ХҮ- ХҮІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Тақырып 8. ХҮ- ХҮІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ

  1. Хандықтың құрылуының алғы шарттары
  2. Саяси тарихы
  3. Қазақ хандығының сыртқы саясаты

1. ХАНДЫҚТЫҢ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ

Қазақ хандығының пайда болу тарихы ХУ ғасырдың екінші жартысынан басталады. Ол Қазақстан жерінде ХІУ-ХУ ғасырларда болып өткен әлеуметтік - экономикалық және этникалық - саяси процестердің заңды қорытындысы.

Қазақ хандығы құрылуының алғы шарттары:

1. Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан хандығының күш-қуатының әлсіреуі.

2. Жетісу мен Шығыс Дешті Қыпшақ тайпаларының көсемдерінің тәуелсіздікке ұмтылыс жасауы.

3. Билікке таласушылардың тәуелсіздікке қол жеткізу үшін өздеріне қуатты одақтастар іздеуі. Сөйтіп, Қазақстанның Оңтүстік аймақтарындағы тайпалардың көпшілігі XV ғасырдың 40-50 жылдарында Керей мен Жәнібек сұлтандарының төңірегіне жиналып, болашақ негізін салуға Батыс Жетісуға көш бастады. Бұл хандықтың бұрынғы хандықтардан айырмашылығы-жаулап алушылық негізде құрылған жоқ, экономикалық, этникалық негізде құрылды.

Қазақ хандығының бөлініп шыққан хандығы - Әбілхайыр хандығы.

Қазақ хандығының алғаш келіп орналасқан хандығы-Моғолстан хандығы.

Қазақ хандығына жер бөліп берген Моғолстан ханы - Есен-бұға.

Қазақ хандығының ең алғаш орналасқан жері - Батыс Жетісудың Шу бойындағы Қозыбасы жері.

Қазақ хандығының құрылған уақыты - 1465-1466 жж.

Қазақ хандығының алғашқы ханы - Шыңғыс хан тұқымы, Болат сұлтанның ұлы-Керей болды. Болат сұлтанның інісі - Барақтың ұлы Жәнібек, шын есімі Әбу-Саид Керей ханның ақылдасар тірегі болды.

Есен-бұғаның жер бөліп беру себебі - Әбілхайырға қарсы күресте Моғолстанның батыс шекарасының қауіпсіздігін сақтау үшін.

1462 жылы Моғолстан ханы Есен-бұға қайтыс болғаннан кейін Қазақ хандығындағы өкімет билігі нығайды, бытыраған қазақ тайпалары Қазақ хандығының қол астына өте бастады. Тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «1465-1466 жылдары Керей мен Жәнібектің маңына жиналғандар саны 200 мыңға жетті»-деп жазды.

  1. САЯСИ ТАРИХЫ

XV ғ. екінші жартысында халық саны екі жүз мыңнан асқан Қазақ хандығына Жетісу жері тарлық етті. Қолөнері мен саудасы өркендеген қалалар экономикасын дамыту үшін қажет болды. Сондықтан Қазақ хандығы өз алдына мынадай тарихи міндеттер қойды: 1) Жайылымды пайдалануда Дешті Қыпшақтың бұрыннан қалыптасқан тәртібін қалпына келтіру, 2) Сауда жолдарында орналасқан Сығанақ, Отырар, Йасы, т. б. қалаларды қарату, 3) Қазақ тайпаларының басын қосып, этникалық аумағын кеңейту.

XV ғасырдың аяғында - XVI ғасырдың басында Орта Азия мен Қазақстанда мынада саяси өзгерістер болды:

1. Темір әулеті Мұхаммед Шайбанимен күресте жеңіліс тапты.

2. Моғолстан бірнеше иеліктерге бөлінді.

3. Дешті Қыпшақта Әбілхайыр билігі жойылды.

4. Алтын Орда хандығы ыдырады, орнына Сібір хандығы, Қазан хандығы, Астрахан хандықтары пайда болды. Осы тарихи жағдайларды пайдаланып Қазақ хандығы Дешті Қыпшақ даласын өзіне қосып алды. XV ғасырдың 70-ші жылдары Сырдария мен Қаратауды өзіне қосып алды. Әбілхайырдың немересі Мухаммед Шайбанимен соғыс 30 жылға созылды.

Сыр бойындағы қалалар үшін Қазақ хандығымен талас - бәсекеге түскендер: Әбілхайыр әулеті, Әмір Темір әулеті, Моғолстан ханнының ұрпақтары.

Сыр бойындағы қалалар үшін болған оқиғалар:

Уақыты
Қалалар аты

Басты қарсылық

білдіргендер

Жаулап алу кезіндегі

оқиғалар

Уақыты: 1470 жылы
Қалалар аты:

Түркістан,

Сауран

Басты қарсылықбілдіргендер: Шайбани хан
Жаулап алу кезіндегіоқиғалар: Шайбани Бұхараға қашты, Ноғай ордасымен одақтасты.
Уақыты: 1480 жылы
Қалалар аты: Сығанақ, Аркөк, Йасы
Басты қарсылықбілдіргендер: Шайбани хан
Жаулап алу кезіндегіоқиғалар: Шайбани Аркөк бекінісінде 40 күн қоршауда отырды. 3 жылғы шайқастан соң Шайбани жеңілді.

XV ғасырдың екінші жартысында соғыс одақтары құрылды. Мысалы, 1482-1485 жылдары Моғолстан ханы Жүніс хан Шайбанидің қолдауымен Ташкент пен Сайрам қаласын басып алды.

Әмір Темір әулеті мен Қазақ хандығы одақтасты. Моғолстан билеушісі Отырар қаласын басып алып, оны Шайбани ханға сыйлады. Отырарға табан тіреген Шайбани хан Сауран мен Йасыны қайта басып алды. Қазақ хандары Темір әулетімен одақтасып Отырар мен Сауранды қайтарып алды.

Шайбанимен болған 30 жылғы соғыстын нәтижесінде:

Шайбани ұрпағына Отырар, Йасы, Аркөк, Бозкент қалалары, Түркістан аймағының бір бөлігі қарады.

Қазақ хандығына Сығанақ, Сауран, Созақ қалалары мен Түркістан аймағының Солтүстік бөлігі қарады.

Моғолстан хандығына Ташкент пен Сайрам қалалары қарады.

Сығанақ, Сауран, Созақ қалаларының Қазақ хандығына қарауы оның күш-қуатын, саяси беделін нығайтты. Қазақ хандығының күш-қуатының нығаюы Шайбани ханды Мәуереннахрға қоныс аударуға мәжбүр етті. Сөйтіп, Қазақ хандығының іргесі бекіп, беделі артты.

Керей ханнан кейін Қазақ хандығының тағына 1480-1511 жылы оның баласы Бұрындық (Мұрындық) отырды. Алайда билік Жәнібектің баласы Қасымның қолында болды. Екеуінің арасындағы билік үшін күрестен кейін 1511-1518 жылдары билік Қасым ханның қолына көшті. Ол өз тұсында «жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге асырған көрнекті қазақ хандарының бірі болған еді.

Қасым ханның тұсында Қазақ хандығында мынандай өзгерістер болды:

1. Түркістан аймағы, Сырдария бойындағы қалалар Қазақ хандығына кірді, оңтүстік шекарасы кеңейді.

2. Шығыс Онтүстікте Жетісу жерінің басым бөлігі, Шу, Талас, Қаратау, Іле өзеннің алқабы қарады.

3. Солтүстік және Шығыс солтүстікте Ұлытау өңірі мен Балқаш көлінен асып, Қарқаралы тауына дейін жетті.

4. Қазақ хандығының астанасы Сығанақ қаласы болды, кейін Түркістан хандыққа өткеннен кейін Түркістан қаласы астана болды.

5. Қасым ханның тұсында хандықтағы халық саны 1 миллионға жетті.

6. Орта Азия хандарымен, Еділ бойындағы елдермен, Батыс Сібір хандарымен, Ресеймен сауда-саттық және дипломатиялық байланыстар жасалды.

7. Моғолстанмен одақтық негіздегі қарым-қатнас орнықты.

8. Батыс Моғолстан мен өзбектердің арасындағы қайшылықты пайдаланып, Қасым хан Моғолстан ханы Саид ханға Шайбаниліктерге қарсы күресте көмектесуден бас тартты. Осыдан Солтүстік Жетісу жерінің қазақтары Қазақ хандығының қолына іс жүзінде өте бастады, себебі тайпа басшылары өздеріне тірек болар мықты мемлекетті жағалады.

9. 1544 жылы Саид ханның Шығыс Түркістанға көшіп кетуі Қасым ханның Жетісудағы билігін нығайтты.

10. Қасым хан Оңтүстік Қазақстан қалалары үшін Мұхаммед Шайбанимен ұзақ соғыстар жүргізді.

1509 жылы М. Шайбани көп әскерімен Жаныш Сұлтан қыстап отырған Қараталға шабуыл жасап, қазақтарды шығынға ұшыратты.

11. 1510 жылы Шайбани хан Темір сұлтан мен інісі Ұбайдаллахты Қасым ханның өзі жоқта Қазақ ордасына шабуылға аттандырды . Қасым хан жіберген Мойынсыз-Хасан шағын жасағымен М. Шайбани әскерлерін талқандады. Осыдан кейін Түркістан қаласы Қазақ хандығына өтті.

12. 1510 жылы Шайбани хан Мерв түбінде Иран шахы I Исмаилмен шайқаста қаза тапқаннан кейін Шайбани ұрпақтарының арасында хандыққа талас туды. Осыны пайдаланып Қасым хан Сайрамды өзіне қаратып алды.

Қасым хан Мұхаммед Хайдардың деректеріне қарағанда 1518 жылы қаза тапты. Бұл кезде Қазақ елі тәуелсіз, дербес мемлекет ретінде орныққан еді.

Қасым хан қайтыс болғаннан кейін, Қазақ хандығында болған саяси дағдарыс ұзаққа созылды. Қасымнан кейін Қазақ тағына отырғандар:

1. Мамаш хан(1518-1523) - Қасым ханның ұлы, мұрагері.

2. Тахир хан (1523-1533) - Қасым ханның немере інісі. Тахирдің тұсында өзбектермен соғыс қайта жалғасты.

Маңғыттар шабуылға шығып, Батыс және Орталық Қазақстанның біраз жерін басып алды. Тахир хан өз билігін Жетісудың едәуір бөлігінде ғана ұстап қалды.

3. Бұйдаш хан(1533-1534) -Тахир ханның інісі. Өзбек ханы Ұбайдаллах пен моғол ханы Абдар Рашид соғыс одағын құрып, Қазақ хандығына шабуыл жасады. Жеңілген Бұйдаш хан қашып кетті.

Осылай әлсіреген Қазақ хандығын нығайтқан Қасым ханның баласы Хақназар (Ақназар) 1537-1580 жылдары хан болды. Көршілес мемлекеттермен қарым-қатынасты күшейтті, өз хандарының саяси беделін арттыруға күш жұмсады.

Хақназар ханның тұсындағы басты оқиғалар:

1. Ноғай ордасының ішкі тартыстардан әлсірегенін пайдаланып Жайық өзенінің сол жағындағы кіші жүздің алшын одағына кірген тайпаларды өзіне қосып алды.

2. Моғолстан ханы Абдар-Рашид XVI ғасырдың 50-60 жылдары Жетісу мен Ыстықкөл маңы үшін Қазақ хандығына қарсы соғыс ашты. Бұл соғыста Хақназар хан жеңілді.

3. Батыс Монғолияны мекендеген ойраттар Жетісу жеріне шабуыл жасап біршама жерін басып алды. Дегенмен, 1570 жылдары Жетісудың Батыс бөлігі Шу, Талас өңірі Хақназардың иелігінде болды.

4. Сібір ханы мен Моғолстан Қазақ хандығына жорықтарынан сақтану үшін Хақназар хан Бұхар ханы II Абдолламен қастаспай дос болып, өзара көмектесу жөнінде «ант беріскен шарт» жасасты. Нәтижесінде соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады. Өзбек пен қазақ арасында сауда, шаруашылық байланыс орнады.

5. Ташкент билеушісі Баба сұлтан мен Бұхар ханы Абдолла арасында өзара соғыс басталды. Хақназар Абдолланы қолдады. Қолдағаны үшін Абдолла хан Түркістан аймағындағы бірнеше қаланы Қазақ ханына сыйға тартты.

6. Қазақ ханын өзіне қарату үшін Баба сұлтан да Түркістан, Сауран қалаларын сыйға берді. Алайда, 1579 жылы Баба сұлтан Қазақ сұлтандарының Абдолланы жақтамақ боларын сезіп қойып, қазақ сұлтаны Жалымды, оның екі ұлын, Хақназар ханның екі ұлын өлтірді. Ал 1585 жылы оның астыртын жіберген адамдары Хақназар ханды өлтірді. Хақназар хан Қазақ хандығының дербестігін сақтап қалды.

Тәуекел хан тұсындағы хандықтың нығая түсуі:

Хақназар хан қайтыс болғаннан кейін Жәнібек ханның немере інісі, сексенге келген Шығай хан 1580-1582 жылдары хан тағына отырды.

1580 жылы Шығай хан мен оның оның баласы Тәуекел Хақназар хан мен Жалым султанның кегін қайтару үшін Абдолламен одақтасып Баба султанға қарсы соғысты. Сол үшін Ходжент жерін сыйға алды.

1582 жылы Шығай хан мен Тәуекел Абдолламен бірге Баба султанға қарсы тағы жорыққа шықты. Баба сұлтанды Сарысу мен Ұлытаудан әрі асырды. Осы жорықта Шығай хан қайтыс болды.

1582 жылы маусымда Тәуекел султан бастаған қазақ жерлері Түркістан қаласының түбінде шешуші шайқаста Баба султанды өлтіріп, әскерін талқандайды. Бұл үшін Абдолла Самарқан өлкесіндегі Африкент уәлаятын сыйға береді.

1582-1598 жылдары Тәуекел хандық етті .

1582 жылы Тәуекел хан Сырдария бойындағы қалаларды Қазақ хандығына қайтару үшін өзбек ханымен «ант беріскен шартты» бұзды. Сөйтіп, Тәуекел хан Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам қалаларын басып алып Ташкентке қауіп тудырады.

1588 жылы Абдолла ханға қарсы халық көтерілісі бұрқ ете түсті. Абдолла мен оның баласының арасында қайшылық шиеленесті. Осы кезді пайдаланған Тәуекел хан Абдолланы ойсырата жеңді де, қазақ хандығының беделі мен күш-қуатын арттырды.

1598 жылы Тәуекел хан Ақши, Искандер, Мұнши, Ташкент, Самарқан қалаларын басып алды. Есім ханды Самарқанда қалдырып, өзі Бұхараны қоршады. Бұхараны 20 күн қоршаса да, ала алмады. Осы шайқаста Тәуекел ауыр жараланды да қайтыс болды.

1598 жылы Шайбани әулетінің орнына келген жаңа Аштарханилер мен қазақ әміршілердің арасында Қазақ хандығына қосылған жерлерді заңдастыру шарты жасалды.

Сөйтіп, Бұхар хандығымен болған ұзақ соғыстар Қазақ хандығының пайдасына шешілді.

Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы:

Тәуекел хан қайтыс болғаннан кейін мұрагерлік жолмен інісі Есім 1598-1628 жылдары хан тағына келді. Еңсегей бойлы Ер Есім атанған ол тәжірибелі қолбасшы, білікті саясатшы болатын.

Ол Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды мақсат етіп қойды.

Ол үшін: 1-ден хандықтың әскери күш-қуатын арттыру үшін сұлтандармен Бұхар ханымен байланыс орнатты. Жалым сұлтанның ұлы Тұрсын хан мен Есім ханның арасында феодалдық тартыстарды пайдаланған Бұхар хандықтары Сырдария бойындағы қалаларды қайтарып алғысы келді. 1603 жылы бірінші қазақ - Бұхар шайқасы болып, Бұхар әскері жеңілді.

1611 жылы екінші Қазақ - Бұхар шайқасы болды. Бұл шайқаста Бұхар әскерін Имамкули хан, қазақ әскерін Есім хан басқарды. Бұхар әскері тағы да жеңілді де келісімге келді. Бірақ кейбір қазақ сұлтандарынан көмек алған Имамкули хан бейбіт ауылдарды шығынға ұшыратты.

1613 жылы Есім хан қолымен Самарқанға басып кіріп, Бұхар хандығының әскерін қиратты.

1620-1621 жылдары болған төртінші, бесінші, алтыншы қазақ - бұхар соғыстарында қазақ әскерін Тұрсын хан бастап шығып, толық жеңіске жетті.

1627 жылы соңғы жетінші қазақ - бұхар соғысы болды. Бұл соғыста Қазақ хандығының әскерін Есім хан өзі басқарып, толық жеңіске жетті.

Ұтымды соғыс тәсілін пайдаланған әрі қорғану үшін әділетті соғыс жүргізген Қазақ хандығы ұлы жеңістерге жетті.

Тұрсын ханның бүлігі:

Өзбек хандығына қарсы күресте бірнеше рет жеңіске жеткен Тұрсын хан 1613 жылы өзін Ташкент қаласының билеушісі деп жариялады. Өз атынан ақша шығарды. Тұрсын хан Есім ханмен екі рет бітімге келіп, екі рет анттан тайған. Тұрсын ханның тірегі саны көп айбынды қатаған руы болды. Халық біреу, хан екеу болуы Қазақ хандығының бірлігін бұзды.

1627 жылы Есім хан жоңғарлармен жорықта жүргенде Тұрсын хан Түркістанды шабады. Есім ханның үй ішін тұтқындап, Ташкентке әкелді. Екі хан әскері Сайрам түбінде кездеседі, . Тұрсын жеңіліп, басы алынады. Есім хан ішкі-сыртқы саясатқа тәртіп, орнатты. Қоныс-тұраққа, мал-мүлікке, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты туындайтын дау-шараларды шешетін заң жазды. Ол тарихта «Есім ханның ескі жолы» деген атпен қалды.


3. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ

А) Елшілік қатынастар

Қазақ - орыс қатынастары деректемелер бойынша ХУ ғасырдың 90 жылдарынан басталады.

Орыс билеушілерінің мақсаттары:

  • Орта Азия және Шығыс елдерімен қазақ даласы арқылы өтетін сауда жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
  • Сібір ханы Көшімге қарсы күресте қазақ хандарын одақтас ету. 1573 жылы елші Т. Чебуков Қазақ хандығына жіберілді.

Қазақ хандары да Орта азия билеушілерінен, жоңғарлардан төнген қауіпті ескеріп, Орыс мемлекетімен байланыс жасауға ұмтылды.

  • 1594 жыл - Тәуекел хан Мәскеуге қазақ елшілігін жіберді.
  • 1595 жыл - Степанов бастаған орыс елшілігі Қазақ хандығына келді.

Ресейдің Батыс Сібірді өзіне қаратып, Түмен, Тобыл, Тара қалаларын салуы қазақ даласы арқылы Орта азиямен сауданың өркендеуіне себеп болды. Орыс көпестері Павлодар жеріне келіп, тұз өндіріп алып кетіп жатты. Батыс Қазақстан жерінде де орыс қоныстары пайда болды. Атырау бекеті салынды. Сауда жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін орыс мемлекеті жоңғар шапқыншылығына тыйым салу шараларын қолданды:

  • 1616 жыл - Есілде бекініс салынып, жоңғарлардың Ертіс бойымен ілгері жылжуына жол жабылды.
  • 1619 жыл - орыс патшасы жоңғарлардың қазақ даласына енуіне шек қойды.

Қазақстан жері арқылы Тобылдан Түркістанға қарай тек қазақ хандарының арнаулы рұқсаты бар сауда керуендері ғана өтіп жүрді.

Тәуке ханның Ресеймен байланыста болуына қарсы кейбір қазақ феодалдары Ресейдің шекаралас елді мекендеріне шабуыл жасап отырды. Тәуке хан бұл кедергілерді реттеу бағытында 1686-1693 жылдар аралығында шаралар қолданды.

  • 1694 жыл - Тәуке хан 1 Петрмен елші Аталықов арқылы сауда байланысын күшейту туралы келісті.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркістан қаласының ерте ортағасырдан басталатын тарихын тың дерек көздері негізінде, араб-парсы және еуропалық саяхатшы-тарихшы, географтардың мәліметтерін сараптау арқылы, жаңа көзқарастар тұрғысынан қарастыра отырып, әлемдік тарихтағы алар орнын айқындау
ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы қырғыз-қазақ халықтарының арасындағы саяси және этникалық байланыстар
Қасиетті түркі жері - Түркістан
Қазақ хандығы мен Ноғай Ордасы
Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығы
Қазақ-қырғыз қатынасының этно-мәдени мәселелері
Қырғыз халқының пайда болуы және оның тарихы
ХІҮ-ХҮІ ғғ. Қазақстанның экономикалық даму ерекшеліктері мен басты көрсеткіштері, әлеуметтік даму жолдары
Хандық дәуір әдебиетінің құрылуы қарсаңындағы қоғамдық - әлеуметтік, саяси жағдай
Қазақ-орыс байланыстарының алғашқы кезеңі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz