«Ұлпан» романы
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім:
І тарау
«Ұлпан» романының жазылу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
ІІ тарау
«Ұлпан» романындағы Ұлпан мен Есеней бейнесі және олардың тарихи тұлғалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
ІІІ тарау
«Ұлпан» романындағы образдар жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..56
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59

Диплом жұмысының өзектілігі:
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, академик-жазушы, алыптар тобының сардары Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романы жарық көрген тұста оқырман қауымның ыстық ықыласына ие болып, әдеби сында да жоғары бағаланды. «Ұлпан» романының ерекшелігі оның басты кейіпкерлерінің тарихта болған тұлғалар екендігінде. Жазушының «40 жыл бойына» көңілінде пісіп-жетіліп, толыққан бейне − Ұлпан бейнесі. Бұл шығарма идеялық-көркемдік тұрғысынан ерекшеленетін туынды. Біз жұмысты жазу барысында шығарманың осындай ерекшеліктерін қарастырумен қатар оның жазылу тарихын, басты тұлғалар мен олардың түптұлғаларының тарихтағы орнын сараладық.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері:
1.Ғ.Мүсіреповтің шығармашылығына жалпы шолу жасау;
2."Ұлпан" романының жазылу тарихына тоқталу;
3.Кейіпкерлер мен түптұлғалардың арақатынасы, өмір шындығы мен көркемдік шындықтың байланысы;
4.Автордың тұлғасын сомдауы мен характерін ашудағы шеберлігін пайымдау;
5."Ұлпан" романы туралы бұрын-соңды жазылған сыни мақалалар мен еңбектерге сүйене отырып, өзіндік ой-пікір қорытындысын шығару, пікір қалыптастыруға тырысу;
Жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері:
Диплом жұмысын жазу барысында қазақ әдебиеттану ғылымындағы орныққан теориялық тұжырымдар мен қағидалар негізімен басшылыққа алынды. Сонымен бірге талдау, жинақтау және салыстыру әдістері қолданылды. Жұмыстың негізгі теориялық тұжырымдары мен түйіндерін қорытуда қазақ ғалымдары С.Мұқанов, З.Қабдолов, Т.Кәкішұлы, Ж.Ысмағұлов, Ш.Беркімбаева, М.Бекбергенов, Ә.Нарымбетов сынды
әдебиеттанушыларының теориялық зерттеу еңбектері, сын-мақалалары мен пікірлері басшылыққа алынды. Бұларға қоса әр жылдарда баспасөз бетінде жарияланған Ғ.Мүсірепов туралы түрлі мақалалар да пайдаланылды.
Диплом жұмысының құрылымы:
Жалпы жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім мен қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Белгілі қаламгер, көркем сөздің зергері Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтің қазақ әдебиеті тарихында алатын орны ерекше. Оның шығармашылығы келелі де мазмұнды әдеби қорымызды байыта түскен әдебиетіміздің қазынасына қосылды. Шеберлік шыңына Ғ.Мүсірепов бүкіл қазақ әдебиетінің өрге ұмтылған үлкен керуенімен бірге адымдай отырып, көптеген жетістіктерге жетті. Туған әдебиетімен бірге түлеген жазушы шығармалары өмір шындығымен, замандастың даңқты істерімен тыныстаған. Ол бүкіл қазақ әдебиетімен бірге қанаттанып, қияға бірге құлаш ұрды. Шағын әңгіме, новелладан бастап, салалы роман мен кесек драмаға дейін жазушы жүріп өткен үлкен жол − алғашқы шағын әңгімелерден көп томдық эпопеяға, фольклорлық эпостан XX ғасырдың биік өнеріне шырқап шыққан қазақ әдебиеті дамуының бір дерегі мен дәлелі. Ғ.Мүсірепов шығармашылығы қазақ әдебиетінің профессионалдық биік дәрежесіне, кең құлашына, философиялық тереңдігіне, байтақ өрісіне, қоғамдық зор маңызына айқын айғақ. Туған әдебиетіміздің осынау гүлдену, өсу жолында, оның әрбір кезең, белестерінде Ғ.Мүсіреповтің сіңірген еңбегі айрықша.
Ұлттық жаңа әдебиеттің қалыптасуында белгілі роль атқарған Ғ.Мүсірепов әңгімелері мен пъесалары, романдары мен повестері халық өмірінің елеулі кезеңдерін қазақ қоғамындағы әлеуметтік өзектерді, қазақ кедейлерінің мінез-құлқындағы құбылыстарды, ұлт болып қайта туу, жаңғырып, жасару жолымызды бейнелейді.Оның шығармалары белгілі бір оқиғаның жалаң суреті ғана емес, ірі дарын иесінің халық тағдыры, адам жайлы толғаныстары деп білеміз.
Ғ.Мүсіреповтің кітаптарында халық өмірінің әр алуан бояуы, ауыспалы ауасы, дабыл-дыбысы, әуен-ырғағы, тарихи бел-белестері, өсу кезеңдері жатыр, сан ұрпақтың көрікті-көріксіз келбеті мен тағдыры жатыр. Ол халық тынысын, халықтың жүрек дүрсілін, ауыр ойлары мен бұлдыр қиялын, асқақ арманы мен іргелі рухани ізденіс тарихын суреткерлік зейінділікпен жіті байқап, қайта жаңғыртып, қайтадан " жан бітіріп" жаңа қауымға ұсынды.
Ғ.Мүсіреповтің шығармашылық ізденуінің ең бір жемісті қадамы,
сондай-ақ биік шыңдардан көріне білген кездері мен сәттері оның аналар тақырыбына арналып жазылған бірнеше әңгімелер мен новеллаларының қай-қайсысын алып қарайтын болсақ, қаламгер шеберлігінің арқасында аналарымыздың қоғамдағы орны, қызметі, қайраткерлігі, адалдығы, сонымен бірге қайсарлығы жете суреттелген.
Қазақ совет әдебиетінің қалыптасу дәуірінде орыс әдебиетінің айрықша ұстаздық роль атқарғандығы белгілі. Жазушыларымыз орыс классиктерінен өмір оқиғаларын революциялық дамуы үстінде суреттеуді, күрескер адамның бейнесін жасауды үйреніп қана қоймай, кең жағдайда олармен тікелей тақырыптас, үндес шығармалар да жазды.Соның бір мысалы Ғ.Мүсіреповтің "Ана туралы әңгімелер" циклі. Мұның пролетариат әдебиетінің атасы А.М.Горькийдің анық ықпалымен жазылғандығы айқын. Әлем әдебиетінде тұңғыш рет күрескер, өршіл, оптимист ананың образы М.Горький шығармаларында жасалып еді. Ол өмірден жабыққан, тарыққан аналарды емес, өз бақыты үшін, ел бақыты үшін күресе білетін ер аналардың іс-әрекетін жырлаған. Міне, Горькийдің осы өнегесі Ғ.Мүсіреповтің әңгімелерінен анық көрінеді.
Ана туралы новеллалар шоғыры алғаш рет 1934 жылы «Ана» атты кітапта топталып берілді. Онда «Адамның анасы», «Өлімді жеңген ана», «Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ананың арашасы» новеллалары бар. Алғашқы екі новеллалар Горькийдің ізімен жазылып тұрса да, көп жағынан қазақ әдебиетінің өз туындысындай болып шыққан.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мүсірепов Ғ. Ана. Алматы: 1934ж
2. Бекбергенов М. Ғабит Мүсіреповтің прозасы. Алматы: Рауан, 1990ж.
3. Мүсірепов Ғ. Қазақ әйелі. Алматы: Жалын 1982ж. Ғылыми түсініктерді жазған филология ғылымының докторы. Әділхамит Нарымбетов.
4. Нарымбетов А. Ардақтаған аруларды, ананы [ Ғ. Мүсіреповтің туғанына – 90жыл]. // Алматы ақшамы – 1992ж – 18 наурыз – 19 наурыз.
5. Нарымбетов Ә. Қазақ әйелін бейнелеудің шебер мүсіншісі. [Социалистік Еңбек Ер, академик-жазушы Ғ.М. – 80 жаста] // Қазақстан әйелдері №3, 1982ж.
6. Мүсірепов Ғ. Ұлпан. Алматы: Атамұра, 2003ж.
7. Ысмағұлов Ж. Ғабит Мүсірепов туралы тоғыз толғам. Алматы: Қазақстан, 2002ж.
8. Мүсірепов Ғ. Ұлпан. Повесть пен әңгімелер. Алматы: 1975ж.
9. Мүсірепов Ғ. Күнделік. Алматы: Ана тілі 1997ж.
10. Қабдалов З. Сөз өнері. Алматы: Санат, 2007ж.
11. Мүсірепов Ғ. Таңдамалы шығармалар. ІІІ том, Алматы: 1980ж.
12. Ысмағұлов Ж. Егіз толғам [Ғ. Мүсірепов – 100ж] // Егемен Қазақстан 2002ж 17 мамыр
13. Жұмабеков С. Ғабит Мүсірепов. Алматы: Мектеп, 1989ж.
14. Есқали Ө. Прототип // Егемен Қазақстан -2008ж -30 сәуір -8б.
15. Кәкішұлы Т. Бойына сіңбеген тақырыпқа жарамаспайды. Жас Алаш 2002, 21 наурыз.
16. Беркімбаева Ш. Ғабеңнің сөзі қай ғасырда да өзекті әрі өтімді // Қазақ әдебиеті, 2002, №22
17. Бәкенов С. Ер еңсесі //Егемен Қазақстан- 1997ж 22 қаңтар
18. Танабаев Ө. Сегіз сері Бахрамұлы шығаралары. Шымкент, 1999ж
19. Дәдебаев Ш. Қазақ тілі мен әдебиеті. 1992ж, №7
20. Бекбергенов М. Сөз зергері. Алматы: Жазушы, 1964ж
21. Мұқанов С. Өмір мектебі. Алматы: Жалын, 1977ж
22. Әдібаев Х. Талант, талғам, тағдыр. Алматы: Жазушы, 1971ж
23. Нұрғалиев Р. Телағыс. Алматы: Жазушы, 1989ж
24. Дәдебаев Ш. Ұлпан. Қазақ тілі мен әдебиеті. 1992ж. №7

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім:
І тарау
Ұлпан романының жазылу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
ІІ тарау
Ұлпан романындағы Ұлпан мен Есеней бейнесі және олардың тарихи
тұлғалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
ІІІ тарау
Ұлпан романындағы образдар
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 45
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..59
Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі:
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, академик-жазушы, алыптар
тобының сардары Ғ.Мүсіреповтің Ұлпан романы жарық көрген тұста оқырман
қауымның ыстық ықыласына ие болып, әдеби сында да жоғары бағаланды. Ұлпан
романының ерекшелігі оның басты кейіпкерлерінің тарихта болған тұлғалар
екендігінде. Жазушының 40 жыл бойына көңілінде пісіп-жетіліп, толыққан
бейне − Ұлпан бейнесі. Бұл шығарма идеялық-көркемдік тұрғысынан
ерекшеленетін туынды. Біз жұмысты жазу барысында шығарманың осындай
ерекшеліктерін қарастырумен қатар оның жазылу тарихын, басты тұлғалар мен
олардың түптұлғаларының тарихтағы орнын сараладық.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері:
1.Ғ.Мүсіреповтің шығармашылығына жалпы шолу жасау;
2."Ұлпан" романының жазылу тарихына тоқталу;
3.Кейіпкерлер мен түптұлғалардың арақатынасы, өмір шындығы мен көркемдік
шындықтың байланысы;
4.Автордың тұлғасын сомдауы мен характерін ашудағы шеберлігін пайымдау;
5."Ұлпан" романы туралы бұрын-соңды жазылған сыни мақалалар мен еңбектерге
сүйене отырып, өзіндік ой-пікір қорытындысын шығару, пікір қалыптастыруға
тырысу;
Жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері:
Диплом жұмысын жазу барысында қазақ әдебиеттану ғылымындағы орныққан
теориялық тұжырымдар мен қағидалар негізімен басшылыққа алынды. Сонымен
бірге талдау, жинақтау және салыстыру әдістері қолданылды. Жұмыстың негізгі
теориялық тұжырымдары мен түйіндерін қорытуда қазақ ғалымдары С.Мұқанов,
З.Қабдолов, Т.Кәкішұлы, Ж.Ысмағұлов, Ш.Беркімбаева, М.Бекбергенов,
Ә.Нарымбетов сынды
әдебиеттанушыларының теориялық зерттеу еңбектері, сын-мақалалары мен
пікірлері басшылыққа алынды. Бұларға қоса әр жылдарда баспасөз бетінде
жарияланған Ғ.Мүсірепов туралы түрлі мақалалар да пайдаланылды.
Диплом жұмысының құрылымы:
Жалпы жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім мен қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Белгілі қаламгер, көркем сөздің зергері Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтің
қазақ әдебиеті тарихында алатын орны ерекше. Оның шығармашылығы келелі де
мазмұнды әдеби қорымызды байыта түскен әдебиетіміздің қазынасына қосылды.
Шеберлік шыңына Ғ.Мүсірепов бүкіл қазақ әдебиетінің өрге ұмтылған үлкен
керуенімен бірге адымдай отырып, көптеген жетістіктерге жетті. Туған
әдебиетімен бірге түлеген жазушы шығармалары өмір шындығымен, замандастың
даңқты істерімен тыныстаған. Ол бүкіл қазақ әдебиетімен бірге қанаттанып,
қияға бірге құлаш ұрды. Шағын әңгіме, новелладан бастап, салалы роман мен
кесек драмаға дейін жазушы жүріп өткен үлкен жол − алғашқы шағын
әңгімелерден көп томдық эпопеяға, фольклорлық эпостан XX ғасырдың биік
өнеріне шырқап шыққан қазақ әдебиеті дамуының бір дерегі мен дәлелі.
Ғ.Мүсірепов шығармашылығы қазақ әдебиетінің профессионалдық биік
дәрежесіне, кең құлашына, философиялық тереңдігіне, байтақ өрісіне,
қоғамдық зор маңызына айқын айғақ. Туған әдебиетіміздің осынау гүлдену, өсу
жолында, оның әрбір кезең, белестерінде Ғ.Мүсіреповтің сіңірген еңбегі
айрықша.
Ұлттық жаңа әдебиеттің қалыптасуында белгілі роль атқарған Ғ.Мүсірепов
әңгімелері мен пъесалары, романдары мен повестері халық өмірінің елеулі
кезеңдерін қазақ қоғамындағы әлеуметтік өзектерді, қазақ кедейлерінің мінез-
құлқындағы құбылыстарды, ұлт болып қайта туу, жаңғырып, жасару жолымызды
бейнелейді.Оның шығармалары белгілі бір оқиғаның жалаң суреті ғана емес,
ірі дарын иесінің халық тағдыры, адам жайлы толғаныстары деп білеміз.
Ғ.Мүсіреповтің кітаптарында халық өмірінің әр алуан бояуы, ауыспалы
ауасы, дабыл-дыбысы, әуен-ырғағы, тарихи бел-белестері, өсу кезеңдері
жатыр, сан ұрпақтың көрікті-көріксіз келбеті мен тағдыры жатыр. Ол халық
тынысын, халықтың жүрек дүрсілін, ауыр ойлары мен бұлдыр қиялын, асқақ
арманы мен іргелі рухани ізденіс тарихын суреткерлік зейінділікпен жіті
байқап, қайта жаңғыртып, қайтадан " жан бітіріп" жаңа қауымға ұсынды.
Ғ.Мүсіреповтің шығармашылық ізденуінің ең бір жемісті қадамы,
сондай-ақ биік шыңдардан көріне білген кездері мен сәттері оның аналар
тақырыбына арналып жазылған бірнеше әңгімелер мен новеллаларының қай-
қайсысын алып қарайтын болсақ, қаламгер шеберлігінің арқасында
аналарымыздың қоғамдағы орны, қызметі, қайраткерлігі, адалдығы, сонымен
бірге қайсарлығы жете суреттелген.
Қазақ совет әдебиетінің қалыптасу дәуірінде орыс әдебиетінің айрықша
ұстаздық роль атқарғандығы белгілі. Жазушыларымыз орыс классиктерінен өмір
оқиғаларын революциялық дамуы үстінде суреттеуді, күрескер адамның бейнесін
жасауды үйреніп қана қоймай, кең жағдайда олармен тікелей тақырыптас, үндес
шығармалар да жазды.Соның бір мысалы Ғ.Мүсіреповтің "Ана туралы әңгімелер"
циклі. Мұның пролетариат әдебиетінің атасы А.М.Горькийдің анық ықпалымен
жазылғандығы айқын. Әлем әдебиетінде тұңғыш рет күрескер, өршіл, оптимист
ананың образы М.Горький шығармаларында жасалып еді. Ол өмірден жабыққан,
тарыққан аналарды емес, өз бақыты үшін, ел бақыты үшін күресе білетін ер
аналардың іс-әрекетін жырлаған. Міне, Горькийдің осы өнегесі Ғ.Мүсіреповтің
әңгімелерінен анық көрінеді.
Ана туралы новеллалар шоғыры алғаш рет 1934 жылы Ана атты кітапта
топталып берілді. Онда Адамның анасы, Өлімді жеңген ана, Ананың
анасы, Ашынған ана, Ананың арашасы новеллалары бар. Алғашқы екі
новеллалар Горькийдің ізімен жазылып тұрса да, көп жағынан қазақ
әдебиетінің өз туындысындай болып шыққан.
Әр жазушы, ең алдымен, өз туған халқының көкейіндегі ойын, жан-сырын
кемеліне келтіре жырлаумен ғана мұратына жетеді. Сол сияқты өзі өсіп-өнген
ортаның, қазақ елі әйелдерінің нелер-бір асыл қасиеттері Ғабит Мүсіреповті
де ертеден-ақ толғандырып, ойландырған секілді. Ал қазақ елі өзі ел билеп,
халық болып қалыптасқан көне заманнан бері-ақ әйелді, ананы, қыз баласын
қатты қадірлеп, құрмет тұтуды берік дәстүрге айналдырған халықтардың бірі.
Сол кездегі дәуір шындығын көрсететін. Алып-анадан туады, Ана − алдында
құрмет, ата алдында − қызмет, Мейірімі мол ананың − жүрегі жылы, қолы
кең т.б. дана мақалдар бұған дәлел бола алады.
Халық бейбіт кезде әйелді асқар таудай сүйеніш деп есептесе, ел басына
күн туған қатерлі шайқастарда батырдың бірінші серігі деп білген. Сол көне
заманда алғырлығымен, шешендігімен, тапқырлығымен, батылдығымен,
сезімталдығымен ел аңсауына арналған қазақ әйелі аз емес.Өмір қиыншылығының
сондай бір кезеңдерінде өзінің табиғи құдіретті қалпын сақтап, өмір үшін
табанды күрескер бола білген бүкіл әйел атаулының, соның ішінде тонның ішкі
бауындай өзіне жақын қазақ әйелінің өмірі жазушыны өмір бойы ойландырып,
олар жайында шабытты шығармалар жазуға жетелегенін айқын көруімізге болады.
Ана туралы тақырыпқа баруы М.Горькийдің әсерінен болғандығын автордың
өзі былай деп мәлімдеген: Горькийдің тақырыбын, жазу әдісін ұғынамын деп
талаптанған ғалымда ұшы-қиыры жоқ кең байлықтың ішіндегі ең бір негізгі
саласы − күшті адам екен деген қорытындыға келдім... Құлақта ертеден бір
әңгімелер жүретін еді. Горькийдің Аналарын қайта бір оқығанда, сол
әңгімелерім тіріле бастады. Көп ойланбастан-ақ Горькийдің аналарында да,
өзімде де бар әңгімелерді де қағазға түсірдім [1, 5].
Ана туралы новеллалар тақырыптық жағынан ұқсастығының үстіне идеялық
бағыты, пафосы жағынан да бірін-бірі толықтырып отырады. Олардағы ортақ
типтік герой − шындық үшін, әділет үшін өмірдің не бір қиындығына да қарсы
тұрып, кедергілерді жеңе білетін, әлемге өмір
тарататын, сол өмір үшін өліммен айқасатын, қауіптің алдында қорқып
иілмейтін, өзінің ұлылығын сезінетін, әрі мейірбан, әрі айбатты күрескер,
өршіл, өжет ананың образы. Осы образ қазақ әдебиетіне өзінің үлкен
соңылығын, жаңа сипатын, әсерлі күшін алып келген. Ғ.Мүсіреповтің
әңгімелері мен новеллаларында, очерктерінде жасалған адамдар бейнесін
аналардың өшпес тұлғалары байыта түседі. Автор қандай қиындық болса да,
өзінің қамқоршыл жүрегінен, адамгершілік қасиетінен айнымайтын дүниедегі ең
мықты жан − ана дегенді айтады [2, 23-29].
Ғ.Мүсірепов Ана деген ардақты атты барлық жағынан, яғни, қоғамдағы
орны, сонымен қатар жарық өмірмен тең екендігін, ана әрбір жанұяның
шаңырағы екендігін, бір сөзбен айтқанда, ананың ұлылық сипатын жан-жақты
сипаттап көрсете білді.
Батырларымыз өз туған елін, жерін қорғай білетін қайсар, өжет ер
екенін білсек, ал ана сол батырларды өзінінің нәзіктік сезімі мен өр рухты
мінезімен қорғай білген дара тұлға.
Ғабит Мүсірепов туралы Хабиби Елебекова былай деп сыр шертеді: "Ғабең
нұрдан жаралғандай жан еді. Әр сөзінің өзі жүректі жан тебірентер сырлы
саздай естілетін. Сондай сері кісі болды. Табиғаты қыз-келіншектерге
қаншалықты жақын болса, отанасы Хұсниді де аялай білді. Хұсни апай өзінің
ер-азаматына ол кісідей адал болған, алдынан кеспек түгіл, бір ауыз қарсы
сөз айтпай өткен адамды, мен өте сирек кездестірген шығармын. Бірде қонақта
отырып, әйелдер оңаша қалған бір сәтте Хұсни апай өзінің жас кезіндегі
суретін көрсетті. "Мен де әдемі болатынмын, осы Ғабең ізімнен қалмай жүріп,
қолына түсірген. Әрине, Ғабитті мен де жақсы көрдім. Ол кісіге деген
махаббатымды өздерің де білесіңдер ғой", − деп жымиды. Сол сияқты Ғабең де
Хұсни апайға ғашық болып қосылып, тамаша ғұмыр кешті.Үш перзент сүйді".
Ғабит Мүсірепов өзінің "Күнделігінде" әйелдер туралы мынадай ой-
толғаныстарын келтіреді:
Әйел шынымен жылап алса ажарланып кетеді, көңілінде түйнек болып
тұрған бір тасты көз жасымен жуып тастағандай.
Әйелге – еркектердің таласы талай жазылады, әйелдердің еркекке таласы
әлі жазылған жоқ. Бұл тақырыпты ептеп сезінсем керек: арнаулы тақырып
етпегенмен бір сүрлеуге қоса кету дұрыс болады.
Дүниеде әйеліңмен жанжалдасудың ғана көп варианты бар және әр жанрда
жанжалдасуға болады! Енді тоқтады-ау деген кезде тағы бір саңылау тауып
қайтадан қоза береді.
Әйелді сүю үшін білуің ғана жетпейді, сезінуің керек, ең керегі осы.
- Әйелге ше?
- Оған да!
Еркектің ашуы түске дейін, әйелдің ашуы кешке дейін.
Еркектің ашуы аспен тарайды, әйелдің ашуы төсекте тарайды.
Әйел ашуланса жеңіледі, еркелесе жеңеді.
Әйел боянса бұзылады, көп қиқаңдаса ұрылады.
Әйел шынын айтса да себебі бар, өтірік айтса да себебі бар.
Менің байқауымша, сұлу әйелді ит қаппайды. Олай болса сұлулықты ит те
сезеді.
Ғ.Мүсірепов өз шығармашылығында жігерлі де ақылды, сұлу да адал,
мейірімді де қайсар, белгілі бір мүдде жолында өз жанын пида етуге бар, өр
рухты да, ер мінезді, мәрт те нәзік, бір сөзбен айтқанда қаһарман әйелдер
туралы үзбей жазған суреткер.
Жазушы шығармаларында осындай қаһарман әйелдер бейнесінің тәжі де,
шыңы да іспеттес болып, әдебиетімізге Ұлпан бейнесі келді.Ұлпанның бір
бойында жоғарыдағы әйелдердің баршасына тән драма да, трагедия да,
қайраткерлік те, қаһармандық та бәрі-бәрі шынайы тоғысқандай. Ғ.Мүсірепов
шығармашылығында үзбей орын алып келген әйел кейіпкердің барлық қасиетін
бір бойына жинақтаған Ұлпан бейнесін, әйел − Ұлпанды ұлы образ, әрі ұлы
тұлға, әрі ұлы әйел деп есептейміз. Романда қазақ қызының ісі де, қылығы
да, сөзі де айқын танылады. Ұлпан бейнесі − бүкіл қазақ әйелінің жиынтық,
көп планды бейнесі. Осы образдың ішкі тінінде қазақ әйелінің феодалдық
қоғамда көрген зорлық-зомбылығы да, ел билеген, ел басқарған даналығы мен
батырлығы да, шырақты сүттей ұйытып мейірімге бөлер аналық қадір-қасиеті де
жатыр.
Дегенмен, Ғ.Мүсіреповтің шығармашылығы хақында айтылатын пікірлер мен
зерттеулер түгелденіп бітті десек, жаңсақ кеткен болар едік. Осы кезге
дейін Ғ.Мүсірепов туралы бірталай зерттеулердің, көптеген мақалалардың
жарияланғанына қарамастан, жазушы творчествосының кейбір тұстары мен
қырлары әлі де болса жеткілікті сөз болмаған.
Көріп отырғанымыздай Ғ.Мүсіреповтің "Ұлпан" романында қазақ әйелінің
қоғамдағы орны мен қызметі туралы халық анасы ретінде тың жаңылықтар ашады.
І тарау. Ұлпан романының жазылу тарихы.
Отызыншы жылдары бастаған Ана циклын жетпісінші жылдары Ұлпан
романымен түйіндеді. ХІХ ғасырдағы қазақ әйелінің трагедиялы ащы тағдырын
суреттеген бұл романын жазушы 1974 жылы жазып аяқтаған болатын. Романда
автор сол қара түнек феодалдық заманда өз ортасынан суырылып шығып жарық
жұлдыздай ағып өткен айрықша адамды суреттеп берді. Әрине, қанаушылар
билеген қоғамның тепкісінде зарлап азап шеккендерге жаны ашып, қол үшін
беру, өзін қас тұрып, өзгенің бақытын ойлау – сол кездегі төтенше қимыл,
айрықша мінез еді. Міне, осындай жауыздық әлеміне қарсы батыл күреске
шығып, ел аңызына айналған, аршынды іс-қимылға барған дарынды қайраткер –
қазақтың сол замандағы асқан ақылды әйелі – Ұлпанның әдеби жарқын тұлғасын
жазушы жасап береді.
Ұлпан романы бірінші рет Жұлдыз журналының 1974 жылғы 6, 7, 12 –
сандарында жарияланды. 1975 жылы Жазушы баспасынан шыққан осы шығармасын
әуелікде повесть деп атаған. Автор кейіннен көп өңдеп, роман жасады. Оны үш
бөлімге жіктеп, әр бөлімнің тарауларының қатар санын өзгертті, жаңа тарау
қосты. Жазушының бас томдық шығармалар жинағының бесінші томына (1976)
және таңдамалысының үшінші томына (1980) енді. Роман Ұлпан ее имя деген
атпен орыс тілінде (аударған А. Белянинов) Жазушы баспасының 1976 жылы
кітап болып шықты.
Ұлпан романына жазушы қайта-қайта оралып, әрқилы жөндеулер,
толықтырулар жасаумен келеді. Сол жөнделген, түзетілген, толықтырылған
нұсқасын жазушы таңдамалысының үшінші томында (1980) жарияланады.
Тарихи тақырып бар жерде тарихи шығарма бар. Тарихи болмысқа еркін барып
материалды өзінің шығармашылық қазанында еркін қорытып жазу мен тарихта
болған және үлкен тарихи рөлі бар белгілі адамдар жайлы жазудың айырмасы
бар. "Ұлпанның" басты кейіпкері—Ұлпан мен Есеней тарихта болған кісілер.
Шығарманың оқиғасы—XIX ғасырда қазақ даласында болған тарихи
шындықтарға негізделген. Жазушы бұларды шын болған күйінде емес,
бұзып, бұрмалап көрсетіпті деген хаттар да басты образдардың болғанын
растай түседі. Бір ғана өлкеде болмаса, басқаға беймәлім жандар себепті,
осы адамдар туралы керағар пікірлердің орын алуы да дәлелді. "Ұлпан"
романының жазушының тарихи материалдарды өзінің идеялық тұрғысынан
қарап, өз ырқына бағындырып пайдаланған тарихи әлеуметтік шығармасы
деп түсінеді. Романның соңында автордың "Сөз соңы"
делінген түсініктемесі—осынау сөздің айғағы. Мұнда ол өз туындысын
документті деректерге емес, ел аузындағы мәліметтерге сүйеніп
жазғандығын ашық айтады. Бәрі де, Ұлпанның бейітін көргенде,
Исахмет қария: "Ғабит, сен бұл кімнің бейіті екенін білетін
шығарсың"—деп сұрады. Бұған ол: "Білемін, тастағы жазуын да
оқып отырмын. Ұлпан шешеміздің бейіті,"—деп жауап қайырады. Сонда
Исахмет: Шешеміздің дегенін бүкіл Сибанның құлағына жағатын сөз. Ұлпан
шешеміз аты жоққа ат берген, асы жоққа ас берген. Кедейлерге пана боған.
Өзі Есенейдің ен байлығынан түк қызық көрмей өткен адам,"—дейді [6, 239].
Нұрғожа қарт күрсініп қойып: "Ондай адам қайда! Адалдығына қарап
әулие ме дерсің, ерлігіне қарап еркек пе деп қаларсың дейді екен
бұрынғылар,"—дейді. Нұрғожаны қолдаған Тайжан: "Есенейдей
адамды көзі тірісінде ойлап алып, осы елді ел қылған сол
шешең,"—десе, басқалары: "Аяғында сол Керейдің болыс-билері
күндесе күңірене жүріп Торсан жалмауыздың дозағына апарып құлатты
ғой,"—дейді. Бұдан әрі қарттар Ұлпанның бейітіне ақ тасты Торсан емес,
Сибан елі орнатқанын әңгімелейді.
Міне, Ғ.Мүсірепов романына негіз салған осы әңгіме. Шығарманың сюжеттік
желісі де осы ізден шыққан. Кенесары тобына қосылудан бас тартып. Керей-
Уаққа қарасты бес болыс елге ықпалы жүріп тұрған шондар Есенейге жастай
күйеуге шығып, оны ақыл-ойымен, көркімен, ер мінезімін билеп-төстеп кеткен
Ұлпанның айналасындағы дүйім жұртқа қалайша беделі өткенін, әділдік,
қайырымдылық еткенін, ақырында Торсан жалмауыздың тұзағына түсіп, опат
болғанын Ғ.Мүсірепов ел аузынан естіген күйде кітаптың ұзын-ырға мазмұны
етіп алған. Мұнда дәуір танытқыш, өмір танытқыш құнды мағлұматтар мен
құнарлы образдар, психологиялық суреттер мен көркем детальдар молшылық.
Шығарма кейіпкерлерінің тағдыры оқырмандарын сендіре ме? Сөз жоқ,
сендіреді. Есеней мен Ұлпанның, Торсан мен Жәукенің, тағы басқаларының ара
қатынастары өмірде шын осылай болған ба еді, жоқ басқаша болған ба
еді—мәселе онда емес. Осылай болуға мүмкін бе еді, жазушы бізді осының
растығына сендіре алды ма—міне, мәселе сонда.
Ұлпан образы туралы күдік келтірушілердің кейбіреулері өмірде бұлай
болған емес деп күңкілдесе, кейбіреулері феодалдық-патриархалдық қоғамда
қыз бала мұнша билік алуы мүмкін емес деген сыңай білдіреді.
Сибан елінің барлық әйелдері Ұлпанның бейітін бес жыл күтіпті. Топырағы
олқы түсе бастаса-ақ жаулықтарына түйіп—топырақ әкеліп салады екен, содан
бұзылмай келеді.
—Ұлпан әулие адам болмаса айтқаны келер ме еді? Өлерінде Торсанды "Маған
көрсеткен қорлығың өз басыңа келсін!"—деп қарғаған екен. Сол қарғысы
келмеді ме? Бәрін де көрдіңдер, Торсанның шаңырағы бір күннің ішінде құрып
бітті.
—Көп жылдар бойы араздасып жүріп, әрең татуласқан біздің әкеміз де
Ұлпанды әулие адам деп өтті. Намазынан тастамайтын,—деп кіші баласы, таза
жанды адам Сүлеймен өз ойын айтты [6, 530-531].
Тайжекең сөзінде мен де жақсы білетін шындық бар. Әуелі Торсанның үлкен
ұлы Шақан болыс әкесінің бір ауыр зұлымдығынан өзін-өзі пышақтап жарылып
өлді. Содан кейін 1920 жылы Торсан өзі өліп еді, балалары бір күннің ішінде
быт-шыт болып тарап кетті: екеуі—қайнына, біреуі— туысқан еліне. Торсан
шаңырағы құлап, қыстауы аңырап қалды. Аяқтап келгенде бір кезде болыс
болған, мырза атанған Торсан балалары қайыршылыққа ұшырап барып құрыды.
Торсанның бейітіне ешкім барып құран оқымайды екен. Бұл енді қорлаудың
үлкені. Бейітінде тым болмаса бір шыбық шанышқан белгі де жоқ, бет
тақтайлары көрініп опырылып жатыр. Балалары әкесін көмген күні ұмытып та
болған. Осының бәрін Сибан елінің, Ұлпанның қарғысынан деп есептейді.
—Ұлпан шешеміздің қазасы неден болды екен? —деп сұрағанымда:
—Оның дәл анығын көрген де, білетін де өзіңнің үлкен әжең Шынар еді. Ол
кісі өле-өлгенше аузын ашпай кетті. Ол кісі таң атпай келіп, Ұлпанның қаза
болғанын бірінші болып көрген. Ұлпанды арулап, ақ киізге орап, үш жерден
байлап берген де сол кісі. Жерлегенде ішінде болдық. Жүзін көре алғанымыз
жоқ. Бала болатынбыз.
—Ел өтірік айтпайды, қате ұстап қалып, сол қатесін өзі түсінеді де соны
өңдеймін деп, кейде өзгертіп алатыны болады, —деді қария.
Ұлпан жайындағы әңгіменің ұзын-ырғасы осы. Кейбір жерлерінде артық-кемі
де жоқ емес.
Біздің үлкен атамыз Мүсірептің бейіті де осы зиратта. Бейіттің бас жағына
шыққан екі жуан ақ қайың бар. Қайыңдар қолдан отырғызғандай емес, өздері
шыққан.
—Үлкен атаң Мүсіреп Ұлпан бәйбішенің ең жақын дос адамы болыпты, —деді
Нарғожа қарт.
—Бала күнімізде Мүсекеңнің атын суғарып келуге таласушы едік. Жақсы ат
мінетін. Шынар әжең де балалардан барын аямайтын, мырза кісі еді. Әжең
ертерек қайтыс болды да, атаң қартая келе көп жоқшылық көрді. Үлкен баласы
шаруа басын құрастыра алмайтын момын кісі еді ғой,—деп аяқтады.
Сегіз сері Бахрамұлы әйел теңсіздігі туралы былай дейді: "Мен қалың мал
салтына анық наразылық білдіремін. Жастардың өз теңіне қосылуы, бірін-бірі
көріп, қалап барып құда түсуін орынды санаған. Кез-келгенді ала салуға,
қалың малдың арқасында қос-қостан әйел алып, оларды күң есебінде ұстауға
немесе жасы келіп дірілдеген кәрі шалға жас қыздарды ұзатуға батыл қарсылық
танытқан. Ал әйел теңсіздігін аяққа басқан қоғамдық топтарды өткір сынайды.
Серінің осы тұрғыдан 1850 жылы шығарған "Есенейге" атты өлеңінде:
Ұлғайған күшті арыстан түк бітірмес,
Шал ойнап жас қызбенен дәурен сүрмес.
Жылатып жас бойжеткен қыз алғанмен,
Бұл күнде Есенейден ештеңе өнбес.
Алғанын ол Есеней қайтып бермес,
Өзімен дауласқанды жақсы көрмес.
Көз жасы Ұлпан қыз бен Дайрабайдың,
Қазақ пен Есенейді шын жібермес, — деп, Есенейдің жас қыз алғанын
жақтырмай сынаған еді [8, 31-32].
Ғ. Мүсіреповтің "Ұлпан" романы жайында көптеген сыни ой-пікірлер газет-
журналдар беттерінде басылып жатты. Одан кейін де сахна төрлерінде
"Ұлпан—Есеней" атты қойылымдар да қойылды. Бұл жайында да баспасөз
беттерінде режиссерлардың қателік жақтарын айтып көрсеткен. "Ұлпан" романы
жайында жазылған ой-пікірлерге тоқталатын болсақ, 1997 жылы
22-каңтарда шыққан "Егемен Қазақстан" газетінде "Ер еңсесі" деген мақаламен
жарық көрді. Мұнда былай делінеді: "Ауыл өміріндегі бай мен шаруа
арасындағы қайшылықтарды сол тарихи кезеңдегі шындықпен дәлелдеп берген
"Ұлпан" романы шыққаннан кейін, ненің өтірік екенін ешкім дәл басып айта
алмады. Торсан қатал адам еді. Өзінің жұмыстарымен, болыс-билерімен
сөйлескенде қатып қалушы еді. Алдына кісі салдырмайтын. Торсан туралы елде
көптеген аңыздар, әңгімелер бар. Біріншіден, ол кісіні ешкім атымен атамай,
"Қоқан" дейтін. Байдың ауылының жанынан ешкім жортып, атпен шауып өтіп,
өліп кеткен адамды білуші еді. Көп жақтарын қазір ұмытып қалыппын,"—дейді
С.Мұканов [17].
Сонымен қатар Ғ.Мүсірепов Ұлпанды Есенейге ғашық болды деп айтып
көрсеткен жоқ. Ұлпан негізінен Есенейге қазақтың ескі салт-дәстүрінен аса
алмай және де әке-шешесінің кедей болып, қолы қысқалығынан Есенейге
қосылады. Ал шындығында Есеней аты елге мәлім болған қайсар батыр адам.
Кенесарымен бірге орысқа қарсы шықпайсың деп, малын қуып кеткенде бес болыс
Керей-Уақты бастап, малын қайтарып алады. Кітапта Біжікен өлімі көмескі,
екі ұшты болады. Өмірде Біжікен бала үстінде қайтыс болады. Соңында қалған
қызы да көп ұзамай өледі. Ұлпан бәйбіше күйеу баласының, яғни Торсан
төсегін басқаға жаңғыртқызбайын деп, туған ағасы Ембайдың қызы Бибізәурені
(Жәукені) қосады. Одан бес ұл, бір қыз өмірге келеді, - деп осы "Егемен
Қазақстан" газетінде көрсетеді. Сонымен қатар осы газет бетінде "Төліңді
сатып, төрінді жатқа берме" деген-мақалада мұндай деректер бар: "Ұлпанды
кіші баласы Мырзашқа айттырып қойған Түленнің әкесінің әкесі Тілепбайдың
шешесінің сіңлісі Ақбайпақтан туған Қарабайдың Қайыркелдісінің жиені
Игембердінің қызын алып отырған Ырымбектің Жәуке деген қызы бар еді. Торсан
сол қызға үйленеді". Міне, осы "Ұлпан" романына байланысты осындай көптеген
көзқарастар жазылды.
Осы мақалаларға қарасақ, тарихи шындық екенін және де көптеген аңыз-
әңгімелер бар екендігін айтады. "Ұлпан" романы өмірде болған тарихи шындық.
Ғ.Мүсіреповтің осы романы жайында "Казақ тілі мен әдебиеті" газетінде
(1996) былай делінген: "Ғ.Мүсірепов қазақ әдебиеті әлеміндегі кесек тұлға,
тамаша сөз зергері, әңгіме, новелла, қара сөзбен жазылған баллада, поэма
жанрының шебері, бірнеше романдар авторы. Ірі драматург, аудармашы, тамаша
публицист, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым. Сонымен қатар "Ұлпан" романында
басты кейіпкер - Ұлпан, Есеней, Артықбай батырдың, Мүсірептің өмірде
болғандығы және де тағы басқа адамдардың өмірде болғандығын айтып
көрсетеді. Романның бүкіл қазақ прозасының шоқтығы биік туындысы екендігін
айтады. Ұлпан ақылдықтың, даналықтың, қайраттылықтың, мейірімділіктің
анасы. Халық, ел жақсылары Есеней би мен Артықбай батыр, сонымен бірге адал
сыйластық терең адамдықтың, қазақ халқының тамаша әдет-салтында анық
бейнеленеді. Аңшы Мүсіреп, түрікпен Мүсіреп—Шынар, Ұлпан—Есеней
араларында таза да, табиғи, әрі ыстық достық болады. Ұлпан—Есеней адамды
адамша сыйлаудың, қадірлеудің, бір-бірінің қадірін бағалаудың үлгісі, киелі
ардақты адамдар бейнесі болып көрінеді. Ұлпанның ел анасы, Есенейдің халық
ағасы дәрежесінде берілуі, Торсан— ішкі есеп, арамдық, мейірімсіздік,
қатыгездік, баққұмарлықтың жексұрын көрінісі ретінде суреттелген. Киелілер
қарғысы Торсан және оның ұрпағының сол қарғысқа ұшырауы, "Ұлпан"—ұлттық
мәні, нәрі атайлап тұрған қазақтардың бай тілімен, шұрайлы етіп жазылған
кезең туындысы болып табылады," —деп көрсетіледі [24].
Міне, қай баспасөз бетінен алып қарасақ та, оқырман қауымның ой-пікірлері
Ұлпанның соншалықты дана болып, ел қамқоры болған асыл ана екендігін
мойындап көрсетіп жазады. Осы туралы газет беттерінде жазылған ой-
пікірлерге сүйене отырып, бұл "Ұлпан" романындағы кейіпкерлердің бәрі де
өмірде болған тарихи тұлғалар екендігіне көз жеткіземіз. Оған нақты дәлел
келтіретін болсақ, Ұлпан қаза болған кездегі, сол уақыттағы әлгі кішкентай
балалар кейіннен үлкейіп, есейген шағында айтып отырған Еменалы балалары:
Сүлеймен, Тайжыкен, Қари деген кісілер.
Жазушының 338-дәптеріндегі жазбалары Ұлпан романының біраз сыр-
сипаттарын ашып береді. Менің Джокондам – Ұлпан, дейді жазушы.
Ұлы суреткермен жарысқа түстім десем, оным барып тұрған астамшылдық
болар еді. Мен онша ақымақ болмасам керек.
Әрбір жазушының ойында әр кезде өзімен бірге жасасып толыға түскен
бейнелері болу керек. Менің ойымда Ұлпан 40 жыл бірге жасасып жүрді. Мен ол
бейнені әр қырынан көрсетуге тырыстым - ойы, сезімі, сырт суреті, жас кезі,
есейген кезі, мінезі, мейірімі, т.т.
Джоконда маған мұңайыс пен жымию сиқыры сияқты елестейді. Мен сиқырға
бара алмадым, кәдімгі тірі әйел бейнесін жасамақ болдым. Горькийдің бағытын
ұстадым. Ұлпанда романтизм бар деп те ойлаймын. Орыс сыншылары Ұлпан
бейнесінде аңыз бар десті. Мен - жоқ - деймін. Ұлпаннан бірнеше ғасыр бұрын
өткен Абақ, Қарқабат, Ақкелін, Домалақ енең тағы басқа рулы елге ұран
болған әйелдеріміз болған ғой! (338-дәптер). Бұл жазбалардан Ұлпан
романын жазуға Ғабит Мүсіреповтің 40 жыл уақытын жұмсағанын көреміз. Және
бұнда Леонардо да Винчи (1452-1519), А.М. Горький (1868-1936) сияқты ұлы
суреткерлердің Ғ.Мүсіреповке тигізген творчестволық игілікті ықпалдарының
ізі де сайрап жатыр. Бұл жазба тарихта болған талай-талай қайраткер,
дарынды қазақ әйелінің жиынтық (типтік), биік образын мүсіндеуге жазушының
ұзақ жылдар бойы шығармашылық мұрат-арман етіп ұстағанын бұлтартпай
дәлелдейтін әдеби деректің құндысы [9. 276].
Ұлпан казақтың әйелдер арасындағы ақылды да, зерделі де, дана да, тамаша
адам. Ұлпан ел анасы болып, халықтың жағдайын аса бір ұқыптылықпен
жайғастырған, көркіне ақылы сай, Ақнар, Ару ана, Әулие ана болып танылған
асыл бейне.
ІІ тарау Ұлпан романындағы Ұлпан мен Есеней бейнесі және олардың тарихи
тұлғалары
Ғабит Мүсірепов шығармашылығында аяулы, асыл, қасиетті аналар
образын бейнелеуге ерекше назар аударған суреткер жазушы.
Романның өзіне келетін болсақ, бұл роман үш бөлімнен және жиырма төрт
тараудан тұрады. Әрбір жеке тараулары рим цифрымен белгіленген. Ұлпан
романында тоқсанға жуық образдар бар.
Шығарманың оқиғасы – ХІХ ғасырда қазақ даласында болған тарихи
шындықтарға негізделген. Романның Ұлпан, Есеней, Мүсіреп тәрізді
кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Романның атына лайық оның ең басты
кейіпкері, әрине, Ұлпан.
Ұлпан – романтикалық характер. Тарихи адам өмірінің реалды шындығын
жазушы оны сәл көтере түсер, өз ортасынан оқшау шыққан адам екенін танытар
қаһармандық қасиеттермен әрлейді. Қарапайым қазақ қызының іс-қимылы да,
сөзі де бір көргеннен ірі танылады. [ 2, 125].
Батырдың ерке қызы шаңырақтың ошағы, үйдің ұстыны болып, яғни жоқтың
өзі бар, аздың өзін көптей етіп отыратын, он саусағынан өнері тамған
Несібелі ананың қызы Ұлпанға ұяда көрген тәрбиесінің арқасында Есеней ғана
емес, бүкіл ел қызыққан, сүйсінген. Ұлпан ата-анасының тұңғышы мен жалғызы
болғандықтан, өте еркін өсіп, еркекшора киінген.
Қаршығалы шұбарына көз тіге келген Есеней тобының алдынан жігітше
киініп шыққан қыз өтінішінің өзінде ерекше бір асқақтық барын түрікпен
Мүсіреп бірден байқайды. Онысын бетіне айтқанда, қыз айып тартқан болып,
атын тастап, тағы да салмақ салып кетеді. Бұл салмақ өмірі кісі алдында
айып тартып көрмеген Есенейді атына ат қосып қайтаруға мәжбүр етеді.
Ерке болушы еді, ығыспай сөйлейтін қыз болыпты-ау? Зейінді, зерделі
боларсың деп ойлап кетіп еді, ойлағаны келген де қойған. Ұтқызбай кетті
ғой.
Төрт-бес жасында Артықбай батыр үйінде кездесіп, әке мен баладай
достасып кеткен Ұлпанды Есеней осылай еске түсіреді. Сондай-ақ көркіне
мінезі сай биязы да инабатты, сұлу да сымбатты. Ұлпанның инабатты екенін
романның мына тұстарынан байқаймыз:
Бала жігіт бұл жолы да тез жауап қайтарды:
- Арызымызды айтып кел деген жұрт асқақтай сөйле деп тапсырған жоқ
еді, ағалар. Солай болып шықса айып өзімде. Жүйелі сөз жүйесін табар,
жүйесіз сөз иесін табар деген бар ғой. Міне, айыбым! – деп атынан түсе
қалып ұзын шылбырын Кенжетайға қарай серпіп жібереді.
- Әйтеуір ат жетелеп жүр екенсің, мынаны жетелей жүр.
Міне, осы тұстарынан еркекшора киінген Ұлпанның Есеней мен оның
жанындағы төрт адамдарға осылай жауап қайтарып кетті.
Сонымен қоса, Ұлпан сөзге шешен, ақылды да, батыл қыз болып өседі.
- Ойдағы он ауыл Сибанның барлық малын айдап әкелсе де бір қыс асырап
шығуға Қаршығалының шұбары жетер еді. Жалғыз Есенейдің жылқысын асырап
шығуға жеріміз жетпей жатса, айыпты болмақпыз ба?
Ұлпан кейде әкесіне ақыл-кеңесін беріп отыратындығын осыдан
байқауымызға болады.
Тағдыр ісіне мойынсұнып, қарап отыру – Ұлпан характеріне жат.
Феодалдық ортаның әйел қауымына құрып қойған тұзағынан біржола босап кетуді
ойламаған ол өзіне бұйырылған ырзық көлемінде еркін, өз ықтиярымен тіршілік
құруды қалайды. Оның Мырзаштан құтылуға талабы да осының бір көрінісі.
Мырзаштан құтылады және одан өз күші емес, Есеней сияқты күштінің қолы
құтқарады. Тағдыр құрығы ұзын емес пе? Бірақ мұның артында Есенейдің өз
құрығы дайын тұрғанын Ұлпанның аңғарған да түрі бар. Есенейден құтылар күш
жоғын Ұлпан біледі. Сондықтан да Есенейдің сөз салғанын естігенде, оның
ойына келгені: Ағашқа асылып өлмесең, құтыла алмайсың. Есенейден арашалап
алып қалар адам жоқ. Айтты – болды. Басың болса – ие бер, тізең болса –
бүге бер. Тек түрікпен Мүсірепке қайтарған жауабында: Бірақ ағаңның есінде
болсын – Ұлпан арзанға түспейтін қыз, - дегенді қоса айтып шарасыз көнеді.
Мұнысы: Есенеймен сөзді басынан ашып алу, үлкен ордаға тоқал емес, бәйбіше
болып кіру болатын. Есеней өзінің бүкіл өмірін сарп етіп етіп жеткен
есенейлігін оп-оңай Ұлпанға бере салды. Қырыққа келгенде біздің елдің
Есенейі сен боларсың. Оған дейін сен менің Есенейім бола тұр... − дейді
[7, 103]. Ұлпанның өзі білетін дүниенің бірінші адамы – Есеней де, егер бұл
ойы іске аса қалса, екінші өзі болмақ. Ұлпанның өзінің осы ойын іске
асырады.
Осыны істетіп отырған Есенейдің кеңдігі, жомарттығы басым ба, жоқ
әлде, өз басынан дәурен өтіп бара жатқанын сезгендіктен, сол есенейлік
біржола құрып кетпесін деп, көзі тірісінде бір сенімді қолға тапсырып қоюға
бекінген өзімшілдіктің ішкі есебі басым ба? Қалай болған да Ұлпан
есенейлікті өзінше қабылдап, өзінше пайдаланады.
Тоқтай тұр әлі, біраз көрейін, көрмегеніме көзім үйренсін,
білмегенімді біліп алайын. Тоқтай тұр әлі.... Осы тоқтай тұр әлі ...
бұдан кейінгі бүкіл Ұлпан әрекетінің ішкі өзегі секілді естіледі.
Әрине, мұның барлығы феодалдық-патриархалдық тәртіптің көбесі
сөгілмей, тұтасып тұрған кезінде бір әйелдің басына артығымен жетіп жатыр
еді.
Ғ. Мүсірепов бір шығармасынан екінші шығармасына асқан сайын өзінің
шебер суреткер екенін дәлелдей түседі. Ол бір сәт те өткенге тоқмейілсіп
тоқтап қалған емес. Ылғи ізденісте болған. Жазушы осындай тынымсыз
ізденістен туындаған көркемдіктің талай үлгілерін Ұлпанда ұсынады.
– Ол үйде отырған бәйбішеңіз бар емес пе? – Жоқ. Мен Өреліде тұрамын, ол
кісі Сөреліде тұрады. Арамыз құдайға илансаң, жеті жылдық жол.
Есенейдің жұмбақтап айтқанына Ұлпан ойланбай-ақ түсінді [11, 373].
Өрелі ат деп бір алдыңғы аяғынан, бір артқы аяғынан шалыс шідерленген атты
айтады. Бұл күнде естіп жүрген сөзі. Ондай ат бос та емес, түгел тұсаулы да
емес. Есеней өзін солай өреленген атқа теңеді.
Сөре деп жаугершілік заманда өлген адамдарды мекеніне апарып
жерлегенше қалдыра тұратын жарым, үй-жарым жапқаны айтады. Сол кездерден
қалған Сөрелі деген жерлердің талайын Ұлпан өзі де біледі.
Арамыз жеті жылдық жол дегені – жеті жылдан бері осылай тұрамыз дегені
де. Әйтеуір Есеней құрығынан құтылмасына бой ұсынып қойған Ұлпан ең
болмағанда тоқал емес, үлкен орданың бәйбішесі боларына көзі жетті [11,
373].
Қазақтың шешендік сөздерінде кездесетін үлгі. Егер де Есеней өрелі,
сөрелі, жеті жылдық жол деген сөздерді қолданбай, барды барынша айтып,
жұмбақтай сөйлемесе, осы бір жолдар қарабайыр болып шығар еді. Оның үстіне,
автор, Ұлпанның таным-түсінігінің де мол екендігінен хабар беріп отыр.
Ұлпанның мінезі де ашық жарқын, ақ көңіл. Әрі өз ой-пікірін ашық,
нақты жеткізетін болған.
Жазушы романдағы әрбір сюжетті көз алдымызға елестеп отырғандай
көркемдегіш тәсілдермен суреттеген. Мәселен:
Ұлпанның тұла бойы тітіркеніп кетті... бала мінезді болушы еді, қатты
қорыққан екен. Жас балаша жылады. Ерке болса да ер мінезді болушы еді,
қорланып жылады. Үйге қадірлі қонақтар келген күні ұятқа ұшырап қалдым-ау
деп, ұялғаннан жылады.
Романда Ұлпанның кішкентайынан бір маралды жанындай жақсы көретіні де
суреттеледі. Яғни, жігіттер көлге түскен маралды қалай ұстаудың айласын
таба алмай Артықбай шалдың үйіне келіп, садағын сұрағанда, Ұлпан әкесіне
бергізбей қояды. Сонда:
- Тиюші болмаңдар! Бұл менің маралым! – деп үйден қуып жібереді.
Ұлпанның жанашыр ретінде қол ұшын берген әрі сенімді досы болған-
түрікпен Мүсіреп. Олар әрі бір-бірімен ағалы-қарындасы ретінде араласып,
кейде қалжыңдаса беретін. Оны романның мына тұстарынан байқауға болады:
- Мүсіреп аға, қасқырға тым кеш шығыпсыз ғой? – деді.
- Қасқырға емес, саған амандаса кетейін деп келе жатырмын, қарағым.
Ертең елге қайтатын едім.
- Елге? Бізді осылай тастап кете бересіз бе?
- Тастап дегенің не айналайын-ау... Сені кім қиып тастап кетер! Ұзамай
қайтып келемін.
Ғабит Мүсірепов сонымен қатар, Ұлпанның мінезі мен оның сүйініш
-күйінішін суреттеген. Мына төмендегіден оның сүйініш - күйінішін көреміз.
Ұлпан бір түсініксіз күлкімен күле бастады. Тоқтай алмай күлді.
Қуаныш күлкісі, ойын-қалжың күлкісі бұлай болмайды. Бұлай күлгенінен
жылағаны жақсы болар еді. Жынданып кеткендей атынан ауып, ар жағына қарай
қүлап барады. Мүсіреп Ұлпанның тізгін ұстаған қолынан шап беріп өзіне қарай
жұлқып қалды. Жындана бастаған адамды шошындыру керек.
Романның екінші бөлімінде Ұлпанның ақылы мен адалдық қасиеттері, ерік-
жігері мен батылдығы, парасаттылығы мен кішіпейілділігі молынан
суреттеледі. Ұлпанның акылдылығымен қатал, қатыгез болған Есеней бірте
-бірте жұмсақ, көңілді бола бастайды. Ұлпан Есенейді әрі билей, әрі
еркелете сөйлейді. "Бозбалам", "Жолбарысым" деп те атайды. Есенейдің
ақылдасары да, әйелі де, қызы да, тіпті шешесі де сол Ұлпан ғана болады.
- Келін! - деді Ұлпан Айтолқынға, - шымылдығыңызды әрі әкетіңізші!
Мен өз ауылыма өзім шымылдық бүркеніп барғым келмейді.
Өзін үлкен бәйбішелер қатарында ұстап келген Айтолқынға Ұлпанның
"келін" дегені Еменалының қамшысынан да қатты тиді. Еменалы оны қамшылап -
қамшылап алатын.
- Не дейді!? "Ойбай - ай, көргенсізін - ай!"
Ұлпан келінінің жасынан кіші болғанына қарамастан, өзін келіндердің
үлкені ретінде биік ұстады. Ұлпан өз бойындағы өрлікке барып, атақты бай би
адамның ауылындағы көріксіз халге қатты намыстанды. Өзі кедей ауылдан
шыққандықтан, жарлы-жақыбайға жаны ашыды.
Ұлпан кең пейілді, адамгершілігі мол Сибан елінің кедей-кепшігіне қол
ұшын беретін әйел.
" Бұл күндері Ұлпанның қолы да босай алмады. Қой қырқылып, жылқы
күзеліп жатқан кез екен. Әуелі бір кемпір келді.
- Қарағым - ай, төрт жетімек немерем тырдай жалаңаш... тым болмаса
бір - екеуіне күпті тігіп беретін жабағы берші.
- Ала ғой, шеше... төртеуіне де жететін етіп ал...
Одан соң екі кемпір келді. Одан соң екі кемпір, бір жастау әйел, одан
соң екі кемпір, екі жастау әйел келе берді, көбейе берді, келе берді..."
Ұлпан алдына келген адамның қолын қусырып қайтарған жоқ. Сұраған
адамдарға бере берді. Ол белгілі бір мырза келін атанғысы келген жоқ,
әлденеге іштей наразы, әлденеге іштей намыстанып үлестірді.
Ұлпан мен Есеней бір-біріне қатты бауыр басқандықтан, олар әрқашан
бір-біріне ерекелеп сөйлейді.
Ұлпан өз аулына жақындағанша Есенейге баладай еркелеп, қалжыңдасып
келе жатты. Пәуескенің ішінде де шынтақтай отырып келеді.
- Есенейжан, сен көлге шомылғанда жүземісің?
- Оны неге сұрадың?
- Су сені көтере ала ма дегенім ғой.
- Жоқ, мен қолым жеткен жерге ғана жүземін...
- Жүзіп үйренгің келе ме?
- Оның маған керегі не? Жалғыз "Қайран көлден" басқа көлдердің бәрінен
де аяқтап өте берем.
Кезінде ойын-калжыңға шорқақ Есеней, осы күні Ұлпанның ыңғайына қарай,
Ұлпанды күлдіргісі келіп қалжыңдаса алатын болды. Бұрын бар ойы дау-жан-
жалда болса, ал казір оның бар ойы Ұлпанда, Ұлпанның қас-қабағында.
Есеней Ұлпанмен отау болып, шаңырақ құрғанда, Ұлпан өзінің дариядай
ақылымен, батылдылығымен Есенейді қатал, қатігез мінезін түбегейлі
өзгертеді.
Ұлпан – сол кездегі саны өмірдің жаңалығын түсіне қабылдап, болашағын
дұрыс аңғара білген қайраткер.
Ол алдымен әлеуметтік теңсіздікке қарсы. Ұлпан өз тегі кедей
болғандықтан, жоқшылық зарын тартып өскендіктен, Есеней ауылына келгеннен
кейін, талай жыл бойы төбе бидің төлеңгітіндей ақысыз-пұлсыз жалшылықта
жанкешті болып тіршілік еткен жарлы ауылдардың талай жылғы ақысын қайтарып
берді, иесіз жатқан шұрайлы жерлерді де соларға бөліп береді [7, 99].
Мәселен:
- Осы қырық үй малшы - жалшыларыңның қырық жылдан бергі жалақылары
сенің мойныңда кете беріпті... обал ғой, - деді!
- Айналайын Ұлпанжан, соны маған ендігәрі айтпайтындай болып, өзің
тындыршы, екеумізге екі айғырдың үйір жылқысын қалдырсаң болды. Менің
ендігі байлығым жалғыз сен! Асырарсың бірдеме қылып...
Міне, осы тұстан Есеней әрі әйелі, әрі ақылшысы Ұлпанға
сеніммен қарайтынына көз жеткізіп отырмыз.
Ұлпан бейнесі – жазушы жүрегінің терең тебіренісінен туған, үлкен
жүректің мол сезімінен жаралған, оның барлық мерейі мен махаббаты, қадірі
мен құрметін суреткерлік талаптың елегінен өткізіп, әбден екшеп барып,
қапысыз мүсінделіп, кемеліне келтіре жасалған бейне. Характердің өсу,
қалыптасу, ашылу сатылары, оның әрбір іс-қимылының жан-жасығы мен дәлел-
дәйегі, өріс-кеңісі мен келіс-келеңі дегендер бәрі орын-орында.
Ұлпанның тұла бойы толып тұрған ерлік пен езгілік, ақыл мен парасат,
әділдік пен адамгершілік. [7, 100].
Келе-келе Есеней Ұлпанға Есеней, Ақнар деп ат қояды. Есеней дегені −
бұл символ. Бұрын бұл елдің көсемі мен едім, енді сен болдың дегенді
аңғартады. Ақнар деп атау себебі қазақтың нардан қасиетті, нардан күшті,
нардан сұлу, нардан қадірлі несі бар! Сондықтан Есеней Ұлпанды Ақнарым деп
те атай береді. Ұлпан өзінің ақылымен, парасаттылығымен жасаған игі, ізгі,
жақсы касиеттерінің арқасында тек қана Сибан еліне ғана емес, сонымен
бірге Сібір генерал-губернаторына да таныла бастайды. Ұлпан үйі жоқтарына
үй беріп, аты жоққа ат беріп, Есенейдің жарты малын Сибанның жоқ- жітігіне
үлестіріп жібереді. Бәрі байып алып, енді орыс үй салдырып береді.
Сонымен қатар Шынар босанар алдында Стаптан дәрігерлер шақыртып алады.
Шынар мен Мүсірептің қуанышына ортақтасады.
Ұлпан характерінің алғашқы бір шоқтығы көтерілген тұсы да, оның
әлеумет тіршілігіне қарай батыл аяқ басуы да, ұлпандықтың есенейлікті
мықтап тұрып жеңуі де – осы ара.
Есенейдің бар билігін қолына алғаннан кейін, сол елді орыс өмірінің
өрісті жақтарына қарай бұруы, жұртты отырықшылыққа бастап, егіншілікті
енгізе бастауы – Ұлпанның халықтың шын жанашыр жақын досы екенін танытатын
қадамдары. Сонымен қоса Ұлпан медіресе салдырады, әйел теңдігі мәселесін
көтереді. Есеней өлген соң Сибанның анасы атанады. Бұл – автордың еңбегі,
жазушы тапқырлығының жемісі, шын суреткерліктің белгісі.
Мәселен, романның мына үзіндісін келтіруге болады. Үйіне келген
қонақтарды Ұлпан кішіпейілділігімен, ақ көңіл мейірімімен қарсы алады.
Сонда Савросов мырза былай дейді: Бұл әйел жалғыз Есенейді ғана бағындырып
алған жоқ, бес болыс Керей-Уақтың руларына түгел беделі бар адам. Әуелі
Александар II патшамыздың реформасын жасады. Есенейдің барлық жерін еліне
бөліп берді. Бөліп бергенде қандай ауыл-
ауылға қыстауды да, егіндік-шабындық жерді де тұтас берді. Бұл араның
қазағына егін салдырды. Шөп шаптырды, қыстау салғызды. Сондықтан бұл
елді жартылай отырықшы дей аламыз.
Ұлпанның адал еңбекқорлығының нәтижесінде, генерал губернатордың
алтынмен жазылған, мөр басылған, екі басты самұрық құсы бар мақтау қағазбен
марапатталады. Алайда, Ұлпанның көптеген қиын кезеңдерді басынан өткізеді.
Соған қарамастан, ол барлық қиыншылықтарды өзінің сабырының арқасында
жеңіп, төтеп бере алатын болады.
Романның үшінші бөлімінде Ұлпанның басынан кешірген қиын кезеңдері
дәріптеледі. Ең әуелі тоғыз жыл бойы күзетіп жатқан Есенейден айрылады.
Сонымен қоса, әкесі - Артықбай да дүние салып, мұң-зары ұлғая түседі.
Дегенмен, бір көңілі тек жалғыз қызы − Біжікенде болады. Ұлпанды жұрт әрі
құрметтейтін де, әрі жақсы көретін де. Ұлпанға ақылдаса келетін еді. Ел
ішінде үлкендер үшін Әулие Ұлпан, ал кішкентай балалар үшін Ұлпан ана
болып мәңгілік халық жүрегінде сақталады.
Ұлпан өмірде болған, есімі жалпақ елге мәшһүр адам. Автор романда
өткен ғасырда көшпелі қазақ ауылында жасаған кемел қайраткер әйелдің
трагедиялық тағдырын тебірене толғайды. Бірақ адам қанша әділ, қаншама
қайырымды болғанымен, екінің бірі, әсіресе сол кездегі қазақ әйелі нақ сол
заманда жаңағы біз айтқан қайраткерлік дәрежеге оңайлықпен жете алмас еді.
Қайраткер атану үшін ол қоғамдық өмірге өзінің іс-әрекетімен тың жаңалық
әкелген болуы, заман өктемдігін көктей өткенде қажыр-қайратымен тыңнан жол
тартып, өмір ағымын жаңа бір арнаға бұрғандай іс-тындыру шарт. Ұлпан – осы
мағынада нағыз қайраткер, қаракетшіл істің адамы. Ұлпан өз ортасынан
суырылып шығып, елге қамқор, ер ана дәрежесіне көтеріледі. Ол қазақ
әйелдерінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz