .

2. Қазіргі ұрыстың күштері және құралдыры. Қазіргі жалпы әскери ұрыстың сипаттық кешендері.

3. Қазіргі жалпы әскери ұрыстың негізгі қағидалары.

4. Жалпы әскери ұрыстың түрлері және олардың қосымша сипаттамасы.

1. Тактика мен тактикалық дайындықтың міндеттері

Әскери өнер ғылыми теория ретінде үш құрамды бөліктерге, стратегия, оперативті өнер және тактика.

Тактика - бұл әскери өнердің құрамды бөлігі, қарулы күштердің біріккен түрлерінің бөлімдердің, әскер түрлерінің және арнаулы әскердің ұрыс жүргізудегі теориялық-тәжірбиелік дайындығын қамтиды. Теориялық тактика ұрыстың мазмұнын, мәнін, заңдылығын зерттейді, ұрыс жүргізу дайындығының тәсілдерін дайындайды, бөлімдер және құрамалардың, бөлімшелердің жауынгерлік мүмкіндіктерімен ерекшеліктерін оқытады. Тактикалық тәжірибе командирлердің әрекетін, штабтар және әскерлердің ұрыс жүргізудегі дайындығын қамтиды. Оған жататындар:

  • болып жатқан жағдайдың мәліметтерін үнемі нақтылап отыру;
  • өз қарамағындағыларға жауынгерлік міндеттерін жеткізу;
  • бөлімшелер мен бөлімдерді басқару;
  • ұрыс әрекеттерін жүргізу;
  • әскери әрекеттерді қамтамасыз ету.

Тактикалық дайындық - бұл жеке құрамды бөлімшелерді, бөлімді және құрамаларды, сонымен қатар органдардың ұрыс жүргізу мен дайындықты басқаруы.

Тактикалық дайындыққа басқа барлық пәндерді оқу кірістірілген, өйткені ол білімнің жиынтығын жауынгерлердің атыс, техникалық, арнаулы инженерлік, саптағы, дене шынықтыру дайындығындағы және басқа пәндерді оқу барысында алған іскерліктем мен икемділіктерді байланыстырады. Бұл әскерлерді үйретудің даярлық дағдыландырудың негізі болады.

Қазіргі жалпы әскерлердің ұрыс жүргізу мәні.

Қазіргі жалпы әскерлердің ұрыс жүргізу мәнінде оның мағынасын түсіну қажет, ең бастысы, қарулы күрес процестерінің және басқа құбылыстардың, оның ішінде өткен соғыстарда жүргізілген ұрыстарды айырмашылығын білу. Ұрыстың мәніне оның ішкі мазмұны құрамды бөліктерімен элементтерінің бір тұтас бірлігін көрсетеді.

Бірқатар мемлекеттерде қарумен жарақтануда ядролық қаруды, ракеталарды қабыладғаннан кейін жалпы әскерлердің ұрыс жүргізу мазмұны біршама өзгерді. Ол бұрынғыға қарағанда, шұғыл, маневрлі болып, оның кеңістіктегі өрісі бірнеше есе артты. Жеке құрамалардың моральдық - психологиялық және дене шынықтыру сапасына қойылатын талаптар біршама көтерілді. Әскерлердің техникамен, қарумен жоғарғы деңгейде жарақтандырылуы, күштер мен құралдардың өзара әрекетін ұйымдастыруға, ұрысқа қатысушыларға, оны басқаруға талаптарды көтерді (күшейтті) .

Ұрыс барлық әскерлердің бірлескен күшімен, танк, әскери ұрыс машминалары, артиллерия, минометтерді, танкіге қарсы қолданатын ракеталармен және қорғанысына қарсы қолданылатын құралдармен, ұшақ, тікұшақты және әскери техникасын, қаруларды қолданумен жүргізіледі.

Қазіргі жалпы әскери ұрыс әскерлдерді жоюға арналған барлық құралдарды, әскери және арнаулы техниканың шебер қолдануды, жоғарғы ұйымшылдықты, әрекеттілікті, барлық моральдік және дене күшін, жеңіске деген жігермен, темірдей тәртіптің және жауынгерлік ұйымшылдықпен әркет ету талап етеді.

Қазіргі жалпы әскерлік ұрыс ядролық қару жарақты және басқа жоятын құралдарды, сонымен қатар тек жай қаруларды қолданып жүргізілуі мүмкін.

2. Қазіргі ұрыстың күштері және құралдары.

Қазіргі ұрыстың күші мен құралдары бұл жеке құрама және бөлімшелер, және құрамалардың ұрыс жүргізуге оны қамтамасыз етуге арналған қаруы.

Ұрыс жүргізудің мәнісі мен тәсілі басты жағдайда оның материалдық негізіне, яғни қарулы күресте қолданылатын қаруға әскери техникаға және адамдарға байланысты.

Ұрыс жүргізудің мәніне және тәсіліне, ұрыстың екінші материалдық негізі бұл адамдар, «Сарбаздық материал», олардың моральдық, үлкен әсерін тигізіп өзгеріс әкеледі. Жаңа күрес құралдары, олардың арасын күші мен мүмкіндігіне қарамастан, адам оның бірінші негізі болып қалады, онсыз кез келген техника, кез келген жоюшы құралдар пайдаға аспайды, ал қарулы күрес жүргізудің ешбір мәні болмайды.

Ядролық қару қарсыласты жоюдағы ең басты күшті құрал болып саналады. Қарсыластың объектілерін ядролық қарумен жою әуе арқылы, жер үсті және жер асты ядролық жарылыстармен жүзеге асырылуы мүмкін. Ядролық қаруды қолданылатын жерге жеткізудің негізгі құралдары, әр түрлі мақсатта қолданатын ракеталар, артиллерия және ұшақтар.

Қатардағы қаруды артилериямен, зенитпен авиациялық атыс құралдарымен қолданатын, инженерлік ұрыс жабдықтары және от алғыш қоспалар барлық атыстық және соққы беретін құралдар құрайды. Қатардағы қаруды жеке түрде немесе қарсыластың адам күшін және техникасын, сол сияқты әр түрлі обьектілерді бұзу, қирату үшін ядролық қарумен қатар қолдануға болдады.

Қазіргі жалпы әскерлік ұрыс жүргізудің өзіндік белгілері.

Қазіргі жалпы әскери ұрыстың өзіндік белгілері болып, оның басты қасиеті және ерекшелігі түсіндіріледі, сонымен болып өткен соғыстағы ұрыстың мәні ашылады. Ұрыстың мәні - бұл жалпы белгілердің жиынтығы, болған ұрысқа қатысы бар оның өзіне тән белгісін және ерекшелігін анықтайды.

Қазіргі ұрыс шешімділігімен, жоғарғы моневрлігімен, қуаттылығы және жеделдігімен, жағдайлардың жылдам, шұғыл өзгеруімен оларды жүргізудегі тәсілдердің әр түрлілігімен, әскери әрекеттерді жерде, әуеде, кең майданда үлкен тереңдікте жоғарғы шапшаңдықта жүргізумен ерекшелінеді.

3. Қазіргі жалпы әскерлік ұрыс жүргізудің негізгі қағидалары.

Жалпы әскерлік ұрыс жүргізудің негізгі принціптері - бұл негізгі басшылық нұсқа, жалпы ұрыс жүргізудің ұйымдастырудағы басты кепілі.

Қазіргі жалпы әскерлік ұрыс жүргізудің негізгі принціптері болып табылатын:

- құрамалардың, бөлімдердің және бөлімшелердің әр уақыттағы жоғарғы әскери дайындығы;

- жоғарғы белсенділік, шешімділік және үздіксіз ұрыс жүргізу;

- кенеттен әрекет ету;

- келіскен, бірлескен түрде әскерлердің әр түрін және арнаулы әскерлерді ұрыста қолдану, олардың өзара үздіксіз әрекетін ұстау;

- шешімді түрде әскердің негізгі күшін басты бағытта және керек уақытта топтастыру;

- бөлім, бөлімшелермен және атыспен маневр жасау;

- жан-жақты есепке алу және моральдық саяси психологиялық факторды әскери тапсырманы орындау мүддесінде қолдану;

- ұрысты жан- жақты қамтамасыз ету;

- әскерлердің жауынгерлік қабілетін уақытында қалпына келтіру және қолдау;

- қатаң және үздіксіз әскерлерді басқару, белгіленген мақсаттардың жетістігінен бас тарту, қабылданған шешімдерді және тапсырмаларды орындау.

4. Жалпы әскерлік ұрыс жүргізудің түрлері және оның қысқаша мінездемесі.

Ұрыс жүргізу әрекеттерінің көп түрлілігіне қарамастан, оларды негізгі және бірден байқалатын белгілеріне қарай классификациялайды. Осыған байланысты жауынгерлік әрекеттер шабуыл және қорғанысқа бөлінеді.

Шабуыл әскерлердің жауынгерлік әрекетінің негізгі түрі ретінде қарсыластарды жеңу нәтижесінде шешуші мәнге ие болады. Шабуыл күні, түні үздіксіз жүргізіледі.

Жағдайға және қойылған тапсырмаларға байланысты, шабуыл қорғанушы, шабуылдаушы немесе шегінуші қарсыласқа жүргізілуі мүмкін.

  • қорғанушы қарсыласқа шабуыл жасау бірден жүргізіледі, немесе онымен түйісетін жағдайдан басталады.
  • Шабуыл шабуылдаушы қарсыласқа қарсы ұрыс жүргізумен жүргізіледі.
  • Шегінуші қарсыласқа шабуыл, оның ізімен жүргізіледі.

Қорғаныс әскери әрекеттердің түрі ретінде мынадай жағдайда ғана, шабуыл жасау мүмкіндігі болмағанда немесе ешқандай мәні болмаса, сонымен қатар әскери күштермен құралдарды бір бағытта қолдануда үнемдеу қажеттігі туғанда, басқа мәнді шабуылда қамтамасыз етуде қолданылады.

Қорғаныс алдын ала дайындалып немесе ұрыс барысында қарсыласпен түйісу жоқ, жағдайда немесе тікелей түйісіп тұрған жағдайда ұйымдастырылуы мүмкін.

Өте күрделі және жиі кездесетін тәсілдердің бірі жаумен бетпе-бет келгенде әскерлердің қорғанысқа көшеді, қарсыластардың басым күшпен жасаған қарсы шабуылын тойтару үшін, басып алған шептерге және аудандарға бекіну үшін, маңдайшептерді, шабуылдаушы топтарды қамтамасыз етуде, қарсы ұрыстардың нәтижесі сәтсіз болғанда қолданылады.

Қарсыласпен түйісуге келуі тыс жағдайда болғандағы қорғаныс, басты күштердің бағыттағы ілгерілеуін шабуылға өтуге тартылуын, шабуыл жасау қаралмаған жерде, шабуыл барысында екінші эшелондағы немесе резервтердің әрекет етуінде, теңіз жағалауындағы қауіпті кезеңде қамтамасыз ету үшін қолданылады.

Негізгі әдебиеттер: [5, 9, 10] .

№ 2-тақырып: Бөлімдерді басқару . 4 сағат

1. Ұрыстық әрекет неігіздері және мотоатқыш бөлімшесінің ұйымдастырылуы.

2. Бөлімшелер мен атысты басқару

3. Ұрыстағы бастамашылдық және кенеттілік

4. Жауынгердің ұрыстағы міндеттері .

5. Мотоатқыштар бөлімшесінің жорық, ұрысқа кіру және ұрыс реттері

1. Ұрыстық әрекет неігіздері және мотоатқыш бөлімшесінің ұйымдастырылуы.

Мотоатқыштар бөлімін ұйымдастыру. Штаттың қарулануы мен ұрыс техникасы. Мотоатқыш бөлімшелері - тактикалық бөлімшелер болып табылады. Ол мотоатқыш бөлімінің негізін құрайтын және жалпы әскери бөлімше болып табылатын мотоатқыш взводына кіреді және жалпы әскери бөлімше болып табылады.

Жаяу әскердің ұрыс машинасындағы (ЖҰМ) мотоатқыш бөлімшесінің құрамында бөлімше командирі, көздеуші-оператор, механик-жүргізуші, пулеметші, гранататқыш, гранататқыштың атқыш-көмекшісі, аға атқыш және атқыш болады. Бөлімшенің қаруларында жаяу әскердің ұрыс машинасы (ЖҰМ), қол пулеметтер, танкіге қарсы гранататқыш, автоматтар, жарықшақты және танкіге қарсы қол гранаттары болады.

ЖҰМ - бұл сауытталған шынжыр табанды машина. Ол бөлімшенің жеке құрамын орналастыруға, ұрыс жүргізуге және жылжуға арналған. ЖҰМ зеңбірекпен, пулеметпен және танкіге қарсы басқарылатын реактивті снарядтармен жабдықталған. Машина маневрлі және өтімділігі жоғары, өте жылдам қозғалады, су бөгеттерінен, жолсыз, батпақ жерлерден және қалың қардан жақсы етеді. ЖҰМ ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларына қарсы қорғану жүйесімен және түнде көру аспаптарымен жабдықталған.

ЖҰМ - жаяу әскердің ұрыс машинасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Спорттық жаттықтыру әдістері
Қазақ күрес спорт түрінің қалыптасу тарихы
Оқулық пен оқу әдістемелік кешендеріне қазіргі кезде қойылатын талаптарды анықтау
Балуандардың техникалық тактикалық даярлау маңызы
Дене шынықтыру жабдықтары
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Бастапқы әскери дайындық пәнінің оқу-материалдық базасы және материалдық қамтамсыз етілуі»
Футбол добының параметрлері
Жас футболшылардың тактикалық дайындығының ерекшеліктері
Мотоатқыштар ротасында жауынгерлік дайындықты ұйымдастыру және жоспарлау
Әлеуметтік-психологиялық тренингтер арқылы спортшылардың эмоциялық қалпын реттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz