ХҮІІІ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ІІ - тарау. ЖАҢА КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН

Тақырып 11. ХҮІІІ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ

  1. Қазақ халқының ХҮІІІ ғ. басындағы жоңғар басқыншылығына қарсы күресінің күшеюі
  2. Отан соғысының басталуы
  3. Жоңғар басқыншылығына қарсы бүкілхалықтық тойтарысты ұйымдастыру. Батырлар
  4. Қайталауға арналған сұрақтар
  5. Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысына тапсырма
  6. Әдебиеттер тізімі

1. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ХҮІІІ ғ. басындағы ЖОҢҒАР БАСҚЫНШЫЛЫҒЫНА ҚАРСЫ КҮРЕСІНІҢ КҮШЕЮІ

Қазақ хандығында жүздер арасындағы тұрақты саяси және экономикалық байланыстардың болмауы, қазақ феодалдарының өзара тартысы көрші мемлекеттердің шабуылдауына жол ашты:

  • Солтүстік - батыстан башқұрттар;
  • Солтүстіктен - Сібір казактары;
  • Оңтүстіктен - Қоқан, Хиуа хандықтары;
  • Шығыстан - Жоңғария;
  • Оңтүстік - шығыстан - Қытай.

Қазақ жеріне әсіресе қауіп төндіргені - жоңғар мемлекеті. Жоңғар әскери - феодалдық мемлекеті 1635 жылы Батыс Монғолияда құрылды. Билеушінің титулы - қоңтайшы. Мемлекеттің негізін салушы - Батыр қоңтайшы (1631654 жж. ) . Ол басқару ісінде феодалдарға - нояндар мен жайсандарға сүйенді. Ламалар (дін басылар) - негізгі орынды иеленді. Жоңғарлар соғысқа 100 мың әскер шығарды. Қоңтайшы әскерді түменге, мыңдыққа, жүздікке, ондыққа бөлді. Жоңғар мемлекетінің халқы жазба деректерде ойраттар, жоңғарлар, қалмақтар деп әртүрлі атаумен кездеседі.

Жоңғар экономикасының негізі орасан зор жайылымдық жер аумағында бытырап жатқан көшпелі мал шаруашылығы болатын. Халық саны 1 млн. - ға жуық, сондай -ақ 0, 5 млн. басқа халықтардың өкілдерінен құралды. Әкімшілік және шаруашылық бөлінісі ұлыс болды. Ол отоктардан, жастар мен ангалардан тұрды. Оток, сонымен қатар әскери құрылым (хошун) болып та саналды. ХУІІІ ғ. басында жоңғарлардың негізгі қауымдары: торғауыттар мен дербенттер Тарбағатай, Монғол Алтайы, Ертістің жоғарғы ағысы жағындағы қолайлы жайылымдарды алып жатты.

Жоңғар хандығының әлеуметтік - таптық құрылымы қатаң иерархиялық сипатта болды. Қоғамның саяси құрылымы рулық бөлініске сәйкес келді. Жоңғар қоғамының үстемдік етуші сословиесі хандар мен тайшылар еді.

Жоңғар қоңтайшыларының басты мақсаты:

  • Қазақ елінің тәуелсіздігін жойып, өзіне бағындыру;
  • Қазақтардың жайылым жерлері мен оңтүстіктегі сауда орталықтары қызықтырды.

Батыр хонтайшының тұсында 1635, 1643, 1652 жылдары үш рет қарулы шайқастар болды. 1653 жылы Батыр қоңтайшы өліп, 1653-1670 жылдары оның орнына Галдан-Бошокту отырды. Жоңғар хандығының ХУІІ ғ. 90 ж. Цин империясына қарсы соғысы жоңғарларға біраз құрбандықтар жасауға әкеп соқтырды. Бұл аймақтық мәселелерге, адам ресурстарына, Галдан - Бошокту ханның қаза табуына байланысты еді. Оның орнына көрнекті мемлекет қайраткері Цеван - Рабтан келді (1697-1727), қазақ халқының ауыр қысым көріп, қасірет шегуі соның есімімен байланысты. Ол 20 жыл бойы Маньчжур әулетінің билеушілерімен, Циндік Қытаймен қақтығыстардан сәтін тауып жалтара білді және де ол Жоңғар хандығын тез арада нығайтып алып, өзінің күш -жігерін қазақ қоныстарын, Тянь -Шань қырғыздарының жерін, Шығыс Түркістанды, Саян -Алтай және Барабин даласын қоныстанған халықтарды жаулап алуға бағыттады. 1708- 1712 жылдардағы ұзаққа созылған соғыста екі жақ та уақытша табысқа жетіп жүрді. 1710-1711 жылдары жоңғар әскерлерінің ірі күштері Қазақстан шегіне басып кірді. Оның қаншалықты елеулі екенін 1710 жылдың күзінде қазақ жүздері өкілдерінің жиналысы шақырылғанынан байқауға болады. Бұл жолы ол Қарақұмда, Қаракесек руы көшіп жүретін жерде өтті. Съезге барлық үш жүздің өкілдері, билер мен батырлар қатысты. Съездегі негізгі мәселе Жоңғар хандығына бірігіп тойтарыс беру болды.

1717 жылы соғыс оқиғалары одан әрі жалғасты. Соғыс қимылдарының негізгі шоғырланған жері Аягөз өзенінің бойында болды. Үш күн қантөгісті ұрыс болды. Әбілхайыр мен Қайып сұлтан соғыс қимылдарын келісіп жүргізбеді. Қазақ жасақтары жеңілді.

1718 жылдың көктемінде жоңғарлар Жетісудан Арыс, Бөген, Шаян өзендері бойына шұғыл жорық жасап, Түркістан қаласына тақап келді. Сырдарияның орта ағысы басындағы қазақ қалаларына қауіп төнді.


2. ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАСТАЛУЫ

1723 жылға қарай қазақ -жоңғар қатынастарындағы жағдай күрт өзгерді: Қытай императоры Канси өліп, жоңғар - Қытай шарты жасалды, Ертіс бекініс шебінің құрылуына байланысты Ресей үкіметі қандай да болсын нақты талаптар қоймады. Қазақ хандықтарының бытыраңқылығын пайдаланып және алдағы соғысқа мықтап дайындалып алған жоңғар билеушілері 1723 жылы өз әскерлерін Қазақстан шегіне аттандырды.

Жоңғарлар ірі -ірі жеті сына сияқты қозғалып, 70 мың адамнан тұратын әскермен шабуыл жасады:

  • Цеван -Рабтанның баласы Галдан -Церен 10 мың әскермен Балқашқа және одан әрі Қаратауға қарай аттанды.
  • Қоңтайшының інісі Құлан - Батур Алтайға және Көктал өзенінің бойына беттеді.
  • Қоңтайшының немересі Әмірсананың жасағы Нұра өзені алабына бағыт алды.
  • Галдан -Цереннің баласы Цеван -Доржы шелек өзенінің аңғарына аттанды.
  • Галдан -Цереннің екінші баласы Лама -Доржы Ыстықкөлге бағыт ұстанды.
  • Нойон Дода- Доржым Шу өзеніне қарай ұмтылды.
  • Цеван -Рабтанның өзі іледен өтіп, Жетісудың оңтүстігіне қарай жылжыды.
  • Басып кіруге жалпы басшылықты Цеван -Рабтанның ағасы Шона -Доба жүзеге асырды.

Олар өз жолындағыны жыланша жалап, қынадай қырды. Қыс жұтынан әбден қажыған қазақ қауымдары күшті қарсылық көрсете алмады. Ұлы жүз бен Орта жүз қазақтары Сырдариядан өтіп, Ходжентке көшіп, Орта жүз руларының көпшілігі Самарқанға кетті, ал Кіші жүз Хиуа мен Бұхара шегіне көшіп барды. Қазақ тарихында бұл кезең «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталады. Осы жылдарғы халық қасіреті Қожаберген жыраудың «Елім-ай» әнінде көрініс алды.

Ақтабан шұбырынды жылдары Отан алдындағы өз жауапкершілік шамасын түсінген халық еркін жасытпады. Табан тірескен және ұзаққа созылған шайқастар жүріп жатты. 1724-25 жылдары жоңғарлар Түркістан, Ташкент сияқты қалаларға жылжыды. Ташкент қаласының қазақ жасағы бастаған 300 мыңдай тұрғындары 3 айға жуық қаһармандықпен қорғанды. Ізінше Сайрам мен Түркістан да құлады. Алайда жоңғар әскерлері қазақ халқының табанды қарсыласуымен санасуға мәжбүр болды.

3. ЖОҢҒАР БАСҚЫНШЫЛЫҒЫНА ҚАРСЫ БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ ТОЙТАРЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ. БАТЫРЛАР

Жоңғар басқыншылығы ұшыратқан бүкілхалықтық қасірет қазақ халқын ашу- ызаға булығуға ғана емес, сонымен бірге болып жатқан оқиғалардың бәрін ой елегінен өткізуге жетеледі.

Халықтың қырып - жойылуына жол бермеу үшін, енді сұлтандар мен рубасыларынан үмітін үзген халық өзін-өзі құтқаруға кірісті. Сол бір ауыр жылдарда қазақ жасақтарын ұйымдастыруда аса көрнекті билер мен Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Малайсары, Жәнібек т. б. сияқты қазақ батырлары зор рөл атқарды:

Қаракерей Қабанбай (1691-1769) - шын есімі Ерасыл, кесек тұлғасына қарап «Нарбала» «Қабанбай» атаған. Қатысқан соғыстары: 1721 жылы Түркістанды қорғауға қатысты, 1725 жылы Алакөл шайқасына қатысты, 1728 Шұбартеңіз және Балқаш көлінің оңтүстігіндегі шайқастарға қатысты. 82 күнге созылған Шорға шайқасына, 1, 5 жылға созылған Шағған шайқасына қатысты, 1730 жылы Іле өңіріндегі шайқасқа қатсты. Ал 1750 жылы Жоңғар қақпасындағы ақырғы айқасақ қатысты. Барлық жиыны 103 шайқасқа қатысқан.

Бөгенбай батыр (1690-1775) - Бөгенбай 1708 жылы 30мың қолға басшы болып, казак-орыстарды талқандап, Еділден ары асырып тастаған. Бұланты, Бөлекті өзен бойындағы шайқастарға қатысты. 1723 жылы Сауыр, Тарбағатай жерлеріндегі шайқасқа қатысты. 1730 жылы Арғанат(Ұлытау) жиынына бүкіл қазақ жиналып 40 мың қолдың қолбасшылығына Бөгенбай батырды сайлады. Әскерді басқаруды Әбілхайырға тапсырды. Батыр Абылай тұсында мемлекеттік жұмысқа араласты.

Райымбек батыр (1730-1829) - Ұлы жүздің Албан тайпасынан тараған. 17 жасынан Жоңғарларға қарсы күреске қатысты. Көкпекті шайқасындағы ерлігі үшін Райымбек батырға қазақтың бас батыры атағы берілді. Ол жер «ойрантөбе оқиғасы» деген атпен тарихта қалды. Шаған, Арқарлы, Жетісу жеріндегі шайқастырдың барлығына қатысты.

Шапырашты Наурызбай (1706-1781) - Ұлы жүздің Шапырашты тайпасынан шыққан. Ең алғаш 1723 жылы алғашқы шайқастарға қатысты. 1729 жылы Қалмақ батырлары Шамал хан мен Қаскелеңді өлтіріп, ерлігі елге тарады.

Бұлардан басқа да қазақтың батыр ұлдары Қасқақ батыр, Малайсары батыр, Ер Дәулетбай батыр, Өтеп батыр, Бақай, Сатай, Ердос, Тілеке батырларжәне қазақтың батыр қыздары: Гаухар, Назым, Жәнделілерде жоңғарға қарсы соғысып, туған жерді қорғап қалды.

1725 жылы басқыншыларға алғаш рет елеулі тойтарыс берілді. Жоңғарларды Қазақ жерінің Отырар, Шымкент, Түркістан, Сайрам аймағынан қуып шығу кезінде қазақ әскерлері қаһармандық жанқиярлық ерліктер көрсетті. Қаратаудағы Теректі алқабында, Боралдайдың саласы бойында, садыр - Қамалбұлақ деген шағын өзенде қалмақтардың қалың қолын Үлкентұз тауына қуып тығып, тас- талқан етті.

1726-27 жылдарға қарай сұлтандар мен билер басқыншы жауға қарсы барлық қазақ руларын біріктіру жөнінде кең саясат жүргізе бастады. Бұл саясатты мейлінше белсенді жүргізген Кіші жүз ханы Әбілқайыр болды.

1726 жылдың күзінде бадам өзені маңындағы биік қырқа - Ордабасы деген жерде бүкілқазақ съезі өткізілді. Съезге Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Сәмеке, Күшік, Жолбарыс, Төле би Әлібекұлы, Қаздауысты Қазыбек, Әйтеке би бастаған әр ру билері, даңқты батырлар мен қолбасшылар шақырылды.

Съезде негізгі мәселе басқыншы жауға бүкілхалықтық тойтарыс беруді ұйымдастыру еді және бүкіл қазақ жасағына Әбілқайыр хан бас қолбасшы болып сайланды.

1728 жылдың көктемінде Ұлытау етегінде, Қарасиыр деген жерде қазақ әскерлерінің жоңғарлармен ірі шайқасы өтті. Бұл жер Бұланты және Білеуті өзендерінің аралығында жатыр. Қазақ жасақтары жоңғарларға күйрете соққы берді. Қазақ жасақтарының Бұланты маңындағы жеңісі Аңырақай шайқасының табысқа жетуін анықтап берді.

1730 жылы жазға салым қазақ жасақтары өз аттарын Мойынқұм құмдарында, Бүркітті, Шабақты, Қарақоңыз, Ырғайты, Шу өзендерінің аңғарларында тыңайтып алып, Хантау, Аңырақай таулары өңіріне шықты.

Аңырақайдағы шайқасқа Әбілқайыр хан басшылық етті. Шайқасқа барлық үш жүздің жасақтары қатысты. Аңырақай шайқасының ұрыс қимылдары болған алқап 200 км-дей жерді қамтыды. Оны ғасыр шайқасы деуге болады.

Шайқас жекпе- жектен басталды. Жоңғарлар жағынан ортаға әскербасы Шарыш және қазақтар жағынан 20 жасар Сабалақ (Абылайдың бүркеншік аты) сұранды. Абылай нақ осы жекпе-жекте қарсыласын жеңіп, есімін мәңгі даңқты етті. Аңырақай шайқасы халық санасындағы бетбұрыс болды.

Аңырақай шайқасынан кейін қазақ билеушілері арасында жіктеліс туды. Аға хан Болат қайтыс болған соң, орнына Сәмеке, Кіші жүзден Әбілқайыр үміттенді. Көпшілік таңдауы Әбілмәмбетке түсті. Сәмеке мен Әбілқайыр өздерін елеусіз қалдырды деп, шайқас алаңынан кетіп қалды, сол арқылы қазақ жерлерін жоңғар басқыншыларынан азат етудің ортақ ісіне оңдырмай соққы берді.

ХҮІІІ ғ. 40 жылдары Орта жүз бен Ұлы жүзде жағдай шиеленісе бастады. Сондай-ақ, Галдан -Церен қайтыс болған соң Жоңғарияда да өзара қырқыс басталып, қалыптасқан жағдайды қазақ даласының билеушілері пайдаланып, көрші мемлекеттердің ісіне белсене араласа бастады. Орта жүз бен Ұлы жүздің ресми ханы Әбілмәмбет болғанымен, бірте- бірте нақты билік сұлтан Абылайдың қолына жинақтала берді. Ол жоңғарларға қарсы азаттық күресті ұйымдастырушылардың бірі болды.

1750 жылы Жоңғарияда Лама -Доржының билік басына келуі өзара қырқысқан күрестің қайтадан тұтануына әкеп соқты. Бұл күресте жеңіліс тапқан Даваци нойон жиендері Әмірсана мен Байнджурды ертіп, 1751 жылы қазақ даласына қашып келді. 1752 жылдың жазында ордада Орта жүз бен Ұлы жүздің батырлары мен рубасыларының съезі болып, онда Абылай және басқалар Давациді қолдауды жақтады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығы
Қазақ-орыс байланыстарының алғашқы кезеңі
Ресейдің қазақ жерлерін басып көшуі
Қазақ-орыс қарым-қатнастары
Қазақстан жаңа заман тарихы
Қазақстан жаңа және қазіргі заман тарихы
ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан
«Қазақстанның жаңа заман тарихы» пәнінен
ХҮІІІ – ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ қоғамы
Қазақ қоғамындағы экономикалық жағашылдықтарды әдістемелік тұрғыдан зерделеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz