Мемлекеттік бюджеттің атқаратын ролі, оның міндеттері мен қалыптасу қағидаларын, ұйымдастырылуы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . . 3-4

I. Бөлім. Мемлекеттік бюджеттің мәні рөлі

1. 1. Бюджеттің мазмұны, әлеуметтік-экономикалық мәні . . . 5-8

1. 2 Бюджеттің жүйесі және бюджет құрылысы . . . 8-14

1. 3 Бюджетаралық қатынастар және бюджеттік реттеу механизмі . . . 14-17

II Бөлім. Қазақстан Республикасының жүйесі

2. 1 Республикалық бюджетке түсетін түсімдер . . . 18-19

2. 2 Жергілікті бюджеттің мәні кірістері . . . 19-23

2. 3 Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы . . . 23-26

III. Бөлім. Бюджеттің жасалуы және тоқтауы

3. 1 Бюджеттің саясаты . . . 27-28

3. 2 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін ұйымдастыру . . . 28-31

3. 3 Бюджеттің тапшылығы, оның сыныптамасы . . . 31-32

Қорытынды . . . 33-34

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 35

Кіріспе

Мақсаты: бұл курстық жұмыстың мақсаты мемлекеттік бюджеттің атқаратын ролін, оның міндеттері мен қалыптасу қағидаларын, ұйымдастырылуын қарастырады.

Кез келген мемлекетте елдің бюджеті маңызды рөлді атқарады ол арқылы: таза ұлттық табысты бөлуге және қайта бөлуге, жалпы ұлттық өнімнің құрылымына қоғамның әлеуметтік қамсыздандыруына әсер етеді.

Елдің мемлекеттік бюджеті қаржы жүйесінің басты буыны болып табылады. Мемлекеттік бюджет елдің орталықтандырылған ақша қоры. Бюджет арқылы барлық меншік нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаражаттары және ішінара халықтың табысы жұмылдырады. Олар экономиканы әлеуметтік-мәдени шараларды қаржыландыруға, елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға, мемлекеттік басқару органдарын ұстауға, жергілікті бюджеттерді қаржылық жағынан қорғауға, үкіметтік борышты өтеуге, мемлекеттің материалдық және қаржы резервтерін жасауға және басқаларға бағытталады. Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады: бірінші бөлімінде мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны, бюджеттің функциялары, бюджеттің классификациялары, мемлекеттік бюджет экономиканы басқару құралы ретінде осы аталғандар бірінші бөлімде қарастырылды. Ал екінші бөлімінде: бюджеттің құрылымы, бюджет жүйесі, бюджет жүйесінің басқару механизмдері. Ал қортынды бөлімде, демек үшінші бөлімде: бюджеттің қалыптасуы және пайдалану проблемасы, бюджет тапшылығы, бюджет тапшылығын жоюды қаржыландыру. Сонымен соңында жалпы үш бөлімге қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімі.

Мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер бейнелетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары-салықтар, мемлекеттің шығындары, мемлекеттік несие, мемлекеттік займдар және т. б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығыстарын, орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын, қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша рөлін айқындайды.

Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.

Республикалық бюджет елдің маңызды орталықтандырылған ақша қоры болып табылады, маңызды деп айтып отырғанымыз, себебі республикалық бюджет арқылы білім, денсаулық сақтау, қорғаныс, ғылым т. б. салаларға қаражаттар бөлінеді. Республикалық бюджет арқылы елдің экономикасы қандай күйде екенін көруге болады, елдің бюджеті арқылы елдің борыштарының төленуінің динамикасын бюджетке түскен кірістердің, шығыстардың динамикасын көруге болады. Нарықтық экономикаға өтуімізге байланысты, көптеген ірі және шағын кәсіпорындарымыз мемлекеттің көмегіне мұқтаж болып отыр, осы мақсатта шағын

кәсіпорындарды субсидия беру арқылы мемлекет тарапынан ынталандырып отыр. Дүниежүзінің әртүрлі елдерінде бюджет құрылымы мемлекеттің құрылысына, аумақтық-әкімшілік бөлінісіне, экономиканың даму деңгейіне және нақты мемлекеттің басқы айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктерімен ерекшеленеді. Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджет қаражаттарын ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, техникалық әлеуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың ең аз қамтылған жігін әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс.

Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін материалдъқ - заттай іске асырылуы болады: бюджеттік қатынастар мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорында - бюджеттік қорда затталынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) үдерістер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақша ағынында өзінің көрінісін табады. Бюджеттік қор - бұл құндық бөліністің белгілі стадияларынан өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару бойынша қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түскен қоғам өнім мен ұлттық табыстың бір бөлігі қозғалысының объективті түрде шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджетгік қорды қалыптастыру мен пайдалану құнды бөлумен және қайта бөлумен байланысты оның (құнның) қозғалысының үдерісін білдіреді.

Мемлекеттік бюджет экономикалық қосалқы категория ретінде мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорын жасау және оны ұлғаймалы ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу үдерісінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақшалай қатынастарды білдіреді.

I. Бөлім. Мемлекеттік бюджеттің мәні және рөлі

1. 1 Бюджеттің мазмұны, әлеуметтік-экономикалық мәні

Бюджет-мемлекеттік қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдардың ақшалай қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттік қаржылық ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады, бұл мемлекеттің қаржылық саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.

Экономикалық қатынастырдың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты болады. Мемлекеттік бюджеттің болуы мүлдем адамдардың субъективті қалауыуының нәтижесі емес, ұлғаймалы ұдайы өндірістің мұқтаждарымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен шарттасылған объективті қажеттігі.

Экономика дамуының қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржылы ресурстар мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқындары мен үйлесімдерін қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымдарын жетілдіруге жетуге, экономика салаларын дамытудың бірінші кезектегі бағдарламалары үшін қажетті мөлшерлерде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгертулер жүргізуге жағдай жасайды.

Қаржыны орталықтандырудың арқасында ақшалай қаражаттар мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске аыру үшін жағдайлар жасай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші учаскелеріне шоғырландырылады.

Сөйтіп, құндық бөліністің айрықща бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет айрықшалықты арналымды орындайды-жалпы қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді. Объективтік ұдайы өндірістік қатынастардың өмір сүруінің экономикалық нысаны бола отырып, айрықшалықты қоғамдық арналымды орындай отырып, мемлекеттік бюджет экономикалық қосалқы категория ретінде болады. Сонымен бірге, бюджеттік қатынастарғабелгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды. Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:

-мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және оны қоғамдық қажеттілікгерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болъш табылады;

-құнды жасау және оны тұтыну үдерісін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлтгық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдык қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;

-қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге

асырылады, ал қаржылық қатынастар материалдық өндірісте де, материалдық емес сферада да тауар-ақшалай қатынастармен тығыз тоқайласып жатады.

Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін материалдъқ - заттай іске асырылуы болады: бюджеттік қатынастар мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорында - бюджеттік қорда затталынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) үдерістер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақша ағынында өзінің көрінісін табады. Бюджеттік қор - бұл құндық бөліністің белгілі стадияларынан өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару бойынша қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түскен қоғам өнім мен ұлттық табыстың бір бөлігі қозғалысының объективті түрде шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджетгік қорды қалыптастыру мен пайдалану құнды бөлумен және қайта бөлумен байланысты оның (құнның) қозғалысының үдерісін білдіреді.

Мемлекеттік бюджет экономикалық қосалқы категория ретінде мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорын жасау және оны ұлғаймалы ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу үдерісінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақшалай қатынастарды білдіреді. Қаржылық катынастардың бұл жиынтығы « мемлекеттік бюджет » ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды.

Мемлекеттік бюджет жалпы мемлекет қаржысының функцияларына сәйкес келетін функцияларды-бөлу және бақылау функцияларын қаржылардың ұдайы өндірістік тұжырымдаманың шеңберінде орындайды. Бұл функциялардың іс-әрекеті, мазмұны, мәні мен маңызы бюджеттік қатынастардың қаралған өзіндік ай- рықшалығымен айқындалды. Бөлгіштік функцияның іс - әрекеті өзіндік ерекшелігі сол, қ оғамдық өнімнің құны қоғамдық өндірістің сфералары, ұлттық шаруашылықтың секторлары, аумақтар, салалар, жеке шаруашылық жүргізуші субьектілер арасында бөлінеді. Сонымен бірге қаржының және мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде:мемлекет қаржысының орнстастыру (ресурстарды), қайта бөлу, тұрақтандыру қосалқы функцияларын орындауды қамтамасыз етеді. Бақылау функцнясы бюджеттік қорларды бөлудің сандық үйлесімдерінде, олардың қоғамдық өндіріс дамуының қажеттіліктеріне сай келетіндігінде, бөлудің ұнамсыз барысынан ауытқуын анықтау және оларды жою мүмкіндігінде көрінеді.

Мемлекеттік бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық категория және мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде карау керек. Мәселен, мемлекеттік бюджетте қоғамдагы барлық экономикалық үдерістер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары - салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттің қарыздары және т. б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады.

Бюджет нақты кезеңге (әдетте, бір қаржы жылына жасалатын, ал 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап бюджет үш жылға жасалады) бюджеттің кірістерін, шығыстарын, орталықтандырылған қаржылық ресурстардың шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері. Парламенттің жыл сайын қабылдайтын республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.

Мемлекеттік бюджет-ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Бюджетке тән құндылықгардың көрінуі, оны бөлу мен бақылаудың құралы ретінде пайдалану мемлекет жасайтын бюджеттік механизмде бейнелейді. Бюджеттік механизм мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылады және ірі құрылымдық ілгерілімдерді жүргізу, ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамыту, инновациялық технологияларды ендіру үдерісінде пайдаланылады. Экономиканы реттеу үшім бюджеттік механизмді пайдалану қоғамдык өндірісті дамытудын қар- қындары мен үйлесімдеріне әсер ете отырып, мемлекеттің карамағына түсетін ақшаны оңтайландыру арқылы жүзеге асырылады. Шығындар мен салыктар аркылы бюджет эономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады. Жалпы эономикаға ықпал етудін құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақшалай қордың сандық көлемін аныктау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу үдерісінде каржылык ресурстарды қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады. Ақырында мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мемлекет заңдарының бірі болып табылады.

Кесте 1. 1

1 сызба. Мемлекеттік бюджеттің сапалық сипаттамасы

Қоғамдық ұдайы өндірісте мемлекеттік бюджеттің рөлі ең алдымен мемлекеттік бюджеттің (шығыс бөлігінің) көмегімен ұлттық табыстың 31%, ішкі жаппы өнімнің 22%, жалпы қоғамдық өнімнің 11% бөлінетіндігімен және қайта бөлінетіндігімен анықгалады. Ол ақшалай қаражаттарды ұлттық шаруашылықтың әр түрлі салалары, өндіріс секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары, елдің экономикалық аудандары мен аумақтары арасында бөледі.

Бүкіл ұштық шаруашылықтың бюджеті ретінде болатындыктан мемлекеттік бюджет жалпы экономикаға белсенді ықпал етеді. Материалдық өндірістің стимуляторы ретінде бола отырып, мемлекеттік бюджет бұл сферада үлкен рөл атқарады. Бюджетгік қаражаттар қорлардың дара (жекелеген кәсіпорындардың шеңберінде) толық айналымында да, сондай-ақ олардың қоғамдық (бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында) толық айналымында да пайдаланылады. Жұмыс істеп тұрған және жаңадан іске қосылатын кәсіпорындарда күрделі жұмсалымдар мен айналым каражаттарын бюджеттен қаржыландыру, басқа шығыстарды қамтамасыз ету бюджетке жекелеген кәсіпорындарда қорлардың үздіксіздігі мен бірқалыптылығын ынталандыра отырып, олардың дара толық айналымына қосылуына жағдай жасайды.

Бюджеттік қаржыландыру материалдық емес сферада оның жұмыс істеуі мен одан ары дамуының негізгі көзі болып табылады. Бұл сфера мекемелері мен ұйымдарының негізгі бөлігінің кірістерінің меншікті көздері болмайды. Ағартуға және денсаулықгы сақтауға, әлеуметтік сақгаңдыру мен әлеуметтік қамсыздандыруға, ғылымға, мәдениет пен өнерге жұмсалатын мемлекеттің шығыстары қаржы базасы болып табылады, онсыз жалпы мемлекеттік аумақтың әлеуметтік-мәдени шараларын жүргізу мүмкін емес. Материалдық емес сфера салаларының ұтымды құрылымын қалыптастыруда бюджеттің үлкен маңызы бар. Материалдық емес сфераның жұмыс істеуін қаржылық ресурстармен қамтамасыз ете отырып, мемлекет бюджет арқылы тұтыну қорының түпкілікті мөлшерлерін қалыптастыра алады.

1. 2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы

Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде өңірлердің шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін оларды ақшалай ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру, оларды теңестіру үдерісінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара карым-қатынастар пайда болады. Осы элементтердің барлығы -бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары, бюджет құқықтарының жиынтығы -бюджет құрылысын құрайды.

Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің құрылысына, аумақтық-әкімшілік бөлінісіне, экономиканың даму деңгейіне және нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктермен ерекшеленеді.

Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджеттік үдеріс пен қатынастардың жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумактық құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады.

Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.

Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:

1) мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе мемлекеттің орталық бюджеті;

2) федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та-штаттардың, ГФР-да - жерлердің (ландтардың), Канадада - провинциялардың, Ресейде - федерация субъектілерінің бюджеттері) ;

3) жергілікгі бюджеттер.

Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер.

Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулануы мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметік- экономикалық үдсрістерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне бяйланысты төменгі бюджеттерге қатынасы жөнінен белгілі бір реттеуші рөл орталык бюджетге сақталады.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан-федералдық емес, басқарудың Президенттік-парламенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.

Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегі бюджеттер:республикалық бюджет; облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті; ауданның (облыстык маңызы бар қаланың) бюджеті бекітіледі, атқарылады және дербес болып та былады.

Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңыз бар қала) бюджеті жергілікті бюджеттерге жатады.

Қазақстан Республикасында төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік бюджет әзірленуі, бектілуі және атқарылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасында талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын мемлекеттік және шоғырландырылған бюджеттер, облыс бюджеті жасалады.

Мемлекеттік бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қоры болып табылады.

Бюджетгік практикада «шоғырландырылған бюджет» ұғымы қолданылады.

Шоғырландырылған бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қала астана, бюджеттерін және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына бағытталатын түсімдерді біріктіретін мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қоры болып табылады.

Шоғырландырылған бюджет те мемлекеттік бюджет сияқты талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітілуге жатпайтын бюджеттік түсімдерден құралған бюджет болып табылады.

Кесте 1. 2

2 сызба Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі

Қазақстандағы шоғырландырылған бюджеттің ерекшелігі оның қүрылымының мынадай бөлімдерден тұратындығында:

республикалық бюджет;

облыс бюджеті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері

Қазақстан Республикасының ¥лттық қорына жіберілетін бюджеттік түсімдер жэне оларды ¥лттық қорға Үкіметтің ¥лттық банктегі шоттарына аударымдар.

Облыс бюджет-өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, облыстық бюджетті, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерін біріктіретін орталықтандырылған ақшалай қор.

Мемлекеттік (республикалық) және жергілікгі (муниципал-дық) бюджеттер кез келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі республикалық бюджетте шоғырланған. Республикалық бюджет Бюджеттік кодексте айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекетгік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге, сонымен бірге мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақшалай қоры, болып табылады.

Бюджеттік кодексте айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстык маңызы бар қаланың) оларға ведомстволық бағынышты жергілікті мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықғандырылған ақшалай қор - облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттері жергі- лікті бюджеттер болып табылады.

Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттер негізінде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасында төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі және осы мерзім ішінде қолданыста болады.

Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасының Парламенті дереу хабардар етіледі.

Төтенше мемлекеттік бюджеттің колданылу уақытында республикалық бюджет туралы заңның және барлық деңгейлердегі жергілікті органдардың бюджеттері туралы мәслихаттар шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла тұрады.

Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылуы тоқтатылысымен республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау жүргізіледі.

Қазақстанның бюджет жүйесінің буыны ретіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры оқулықтың 16 тарауында қаралған.

1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге ұшырады.

Бұған дейін Қазақстаның мемлекеттік бюджеті, басқа одақтас республикалардың мемлекеттік бюджеттері сияқты, КСРО-ның мемле- кеттік бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылдық және поселкеліқ бюджеттер де қамтылып көрсетілді. Ол одақтық бюд- жеттен, 15 одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджетінен тұрды. Одақтық бюджетке 1970-1990 жж. мемлекеттік бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 52-50% тиді, оның 35% республикалардың республикалық бюджеттерінің және 15% жергілікті бюджеттердің қарамағында болды.

1991 жылдын 17 желтоксанында Қазақстанның бюджет іс құрылысын аныктаған «Бюджет жүйесі туралы» бірінші заңга қол койылды. Оның негізгі идеясы бюджет жүйесінің бөліктеріне республикалық және жергілікті бюджеьтер дербестігін беру еді. Әр түрлі деңгейлер бюджеттерінің бірлік қағидаты әлі заңмен белгіленбеген болатын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ – ҰЛТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖЕТЕКШI САЛАСЫ
Мемлекет механизмінің жалпы сипаты
Салықтық әкімшіліктендіру жүйесін талдау
Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің субъектілері
Жергілікті бюджет аймақтық экономиканың негізін құраушы ретінде
Мемлекеттiк бюджет жайлы ақпарат
Конституция- мемлекеттің негізгі заңы: қалыптасуы мен дамуы
Мемлекеттiң бюджетi – мемлекеттiң негiзгi қаржылық заңы ретiнде
Мемлекеттік бюджеттің мәні мен мазмұны
Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару органдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz