«Ауылшаруашылық өнімдерін стандарттау және сертификаттау» пәнінен оқу-әдістемелік материалдар



1 Дәрістер
2 Тәжірибелік сабақтар
3 Студенттердің өздік жұмысы
«Стандарт» деген сөз ағылшын тілінен аударғанда норма, үлгі, эталон, модель дегенді білдіреді, яғни басқа ұқсас объектілердің эталондарымен салыстыруға арналған.
Стандарттау адам қоғамының дамуы мен тығыз байланысты. Ежелгі кезде бірыңғай өлшемдер жүйесін, стандартты өлшемді құрылыс материалдарын, стандартты диаметрі бар су құбырларын қолдану – бұның бәрі сол заманда стандарттау қызметінің жұмыс істегеніне дәлел.
Сол сияқты Ежелгі Мысырда құрылыста тұрақты, «стандартты» өлшемі бар кірпіштерді қолданды, олардың өлшемдерін арнайы шенеуніктер қатаң бақылады.
Грек архитектурасының тамаша ескерткіштері – дүниежүзіне танымал болған шіркеулер, олардың бағандары шағын ғана элементтерден жасалған.
Ежелгі римляндар су құбырларын салғанда стандарттау принциптері мен әдістерін сол кезден бастап қолданған.
Орта ғасырда салалардың дамуына байланысты стандарттау әдістері жиі қолдана бастады. Сол кезде маталардың енінің өлшемдері, оның құрамындағы жіптердің бірыңғай саны орнатылды, маталар өндірісінде қолданылатын шикізатқа бірыңғай талаптар анықталды.
1785 жылы француз инженері Леблан қарулық құлыптардың партиясын – 50 данада дайындап шығарды, олардың әрбіреуі тек өздеріне тән маңызды қасиеттерге ие болды. Бұл өзара-алмастырушылық және бірегейлік қасиеттері. Осы құлыптардың әрқайсысын алдын-ала дайындамай қарудың кез-келгеніне сала берді.
Жаппай өндіріске көшу мақсатымен Германияда қарулық зауытта қаруларға стандарт орнатылды, бұл стандарт бойынша қарудың калибрі 13,9 мм тең болды.
19 ғасырдың екінші жартысында стандарттау жөніндегі жұмыстар барлық өнеркәсіптік кәсіпорындарда жүргізілді.
Стандарттау бұл жылдары тек бөлек фирмалардың және кәсіпорындардың ішінде ғана жүргізілді. Бірақ қоғамдық еңбектің бөлінуі салдарынан стандарттау ұлттық және халықаралық маңызына ие болды.
2 1846 жылы Германияда теміржол колеясының ені мен вагондардың тізбекті құралдары бірыңғайланды.
1869 жылы мұнда алғашқы анықтамалар кітабы жарық көрді, бұл анықтамаларда темірдің стандартты профилдерінің өлшемдері берілді.
1870 жылы Еуропаның бірқатар елдерінде кірпіштердің стандартты өлшемдері орнатылды.
1891 жылы Англияда, біраз соңыра басқа мемлекеттерде Витворт атты бұрандыларды стандарттау енгізілді (ол дюйммен өлшенді), біраздан кейін елдердің көбінде ол метриялық бұрандыға ауысты.
Халықаралық стандарттаудың басталуы 1875 жылы Парижда 17 ел қатысқан Халықаралық метриялық конвенцияны кабылдауын және Халықаралық өлшемдер және таразылар бюросының орнатылуын айтуға болады.
1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с.
2 Е.М. Лифиц Основы стандартизации, метрологии и сертификации. М.: Юрайт, 2000 г. - 465 с.
3 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. – 224 б.

Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
3 деңгейдегі СМЖ құжаты ПОӘК


ПОӘК
042–14.1.04.01.20.8003
-2009
ПОӘК
Ауылшаруашылық өнімдерін 28.09.2009 ж.
стандарттау және № 2 басылым
сертификаттау пәнінен
оқу-әдістемелік материалдар

051202 Ветеринарлық санитария

мамандығының студенттеріне арналған

Ауылшаруашылық өнімдерін

стандарттау және сертификаттау пәнінен

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей

2009

Мазмұны

1 Дәрістер 3
2 Тәжірибелік сабақтар
3 Студенттердің өздік жұмысы

1 ДӘРІСТЕР

№1 дәріс (1 сағат)
Тақырыбы: Стандарттаудың қысқаша даму тарихы
Дәріс жоспары:
1 Стандарттаудың даму сатылары.
2 Ұлттық стандарттаудың пайда болуы.
3 Халықаралық стандарттаудың даму кезеңдері.
4 Қазақстан Республикасында стандарттаудың даму тарихы.

1 Стандарт деген сөз ағылшын тілінен аударғанда норма, үлгі, эталон,
модель дегенді білдіреді, яғни басқа ұқсас объектілердің эталондарымен
салыстыруға арналған.
Стандарттау адам қоғамының дамуы мен тығыз байланысты. Ежелгі кезде
бірыңғай өлшемдер жүйесін, стандартты өлшемді құрылыс материалдарын,
стандартты диаметрі бар су құбырларын қолдану – бұның бәрі сол заманда
стандарттау қызметінің жұмыс істегеніне дәлел.
Сол сияқты Ежелгі Мысырда құрылыста тұрақты, стандартты өлшемі бар
кірпіштерді қолданды, олардың өлшемдерін арнайы шенеуніктер қатаң бақылады.
Грек архитектурасының тамаша ескерткіштері – дүниежүзіне танымал болған
шіркеулер, олардың бағандары шағын ғана элементтерден жасалған.
Ежелгі римляндар су құбырларын салғанда стандарттау принциптері мен
әдістерін сол кезден бастап қолданған.
Орта ғасырда салалардың дамуына байланысты стандарттау әдістері жиі
қолдана бастады. Сол кезде маталардың енінің өлшемдері, оның құрамындағы
жіптердің бірыңғай саны орнатылды, маталар өндірісінде қолданылатын
шикізатқа бірыңғай талаптар анықталды.
1785 жылы француз инженері Леблан қарулық құлыптардың партиясын – 50
данада дайындап шығарды, олардың әрбіреуі тек өздеріне тән маңызды
қасиеттерге ие болды. Бұл өзара-алмастырушылық және бірегейлік қасиеттері.
Осы құлыптардың әрқайсысын алдын-ала дайындамай қарудың кез-келгеніне сала
берді.
Жаппай өндіріске көшу мақсатымен Германияда қарулық зауытта қаруларға
стандарт орнатылды, бұл стандарт бойынша қарудың калибрі 13,9 мм тең болды.
19 ғасырдың екінші жартысында стандарттау жөніндегі жұмыстар барлық
өнеркәсіптік кәсіпорындарда жүргізілді.
Стандарттау бұл жылдары тек бөлек фирмалардың және кәсіпорындардың
ішінде ғана жүргізілді. Бірақ қоғамдық еңбектің бөлінуі салдарынан
стандарттау ұлттық және халықаралық маңызына ие болды.
2 1846 жылы Германияда теміржол колеясының ені мен вагондардың тізбекті
құралдары бірыңғайланды.
1869 жылы мұнда алғашқы анықтамалар кітабы жарық көрді, бұл
анықтамаларда темірдің стандартты профилдерінің өлшемдері берілді.
1870 жылы Еуропаның бірқатар елдерінде кірпіштердің стандартты
өлшемдері орнатылды.
1891 жылы Англияда, біраз соңыра басқа мемлекеттерде Витворт атты
бұрандыларды стандарттау енгізілді (ол дюйммен өлшенді), біраздан кейін
елдердің көбінде ол метриялық бұрандыға ауысты.
Халықаралық стандарттаудың басталуы 1875 жылы Парижда 17 ел қатысқан
Халықаралық метриялық конвенцияны кабылдауын және Халықаралық өлшемдер және
таразылар бюросының орнатылуын айтуға болады. Ұлттық және халықаралық
стандарттаудың бұл алғашқы жетістіктері өндірістік күштің дамуына үлкен
тәжірибелік әсерін тигізді.
19 ғасырдың соңында және 20 ғасырдың басында техника, өнеркәсіп және
өндірістің дамуы күшейді. Осыған байланысты экономикалық қатынастар жағынан
жақсы дамыған елдерде ұлттық стандарттаудың ұйымдастырылуымен айнала
бастады, солардың салдарынан бұл мемлекеттерде стандарттау жөніндегі ұлттық
ұйымдар құрылды.
3 Халықаралық тауаралмасу және ғылым мен техника салаларында тығыз
байланыстардың кеңейту салдарынан стандарттау жөніндегі Халықаралық
ассоциация (ИСА) құрылды, бірақ оның жұмысы екінші дүниежүзілік соғыстың
басталысымен тоқтатылды.
1943 жылы Біріккен ұлттар ұйымының шегінде стандарттау жөніндегі
мәселелермен шұғылданатын Координационды комитет құрылды, оның бюросы
Лондонда және Нью-Йоркте орналасты.
1946 жылы Лондонда стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйым (ИСО)
құрылды, оның құрамына 33 ел қатысты. Қазіргі кезде ИСО ірі халықаралық
техникалық ұйымдардың құрамына кіреді (оның мүшелері болып 146 ел
саналады).
ИСО басқа стандарттау жөніндегі жұмыстар көптеген халықаралық және
өңірлік ұйымдарда жүргізіледі.
Мысалы, Еуропалық көмір және болат бірлестігінің шегінде 1953 жылы
болат бойынша Координационды комиссия құрылды, ол бірлестіктің құрамына
кіретін мүшелер үшін, яғни Германия, Франция, Бельгия, Италия, Голландия
және Люксембург сияқты мемлекеттерге еуропалық стандарттарды дайындап
шығаруға уәкілетті болды.
4 Қазақстандағы стандарттаудың даму тарихы Кеңес одағы кезінде
басталды. 1923 жылы Семейде Омбылық өлшемдер және таразылардың салыстырып-
тексеру палатасының бөлімшесі ашылды. 1925 жылы Алматыда Семейлік өлшемдер
және таразылар салыстырып-тексеру палатасының Алматылық бөлімшесі ашылды.
1931 жылы Алматыда стандарттау жөніндегі Қазақ өңірлік бюросы құрылып,
1938 жылы ол өлшемдер мен өлшеу аспаптары жөніндегі жұмыстармен
шұғылданатын уәкілетті комитет Басқармасына өзгертілді.
Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1 Ежелгі Мысырда стандарттау қалай дамыды?
2 Әртүрлі елдерде ұлттық стандарттаудың дамығанын қайдан көруге болады?
3 Халықаралық ИСО ұйымы қашан және қайда құрылды?
4 Қазақстанда стандарттаудың дамуы қашан басталды?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента
качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с.
2 Е.М. Лифиц Основы стандартизации, метрологии и сертификации. М.:
Юрайт, 2000 г. - 465 с.
3 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, Тұмар, 2007 ж. –
224 б.

№ 2 дәріс (1 сағат)
Тақырыбы: Стандарттаудың заңнамалық негізі.
Техникалық реттеу туралы ҚР заңы. ТР МЖ құрылымы
Дәрістің жоспары:
1. Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу туралы заңы.
2. Техникалық реттеудің мақсаттары мен принциптері.
3. Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымы.
4. Стандарттау саласына байланысты уәкілетті органның функциялары.

Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу туралы заңы өнімнің,
көрсетілетін қызметтің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге
бағытталған мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құқықтық негіздерін
белгілейді.
Өнім, көрсетілетін қызмет, процестер техникалық реттеу объектілері
болып табылады.
Мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында
қызметін жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының азаматтық
заңнамасына сәйкес техникалық реттеу объектілеріне қатысты пайдалану
құқығын иеленетін жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу субъектілері
болып табылады.
Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары:
1) өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің адам өмірі мен
денсаулығы және қоршаған орта, соның ішінде жануарлар мен өсімдіктер
дүниесі үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
3) өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне қатысты
тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттерді алдын алу;
4) саудадағы техникалық кедергілерді жою;
5) өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.
Мемлекеттік техникалық реттеу жұйесінің құрылымын:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) уәкілетті орган;
3} өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар;
4) мемлекеттік органдар жанындағы техникалык реттеу саласындагы
сарапшылық кеңестер;
5) Саудадағы техникалык кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық
шаралар жөніндегі ақпарат орталығы (бұдан әрі - Ақпарат орталығы) ;
6) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер;
7) сәйкестікті растау жөніндегі органдар, зертханалар;
8) сәйкестікті растау, стандарттау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-
аудиторлар;
9) техникалық реттеу саласындагы нормативтік құқықтық актілер мен
стандарттардың мемлекеттік қоры құрайды.
Уәкілетті орган мынадай функцияларды орындайды:
Стандарттау саласында:
1) мемлекеттік стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпараттың
жіктеуіштерін әзірлеудің, келісудің, есепке алудың, бекітудің, сараптаудың,
өзгертудің, жоюдың және колданысқа енгізудің тәртібін белгілейді;
2) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілермен
үйлестірілген стандарттарды талдауды және әзірлеуді ұйымдастырады;
3) халықаралык, өңірлік және ұлттык стандарттарды, шет мемлекеттердің
техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, стандарттау, сәйкестікті
растау және аккредиттеу жөніндегі ережелері мен ұсынымдарын Қазақстан
Республикасының аумағында есепке алу және қолдану тәртібін белгілейді;
4) мемлекеттік, халықаралық және өңірлік стандарттардың, шет
мемлекеттер стандарттарының ресми басылымдарын, стандарттау, сәйкестікті
растау және аккредиттеу жөніндегі ережелер мен ұсынымдарды басып шығаруды
және таратуды ұйымдастырады, олар туралы ақпаратты жариялайды;
5) мемлекеттік стандарттаудың жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу
тәртібін белгілейді;
6) стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың мемлекеттік тілдегі
және орыс тіліндегі аудармаларын растауды ұйымдастырады.

Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1 Техникалық реттеу туралы ҚР заңы қашан қабылданды?
2 Техникалық реттеудің мақсаттары мен принциптерін атаңыз.
3 Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымы қандай?
4 Стандарттау саласына байланысты уәкілетті органның функциялары неде?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Техникалық реттеу туралы ҚР заңы (2004 жылдың 9 қарашасы № 603 -11
(05.07.2008 ж. өзгерістер мен толықтырулармен)

№ 3 дәріс (1 сағат)
Тақырыбы: Стандарттау әдістерінің жіктелуі
Дәрістің жоспары:
1 Стандарттау нысандарын ретке келтіру
2 Стандарттаудың басқа әдістері

1 Стандарттау қызмет түрі ретінде жалпы ғылыми және арнаулы әдістердің
жиынтығына сүйенеді. Бұл әдістер жиынтығы қайталанып кездесетін міндеттерді
оптималды шешу үшін қажет болып табылады.
Стандарттау жұмыстарында жиі қолданылатын әдістер:
1) стандарттау нысандарын ретке келтіру;
2) параметрлік стандарттау;
3) унификациялау;
4) агрегаттау;
5) кешенді стандарттау;
6) озық стандарттау.
Стандарттау нысандарын ретке келтіру стандарттау нысандарының алуан
түрлігін басқару болып табылады. Мысалы, жіктеуіштер, типтік
конструкциялар, комплекттеуші бұйымдар, процестер, ережелер, құжаттардың
формалары (нұсқалары) ретке келтіру жұмыстарының нәтижесі болып табылады.
Ретке келтіру стандарттау нысандарын жүйелеу (жүйеге келтіру),
типтендіру, селекциялау, симплификациялау және оңтайлау арқылы (жолымен)
жүзеге асырылады.
Жүйелеу – біртекті, өзара байланыстағы стандарттау нысандарының белгілі
тізбегін тағайындау болып табылады.
Нысандардың алуан түрлігін ескерсек, жүйелеудің маңызы өте зор болып
табылады, өйткені оларды өзара байланыстырылған және өзара бағыныстағы
топтарға біріктіруге, оларды жіктеуге жіне ранжирлеуге мүмкіндік береді.
Мысалы, Қазақстан Республикасында қолданылатын техника-экономикалық және
әлеуметтік ақпарат жіктеуіштері жүйелеу жұмыстарының нәтижелері болып
табылады.
Типтендіру – бірқатар стандарттау нысандарына ортақ сипаттар негізінде
типтік конструкциялық немесе технологиялық шешімдерді әзірлеу жөніндегі
әрекеттер болып табылады. Типтендіру нәтижелері типтік конструкциялар,
бұйымдар, ережелер, процестер, құжаттар формалары, есептер, жұмыс жүргізу
тәртібі және т.б. болып табылады.
Селекциялау - әртүрлі қызметтер облыстарындағы ары қарай да өндіруге
немесе қолдануға қолайлы деп танылған нақты стандарттау нысандарын іріктеп
алу.
Симплификациялау – селекцияға кері - әртүрлі қызметтер облыстарындағы ары
қарай да өндіруге немесе қолдануға қолайлы емес деп танылған нақты
стандарттау нысандарын іріктеп алу.
Басқа сөзбен айтқанда симплификациялау деп әр қолданылатын элементтердің
санын қолайлы минимумге дейін қысқартуды (мысалы, ыдыстың, ыдыс-аяқтың,
бекіту элементерінің өлшемдік типтерін азайтуды) айтады.
Оңтайлау – мүмкін болғандардың ішінен ең жақсы (оңтайлы) стандарттау
нысанын таңдап алу. Стандартталатын нысандардың параметрлерінің (арналу,
қауіпсіздік, сапалық параметрлері, тұтыну қасиеттері және т.б.) оңтайлы
мәндерін табуға негізделеді.
Стандарттау нысандарын оңтайлау экономика-математикалық әдістері және
оңтайлы модельдерді қолдану арқылы жүзеге асырылады.
2 Параметрлік стандарттау – параметрлердің қолайлы номенклатурасын және
сандық мәндерін таңдау және негіздеумен байланысты стандарттау әдісі.
Параметр – (parametron – грек - өлшеуші) – процестің, құбылыстың немесе
жүйе, машина, аспаптың кез келген қасиетін сипаттаушы шама болып табылады.
Өнімнің ең маңызды параметрлері болып оның арналуын және қолдану
шарттарын айқындаушы сипаттары табылады:
- өлшемдік параметрлер (киімнің, аяқ киімнің размері, ыдыс аяқтың
сиымдылығы.;
- салмақтық параметрлер (спорт инвентарінің жеке түрлерінің салмағы);
- машиналар мен аспаптардың өнімділігін сипаттаушы параметрлер
(желдеткіштің өнімділігі, көліктің жүру жылдамдығы);
- энергетикалық параметрлер (тоңазытқыш пайдаланатын қуаттын мөлшері) және
т.б.
Белгілі типке жататын, яғни белгілі қызметке арналған, жұмыс істеу
принципі мен конструкциясы айқындалған өнім бірнеше параметрлермен
сипатталады. Параметрлердің тағайындалған мәндерінің жиынтығы параметрлік
қатар деп аталады. Мысалы тоқ шамдарының параметрлік қатары (пайдаланатын
қуаты бойынша): 25, 40, 60, 75, 100, 150, 200, 250, 500 Вт.
Параметрлік қатардың бір түрі болып өлшемдер қатары табылады. Мысалы,
маталар үшін өлшемдік қатар мата енінің жеке параметрлерінен, ыдыс-аяқ үшін
– жеке сиымдылық параметрлерінен құралады. Бір типті өнімнің (материалдың)
әр өлшемі типтік өлшем (типоразмер) деп аталады. Мысалы, қазіргі кезде
ерлер киімінің 105 типтік өлшемі және әйелдер киімінің 120 типтік өлшемі
бекітілген.
Параметрлер қатарларын стандарттау процесі параметрлік стандарттау деп
аталады. Мысалы, киім және аяқ-киімнің өлшемдік қатарларын құру үшін
көптеген еркек және әйел адамдарын (әртүрлі жастағы, әртүрлі өңірде
тұратын) антропометриялық өлшеулерден өткізу керек. Алынған нәтижелер
математикалық статистика әдістерімен өңделеді.
Үйлесімді сандар және үйлесімді сандар қатарлары. Машина, аспап,
ыдыстардың параметрлік қатарлары үйлесімді сандар жүйесіне сәйкес құралады.
Үйлесімді сандар деп геометриялық прогрессия бойынша өзгеретін сандар
тізбегінің жиынтығын айтады. Бұл жүйенің мағынасы – параметрлер мәндері
үшін кез келген санды ала бермей, тек қана белгілі математикалық заңға
бағынатын мәндерді ғана алу болып табылады.
Параметрлік стандарттауда негізгі стандарттар ГОСТ 8032 Предпочтительные
числа и ряды предпочтительных чисел және ГОСТ 6636 Нормальные линейные
размеры болып табылады.
ГОСТ 8032 бойынша 4 негізгі үйлесімді сандар қатары бекітілген:
1- қатар - R5 – 1,00; 1,60; 2,50; 4,00; 6,30; 10,00 – прогрессия
знаменателі 1,6;
2- қатар – R10 – 1,00; 1,25; 1,60; 2,00; 2,50; ... – прогрессия знаменателі
1,25;
3- қатар – R20 – 1,00; 1,12; 1,25; 1,40; 1,60; ... – прогрессия знаменателі
1,12;
4- қатар – R40 – 1,00; 1,06; 1,12; 1,18; 1,25; ... – прогрессия знаменателі
1,06.
R- индексі француз инженері Ш. Ренар атымен аталған. Бұл инженермен
үйлесімді сандар қатарларын құру тарихы байланысты.
1 – 10 сандары аралығында R5 қатарында 5 сан бар, R10 қатарында - 10
сан, R20 қатарында - 20 сан, R40 қатарында - 40 сан бар.
Параметрлік қатардың жиілігі оңтайлы болуы керек: тым қою қатар
тұтынушылар мүдделерін максимум қанағаттандыруға мүмкіндік береді, бірақ,
екінші жағынан, өнімнің типтік өлшемдері тым көбейіп кетеді. Сондықтан R5
қатарын қолдану R10 қатарына қарағанда дұрыс болып табылады, ал R10 қатарын
қолдану R20 қатарын қолданғаннан дұрыс болып табылады.
Үйлесімді сандар жүйесін қолдану белгілі типті өнімнің параметрлерін
бірыңғайландыру ғана емес, сонымен бірге бөлшектерді, бұймдарды, көлік
құралдары мен технологиялық жабдықтарды параметрлер бойынша сәйкестендіруге
мүмкіндік береді.
Мысалы, машина жасау саласындағы стандарттау тәжірибесі көрсеткендей,
бөлшектер мен тораптардың параметрлік қатарлары машина және жабдықтардың
параметрлік қатарларында негізделу керек. Бұл жерде мынадай ереже сақталуы
керек: машиналардың R5 қатарынан алынған параметрлерге бөлшектердің R10
қатарынан алынған параметрлер сәйкес келу керек, R10 қатарынан алынған
параметрлерге бөлшектердің R20 қатарынан алынған параметрлер сәйкес келу
керек және тағы солай. Теміржол вагондары мен автокөліктің жүк көтеру
қабілеті, контейнер, жәшік және жеке алынған консерві банкасының
өлшемдерінің қатары R5 қатары бойынша құрылу керек. Бұл шара консерві
банкасына арналған ыдыс және оларды тасымалдайтын көлік құралдарын ұтымды
қолдануға мүмкіндік береді.
Радиотехникада Халықаралық электротехникалық комиссиямен қабылданған Е
қатары байынша құрылған үйлесімді сандар қолданылады. Е қатарлары:
Е3 – q = 2,2;
Е6 - q = 1,5;
Е 12 - q = 1,2.
Бұл қатарлар ГОСТ 2825 Ряды номинальных сопротивлений постоянных
резисторов және ГОСТ 2519 Ряды номинальных емкостей постоянных
конденсаторов стандарттарымен бекітілген.
Конденсаторлар үшін 1,5; 2,2; 3,3; 4,7; 6,8 (пФ, мкФ) сиымдылықтар
қатары қолданылады.
Унификациялау – (бірыңғайландыру) (лат. unus – бір) - өнім, процестер
және қызмет көрсетулер түрлерінің, олардың параметрлерінің және
өлшемдерінің мәндерінің оңтайлы санын таңдау (тағайындау).
Бірыңғайландыру – бірдеңені бірыңғай жүйеге, формаға, бірегейлікке
келтіру. Мысалы техникада бірыңғайландыру деп өнімнің және оны шығаруға
қажет құралдардың минимум санды типтік өлшемге, маркаға, қасиеттерге
келтіруді айтады.
Бірыңғайландырудың мақсаты өнімнің, процестердің қажетсіз көп түрлері
болуға жол бермеу және олардың санын негізгі тұтынушыға қажетті минимумға
келтіру болып табылады.
Бірыңғайландыру стандарттау нысандарын жүйелеу, типтендіру (типтеу),
селекциялау, симплификациялау және оңтайлауға негізделеді және төмендегі
бағыттарда жүзеге асырылуы мүмкін:
- бұйымдар, машиналар, жабдықтар, аспаптар, тораптар мен бөлшектердің
параметрлік және типті өлшемдік қатарларын әзірлеу;
- біртекті өнімдердің бірыңғайланған топтарын құрастыру мақсатында типтік
бұйымдарды зерттеп дайындау;
- бірыңғайланған технологиялық процестерді, сынау әдістерін, құжат
формаларын және т.б. зерттеп дайындау;
- біртекті стандарттау нысандарының номенклатурасын оптималды минимуммен
шектеу.
Бірыңғайландыру мына түрлерге бөлінеді:
- типтік-өлшемдік бірыңғайландыру (мысалы, функционалдық арналуы бірдей,
бір-біріне бас параметрлерінің сандық мәнімен ажырасатын өнімдер);
- тип шегіндегі бірыңғайландыру (мысалы, бас параметрі бірдей, құрамдық
элементтерінің конструкциясымен ажырасатын өнімдер);
- тип аралық бірыңғайландыру (мысалы, әртүрлі типті және конструкциялы
өнімдер).
Жүргізу аймағына байланысты нысандарды бірыңғайландыру салааралық,
салалық және зауыттық болуы мүмкін.
Ең жоғары экономикалық әсерге жобалау сатысында қол жеткізуге болады.
Бірыңғайландыру нәтижелері бұйымдардың, бөлшектердің, тораптардың типтер,
параметрлер және өлшемдер стандарттарының, конструкция, марка және т.б.
типтік (бірыңғайланған) конструкциялары альбомы түрінде өңделеді.
Агрегаттау - бұйымдардың, машина, аспап және жабдықтарды бөлек
стандартты бірыңғайланған бөлшектер мен тораптардан құрау және қолдану
әдісі. Бұндай бөлшектер мен тораптар әртүрлі қосылыста конструкциясы және
сыртқы бейнесімен ажырасатын өлшемдердің кең номенклатурасын өзірлеуге
мүмкіндік береді. Мысалы, жиһаэ өндірісінде щиттардың 15 өлшемін және
стандартты жәшіктердің 3 өлшемін қолдану осы элементтерді әртүрлі
комбинациясы арқылы жиһаздың 52 түрін құруға мүмкіндік береді.
Бірыңғайланған, стандартты, өзара алмастырылатын бөлшектер мен
тораптарды қолдану нәтижесінде бұйымның жөндеуге келу қабілеті мен
жөндеудің тиімділігі жоғарылайды.
Агрегаттау машина жасау, радиоэлектроника және өлшем құралдарын жасау
салаларында кеңінен қолданылады. Аталған салаларыдың дамуы бұйымдар
конструкциясының күрделігі және жиі өзгеруімен сипатталады. Әртүрлі
машиналарды жобалау және жасау үшін машинаның конструкциясын бір-бірінен
тәуелсіз жинау бірліктеріне (агрегаттарға) бөлу қажет болып шықты. Әр
агрегат машинада белгілі функция атқаратындай қылып жасалатын балды. Бұл
шара агрегаттарды бөлек бұйым ретінде шығаруға және оның жұмысын машинаның
жұмысынан бөлек (жеке) тексеруге мүмкіндік берді.
Бұйымдарды бөлек агрегаттарға бөлу агрегаттау әдісінің дамуының
алғашқы себебі болды. Содан кейін машиналардың конструкцияларын талдау
көптеген агрегаттар, тораптар және бөлшектер, құрылымы басқа болса да
әртүрлі машиналарда бірден бір функция атқаратынын көрсетті. Бөлек
конструкциялық шешімдерді бірыңғайланған агрегаттар, тораптар және
бөлшектер әзірлеу жолымен жалпылау осы әдістің мүмкіншіліктерін едәуір
арттырады.
Кешенді стандарттау - стандарттаудың негізгі әдістерінің бірі.
Кешенді стандарттау кезінде тұтас нысанның өзіне ғана емес, оның негізгі
элементтеріне де өзара байланыстырылған талаптар қойылады және қолданылады.
Мақсаты – нақты мәселенің оңтайлы шешімін табу.
Өнімге қатысты айтсақ, кешенді стандарттау – дайын өнімнің және оны
шығаруға қажетті шикізаттың, материалдар және комплекттеуші тораптардың,
сондай-ақ өнімнің бұзылмауы (таңбалау, буып-түю, тасымалдау, сақтау) және
қолдану (пайдалану) жағдайларының сапасына өз деңгейлері бойынша өзара
байланыстырылған талаптар тағайындау және қолдану болып табыдады.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында мемлекеттік негізін қалаушы
стандарттар комплекстерін қалыптастыру жұмыстарын келтіруге болады.
қалыптастыру бойынша іс-әрекеттер жалғастырылуда:
- ҚР СТ 1.0 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесі.
Негізгі ережелер;
- ҚР СТ 2.0 Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Негізгі
ережелер;
- ҚР СТ 3.0 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесі.
Негізгі ережелер;
- ҚР СТ 4.0 Өнімді зерттеп дайындау және өндіріске қою жүйесі. Негізгі
ережелер;
- ҚР СТ 5.0 Техника-экономикалық және әлеуметтік ақпаратты жіктеу және
кодтаудың бірыңғай жүйесі. Негізгі ережелер;
- ҚР СТ 6.0 Штрихты кодтау жүйесі. Негізгі ережелер;
- ҚР СТ 7.0 Қазақстан Республикасы тіркеу (аккредиттеу) жүйесі. Негізгі
ережелер.
Озық стандарттау - стандарттау нысандарына қазіргі күнгі практикада қол
жеткен нормалар мен талаптардың деңгейінен жоғары, алдыңғы уақытта оңтайлы
болады деп болжанатын деңгейде нормалар мен талаптар тағайындау.
Стандарттар ғылым және техниканың қол жеткен деңгейін бекітіп қана
қоймауы керек, өйткені модельдік ескіру қарқыны жоғары болғандықтан олар
техникалық прогрестің баяу жүруіне әкелуі мүмкін. Осыны болдыртпау үшін,
олар перспективалық сапа көрсеткіштерін тағайындауы керек, өндірісте оларға
қол жеткізуді қамтамасыз ету мерзімін көрсетуі керек. Озық стандарттар
өнімнің перспективалық, сериялап шығарылуы әлі басталмаған немесе бастапқы
кезеңдегі түрлерін стандарттау керек.
Халықаралық стандарттаудағы жетістіктерге 80- жылдары бекітілген аудио
компакт-дисктерге әзірленген халықаралық стандартын жатқызуға болады. Бұл
стандарт аудио компакт-дисктер шығарылмай тұрып алдын-ала әзірленген
болатын. Осы шара компакт-дисктердің басқа техникалық жабдықтармен толық
қиылысуын қамтамасыз етті, сонымен қажетсіз шығындардың болмауына қол
жеткізді.
Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1 Стандарттау нысандарын ретке келтіру әдістің құрамына қандай әдістер
кіреді?
2 Параметрлік стандарттау дегеніміз не?
3 Унификаттау және агрегаттау әдістері неге негізделген?
4 Кешенді стандарттау әдісінің мақсаты неде?
5 Озық стандарттаудың басқа әдістерден ерекшелігі неде?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, Тұмар, 2007 ж. –
224 б.
2 Ракымжанова М.Т. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері–
Астана, Фолиант, 2008 ж. – 245 б.

№ 4 дәріс (1 сағат)
Тақырыбы: Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар
және оларға қойылатын талаптар

Дәрістің жоспары:
1 Жалпы сипаттамасы
2 Стандарттар категорияларының сипаттамалары.

Стандарттау жұмыстарын жүзеге асыру барысында стандарттау нысандарына
тиісті нормалар, талаптар, ережелер, сипаттар қалыптастырылады. Аталғандар
(талаптар және т.б.) нормативтік құжат түрінде өңделеді.
ҚР Техникалық реттеу туралы Заңы бойынша Қазақстан Республикасының
аумағында қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға
келесілер жатады:
1) халыкаралык стандарттар;
2) өңірлік стандарттар және техникалық-экономикалык ақпарат
жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары мен техникалық-
экономикалық ақпарат жіктеуіштері;
4) ұйымдар стандарттары;
5) Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсынымдары;
6) шет мемлекеттердің ұлттық стандарттары, ұйымдар стандарттары,
техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі
ережелері, нормалары мен ұсынымдары жатады.
Мемлекетаралық стандарттар (ГОСТ) ТМД мемлекеттерінің стандарттау
жөніндегі мемлекетаралық техникалық комитеттермен (МТК) әзірленеді және
міндетті және немесе ұсынылатын талаптарды тағайындауы мүмкін.
Мемлекетаралық стандарттарды стандарттау, метрология және сертификаттау
жөніндегі Мемлекетаралық Кеңес (МГС), ал құрылыс саласында арнайы
стандарттау, техникалық нормалау және сертификаттау жөніндегі
Мемлекетаралық ғылыми- техникалық Комиссия қабылдайды.
Мемлекетаралық стандарттар қабылдаудан өткеннен кейін стандарттар
жөніндегі Бюрода тіркеледі. Бюро Минск (Беларусь Республикасы) қаласында
орналасқан.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарын мемлекеттік басқару
органдары, заңды тұлғалар, стандарттау жөніндегі комитеттер әзірлейді.
Стандарттарды әзірлеуге өнімнің технологиясын әзірлеуші, шығарушы және
тұтынушылардың өкілдері, ғылыми-техникалық және инженерлік қоғамдар,
тұтынушылар қоғамдарының өкілдері, Комитеттің мамандары шақырылуы мүмкін.
Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу, келісу, қабылдау, есепке алу,
өзгерту және оның күшін жою тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
Мемлекеттік стандарттар:
1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің жалпы ұйымдастыру-
әдістемелік ережелерін белгілейтін, негізге алынатын стандарттар;
2) өнімнің, көрсетілетін қызметтің біртекті топтарына, қажет жағдайда
нақты өнімге, көрсетілетін қызметке қойылатын талаптарды белгілейтін
өнімге, көрсетілетін қызметке арналған стандарттар;
3) процестерге арналған стандарттар;
4) өнімді, көрсетілетін қызметті, процестерді бақылау әдістеріне
арналған стандарттар болып бөлінеді.
Негізге алынатын мемлекеттік стандарттарды уәкілетті органның
кәсіпорындары әзірлейді.
Мемлекеттік стандарттар өнімнің, көрсетілетін қызметтің шығарылған
жеріне қарамастан, ерікті негізде тең дәрежеде қолданылады.
Қазақстан Республикасының техникалық-экономикалық ақпаратының
мемлекеттік жіктеуіштері- экономика салаларында қолданылатын және есепке
алынуға тиіс техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуге және код қоюға
жатады.
Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіштерінің
тізілімін уәкілетті орган жүргізеді.
Қазақстан Республикасында техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеу және
оларға код қою жүйесін құру мен оның қызметіне бақылау жасау жөніндегі
жұмыстарды үйлестіруді уәкілетті орган белгілейді.
Қазақстан Республикасындағы ұйымдар стандарттары және стандарттау
жөніндегі ұсынымдар.
Ұйымдар стандарттарын мемлекеттік техникалық реттеудің мақсаттарына
жету үшін ұйымдар өздері дербес әзірлейді және бекітеді.
Ұйымдар стандарттарын әзірлеу, бекіту, есепке алу, өзгерту, күшін жою,
тіркеу, белгілеу, басып шығару тәртібін оларды бекітетін ұйымдар дербес
белгілейді.
Ұйымдар стандарттары қолдану үшін ерікті сипатта болады және техникалық
реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға
қайшы келмеуге тиіс.
Ұсынымдар стандарттау, өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету, сәйкестікті
растау жөніндегі жұмыстар жүргізуге қатысты, қолданылу үшін ерікті
ұйымдастыру-әдістемелік ережелерін қамтиды.
Ұсынымдардың жасалуына, ресімделуіне, мазмүнына, баяндалуына, оларды
әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу және қолдану тәртібіне қойылатын талаптарды
оларды бекітетін ұйым белгілейді.
Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1 Қазақстанда қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға
қайсылар жатады?
2 Мемлекеттік стандарттарды әзірлеудің неше кезеңі бар?
3 Ұйым стандарттарын кім әзірлейді және бекітеді?
4 Ұсынымдар мен ережелер дегеніміз не?
5 Мемлекетаралық стандарттар Қазақстан аумағында қалай таралады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Техникалық реттеу туралы ҚР заңы (2004 жылдың 9 қарашасы № 603 -11
(05.07.2008 ж. өзгерістер мен толықтырулармен)
3 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, Тұмар, 2007 ж. –
224 б.

№ 5 дәріс (1 сағат)
Тақырыбы: Мемлекеттік стандарттардың түрлері

Дәрістің жоспары:
1 Негізге алынатын стандарттардың түрлері
2 Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің стандарттары
3 Бақылау (сынау, өлшеу, талдау) әдістерінің стандарттары
4 Процестер стандарттары

1 Стандарттау нысандарының ерекшеліктеріне және тағайындалатын
талаптардың мазмұнына байланысты стандарттардың төмендегі түрлері
әзірленеді:
1) негізге алынатын стандарттар;
2) өнімдер мен көрсетілетін қызметтер стандарттары;
3) бақылау (сынау, өлшеу, талдау) әдістерінің стандарттары;
4) процестер стандарттары.
Негізге алынатын стандарттар мыналарды тағайындайды:
- белгілі әрекеттер саласы үшін жалпы ұйымдастыру - әдістемелік
жағдайларды;
- өнімді, процестерді (жұмыстарды) және көрсетілетін қызметтерді әзірлеу
және пайдалану процестерінде әртүрлі ғылым, техника және өнімдердің өзара
байланысын, техникалық бірегейлігін және өзара түсінушілігін қамтамасыз
ететін жалпы талаптар, нормалар мен ережелерді;
- басқа да жалпы жехникалық талаптарды.
Кең түсінігі бойынша негізге алынатын стандарттардың нысандары болып
мемлекеттік және салааралық маңызы бар нысандар: мемлекеттік стандарттау
жүйесі, мемлекеттік сертификаттау жүйесі, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің
мемлекеттік жүйесі, конструкторлық құжаттардың бірдей жүйесі (ЕСКД), өлшем
бірліктері, салааралық маңызы бар терминдер мен анықтамалар (сапаны
басқару, сенімділік, буып түю) және т.б. табылады.
Тар мағынадағы түсінігі бойынша негізге алынатын стандарт нақты жүйенің
стандарттар комплекстерінде жалпы ережелерді анықтаушы стандарт болып
табылады. Мысалы: ҚР СТ 1.0 – 2000 ҚР Мемлекеттік стандарттау жүйесі.
Негізгі ережелер.
Негізге алынатын стандарттарды былай бөлуге болады:
а) ұйымдастыру-әдістемелік стандарттар. Бұлар белгілі салада жұмыстарды
жүргізу жөніндегі жалпы ұйымдастыру-әдістемелік ережелерді тағайындайды.
Мысалы: ҚР СТ 1.2 – 2000 ҚР Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Мемлекеттік
стандарттарды әзірлеу тәртібі; СТ РК 1081 – 2002 Тағамдық өнімдеріне
технологиялық ңұсқаулар мен рецептуралар әзірлеу тәртібі. Негізгі шарттар.
б) жалпа техникалық стандарттар. Бұлар тағайындайды:
- ғылымда, техникада, өндірісте көп мәрте қайталанатын ғылыми-техникалық
терминдерді (мысалы, ГОСТ 16263- 70 ГСИ. Метрология. Термины и
определения);
- әртүрлі стандарттау нысандарының шартты белгілерін – кодтарын,
символдарын, таңбаларын ( мысалы, ГОСТ 14192- 96 Маркировка грузов, СТ
РК 1003 – 98 Сплавы на основе благородных металлов ювелирные. Марки;
- әртүрлі құжаттарды құру, баяндау, өндеуге және олардың мазмұнына
қойылатын талаптарды (мысалы, СТ РК 1.5 – 2000 ГСС РК. Общие требования
к построению, изложению, оформлению и содержанию стандартов);
- техникалық қамтамасыз етуге қажетті жалпы техникалық шамалар, талаптар
және нормаларды (үйлесімді сандар, параметрлік және өлшемдік қатарлар,
өлшем құралдарының дәлдік кластары және т.б.). Мысалы, ГОСТ 8.417 – 81
ГСИ. Единицы физических величин;
- сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын (мысалы, СТ РК 1043 – 2001 Машины
для борьбы с ветровой эррозией. Номенклатура показателей качества);
- техникалық эстетика және эргономика талаптарын;
- қауіпсіздік талаптарын (мысалы, СТ РК 12.002 – 2002 Система стандартов
безопасности труда. Процессы производства. Овцеводство. Требования
безопасности) және т.б.
2 Өнімнің (көрсетілетін қызметтің) стандарты біртекті өнімдер
(көрсетілетін қызметтер) топтарына немесе нақты өнімге (көрсетілетін
қызметке) талаптар тағайындайды.
Өнімге төмендегі стандарттар түрлері әзірленеді:
а) жалпы техникалық шарттар стандарты - біртекті өнімдер (көрсетілетін
қызметтер) топтарына талаптар тағайындайды (мысалы, СТ РК 1061 – 2002
Продукты кисломолочные. Общие технические условия, СТ РК 1040 – 2001
Условия транспортные по пассажирским перевозкам. Общие технические
условия;
б) техникалық шарттар стандарттары – нақты өнімге (көрсетілетін қызметке)
талаптар тағайындайды. Мысалы, СТ РК 982 – 95 Кефир. Технические условия,
СТ РК 1095 – 2002 Волокно хлопковое. Технические условия.
Аталған стандарттар, мысалы өнім стандарттары, әдетте, төмендегі
бөлімдерден құралады:
- жіктелуі;
- негізгі параметрлері және немесе өлшемдері;
- техникалық (жалпы техникалық) талаптар;
- қабылдау ережелері;
- таңбалау, буып- түю, тасымалдау, сақтау;
в) жалпы техникалық талаптар стандарттары – жалпы техникалық шарттар
стандартының бір ғана бөлімінен құралатын тар арнаулы стандарттар (мысалы,
СТ РК 37 – 98 Вышивка машинная и ручная. Общие технические требования;
г) техникалық талаптар стандарттары - техникалық шарттар стандартының бір
ғана бөлімінен құралатын тар арнаулы стандарттар (мысалы, ГОСТ 20902 – 95
Столы обеденные школьные. Функциональные размеры; ГОСТ 20809 – 75
Патроны охотничьи. Типы и основные размеры).
3 Бақылау әдістерінің стандарттары өнімді, көрсетілетін қызметті
әзірлеу, сертификаттау, пайдалану кезінде сынақ, өлшеу, талдау жүргізу
әдістерін тағайындайды (мысалы, СТ РК 1049 – 2001 Премиксы. Методы
анализа).
Стандарттарда тағайындалатын бақылау әдістері объективті, дәл,
нәтижелердің ұдайы қайталануын қамтамасыз ететіндей болуы керек.
Әр әдіс үшін оны жүзеге асырудың ерекшеліктеріне қарай мыналарды
тағайындайды:
- сынау құралдарын, көмекші құралғыларды, реактивтерді, материалдарды;
- сынақ жүргізуге дайындалу тәртібін;
- сынақ жүргізу тәртібін;
- сынақ нәтижесін өңдеу тәртібін;
- сынақ нәтижесін көрсету тәртібін;
- сынақтың жіберілетін қателігін.
Стандарттың арналуы тар болуы мүмкін – бір ғана сапа көрсеткішін тексеру
(мысалы, таза жүн және жартылай жүннен жасалған материалдардың буды
өткізгіш қабілетін анықтау әдісінің стандарты), немесе арналуы кең –
көрсеткіштер комплексін тексеру болуы мүмкін (жібек және жартылай жібектен
тігілген даналап саналатын өнімдерді сынау әдістерінің стандарты).
Сертификаттау тәжірибесі аралас турлі стандарттарды - өнім мен бақылау
әдістерінің стандарттарын, атап айтқанда, өнімге (көрсетілетін қызметке)
қауіпсіздік талаптар мен қауіпсіздікті бақылау әдістерінің стандарттарын
әзірлеудің қажеттілігін білдіріп отырады (мысалы, ГОСТ 25779 – 90 Игрушки.
Общие требования к безопасности и методы контроля).
4 Процестер (жұмыстар) стандарттары өнімнің (көрсетілетін қызметтің)
өмірлік циклының жеке кезеңдерінде әртүрлі жұмыстарды орындау әдістеріне
(тәсілдеріне, амалдарына, режимдеріне, нормаларына) талаптар тағайындайды.
(Өнімнің өмірлік циклының негізгі кезеңдері: әзірлеу, шығару, сақтау,
тасымалдау, қолдану, т.б.). Мысалы ГОСТ 26907 – 86 Сахар. Условия
длительного хранения, ГОСТ 7995 – 79 Мясо. Разделка говядины для
розничной торговли, СТ РК 1155 – 2002 Ртутьсодержащие приборы и изделия.
Вакуум- термическая утилизация.
Процестер (жұмыстар) стандарттарына технологиялық операцияларды жүргізу
кезінде адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған ортаны қорғауға талаптарын
енгізуі керек.
Қазіргі күні сапа менеджменті жүйелері шегінде басқару процестерінің -
құжаттарды сатып алуды, кадрларді дайындауды және т.б. басқару
процестерінің стандарттары үлкен маңыз алып отыр. Басқару процестері – сапа
жүйесі жұмыс кәсіпорындардың ұйым (фирмалық) стандарттарының типтік
нысандары болып табылады.
Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1 Негізге алынатын стандарттардың түрлері

Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, Тұмар, 2007 ж. –
224 б.

№ 6 дәріс (2 сағат)
Тақырыбы: Сәйкестікті растау
Дәрістің жоспары:
1 Сәйкестікті растау саласындағы негізігі түсініктер мен оның мәні
2 Сәйкестікті растаудың нормативтік-құқықтық негіздері мен ұйымдастырушылық
құрылымы
3 Сертификаттауға қатысушылар

1 Сертификаттау деген сөз латын тілінен дұрыс істелінген деп
аударылады. Өнім дұрыс істелгеніне көз жеткізу үшін ол өнім қандай
талаптарға сай болуы керектігін және өнімнің сол талаптарға сай екендігін
қалай дәлелдеуге болатынын білу керек. Халықаралық тәжірибеде бұларды
дәлелдеу үшін сертификаттау процедурасы қолданылады.
Сертификаттау объектілері: 1) өнімдер; 2) көрсетілетін қызметтер; 3)
процестер; 4) жұмыстар; 5) сапа менеджментінің жүйелері.
Сәйкестік туралы декларация да, сәйкестік сертификаты да бірдей заңды
күшке ие болады.
Сәйкестігі сәйкестік сертификатымен немесе сәйкестік туралы
декларациямен расталатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің
(жұмыстардың) тізілімдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен
бекітіледі.
Міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдерді, жұмыстарды,
көрсетілетін қызметтерді сәйкестік сертификатысыз және (немесе) сәйкестік
Белгісісіз немесе сәйкестік туралы декларациясыз босатуға тиым салынады.
Міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдерді, жұмыстарды,
көрсетілетін қызметтерді, егер олар Қазақстан Республикасында
сертификаттаудан өтпеген болса жарнамалауға тиым салынады.
Сертификаттау жөніндегі заңнаманы бұзған тұлғалар ҚР заңдарына сәйкес
жауапқа тартылады.
2 Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде негізін қалаушы
нормативтік (құқықтық, әдістемелік және техникалық) құжаттар қолданылуы
тиіс.
Сертификаттау жөніндегі заңнама Қазақстан Республикасының Техникалық
реттеу туралы Заңынан және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік
құқықтық актілерінен құралады.
Қазақстан экономикасында өтіп жатқан өзгерістерді ескере отырып 1999
жылы ҚР Стандарттау және сертификаттау туралы Заңының орнына халықаралық
заңнамамен үйлестірілген ҚР Сертификаттау туралы Заңы қабылданған
болатын. Соңынан 10 маусым 2003 жылы бұл Заңға өзгертулер енгізілген және
толықтырылған. 9 қараша 2004 жылы ҚР Техникалық реттеу туралы Заңы
қабылданып, ҚР Стандарттау және сертификаттау туралы Заңының күші
жойылды.
ҚР Техникалық реттеу туралы Заңында техникалық реттеу және метрология
жөніндегі уәкілетті орган және оның сертификаттау саласындағы қызмет
бағыттары белгіленген. Заң Қазақстан Республикасында өнімді, сапа
менеджменті жүйелерін, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді
сертификаттаудың құқықтық негіздерін тағайындайды, сертификаттау
саласындағы қатынастарды реттейді, сертификаттауға қатысушылардың
құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін айқындайды.
Техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитетпен Қазақстан
Республикасынды сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін
реттеуші нормативтік құжаттар (мемлекеттік стандарттар, ережелер,
ұсынымдар, әдістемелік нұсқаулар және т.б.) әзірленген.
Қазіргі күнге Қазақстан Республикасында міндетті және ерікті
сертификаттауға қатысты жүзден артық нормативтік құжаттар жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің нормативтік
базасы төмендегі құжаттардан (мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық,
басқа елдердің ұлттық) құралады:
стандарттар, санитарлық ережелер мен нормалар, құрылыстық нормалар мен
ережелер, бекітуден өткен рецептуралар жинақтары, анықтамалық ақпараттық
материалдар және т.б. оларға сәйкестікке өнімді сертификаттау жүргізілетін
нормативтік құжаттар;
өнімді сынау әдістеріне нормативтік құжаттар;
сапа менеджменті жүйелеріне нормативтік құжаттар;
ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің салааралық комплексінің
нормативтік құжаттары.
Сертификаттау жөніндегі ҚР Мемлекеттік стандарттары үшінші салааралық
стандарттар тобына жатады (ҚР СТ 3. ) және сертификаттау объектілері мен
процедураларына бірыңғай нормалар мен талаптарды тағайындайды.
Сертификаттау жүйесінің өзіндік, сертификаттау жұмыстарын жүргізу
ережелері және басқару рәсімдері болады.
Сертификаттау жүйелері үлттық (мемлекеттік), мемлекетаралық, өңірлік
және халықаралық деңгейде қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі мемлектеттік
басқару органдарының, Қазақстан Республикасы территориясында орналасқан
меншіктің барлық түрлеріндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың, сондай - ақ
басқа елдердің фирмалары мен ұйымдарының қатысуы үшін ашық болып табылады.
Аталған кәсіпорындар, фирмалар мен ұйымдар ҚР МСЖ ережелерін мойындауы және
орындауы міндетті болып табылады.
ҚР МСЖ-сі шығарушылар, тұтынушылар, қоғамдық ұйымдар. сертификаттау
жөніндегі органдар, сынақ зертханалары (орталықтары) үшін, сондай- ақ басқа
да мүдделі заңды және жеке тұлғалар үшін ақпаратқа еркін қол жеткізуін
қамтамасыз етеді.
Сертификаттауға қатысушылар мыналар болып табылады:
техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган;
акктериттеуден өткен өнімдерді, процестерді, жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді сертификаттау жәніндегі органдар
аккредиттеуден өткен сынақ зертханалары (орталықтары);
аккредиттеуден өткен аккредиттеу саласында консалтин қызметін көрсету
жөніндегі ұйымдар;
сертификаттау жөнендегі сарапшы- аудиторлар.
Өнімдерді, көрсетілетін қызметтерді, жұмыстарды, сапа менеджментінің
жүйелерін сертификаттау жөніндегі жұмыстарды Қазақстан Республикасының
әртүрлі өңірлерінде орналасқан 100 ден артық сертификаттау жөніндегі
органдар және 300 жуық сынақ зертханалары (орталықтары) жүзеге асырады.
Сәйкестікті куәландыру және аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды басқаруды
техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитет (ары қарай –
Мемстандарт) – Қазақстан Республикасы үкіметімен тағайындалатын техникалық
реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
Мемстандарт өзінің лауазымы және құқықтары шегінде стандарттау
жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және басқарады.
Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1 Сертификаттау дегенді қалай түсінесіз?
2 Сертификаттау объектілеріне қандай объектілер жатады?
3 Сертификаттау жөнінде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қандай құжаттар
берілуі мүмкін?
4 Сертификаттаудың негізгі мақсаттары неде?
5 Сәйкестікті растаудың заңнамалық негізі қандай?
6 Мемлекеттік сертификаттау жүйесіне кіретін стандарттарды атаңыз.
7 Мемлекеттік сертификаттау жүйесі қандай негізгі мәселелерді тағайындайды?
8 Сертификаттауға қатысушыларды атаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента
качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с.
2 Самсаев М.Б. Өзара-ауыстырымдылық стандарттау, сертификаттау негіздері
және техникалық өлшеу. Сапа менеджменті – Алматы, 2008 ж. – 300 б.

№ 7 дәріс (2 сағат)
Тақырыбы: Өнімнің сәйкестігін растау
Дәрістің жоспары:
1 Сәйкестікті растаудың жалпы сипаттамасы
2 Сертификаттаудың түрлері
1 Сәйкестікті растаудың ұйымдық-әдістемелік негізі барлық сертификаттау
объектілеріне таралатын және осы процедураны ұйымдастыру және жүргізу
тәртібін реттейтін ережелерден құралады.
Отандық және импортталатын өнімдердің сәйкестігін растау бірегей ҚР
Мемлекеттік сертификаттау жүйесінде тағайындалған ережелер және схемалар
бойынша жүзеге асырылады. Өнім қай мемлекетте шығарылғаны, өндіру, сақтау,
тасымалдау процестері, келісімдердің түрі мен олардың ерешеліктері
ескерілмейді.
Импортталған өнімнің сәйкестігін растау шетел сертификатын және
сәйкестік Белгісін мойындау жолымен жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл жерде
сертификаттау нәтижесін мойындау туралы тиісті келісім болуы керек.
Республикада мойындалатын сертификат болмаған жағдайда өнімнің үлгілерін
сертификаттау сынақтарынан өткізеді. Сынақ жүргізгенде өнімнің
көрсеткіштерінің Қазақстан Республикасында жүретін нормативтік құжаттарда
бекітілген қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тексеріледі.
Экспортталатын өнімдердің сәйкестігін растау олардың шығарушы және
тапсырыс беруші арасындғы контракттта қарастырылған нормативтік құжаттардың
талаптарына сәйкестігін көрсету үшін жүргізіледі.
Өнімнің, оның ішінде импортталатын өнімнің сәйкестігін растауды
сертификаттау жөніндегі аккредиттелген орган, ал ондай орган болмағанда
Мемстандарт жүзеге асырады.
2 Сертификаттау түрлері.
Қазақстан Республикасы территориясында өнімдердің (процестердің,
көрсетілетін қызметтерлің, жұмыстардың) сәйкестігін растау ерікті және
міндетті түрде жүргізілуі мүмкін.
Өз еркімен сәйкестікті растау ерікті сертификаттау түрінде жүзеге
асырылады. Ерікті сертификаттау өтінушінің (шығарушы, сатушы,
орындауышының) инициативасы бойынша жүргізіледі. Мақсаты - өнімнің
(процестің, көрсетілетін қызметтің, жұмыстың) өтінуші ұсынған стандарттың
немесе басқа нормативтік құжаттың талаптарына, сондай-ақ өтінушінің арнаулы
талаптарына сәйкестігін куәландыру. Ерікті сертификаттау міндетті
сертификаттауды алмастыра алмайды. Басқаша айтқанда, егер өнім міндетті
сертификаттауға жататын болса, оны ерікті сертификаттаудан өткізуге
болмайды.
Сәйкестікті міндетті растау төмендегі түрде жүзеге асырылады:
шығарушы кәсіпорын сәйкестік туралы декларация қабылдау арқылы;
міндетті сертификаттау жүргізу арқылы.
Міндетті сертификаттау – сәйкестікті растау жөніндегі органдрдың
қатысуымен өнімнің, көрсетілетін қызметтің техниклық реттеу саласындағы
нормтивтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестікті растау
нысаны.
Міндетті сертификаттау міндетті сертификаттауға жататын өнімдер
(процестер, көрсетілетін қызметтер, жұмыстар) тізіміне кірген өнімдер
(процестер, көрсетілетін қызметтер, жұмыстар) үшін жүргізіледі.
Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерге техникалық
регламенттер, стандарттар немесе өнімнің, процестің, көрсетілетін қызметтің
адам өмірі, денсаулығы, мүлкі үшін және қоршаған орта үшін қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін басқа да нормативтік құжаттар жатады.
Міндетті сертификаттауға жататын өнімдер мен көрсетілетін қызметтер
тізімі, сондай-ақ сәйкестігі туралы декларациямен растауға болатын өнімдер
мен көрсетілетін қызметтердің тізімін Мемстандарт мемлекеттік басқару
органдарының ұсынысы бойынша әзірлейді. Тізімдер Қазақстан Республикасы
Үкіметімен бекітіледі.
Қазіргі кезде мұндай тізілімдер мыңнан астам өнімдер және онға тақау
көрсетілетін қызметтерді ауқымдайды.
Заңға сәйкес тізілімдерге енгізілген өнімдерді тек қана сәйкестік
сертификаты немесе сәйкестік туралы декларациясы болған жағдайда сатуға
болады.
Міндетті және ерікті сертификаттаудың салыстырмалы сипаттамалары 1
кестеде келтірілген.
Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1 Сәйкестікті растаудың ұйымдық-әдістемелік негізі неден тұрады?
2 Өнімді сынау кезінде анықталатын көрсеткіштер неше және қандай топтарға
бөлінеді?
3 Сәйкестікті растаудың қандай түрлерін білесіз.?
4 Міндетті сертификаттауға қандай өнімдер жатады?
5 Міндетті және ерікті сертификаттаудың артықшылықтары мен кемшіліктері?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента
качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с.
2 Ракымжанова М.Т. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері–
Астана, Фолиант, 2008 ж. – 245 б.
№ 8 дәріс (2 сағат)
Тақырыбы: Өнімді сертификаттауды жүргізу тәртібі
Дәрістің жоспары:
1 Өнімді сертификаттауды жүргізу тәртібі
2 Сертификаттау схемалары (сұлбалары)

Өнімді сертификаттауға мыналар кіреді:
1) сертификаттауға өтінім беру және оны қарау;
2) өтінім бойынша шешім қабылдау, оның ішінде схеманы таңдау;
3) сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған шарт жасасу;
4) үлгілерді іріктеу, сәйкестендіру және оларды сынау;
5) өндіруді бағалау (егер бұл сертификаттау схемасында көзделсе);
6) алынған нәтижелерді талдау мен Сертификат беру туралы (беруден бас
тарту туралы) шешім қабылдау;
7) Сертификатты мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінде
тіркеу;
8) Сертификат беру;
9) сертификатталған объектіні инспекциялық бақылауды жүзеге асыру (егер
бұл сертификаттау схемасында көзделсе);
10) сертификаттау нәтижелері туралы ақпарат ұсыну.
Өнімді сертификаттауды жүргізу үшін өтінім беруші Органға сертификаттау
жүргізуге арналған өтінімді жібереді.
Осы өнімнің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИСО халықаралық стандарттары
М.Х. Дулати атындағы ТарМУда өткен педагогикалық практика бойынша магистранттың есебі
Жай астықты барлық келісім шарт жасасу КСРО ішкі және сыртқы сауда
Стандарттау жүйесі
Технологияда метрологияның мәні
Стандарттау
Тамақ өнімдерінің құжаттары мен үлгілерін тексеру
«Райымбек Агро» ЖШС-те СМЖ және қаупсіздік жүйесін дайындау
Қазақстанда нарықтық экономика жағдайындағы экологиялық таза тамақ өнімі өндірісімен байланысты ұйымдастыру –экономикалық-экологиялық мәселелер жиынтығы
Өндірісті бағалау рәсімдерін метрологиялық қамтамасыз ету
Пәндер