ХҮ- ХҮІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Тақырып 10. ХҮ- ХҮІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ

  1. Қазақ халқының рухани мәдениеті
  2. Қазақ халқының материалдық мәдениеті
  3. Қайталауға арналған сұрақтар
  4. Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысына тапсырма
  5. Әдебиеттер тізімі

1. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІ

Тіл және жазу

ХУ-ХУІІ ғасырларда қазақ халқының өзіндік мәдениеті қалыптасты. Қазақ тілі Қазақстан территориясындағы ежелден тұратын, тегі жағынан бір - біріне жақын тайпалардың тілдері негізінде шықты.

  • ХУ ғасыр - қазақ тілі өзіне тән ерекше белгілермен дербес тілге айналып, қазақ тілінде тарихи шығармалар пайда болды.
  • XIV-XV ғасырларда ауызша әдебиетпен қатар жазбаша әдебиет те дами бастады. Олардың жазылған. Олра: «Кодекс куманикус», «Оғызнама» туындылары. Өзбек ақыны Хорезмидің «Мұхаббатнамасы», қыпшақтар арасынан шыққан Кутбтың «Хұсрау мен Шырыны», Дүрбектің «Жүсіп - Зылиқасы» әдеби шығармалар болды.
  • ХУІ-ХУІІ ғасырлардағы қазақ тарихының маңызды ескерткіші- Қадырғали Жалайридың «Жамиғат-Тауарих» шығармасы. Автор өз кітабын 1587 жылы Борис Годуновқа достықтың белгісі ретінде сыйға тартқан. Шығармада Тәуекел ханның жиені Ораз -Мұхаммедтің өмірбаяны жазылады. Бұдан басқа түркі тілдес шығармалар тобы: «Шыңғыснама», «Бабырнама», «Темірнама».
  • Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551жж. ) - 1546 жылы парсы тілінде жазылған «Тарих-и-Рашиди» еңбегін Абдар Рашид ханға тарту еткен. Шығармада шайбанилық Әбілқайыр хандығы және Қазақ хандығының құрылуы туралы құнды мәліметтер жазылған.
  • ХУІ ғ. 40 жылдары Усман Кухистанидың «Тарих-и- Әбілхайырхани» еңбегі жазылды.
  • ХУІІ ғ. - Әбілғазы Баһадүр (1603-64жж. ) «Түрік шежіресі» кітабында шыққан тегінен бастап өзіне дейінгі әулет тарихын жазған.

Ауызша әдебиеті

Қазақ халқының ауыз әдебиеті ХУ-ХУІІ ғасырларда кеңінен өркендеді. Ауыз әдебиет - қоғам өмірінің айнасы. Халық арасында көп тараған батырлық эпостар: «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Алпамыс», «Ер Қосай» т. б.

ХІУ -ХУІІ ғасырларда өмір сүрген жыраулар:

Жырау аттары
Туған және өмір сүрген жерлері
Еңбектері, ерекшеліктері
Жырау аттары: Сыпыра жырау Сұрғұлтайұлы
Туған және өмір сүрген жерлері: Батыс Қазақстан
Еңбектері, ерекшеліктері: ХІУ ғ. ноғай - қазақ эпосының негізін салушы. Едіге жырында 180 жасқа келген халықтың ақылшысы ретінде сипатталады.
Жырау аттары: Асан Қайғы (Хасан Сәбитұлы)
Туған және өмір сүрген жерлері: Шу бойындағы қазақ Ордасы.
Еңбектері, ерекшеліктері: Қазақ Ордасының ұрыншысы, насихатшысы, көшпелі философ атанған. Ел қамқоршысы, халық жанашыры еліне «Жерұйықты» іздеп әр жерге тән атау берген жырау.
Жырау аттары: Шалкиіз Тіленшіұлы
Туған және өмір сүрген жерлері: Оңтүстік Қазақстан
Еңбектері, ерекшеліктері: Темірдің белді билерінің бірі болған. Қырым, Кавказ, Дон бойындағы жорықтарға қатысқан. Ақын, жырау.
Жырау аттары: Қазтуған
Туған және өмір сүрген жерлері: Еділ бойындағы Астрахань облысының Қызылжар қаласының маңында өмір сүрген.
Еңбектері, ерекшеліктері: Ру басы, әскер басы, көсем, жорық жыршысы болған. Оның «Алаң да олаң, олаң жұрт » деген жыры сақталған.
Жырау аттары: Доспамбет жырау
Туған және өмір сүрген жерлері: Азау қаласы-Астрахань
Еңбектері, ерекшеліктері: Шешен, батыр, Қырым, ноғайлы, Қазан хандар арасындағы соғыстарға қатысты
Жырау аттары: Марғасқа жырау
Туған және өмір сүрген жерлері: Түркістан маңы
Еңбектері, ерекшеліктері: Есім ханның жорық жыршысы. «Еңсегей бойлы ер Есім» жырын алғаш жырлаушы.
Жырау аттары: Жиембет Бортоғашұлы.
Туған және өмір сүрген жерлері: Кіші жүз- Алшын руы.
Еңбектері, ерекшеліктері: Кіші жүздің биі, әскербасы, батыр, Есімнің ел басқарушы биі. 1620 жылы ойраттарға қарсы соғысты. Түркістанға қарсы жорыққа қатысты. «Әмірің қатты Ер Есім» деген толғауы бар.
Жырау аттары: Ақтамберді Сарыұлы
Туған және өмір сүрген жерлері: Семей
Еңбектері, ерекшеліктері: Қолбасшы, батыр, қоғам қайраткері.
Жырау аттары: Бұқар жырау Қалқаманұлы
Туған және өмір сүрген жерлері: Павлодар-Баянауыл
Еңбектері, ерекшеліктері: Тәуке ханның тұсында ел билеуге араласты. Абылайдың ақылшысы болған. «Тілек» атты шығармасы бар.

Музыка өнері

  1. Қазақ халқының музыка өнері бірнеше салаға бөлінеді - айтыс, терме, толғау, ән, күй, би өнері. Аспаптық музыка туындылары да осы, ғасырларда дамыды. Олар: «Ескендір», «Қамбар батыр», «Шора батыр», т. б. күйлер және Алтын Орда дәуірінен келе жатқан «Жошы ханның жортуы», «Ақсақ құлан», «Ел айрылған», «Сағыныш» сияқты күй - аңыздар.

Музыкалық аспаптар:

  • Домбыра - шертіп ойналатын аспап.
  • Қобыз - ысқышты аспап.
  • Сыбызғы - қуыс қамыстан немесе жұмсақ ағаштан жасалып, үрлеп ойналатын аспап.
  • Дабыл, дауылпаз - ұрып ойналатын аспап.
  • Асатаяқ, қоңырау - сілкіп ойналатын аспаптар.

Діни наным - сенімдер:

Қазақстанда ислам діні VIII ғасырда тарай бастады. XIVғасырда Өзбек хан мен Моғол ханы Тоғылық - Темір ислам дінін мемлекеттік дін дәрежесіне жеткізді. Қазақстанға ислам дінінің сопылық (суфизм) бағыты тарады. Ислам дінінің сопылық бағытын қазақтар бұрын табынып келген «Көк тәңірі» дінімен байланыстырып, қалыптасуына негіз жасаған Қожа Ахмет Йассауи болды.

  • «Диуани хикмат» (Даналық кітабы) еңбегінде исламның негізгі қағидалары қарастырылды.

Көшпелілер арасында тәңірге, табиғатқа, ата-баба аруағына табыну сақталды. Әрбір мал түліктерінің пірлері болған деп саналған:

  • Шопан Ата - қойдың пірі.
  • Зеңгі баба- сиырдың пірі.
  • Қамбар ата - жылқының пірі.
  • Ойсыл қара - түйенің пірі.

Халық күнтізбесі

Көшіп қонып жүрген қазақтар жұлдызды аспанға бақылау жасауда көп тәжірибе жинақтды. Зерттеушілер көшу мезгілдерін, күн райын айтып отырды. Жұлдызды әуе картасын жатқа білді.

Темірқазықты түнде жүріс бағытын бағдарлауға пайдаланды.

Жетіқарақшы - астраномиялық сағат болды.

Үркер жұлдызы - астрономиялық, метеорологиялық көрсеткіш болды.

Таразы жұлдызы - салқындықтың, күздің белгісі.

Сүмбіле туса -су суып, суға түсуге болмайды.

Есепшілер айдың қозғалысын бақылап, 1 жылды 12 айға, 1 айды 3 аптаға бөлген. Мүшелік күнтізбеде уақыт есебі 12 жылдық мүшелмен есептелді, әр жылға хайуан аты қойылды.

Жыл басы: көктемдегі күн мен түннің теңелген уақыты 21 наурыз. Аптаны 7 күнге бөлді.

  1. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ МӘДЕНИЕТІ

Материалдық мәдениетке мыналар жатады: тұрғын үй, киім-кешек, тағам түрлері, құрал-сайман, қару-жарақтар т. б.

Сәулет өнері

XVI ғасырдың екінші жартысынан бастап қалалық отырықшылық мәдениеттің жандана бастауының нәтижесінде XIV-XV ғасырларда ірі архитектуралық құрылыстар салына бастады.

  1. Арыстан баб кесенесі -орналасқан жері: Сырдария өзеніне жақын, Отырар қаласының батыс жағы. Қожа Ахметтің рухани ұстазы, VII-VIII ғасырларда өмір сүрген. Кесенені қайта салғызған Әмір Темір.
  2. Қожа Ахмет Йассауи кесенесі -орналасқан жері - Түркістан қаласының ортасы. 1397 жылы Әмір Темір салдырған.
  3. Көккесене -орналасқан жері - Сығанақ қаласының маңындағы Төменарық кентінің солтүстік - батысы.
  4. Алаша хан кесенесі -орналасқан жері - Ұлытау ауданындағы Қаракеңгір өзенінің жағасы. Кесененің ерекшелігі - далалық сәулет өнерінің үлгісінде жасалған, күмбез барабанын айналдыра жасаған галереясы бар.
  5. Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі -орналасқан жері - Қожа Ахмет Йассауи кесенесінің шығысы. Бегім 1485 жылы қаза тапқан. Әмір Темірдің ұлы Ұлықбектің қызы. Орта ғасырда салынған осы ғимраттардың сапалы болып, қазірге дейін сақталуы - қолданбалы өнер мен сәулет өнерінің биік деңгейде болғандығын көрсетеді.

Тұрғын үй

Қазақтарда тұрғын үйдің екі түрі болды: жаздық киіз үй, қыста тұратын жер үйлер (ағаш, тас, кірпіш) . Киіз үй үш бөлімнен тұрды - шаңырақ, уық, кереге. Сықырлауық -есігі. Үйді жауып тұратын киіздер -туырлық, үзік, түндік деп аталды. Керегелер санына қарай 6, 8, 12, 15, 18 қанатты болып бөлінді.

Қазақтар киім-кешектен жазғытұрым көйлек, комзол, шапан киді.

Қысқы киімдері - қойдың немесе түйенің жабағысынан қалың матамен тысталған күпі, шидем ішік пен тон, құлын терісінен жарғақ шекпен киді.

Әйелдің бас киімдері:

  • Құндыз терісімен жиектелген бас киім- кәмшат бөрік.
  • Алтынмен кестеленгені - алтын бөрік.
  • Барқыт немесе қамқадан тігілген жаздық бас киім - тақия.
  • Қыздардың тұрмысқа шығардағы бас киімі - сәукеле.
  • Алғашқы нәрестелі болғанда жас әйелдің киетін ақ матадан тігілген бас киімі- кимешек.

Ерлердің аяқ киімдері:

  • Биік өкшелі, қонышы тізеден асатын етік - шоңқайма етік.
  • Ешкі терісінен жасалғаны - мәсі.
  • Тығыз қайыстан - тігілгені- кебіс.
  • Кедейлердің аяқ киімі- шоқай мен шәркі.

Ерлердің өрнектеліп, асыл тастардан көздер салынған, сүйек оюлар бастырылып әшекейленген қайыс белдіктері - кісе.

Тағам түрлері:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ мәдениетінің рухани және материалдық құндылықтары
Қазақ хандығының саяси және қоғамдық құрылысы
Қазақ-қырғыз қатынасының этно-мәдени мәселелері
Түркілердің рухани мәдениетін дамытудағы исламның маңыздылығы
ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы қырғыз-қазақ халықтарының арасындағы саяси және этникалық байланыстар
Моғолстан мемлекетінің саяси тарихы
Қазақ хандығы мен Ноғай Ордасы
Түркістан қаласының ерте ортағасырдан басталатын тарихын тың дерек көздері негізінде, араб-парсы және еуропалық саяхатшы-тарихшы, географтардың мәліметтерін сараптау арқылы, жаңа көзқарастар тұрғысынан қарастыра отырып, әлемдік тарихтағы алар орнын айқындау
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Ноғай ордасының құрылуы және ішкі саяси жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz