Кәсіпкерлік түрлері, формалалары, мәселелері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   

Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі

«Техникалық» бөлімі

«Нарықтық экономика» пәнінен

Курстық жұмыс

Тақырыбы: «Кәсіпкерлік түрлері, формалалары, мәселелері»

Орындаған: ВТ-931топ оқушысы:

Бақтығалиев. М. Т

Жетекші: оқытушы: Такесова А. К

Орал 2017

Жоспар

Кіріспе . . .

I бөлім. Кісіпкерлік мазмұны, субьектілері

1. 1. Кәсіпкерлік мәні мен мазмұны, қызметтері . . .

1. 2. Кәсіпкерліктің мақсаттары мен міндеттері . . .

1. 3. Кәсіпкерлік обьектілері мен субьектілері . . .

II бөлім. Кәсіпкерліктің түрлері формалары

2. 1. Кәсіпкерлердің түрлері . . .

2. 2. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формалары мен олардың ерекшеліктері . . .

2. 3. Кәсіпорынды құру жағдайлары мен шарттары . . .

III бөлім. Кәсіпкерліктің тиімділігін талдау

3. 1. Кәсіпорынның өндірісік - шаруашылық қаржылық қызметін талдау . . .

3. 2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың мәні, негізгі бағыттары . . .

3. 3. Кәсіпкерлікті қолдаудың заманауи институттарының дамуы . . .

Қорытынды . . .

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе

Еліміздің алдында тұрған стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу мен белгіленген міндеттерді шешуде кәсіпкерлікті ұйымдастыру мен дамытудың маңыздылығы жоғары. Сондықтан да мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлініп, жергілікті және орталық атқарушы органдарға нақты міндеттер жүктеледі. Осыған байланысты кәсіпкерлікті ұйымдастыру, рұқсат ету жүйесін жетілдіру, мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша нақты іс-шаралар қабылданып, жүзеге асырылып келді. Тәуелсіздік алғаннан бастап қазіргі кезге дейін кәсіпкерлікті дамытуға арналған бірнеше арнайы мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, іске асырылды. Қазіргі кезде «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында көптеген жұмыстар жасалып жатыр. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры елімізде кәсіпкерліктің дамуына айтарлықтай өзіндік үлесін қосып келеді.

Еліміздің даму стратегиялары, мемлекеттік бағдарламалары, Елбасының жыл сайынға жолдауларының барлығыда да кәсіпкерлікті, әсіресе шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен мемлекеттік қолдау мәселесі ұмыт қалған емес. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2014жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы - 2050: Бәр мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында « Шағын және орта бизнесті дамыту - XXI ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы. Экономикамызда шағын және орта бизнестің үлесі артқан сайын Қазақстанның дамуы да орнықты бола түседі», - деп атап көрсеткен болатын. Демек кәсіпкерлікті, соның ішінде шағын және орта бизнесті дамыту арқылы индустриялық - инновациялық даму, жаңа жұмыс орындарын құру, халықтың әл - ауқатын арттыру, ішкі нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету және өзге де бірқатар маңызды міндеттер шешімін табатын болады. Бұл кәсіпкерліктің экономикадағы рөлінің жоғары екендігін, оны ұйымдастыру, дамыту мен қолдауға баса назар аудару қажеттігін көрсетеді. Сондықтан елімізде кісіпкерлік қызметті ұйымдастыру міселесін теориялық - әдістемелік және ғылыми - талдамалық негізде қарастырудың маңыздылығы жоғары.

I. Кісіпкерлік мазмұны, субьектілері

1. 1. Кәсіпкерлік мәні мен мазмұны, қызметтері

Кез-келген мемелекеттің әлеуметтік - экономикалық дамуының көптеген факторларының ішінде кәсіпкерлік қызмет және оның субьектілері, яғни кәсіпкерлер маңызды рөл атқарады. Кәсіпкерліктің мәні мен маңызын ашу, оның негізгі белгілерін анықтауға экономика ғылымы үш ғасырдан астам уақыттан бері өзіндік үлес қосып келеді. Алайда үздіксіз жүргізілген зерттеулер негізінде «кәсіпкерлік» түсінігі жаңа элементтермен толыға түсті. Ол өз кезегінде кәсіпкерліктің мәні мен мазмұнын толық ашуға септігін тигізеді.

Кәсіпкерлік түсінігін алғаш ре ағылшын экономисті Ричард Контильон XXII ғ. - XXIII ғасырдың басында енгізген. Оның пікіріңше, кәсіпкер - тәуекел жағдайында іс-әрекетін жүзеге асыратын адам. Кәсіпкер тек стандартты жағдайда ғана емес, сондай-ақ инновация кезінде де қабылданатын шешімдер үшін барлық жауапкершілікті толықтай өзіне алу, тәуекелге бара білу сияқты ерекше қабілеттерді иеленетін субьект. Кәсіпкер өндірістегі кәсіпкерлерге қажетті өндіріс құралдарын иелене отырып табыс табу мақсатында сатуға арналған өнімдер өндіретіндерді жатқызған.

Ағылшынның экономист - ғалымы А. Смиттің (1723-1790) пікірінше, кәсіпкер - капиталдың мешік иесі бола отырып, белгілі бір коммерциялық идеяларды жүзеге асыру және пайда табу үшін тәуекелге баруы. Кәсіпкер өзі жоспарлайды, өндірісті ұйымдастырады, оның нәтижелеріне иелік етеді.

Кейінірек атақты француз экономисті Ж. Б. Сэй (1767-1832) кәсіпкерлік қызмет негізгі үш өндіріс факторының, яғни, жер, капитал, еңбектерің өзара үйлесуі мен бірігуі нәтижесінде орын алады деп сипаттаған. Ол кәсіпкерді тәуекелге бара отырып, өз есебінен өз пайдасы үшін қандай да бір өнім өндіруді қолға алған адам деп есептейді. Сондықтан да кәсіпкердің негізгі функциясы ретінде пайда табуды емес, ұдайы өндірісті ұйымдастыру мен басқаруды атаған. Ж. Б: Сэйдің пікірінше, кәсіпкердің табысы - оның өндірісті ұйымдастыру мен өнім өткізу қабілеті, жасаған еңбегі үшін алатын сыйақысы.

Француз экономисті А. Маршал (1907-1938) жоғарыда атап өткен үш өндіріс факторына ( жер, капитал, еңбек) төртінші фактор ретінде ұйымдастыруды қосты.

Американдық экономист Дж. Б. Кларктың (1847-1938) пікірінше, өндірістік үрдіске тұрақты түрде төрт фактор қатысады: 1) капитал; 2) капиталдық игіліктер - өндіріс құралдары және жер; 3) кәсіпкердің қызметі (іс-әрекеті) ; 4) жұмысшының еңбегі. Бұл факторлардың әрқайсысына өндірістік түсімнің өзіңдік үлесі тән. Атап айсақ, капитал капиталиске пайыз, капиталдық игіліктер - рента, кәсіпкерлік қызмет - пайда түрінде табыс әкелсе, жұмысшының еңбегі оны жалақымен қамтамасыз етеді.

Танымал американдық ғалым Й. Шумпетер (1883-1950) кәсіпкер түсінігі «новатор» ретінде сипаттайда. Атап айтатын болсақ, кәсіакер - жаңа технологияларды әзірлейтін новатор. Басқаша айтқанда, ол өндіргіш күштерді жаңаша ұйымдастырады, үйлестіреді және олардың қозғалысы өз кезегінде жалпы экономикалық өсімге немесе өндіріс циклының жеделдеуіне алып келеді. Оның ойынша, кәсіпкердің функциясы - экономикалық өсімді қамтамасыз етуде, капиталистік экономиканың дамуында маңызды рөл атқаратын жаңашылдықты жүзеге асыру. Й. Шумпетер өндіріс факторларын жаңаша үйлесірудің мынадай бес түрін бөліп көрсетті:

1) жаңа тауарды немесе қызмет түрін дайындау не болмаса оларды жаңа сапада жасау;

2) жаңа ғылыми жетістіктер негізінде өндірістің жаңа әдістерін енгізу не болмаса сәйкес игіліктерді коммерциялық пайдаланудың жаңа тәсілін ойлап табу;

3) жаңа өткізу нарықтарын ашу;

4) шикізаттың жаңа көзін немесе түрін пайдалану;

5) кәсіпкерлік құрылымдар қызметін ұйымдастырудың жаңа қағидаларын енгізу;

Ағылшын экономисті, экономика бойынша Набель сыйлығының лаупеаты (1974ж) Фридрих фон Хайектің (1899-1984) пікірінше, кәсіпкерлік - қызмет түрі емес, іс - әрекет сипаттамасы, жаңа экономикалық мүмкіндіктерді іздеу және зерттеу.

Экономикалық ілімдер тарихын зерттеу көрсеткендей, кәсіпкерлік тиориясының дамуында төрт негізгі бағыт бөліп көрсетіледі.

Бірінші бағыт. Оның көрнекті өкілдері Р. Кантильон, И. Тюнен және Ф. Найт күтпеген төтенше жағдайлармен байланысты тәуекел кәсіпкерліктің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатындығына негіздеме жасаған. Тәуекел жағдайында өздерінің жетістікке жету мүмкіндіктерін іске асыра білу қабілеттерін иеленетін кәсіпкерлер мұндай қабілеттері жоқ бизнесмендермен салыстырғанда жоғары пайда ала алады.

Екінші бағыттың бастамашылары - Ж. Б. Сэй мен А. Маршалл. Жоғарыда айтып өткеніміздей Ж. Б. Сэй кәсіпкерліктің мәнін өндіріс факторларының (жер, еңбек, капитал ) ұтымды үйлесуімен байланысты қарастырады. Ол кәсіпкерлікті теориясын зерттей келе, жоғарыда аталған өндіріс факторларын өндірісті ұйымдастырумен байланыстыра отырып үйлестіруді микродеңгейде қарастырған.

Екінші бағыттың логикалық жалғасы ретінде кәсіпкерлік теориясын дамытқан Й. Шумпетер болады. Ол үшінші бағытың негізін қалаушы болып табылады. Й. Шумпетер экономиканы дамытудың маңызды қайнар көзі - кәсіпкерлік екендігін анықтаған. Оның еңбегі - ерекше сападағы еңбек, яғни өндіріс факторланың жай ғана үйлесу емес, даңа комбенацияларды іске асыру деп есептеген. Мұндай жақайда кәсіпкер лауазым да емес кәсіпте емес. Егер шаруашылық қызметтің кез- келген субьектісі жаңа комбенация жүзеге асырса кәсіпкер болып табылады, ал әдеттегі режимде жұмыс істеуге көшкен кезде сәйкесінше кәсіпкерлік болуын тоқтатады. Осы аталғандарды негізге алсақ, Й, Шумпертердің пікірінше кәсіпкерлік оның жаңашылдығымен (инновациялығымен) сипатталады.

Кәсіпкерлік теориясының қалыптасуы мен дамуындағы төртінші бағыттың да маңызы жоғары. Оның өкілдері П. Друкер, Б. Карлофф, Б. Санто кәсіпкерлікті инновациялық менеджментпен байланыстырады.

П. Друкер «кәсіпкерлік кәсіпорын», «кәсіпкерлік қоғам», «кәсіпкерлік басқару» түсініктерін экономика ғылымы мен шаруашылық тәжірибесіне енгізген. Қазіргі жағдайда бәсекелік артықшылыққа, көбінесе жаңашылыққа тұрақты түрде бағдарланудың арқасында қол жеткізіледі, ал жұмыс жасап тұрған фирмалардың басқарушылары басқарудың кәсіпкерлік типіне өте отырып, тиімді кәсіпкерлер болуы қажет деген тұжырымды негіздеген. Сонымен, П. Друкер кәсіпкерлікті технологиялардың өзгеруімен байланыстырылған инновациялық кәсіпкерлік үрдіс ретінде қарастырған. Осыған байланысты ол кәсіпкерлік қоғамды қалыптастыру туралы идеяны ұсынған, ал мұндай қоғамда кәсіпкерлік басқару дамудың тұрақты факторы болар еді, - деп есептеседі.

Б. Карлофф кәсіпкерлікке компанияны және капиталды иеленуді, бизнесті басқаруды жатқызбайды. Оның түсінігінде, кәсіпкерліктін мәні бизнесті жүргізуге арналған мүмкіншіліктерді айқындау мег жүзеге асыру, әлеуетті пайданы бағалау, ресустарды ұтымды бөлу қабілеттерімен сипатталады. Оның пікірінше, кәсіпкерлік үрдісі қажеттіліктерді қанағаттандырудың жаңа, едәуір тиімді тәсілдерін табу болып табылады.

Б. Сантоның қазіргі кездегі философиясы - жаңа идеялардың философиясы. Кәсіпкерліктің негізгі функциясы нәтижелер болжау болып табылады. Кәсіпкерліктің негізгі функциясы нәтижелерді болжау болып табылады. Нәтижені алдын - ала көре білу және онымен байланысты соңғы нәтиженің матевациясы ретінде кәсіпкерлік бастаманы қарастырады. Б. Санто фирманың даму стратегиясын қалыптастыратын инновациялық менеджерді кәсіпкер деп есептеген. Осы стратегияны іске асыру үшін инновациялық менеджер фирманы қаржылық, материалдық, коммерциялық, әкімшілік, әсіресе адами әлеуетін жұмылдырады.

Кәсіпкерлікті зерттеуге ресейлік және қазақстандық ғалымдар да өзіндік үлес қосқан. Сондықтан бір қатар ғалымдардың пікірлеріне қысқыша тоқталайық.

Ресейлік ғалым В. Я. Горфинкельдің анықтамасы бойынша «кәсіпкерлік - жеке тұлғалардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың өнім қндіру, қызмет көрсету немесе тауарларды сату мен сатып алу, қызығушылық танытқан тұлғаларға, кәсіпорындар мен ұйымдарға өзара тиімді негізде басқа тауарларға немесе ақшаға айыр бастауды жүзеге асыратын қызмет».

Тағы бір Ресейлік ғалым В. Е. Савченконың пікірінше, «кәсіпкерлік - өндірістің ерекше инновацялық нысаны. Ол сәйкес әлеуметтік - экономикалық жағдайда басымдыққа ие болады, сондықтан да бүкіл қоғамдық ұдайы өндіріске қажетті динамиканы қаматамасыз етеді. Ал кәсіпкер - болашақта қосымша табыс алу үшін бастамашылық және инновациялық негізде, толық экономикалық жауапкершіліктен қорықпастан тәуекелге баруға қабілетті және басқа өндіріс факторларын ерекше түрде біріктіретін субьективті ұдайы өндіріс факторы.

А. В. Бусыгин кәсіпкерлікке мынадай анықтама берген: «Кәсіпкерлік - дербес бастамаға, жауапкершілік пен инновациялық кәсіпкерлік идеяға негізделген экономикалық белсенділіктің ереше түрі.

«Нарықтық кәсіпкерлік» кітабында кәсіпкерлікке мынадай сипаттама берілген: «жеке пайда мен қоғамдық пайданы үйлестіру негізінде пайда табу мақсатында қаражат салымын жасаумен байланысты қызмет».

«Кәсіпкерлік энцеклопедиясында» кәсіпкерлікті былайша сипаттайды: «Кәсіпкерлік - заңды тұлғаның атынан және заңдық жауапкершілігімен немесе азаматтардың өз атынан, өзінің тәуекелімен, сондай-ақ мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын пайда табуға бағытталған дебес бастамашылық қызметі».

«Қазіргі заманғы (заманауи) экономикалық сөздікте» кәсіпкерлік деп азаматтардың, жеке және заңды тұлғаладың тәуекелге бара отырып өзінің жауапкершілігімен өз атынан жүзеге асырылатын, мүлікті пайдаланудан, тауарларды сатудан, жұмысты орындаудан, мүлікті пайдаланудан, тауарларды сатудан, жұмысты орындаудан, қызмет көрсетуден пайда табу арқылы жүйелі түрде табыс алып отыруға бағытталған бастамашыл, дербес қызметін айтады.

Е. Е. Румянцевтің «Жаңа экономикалық энцеклопедиясында» кәсіпкерлікті «инновацияларды қолдана отырып дербес және тәуелсіз негізде бизнес жүргізу тәсілі» ретінде қарастырады.

Қазақстандағы кәсіпкерлік зерттеуші белгілі ғалымдардың бірі Қ. О. Оқаевтың жетекшілігімен авторлық ұжым дайындаған «Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік» деп аталатын оқу құралында кәсіпкерлікке мынадай анықтама берілген: «Кәсіпкерлік - шаруашылық қызметтің барлық қатысушылары үшін өзара тиімді нәтижелер мен табыс табу мақсатында меншікті, қарыздық және басқа да қаражаттар мен мүліктер есебінен тәуекелге бара отырып іске асырылатын бастамашылық шаруашылық қызмет».

Кәсіпкерлікті мынадай төрт кезеңнен тұратын үрдіс ретінде қарастыруға болады:

1) жаңа идеяны іздеу және бағалау;

2) бизнес-жоспар жасау;

3) қажетті ресурстарды іздеу;

4) құрылған кәсіпорынды басқару;

Жоғарыдан аталатын кезеңдер логикалық жүйлелілікпен құрылған және бір - бірімен өзара байланысты.

Кәсіпкердің тұрақты ізденісі нәтижесінде қандай-да бәр идеяпайда болады. Осыған байланысты бірінші кезеңде жаңа идеяны бағалау іске асырылады. Яғни, оның өмірдегі қажеттілігімен байланысты факторларды айқындау, сондай-ақ жаңа өнімнің қандай уақыт кезеңі ішінде сұраныспен пайдалынатынын және оның ұзақтылығын бағалау; идеяның өзекті және әлеуетті құндылығын бағалау; болашақ кәсіпорынның мүмкін болатын табыстары мен басқа да пайдаларын болжау және тәуекелді бағалау; жаңа идея кәсіпкердің жеке қасиеттері мен мүддесіне қаншалықты сәйкес келетіндігін бағалау; бәсекелестердің өнімімен салыстырғанда жаңа өнімнің артықшылықтарын бағалау қарастырылады.

Кәсіпкерлік үрдістің екінші кезеңі - оның ең күрделі құрамдас бөлігі. Оған бизнес - жоспар жасау әдістемесін жатқызуғаболады. Ол нарықтық сигментің, оның мөлшерімен негізгі сипаттамасын; маркитенг жоспарын ; өндіріс жоспарын ; қаржылық жоспарды және тағы да басқа да мәселелерді қамтиды. Жақсы дайындалған бизнес-жоспар идеяны нәтижеге дейін жеткізу құралы ғана емес, сондай-ақ қажетті ресурстарды нақты бағалау және қайтадан құрылған кәсіпорынды басқару стратегиясын дұрыс таңдау құжаты да бөлек болып табылады.

Үшінші кезеңде идеяны іске асыруға қажетті ресурстарды табу мәселесі қарастырылады. Ең бастысы- ол ұшін не талап етілетіндігін дұрыс бағалау ; бірінші кезектегі мәселені екінші кезектегіден ажырата білу ; қажеттілікті төмендетпеу және шығындардың қандай да бір маңызды баптарын жіберіп алмау қарастырылады. Сонымен қатар ресурстардың қайсы бір түрінің жеткіліксіз көлемді болуымен теріс салдарларды бағалау қажет.

Құрылған кәсіорынды басқару -кәсіпкерлік үрдістің төртінші кезеңі . Ол жетістікке жетудің негізгі факторларын айқындаудан, ұйымдық құрылымды құрудан, басшылық жасаудың белгілі бір стилін әзірлеуден, сондай-ақ әлсіз жерлерді анықтау және бақылау жүйесінің көмеімен оларды болдырмаудан тұрады.

Қазақстандық ғалым А. Н. Тоқсанованың пікірінше, «Кәсіпкерлік- жаңа кәсіпорынды құрумен немесе белгілі бір дәрежеде тәуекелі бар құрылған кәсіпорынмен байланысты инновациялық қызмет. Кәсіпкерлікті, көбінесе, жаңа бизнестің басталуымен ғана байланыстырылады. Шын мәнінде кәсіпкерлік қызмет ауқымы әлдеқайда кең деп есептейді.

Кәсіпкерлікті жоғарыда аталған ғалымдардан басқа да көптеген экономист-ғалымдар әртүрлі аспектіде қарастырған. Зерттеушілердің бір тобы кәсіпкерлікті «шаруашылық жүргізуші субьектілердіңбюджет алдындағы қаржылық міндеттемелерін өтеу мен жеке істің дамуын қанағаттандыру үшін түрлі қызметтер аясында еркін экономикалық қызмет атқару, нарық субьектілері мен қоғамның нақты тұтынушыларының сұраныстарын өнім өндіру(жұмыс орындау, қызмет көрсету) арқылы қанағаттандыру пайда табу мақсатындағы іс-әрекет» ретінде қарастырса, тағы бір тобы кәсіпкерлікті «меншік иелерінің инновациялық іс-әрекетіне негізделген, және идеяларды табу және оларды қолдану, сондай-ақ, нақты кәсіпкерлік жобаларға еңгізуге бағытталған шаруашылық жүргізу қағидаларының жаңа түрі» ретінде сипаттайды.

Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңында жеке кәсіпкерлік деп жеке кәсіпкерлік субьектілерінің кірісалуға бағытталған, өздерінің меншігіне негізделген және олардың өздерінің атынан, тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметін айтады.

Азаматтық кодекске сәйкес : «кәсіпкерлік -меншік түрлеріне қарамастан, азаматтары мен заңды тұлғылардың тауарларға сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған ынталы қызмет».

Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуі мен және мүліктік жаупкершілігімен жүзеге асырылады. Ал, мемлекет кәсіпкерлі қызмет еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының Конститутсиясында атап көрсетілгендей, әркімнің кәсіпкелік қызмет еркіндігіне, өз мүдкін кез-келеген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Монополистік қызмет заңмен реттеледі әрі шектеледі. Жосықсыз(әділетсіз) бәсекеге тиым салынады.

Кәсіпкерлік, кәсіпкер және кәсіпкерлік қызмет түсініктері туралы отандық және шетелдік әдебиеттерде басқа да көптеген анықтамалар мен түсініктемелер берілген . Барлық айтылған пікірлер мен тұжырымдарды келесі кесте түрінде көрсетугеболады.

1- кесте- «Кәсіпкелік», «кәсіпкер», «кәсіпкелік қызмет» терминдерін анықтаудағы әртүрлі пікірлер

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік және кәсіпорын
Кәсіпорынның өндірістік қуаты
Халықаралық стратегиялық альянс
Тұтыну несиесінің мәні және оның құрылымы
Ежелгі үнді философиясының даму ерекшеліктері мен кезеңдері
Жас педагогтың педагогикалық техникасындағы кемшіліктері
Дебиторлық берешек есебі
Мемлекетті жіктеудің хронологиялық тәсілі
Жан Жак Руссо. Қоғамдық шарт туралы немесе саяси құқық принциптері
Бухалтерлік есеп шоттар түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz