Алматы қаласымен Алматы облысы туралы мәліметтер


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Алматы қаласы мен Алматы облысы туралы мәліметтер

Алматы қаласы Еуразиялық континенттің орталығында, Тянь-Шань тауының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Алматымен қаласымен бір параллельде Гагры және Владивосток қалалары орналасқан.

Қаланың климаты ауыспалы, тіптен температурасы жыл мезгіліне қарамастан күн сайын өзгереді. 500 метрлік биіктіктен қала үстіне қараса, көшелері солтүстікке қарай Қаскелен Мойынқұмына бағыт алып тіреледі. Қаланың оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1500-1700 метр биіктікте, Медеу шатқалында, тасты аймақта мұздықтардың суық лебі сезіледі.

Іле Алатауының жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өте бай. Алматының шеткі аймақтары Іле Алатауының ұлттық паркіне жатады. Мұнда арнайы қорықтар бар. Сирек кездесетін құстар мен аңдар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Солардың ішінде қар барсы қазіргі кезде Алматы қаласының елтаңбасында белгіленген.

Тау баурайындағы жүзім, темекі, астық өнімдері алма ағаштары мен жеміс-жидектеріне алмасып отырады. Қаланың 8 мың га. астам жерін бау-бақшалар мен парктер, саяжайлар алып жатыр. Өз отанын Алматы апорты осы жерде тапты.

Қала 170 шаршы километр аумақты алып жатыр. Үлкен және кіші Алматы өзендерінің бойына орналасқан. Тау өзендері мен көлдері қаланы сумен қамтамасыз етеді.

C:\Users\User\Desktop\Алматы2.jpg

Алматы облысы - Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 224, 0 мың км 2 . Облыс аумағында 16 аудан және 3 облыстық бағыныстағы қала ( Қапшағай , Талдықорған , Текелі ) бар. Тұрғыны 1631, 7 мың адам (1998) . Әкімшілік орталығы - Алматы қаласы (1, 06 млн., 1998) . Алматы облысы батысында Жамбыл , солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Қарағанды , солтүстік-шығысында Шығыс Қазақстан облыстарымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен шектеседі.

Алматы облысының жері ежелден Сақ, Үйсін, Қаңлы тайпаларының, Ұлы жүз қазақтарының атамекені болды. 19 ғ-дың ортасында Жетісуды патшалық Ресей жаулап алды. 1848 ж. 10 қаңтарда отаршылық-әкімшілік құрылым - Ұлы Орда приставтығы құрылды. Ол 1856 ж. Алатау округі аталды. 1867 ж. Түркістан генерал-губернаторлығы құрылғанда қазіргі Алматы облысының бірталай бөлігі Верный уезі атанып, Жетісу облысының құрамына кірді. Сонымен қатар орталығы Верный (Алматы) бекінісі болып белгіленген жаңа облысқа Жаркент, Қапал, Сергиополь, Тоқмақ, Ыстықкөл уездері енді. 1882 - 97 жылдары Жетісу обл. Дала генерал-губернаторлығына қарады. 1897 ж. бастап ол Түркістан генерал-губернаторлығының, 1918 - 24 жылдары Түркістан АКСР-і құрамында болып келді. 1924 ж. Орта Азияда жүргізілген ұлттық-территориялық межелеу нәтижесінде Жетісу обл-ның қазақ аудандары Қазақ АКСР-іне енді. 1929 - 32 жылдары Алматы округі аталды. 1932 жылдың 10 наурызында Алматы облысы болып қайта құрылды. 1944 ж. 16 наурызда Алматы облысынан Талдықорған облысы бөлініп шықты. Талдықорған облысы 1959 - 67 жылдары Алматы облысы құрамында болып, 1967 ж. 23 желтоқсанда қайта бөлінді. 1997 ж. 22 сәуірде Талдықорған облысы таратылып, оның аудандары Алматы облысына қосылды.

Табиғаты

Облыстың табиғаты мен жер бедері ала-құла. Балқаш және Алакөлге ұласатын солтүстігі көлбеуленген құмды жазық алқап. Бұл өңір негізінен антропогеннің аллювийлік және эолдық шөгінділерінен түзілген. Оның басым бөлігін Сарыесікатыраудың, Тауқұмның, Лөкқұмның, Қарақұмның, Қорғанқұмның қырқалы және төбешікті құмды алқаптары алып жатыр. Балқаш маңы жазығының Іле аңғары өтетін атыраулық бөлігі көне құрғақ арналармен тілімделген. Солтүстік шығыста Жетісу Алатауы мен Барлық тауының аралығында Жетісу ( Жоңғар ) қақпасы орналасқан. Облыстың шығысын Жетісу Алатауының сілемдері толығымен қамтыған. Олар тауаралық ойпаңдар мен қазаншұңқырлар арқылы бөлінген. Осы тұста Жетісу Алатауының ең биік тауы - Бесбасқан (4442 м) орналасқан. Тау сілемдерінде 1300-ден астам мұздық бар, олардың жалпы ауданы 1, 0 мың км 2 -ге жуық. Жетісу Алатауының кейбір сілемдері (Қолдытау, Алтынемел, Малайсары, Тышқантау, Текелі, Сайқан т. б. ) өзен маңындағы жазық өңірлерге сұғына еніп жатыр. Облыстың оңт. және оңтүстік-шығысы Іле, Күнгей, Теріскей Алатаулары, Кетпен (Ұзынқара) жотасы және Солтүстік Тянь-Шань сілемдерінің т. б. жоталарынан құралған. Жетісу Алатауы мен Іле, Күнгей Алатаулары және Кетпен таулары аралығында Іле ойысы (аңғары) жатыр. Алматы облысының оңтүстік-батысын және батысын Шу, Іле таулы үстірттері мен далалары қамтыған (Жусандала, Бозой, Қараой үстірттері) .

http://geotec.kz/sites/default/files/963.jpg

Геологиясы

Облыстағы таулар Тянь-Шань тау жүйесінен бой түзеген және кембрийге дейінгі кристалды тақта-тасты тау жыныстары қабаттарынан түзілген. Сондай-ақ мұнда конгломераттар, туфтар, әктастар, граниттер т. б. палеозой жыныстары кеңінен тараған. Тау етегі және облыстың биіктігі орташа өңірлері плейстоцен мен антропогендік шөгінділерден түзілген. Облыстағы таулардың алғашқы қалыптаса бастау кезеңі герцин қатпарлығымен тығыз байланысты. Одан кейінгі кезеңдерде бұл таулар бірте-бірте мүжіліп, адырлы жазық (пенеплен) қалыптасқан. Плейстоцен кезеңінің басында, альпілік орогенез кезінде пенепленге айналған өңір тектоник. процестер нәтижесінде кәдімгі тауларды түзген. Мұнда осы кезге дейін тектоникалық процестер жалғасуда. Оқтын-оқтын болатын жер сілкінулер - соның айқын дәлелі. Кен байлықтарынан облыс қойнауында полиметалл (Текелі), вольфрам (Бұғыты), молибден кентасының едәуір қоры, фарфор тастары (Қапшағай), барит, бентонит сазы ( Ақсу , Алакөл аудандары ), отқа төзімді балшық, кварц құмы, гипс , тас және қоңыр көмір (Ойқарағай, Тышқанбай), шымтезек, тұз кен орындары және минералды жерасты сулары бар.

Климаты

Алматы облысының климаты негізінен континенттік. Қысы қоңыржай салқын. Қаңтар айындағы орташа темп-ра солт. жазық бөлігінде - 10-160С, оңтүстікте - 4-90С. Жазы ыстық және қуаң. Шілде айының орташа темп-расы солтүстігінде 250С, оңтүстігінде 270С. Бұл жазық өңірлерде жауын-шашынның орташа жылдық мөлш. 110-250 мм. Тау бөктерінің климаттық жағдайы жұмсақ. Қаңтар айының орташа темп-расы - 5-90С, жылымық жиі болып тұрады. Шілде айының орташа темп-расы тау бөктерінде 21-230С, тау аңғарларында 19-220С. Жауын-шашын тау бөктерінде 400-600 мм, тау аңғарларында 700-1000 мм. Облыс жерінде жауын-шашын негізінен көктем мен жаз айының басында жауады. Солт. өңірдің жазығы мен тау бөктерлерінде қар жамылғысының орташа қалыңд. 10-30 см, тау беткейлерінде 40-100 см. Балқаш және Алакөл жағалауларында бриз желі соғады.

Гидрографиясы

Өзендері Балқаш - Алакөл тұйық алабында жатыр және жер беті ағын суына тапшы келеді. Олар қар, мұздық суларымен толысады. Ірі өзендері: Іле, Қаратал, Ақсу, Шелек, Шарын, Лепсі, Тентек, Жаманты, Ырғайты, Шілікті, Түрген, Есік, Бүйен. Ірі көлдері: Балқаш , Алакөл , Жалаңашкөл , Сасықкөл , Ұялы , Қошқаркөл . Іле өзен бойында Қапшағай бөгені және СЭС-сі салынған. Тау бөктерлерінде минералды бұлақ сулары көптеп кездеседі.

Топырағы мен өсімдік дүниесі

Облыстың топырақ және өсімдік жамылғылары вертикаль белдемдікке байланысты қалыптасқан. Жазық бөлігінде шөлдің де, даланың да қоңыр топырағы тараған. Онда жусан, өлеңшөп, жүзгін, сораң, сексеуіл, көктемде эфемер өсімдіктер басым тараған. Балқаш, Алакөл к-дерінің батпақты жағалауында, Іле өз-нің аңғары мен атырауында қамыс, құрақ өседі. Тау етегінде сұр және боз, қызыл қоңыр, тау беткейлері мен таулы үстірттерде таулы даланың қызыл қоңыр және қара топырақтары қалыптасқан. Мұндай жерлерде (биікт. 600-1300 м) астық тұқымдас өсімдіктері басым жусанды, бетегелі-боз далаға ауысады. Таулы бөлігінің бұдан жоғары жағында көктерек, қайың, алма ағашы, ал одан да жоғарырақта Тянь-Шань шыршасы, кейде биік таудың шалғыны өседі. Биік таудың альпілік шалғынында өлең шөп, алтай, қоғажайы, тастесер т. б. өсімдіктер басым. Бұл өңір - облыс малшыларының жазғы жайлауы.

Жануарлар дүниесі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сырдария өзенінің орта ағысындағы қалалар мен елдімекендерде бұрын және соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулер кезінде алынған деректер
Туған жер туралы
СҰЛТАНБЕК ҚОЖАНОВ КЕҢЕСТІК БИЛІК ЖАҒДАЙЫНДА АЛАШТЫҚ ИДЕЯНЫ ЖАЛҒАСТЫРУШЫ
Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму кезеңдері
Гүлдала ауылдық округі
Оңтүстік Батыс Қазақстан экономикалық ауданы туралы
Қостанай облысына жалпы сипаттама
Жер ресурстарын басқарудың теориялық негіздері
Омбыдағы білім ордаларындағы қазақ жастары
Әлеуметтік-экономикалық жүйенің аймақтық астары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz