ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕСЕЙГЕ ҚОСЫЛУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Тақырып 9. ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕСЕЙГЕ ҚОСЫЛУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ

  1. Қазақстанның Ресейге қосылуының тарихи алғышарттары

Кіші жүздің Ресей империясының құрамына енуі

  1. Патшалы Ресейдің отарлау саясатының басталуы
  2. Қайталауға арналған сұрақтар
  3. Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысына тапсырма
  4. Әдебиеттер тізімі

1 . ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕСЕЙГЕ ҚОСЫЛУЫНЫҢ ТАРИХИ АЛҒЫШАРТТАРЫ.

КІШІ ЖҮЗДІҢ РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНА ЕНУІ

Қазақ елінің ауыр сыртқы жағдайын Кіші жүз ханы Әбілқайыр Ресей империясының қолдауы арқылы шешпекші болды. Әбілқайыр ханның мақсаты:

  1. Қалмақтар мен башқұрттардың Қазақ жерін шабуылдауын тоқтату.
  2. Петербург билеушілеріне арқа сүйеп, аға хандыққа таласта қарсыластарын жеңу.
  3. Жайықтың төменгі ағысы, Есіл, Ертіс, Ор өзендері бойындағы қазақтардың мал жайылымдары үшін бейбіт өмірді сақтау.
  4. Қазақ жері арқылы өтетін керуен жолдарының қауіпсіздігін қалпына келтіру.
  5. Ханның ең басты мақсаты - жоңғарларға қарсы күресте Ресеймен байланыс орнату.

Әбілқайыр осыған дейін, 1726 жылы Ресей империясының құрамына кіруге өтініш білдіріп, елшілерін жіберген болатын. Бірақ елшілікке күмәнданған патша үкіметі хан ұсынысын жауапсыз қалдырған болатын.

  • 1730 жыл - Кіші жүз билері Әбілқайырға Жоңғарияға қарсы күресу үшін Ресеймен әскери одақ құруды тапсырды.
  • Алайда хан 1730 жылғы қыркүйекте петербургке аттандырылған елшілеріне әскери одақ құру емес, Ресейдің құрамына кіру туралы құжат тапсырды.

Орыс үкіметі Қазақ өлкесі жөнінде отаршылдық саясат ұстанып, 1717-20 жылдары Ертіс өзенінің жоғары ағысында бекіністер тұрғызды.

Жалпы Ресей империясының Қазақстанды отарлауының мынадай негізгі кезеңдерін атауға болады:

  • ХУІ ғасырдан бастап әрқилы босқындар, қашқын казактардан құрылған отрядтардың еркін, қалай болса солай отарлауы өріс алды.
  • ХУІІ ғ. Бастап сауда -өнеркәсіп капиталының бейімдеуімен әскери- әкімшілік отарлау жүзеге асырылды.
  • ХІХ ғ. аяғынан - ХХ ғ. басына дейін көші -қон бағытындағы отарлау.
  • ХУІІ ғасырдан ХХ ғасырға дейін созылған рухани- идеологиялық отарлау.

Патша үкіметінің мақсаты - қазақ- жоңғар соғысын пайдаланып, бекіністер салу арқылы қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу.

  • 1731 жылғы 19 ақпан - елшілер Сейітқұл Құндағұлұлы, Құтлымбет Қоштайұлының Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы ұсынысын императрица Анна иоанновна қабылдады.
  • Кіші жүз ақсүйектері мен Әбілқайырдан ант қабылдау үшін Ресейден сыртқы істер коллегиясының тілмәші, дипломат А. И. Тевкелев бастаған елшілік жіберілді. 1731 жылы қазанда орыс елшілері Ырғыз өзені бойындағы Әбілқайыр ордасына келгенде қазақ ақсүйектері арасында алауыздық бар екені анықталды. Барақ сұлтан, Бөгенбай батыр топтары Кіші жүзді Ресейге қосу жөніндегі шараларды аяқсыз қалдыруға тырысқанымен, бұл қарсылық сәтсіз аяқталды.
  • 1731 жылғы 10 қазан - кіші жүздің 27 старшинасы Ресейдің қол астына кіруге ант берді.
  • 1733-34 жылдары- Оңтүстік қазақстанның ықпалды билері мен сұлтандары Ресей құрамына кіруге тілек білдірді.
  • 1734 жылы 10 маусы императрица Анна Иоанновна Ұлы жүзді Ресей құрамына қабылдауға келісімі жөнінде жарлық шығарды.

Жаңадан қосылған қазақ жерлеріндегі шептерін нығайту мақсатында Ресей үкіметі 1734 жылы Сенаттың бас хатшысы И. К. Кириллов басқарған арнайы экспедиция жабдықтады. Экспедицияның мақсаты: Ор өзенiнiң бойына бекiнiс тұрғызу, Орта Азияның хандықтарымен керуен саудасын кеңейту, табиғат байлықтарын игеру, Сырдария бойына қала тұрғызып, бiртiндеп өзен флотилиясын ұйымдастыру болды. Барлық мақсат орындалған жоқ, тек 1735 жылы Ор бекiнiсi салынды.

1735-1737 жылдары башқұрт халқының азаттық көтерiлiсiн басуда Кiшi жүз жасақтарын пайдаланды. Алайда Әбiлхайырдың башқұрт билеушiлерiмен ауыз жаласып кетуiнен қорыққан орыс үкiметi оның бiр ұлын аманатқа беруге мәжбүр еттi.

1738 жылы тамыз айында Орынбор комиссиясының басшысы В. Татищев қазақ сұлтандарының съезін өткізді: Кiшi жүзден 25, Орта жүзден 27 старшина Ресейге берілгендігін қуаттап екінші рет ант берді.


2. ПАТШАЛЫ РЕСЕЙДІҢ ОТАРЛАУ САЯСАТЫНЫҢ БАСТАЛУЫ

Кiшi жүз Ресейге қосылғанымен саяси жағдайы өзгерген жоқ. 1740 жылы парсы әмiршiсi Нәдiр шах қауiп төндiрдi. Бұл Ресеймен байланысты нығайтуға мәжбүр қылды.

Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы И. Н. Неплюев 1743-i жылы Ор қалашығын жаңа жерге көшiрдi. Бұл қоныс - Орынбор деп аталды.

1741-1742 жылдардағы “Ақтабан шұбырындыдан” кем түспейтiн жоңғар шапқыншылығынан кейiн, 1742 жылы мамырдың 20-да Ресей үкiметi қазақтарды және шекаралық өңiрдегi бекiнiстердi қорғау жөнiнде жарлық шығарды.

И. Н. Неплюев Қалдан Цереннен қазақтарға қысымды тоқтатуды талап еттi.

Бiрақ жоңғарлар бұл талапты орындамады. Қазақ сұлтандары қазақ жерiн Жоңғарлардан босататын тек қазақтардың өздерi болатынын түсiндi. 1747 жылы Нәдiр шахтың өлiмiнен кейiн Хиуа тағына Батыр сұлтанның баласы Қайыптың сайлануы Әбiлхайырдың билiгiн әлсiреттi. 1748 жылы Әбiлхайыр Барақ сұлтанның қолынан қаза тапты.

Әбiлхайыр өлгеннен кейiн Кiшi жүзде екi хандық құрылды: оңтүстiк-шығыс Батыр сұлтанның, ал солтүстік батыс өңiрi Нұралының ықпалында болды.

1755 жылы башқұрттардың азаттық қозғалысын басуға қазақтардың қатыспай қоюы Ресей билеушiлерi тарапынан қазақтарға өшпендiлiк тудырды. 1747 жылы Алтайдың байлығын игеру үшiн Елизавета Петровна оны Демидовтардың меншiгi деп жариялады.

ХҮІІІ ғасырдың 40-50 жылдары Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірі бекініс шептермен қоршалды.

  1. Сібір редутынан Омбыға дейінгі шептіГорькая шебідеп атады.
  2. Ертістің оң жағасынан Кіші Нарынға дейінгі шепЕртіс шебідеп аталды.
  3. Алтай тауынан Кузнецк шебіне дейінгі шептіКолыван шебідеп атады.
  4. Звериноголовскіден Есілге дейінЕсіл немесе Пресногорьковск шебіқұрылды.

Қамал қыспағында қалған қазақтардың көшіп-қонатын жері тарыла бастады.

Ал ХҮІІІ ғасырдаың 50-60 жылдарынан бастап Ресей Қазақстанды отарлауда келесі шараларды іске асырды:

  1. Жайық, Сібір, Орынбор казак әскерлерін ұйымдастырды.
  2. Есіл, Ертіс, Жайық бойынан қазақтарды ығыстырып, казактарды орналастырды.
  3. 1756 жылы Жайық жағасына алғаш рет мал жаюға ресми шек қойылды.
  4. 1757 жылы Жайықтан мал айдап өтуге тыйым салынды. Алайда 1757-1758 жылдары Орынбор өлкесінің басқарушылары үкімет талабын іске асыру орынсыз екенін түсініп, қазақтардан аманат алып, Жайықтың оң жағасына өтуге рұқсат берді.
  5. Ресей бекіністерінен 10 шақырым, кейіннен 50 шақырым жерге дейін қазақтардың мал жаюына тыйым салынды.
  6. Ресейдің әр жерінен қылмыскерлерді, жерсіз шаруаларды әкеп қоныстандырды.

Бұл шаралар қазақ жерін толық отарлаудың бастамасы еді.


ҚАЙТАЛАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресей империясының екі жүзді саясаты
Қазақстанның патшалы Ресейге бодан болуы
Ресей казактарының Қазақстанға қоныстандырылу саясатының барысы
XX ғ. Басындағы Қазақстандағы өнеркәсіп саласының дамуы, Ерекшелігі және сипаты
Қазақстанның жаңа тарихы кезеңінен XVIII-XIXғғ Қазақстанның ішкі және сырқы саясаты
Қазақ қоғамындағы экономикалық жағашылдықтарды әдістемелік тұрғыдан зерделеу
Қазақ хандығының көрші мемлекеттермен сыртқы саяси байланыстары
Кіші жүзбен Орта жүз қазақтарының Ресей бодандығын қабылдауы
Қазақстанның Ресейге қосылуы туралы
Қазақ жеріндегі алғашқы мектептер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz