Бала тәрбиесі бәрімізді алаңдатады


Бала тәрбиесі бәрімізді алаңдатады
Бала тәрбиесі бәрімізді алаңдатады. Адам баласының қасиетті міндеттерінің бірі-дүниеге ұрпақ әкеліп, артына із қалдыру. Баласының жақсы болғанын армандамайтын ата-ана жоқ. Тіпті баласының болашағы үшін отқа да, суға да түсетін ата-аналар да баршылық. Кейде баласының келешегіне алаңдаған ата-ана өз мекенін ауыстыруға дейін барып жатады. «Ұлың жақсы болсын десең, ұлы жақсымен көрші бол, қызың жақсы болсын десең қызы жақсы мен көрші бол» деген өнегелі сөз де содан шықса керек. Бала тәрбиесі туралы сөз ете қалғанда, «Алты айлық баласын тәрбиешіге әкелген ата-анаға, сіз балаңыздың бір жарым жыл тәрбиесін өткізіп алдыңыз, баланы іштен тәрбиелеу керек» деген еврей халқының мысалын келтіріп жатамыз.
Жер бетіне қазақтан асқан балажан халық жоқ шығар. Бір қызын бір ауыл болып тәрбиелейтін халықтың өз үлгісі өзінде
Бала тәрбиесі- қиын да күрделі процесс. Біз баламыздың тәрбиелі де өнегелі болып өсіп, өз қатарының алды болғанын қалаймыз. Бірақ баламызды осы мақсаттарға сай тәрбиелеу үшін үлкен еңбек, күш жігердің қажет екенін бәріміз білсекте, мойнымыз жар беріп, бала тәрбиесімен айналыса бермейміз. Кейін баламыз есейген сәтте, «сен маған тартпағансың, мынаны олай істемедің, ештеңеге қырсызсың» деп кінәләп жатамыз.
Баланың әр қылығы қызық. Бірақ сол қызықтауды да талғап, талдап қарамаса тағы болмайды. Кішкентай кезінде баламыздың әрбір сөзін, одан қалса біреуді сыбағандығын әуес көреміз, оны тіпті ересектерге айтақтап, қыздыра түсетініміз тағы бар. Баламызды үлкендерді сыйла, құрметте деп тәрбиелеудің орнына өзіміз теріс жолға салып отырғанымызды бағамдай бермейміз-ау!Кейін өскенде сол баланың өз ата-анасына тілі тимесіне кім кепіл?!Бала кез келген істе өзін ынталандырып, өзгелердің қолдайтынын сезсе, сол іске бейімделіп, әдеттеніп кетеді.
Бала тәрбиесіндегі тағы бір кемшілік-бала жетістігін көре білу, жігерлендіру, ынталандырумен байланысты. Баламызды мадақтауымыздан гөрі, жекіруіміз асып түсіп жататынын мойындауымыз керек.
Біз баламызға үнемі талап қойғышпыз. Әуелі талапты қоймастан бұрын, балаға өзіміз үлгі көрсете білуіміз керек емес пе? Қонақ келсе, баламызды бөлек бөлмеге жіберіп кейде тіпті дұрыс тамақтандыру да ұмытып жатамыз. Баламыздың туған күн тойын атап өтеміз, онда да баламыз үшін емес, көбінесе, өзіміздің ағайын-туыс, дос-жарандарымызға арналатыны да шындық. Біраз қызғаннан кейін баламыздың туған күні екені есмімізден шығып, жеңіл- желпі әзілқалжың айтып, той басқа арнаға бұрылады. Баламыздың туған күні екені тост көтерілгенде ғана еске түседі.
Үй-ішінің ұсақ-түйек кикілжіңдерін балға көрсетпеудің орнына керісінше болып жататыны да өкінішті. Бала көзінше қырсыз мінез көрсету, өзге адамдарды жамандау бала бойында теріс көзқарастарды қалыптастыруға негіз болады.
Жалпы біз балажан халық болғанымызбен, оны тұлға деп танып, ақыл иесі ретінде қабылдай бермейміз. Көпке топырақ шашудан аулақпыз, дегенмен мұндай көріністердің арамызда көптеп кездесетіні анық. Біздің ойымызша, баламыз, біздің айтқанымызы істеп, айдағанымызбен жүретін, әлі ақыл-есі тола қоймаған тіршілік иесі дейміз де, оған өте қатаң талап қоямыз. Сол талаптың үдесінен шыға білмесе, баламызды жер қылып, жасытамыз. Үлкендер баласына үнемі жекіп, дауыс көтеріп сөйлейтін болса, бала жасық болып өседі. Осындай отбасында тәрбиеленген балалар екі түрлі болып өседі. Біреулері-бозөкпе, жасық болса, екіншілері - айқайлап сөйлемесең, сөз өтпейтін «сабаздың» өзі болып шығады. Алдыңғылары үнемі жалтаңдап, өзідігінен шешім қабылдай алмаса, кейінгілері өмір бойы жүйкемізді жұқартып, бетіңнен алып отыратын болады.
Бала тәрбиесі кезек күттірмейтін, күн тәртібінен ещқашан да түспейтін өзекті мәселе болып қала бермек. Сондықтан да, мынау өзгермелі қоғамда баламызды өзімізге жат етпей, жақсы тәрбиелеудің бірнеше жолдарын ұсынамыз.
Бала тәрбиесімен айналысуда ата-ана басшылыққа алуы қажет деп санаған ұстанымдарды назарларыңызға беріп отырмын:
1. Баланың ең алдымен денсаулығын қадағалауға көңіл бөлу. Денсаулық- тәннің ған емес, жанның да кепілі. Дені сау бала ғана оқу мен тәрбиеге ықыласты болмақ. Балаңызды кішкентай кезінен денсаулығын күте білуге, денесін шынықтыруға дағдыландырыңыз. Денесін шынықтырып қана қоймай, ұқыптылық пен тазалыққа да үйретіңіз. Үйрету дегеніміз тек қана ақыл айту ғана емес, өзіңіздің үлгі болуыңызда.
2. Баламен жақын сырлас, дос болуға тырысу. Бала үшін ең жақын адам ата-ана болғанымен де, бала ата-анасынан жасқаншақтап, ұялшақтайтын кездері жиі болады. Сондай сәттерде дұрыс қадам жасап, балаңызды бауырыңызды тарта білу өте маңызды. Балаңыз өзінше жасырып жүрген сырын айтып, сізбен бөлісуі мүмкін. Ондай кездерде балаға жекімей не болмаса мазақ етіп күлмей, мұқият тыңдап, өз көзқарасыңызды білдіріп, кеңес айта білу ата-ананы баланың сеніміне кіргізеді. Сіздің балаңызға тұлға ретінде қарап, онымен ақылдаса отырып, бірлесе жұмыс істеуіңіз балаңызды жігерлендіреді, оның әр қадамын сенімді ете түседі.
3. Бала қандай да болсын қате іс жасаса, жекіп, дүрсе қоя беруден гөрі түсіністікпен қарау әлде қайда пайдалы. Ондай кездерде бала өзі де қуыстанып, ата-анасынан қорқып тұрады. Керісінше, балаңызға ақыл айтып, жол көрсетсеңіз, мұның пайдасы көбірек болмақ. Сондай ақ кейде біз баламыздың беделін өзге құрбы- құрдастарының алдында түсіріп, ренжітіп жатамыз. Бұл баланың ар-намысына тиіп қана қоймайды, оны өзге достарының алдында қор етіп көретеді, беті қайтқан бала көпке шейін төменшектеп жүретін болады. Ең бастысы - қателікті бетке басып, мойындату да емес, жақсысын алдымен айтып, баланы жігерлендіре отырып, кемшіліктерін жұқалап жеткізу, сонымен кемшілікті жою жолдарын көрсету.
4. Бала болған соң, өз қатарластарымен бірде дос болып, бірде ренжісіп жатады. Тіпті кейде таяқ жеп келуіде мүмкін. Ондай сәттерде балалардың арасына түспеген абзал. Бала қылығын жақтап, арасына түссеңіз, бала соған әдеттенеді, қит еткеннің бәрін өзіңізге жеткізіп отыратын болады. Мұндай жағдайда балаңызды сырттай бақылаған дұрыс. Балаңыз үнемі орынсыз таяқ жеп жататындай болса, әрине араласуға тура келеді.
5. Балаңыздың немен айналысатынын, қандай іске икемді екенін бақылау. Шамаңыз келсе, бала бейімі бар істерді беруге тырысу. Мұндай істер баланы дамытып қана қоймай, басқа зиянды әдеттерден сақтайды. Бос, жұмысы жоқ бала зиянды ісерге бір табан жақын болады. Жасап әкелеп өзіңізге көрсеткен жұмыстарын өзіңізге көрсеткен жұмыстарын іске алғысыз қылып лақтырып тастау баланың көңілін қайтарады, қызығушылығын сөндіреді. Сондықтан баланы үнемі ынталандырып отыру керек. Баланы әртүрлі істерге бір уақытта тартып. зорықтырудың қажеті шамалы. Біз кейде баламыздың әнші де, биші де, күйші де болғаныны қалап, түрлі үйірмелерге қатыстырамыз. Бала өз ырқымен істемеген істен тез көңілі суып, айналасына бей жай қарайтын болдаы. Баланы өз жасынан ерте шаршатып алудан сақтанған абзал.
6. Баланы еркін тәрбиелеу. Бірақ еркіндіктің жөні осы екен деп мүлдем қараусыз жіберуге болмайды. Әр нәрсенің өзінің шегі болады. Сол шекті бала біліп өсуі керек. Балаға қарым-қатынасыңыз, көзқарасыңыз жылы болғаны абзал. Балаға қатты сөйлеу оны сізден алыстатады. Сосын үнемі қатты, бұйрық мәнде сөйлеу баланың бойын әдеттендіріп, үйретеді. Кейін балаға қатты сөйлемесіңіз кейін сөз ұқпайтын болады.
7. Бала кішкентай кезінде барлық ақпаратты еш кедергісіз қабылдай береді. Сондықтан балаңызды ақпаратты талдап қабылдауға, өзінің көзқарасын ашық білдіруге, ойланып сөйлеуге үйреткен абзал. Ол үшін балаға осы типтес тапсырмалар берген дұрыс. Мәселен, баланың алдына көп затты беріңіз. Балаңыз осы заттардың барлығын алғысы келгенімен, бір-екі затты өзіне қажеттілігіне қарай таңдау керектігін түсіндіріңіз.
8. Кейбір балалар табиғатынан тынымсыз болады. Бір затты көрсе, соны міндетті түрде бұрап, сындырып, ішін ашып көріп жатады. Өздері бір орында отыра алмайды, сұрақ қойғыш болып келеді. Табиғатынан тынымсыз балаларға біз үнемі ұрысып, тәртіпке келтіруге шеберміз. Бірақ сол балалар айтқанға көнбейді, бір қалыпқа түспейді. Бір қарасыаң, сол балалар ақылды сияқты көрінеді. Балаңыздың бойынан осындай сипаттарды көрсеңіз қорқыныш ұяламасын. Мұндай балалар табиғатынана дарынды болып келеді. Тек баланың бейімін тап басып, бағыттай білсеңіз болғаны.
9. Бала тәрбиесіндегі ең негізгі тетік-баланы өз күшіне сендіріп үйрету. Балаңыздың болашағына қандай сенсеңіз, оның әр ісіне де сондай сенім көрсету-баланы сенімді ете түседі. Балаға ең алдымен өзіңіз сенбесеңесеңіз оған ешкім де сенбейтін болады. Баланы өз күшіне сендіру оның әр қадамын нығайтып, батылырақ болуға тәрбиелейді.
«Ең бастысы - баланың жан дүниесі»
Адам өміріндегі ең үлкен қуаныш - бала сүю. Қазіргі уақытта бала тәрбиесінің табысты болуы ата - аналардың тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне, ынытмақтастығына, отбасы мүшелерінің өзара қарым - қатынасына, көзқарастарының және мақсаттарының бірлігіне байланысты. Ол үшін ата - аналар күнделікті өмірде балаларының мінез - құлқына, қажетті қасиеттердің қалыптасуына назар аударуды, тәрбие үрдісінде теріс қылықтарды болдырмауды ойластыруы шарт. Отбасында тәрбие ісімен айналысу үшін, ең алдымен ата - ана өз өмірін, өз ісін дұрыс ұйымдастыра білуі қажет.
Баланың көп уақыты сәби шағынан бастап отбасында өтеді. Оның өмірін, іс - әрекетін, демалысын бірқалыпты ұйымдастырып, реттеп отыру үшін қажетті жағдай керек. Ал жағдай ұтымды күн ырғағы негізінде жасалады. Күн ырғақ - бұл өмір тәртібі. Ал бала өз міндетін қашан да орындауға тырысады. Отбасында бала әр нәрсені естиді, көреді, қалай өмір сүру керек, өзін-өзі қалай ұстай білу керек, жағымды, жағымсыз мінез - құлықтарды байқайды. Сондықтан ата - ана балаға үңіле қарап, үнемі бақылап бала жан дүниесіне оң әсер ететін іс-әрекеттерді дағдыға айналдыру керек.
Бүгінгі ұрпақ - ұлт болашағы, қоғамның құнды байлығы. Мектепте ұйымдастырылатын жиналыстар, мерекелік іс - шаралар, т. б. сайыстарға қатысатын тек қана «белсенді» ата - аналар тобы. Ол әр сыныптың шамамен 15-20 пайызы. Қалған 80-85 пайыз ата-ана қайда жүр? Олардың өз балалары, мектебі туралы пікірлері қандай? Міне, осындай көкейкесті сұрақтарға жауап тек мектеп ұжымы емес ата - аналарды да толғандыруы тиіс. Ата - аналар әр түрлі, олардың мектепке деген көзқарасы да сан алуан. Сондықтан бұл педагогикалық - психологиялық мәселені тек мектеп ұжымының шешуі ғана дұрыс емес, оған ата - аналарды да тарту қажет. Ата Заңымызға сүйенсек, «балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата - ананың табиғи құқығы әрі парызы» делінген. Ендеше ата - аналарды мектеппен тығыз байланыс жасауға, балаңыздың ортасын, мектептегі білімін зерттеуге өз үлесін қосуға шақырамыз. Балаға керекті тек тамақ пен киім емес, балаға ең қажетті сүйіспеншілік, мейірімділік, жүрек жылуы.
Біздің үмітіміздің үкісін үлпілдетіп, сенімімізді ақтайтын кім? Ол - сіз бен біздің балаларымыз. Олардың сағы сынбасын десек, балаларымыздың беделін көтеріп ата - ана мен мектеп яғни екі жақты тәрбие жұмысын жандандырайық.
Тәрбиеде ұруға болмайды
1- Баланы ұру мінез-хұлқының бұзылуына, ашуланшақ болуына себеп болады.
2- Таяқ жеп өскен бала жұмсақ мінезді болмайды.
3- Таяқ жеу балада әке-шешесіне қарсы ашу-ызаға жол ашады. Бала өзінің істегенін жаман нәрсе деп ойламайды, өзін кінәлі деп сезінбейді, керісінше өзін ұрған адамды кінәлі деп көреді.
4- Таяқ жеп өскен бала ашуланған кезінде ол да күш қолдануға кірісетін болады, басқаларды ұрады. Осылайша таяқ жеуі қызбалыққа себеп болады.
5- Сөз түсінетін жастағы баланы ұруға болмайды. Сөз түсінбейтін баланы болар-болмас қана ұру жеткілікті. Бастан, беттен ұру, таяқпен сабау өте зиянды.
Баланы тәрбиелеу үшін ұру дұрыс емес. Тек қателік істейтін болса, жазалануы мүмкін екендігін сезіндіру керек. Пайғамбарымыз бала-шағаны ұрмауды әмір еткенімен, тәрбиелеу үшін жазаланатынын, ұрылатынын сезіндіру керек екендігін білдірген. Бұл тұрғыдағы хадис шәрифтердің бірі мынадай:
«Үй халқын тәрбиелеу үшін таяқтарыңды олар көретін жерге іліп қойыңдар!» (Табарани)
Мінез-құлықты өзгертуге болғаны үшін, бала тәрбиесі туралы айтылған хадис шәрифтерде былай деп бұйырылған:
«Баланы жақсылап тәрбиелеу баланың әкесіндегі ақыларынан. » (Бәйһақи)
«Балаларыңа ізет етіңдер, оларды әдепті, тәрбиелі етіп жетілдіріңдер!» (Ибн Мажә)
«Баланы тәрбиелеу тонналап садақа беруден де артық сауап. » (Тирмизи)
Бала тәрбиесінің маңызы
*Балаға дерт, қиындықтарымызды айтпау керек, қуанышымызды айтуға болады.
*Балаға отбасы ішіндегі біреу ұрысып жатса, басқасы оны жақтамау керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz