«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының материалтануы» пәннің оқу-әдістемелік кешені
1 Глоссарий
2 Дәрістер
3 Тәжірибелік және зертханалық сабақтар
4 Курстық жұмыс (жоба)
5 Білім алушының өздік жұмыстары
2 Дәрістер
3 Тәжірибелік және зертханалық сабақтар
4 Курстық жұмыс (жоба)
5 Білім алушының өздік жұмыстары
Тоқыма талшықтары мен жіптердің сипаттамасы.Тоқыма талшықтары деп иірімжіп және тоқыма бұйымдарды дайындағанда қолданылатын ұзындығы шекті, көлденең кесілген аз өлшемді, жіңішке, иілгіш және берік талшықтарды атайды.
Тоқыма талшықтары қарапайым (элементарлы), кешенді (техникалық) және штапельді болып бөлінеді.
Қарапайым талшықтарға тоқыма талшықтар - мақта және жүн жатады. Кешенді (техникалық) талшық бір-бірімен байланысқан қарапайым талшықтардан тұратын талшық (зығыр).
Штапельді талшықтар ұзындығы шектелген қарапайым талшық болып есептеледі.
Тоқыма талшықтардан жасалынып алынған иірімжіптердің және жіптердің өңдеу үдерісінде, олардың нақты ұзындығы, беріктігі, созылғыштығы, сызықтық тығыздығы және иілгіштігі, ылғал сақтағыштығы болуы қажет. Сонымен қатар киімді пайдаланғанда әр түрлі жағдайда бұйымды қолдану мүмкін болу үшін, бұйымға түскен әртүрлі күштің әсерінен бұзылудан сақтайтын, белгілі бір механикалық қасиеттерге, сондай-ақ киімде ыңғайлы (жылу өткізгіштік, су өткізгіштік, ауа сіңіргіштік) және сыртқы ортаның (түстік тұрақтылық) шар тына қарсыласуын қамтамасыз ететін физикалық қасиеттері тұрақты болу керек.
Жаратылысы бойынша тоқыма талшықтары екі класқа бөлінеді: табиғи және химиялық. Табиғи талшықтарға өсімдіктекті, жануартекті және минералды, ал химиялыққа - әртүрлі физикалық және химиялық үдерістердің көмегімен жоғары молекулярлы заттардан (табиғи және синтетикалық) жасанды жолмен адам жасаған талшықтар жатады.
2. Талшықтардың классификациясы.Талшықтардың әрқайсысы органикалық және бейорганикалық талшықты шағын кластарға бөлінеді.
Органикалық табиғи талшықтардың шағын класы табиғи шығу тегіне байланысты өсімдік және жануар текті топтарға бөлінеді.
Өсімдік текті талшықтардың тобына мақта, зығыр, кенеп, кендір целлюлозды талшықтардың шағын топшасы жатады.
Жануар текті талшықтар жүн талшығынан және табиғи жібектен құралған, ақуызды талшықтар топшасынан тұрады.
Табиғи бейорганикалық минералды талшықтарға - минералды асбест талшығы жатады.
Химиялық талшықтардың бөлінуі өте күрделі болып келеді. Органикалық шағын кластағы химиялық талшықтар екі үлкен топқа 5 бөлінеді: ол - жасанды және синтетикалық талшықтар. Табиғи жоғары молекулярлы қосылыстардан химиялық жолмен алынған талшықтарды жасанды химиялық талшықтар, ал синтезделген жоғары молекулярлы заттардан алынған талшықтарды синтетикалық талшықтар деп аталынады.
Жасанды органикалық талшықтар химиялық құрамына байланысты гидратцеллюлозалы, вискозды (полинозды, мыс-аммиакты), эфироцеллюлозалы (ацетатты, үшацетатты) және ақуызды (казеиндік)талшықтар топшасы болып бөлінеді.
Синтетикалық органикалық талшықтар полиамидті (капрон, анид, энант), полиэфирлі (лавсан, терилен), полиуретанды (спандекс), полиакрилонитрильді (нитрон, орлон), поливинилхлоридті (хлорин), поливинилспиртті (винол) және полиолефинді (полипропилен, полиэ- тилен) талшықтардан жасалатын топшадан тұрады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СМЖ 3-деңгейдегі құжаты
ПОӘК
ПОӘК 042-18-7.1.0303-2015
Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының материалтануы пәннің оқу-әдістемелік кешені
№1 басылым
11.06.2015 ж.
Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының материалтануы
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
5В072600 - Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
мамандығы үшін
ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей
2015
Мазмұны
1
Глоссарий
2
Дәрістер
3
Тәжірибелік және зертханалық сабақтар
4
Курстық жұмыс (жоба)
5
Білім алушының өздік жұмыстары
1 ГЛОССАРИЙ
Альпака - Чили және Перуде түратын ламалардан алынады. Жүні жұмсақ, жіңішке, жібекті жылтыр, жоғары сапалы қоспаларға қолданылады. Альпака иірімін оңтүстік америкалық түйе тектес жануарлардың бір түрінен алады.
Ангора - бұл ангорлық ешкінің алынатын жүн. Тегіс ақ иірім жеңіл жүқа трикотаж үшін мінсіз болып табылады.
Атлас - айрықша айқаспа түрімен дайындалған өте жылтыр қабатты мата.
Барқыт-(мақпал-барқыттың француздық аты)жіңішке және жыл- тыр (мысалы, панбарқыт), тегіс емес, қалың немесе плюшті. Кез келген жағдайда түгінің белгілі бір бағытта түруына байланысты. Мақтадан немесе жасанды жібектен құрылымды өңделген немесе өрнекті бархаттың түрлері бар.
Бәтес - Жасанды және табиғи талшықтардан дайындалады, бүл нәзік, жұқа мата.
Бүртік, Букле - Бүл ретсіз орналасқан ілгекті және түйінді қабатты жүн мата.
Шибарқыт-Вельвет - Манчестерлік вельвет, кең жолақты вель- вет, майда жолақты вельвет, бархатты вельвет, мақта маталы вельвет, өрнекті вельвет, эластикалы вельвет- бүл матаның түрлі атаулары. Ол мақтадан және вискозды жібектен алады, оң бетінде әр түрлі түкті биіктікті жолақты түрлері жиі кездеседі, өте мықты болады.
Түйе жүні - Бір өркешті түйенің немесе нардың түгі немесе жүні. Түйе жүнін көбінесе боямай өңдейді және жоғары сапалы пальто ма- таларына қолданады. Боялмаған жүннің түсі ашық-қоңыр болады. Жүнді қоспаның түріне байланысты мата түрлі қалыңдықты және жүмсақтықта болады.
