Қазақ халқының қалыптасуы туралы мағлұмат



1. Қазақ халқы этногенезінің басталуы. «Қазақ» этнонимі

2. Қазақ жүздерінің қалыптасуы

3. Қайталауға арналған сұрақтар

4. Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысына тапсырма
Қазақ халқы әлемнің басқа халықтарына тән болған бірегей заңдылықтар негізінде қалыптасты. Этногенез процесінің жалпы схемасы төмендегідей болды: жеке рулар, тайпалар, тайпалық одақтар, халықтар, ұлттар – осылармен қатар тілдер де дамыды. Бұл процестер тура сызықты болған емес, ол қайшылық жағдайда, ұсақтану, ассимиляциялану, будандасу және бірігу арқылы өтіп жатты, жеке бір тұста уақытша тоқтап та қалып, ал содан кейін қайтадан дамып отырды, бұл орайда тарихи жаңа жағдайда ғана жаңғырып отыруды басынан кешірді.
Қазақ халқының этногенезі ежелгі заман тұңғиығынан басталады, ол негізінен Қазақстанның ұлан – ғайыр жерін ежелден мекендеген автохтонды тайпалар мен тайпалар бірлестіктерінен құралған. Халықтың қалыптасуы ежелгі және орта ғасырлардағы ірі- ірі этникалық саяси оқиғалармен, шаруашылық формаларының эволюциясымен және қоғамдық қатынастардағы серпінді ілгерулермен, феодализмнің қалыптасып, нығаюымен байланысты. Халық нақтылы әлеуметтік – экономикалық жағдайда құралады және дамиды, сондықтан да ол этникалық - әлеуметтік қауымдастық болып табылады.
Қазақстан аумағындағы және бүкіл Орта Азиядағы этногенетикалық процестердің түп тамыры қола дәуірінен басталады. Қазақ даласын мекендеген тайпалар өздерінің нәсілдік типі жөнінен европеидтер болған. Ежелгі темір дәуірінде Қазақстан жерін сақ тайпалары – массагеттер, даилар, исседондар және басқалар мекендеген. Қазақ халқының түп төркіні б.з.б. УІІ ғ. бастап жазба тарихта әйгілі болған сақтар еді. Б.з. ІІІ ғ. бастап У ғ. дейін Оңтүстік Қазақстан аумағында өмір сүрген үйсіндер мен қаңлылар бірлестіктері қазақ халқының негізгі ұйытқысы болды. Қазақстан жерінде этникалық процестің шешуші кезеңі б.з.б. 1 мыңжылдығының ортасынан, түріктердің жаппай көшіп келуімен байланысты. Ежелгі сақ, сармат, үйсін т.б. ұрпағымен араласқан түріктер этно- демографиялық жағдайды өзгертті.
Батыс түрік қағандығы ыдырағаннан кейін пайда болған мемлекеттік бірлестіктер де (түргеш, қарлұқ, оғыз, қимақ) сол бағытта дамыды.
1. Қазақстан тарихы: Көне заманнан бүгінге дейін: Бес томдық /[ Ред. М. Х. Асылбеков, Қ. С. Алдажұманов, К. М. Байпақов] .- Алматы: Атамұра. Т. 2: Қазақстан соңғы орта ғасырлар дәуірінде.- 1998.- 640 бет.
2. Аманжолов, Керейхан. Түркі халықтарының тарихы: Көне дәуірден біздің заманымыздың ХІV ғасырына дейінгі кезең: Оқу құралы / К. Аманжолов., К. Рахметов.- Алматы: Білім, 1996.- 272 бет.
3. Қазақ қоғамындағы әкімшілік- шаруашылық жүйелердің эволюциясы: Оқу құралы / Ред. басқар. К. Ә. Берденова; ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі.- Алматы: Экономика, 1999.- 361 бет.
4. Қаратаев, Төреғали. Жүз жылдың ақ-қарасы: Саяси тарих беттері. [Оқу құралы] / Т. Қаратаев.- Алматы: ҚАЗАҚ УНИВЕРСИТЕТІ, 1993.
5. Маданов Х. Қазақ мәдениетінің тарихы. –Алматы: Қаржы-қаражат, 1998.
6. Маданов Х. Ұлы дала тарихы: Оқу құралы / Х. Маданов., Ч. Мусин.- Алматы: Санат, 1994.
7. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы: [Оқу құралы] К. Рысбайұлы.- Алматы: Санат, 2001.
8. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех
тысячелетий. Алма-Ата, 1992..

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып 7. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

1. Қазақ халқы этногенезінің басталуы. Қазақ этнонимі

2. Қазақ жүздерінің қалыптасуы

3. Қайталауға арналған сұрақтар

4. Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысына тапсырма

1. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ЭТНОГЕНЕЗІНІҢ БАСТАЛУЫ.
ҚАЗАҚ ЭТНОНИМІ

Қазақ халқы әлемнің басқа халықтарына тән болған бірегей заңдылықтар
негізінде қалыптасты. Этногенез процесінің жалпы схемасы төмендегідей
болды: жеке рулар, тайпалар, тайпалық одақтар, халықтар, ұлттар – осылармен
қатар тілдер де дамыды. Бұл процестер тура сызықты болған емес, ол қайшылық
жағдайда, ұсақтану, ассимиляциялану, будандасу және бірігу арқылы өтіп
жатты, жеке бір тұста уақытша тоқтап та қалып, ал содан кейін қайтадан
дамып отырды, бұл орайда тарихи жаңа жағдайда ғана жаңғырып отыруды басынан
кешірді.
Қазақ халқының этногенезі ежелгі заман тұңғиығынан басталады, ол
негізінен Қазақстанның ұлан – ғайыр жерін ежелден мекендеген автохтонды
тайпалар мен тайпалар бірлестіктерінен құралған. Халықтың қалыптасуы ежелгі
және орта ғасырлардағы ірі- ірі этникалық саяси оқиғалармен, шаруашылық
формаларының эволюциясымен және қоғамдық қатынастардағы серпінді
ілгерулермен, феодализмнің қалыптасып, нығаюымен байланысты. Халық нақтылы
әлеуметтік – экономикалық жағдайда құралады және дамиды, сондықтан да ол
этникалық - әлеуметтік қауымдастық болып табылады.
Қазақстан аумағындағы және бүкіл Орта Азиядағы этногенетикалық
процестердің түп тамыры қола дәуірінен басталады. Қазақ даласын мекендеген
тайпалар өздерінің нәсілдік типі жөнінен европеидтер болған. Ежелгі темір
дәуірінде Қазақстан жерін сақ тайпалары – массагеттер, даилар, исседондар
және басқалар мекендеген. Қазақ халқының түп төркіні б.з.б. УІІ ғ. бастап
жазба тарихта әйгілі болған сақтар еді. Б.з. ІІІ ғ. бастап У ғ. дейін
Оңтүстік Қазақстан аумағында өмір сүрген үйсіндер мен қаңлылар
бірлестіктері қазақ халқының негізгі ұйытқысы болды. Қазақстан жерінде
этникалық процестің шешуші кезеңі б.з.б. 1 мыңжылдығының ортасынан,
түріктердің жаппай көшіп келуімен байланысты. Ежелгі сақ, сармат, үйсін
т.б. ұрпағымен араласқан түріктер этно- демографиялық жағдайды өзгертті.
Батыс түрік қағандығы ыдырағаннан кейін пайда болған мемлекеттік
бірлестіктер де (түргеш, қарлұқ, оғыз, қимақ) сол бағытта дамыды.
ІХ ғ. басында қимақтар мен қыпшақтар Сырдарияның оң жағалауына жетеді
де Түркістанның мұсылман облыстарының этномәдениетімен тікелей байланыс
орнатады. Түріктермен араласқан түркі тілдес тайпалар осылайша қалыптасады,
олардың төл руналық жазуы болған. Х ғ. түркі тайпалары исламданғаннан кейін
араб жазбасы көне түрік тілін ығыстырады. Наймандар мен керейттердің
Алтайдан Қазақстанның шығысына қоныс аударып, осында өздерінің мемлекеттік
бірлестіктерін құруы, этникалық жағдайға елеулі әсер етті. Осы тайпалардың
аттарының өзі қазақтың генеалогиялық құрамына енді.
Алайда ХІІІ ғ. басында осы бір оңды процесті монғолдардың шапқыншылығы
үзіп жіберді. Әрине, ол қазақ халқының құрылуын күрт тежеді. Жау көптеген
қалалар мен отырықшы елді мекендерді, егіншілік ошақтарын талқандады,
өлкенің өндіргіш күштерін күйзелтті, аймақтар арасында орын алған
экономикалық және мәдени байланыстарды бұзды.
Монғол басқыншылығы түрік халқының құрамы мен антропологиялық типіне
белгілі ықпал жасап, мұнда монғолоидтық белгілерді күшейтті. Алайда өзі
құрған ұлыстардағы тұрғындардың жалпы санының шағын үлесін ғана құрайтын
монғолдардың өздері жергілікті түрік тілді халық ішіне сіңісіп, оның тілі
мен ғұрпын қабылдады.
Монғолдардың шапқыншылығы халықтың құрылуын едәуір кідірткенімен, оны
тоқтата алмады. Қазақстан аумағының негізгі тарихи этнографиялық
өңірлерінің шеңберінде пайда болған Ақ Орда, Моғолстан және басқа да
мемлекеттік бірлестіктер негізінен осы жердің автохтонды халқын және
түріктенген монғолдардың біршама шағын топтарын ғана өзіне қамтыды.
Біртіндеп шаруашылық өмір қалпына келе бастады, шыққан тегі мен тілі,
материалдық және рухани мәдениеті тектес туысқан этносаяси тайпалық
топтардың жақындасу үрдісі жаңғырды. Бұл ретте ХІУ ғасырдың ортасында
орталығы Жетісуда болған Моғолстан мемлекетінің орнауы Қазақстан аумағында
этникалық біртектес мемлекетттік бірлестіктің пайда болуындағы алға қарай
жасалған қадам еді. Мұнда дулаттар маңызды рөл атқарды, олар түрік
тайпаларының ішіндегі ең ірісі болатын әрі едәуір жерді алып жатты. Соған
қоса Моғолстан мемлекеті Жетісудың түркі тілдес халқын саяси жағынан
уақытша Қазақстанның басқа жерінен бөліп тастады.
Ақ Орда халқының едәуір бөлігі қыпшақтар еді. Өзара қырқысу мен
әлеуметтік жанжалдардың салдарынан ХУ ғ. басында Ақ Орда ыдырады, Өзбек
хандығы және Ноғай Ордасы пайда болды. Өзбек хандығының этникалық құрамына
арғындар, жалайырлар, қаңлылар, қарлұқтар, қыпшақтар, қоңыраттар,
наймандар, үйсіндер, т.б. кірді. Ноғай Ордасына маңғыттар, наймандар,
қаңлылар, алшындар, арғындар, қоңыраттар, қарлұқтар және басқалар енді.
Нәтижесінде осы тайпалардың бәрі қазақ халқының этникалық компонентін
құрады.
Сонымен, ХІІІ ғасырдың 1 жартысы түрлі этникалық бірлестіктердің
ұсақтану, қосылу, ажырасу, жойылу және тілдік, нәсілдік, мәдени элементтер
миграциясының кезеңі болды. Әрине, осының бәрі жергілікті тайпалардың
қосылуын тежеді. Ал монғолдардың Қазақстанның күллі аумағындағы үстемдігі
қазақтардың халық болып қалыптасу процесін тағы да екі жүз жылға
кешеуілдетті.
Тұтас алғанда, халықтың құрылуы – ұзақ мерзімді процесс, оның
түпкілікті қалыптасу уақытын белгілі бір датаның кезеңімен байланыстыру
қиын. Алайда азды – көпті тұрақтанған пікірге қарай, қазақ халқының
қалыптасу процесі негізінен ХІУ – ХУ ғ. өліарасында аяқталған деуге болады.
Қазақ тілі қыпшақ тілі негізінде қалыптасты. Сонымен бірге ХІУ- ХУ ғ.ғ.
Қазақстан аумағында дәстүрлі шаруашылықтың жандана бастағаны, көшпелі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдени мұра саласындағы проблеманың қазiргі жай-күйiн талдау
Қазақстан халқының КСРО уақытында ашашрылқта болған жағдайы
Тіл білімінің өзекті мәселелері пәнінің оқу -әдістемелік кешені
Іскерлік ойындардың түрлері
Мерзімді басылымдар жазба деректердің басқа түрлерінен тек өзіне ғана тән сипаттарымен ерекшеленуі
Абылай тұлғасының қалыптасуы. Абылай ханның саясаттағы орны
Антропология ғылымының қалыптасу тарихы
Елбасының қазақ әдебиетіндегі бейнесі
Қазақ қоғамындағы батырлар институты
Дүниетаным және оның құрамды бөліктері
Пәндер