Вискоза - ағаштан алынған, целлюлозды табиғи мата. Вискоза құрамында қоспалы мата түрінде жиі қолданылады, мысалы, зығырмен және жібекпен;
Виши - шақпақты майда өрнекті, өз атын Франциядағы аттас қаладан алған. Алғашқы рет майда төртбүрышты шақпақты мата 1850 жылы Вишиде шыққан. Бүл өрнек тек қана қызыл немесе көк, ақ түстермен шыққан. Енді ақ түспен қатар басқа түстерді де сәйкестендіріп шығарылады. Бүл өрнекті мақта маталы маталардан жиі табуға болады.
Габардин - Бүрын Париждегі сән салоны осылай аталатын. Айрықша айқаспа мақтаға, жүнге немесе жасанды талшықтарға беріктік береді. Беріктігі жағынан габардинді әйелдер және ерлердің костюмдері мен пальтоларға қолданылады.
Гленчек - ерекше өрнекті шақпақты жүн немесе қоспалы мата, негізгі шақпақтан және оның үстіндегі шақпақтан қүралады және матаға тегіс емес рең береді. Сұр немесе жасыл түсті дөрекі шұғалы тауық аяғы немесе пепита-шақпақ пайда болады.
Дөрекі шұға - жүнді қоспадан немесе жүннен дайындалады. Жібі дөрекі, иленген және матаға тегіс емес рең береді, сұр немесе жасыл түсті дөрекі шұға түрі жиі ұсынылады.
Джерси - жіңішке тартылған жүнді трикотаждан жасалған көйлекті, костюмді маталар тобының аты. Жұмсақ, өте ыңғайлы- қынап тұратын
модельдерге мінсіз мата, өйткені ол қимылды шектемейді. Түспейтін ауыр толқынды және жылтыр болады, джерси нәзік жайма түрінде тиімді көрінеді.
Драп - өте қалың және жұмсақ жүн мата, драптың жақсы жылулық қасиеттеріне қарай, оларды көбінесе пальто тігіледі.
Дюветин - шабдалы тері, матаның түрін оның атынан білуге бола- ды. Оң беті бархатты болып келеді.
Дюшес - жоғары сапалы әйелдер киіміне астар ретінде неме- се кешкі көйлектер үшін қолданылатын жібектен немесе жасанды талшықтардан жасалатын өте жылтыр тегіс мата.
Шырша - егер матадағы өрнек шыршаға ұқсас болса, онда оны - шыршалы деп атаған дұрыс. Талшықтар айқаспасы - майда жолақ және диагональ түрінде болып келеді.
Жаккард - перфокарталы тоқу техникасын ойлап шығарған, (Франция,1800). Нәтижесінде шыққан өрнек оның атымен аталған.
Зефир - жұқа нәзік мата. Ол жұмсақ және төгіліп тұрады. Бұл мата- дан жейделер және блузкалар тігіледі.
Камвольді маталар. Жүннің таралған және аралас талшықтарынан осы матаға өңделіп шығады. Тығыз айқаспа анық байқалып тұрады.
Кашгора. Бұл Жаңа Зеландияда өсірілетін кашгор ешкісінің жүнінен алынатын мата. Мата өте берік, кашемирдің жеңілдігі мен жұмсақтығына ие.
Кашемир. Суық Гималайда өсірілетін ешкі жүнінен алынады, бір қырықтық кезінде бұл керемет матаның кішкене мөлшері ғана алына- ды, сондықтан кашемир өте қымбат болып келеді.
Шақпақ - бұл ежелгі мата өрнегі. Біздің э.д бірнеше жыл бұрын кельттертүрлі түсті шақпақты мата тоқыған.
Клоке - Беткі қабаты көпіршікті жүннен, мақтадан немесе жасанды талшықтардан жасалған берік мата.
Коверкот - габардинге ұқсас. Жақыннан мұқият қарағанда диаго- нальдар байқалатын жүн мата.
Котеле - мата котеле атын сипағанда байқалатын өзінің май- да жолақты түйіршікті қабатына міндетті. Котеленің сипаттама- лы ерекшеліктері -ерекше жеңіл, жұмсақ төгілген, мыжылмайтын мата.
Кракле - (фр. сга§ие1е-шытынаған)-Беткі қабаты крепке ұқсас және көпіршікті құрылымды болады. Бұл мата мақтадан немесе жасанды талшықтардан дайындалады, сол себепті блузка және көйлектерге жақсы сәйкес келеді.
Креп - ширатылған талшықтардан дайындалғандықтан тартылған және беткі қабаты тегіс емес болады.
Крепдешин - Қытайдың крепі-нәзік жібек мата, айрықша айқаспамен тоқылу арқасында өзі тегіс емес болады, бетінде түйіршігі бар.
Креп-жоржет - шифон және крепдешинге үқсас келетін жібек мата түрінде жиі кездеседі, бірақ креп-жоржет тығыз және сипап байқағанда түйіршікті болады.
Бойымен қатпарланған креп - өзінің сыртқы қүрылымымен ағаштың қабығына үқсас, мақтадан немесе химиялық талшықтардан дайындалады және эластикалығы жоғары.
Құс аяғы - матадағы өрнек: бүрыштары үзартылып тартылған шақпақ ретінде, көбінесе пепита матасына үқсайды.
Лама-вигонь - әлемдегі ең қымбат мата. Атауы Перудегі жоғалуға айналған ламалардың атынан шыққан. Бүл жүннен алынған мата ка- шемирге қарағанда әдемірек болады. Лама-вигоньнан алынған пальто бағасы өзінің сирек түріне байланысты 40 мың $ болады.
Ламе - (фр. ^ате-металл пластина). Матаға жылтыр жібек тоқылған, беткі қабаты металды жылтыр болып келеді.
Латекс - резиналы талшықтардан алынған мата.
Зығыр - зығыр сабағынан алынатын табиғи өнім, жіптері түрлі қалыңдықта болуы мүмкін. Зығыр қатты мыжылыды, ауаны жақсы өткізеді және денеге тигенде салқындықты сездіртеді.
Люрекс - металл жіптерден дайындалған тартымды қымбат емес жылтыр мата.
Меринос жүні - Оны австралиялық немесе оңтүстік америкалық қойлардың түрінен алынатын жүннен жасайды, өзінің жіңішкелігімен, жұмсақтығымен және эластикалығымен ерекшеленеді.
Микроталшық - Химиялық талшықтардан алынған өте жеңіл ма- талар, олар желге және ауа-райының қолайсыздығынан сақтайтын киімдер үшін мінсіз болып келеді.
Мохер - Кіші Азиядағы Ангора ауданындағы ангорлық және мохерлік ешкілердің биязы жүні. Ол трикотажға үлбірлі түр береді, басқа жүнге қарағанда мықтылығы жоғары болады.
Муар - (фр. тоіге-төсеулермен суға малынған) Қүбылмалы қалың жібек, өрнегі ағаш текстурасын еске салады. Бүл мата- жібек немесе жасанды репс. Нағыз және нағыз емес муар бар, айырмашылығы-өңдеу техникасында.
Муслин - Мата ирактың Муслин қаласының атымен аталған, тығыз тоқылмаған, жеңіл, жүмсақ, бірақ түкті болып келетін мата.
Таза қой жүні - Жүннің ерекше сапасымен, бояудың беріктігімен, мықтылығымен және форма сақтағыштығымен ерекшеленеді. Оны тірі қойлардың қырқылып алынады.
Органза - қарапайым жүмсақ жылтырлы өте жеңіл мөлдір мата. Алғашқыда тек жібектен, ал қазір оны полиэстерден де дайындайды.
Органза - креш - крэш сөзі ағылшыннан шыққан және сән тілінде мыжылған әсерді білдіреді. Крэш матасының сипаттамалық ерекшеліктері-анық сынықтардың болуы. Жіңішке органзада нәзік жылтырда орындалған, бүл ерекше әсер туғызады. Органза-крэштің артықшылығы-күтім кезіндегі қарапайымдалығымен еркшеленеді.
Қамқа - Парча- күрделі өңдеуден өтетін өрнекті мата, алтын неме- се күміс жіптермен тоқылған түрі жиі кездеседі.
Пепита - кішкентай шақпақты өрнек. Диагональ шақпақтары үшін пепитаны тауық аяғымен шатастырады. Айырмашылық белгісі: тауық аяғы сияқты диагональ ромбтарының тартылған, үзартылған бүрыштары жоқ болады.
Тұзды бұрыш - ақ-қара немесе ақ-сүр нүктелі өрнек. Матаның оң беті дөрекі және мықты, спорт стиліндегі киімдер үшін қолданылады.
Песлий өрнегі - Бұл 1802 жылы үнді, шығыс үлгілеріндегі жүн ора- малдары тоқылған. Ағылшын қаласының атауынан шыққан. Өрнекте үлгіленген пальма жапырақтары салынған, оны түріктік деп те жиі атайды.
Пике (фр. рідие-сырып тігу) - мақта маталы көзге және сипап сезген- де тығыздалған болып келеді. Бүл матапластикалы беткі қабатымен қаттылау әсер туғызады.
Көйлектік мата - Шотландық аралдар атына аталған жүн немесе қоспалы тегіс емес қабатты, беттік қабаты дөрекілеу мата. Бүл матадан пальто, әйелдер және ерлер костюмдерін тігеді.
Полиэстер - бүл жаңа полиэстердің 1960 -жылдарда шыққан жа- ман атты полиэстерге ұқсамайды. Енді бүл синтетикалық материал ауаны жақсы өткізіп, өзінің жоғары жүмсақтығымен ерекшеленеді.
Поплин - мерсерленген мақтадан аса қалың емес, мықты, тығыз мата. Пэчворк - 2000 жыл бүрын Средиземноморье әйелдері қүрақтарды бір-біріне қосып тігуді ойлап тапқан 18-і және 19-ы ғасырларда Солтүстік Американың американдық көшпенді әйелдері квилтэн (қүрақтардан сүйекті дөңгелек, жүлдыз, шақпақты және ромбты өрнектерді қүрауды) өздеріне алған.
Репс - мерсерленген мақтадан немесе жібектен жиі дайындалатын көлденең немесе горизонтальды сызықты жіңішке тығыз маталардың атауы.
Сәтен - Астар сатин -вискоздан жасалған тегіс, жіңішке, тығыз, әрі жылтыр мата.
Стрейч - Кез-келген табиғи немесе синтетикалық талшықтарға қосуға болатын, эластикалы жасанды талшықтардан -эластаннан дай- ындалады. Бұл эластикалы талшықтардың аздаған пайызы (фирмалық атауы-лайкра) матаға ерекше серпімділік беруге жеткілікті.
Шұға-Сукно - Иленгенде немесе үтіктегенде пайда болатын фетрге ұқсас қабатты болады.
Дүрия-Тафта (парсының Іайап- жылтыр). Таза жібек тафта- өте жылтыр жұқа жібек мата. Мата қозғалыс кезінде сықырлап қаттылау болып көрінеді. Тафтаны жасанды талшықтардан да дай- ындайды.
Твид - түсті кішкентай түйіршікті дөрекі тегіс емес мата; көбінесе твид ұстамды түстерде жиі кездеседі.
Жіңішке жолақ - Тоқыма өте жіңішке контрасты жолақты, қараңғы
фонда боялмаған түрде жиі кездеседі. Ерлер және әйелдер костюмдері үшін жақсы сәйкес келеді,сондықтан камвольді жүннен жиі жасалады. Іскерлік ағылшын стиліндегі киімге ізін қалдырған классикалық өрнек болып табылады.
Фланель - Матаны түгіне қарсы қолмен сипағанда ғана тануға бо- латын түгі бар. Материал-жүн немесе мақта.
Фризе - Плюшті қабатының ілгектері махрлы маталарды еске са- лады.
Мақта - Ылғалды жақсы сіңіретін болғандықтан ыстықта киген өте жағымды аса қымбат емес табиғи өнім. Кемшіліктері: Бірінші қайнағанда қатты мыжылыды және отырады. Мақта арнайы химиялық өңдеуде немесе химиялық талшықты қоспада мыжылмайтын болады. Мерсерленген мақта- бұл керемет жылтыр мақта, бояуы анық болады.
Швейцарлық бәтес - мерсерлеу нәтижесінде үлкен беріктігі және гигроскопиялығы жоғары жеңіл мата.
Жібек - Жібек жібін жібек құртының кокондарынан алынады. Өңделуіне байланысты чесучу, жібек немесе аса бағалы емес бурет- жібегін алады. Кез-келген жағдайда бұл өте жіңішке жіптерден жасалған мата. Жабайы жібек құртынан алынған жібек жібі қалың болады. Қайнатылған жібек: тегіс емес, замшаға ұқсайды.
Бурет-жібек - Бұл берік матаның белгісі оның түйіршікті қабаты.
Жібек бәтес - Арнайы өңдеу арқасында жібекті жылтырлығы бар мақта маталы батист.
Қозы жүні - жас малдың бірінші қырықтығынан алынатын қозы жүні, қой жүніне қарағанда сипап сезгенде жұмсақ болып келеді.
Шифон - вуальды еске салатын өте жеңіл, мөлдір және әуелі жеңіл жібек мата. Шифон-жібектен тоқылған ең жеңіл, жұқа мата, бірақ өте әлсіз.
Шотландка - Түрлі түсті немесе бір түсті симметриялы жіңішке шақпақты және енді өрнекті жолақты. Жолақпен қатар шақпақ мата өрнегінің ең ежелгілерінің бірі болып саналады. Темір пайда болған дәуірде-ақ кельттер шақпақты өрнекті тоқыған, (Шақпақты қараңыз), олар осы күнге дейін шотландық шақпақ атымен аталған.
Эластан - қыналған модельдер үшін қолайлы, ^исга сауда белгісінің атымен де белгілі, созылмалы талшық. Ол тоқылған кезде басқа талшықтармен біріктіріледі. Эластан қосылған маталар көлденең де, бой бағытымен де созылмалы болады. Өте қолайлы мата.
Эластикалы папийон - жақсы қатпарланатын және түспейтін әдемі, өте жіңішке, классикалық жүн мата.
2 ДӘРІСТЕР
1 МОДУЛЬ. ТОҚЫМА ТАЛШЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ТОҚЫМА МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ МЕН СИПАТТАМАЛАРЫ
Дәріс № 1. Тоқыма талшықтары мен жіптердің классификациясы
Дәріс жоспары:
1. Тоқыма талшықтары мен жіптердің сипаттамасы
2. Талшықтардың классификациясы
3. Жіптердің қолданылуы мен сипаттамасы
Дәрістің мақсаты: Тоқыма талшықтары және олардан алынатын жіптер туралы түсініктеме қалыптастыру, классификациясымен таныстыру;
1. Тоқыма талшықтары мен жіптердің сипаттамасы. Тоқыма талшықтары деп иірімжіп және тоқыма бұйымдарды дайындағанда қолданылатын ұзындығы шекті, көлденең кесілген аз өлшемді, жіңішке, иілгіш және берік талшықтарды атайды.

2. Талшықтардың классификациясы. Талшықтардың әрқайсысы органикалық және бейорганикалық талшықты шағын кластарға бөлінеді.

Жасанды органикалық талшықтар химиялық құрамына байланысты гидратцеллюлозалы, вискозды (полинозды, мыс-аммиакты), эфироцеллюлозалы (ацетатты, үшацетатты) және ақуызды (казеиндік) талшықтар топшасы болып бөлінеді.
Синтетикалық органикалық талшықтар полиамидті (капрон, анид, энант), полиэфирлі (лавсан, терилен), полиуретанды (спандекс), полиакрилонитрильді (нитрон, орлон), поливинилхлоридті (хлорин), поливинилспиртті (винол) және полиолефинді (полипропилен, полиэ- тилен) талшықтардан жасалатын топшадан тұрады.
Химиялық бейорганикалық талшықтарға минералды талшықтардың екі түрі жатады металдық және шынылық. Тоқыма талшықтардың негізгі түрлерінің классификациясы 1.1- сызбада көрсетілген.
Тігін өндірісінде қолданылатын тоқыма материалдар - маталар, тігін жіптері, ызба, бау және басқалары - негізінен тоқыма талшықтарынан тұрады.
Тоқыма талшықтары өте жіңішке, олардың ұзындығы миллиметрмен өлшенсе, онда жіңішкелігі миллиметрдің жүздеген және мыңдаған үлестерімен өлшенеді.
3. Жіптердің қолданылуы мен сипаттамасы. Талшықтарды иірімжіпке, матаға өңдеу және тоқыма материалдарға, бұйымдарға қажетті қасиеттермен қамтамасыз ету үшін, олар нақты ұзындыққа, жіңішкелікке, беріктікке, созылу қабілетіне, иілгіштікке, жабысқақтыққа және сыртқы ортаның әсеріне қарсыласуға ие болу керек.
Тоқыма өндірісінде қолданылатын талшықтың ұзындығы - ең маңызды көрсеткіштердің бірі болып есептелеінеді. Талшықтардан үздіксіз жіп алу үшін, оның белгілі ұзындығы болуы керек, талшық ұзын болса, онда жіптердің арасындағы байланысы күшейіп, беріктігі жоғары жіп алынады.
Талшықтың жіңішкелігі өте жоғары бағаланады, себебі, талшық жіңішке болса, одан жұмсақ және иілгіш жіп алуға болады.
Талшықтың беріктігі олардың үзілуге қарсыласу қабілеттілігі, ол иірімжіп пен матаның сапасының және тоқыма өндірісінің үдерісінің көрсеткіші болып табылады.
Талшықтың ұзаруы (созылуы) олардың күш түскенде ұзару қабілеттілігі, бұл талшық сапасының маңызды көрсеткіші болып есептелінеді.
Талшықтың ұзару қабілеттілігі одан өндірілген иірімжіпке беріледі және оның жалпы бұзылуына қарсыласуын жоғарылатады. Егер талшық серпімді, яғни күштің алынуынан кейін бастапқы ұзындығын қайта қалпына келтіру қабілетіне ие болса, ол талшықтардан өндірілген маталар серпімді болады, мыжылмай- ды, ал одан дайындалған бұйымдар өзінің пішінін ұзақ уақытқа сақтайды.
Талшықтың иілгіштігі иіру үдерісіне, матаның сапасына және оның жұмсақтығына, күлтеленуіне үлкен әсер етеді.
Талшықтардан мықты жіп жасап алу үшін талшықтардың иілгіштік қасиеті жоғары болуы керек.
Ылғал тартқыштық талшықтың ылғалды сіңіру қабілеттілігі. Ол киімге қойылатын гигиеналық талаптарды қанағаттандыруға қажет, өндірістік үдерістің жақсы жүруі және матаның терді жақсы сіңіруіндегі маңызды қасиетінің бірі болып табылады.
Талшықан алынған материалдардың сыртқы ортаға қарсыласу әсері - суға, ауаға, жарыққа және механикалық күшке - берілген талшықтардың киюге төзімділігін анықтайды.
Бақылау сұрақтары:
1. Қарапайым талшықтар туралы қызықты ақпарат айтыңыз?
2. Жіптерді қолданылуы жайлы сипаттама және ерекшелігіне қысқаша тоқталыңыз?
3. Жасанды органикалық талшықтардың ерекшелігі туралы не білесіз?
4. Химиялық бейорганикалық талшықтардың қандай түрі бар?
Дәріс № 2. Тоқыма жіптердің құрылымын иіру өндірісінде қалыптастыру
Дәріс жоспары:
1. Тоқыма жіптерді өндірісте қалыптастыру
2. Тоқыма жіптердің түрлері
Дәрістің мақсаты: Тоқыма жіптердің өндірісте алу барысында орын алатын операциялар жайлы ақпараттармен таныстырып, тоқыма жіптерінің түрлеріне тоқталу;
1. Тоқыма жіптерді өндірісте қалыптастыру. Тоқыма иірімжіптер, жіптер, мата және басқа материалдарды өндіруге қажет жартылай өндірілген шикізат болып табылады. Қолданылатын материалдың түріне байланысты жіптерді өндіру технологиясының сипаттамасы әртүрлі. Ұзындығы шектелген (мақта, зығыр, жүн, штапельді химиялық талшық, табиғи жібек) талшықтардан жіптерді иіру процесінде ширату жолымен алады. Тоқыма жібін иірусіз өндіру басқа өндірісте бірнеше қарапайым және құрама жіптерді біріктірумен қалыптастырады. Қысқа талшықтардан иіру процессінде ширатумен алынған тоқыма жіп иірілген немесе жәй жіп деп аталады. Бүл жіпке кең тараған иірімжіп жатады. Жіптің қасиеттері талшықтың түріне, иіру технология- сына және иіру үрдісінің сипатына байланысты болады. Жіп иіру процесі негізінен келесі ехнологиялық операциялардан түрады: талшықтарды қопсыту, тазарту және түту, араластыру, тарау, таспа алу, яғни бір-біріне паралель орналастырылған талшықтардан таспа жасау, таспаны жіңішкелету немесе созба дайындау, жіп иіру, яғни ширату нәтижесінде жіңішкеленген таспаны үздіксіз жіпке айналдыру.
Жоғары сапалы жіп алу үшін басты шарттың бірі шикізатты дұрыс таңдау. Мысалы, өте берік талшықтардан мықты жіп өндіруге болады немесе ұзын талшықтардан біркелкі және жіңішке жіптерді, ал қысқа талшықтардан жуан, үлпілдек және құрылымы бос (жеңіл) жіп алынады.
Жіп иіру үшін біртекті, бірақ әртүрлі сапалы (әртүрлі сортты) және әртекті талшықтар қолданылады. Талшықтарды араластыру бірнеше мақсатпен жүргізіледі: тоқыма шикізат ресурстарын тиімді пайдалану, жіпке және матаға белгілі қасиеттерді қамтамасыз ету (жүмсақтықты, беріктігін жоғарлату, серпімділік), дайын материалдың сапасын жоғалтпай бағасын төмендету қоспа жіптің және тоқыма материалдың жалпы сапасын айқындайды. Сондықтан талшық қүрамы техникалық шарттар көрсеткіштерінің бірі болып саналады және қажетті стандартта бекітіледі. Дайындалған қоспа біркелкі болуы үшін араластырылады, өйткені иірілетін жіптің қүрылымы және қасиеттік көрсеткіштері біркелкі болуы қажет. Араластыру технологиясы процестің әртүрлі операцияларында орындалады (қопсыту немесе таспа қосу). Қопсыту - нығыздалған (престелген) бумалардан талшықтарды босату және дөрекі қоқыстардан тазарту болып саналады. Біріншіден қатты нығыздалған бумалардан тісті немесе металды суырғыштармен (қаққыштармен) талшықтар жұлынып алынады, одан кейін қопсыту машинасының жұмыс органдарының соққылау нәтижесінде бір-бірінен ажыратылады.
Интенсивті қопсыту процесі - түту деп аталады. Талшықтарды түту машинасында араластырғанда майлау, яғни, эмульсиялау талшығын өңдейді. Майлау талшықтың электрленуін азайту, талшықтардың бір- бірінен ығысуын жеңілдету үшін жүргізеді.
Түту машинасынан талшықтар жұқа қабат - холстик түрінде шығады, яғни талшық холстикте әр түрлі бағытта орналасқан шатасқан түрде болады. Тарау - процесінде талшықтар ағыны тарау машинасының жұмыс органдарының әсерінен өтеді. Жұмыс органдарының беті инелі (кардалық) таспамен немесе қатты металды аралы таспамен қапталған. Транспортермен талшықты ағын инелі жазықтардың ара- сынан өтеді. Гарнитуралардың әртүрлі жылдамдық жүру (қозғалу) нәтижесінде талшық жүйкелері ұсақ бөлшектерге бөлініп, кейіннен бөлек талшық ажыратылады. Тарау нәтижесінде талшықтар қабатынан ұйысқан талшықтар, түйіндер, қоқыстар ажыратылады, талшық қабаты жұқаланады, холстиктің жылжу бағытымен талшық паралель орналасады. Одан ар- найы воронкадан өтіп таспа қалыптастырылады. Ұзын мақта, жүн талшығы жіңішке және біркелкі жіп иіру үшін кардалы тарау машинасынан кейін қосымша тарақты тараудан өткізіледі. Ол үшін, кардалы тарау машинасынан алынған 16-20 таспаларды біріктіріп, холстик жасалынады. Осыдан кейін холстик тарақты тарау машинасында таралады, түзетіледі, паралелденіп, қысқа талшықтар таралып алынады. Тарау процесінен алынған таспа біркелкі болмайды, талшық жеткілікті түзетілмейді және паралель орналаспайды. Біртегістеу үшін бірнеше таспаны қосып, негізгі таспаның жіңішкелігіне дейін созады. Жіптің жіңішкелігі бойынша біркелкілігі таспаның біркелкілігіне байланысты болады, сондықтан таспаны созу үрдісін 2-3 рет қайталайды.
Созба жасау. Таспалық машинадан алынған біртегістелген таспа жуан болады, ал жіп алу үшін оны жіңішкелету қажет. Созбалық ма- шиналарда созу қондырғысының көмегімен жіңішкелетіп, арнайы жәй ширату және орау механизмдері арқылы созба дайындалады. Таспа 6-30 есе созылады. Иірілетін жіптің жіңішкелігіне байланысты таспа 1 - 3 созба машинадан өтеді. Соңғы операцияда таспа жіптің сызықтық тығыздығына қарай керекті жіңішкелікке дейін созылады.
Жіп иіру. Созбаны берілген жіптің сызықтық тығыздығына сәйкес көрсеткішке дейін жіңішкелетіп, жіпке ширатып, арнайы собыққа (қағаз патрон) орайды. Жіп иіру арнайы иіру машинасында орындалады. Созба сақинаға кигізілген жүгірткіштің көмегімен ширатылып, бірден айналып тұратын собыққа оралады. Собық ұршыққа нығыз орнатылған. Сондықтан мұндай тәсіл ұршықты немесе сақиналы жіп иіру тәсілі деп аталады. Иіруге қолданылатын талшық түріне байланысты сақиналы тәсіл бірнеше түрлі болады. Мақта жібі тарақты, кардты және аппараттық жіп иіру жүйесі бойынша алынады.
Тарақты жүйе бойынша ұзын және орташа талшықты мақтадан орташа және жіңішке - 15,4 тен 5,8 текске дейін - мақта және аралас жіп иіріледі. Бұл тәсіл бойынша кардалы және тарақты тарау қолданылады, сондықтан жіңішке, біртегіс, біркелкі және берік жіп алынады, мұндай жіп жұқа, жоғары сапалы мата үшін қолданылады. Кардалы тәсіл бойынша орташа және ұзын матадан таза, химиялық талшықтармен араласқан түрінде сызықтық тығыздығы 83,3-11,8 текске дейін жіп иіріледі және әртүрлі маталар үшін негізгі шикізат болып табылады.
Аппараттық тәсіл бойынша жіп қысқа талшықты мақтадан және жіп иіру өндірісінің қалдықтарынан иіріледі. Бұл тәсіл бойынша тарау машинасында алынған холстик арнайы қондырғының көмегімен бөлек жолақтарға бөлініп, созбаға жиырылып жіп иіру машинасына түседі. Аппараттық жіп жуан (50-250 текс), бос, үлпілдек, жуандығы бойынша біркелкі емес. Аппараттық жіп кардалық жіппен бірге аз қолданылады.
Зығыр талшықтардан құрғақ және ылғалды жіп иіру жүйесі бойынша зығыр және таралған зығырдан жіп иіріледі. Жүн жібін аппараттық және тарақты тәсіл бойынша жүн және оның мақта немесе химиялық талшықпен аралас түрінде иіреді.
Аппараттық (шұғалық) тәсілмен қысқа жүн талшық өндіріледі: қопсыту, білікті карданың тарау машинасында 2-3 өтумен тарайды, алынған созба жіп иіру машинасына түседі. Апаратты жіп - жоғары үлпілдек, жуан: жұқа шұғалық (жіңішке, жартылай жіңішке жартылай дөрекі жүннен) - 62,5 -167 текске дейін, дөрекі шұға жіптер (дөрекі жүннен) -143 тен 500 текске дейін, ауыр костюмдік және пальтолық маталар үшін қолданылады.
Тарақты (камволь) жіп иіру жүйесі бойынша жіпті жүннің ұзын талшығынан (55-200 мм) иіреді. Тарау аппаратында таспа біртегістеп таралынады. Тарақты таспа (текс) жіңішкелігі бойынша тағыда іртегістелініп, жіңішкелетіп жіп иіру машинасына жіберіледі. Тарақты жіп біртегіс, біркелкі Т- 55,6 - 14,3 текс, жұқа көйлектік, костюмдік және пальтолық материалдар үшін қолданылады. Жібек жібі табиғи жібектен 3 тәсіл бойынша алынады. Дайындалған талшықтарды инелі таспамен шеңберлі тарау машинасында тарайды, содан кейін біртегістеліп, жіңішкелетіп иіреді жіңішке 3,3 текс жіп алынады. Тараудан қалған қалдықтар тарақты жіп иіру үдерісінде созбаны ширатқанда талшықтар сығылысып, олардың арасында үйкеліс күші талшықтардың беріктігі жоғарлатады. Ширату дәрежесі өскен сайын талшықтар бір бірімен жақсы байланысады.
2. Тоқыма жіптердің түрлері. Қазірі кезде тоқыма өндірісінде жіптердің көптеген түрлері қолданылады. Иірім жіптің классикалық түрі, комплексті, комбинирленген, моножіптермен қатар, кабықшалы, жіп тәрізді тоқыма, өрілген тоқыма бұйымдар пайдаланылады.
Тоқыма жіптер келесі топтарға бөлінеді: моножіп, комплексті, иірім жіп, кабыршақты және комбинирленген жіп болып бөлінеді. Олар талшықтық құрамы бойынша біртекті, әртекті болып жіктеледі. Ал, ширату операцияларының саны бойынша және қабат саны бойынша жалқы, бір ширатпалы, көпширатпалы болып жіктелінеді.
Моножіп. Бұл бір операцияда ширатылған немесе ширатылмаған жіп. Табиғи моножіпке аттың шашы жатады, бұл аралық материалдарды жасау үшін қолданылады. Химиялық моножіптерді синтетикалық полимерлерден жасайды(әсіресе полиамид талшығынан).
Моножіптерге металл жіптері жатады. Алғашында оларды алтын мен күмістен жасаған, қазіргі уақытта оларды мыс немесе оның балқымаларын созу тәсілімен немесе алюминий қағазын таспаларға кесу жолымен алады.
Мұндай жіптердің бетіне жіңішке қабатты алтын немесе күмісті және қорғаушы қабыршақты жағады.
Комплексті жіптер. Комплексті жіп (мульти-филамент) - екі немесе бірнеше элементарлы жіптерден тұратын тоқыма жіп. 2.1. суретте комплекстіжіптің құрылымы көрсетілген.
Қабыршақты жіптер. Қабыршақ таспа түріндегі элементарлы жіптерді қабыршаққа кесу арқылы немесе балқымадан оларды экструдирлеу арқылы алынады. Комплесті қабыршақты жіптер кіші енді элементарлы қабыршақты жіптерден иіріледі.
Фибриллярлы қабыршақты жіп фибриллаларға көлдеңінен жіктелген әне арасы байланысқан бар қабыршақты тоқыма жіп. Мұндай жіптердің құрылымы көлемділігімен және үлпілділігімен ерекшеленеді.
Комбинирленген жіптер. Комбинирленген жіптердің құрылымы екі немесе одан да көп әртүрлі жіптерден құралады. Комбинирленген жіптерәртүрлі талшық құрамдас және құрылымы әртүрлі болатын иірім жіптерден тұрады. Комбинирленген жіптер жалаң қабатты және көп ширатпалы болуы мүмкін. Оларды қарапайым, армирленген, және фасонды жіптерге бөледі.
Қарапайым комбинирленген жіптерді ұзындығы бірдей болатын жіпті қосу арқылы алынады. Осындай әртүрлі жіптерді үйлестіру арқылы комбинирленген жіптердің алуан түрлін құрастыруға мүмкін болады.
Олардың құрылымдық өлшемдері, физикалық-механикалық қасиеттерінің көрсеткіштері және сыртқы түрінің айырмашылығы болады, бұл текстиль материалдарының ассортиментін кеңейтеді.
Армирленген жіптердің жүрекшесі болады, ол талшықтармен немесе басқа жіптермен оралған немесе өрілген болады. Жүрекше ретінде әртүрлі иірім және комплексті жіптер, полиуретанды моножіп немесе комплексті жіп (спандекс, лайкра) қолданылады.
Фасонды жіптер - текстиль жіптері, жергілікті құрылымының, түсінің өзгеруі бар жіптер. Фасонды жіптердегі жүрекшелі жіп эффекті беретін жіппен оралынады.
2.2, 2.3 суреттерде армирленген және фасонды жіптер көрсетілген.
Бақылау сұрақтары:
1. Жіп иіруде қолданылатын қандай талшықтарды білесіз?
2. Талшықтарды араластырудың негізгі мақсаттарына тоқталыңыз?
3. Жібек жібін алуда қолданылатын тәсілдерді атаңыз?
4. Тоқыма жіптердің түрлерін атаңыз және ерекшелігін айтыңыз?
Дәріс № 3. Тоқыма жіптердің құрылымы мен қасиеттері
Дәріс жоспары:
1. Жіптің сызықтық тығыздығы
2. Иірім жіптің ширату бағыты мен дәрежесі, ширату бұрышы
Дәрістің мақсаты: Тоқыма жіптерінің сызықтық тығыздығы мен ширату бұрышын, дәрежесін анықтауда қолданылатын формулалармен таныстыру ;
1. Жіптің сызықтық тығыздығы. Жіптің сызықтық тығыздығы (Т, текс) массасының ұзындыққа қатынасын сипаттайды және төмендегі формуламен есептелінеді:
Т = тҚ
мұндағы, т - жіптің массасы, ^ -жіптің ұзындығы, км.
Қабатталған және ширатылған жіптердің сызықтық тығыздығы қорытындылайтын (К) сызықтық тығыздық деп аталады. Сызықтық тығыздықты және қорытындылайтын сызықтық тығыздықты номиналды, нақтылы, кондиционды деп бөледі.
Номиналды сызықтық тығыздығын ТН өндіруге жоспарланған, жалғыз жіптің сызықтық тығыздығы. Қорытындылайтын номиналды сызықтық тығыздық Кн жіптерді ширату үшін және өндіруге қажетті қабатталған жіптердің сызықтық тығыздығы. Нақтылы (нәтижелі) сызықтық тыгыздықты Тф (Кф) тәжірибе арқылы анықтайды. Оларды қарапайым материал үлгілерін өлшеп және кондиционерленгеннен кейін текспен есептейді:
мұндағы, Ет-қарапайым үлгілердің жалпы массасы, г; 1-қарапайым үлгілердегі жіптердің ұзындығы, м; п - қарапайым үлгілердің саны.
Кондиционды сызықтық тығыздық Тк және нәтижелі сызықтық тығыздықта Кк нормалы ылғалдылыққа сәйкес келтірілген жалғыз немесе ширатылған жіптердің нақты сызықтық тығыздығы. Ол көрсеткіштер келесі формуламен есептелінеді:
мұндағы, ^н - жіптердің нормалды ылғалдылығы,%; ^ф- жіптердің нақтылы ылғалдылығы, %.
Кондиционды сызықтық тығыздықтың Тк номиналдыдан Тн (не- месе Кк-ньщ Кн-нен) салыстырмалы ауытқуы ё мөлшерленген көрсеткіштер болып есептелінеді. Оларды процентпен келесі формула арқылы анықтайды:
Сызықтық тығыздықтың көрсеткіштері жіптің тығыздығының жанама сипаттамасы болып табылады. Жіптің сызықтық тығыздығының көрсеткіштері артқан сайын жіп қалың болады. Бірақ, ол талшықтың құрамы бірғана түрден тұратын жіптердің қалыңдығын көрсетеді. Ал, тігін жібінің қалыңдығын сипаттау үшін шартты белгілер (сауда нөмірі) қолданылады. Шартты белгі артқан сайын, тігін жібі жіңішке болады. Киім тігу үшін тігін жібін таңдауда ең негізгі көрсеткіш жіптін диаметрі болып саналады. Оны есептік және эксперименттік әдістермен анықтайды.
Жіптің диаметрін ё, мм есептеу мына формуламен жүргізіледі:
мұндағы, 5 -жіптің орташа тығыздығы, мгмм3.
2. Иірім жіптің ширату бағыты мен дәрежесі, ширату бұрышы. Сынаудан бұрын иірім жіптің ширату бағытын анықтайды. Ол үшін жіптің қысқа бөлігін тік жағдайда екі қолдағы екі саусақтың арасына қосып, оның төменгі шетін тарқату керек. Егер осы бөліктің жоғарғы шеті сағат бағыты бойынша тарқалса, онда жіп 2 болғаны, ал егер қарама қарсы бағытта қозғалса, онда 8 болғаны. Жіптің ши- рату бағыты бұйым тоқу технологиясында оның физика-механикалық және тұтыну қасиеттеріне әсерін тигізеді. Номиналды ширату саны Кн нормативті технологиялық құжатпен бекітілген, 1м ұзындықта шира- ту санын көрсетеді. Нақты ширату саны Кф сынақ кезінде алынады. Оны келесі формуламен анықтайды:
Кф=1п^о*ЕК., мұндағы, п- сынақ саны; ^о-зерттелетін талшықтың және жіптің ұзындығы,
м; К. -жеке сынақтағы ширатылу саны.
Нақты ширатылу санының номиналды ширату санынан ауытқуын пайызбен келесі формуламен есептейді:
5=Кф-КнКн*100.
Ширату коэффициенті, а келесі формуламен есептелінеді:
а = Кф*^Тф100 немесе а =Кф*^Кф100.
Ширату бұрышын, в есептеу үшін төмендегі формула қолданылады:
1§р=а89.6^8.
Ширату процессінің нәтижесінде жіп шамасының қысқаруын ширатудан қысқаруы сипаттайды. Ширатудан қысқаруы ширатылған жіпті тарқатқаннан кейінгі ^о және қыстырғыштар арасындағы жіп ұзындығының ^ пайызбен белгіленген айырмашылығы келесі формуламен анықталынады:
У=Ц-ЬоЦ*100 немесе У=аЬо+а*100,
мұндағы, а - тарқату кезіндегі жіптің ұзаруы.
Ширатпа бағытын анықтау үшін 100м ұзындықтағы жіп өлшенеді, бұдан кейін 2, 8 бағытын анықтайды. Осы бөліктің жоғарғы шеті сағат бағыты бойынша тарқаса, онда жіп 2 болғаны, ал егер қарама қарсы бағытта қозғалса, онда 8 болғаны. 2.4 суретте 2, 8 бағыттағы ширатпа түрлері көрсетілген.
Ширату дәрежесінің стандартты сипаттамаларына жіптің ширатылуы және ширату коэффициенті жатады. Ширату К, кр.м, ширату өлшемі ширату бұрышына, жіптің сызықтық тығыздығына және оның орташа тығыздығына тәуелді, ол келесі формуламен анықталынады:
К =89Ш§Р ^5Т.
Жіптің көлденең қимасының ауданын анықтау өте қиын болғандықтан,
жіптердің қасиеттерін сипаттау үшін үзу кезіндегі Ро меншікті күшті қолданады. Үзу кезіндегі меншікті күш үзу кезіндегі күштің сызықтық тығыздығына қатынасымен анықталынады.
мұндағы, Рр - жіпті үзу күші, сН; Т - сыналатын жіптің сызықтық
тығыздығы, текс.
Салыстырмалы үзілу ұзаруы е , үлгінің үзілер кезіндегі өскен (артқан) ұзындығының бастапқы ұзындығына қатынасы, бұл пайызбен есептелінеді:
ер =1001рЬо.
Тігін жіптерінің және жіптердің сызықтық тығыздығын анықтау үшін жіп кесінділерін өлшеу арқылы жүргізіледі. Жіптің ұзындығы 200, 100, 50, 20, 10 және 5м болады. Өлшеудің қателігі өлшенетін массадан 0,5% аспау керек.
Пасм дайындау үшін жіптің жоғарғы қабатынан 10 м кем емес жіп орайды. 2.5 суретте Пасм орағыш аспабы көрсетілген.
Пасм салмағын анықтау үшін салмақтық квадранттар қолданылады:
КВ-1,6, КВ-4-1, КВ-1,5, КВ-30, КВ-50, г. Салмақты квадрант 2.6- суретте берілген.
Сынақты жүргізу үшін ширатпа өлшегіш қолданылады. 2.7- суретте әмебебап ширатпа өлшегіш КУ-500М ұсынылған. КУ-500М әмбебап ширатпа машинасы бірлік және ширатылған иірімжіптерін, соны- мен бірге жіптерді тарқатқанан кейін жіптің ұзаруын анықтау үшін қолданылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Салыстырмалы үзілу ұзындығы қалай анықталады?
2. Сызықтық тығыздықтың анықтамасы?
3. Ширату дәрежесінің стандартты сипаттамаларын атаңыз?
Дәріс № 4. Мата өндірісінің негізгі процесстері
Дәріс жоспары:
1. Матаның тоқыма станогы
2. Қайықты тоқу станогында мата тоқу
Дәрістің мақсаты: Матаны тоқу барысында қолданылатын тоқыма станогы мен қайықты станоктарының технологиялық сұлбасымен және оның жұмыс жасау процессімен таныстыру;
Матаның тоқыма станогы. Мата - тоқыма станогында перпендикуляр орналасқан негіз және арқау жіптердің өзара айқасуымен алынған тоқыма бұйым. Матаның бойымен кететін жіптерді негізгі жүйе немесе негіз жіптері дейді. Матаға көлденеңінен түсетін жіптерді арқаулық жүйе, немесе арқау жіптері дейді. Негіз және арқау жіптің тоқылуы тоқыма станогында жүргізіледі. Тоқу станогында мата қалыптастыру циклдік үрдіс болып саналады. Ол бес операциядан тұрады: үзу ашылуы, арқау жіпті салу, арқау жіпті матаның жиегіне қағу, негіз жіптің бойлықпен жылжуы, матаның тауар білігіне оралуы.
Тоқу станогының технологиялық сұлбасы 3.1.-суретте көрсетілген. Тізбе орағыш (1) тоқу станогының ұяларына орналастырылады. Тізбе орағыштан негіз жіптері (2) төгіліп, оқтауша (3) деп аталатын білікшені жанай өтіп, ламельдерден (4), галевтің көздерінен (5) және бердоның тістерінен (6) өткізіледі. Әрбір негіз жібі ремизкалардың біреуінің өзіне сәйкес галевінің көзі арқылы өтеді. Ремизкалардың галевтерімен бірге кезекпен көтеріліп төмен түскенінен негіз жіптері күзу жасайды. Күзуге арқау жіп (7) салынады.
Бердо (6) батан механизімінің (8) тербеліспен қозғалуынан алға қарай қозғалғанда арқау жібін матаның шетіне (9) қағады да, артқа қарай кетеді. Алынған мата белтемірді (10) және білікті (11) жанап өтіп, тауар реттегішпен әкетіліп, тауар білігіне (12) оралынады.
Осы операциялардың бәрі матаның әрбір элементін қалыптастырғанда қайталанады. Мата өндірілгенде және оны қалыптастыру зонасынан әкеткенде тізбе орағыш айналып, негіз жіптер бойлығымен жылжиды.
Мата өнеркәсібіне әр түрлі тоқу станоктары қолданылады. Оларды келесі принциптер бойынша топтастыруға болады:
- матаны қалыптастыру принципі бойынша 2 түрі болады;
- матаны кезеңмен және бір зоналық үрдіспен қалыптастыру станоктары, матаны толассыз және көп аймақтық үрдіспен қалыптастыру станоктары. Арқау жіпті салу тәсілі бойынша қайықты тоқу станоктары қайықсыз станоктары;
- жекеленген механизмінің түріне қарай эксцентриктік, кареткалық және жаккардтық станоктар, жұмыс ені бойынша енсіз (100 см) және енді (120-175-250 см) станоктар, соғу механизімінің жүйесі бойынша- орташа, төмен және жоғары соғу станоктары.
2. Қайықты станокта мата тоқу. Қайықты тоқымашылықтағы негізгі ерекшелік-жіпсалғыш механизм. Жіпсалғыштың қайығы болғандықтан, ол арқау жіптің белгілі бір артық қорын жасайды. Қайық күзуге кезекпен екі жағынан өтіп кетіп, үздіксіз арқау жіптен мата жасалынады. 3.2 - суретте қайықты тоқу станогының сұлбасы көрсетілген. Қайықты станокта тізбе орағыш (1) негізгі реттеуіштің тіреуішіне ораланастырылады. Реттеуіш тізбе орағыштың берілген жылдамдықпен айналуын және жіптердің созылуын қамтамасыз етеді. Негіз жіптері оқтаушаны (3) айналып өтіп орнынан ауытқытады. Негіз жібі ламельдерден (3), ремизкалардың (4) галевтерінің арасынан өтеді, бердо батанға (8) бекітілген.
Ремизкалар күзу ашылу жасап тұрады, жай жаймалық айқаспа өрімін жасау үшін екі ремизка жеткілікті: біреуіне негіздің барлық жұп жіптері, ал екіншісіне тақ жіптері енгізіледі.
Егер тоқу станогында бір ремизка көтеріліп, екіншісі төмен түссе, негіз
жіптерінің бәрі жылжиды және қайық өтетін күзу ашылады. Жайманың айқаспасын тоқу үшін ремизкалардың көтеріліп түсуі эксцентриктік күзу ашылу механизмімен орындалады.
Ол механизмнің өзі аяқ тұрғызғыштан (12) және эксцентриктен (13) тұрады(3.2-сурет). Күрделі айқаспаларды тоқығанда көп ремизкалар керек немесе жаккард
машиналары қолданылады. Күзуге арқаужіпті салу үшін қайық (6) іске қосылады, қайықта арқау жіп оралған шөлмек бекітілген. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz